Билл Гейтс - Бизнес аңыздары


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ №1

Тақырыбы: «Бизнес аңыздары (Әлемнің бай адамдары) »

Орындаған: Базарбай Т. С

Тобы: ОП-413

Тексерген: Есенбекова З. Ж

Семей 2015

Жоспар:

I Кіріспе

1. 1 . Билл Гейтс - бағдарламалық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы

II Негізгі бөлім

2. 1 Өмірбаяны. Балалық шағы.

2. 2 Компания жұмысы

2. 3. Миллиардердің қанатты сөздері

2. 4. Қызықты деректер. Билл Гейтс жайлы басылымдар

III. Қорытынды IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Уильям Генри Гейтс III немесе Билл Гейтс - АҚШ кәсіпкері әрі қоғам қайраткері, бағдарламалық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы болып табылатын Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушысы (Пол Алленмен бірге) және бұрынғы президенті, негізгі акционері. Гейтс 1955 жылдың 28 қазанында Сиэтлда (Вашингтон штаты) корпоративті адвокат Уильям Генри Гейтс II және First Interstate Bank, Pacific Northwest Bell директорлар кеңесінің және United Way ұлттық кеңесінің мүшесі Мэри Максвелл Гейтс отбасында дүниеге келді. Миллиардер қарапайым жанұяда дүниеге келген. Әкесі - заңгер. Анасы жай ғана мұғалім болғанымен, өте қатал болған көрінеді. Ата-анасының айтуы бойынша: «Билл кішкентай кезінен мінезі қырсықтау, әрі ауыр болатын». Мектепте оқып жүргенде көп сөйлеймейтін, сабақты аса жақсы оқымайтын, өте нәзік, арық болған. Бір күні үнемі бөлмесін жинағысы келмейтін Биллді анасы сөгіс ретінде подвалдағы бөлмеге көшіріп тастапты. Содан сұрақ қойса жауап қайтармай, ас ішуге шақырса мүлдем келмейтін бала, анасын біраз уайымдатқан екен. Психологиясына әсер тиді мекен деген ата-анасы баласын психиатрға апарады. Бір екі сиянс өткізгеннен кейін дәрігер «бұл балаға ұрысудың қажеті жоқ, бәрі бір жеңе алмайсыздар. Өзінің дегенінен қайтпайтын адам. Оның орнына тіл табысып көріңіздер» - деген екен. Білімі мен санасы жоғары әкесі мен анасы сол күнен бастап Биллді түсінуге тырысыпты. Бірақ қанша қылықтары болғанымен ішкі жан дүниесі ерекше, ойлау қабілеті, рухы өте мықты болатын - дейді әкесі. Бір қызығы Гейтс мектепте оқыған кезде тек қана математиканы жақсы оқып, компьютерлық программалармен айналысуды ұнатқан екен. Қалған сабақтардан үлгермі өте нашар болған. «Мен», - дейді Билл: Оқып жүргенде қатты компьютермен қызығатынмын. Күні-түні 20-30 сағат бойы компьютер класында отыруыммен кететін. Барлық компьютерлік программаларды зерттейтінмін. 15-16 жасымда біз Полом Аллен деген досым екеуміз бір программанын паролын сындырып, жүйесін бұзып алғанбыз. Содан бастап бізді мүлдем компьютер класына кіргізбей қойған күндеріміз болды-деді. Қызығы 9 сыныпта ешбір оқу құралын оқымай үздік бітіріп, 10-ші сыныпқа көшкенде компьютер технолгиясынан сабақ беріп, сол жылдары өздерінің сыныптастарына оқу программасын ойлап шығарады. Мектепті «у-шумен» бітірген Билл, 1973 жылы Гарвард университетіне оқуға түсіп, 2 жылдан кейін оқудан шығарылып жіберледі. 2008 жыл дың маусым айына дейін оның басқарушысы болған, ал одан бері директорлар кеңесінің атқарушы төрағасы лауазымында.

Қайырымдылық Билл және Мелинда Гейтстер қоры төрағаларының бірі. Билл Гейтс - Форбс журналы бойынша әлемдегі екінші бай адам. Оның байлығының ең биік шыңы 120 млрд. долларға дейін жеткен еді. «Майкрософт» акцияларына биржалық бағалардың ауытқуына байланысты Гейтс санаулы секундтар ішінде миллиардтарын жоғалтып, оны қайта қалпына келтіре алды. Мемлекет «Майкрософтпен» соттасады, ал президенттер Гейтсті құрметпен қабылдайды. Алайда қазір ол ақша табудан гөрі, жоқшылықпен күреске ақшасын жұмсауға ерекше мән беруде. Гейтс өсиет хатына сәйкес оның үш баласының әрқайсы тек $10 млн. алады. Қалғаны оның кенже баласы қайырымдылық қорының еншісіне тиеді. Microsoft жүйелері әлемде пайдаланылатын компьютерлердің 93%-да орнатылған. Монополияға қарсы комитеттің талабы бойынша Президенттіктен бас тартқан Билл Гейтс қазіргі кезде компанияның басқарушыларының бірі және бағдарламалық қамсыздандыру өнімдерін дайындау бойынша бас инженер болып табылады. Сонымен қатар, ол компания акциялары бөлігінің үлкен үлесінің иесі. Бүгінгі таңда ол 75 миллиард доллардың иесі және Forbes тізімінде байлығы бойынша 1-ші орынды алады.

Жаңа компания жаңа ғана сәнге айналып келе жатқан жеке компьютерлер үшін бағдарламалық құралдар жасай бастады. «Майкрософттың» дүниеге келуі жайындағы аңыз былай дейді: Аллен 1974 жылы Гарвардтағы Гейтске келе жатып, жолда газет дүңгіршегінен жур нал сатып алмақшы болады. Алайда онда көрген дүниесі оның және Гейтстің өмірін мүлдем өзгертеді. «Таны- мал электроника» журналының мұқабасында Altair-8080 суреті жарияланған, ал оның үстінде ірі шрифтпен «Коммерциялық модельдермен бәсекелесуге қабілетті, әлемдегі ең бірінші компьютер» деп жазылған. Олардың екеуі де олардың алдында қандай көкжиектердің ашылғанын бірден түсінді. Олар «үй» компьютерлерінің нарығы сәлден кейін құлпырып, миллиондаған адамдарға бағдарламалық құрал қажет болатынын түсінді. Бірнеше күннен соң Гейтс Altair өндірушісі - MITS компаниясына хабарласып, Алленмен бірлесіп Altair-де қолданыла ала- тын Basic бағдарламалау тілінің нұсқасын жасағанын айтты. Гейтс жалған айтты. Сол кезде достар кодтың бір жолын да жазған жоқ болатын. Соның үстіне, оларда Altair-де, оның чипі де болған жоқ. MITS бұл туралы білмей, Гейтстің ұсынысына қызығушылық танытты. Осылайша достар Basic бойынша қауырт жұмысқа кірісті. Гейтс кодпен жұмыс жасаса, Аллен PDP-10 мек- теп компьютерінде Altair жұмысын симуляциялады. Бір жарым айдан соң, бағдарлама дайын болды. Аллен оны MITS-ке апарды. Сол кезде ол алғаш рет Altair-ді ұстап көрген еді. Таңғажайып керемет болды - достардың бағдарламасы іске қосылды! Келісім-шарт жасалды. «Бағдарламалық құрал нарығы туындады!» - деп айқайлап жіберді Гейтс.

Қанатты сөздері

1. Білім - ең маңызды аспап

2. Кез келген жерде, заң пайда болады

3. Егер хат ерекше үлкейтіп жазылған болса, ол спам.

4. Жаңашылдық - шағын мемлекеттің үкіметін тығыз айқындайды.

5. Электронды пошта көптеген мекемелер арасында иерархиялық құрылым жасады.

6. Cенің ең бақытсыз тұтынушың, бұл сенің ең маңызды өмірдегі сынағың

7. Алдағы 10 жыл бизнес үшін, келер 50 жылмен салыстырғанда өте үлкен өзгеріс әкеледі.

8. Барлық жарнамалар сөзсіз үлкен дербестендірілген жүйеге ауысады.

9. Қай уақытта да жұмысты жасағанда немесе жойып жібергенде, Гарвардқа оралудың кеш емес екенін ұмытпа.

10. Бизнес - үлкен құмарлықпен азғана ережеден тұратын, өте қызық ойын.

11. Мен жұмысқа жалқау адамдарды аламын. Себебі олар кез келген қиын мәселені шешудің оңай жолын тез-ақ табады.

Қызықты мәліметтер

1. Гейтс жайлы жазылған кітаптың санында шек жоқ. Amazon. com сайтына Gates деп енгізсеңіз, оған байлынысты 137 мыңнан астам нәтиже тауып бере алады.

2. 13 жасқа енді толған Гейтс достарымен бірігіп, мектеп компьютерінің мәліметтеріне қол сұққан. Гейтсті жазалаудың орнына Сиетлдің компьютерлік орталығы балақайды жұмысқа алып, өз бағдарламаларын тексеруге тапсырма беріп отыратын.

3. Компьютерлерге деген құмарлығын байқаған вундеркиндтің ата-анасы Биллды электронды машинаға бір жыл бойы жолатпаған. Бір жыл бойы атақты бағдарламашы ұлы адамдардың өмірбаяндарымен танысқан. Тарихи тұлғалардың ойлау қабілеті мен логикасы Биллге қатты ұнайтын.

4. Билл Гейтс ресми түрде Гарвард оқу орнын тастағандардың ішіндегі ең бақытты адам болып танылды, дегенмен, араға бірнеше жыл салғаннан кейін, Билл сонда да Гарвардты бітіріп, салтанатты түрде дипломын алды.

5. Қазіргі компаниясының атауын Гейтс алғашқыда "Micro Soft" деп жазған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес аңыздары (алемніңең бай адамдары)
Бизнес аңыздары Әлемнің бай адамдары - Билл Гейтс
Бизнес аңыздары (әлемнің бай адамдары) туралы
Бизнес аңыздары (әлемнің бай адамдары)
Бизнес аңыздары - Билл Гейтс
Бизнес аңыздары (Әлемнің ауқатты адамдары)
Бизнес аңыздары жайлы мәлімет
Бизнес аңыздары (әлемнің бай адамдары) - Карлос Слим Элу
Бизнес аңыздары туралы (Әлемнің бай адамдары)
Бизнес аңыздары - Джон Рокфеллер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz