ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері туралы ақпарат



Жоспар:
1.ХХ ғасыр басындағы тарихи.әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері.
1.1 ХХ ғ. 50.60 жылдарындағы әдеби даму және қазақ әдебиеттану ғылымы
1.2 ХХ ғасырдың 60.жылдарындағы әдеби сын ұстанымдары.
2.Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында.
3.Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату.
20 ғ басындағы тарихи әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің дамуына тигізген әсері.
Қазақ даласының Россияға қосылыуы XIX ғасырдың орта кезіде аяқталды. XX ғасырдың басы–қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой-пікірдің өрлеуіне м.мкіндік туып, ресей патшалығы әдейі тұмшаланған ой-сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше ұлттық сананың ең өнімді саласы–әдебиеттің, қоғамдық сананың көрсеткіші баспасөздің бұл кезеңде күрт алға басуы –табиғи заңдылық. Бұл тұста Абайдың нақты жалғасы іспетті Шәкәрім мен дүниеге абайдан кейін келсе де, еңбегі ерте жарық көрген Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылығы өзінің кемел шағына жетіп, шырқау бигіне көтерілсе, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Бернияз, т.б. тәрізді алыптар әдебиет айдынында бой көрсетіп, биікке көркемдік сипаттағы дүниелерін жариялай бастады. XIX ғ-ң екінші жартысындағы қазақ ағартушылары мен ақын жазушылары аңсаған ілім-білімді үйренуге үндеу–XX ғасырдың бас кезінде біршама нәтижесін беріп, алдыңғы қатардағы қазақ азаматтарын елді ояту, азаттыққа қол жеткізу мақсатына жетеледі. Оқыған зиялылар арсынан ел бағытын айқындар сара жолды жаңылмай нұсқап, адастырмас даңғылға алып шығуы ұмтылған жаңа тұлғалар шоғыры таныла бастады. Сол көш бастаушылардың алдыңғы қатарында қазақ ақын-жазушылары да болғаны талассыз шындық.
Патшалық Ресейдің отарлық езгісінде қиын да күрделі өмір сүрген қазақ халқының әлеуметтік тұрмысы XX ғасыр басында тіптен қиындап кетті. Ұланғайыр өлкені сүлікше сорған Ресей билеушілері обыр құлқынның қамы үшін тізгінді неғұрлым қыса ұстап, тежеп отыруды оңтайлы көріп, саяси-әкімшілік қысымды күшейтк түсті. Бірақ қашанда әрбір нәрсенің екі жағы болатыны секілді өмір өз заңдылығымен алға дамып, Россияға бодан болудың да екі жақты әсері болды. Оны ешқашан жоққа шығара алмаймыз. Бірі зорлық-зомбылық, езіп қанау болса, екінші жағы Қазақстанға көз алартушылар сиреді, мардымсыз болса да өндіріс орындары ашылды. Қазақ жұртына батыстық ілімнің жарығы шашырып, ағарту ісі жандана бастады. Тарихи дамудың сол бір кезеңінде замана ағысын аңдаған, жеткілікті дәрежеде білімі бар азамаииар ел арасында көптеп кездесетін. Бұл тұстағы, яғни XX ғасырдың бас кезіндегі мәдени-әлеуметтік дамудың бір көрінісін қазақша кітаптардың көптеп шығып, ел арасына кеңінен тарауы аңғартса керек. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйі, тарихи жағдай,
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Оқулық. –Алматы: Білім, 1993.
2. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. А.,«Санат»,1997
3. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. А
4. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. А., «Аруна», 2005

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Орындаған:Еркін Г
Тексерген:фазылова А.М
Топ:КЯ:313

Семей 2015 жыл
Жоспар:
1.ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері.
1.1 ХХ ғ. 50-60 жылдарындағы әдеби даму және қазақ әдебиеттану ғылымы
1.2 ХХ ғасырдың 60-жылдарындағы әдеби сын ұстанымдары.
2.Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында.
3.Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату.

20 ғ басындағы тарихи әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің дамуына тигізген әсері.
Қазақ даласының Россияға қосылыуы XIX ғасырдың орта кезіде аяқталды. XX ғасырдың басы - қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой-пікірдің өрлеуіне м.мкіндік туып, ресей патшалығы әдейі тұмшаланған ой-сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше ұлттық сананың ең өнімді саласы - әдебиеттің, қоғамдық сананың көрсеткіші баспасөздің бұл кезеңде күрт алға басуы - табиғи заңдылық. Бұл тұста Абайдың нақты жалғасы іспетті Шәкәрім мен дүниеге абайдан кейін келсе де, еңбегі ерте жарық көрген Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылығы өзінің кемел шағына жетіп, шырқау бигіне көтерілсе, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Бернияз, т.б. тәрізді алыптар әдебиет айдынында бой көрсетіп, биікке көркемдік сипаттағы дүниелерін жариялай бастады. XIX ғ-ң екінші жартысындағы қазақ ағартушылары мен ақын жазушылары аңсаған ілім-білімді үйренуге үндеу - XX ғасырдың бас кезінде біршама нәтижесін беріп, алдыңғы қатардағы қазақ азаматтарын елді ояту, азаттыққа қол жеткізу мақсатына жетеледі. Оқыған зиялылар арсынан ел бағытын айқындар сара жолды жаңылмай нұсқап, адастырмас даңғылға алып шығуы ұмтылған жаңа тұлғалар шоғыры таныла бастады. Сол көш бастаушылардың алдыңғы қатарында қазақ ақын-жазушылары да болғаны талассыз шындық.
Патшалық Ресейдің отарлық езгісінде қиын да күрделі өмір сүрген қазақ халқының әлеуметтік тұрмысы XX ғасыр басында тіптен қиындап кетті. Ұланғайыр өлкені сүлікше сорған Ресей билеушілері обыр құлқынның қамы үшін тізгінді неғұрлым қыса ұстап, тежеп отыруды оңтайлы көріп, саяси-әкімшілік қысымды күшейтк түсті. Бірақ қашанда әрбір нәрсенің екі жағы болатыны секілді өмір өз заңдылығымен алға дамып, Россияға бодан болудың да екі жақты әсері болды. Оны ешқашан жоққа шығара алмаймыз. Бірі зорлық-зомбылық, езіп қанау болса, екінші жағы Қазақстанға көз алартушылар сиреді, мардымсыз болса да өндіріс орындары ашылды. Қазақ жұртына батыстық ілімнің жарығы шашырып, ағарту ісі жандана бастады. Тарихи дамудың сол бір кезеңінде замана ағысын аңдаған, жеткілікті дәрежеде білімі бар азамаииар ел арасында көптеп кездесетін. Бұл тұстағы, яғни XX ғасырдың бас кезіндегі мәдени-әлеуметтік дамудың бір көрінісін қазақша кітаптардың көптеп шығып, ел арасына кеңінен тарауы аңғартса керек. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйі, тарихи жағдай, баспа мен баспасөздің дамуы, әдеби бағыттар туралы жалпы түсінік. Қазақ әдебиетінің қоғам өзгеріне тигізген ықпалы мен әсері, әдебиеттегі азатшылдық ұран, Алашорда әдебиетінің тәуелсіздік үшін жүргізген күресі.ХХғ.б. қазақ әдебиетінің даму бағыттары.Діни-ағартушылық бағыт өкілдері. Ағартушы демократтық бағыт өкілдері. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы. Хал-ахуал, Сарыарқаның кімдікі екендігі, т.б. Мақыш Қалтайұлы Діни білімдарлығы.Мысал жанрындағы еңбегі. Көсемсөз саласында заман тақырыбына жазған мақалалары; Шәді Жәңгірұлы, Шығармашылық өмірбаяны, Шығармаларындағы халықты ояту, білім беру, имандылық, ағартушылық , т.б. мәселелер. Еңбек ету тақырыбына жазылған шығармалары. Атымтай Жомарт. Нұржан Наушабайұлы 1859-1919.Шығармашылық өмірбаяны. Шығармаларының басты тақырыбы. Жастарға бағыт-бағдар беру, ғибрат айту ыңғайындағы ойлары. Тұрмағамбет Ізтілеуұлы 1882-1939. Өмірі мен шығармашылығы. Шығармаларында сауатсыздық, әлеуметтік теңсіздік тақырыбын арқау етіп, еңбек, достық, адамгершілікті насихаттауы. Рубаяттары мен аудармасы Шахнама. Мұсабек Байзақұлы 1849-1932. Өмірі мен шығарма-шылығы. Өлеңдеріндегі заман суреттері, азаматтық үн, ағартушылық ой-пікірлер Адам түгіл алдайды періштені, Ғылымсыз болып қартайсаң, т.б. Мысал жанрында жазған өлеңдері. Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858-1931. Шығармашылық өмірбаяны. Шәкәрімнің лирика жанрындағы еңбегі. Поэма жанрында Абай дәстүрін жалғастыруы. Проза жанрындағы еңбектері. Аударма саласындағы еңбегі. Шәкәрім - тарихшы, философ. Сұлтанмахмұт Торайғыров. Шығармашылық өмірбаяны. Лирикасы. б Қамар сұлу романы. Кім жазықты романында үш ұрпақ өкілдерінің суреттелуі. Адасқан өмір, Кедей, Қайғы, Айтыс поэмалары. Көсемсөз саласына қоқан үлесі Сұлтанмахмұт мұрасының зерттелуі. Мұхамеджан Сералыұлы 1871-1929. Шығармашылық өмірбаяны. Қазақтың алғашқы журналисі, мақалалар тақырыбының әр алуандығы Публицистикаға қосқан үлесі. Аудармалары. Ақындығы. Гүлкәшима дастанындағы махаббат тақырыбы. Ахмет Байтұрсынұлы 1873-1937. Шығармашылық өмірбаяны Ақындығы. Аудармалары. Көсемсөз шебері ретіндегі еңбегі. Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі.Міржақып Дулатұлы (1885 - 1935). Шығармашылық өмірбаяны, ақындық өнері, прозалық шығармалары, Оян, қазақ кітабының тарихи маңызы. Бақытсыз Жамал романы. Драмалық шығармалары, Балқия пьесасы. Спандияр Көбейұлы(1878 - 1956).Жазушының ағартушылық, оқытушылық қызметі, аударма саласындағы қызметі, Үлгілі бала жинағын шығаруы. Қалың мал романының проза жанрын дамытуға қосқан үлесі. Образдар жүйесі. Орындалған арман атты мемуарлық шығармасы. Сәбит Дөнентаев(1894 - 1933).Ақынныңшығармашылық өмірбаяны, поязиялық мұралары, мысал өлеңдерінің тарихи мәні. Уақ-түйек жинағының өзіндік ерекшелігі. Ғұмар Қарашұлы (1876-1921). Өмірбаяны,оқытушылық қызметі,өлеңдері, шығармаларындағы реалистік сипат. Аударма саласындағы сіңірген еңбегі, стилі, өлең. Нарманбет Орманбетұлы (1860-1918) Шығармашық өмірбаяны, Абай үлгісінде өлең жазуы. Ақын өлеңдеріндегі отаршылдық саясаттың әшкереленуі, замана шындығының көрініс беруі. Әріп Тәңірбергенов (1856-1924). Өмір жолы, қоғамдық қызметі. Өлеңдеріндегі сыншылдық бағыт, дүние, өмір жайындағы өлеңдері, Біржан мен Сара айтысын хатқа түсіруі. Бернияз Күлеев (1899-1923), шығармашылық өмірбаяны, ақын поэзиясының өзіндік ерекшеліктері, өлеңдеріндегі ұлы Абай поэзиясының ықпалы. Ығылман Шөрекұлы (1876-1931), Тайыр Жомартбайұлы (1884-1937) сияқты қаламгерледің әдеби мұралары. Исатай -Махамбет дастаны. 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысы жайындағы өлең-жырлар және олардың тарихи маңызы, қазақ әдебиетінен алар орны.
50-60 жылдардағы әдебиет жайын айтқандағ ең алдымен көңіл қоятын нәрсе - бұл кезеңнің өзіндік заманалық ерекшеліктері бар екендігі. 1956 жылдың басында КОКП-ның ХХ съезі өтіп , онда Сталиннің жеке басына табынушылықтың қоғамға орасан зор зиян келтіргені анықталған соң , рухани өмірде біраз өзгерістер болды. Идеологиялық шылбыр едәуір босаңсып, еркіндік белгілері нышан берді. Бұл әдебиет пен өнердеге де біраз оң ықпалын тигізді. Ғылымда да солай болды. 50-60 жылдардағы әдебиетте өткен дәуірдегі халық өмірін , оның бостандықты аңсаған үміт-арманын көрсету үлкен орын алды. Қазақ әдебиетінде бұл тақырыпта халқымыздың ХІХ ғасырдағы озат адамдары, ағартушылар: Абай,Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин т.б. туралы тарихи фактілерге сүйенген бірнеше көркем шығармалар жарық көрді. М.Әуезоа Абай, Абай жолы романдарын, Ғ.Мүсірепов Оянған өлке романын, С.Мұқанов Шоқан Уалиханов пьесасын жазды. Тарихи тақырып Х.Есенжановтың Ақ Жайық романында көтеріледі. Ақын Т.Жароков Қазыналы Қазақстан өлеңінде бейбіт өмірдегі еңбек жемісін жырлайды. Көп ақындардың өлең- жырларында Отан келбеті, бейбіт өмірдің шырайлылығы, еңбекші халықтың тіршілік, тұрмыс сипаты, жарқын болашақ негізгі тақырып болды. Бірсыпыра шығармалардың негізгі тақырыбы ҰОС қатысқан ер азаматтардың батырлық бейнесін көрсету, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу еді. Бұл кезеңде қазақ әдебиетін ірі шығармалар, кең көлемді туындылар дамытты.ХХ ғасырдың бас кезінде әдебиеттану ғылымында С.Мұқановтың ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті зерттеу еңбегі ғана болса, жылдардан бері қарай көптеген еңбектер жазылды. Атап айтқанда: Б.Кенжебаевтың Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты шығарған Қазақ әдебиетінің тарихы , Б.Шалабаевтың Қазақ прозасының тарихы, С.Қирабаевтың С.Көбеев ,Ә.Дербісәлиннің Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті, Т.Әбдірахмановтың Жаңа ғасыр көгінде т.б. Жалпы ХХ ғасырдағы әдебиеттің келелі мәселелеріне арналған әр еңбектің әр қилы мақсаты, мүддесі болды. Бір зерттеушілер тобы сол кезең әдебиетінің жекелеген өкілдерінің өмір жолы мен творчествосын арқау етсе, екінші бір зерттеушілер ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттің жалпы даму бағыттарын айқындау тұрғысынан қарастырды. Зерттеушілердің үшінші бір тобы белгілі бір жанрдың қалыптасу, даму сипаттарына зер салды. Әдеби дәстүр, жаңашылдық мәселелерін де сөз етушілер болды.
ХХ ғасырдың 60-жылдарындағы әдеби сын ұстанымдары.
Әдебиеттану ғылымы мен сын бұл дәуірде қанатын кең жая бастады. Теориялық тұрғыдан да, методологиялық жағынан да пайымдау тереңдеді. Әдебиеттің кешегісі мен бүгініне жіті қарап, шығармаларын байыппен талдау, тиісті бағасын беру, болашағын барлау сияқты жалпы әдебиет сынына лайық ой өріс алды, дамыды. Әдебиет өмірінің өткені мен қазіргісі жайында монографиялар, іргелі зерттеулер жазыла бастады. Әдебиеттану ғылымы білімді, сындарлы, пікірлі зерттеулермен толықты. Партияның әр түрлі қаулы шешімдері оларды саясаттың насихатшысы етуге ұмтылса да, бұл жаңа толқын әдебиет туралы шын сөйлей бастады. Әдебиет және искусство, Қазақ тілі мен әдебиеті журналдарында әдеби сындар көбейді. Жыл сайын кеңейтілген әдеби жиындар өткізіліп, проза, поэзия, драматургия, сын салаларының барысында қорытындылар жасалды. Әдебиет тануға белсене араласа бастаған орта буын сыншыларға әдебиеттің аға буыны өнеге көрсетті. М.Әуезовтың Әр жылдар ойлары, Уақыт және әдебиет,атты ғылыми-сын еңбектері, С.Мұқановтың Өсу жолдары, Жарқын жұлдыздар атты еңбектері, Ә.Тәжібаевтың Өмір және поэзия зерттеуі жарық көрді. Аға және орта буын сыншылар бұл жылдары іргелі әдебиет сынының қанатын қатайтты. Е.Смайыловтың Сын мен шығарма, Жаңа белеске, Б.Кенжебаевтың Шындық пен шеберлік, Қ.Жұмалиевтің Стиль-өнер ерекшелігі, М.Қаратаевтың Шеберлік шыңына, Т.Әлімқұловтың Жемісті жолда, С.Қирабаевтың Өрлеу жолында , Р.Бердібаевтың Әдебиет және өмір және де Т.Кәкішевтің, Б.Сахаривтің, Т.Сыдықовтың жинақтары жарыққа шығып, қазақ әдебиеттануы мен сынының білік пен сапа деңгейін көтерді. Аталған сыншылар көркемөнердің теориясы мен методологиясын меңгергені , әдебиеттің ұлттық ерекшелігін айыра алатындығы еңбектерінен көрінді. 50-жылдардың соңы мен 60 - жылдарда әдебиет пен мәдениетке игі ықпал еткен, көркемөнер сынының шыңдалуына себепші түрлі ғылыми, танымдық, мәдени шаралар тұрақты жүргізіліп отырды. Ширек ғасырдан астам уақыт тұмшаланып келген әдебиет туралы азат ой бұл жылдары әсіресе Қазақ әдебиеті апталығанда жиі жарияланды. Қорғаншақтап, бүгежектеп келген сыншылар бір сәт өздерін саясат тұсауынан босағандай сезінді.60- жылдардағы сынның өріс алуына қазақ әдебиетіне елеулі еңбек сіңірген әдебиетшілер ат салысты. Қоғамның ХХ съезден соң ептеп түзеле бастауы сыншылар алдындағы идеологиялық бөгесіндерді едәуір азайтты. С.Қирабаев өз тұсындағы әдеби процеске сын жазуды өрістетті. Сыншы өз тұсындағы әдеби процеске жіті қарап, Ғ.Мұстафин мен М.Иманжановтың шығармашылығына зер салды, нәтижесінде Ғ.Мұстафин атты сыни-өмірбаяндық кітапшасы жарық көрді. Аталған кезеңде Т.Кәкішев идеялық қарама-қарсылыққа толы 20-жылдардың әдеби процесін зерттеумен қатар сын тарихы және сын проплемаларын да зерттеді. Р.Бердібаев Әдеби сын өркендей түссін, Оқушыға ой салу шарт сияқты мақалаларында шынайылықтан ауытқыған әдебиетшілерді шешімділікке, әділеттілікке шақырды. Әдебиеттің түрлі салалары туралы сынды тек әдебиетші немесе сыншы емес, жазушылар, ақындар да айтып жазып жүрді. 60-жылдары әдебиеттану мен сында біраз даму қарқыны байқалды. Алайда бұл сала кемшіліктен ада емес еді. ХХ съезден кейін сыншылар жеке басқа табынушылықты, саясаттың әдебиетке тигізген кері әсерін ара-кідік сынай тұрып, өздері сол саясаттан тысқары тұра алмады.
Жетпіс жылдан астам уақыт жүріп өткен тарихи жолымыз көрсетіп бергендей, қазақ қоғам қайраткерлері тәуелсіз дербес мемлекет құру жолын таңдай отырып, қателескен жоқ еді. Ұлттық қанау мен ұлттық теңсіздік болған жерде езілген елдердің табиғи талаптары мен мүддесін қорғайтын саяси институттарға сұраныс та қалыптаспақ. Ал, осы негізде пайда болған мемлекеттің саналы түрде жалпы ұлттық- мұраттарға қол жеткізуді көздейтін шараларды іске асыруы да табиғи нәрсе. Өздерінің саяси еркіндігін алған елдердің бәрінде де осылай болған. Осы тұрғыдан алғанда, әрине Алаш партиясының өмірге келуі тарихи қажеттіліктен туған болатын.
Бірақ қазақ ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің бұл әрекеті ескі Ресейдің тұтастығын көксейтін ақ қазақтар мен патша генералдарына да жаңа тоталитарлық жүйені орнатушы большевиктерге де ұнай қоймайды. Егер алғашқылары Ұлы Ресейсіз өз бетінше өмір сүре алмайтын бұратана халықтың ат төбеліндей сеператистік пиғылдағы өкілдеріндей қарап,
аяқтарынан шалса соңғылары саяси сауатсыз, аңқау елді арзан ұрандармен артына ертіп, ал оның көзі ашық көш бастаушылары буржуазиялық ұлтшылдар, ұлтшыл-уклонистер деп жариялап, алдымен халықты оларға қарсы қойып, артынан бұларды асып-атып, рухани азапқа салып, жойып тынды(35).
Ұлттық саясатта түптеп келгенде ұлыдержавалық, империялық мақсатты көздеген бұл екі саяси жүйе де ұлттық мемлекеттік идеясынан қорықты. Сондықтан да, ұлттық шет аймақтарда бұл ойға қорғау салушылардың есімін атауға да тиым салынды. Міне, осыған байланысты біз соңғы уақытқа дейін қазақ ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің өмір жолымен, олардың артында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында. Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай мен оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
XX ғасыр басындағы қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпалы
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы және жанрлық жаңалық алып келген қаламгерлерге шолу
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және әдебиеттің дамуына тигізген әсері
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
Қазақ - парсы әдебиеттерінің ортақтастығы
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Пәндер