Халық шаруашылығындағы орман саласының маңызы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Халық шаруашылығындағы орман саласының маңызы

Тексерген: Тойкин С. Х

Дайындаған: Тұрлыбеков Қ. М

Семей

2014 жылы

Жоспар

Кіріспе

1. Халық шаруашылығындағы орман саласының маңызы

2. Халық шаруашылығ үшін орман ресурстарының маңызы

3. Орман ресурстарын халық шаруашылығында пайдалану түрлері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде орман шаруашылығы сұрақтары туындап, мақсаттары кеңеюде, өндірістік және тығыз орналасқан аудандарда екпелердің құрамы өзгеруде, біртіндеп кесу алдында орманнның маңызын, экологиясын көтеру мәселелері тұр. Табиғи жолмен жаңартуды ашу жұмыстары сақталуда. Орман құрамы құндылығының жоғарылауында, өнімділігі, табиғи жолмен жапырақты - қылқанды және қылқанды - жапырақты ағаштардың қолданылуы үлкен рөл атқарады. Сондықтан жапырақты - шыршалы және шыршалы - жапырақты отырғыларда біртіндеп кесуді жүргізу орынды болады.

Менің ойымша кесу жұмыстарының биологиялық негіздерінің бірі болып келесі басты жағдайлар есептеледі: а) қолайлы өнімділікті орман бітімін құрастыруда, ағаш бөрікбастарының физиологиялық белсенділігі көп мөлшерде пайдаланылуы; б) өз кезегінде егіліп өсіп тұрған екпелердің көлемін ағаштармен толықтыру; в) ағаштарды олардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты және орман өсіру талаптарына сай келетіндей етіп орналастыру; г) төзімді, көп жылдық, жоғары сапалы қарқынды дамитын ағаштардан құралған екпелер өсіру; д) орман фаунасына пайдалы және орманға көп пайда әкелетін микроорганизмдерге қолайлы жағдай жасау.

А. А. Сүлейменовтың «Орман шаруашылығы» еңбегінде орманды кесу жұмыстарында төменгі, жоғарғы және кешенді кесу принциптері орманның вертикаль профилін және іріктемелі немесе селекциялық кесу тәсілдерін айқындай түседі. Ағаштарды кесуге іріктеу жұмыстары кезінде әр бір ағаш данасына аса көп назар аударылуы қажет, өйткені осыны қадағалау арқылы қол еңбегінің, дайындық жұмыстары және әсіресе орман кесу жұмыстарының ақшалай шығындарын төмендетеді. Сондықтан, еңбек шығындарын, әсіресе, машина және механизмдердің шығындарын азайту үшін практикаға сызықтық және жолақтық кесулер енгізіледіЖалпы орман шаруашылық ісінде кешенді немесе біріктірілген күту кесулері әдістері жиі пайдаланылуда. Бұл әдістерде жоғарғы және төменгі кесу принциптері біріктіріліп жасалады. Мұндай кесулерді екі немесе одан да көп қатарлы күрделі ағаш бітімдерінде, әсіресе, шаруашылықта құнды ағаш тұқымдастарында жүргізіліп отыруы талап етіледі. Бұл жағдайда әр бір қатарларға күту жұмысы жасалады. Мұндай ағаш бітімдеріне мысал ретінде ІІ қатарлы емен ағашынан құралған қарағайлы ормандарды алуға болады.

Халық шаруашылығындағы орман саласының маңызы

1. Халық шаруашылығындағы орман саласының маңызы.

Орманның шаруашылықтағы және адам өміріндегі маңызын ашып көрсету және табиғатты қорғау қажеттілігіне баса назар аудару. Орман ағаштарынан алынатын өнімдер баға жетпес құнды қойма екендігі және орманның тіршіліктегі маңызды қасиеттері туралы білімдерін жетілдіру. Ойлау қабілеттерін, сөйлеу тілін, сөздік қорын теориялық білімін дамыту.

Орманның шаруашылықтағы және адам өміріндегі маңызын және табиғатты қорғау қажеттілігін түсінеді. Орман ағаштарынан алынатын өнімдер баға жетпес құнды қойма екендігі және орманның тіршіліктегі маңызды қасиеттері туралы біледі. Ойлау қабілеттері, сөйлеу тілі, сөздік қоры теориялық білімі дамиды.

Орман қорғау - орман қорын тиімді пайдалану, оны толықтыру, өрттен, зиянкестерден және аурулардан қорғау, сондай-ақ, ағаш өнімін арттыру шаралары. Орманды алқаптарда орман қорғау шараларын тиянақты жүргізу үшін орман бірнеше телімдерге бөлінеді де, олардың әрқайсысы бір орманшыға бекітіледі. Орманшының жұмысына техникалық орман қорғау инженері басшылық етеді, бақылайды. Орман қорғау жұмысында өртке қарсы шаралардың мұқият орындалуы бақыланады. Орманды рұқсатсыз кеспеу, ағаш дайындаушылар мен пішен шабушылардың, малшылардың, т. б. орман қорын сақтау ережелерін орындауы қадағаланады. Зиянды жәндіктер мен жануарлардың, өсімдік ауруларының пайда болуы бақыланып, қажет жағдайда тиісті мекемелерге тез хабарланады, күрес шаралары ұйымдастырылады. Орманда аң аулау, оның маусымдық ережелерін сақтау бақыланады. Орман қорғау ісінде, орман шаруашалығында радиостанция, телефон болуы керек, өрт-химия станциялары құрылып, өрт сөндіру топтары ұйымдастырылады. Орман ұшақ, тікұшақтармен барланады. Қазақстанда орман қорғау жұмысымен Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты, орман шаруашылығы мекемелері, т. б. айналысады.

Экономиканың орман шаруашылығы сала­сы да осы негізде дамуды басшылыққа алып, нарықтық ортада жүргізіле бастады. Бірақ бізде нарықтық жағдайда орманшылық жүргізу тәжірибесі әлі жетімсіздеу. Онда шетелдерде пайдалы деп бағаланған орманшылық жолдары да осы күнге дейін жөнді қолданылмай келеді. Осының салдарынан Қазақстан орманшылығы тұрақты даму сатысына әлі көтеріле қойған жоқ. Сондықтан біздің елге әлемдік орман­шылық қағидалары мен тәжірибелері ауадай қажет. Олар ұлттық орман саясатын ұтымды құрып, орманшылық саласының басым бағыт­тарын дұрыс таңдауға көмектеседі.

Орман шаруашылығы бойынша еларалық тәжірибе алмасу және орман қорының мемле­кетаралық маңызын насихаттау дүниежүзілік орман конгрестерінің (ДОК) шешімдерінен бастау алды. Оларды өткізу

Халықаралық ауыл ша­руашылығы ұжымының Бас ассамблея­сы­ның 1924 жылғы шешімі арқылы жүзеге асырылды. Соңғы 60 жыл бойы орман конгрестері әр 6 жылда жүйелі түрде бір өткізіліп тұратын бол­ды. Алғашқы кездерде өткізілген орман конгрестері ағаш материалдарының шаруашы­лықтағы маңызын, ор­ман қорын сақтаудың келешек үшін қажет­ті­лігін, олардың су саласы мен ресурс­та­рын қал­пына келтірудегі мә­нін, топырақ пен жер­дің құнарлы қабатын су шайып, жел ұшы­руын болдыр­май­тын бір­ден-бір құрал екенін кеңі­нен көрсете бастады.

Орманды өсіру бұл ұзақ мерзімдік процесс, ол ондаған жылдармен өлшенеді. Өсіру кезінде жіберілген қателіктер бірден байқалмайды және оларды түзету мүмкін емес. Осы себептерге байланысты орман мамандары екпе орман жұмыстарын жүргізуде алқа ағаштарын табиғи өсіру, құру кезінде оның теориясы мен тәжірибесін жақсы игеруі тиіс. Ғылыми негізделген шаралар кешенін қолданған кезде ғана, өнімділігі жоғары алқа ағаштарын қолдан өсіру жақсы болуы мүмкін, егер тұқым қуалаушылық сапасы жоғары тұқымды алу кезеңінен бастап шаруашылыққа бағалы жас шыбыққа дейінгі кезең толық қамтылса, экологиялық шаралар құрудың жетілдіруін қамтамасыз етуі тиіс. Орман өсірудің барлық кезеңінде екпе орман жиілігі мен түр құрамын жетілдіру қажет. Екпе орман жұмыстарын механикаландыру мен автоматтандыруға ерекше көңіл бөлген дұрыс. Бұл айтылған барлық сұрақтар «Екпе ормандар» курсында қамтылған.

Орман шаруашылығын басқаруға:
1) ормандарды қорғаныш топтары мен категорияларына бөлу;
2) ормандарда ағаштың толысу мерзiмiн және кесу айналымын белгiлеу;
3) ормандарда ағаш кесу және орман ресурстарын ұлғайта өсiру

жүйелерiн белгiлеу;
4) ормандарды пайдалану нормаларын белгiлеу;
5) ормандарды сақтау мен қорғау жөнiндегi шараларды белгiлеу;
6) өзге де ұйымдық-техникалық және құқылық шаралар жатады.

2. Халық шаруашылығ үшін орман ресурстарының маңызы.

Орман секторын дамыту басымдықтарының бірі ормандарды қалпына келтіру болып табылады. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында және Қазақстан халқына барлық жыл сайынғы жолдауларында Президент осы бағытты мемлекет аумағын экологиялық сауықтыруға жәрдемдесетін басым бағыттардың бірі ретінде бөліп көрсетеді. Осылай, республика бойынша орман иеленушілер 2011-2014 жылдары республика аумағында 243, 7 мың га алаңда ормандарды молықтыру және орман өсіру жұмыстары жүргізілді.

2007 жылдан бері іске асырылып келе жатқан «Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту» жобасы шеңберінде Арал теңізінің құрғап қалған табанында 56, 5 мың га, соның ішінде: отырғызу әдісімен 47, 1 мың га, және тұқым себу әдісімен 9, 3 га алаңда сексеуілден тұратын орман мелиоративтік екпелерді құру бойынша жұмыстар жүргізілді. Айрықша назар Ертіс өңірінің жалды ормандарын қалпына келтіруге бөлінуде, оның аумағында 2011-2014 жылдары 22, 8 мың га, соның ішінде «Семей орманы» МОТР ММ-де 13, 1 мың га және «Ертіс орманы» МОТР ММ-де 9, 7 мың га құрылды. Астана қаласының аймағын құру жөніндегі жұмыстар жалғасуда, олардың көлемі 2011-2014 жылдары 20 мың га құрады. 1997 жылдан бастап, жасыл екпелердің 70 мың га құрылды (1-кесте) .

Кесте-1 Орман шаруашылығын дамыту үшін жүргізілетін жұмыстардың жыл сайынға көрсеткіші
Іс-шаралардың атаулары
2011 жыл
2012 жыл
2013 жыл
2014 жылдың бірінші жартыжылдығында
Іс-шаралардың атаулары: Ағаш отырғызу, мың га
2011 жыл: 25, 8
2012 жыл: 32, 1
2013 жыл: 25, 9
2014 жылдың бірінші жартыжылдығында: 33, 8
Іс-шаралардың атаулары: Тұқым себу, мың га
2011 жыл: 33, 0
2012 жыл: 28, 6
2013 жыл: 33, 0
2014 жылдың бірінші жартыжылдығында:
Іс-шаралардың атаулары: Ормандардың табиғи түрде қайта түлеуіне жәрдемдесу, мың га
2011 жыл: 8, 6
2012 жыл: 13, 2
2013 жыл: 9, 6
2014 жылдың бірінші жартыжылдығында: 0, 1
Айрықша назар Ертіс өңірінің жалды ормандарын қалпына келтіруге бөлінуде, оның аумағында 2011-2014 жылдары 22, 8 мың га, соның ішінде «Семей орманы» МОТР ММ-де 13, 1 мың га және «Ертіс орманы» МОТР ММ-де 9, 7 мың га құрылды. Астана қаласының аймағын құру жөніндегі жұмыстар жалғасуда, олардың көлемі 2011-2014 жылдары 20 мың га құрады. 1997 жылдан бастап, жасыл екпелердің 70 мың га құрылды.

Орман қорын дамыту, күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адамға және мемлекеттiк органдар жүйесiне Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкiметi, уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ Конституцияда, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өз құзыретi шегiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жатады.

Орман қорын дамыту күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiруді қамтамасыз ету жүйесіне:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;
2) аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкiлеттi орган;
3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар;
4) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары;
5) орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары;
6) мемлекеттік орман орналастыру ұйымдары;
РҚАО-ның ескертпесі!
7) тармақша 2015. 01. 01 бастап қолданысын тоқтатады.
7) орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды

молықтыруды және орман өсiруді қамтамасыз ету саласындағы

республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;
8) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және

орман өсiру саласындағы ғылыми ұйымдар;
9) орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар;
10) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және

орман өсiру мақсатында құрылған қоғамдық бірлестіктер кiредi.

Жалпы орман шаруашылығының дамуы ағаштардың өсу процесіне байланысты. Өсу процесінде ағаш сүрегінің көлемі мен массасының үлкеюі, дамуы оған тән қалыптасуы мен құрамының өзгеруі де болады (2-кесте) .

Кесте-2

Г. Крафт ұсынған орман ағаштарының дамуы бойынша өсу

классификациясы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық шаруашылығындағы орман саласының рөлі туралы
Халық шаруашылығындағы орман саласының рөлі жайында
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
Халық шаруашылығындағы орман саласының рөлі
Қарқаралы аймағына толық физикалық -географилық және экономикалық сипаттама
Орман шаруашылығын жоспарлау туралы
БСҰ-ға кіру жағдайындағы ауыл шаруашылығының бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Аймақтардың ауыл шаруашылық саласының даму деңгейі
Аграрлық қатынастарды экономикалық реттеу
Агроөнеркәсіптік кешенді қаржы-несиелік реттеу мәселелерінің теориялық - әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz