Халық шаруашылығындағы орман саласының рөлі жайында


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы: Халық шаруашылығындағы орман саласының рөлі.
Дайындаған: Абилкасова А. Д
ЛД-211тобы
Тексерген: доцент Тойкин С. Х
Семей
2015
Жоспар:
Кіріспе
1. Халық шаруашылығындағы орманның маңызы.
2. Орман ресурстарын халық шаруашылығында пайдалану.
3. Орман шаруашылығының жалпы адам өміріндегі маңызы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Орман кодексімен анықталатын Қазақстан Республикасы орман шаруашылығының негізгі саясаты орман шаруашылықтарының экологиялық және ресурстық әлеуметін, орман ресурстарын ұтымды және таусылмайтындай етіп пайдалануын, оларды қорғау, сақтау және ұдайы өндірісіи жоғарылату мақсатында ормандарды иелену, басқару бойынша реттеу қатынастары болып табылады. Орман қатынастарын зерттеу орман биосферасыныд ғаламдық экологиялық, әлеуметгік және экономикалық мәні бар аса мацызды комионенттерінің бірі болыи табылатыны негізге алына отырыи жүзеге асырылады. Орман Қазақстанның маңызды стратегиялық ресурсы болып табылады. Еліміздің «Қазақстан-2030» Стратегиясы ормандарды бөлуде келесі басымдықтарды анықтайды: орман және аң фаунасы жағдайын, пайдалануын, ұдайы өндірісін, қоргалуы мен сақталуын мемлекеттік бақылау; орман ресурстарын басқару; ормандарды қорғау және сақтау;
Орман кодексімен анықталатын Қазақстан Республикасы орман шаруашылығының негізгі саясаты орман шаруашылықтарының экологиялық және ресурстық әлеуетін, орман ресурстарын ұтымды және таусылмайтындай етіп пайдалануын, оларды қорғау, сақтау жэне ұдайы өндірісіи жоғарылату мақсатында ормандарды иелену, басқару бойынша реттеу қатынастары болып табылады. Орман қатынастарын зерттеу орман биосферасыныд ғаламдық экологиялық, әлеуметтік және экономикалық мэні бар аса маңызды комионенттерінің бірі болыи табылатыны негізге алына отырып жүзеге асырылады.
Орман қорын қорғаудың және тиімді пайдаланудың басты мәселесі оны ұдайы, үдемелі жаңғыртып отыру, әсіресе құнды ағаштардың қорын молайту. Орман қоры ұзақ мерзімде қалпына келетін табиғат ресурсы болғандықтан оны өсіру, қорғау ұзақ мерзімдік бағдарламалармен, жоспармен жүзеге асырылады.
Орман алқаптарының тіршілікте алатын орны айрықша. Құнарлы топырақ қабаты мен сапалы су көздерін қорғауда қамтамасыз ететін де, қолайлы климаттың қалыптасуына игі ықпал жасайтын да, тыныс алатын таза ауаны оттегімен жабдықтайтын да, экологиялық апаттардың зардабын бәсеңдететін де қалың орман. Бiздiң елiмiздегi ормандар жүйесi негiзiнен, солтүстiк және шығыс аймақтарында шоғырланған орманның бiрнеше типтерi бар. Олар - сексеуiл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар. Орман қоры жер шары бойынша жылдан жылға азая түсуде.
1. Халық шаруашылығындағы орманның маңызы.
Орман шаруашылығы- экономиканың бір саласы. Ормандарды зерттеу; есепке алу; ағаштар мен бұталардың тұқымынан және көшеттерден орман өсіру, орманды жаңартып отыру; орманды күту; сүрек дайындау, оны кесіп, реттеу; питомниктерде көшет өсіру; суландыру; орманды өрттен, зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғау; саңырауқұлақ, ағаш шырынын жинау; ағашқа және орман өнімдеріне деген халық шаруашылығына қажеттерін қанағаттандыру мақсатында орманды пайдалану ісін реттеу шараларымен шұғылданады. Еліміздің орман байлығын қорғау оны тиімді пайдалану мен қорын қайтадан қалпына келтіріп отыруға тікелей байланысты. Бұл алдымен орман және ауыл шаруашылығының және табиғатпен байланысты басқа да өндірістердің тікелей міндеті. Орманның өскен жерінде ауа райын өзгертіп, өзен-көл суларын толықтырып отыратындығын, оны қорғаудың қажеттілігін арттырудың маңызы зор. Бұған қарамастан ағашты пайдаланбай тағы да отыра алмаймыз. Себебі қоғамға қажетті өндірістің көпшілігінің ағашсыз күні жоқ.
Осыған байланысты адам баласының алдында орманның табиғатқа жасайтын жағымды ықпалын бұзбайтындай етіп пайдалану міндеті тұр. Орман қорын қорғаудың және тиімді пайдаланудың басты мәселесі оны ұдайы, үдемелі жаңғыртып отыру, әсіресе құнды ағаштардың қорын молайту. Орман қоры ұзақ мерзімде қалпына келетін табиғат ресурсы болғандықтан оны өсіру, қорғау ұзақ мерзімдік бағдарламалармен, жоспармен жүзеге асырылады. Орман алқаптарының тіршілікте алатын орны айрықша. Құнарлы топырақ қабаты мен сапалы су көздерін қорғауда қамтамасыз ететін де, қолайлы климаттың қалыптасуына игі ықпал жасайтын да, тыныс алатын таза ауаны оттегімен жабдықтайтын да, экологиялық апаттардың зардабын бәсеңдететін де қалың орман.
Орманның даму мүмкіншілігі ауыл шаруашылығының дамуымен биологиялық тұрғыдан ұқсас болғанымен, экономикалық тұрғыдан ерекшелігі бар. Өндіріске жарамды ағаш орташа есеппен 80-100 жыл өсетінін, ал химиялық өңдеуге келетін ағаштың жылдам өсетін түрінің өзі 30-50 жылды қажет етеді. Ал бұл орташа өндірістік циклдардан әлдеқайда ұзақ. Міне сондықтан да орман ресурстарын іске жарамды ағаш ретінде пайдалану үшін оның ондаған жылғы қорын әрқашан сақтап отыру қажет. Ауыл шаруашылығында, жер ресурсын бағалаудың ерекшелігі жердің құнарлылығына, одан алынатын өнім мен баға мөлшерінің әрдайым өзгеріп отыратынына байланысты екенін ескеріп, жыл сайын бағалап отыру қажет.
2. Орман ресурстарын халық шаруашылығында пайдалану
Орман ресурсы - биологиялық ресустарға жататыны белгілі, сондықтан олар табиғи ортаға әсері жағынан болсын, табиғи пайда болу жағынан да көбіне ұқсас келеді. Орман ресурсы пайдалану тұрғысынан көп салалы болып келеді, әсіресе, өндірісте қолдану аясы жағынан ағаш шикізат есебінде қолданылады. Одан басқа ағашты өндірісте пайдаланғанда одан түсетін қалдықтардың өзі неше түрлі, ауыл шаруашылығында, өндірісте және шаруашылықтарда таптырмайтын шикізат көзі болып есептеледі.
Минералды ресурстарға қарағанда орман сарқылмайтын және қайта қалпына келетін ресурстарға жатады. Сондықтан бұл ресурсты қайта қалпына келтіріп ғана қоймай, одан әрі өсіріп, дамытып, жетілдіруге болады. Бұл, әсіресе, республикамыздағы ұлан ғайыр аумақты орманмен қамтамасыз етуге мүмкіншілік бар екендігін көрсетеді. Басқа табиғат русурстарына қарағанда орман ресурстарының ең бір басты айырмашылығы көп жағдайда далалы және шөлейт аймақтарда өсіруге болады. Бірақ мұндай табиғи қолайсыз жерлерде ағаш өсіру қымбатқа түсетіні белгілі. Ағаш, қоры жағынан әр аумақта биологиялық тұрғыдан әртүрлі болады, сол сияқты өсу динамикасы (қайта қалпына келу, сапасының өзгеруі, жылдық өсімі және т. б. ) да әртүрлі болады.
Экономикалық тұрғыдан табиғат ресурстары орналасқан жері қаншалықты электр қуатымен, транспортпен, сумен, жұмыс күштерімен, жол қатынасымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты. Ал орман ресурстарын ағаш қоры есебінде пайдаланғанда бұлардан басқа жазықты жерде немесе биік таулы-қыратты жерлерде орналасуына байланысты бағаланады. Бұл арада ағаш дайындау шығынының әртүрлілігі ескеріледі.
Орман ресурстарының басты ерекшелігі, яғни көп салалылығы мынаған келіп саяды:
ағаш қоры;
ылғал сақтайды;
топырақ жамылғысын сақтайды;
микроклимат жағдайын қалыптастырады;
демалыс орындары;
жеміс-жидек қоры қалыптасады (саңырауқұлақ, бүлдірген, жаңғақ, емдік шөптер, аңшылық т. б. ) .
Бұл тұрғыдан алып қарағанда орман ресурсының экономикалық тұрғыдан бағалау мүмкіндігі қиындай түседі. Өйткені ылғал сақтау, таза ауа қалыптастыру сияқты әрекеттерін тек жанамалай ғана бағалауға болады, әлеуметтік құндылығын айырумен шектеледі.
3. Орман шаруашылығының жалпы адам өміріндегі маңызы.
Бүгінгі адамзат алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі адамның денсаулығы, экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді пайдалану.
Қазіргі уақытта адамзат - экологиялық қарама- қайшылыққа қарсы тұру үшін өз тұрмыс жағдайын, ой- өрісін, психологиясын өзгертіп табиғатқа бейімделуі керек. Қазіргі ғылыми технология экологияны ластайтын, зақымдайтын қоршаған ортадағы биологиялық әр алуан- түрлілікке залалын тигізетін емес оның орнына жаңа «Табиғат қорғау» фитотехнология болу керек.
Қоршаған ортаның экологиялық күйзелісі адамзатқа болашақты жеке бастың емес ол жалпы қоғамның жер шарының проблемасы деп қарау керек. Бұл үшін аса қажетті болып мамандандырылған экологиялық программалар, ақпарат көздерін қажет етеді. Қала халқының тұрғындары ауыр экологиялық проблемалар нәтижесінде урбанизация ортасында тіршілік етіп қатты ластанған техногенді ортада өмір сүрмекте. Техногендік проблемаларды шешу үшін қаладағы ауа бассейні мен адамның денсаулығын жақсартуда жасыл өсімдіктер, ағаштар отырғызуымыз керек. Жасыл ормандар- қорғаныштық және санитарлық гигиеналық функциялар орындайтын, халықтың демалыс орны болып табылатын, адамдардың денсаулығы үшін емдік қасиеттерге ие. Өнеркәсібі дамыған мегаполистерде ағашты көшеттерді егу қоршаған ортаның ауасын реттеп, тек ауаның қорғанышы ғана емес сонымен қатар жылу реттегішін ылғал режимін қалыптастырып отырады және күн сәулесінің радиациясын төмендетіп адам ағзасына шипалы емін тигізеді.
Жасыл ағаштар бір тәулікте 220-280 кг көміртегі қышқылын жұтып 180-200 кг оттегін бөліп шығарады. Қалада 1 га жасыл алқап 1 сағатта 8 кг көмірқышқыл газын жұтады дәл осы көмірқышқылын 200 адам демалғанда шығарады. Жапырақты ормандар бір күнде 2 кг фитонцидті бөледі. Осыған қарап ақ, орман ағаштарының адам өміріне тигізер пайдасын көруге болады.
ҚОРЫТЫНДЫ.
Сөзімді қорытындылай келе, орман шаруашылығы мекемелерінің өзіндік қаражаттарын арттыру және орманды тиімді пайдалануға қол жеткізу міндеті - орманмен қамтылған және аз орманды аймақтарда маңызды болып табылады. Болашақта орман шаруашылығы мекемелерін басқарудың жаңа ұйымдастырушылық-экономикалық механизмінің негізгі элементтерін қолдану мен кеспеағашты толық игеру - қаржылық-экономикалық дағдарыстың алдын алуға және қаржылық дербестік негіздеріне көшуге мүмкіндік береді. Еліміздің орман байлығын қорғау оны тиімді пайдалану мен қорын қайтадан қалпына келтіріп отыруға тікелей байланысты. Бұл алдымен орман және ауыл шаруашылығының және табиғатпен байланысты басқа да өндірістердің тікелей міндеті. Тағы бір айтып өтер мәселем, бұл табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру үшін экономикалық критерийге негізделіп қана қоймай, табиғи жағдайларды да ескеретін кешенді тәсіл қажет. Жердің сұлулығы мен байлығын қорғауды қолға алатын және табиғатты кешенді пайдаланып, өз идеясын өмірге әкелетін мамандар көп болса, бұлда бір орман шаруашылығының дамуына ықпалын тигізер еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz