Ұйымдасқан қылмыстық топтардың психологиялық ерекшеліктері жайында



Ұйымдасқан қылмыс
Қылмыстық іс . қимыл
Ұйымдасқан топтар
Қылмыстық қауымдастық
Пайдаланылған әдебиеттер
Ұйымдасқан қылмыс — негізінен экономика аясындағы жүйелі қылмыстық әрекет. Ұйымдасқан қылмыс ұзақ уақытқа есептеліп, кәсіпшілік түрінде жасалады, оны қылмыстық қоғамдастықтар (қылмыстық ұйымдар) материалдық пайда алу немесе қоғамдық өмірдің белгілі бір аясына ықпал ету мақсатымен жоспарлап, жүзеге асырады. Қылмыстық ұйымдардың, көбінесе ел ішінде де, халықаралық деңгейде де белгілі бір құрылымы болады. Ұйымдасқан қылмыс ең алдымен құпия тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің айналымын шоғырландырып, бақылауға алады, мұндай тауарлар мен қызметтерге, бір жағынан, заң жүзінде тыйым салынған, екінші жағынан, олар қоғамда үлкен сұраныс туғызады (есірткі заттар, контрабандалық тауарлар, жезөкшелік, құмар ойындар). Ұйымдасқан қылмыс ерекше қауіпті, өйткені ол халықаралық деңгейде іскерлік әлеміне байқатпай дерлік ықпал етеді және онда үстем жағдайға қол жеткізеді.Қазақстанда қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды) құру қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың қатарына жатқызылған.
Ұйымдасқан қылмыс – жоспарланған, алдын ала ойластырылған, әдейі қасақана жасалатын қылмыс. Мұндай қылмысты жеке адамда, топта жасауы мүмкін. Шешім қабылдау кезеңінде қылмыс жасаудың жоспары ойластырылады. Егер қылмысты бір неше адам жасайтын болса, алдын ала олардың рөлдері бөлінеді: сыбайластардың біреуі қылмыс объектісін іздестіреді, екіншісі – қылмыс құралын, қажетті керек – жарақтарын табады, үшіншісі – қылмыс орнынан тез кетіп алу және ұрлаған заттарын алып кетуге қажетті көлікпен қамтамасыз етеді, төртіншісі – қауіпсіздік жағын ойластырады, бесіншісі – қылмыстық – жолмен табылған мүлікті сатумен, қылмыстан түскен табысы заңдастырумен айналысады.
Ұйымдасқан қылмыстық әрекет – қандай да бір субъектінің өзара байланысты ұйымдасқан қылмыстық іс – әрекеттің жүйесі.
«Қылмыстық іс – қимыл» терминіне қарағанда «қылмыстық іс - әрекет» термині жеке белгілі бір жағдайда жасалған қылмысты ғана емес, адамның алдын ала әлеуметтік ұстанылымдары, қылмыстық пиғылда жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды іздестіруін, өзін – өзі тәрбиелеу процесінде тек қылмыстық қызмет үшін маңызды қасиеттердің
1. Антонян Ю.М. Психология преступника и расследование преступлений/ Ю.М. Антонян, М.И. Енекеев, В.Е. Эминов.- М., 1996.
2. Бартол Курт Психология криминального поведения. Питер, 2005. –
3. Блэкборн Р. Психология криминального поведения Питер, 2004.- 496с.
4. Васильев В.Д. Юридическая психология / В.Д. Васильев. - СПб: Питер, 2000.
5. Сахаров А.Б. О личнсти преступника и причинах преступности в СССР . М., 1961. - 104с

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет

СӨЖ
Тақырыбы: Ұйымдасқан қылмыстық топтардың психологиялық ерекшеліктері

Орындаған: Нурсадыкова Ж.М
Тексерген: аға оқытушы Абдуллина Г. К

Семей 2015
Ұйымдасқан қылмыс -- негізінен экономика аясындағы жүйелі қылмыстық әрекет. Ұйымдасқан қылмыс ұзақ уақытқа есептеліп, кәсіпшілік түрінде жасалады, оны қылмыстық қоғамдастықтар (қылмыстық ұйымдар) материалдық пайда алу немесе қоғамдық өмірдің белгілі бір аясына ықпал ету мақсатымен жоспарлап, жүзеге асырады. Қылмыстық ұйымдардың, көбінесе ел ішінде де, халықаралық деңгейде де белгілі бір құрылымы болады. Ұйымдасқан қылмыс ең алдымен құпия тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің айналымын шоғырландырып, бақылауға алады, мұндай тауарлар мен қызметтерге, бір жағынан, заң жүзінде тыйым салынған, екінші жағынан, олар қоғамда үлкен сұраныс туғызады (есірткі заттар, контрабандалық тауарлар, жезөкшелік, құмар ойындар). Ұйымдасқан қылмыс ерекше қауіпті, өйткені ол халықаралық деңгейде іскерлік әлеміне байқатпай дерлік ықпал етеді және онда үстем жағдайға қол жеткізеді.Қазақстанда қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды) құру қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың қатарына жатқызылған.
Ұйымдасқан қылмыс - жоспарланған, алдын ала ойластырылған, әдейі қасақана жасалатын қылмыс. Мұндай қылмысты жеке адамда, топта жасауы мүмкін. Шешім қабылдау кезеңінде қылмыс жасаудың жоспары ойластырылады. Егер қылмысты бір неше адам жасайтын болса, алдын ала олардың рөлдері бөлінеді: сыбайластардың біреуі қылмыс объектісін іздестіреді, екіншісі - қылмыс құралын, қажетті керек - жарақтарын табады, үшіншісі - қылмыс орнынан тез кетіп алу және ұрлаған заттарын алып кетуге қажетті көлікпен қамтамасыз етеді, төртіншісі - қауіпсіздік жағын ойластырады, бесіншісі - қылмыстық - жолмен табылған мүлікті сатумен, қылмыстан түскен табысы заңдастырумен айналысады.
Ұйымдасқан қылмыстық әрекет - қандай да бір субъектінің өзара байланысты ұйымдасқан қылмыстық іс - әрекеттің жүйесі.
Қылмыстық іс - қимыл терминіне қарағанда қылмыстық іс - әрекет термині жеке белгілі бір жағдайда жасалған қылмысты ғана емес, адамның алдын ала әлеуметтік ұстанылымдары, қылмыстық пиғылда жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды іздестіруін, өзін - өзі тәрбиелеу процесінде тек қылмыстық қызмет үшін маңызды қасиеттердің дамуын көрсетеді.
Ұйымдасқан қылмыстық әрекеттің даму қисыны мынаны көрсетеді: қылмыс субъектісі бір адам емес, криминалогиялық терминология бойынша атағанда ұжымдық субъект болуы мүмкін. Мысалы, бір жоспармен әрекет жасайтын адамдар тобы үйлесті және ұйымшыл болады. Мұндай жағдайда оның әр мүшесінің әрекетін басқалары толықтырып отырады. Ұйымдасқан қылмыстың негізінде әр түрлі ұйымдасқан құрамалардың дәл осындай ұжымдық қылмысты әрекеті жатыр.
Ұйымдасқан қылмыскерлік ұғымы ұйымдасқан қылмыс, ұйымдасқан топ, ұйымдасқан қылмыстық әрекет ұйымдастық қоғамдастық сияқты басқа ұғымдармен байланысты.Барлық жерде ұйым, ұйымдасқан сөздері пайдаланылады.
Ұйымдасқан топтар бірнеше адам қылмысты тіптен аса ауыр қылмысты жасағанда емес, оны жасау үшін алдын ала бірігіп, соған жан - жақты дайындалғанда пайда болады: олар жоспар жасайды, барлық күш жігерін сол жоспарға бағындырады, жоспарды жүзеге асыру барысында туындаған проблемаларды бірлесіп шешеді, нақты жағдайға қарай, оған түзетулер еңгізеді.Ұйымдасқан топ бір қылмысты жасау үшін де құрылуы мүмкін. Мысалы банктен ақшаның ірі сомасын ұрлау Ұйымдасқан қылмыспен күрес туралы федералдық заңның жобасында қылмыстық ұйымға мынадай анықтама берілген:
Қылмыстық ұйым
a) қылмыстық ұйым не оның басшылығын құру.
b) қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің баптарында көзделген қылмыстарды тікелей жасау;
c) қылмыстық ұйым құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етудің өзге де формалары бойынша қатысушылар арасында міндет бөлінген, бірлесіп қылмыстық әрекет жасайтын адамдар, не ұйымдасқан топтар не бандалар.
Қылмыстық ұйымдар, өздерінің қылмыстық әрекетін қорғау мақсатында мемлекеттік құрылымдық және азаматтық әректін қорғау мақсатында мемлекеттік құрылымдармен және азаматтық қоғамның инстиуттарымен, олардың алдына қойылған міндеттерін теріс арнаға бағыттап, өзара қатынас орнатуға әрекеттенеді. Осыдан барып мемлекеттік органдар жүйесінде және кәсіподақтар, шығармашылық одақтар, қауымдастықтар сияқты мемлекеттік емес салада сыбайлас жемқорлық кең етек алады.

Ұйымдасқан топтардың, бандалардың қылмыстық ұйымдардың бұл өзара әрекеттестігін, ақпарат алмасуды, құқық қорғау жүйелерін, өзге мемлекеттік құрылымдарды және азаматтық қоғамның институттарын бейтарап тандыру және пайдалану үшін, қылмыстық ұйымдардың мұқтаждықтағы функционерлеріне көмек көрсетуге күш жігердің біріктірілуі қамтамасыз ететін қылмыстық қауымдастықтар т. Б. Қылмыстық қауымдастық термині қылмыстық құқықта басқа мәнде қолданылады.
Ұйымдасқан қылмыскерлік - кең ауқымда қылмыстық әрекеті бар және ондай әрекет үшін қолайлы жағдай жасалған, осы құрылымдарын да, мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғамның институттарын да пайдаланатын ұйымдасқан қылмыстық қызметтің күрделі жүйесі.
Ұйымдасқан қылмыскерлік өзінің экономикасы, әлеуметтік және рухани саласы бар, өзінің басқару, қауіпсіздік, жас ұрпақты қалыптастыру жүйесі, юстициясы, өзінің ішкі және сыртқы саясаты бар балама қоғам.
Қылмыстық ұйымдар, өздерiнiң қылмыстық әpeкeтiн қорғау мақсатында мемлекеттiк құрылымдармен және азаматтық қоғамның институттарымен, олардың алдына қойылған мiндеттерiн теpic арнаға бағыттап, өзара қатынас орнатуға әрекеттенедi. Осыдан барып мемлекеттiк органдар жүйесiнде және кәсiподақтар, шығармашылық одақтар, қауымдастықтар сияқты мемлекеттiк емес салада сыбайлас жемқорлық кең етек алады.
Қылмыстық әрекет заңды кәсiпкерлiкпен, басқа да қоғам жол беpгeн тiптен қолдайтын қызметпен тығыз айқасып жатады, бұл - халықтың наразылығын тудырмай олардың қылмыстық әpeкeтiн әшкерелеуге едеуiр қиындық тудыpaды. Олар мұқият жасырынады, 'заң шығарушының алдын орағытады, оладың қателiктерiн жақсы пайдалады, қолайсыз құқықтық шешiмдерден ертерек caқтaнaды. Мұның бәрi, егер мемлекеттiк жүйе тарапынан қателiктер болса ұйым болып сақталып қалуға, тiптен, белгiлi бiр кезеңдерде мемлекетпен жекпе-жекте жеңiске жетуге көмектеседi.
Қылмыстық ұйымдардың мынадай өзiне тән сипаттары бар: ақпараттар жинау және оларды беру; құқық қорғау институттарын әpeкеттepiн бейтараптандыру, негiзгi әлеуметтiк -экономикалық қызметтердi пайдалану, iшкi құрылымдардың болуы, әрекеттерінің сырттай заңды көpiнyi.
Ұйымдасқан қылмыстық құрамалар саны көбейсе олардың өзара әрекеттесуiнде ықпал ету өpiciн бөлiсу, мемлекетке бiрлесiп қарсы тұру және т.б. проблемалар туындайды.
Ұйымдасқан топтардың бандалардың қылмыстық ұйымдарды бұл өзара әpeкeттecтiгiн ақпарат алмасуды, құкық қорғау жүйелерiн, өзге мемлекеттiк құрылымдарды және азаматты қоғамның институттарын бейтараптандыру :және пайдалану үшiн, қылмыстық ұйымдардың мұқтаждықтағы функционерлерiне көмек көрсетуде күш жiгердiң бiрiктiрiлуi қамтамасыз eтeтiн қылмыстық қауымдастық пайда болады. Қылмыстық қауымдастықтың құрылу негiзiнде бiрлескен ұйымдасқан қылмыстық әрекет негiзiнде құрылатын қылмыстық ұйымдарға қарағанда басқа сипат бар.
Қылмыстық қауымдастықта өзара қарым-қатынасты қылмыстық ұйымдар мен оның элементi болып табылатын қылмыстық топтар жасамайды, осы құрамалардың өкiлдерi немесе тiптен, өзiнше жұмыс icтейтiн кәсiби қылмыскерлер жасайды.
Қылмыстық қауымдастық ол - басқа қылмыстық құрамалар үшiн жоғары тұрған саты емес, ол өзiнше үйлестiрушi орган, кәсiби қылмыскерлер үшiн онда қылмыстық кәсiподактар кейпi, ал, елдегi саяси процестерге ықпал өте бастаса - партия кейпi бар. Қазакстанда қазiргi кезде бiрнеше қылмыстық қауымдастық бар, олар бiрiмен-бiрi қиянкестік соғыс жүргiзуде (өртеп, өлтiрiп кетедi, көпе-көрiнеу атысады және т.б.)
немесе өзара мәмiлеге келедi.
Қылмыстық қауымдастық терминi қылмыстық құқықта басқаменде қолданылады. Жаңа қылмыстық кодексте қылмыстық қауымдастыққа мүшелерi бiрлесiп қылмыс жасайтын ұйымдас-қан қылмыстық топтың бiр түpi деп түсініктеме берiлген: Қылмыстық қауымдастық жасаған деп танылады, егер оны ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасау үшiн құрылған ұйымдас-қан топ (ұйым) жасаған болса. Бұл - қылмыстық заңның крими-налдық шындықты дәл көрсете алмауының мысалы. Ұйымдас-қан қылмыспен курес туралы федералдық занның жобасында мынадай анықтама берiлген: Қылмыстық қауымдастық - ұйымдастырушылардың немесе басшы немесе қылмыстық ұйымдардың басқа мүшелерiнiң немесе ұйымдасқан топтардың немесе бандалардық немесе тиiстi құрамалардың немесе адам-дардың қылмыстық әpeкетін үйлестіру, қолдау, дамыту жөнiндегi шараларды бiрлесiп дайындайтын не iскe асыратын адамдардың немесе қылмыстық әрекетпен айналысатын адамдарға, ұйымдас-қан топтарға, бандаларға, қылмыстық ұйымдарға қолайлы жағдай тудыратын, сондай-ақ көрсетiлген мақcaттa ауыр қылмыстар жа-сауды ұйымдастыратын адамдардың бiрлестiгi.
Ұйымдасқан қылмыскерлiк өзiнiң экономикасы, әлеуметтiк әрі рухани саласы бар, өзiнiң басқару , қауiпсiздiк, жас ұрпақты қалыптастыру жүйесi, юстициясы, өзiнiң iшкi және сыртқы саясатысы бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топтық қылмыстың мәні мен түсінігі
Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының алдын алу проблемасы
Қылмыстық топтың психологиясы
Пайдакүнем қылмыскер тұлғасының криминологиялық сипаттамасы
Жұмыссыз қылмыскердің типологиясы
Тонау қылмысының қылмыстық құқықтқ аспектілерін толыққанды ашу
ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ
Бандитизм қылмысының криминологиялық сипаттамасы
Қазақстан Республикасындағы криминология ғылымының негізгі даму бағыттары
Ұйымдасқан қылмыстылық және оның өзекті мәселелері
Пәндер