Кәсіпорын экономикасы жайында



Мазмұны

Кіріспе 3
1 Кәсіпорынның өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымы 4
2 Кәсіпорынның қызметін жоспарлау және болжау 5
3 Шет елде кәсіпорынның ұйымдастырушылық.құқықтық формалары 7
4 Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын пайдалануын жақсарту жолдары 9
Қорытынды 12
Қолданылған әдебиеттер 13
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында жүргізілетін экономикалық реформалар кәсіпорынның құқықтық, қаржы-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, оның экономика жүйесіндегі мәртебесін бірталай өзгертті. Нарықтың экономика жағдайында, мемлекеттік меншікке негізделген кәсіпорынның халық шаруашылығының бұрын артықшышылықты болған барлық салалардың орнында, не мемлекеттік мүліктік шаруашылық жүргізу құқығына, не өндіріс құралдарына жеке меншікке негізделген миллиондаған кәсіпорындар пайдалы қызмет етуде. Тұрақты қалыптасып жатқан нарықтық механизм кәсіпорынды мемлекетпен (бюджетпен) шаруашылық әріптестермен, бәсекелестермен және жалдамалы жұмысшылармен жаңа қатынастарға қояды. Кәсіпорынның қызмет жүргізуінің экономикалық еркіндігімен қоса жаңа экономикалық-құқықтық реттеушілер белгіленеді. Бұл реттеушілер әрекетінің механизмін білу тек кәсіпорын басшыларына ғана емес жұмысшыларға да қажет.
Қолданылған әдебиеттер

1. Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2007 ж.
2. Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп. Оқулық,- Қарағанды: «ҚарағандыПолиграфия» баспасы, 2009 ж.
3. А. Қ. Ерали М. Ғ. Қабылбеков. Кәсіпорын экономикасы: Оқулық. – Алматы: 2010ж.
4. Сундетов Ж. Планирование и прогназиравание в условиях рыночной экономики; Учебное пособие – Алматы: Экономика, 2004 г.
5. Шекеленко В.В. . «Экономика, организация и планирование производства», 2000г.
6. Үмбетәлиев С.Қ. «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік», 2009 ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті
Геодезия және құрылыс кафедрасы
5В072900 Құрылыс мамандығы

Құрылыстағы экономика және менеджмент пәні бойынша
№1 СӨЖ
Тақырыбы: Кәсіпорын экономикасы

Орындаған: Жүнүсқанова Н. Ф.
СТ-217
Тексерген: Габдулина Л. Б.

Семей
2015

Мазмұны

Кіріспе 3
1 Кәсіпорынның өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымы 4
2 Кәсіпорынның қызметін жоспарлау және болжау 5
3 Шет елде кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық формалары 7
4 Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын пайдалануын жақсарту жолдары 9
Қорытынды 12
Қолданылған әдебиеттер 13

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында жүргізілетін экономикалық реформалар
кәсіпорынның құқықтық, қаржы-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, оның
экономика жүйесіндегі мәртебесін бірталай өзгертті. Нарықтың экономика
жағдайында, мемлекеттік меншікке негізделген кәсіпорынның халық
шаруашылығының бұрын артықшышылықты болған барлық салалардың орнында, не
мемлекеттік мүліктік шаруашылық жүргізу құқығына, не өндіріс құралдарына
жеке меншікке негізделген миллиондаған кәсіпорындар пайдалы қызмет етуде.
Тұрақты қалыптасып жатқан нарықтық механизм кәсіпорынды мемлекетпен
(бюджетпен) шаруашылық әріптестермен, бәсекелестермен және жалдамалы
жұмысшылармен жаңа қатынастарға қояды. Кәсіпорынның қызмет жүргізуінің
экономикалық еркіндігімен қоса жаңа экономикалық-құқықтық реттеушілер
белгіленеді. Бұл реттеушілер әрекетінің механизмін білу тек кәсіпорын
басшыларына ғана емес жұмысшыларға да қажет.

1 Кәсіпорынның өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымы
Кәсіпорынның ұтымды өндірістік құрылымын құру келесі       тәртіппен
жүргізіленеді:
- кәсіпорынның цехтар құрамын және оның берілген өнімді өндіруді
қамтамасыз ететін қуатын анықтау;
- әрбір цехтың және қоймаларын орналасатын өндірістік алаңдарын
есептеу;
- кәсіпорынның ішіндегі барлық тасымалдау жұмыстарының сыртқы жалпы
орталық жолдарымен өзара байланысын жоспарлау
- өндірістік үрдістің орындалуына байланысты еңбек заттарының цехтар
арасындағы ең қысқа маршрутын белгілеу және т.б.
Өндірістік бөлімшелерге – цехтар, бөлімшелер, негізгі өнімді сынау,
бақылау, текскру жүргізетін зертханалар, бұйымдар, материалдар мен жартылай
фабрикаттарды, пайдалану кезінде жөндеуге және бұйымдарға қызмет көрсету
үшін қажетті запас бөліктері, технологиялық мақсаттар үшін керекті
өндірілетін энергияның түрлері және т.б.жатады.
Ағындық жүйе - өндірісті ұйымдастырудың негізгі обьектісі. Ағындық
жүйе бірнеше секцияларға бөлінеді.Секция еңбек заттарына әсер етудің жалпы
сипаты бар бірнеше операцияларды біріктіру арқылы құрылады.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы кәсіпорында орындалатын жеке
өндірістік үрдістердің өзара байланысты бөліктерінің ұйымдастыру-техникалық
белгілеріне қарай бөліну жүйесін анықтайды.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымының үш түрі бар. Олар заттық,
технологиялық және аралас (заттық-технологиялық).
Заттық құрылымда кәсіпорынның негізгі цехтары, оның  бөлімшелерінің
әуқайсысы өнімнің бір түрін, бөлігін немесе бөліктердің бір тобын өндірумен
айналысады. Заттық құрылым көп жағдайда көп сериялы және жаппай өндірісті
құрастыру цехтарында қолданылады. Мысалы: автомобиль зауыттарының
двигатель, тарату қораптарын дайындау, кузовтар өндіру цехтары, аяқ-киім
өндірісінде – аяқ-киімді құрастыру цехтарын жатқызуға болады.
Технологиялық құрылым өндірістің технологиялық даралығын анықтайды.
Мысалы: оған құю, ұста, кесу, механикалық құрастыру цехтарын жатқызуға
болады. Өндірістік құрылымның мұндай түрі цехты басқарушылардың жұмысын
жеңілдетеді, жұмыскерлерді орналастыруда және өнімнің бір номенклатурасын
өндіруден екіншісіне өту кезіндеөндірісті қайта құруда жеңілдік туғызады.
Аралас (заттық-технологиялық) құрылым бір ғана машина жасау зауытында
негізгі цехтардың әрі заттық, әрі технологиялық қағидаға негізделіп
ұйымдастырылуын сипаттайды. Мысалы:машина жасау кәсіпорындардағы жалпы
өндірістің дайындау цехтары, технологиялық қағидамен, механикалық-құрастыру
цехтары заттық қағида бойынша орналастырылады.
Кәсіпорында өндірісті ұйымдастырудың үш түрі бар: бірлік, сериялық
және жаппай.
Бірлік (жеке) өнім өндіретін өндірісте тек өнімнің  жеке түрі ғана
өндіріледі. Әрбір өнімді дайындау оның өндіріс жағдайына, өндіру
ерекшілігіне қарай ұйымдастырылады.
Жаппай өндірісте өнім көптеп өндіріліп, онда өндірістік жағдай,
қолданылатын материалдар, құрал-жабдықтар мен өңдеу тәртібі бірдей болып
келеді.
Сериялық өндірісте өндірелетін өнімнің көлемі шектеулі болып, өндіріс
берілген серияға бейімделіп ұйымдастырылады. Сериялық өндіріс серияның
шамасына қарай көп, орташа және аз сериялы болып үшке бөлінеді.
Ұйымдастырушылық құрылым бөлімшелер бойынша функцияларды тиімді
бөлумен қамтамасыз етуі керек. Яғни басқару звеноларына және функцияларды
жетілдірудің қажеттілігін және мүмкіндігін қарастыру керек.

2 Кәсіпорынның қызметін жоспарлау және болжау
Жоспарлау кәсіпорынға белгілі бір кезеңде қол жеткізуге міндетті
немесе мүдделі сандық және сапалы көрсеткіштер түріндегі кызметтің алдына
мақсат қоюын ұйғарады.
Жоспарлау кезеңдеріне қарай (жоспарлау кезеңі - жоспар жасалатын және
оның жүзеге асырылатын уақыт аралығы) ерекшеленеді:
- оперативті (ағымдағы) жоспарлау - бір жылға дейінгі кезеңге
жасалады;
- тактикалық (орта мерзімді) жоспарлау - бір жылдан үш жылға дейінгі
кезеңді қамтиды;
- стратегиялық (ұзақ мерзімді) жоспарлау - үш жылдан аса көп кезеңге
арналған.
Кәсіпорынға жоспарлау жүйесін енгізу мына міндеттерді шешуге тиісті:
- кәсіпорын ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру;
- тұтас кәсіпорын мен оның жекелеген бөлімшелерінің мүдделерін
ұштастыру және кызметтерді үйлестіруді қамтамасыз ету;
- шаруашылық қызметтің әр түрлі нұсқаларына болжам жасау, талдау,
бағалау және қабылданатын басқарушылық шешімнің негізділігін
арттыру;
- қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету және кәсіпорынның қаржылық
жағдайын жақсарту.
Жоспар былайша жіктелуі мүмкін:
Оперативті жоспар – ұйымның оз мақсатына қол жеткізумен тікелей
байланысты тактикалық жоспар. Оған мысал ретінде жылдық немесе тоқсандық
бюджеттер түрінде қалыптасатын қысқа мерзімді өндіріс жоспарын айтуға
болады.
Оперативті – күнтізбе жоспары кәсіпорын мен оның құрылымдық
бөлімшелерінің күнделікті жоспарға сай, ырғақты жұмысын ұйымдастыру мақсаты
мен тактикалық жоспардың көрсеткіштерін нақтылай түседі. Ол өндірістің
техникалық әзірлігін, оның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін, аса
қажетті материалдық ресурстардың қорын құруды және қолдауды, өнім өткізуді
және т.б. осылардың бэрін қосып, біртүтас өндіріс организміндегі ұйымның
барлық элементтерін бір-біріне байланыстырады.
Әкімшілік (тактикалық) жоспары – ұйымдық құрылымды дамытудың және
қолдаудың тактикалық жоспары. Оның мақсаты - орындаудың қалаулы деңгейіне
жететін ұйым құру. Ол жыл сайын қарастырылатын орта мерзімді жоспарлар
болып табылады.
Бірқатар кәсіпорындарда орта мерзімді жоспарлау жеңілдетілген түрмен
біріктіріледі. Бұл жағдайда бірінші жылы оперативті жоспар деңгейіне дейін
нақтыланатын сырғымалы деп аталатын үш жылдық жоспар жасалады.
Стратегиялық жоспар - бизнестің негізгі даму жоспары және ұйымдардың
ұзақ мерзімді құрылымдық жоспары. Кәсіпорын стратегиясы жүйелі түрде
қаралмайды, тек қажет болған жағдайда ғана қарастырылады. Мысалы, жаңа
технология енгізілгенде, тұтынушылардың талғамы өзгергенде, жаңа бәсекелес
пайда болғанда, міне осындай жағдайларда қарастырылады. Ол үш жылдан да
ұзақ мерзімге (үш жылдық, бес жылдық және он жылдық жоспарлар) әзірленеді,
ал кен өндіру және электр энергиясы өнеркәсіптерінде жоспар 20 жылға немесе
одан да ұзақ уақытқа жасалады.
Оперативті, әкімшілік және стратегиялық жоспарлар кәсіпорын қызметін
ұйымдастырудың, қызметкерлер санын ынталандырудың (мотивирования),
нәтижелерді бақылаудың және олардың шаруашылық тұрғысынан да, қаржылық
тұрғысынан да бағалаудың негіздері болып табылады.
Жоспарлау - ресурстарды пайдалану және табыс табу үшін болашақта
орындалуы қажет әрекеттерді анықтау процесін білдіретін басқарудың аса
маңызды бір функциясы. Бүгінгі таңда кәсіпорын қызметін жоспарлау мыналарға
байланысты күрделі мәселе күйінде қалып отыр:
- жоспар және қаражат бұрынғыдай "жоғарыдан" түспейді, кәсіпорын
нарық жағдайына өздігінен бағдарлануы (бейімделуі) керек;
- жоспарлау процесі уақытты созатындықтан (яғни оның жасалуына уақыт
кететіндіктен) ол оперативті басқарушылық шешім қабылдауға жарамсыз
болады;
- көптеген кәсіпорындарда нарық конъюктурасы тұратын, ағымдағы
ресурстарға қажеттілікпен оны қаржыландыратын көздер туралы
шындыққа жанасымды және уақтылы ақпараттар жоқ;
- жоспарлау барысында баға белгілеудің шығын механизмі тән; бағалар
нарықтық жағдайларды ескермей, толық өзіндік құндар мен пайдалылық
нормативімен қалыптасады;
- экономикалық жоспарлау жоспарлы құжаттарды дәстүрлі жолмен
әзірлейтіндіктен олардың көбісі кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын
талдауда жарамсыз.
Жоспарлау дегеніміздің өзі – кәсіпорынның проблемаларын алдын ала
болжай отырып, асығыстық шешімге жол бермеу. Жоспарлау шешім қабылдаудың
ерекше түрі ретінде барлық кәсіпорынның қызметін тұтастай қамтиды.
Жоспарлаудың негізгі мақсаты - кәсіпорынның өндірістік-қаржылық
операцияларындағы қызметін анықтау, уақыт бойынша және кәсіпорынның
бөлімшелері бойынша оны нақтылау, алдыға қойған мақсаттарды жүзеге асыруды
қамтамасыз ететін қаржы көздерін және ресурстардың қажетті мөлшерін
анықтау. Бюджеттендіру - бұл кәсіпорын бөлімшелерінің кызметін келісіп
басқарудың жеке-жеке тарамдарға бөлінген жүйесі. Бюджеттендірудің шешуші
сәтіне үйлестіру, адрестік және шығынды бағалау жатады. Бюджеттендіру
бюджет жүйесіне негізделеді.

3 Шет елде кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық формалары
Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формасы дегеніміз – заңмен және басқа да
құқықтық нысанмен қарастырылған, кәсіпорынның қалыптасуының құрылымдық
тәсілі мен түрі, оның меншік формасы, шығаратын өнім көлемі мен
ассортименті, оның капиталының қалыптасуы, қызметінің сипаты мен мазмұнына
тәуелді болғандықтан және әртүрлі фирмааралық одақтарға кіру тәсілі мен
бәсеке күресін жүргізу әдісіне байланысты жіктелуі.
Қазіргі уақытта теориялық зерттеулер тәуелсіз негізде, ерікті қызмет
жүргізу әдісі ретіндегі кәсіпкерлікке ғана емес, соньщен қатар фирма ішілік
кәсіпкерлікке немесе интрапренерлікке көңіл бөлуде. "Интрапренер" термині
кейінірек "интеркапитал" терминін енгізген американдық зерттеуші ең алғаш
қолданған.Интрапренерліктің пайда болуы көптеген ірі өндірістік
қүрылымдардың өндірісті ұйымдастыру кәсіпкерлігіне көшумен байланысты.
Кәсіпкерлік міндетті шығармашылық еріктің болуын жорамалдаса, онда
өндірістік құрылымның толық мәнді бөлімшесі интеркапиталдың, яғни фирма
ішілік кәсіпкерлік негізінде жатқан идеяларды іске асыруға қажетті
капиталдың болуын білдіреді.
Кәсіпкерлік экономикалық көрініс ретінде нарықтың экономикалық 
экономикалық заңдар мен тауарлы өндірістің айналымның барлау құралдары
ретінде кәсіпкердің басқа шаруашылық субъектілері мен қатыстардың тауарлы
мінездемесі. Кәсіпкерлік – инновациялы кәсіпкерлік идеяға, жауапкершілікке,
ерікті инициативаға негізделген экономикалық белсенділіктің ерекше түрі.
Экономикалық белсенділік индивидтің қоғамдық өндіріске қатысу түрін және
өзі мен жанүясының өмірін қамтамасыз етуге қаражат алу тәсілін білдіреді.
Кәсіпкерлік белсенділіктің негізгі субъектісі кәсіпкер болып табылады.
Бірақ кәсіпкер негізгі контрагент ретінде тұтынушымен, сонымен қатар түрлі
жағдайларда көмекші немесе қарсылас ретінде болатын мемлекетпен байланыста
болуы керек. Тұтынушы да мемлекет те жалдамалы жұмысшы мен бизнестегі
серігі сияқты кәсіпкерлік белсенділіктің субъектілері категориясына жатады.

Ресейдегі кәсіпкерлік қызмет ерекшелігі
Ресейде Азаматтық кодекске сәйкес кәсіпкерлік (коммерциялық) қызметтің
келесі ұйымдастыру – құқықтық нысандары құрылады:
- шаруашылық серіктестік пен қоғамдар;
- өндірістік копперативтер;
- мемлекеттік және муниципальды унитарлық кәсіпорындар.
Шаруашылық серіктестік қатысушылары белгілі шаруашылық қызметті бірге
жүргізү үшін кәсіпорын құру туралы өзара шарт жасау болып табылады. Толық
серіктестіктің мүлігін қалыптастыру көзі, оның қатысушыларының
салымдары.Толық серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің міндеттері
бойынша өз мүлігімен жауапкершілікті бірге алады. Аралас (командиттік)
серіктестікте (немесе сенімге негізделген) жағдай басқаша. Серіктестік
атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және серіктестің міндеттемелері
бойынша өз мүліктерімен жауап беретін қатысушылармен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі жағдайда толық есепке ала отырып, банкрот проблемасын толық түсіндіру
Кәсіпорындардың банкротқа ұшырау себептері
Қаржылық ағымдардың талдауы
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және банкроттығын талдау
Кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа ұшырауы
Ағымдағы міндеттемелер
Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі
Кәсіпорын қызметінің тоқтауы
Кәсіпорынның техника - экономикалық көрсеткіштерін талдау және тәуекелін бағалау
Кәсіпорындағы жоспарлауды ұйымдастыруын талдау
Пәндер