Қуаңшылық аймақтардың малазықтық өсімдіктері туралы



Жоспар:
1. Қуаңшылық аймақтағы мал азықтық өсімдіктерді өсіру тарихы.
2. Шөлейттің климатынегізгі топырағы.
3. Қуаңшылық аймақтардың малазықтық өсімдіктері.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Қазақстан Республикасының алдағы тұрған өзекті мәселелерінің бірі ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту. Аталған мәселені шешуде мал шаруашылығының алар орны ерекше, ал оның тұрақты дамуы жемшөп қорымен және жайылым шаруашылығының жағдайымен тікелей байланысты.
Қазақстандағы шөл және шөлейт жерлеріндегі табиғи жайылымдардың көлемі мол болғанымен, олардың өнімділігі төмен әр түрлі жылдар мен жылдың маусымында шығымдылығы күрт құбылып отырады. Сондай-ақ бұл жерлердің жазықты болып келетін және ашық жататыны, топырақ алқаптардың көлемділігі, құмақ және құмшауыт топырақты алқаптардың көлемділігі, күшті өкпек желдердің жиі болатыны, ауа райының өте құрғақ екені белгілі. Дегенмен, жайылымдарды игеру барысында бұл ерекшеліктер ескерілмей, оларды жүйесіз пайдалану етек алды, сақтау мен пайдалану арасындағы теңестірілген қатынас сақталмады, соның салдарынан онсызда экологиясы күрделі шөл жайылымдар тозып, өсімдік байлығы сирей бастады.
Сайып келгенде мұның бәрі мал шаруашылығының дамуына кері әсер етіп, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің тұрмыс-тіршілігінің төмендеуіне, қоршаған ортаның экологиялық дағдарысқа ұшырауына әкеліп соқтырды.
Ғылымның жетістіктері шөл экологиясының жағдайын жақсартудың және жайылым өнімділігін көтерудің тиімді шараларының ең бастысы екпе жайылымдар жасау екенін дәлелденді. Бұл істі іске асыру негізінен табиғи өсімдіктерді жерсіндіру арқылы жүргізіледі.
Зерттеу жұмыстарының жаңалығы. Шөл аймақта мал азықтық өсімдіктерді өсіру өткен ғасырдың 30-40 жылдарынан басталғанымен, оларды жерсіндірудің ғылыми негіздерін зерттеу жұмыстары 80-ші жылдардан бастап ғана қолға алынды.
Жерсіндіру жұмысының Қазақстанның оңтүстік шөлі үшін маңызы ерекше. Себебі мұндағы табиғи жайылымдардың өсімдік жиынтығы толық емес және бағалы мал азығындық өсімдіктер түрі жүдеп барады. Осыған байланысты жайылымдардың шұрайлығын арттыру мен өсімдік байлығын молайту мақсатында жергілікті шөл жайылымында кездеспейтін, сондай-ақ сиреп бара жатқан өсімдіктер түрін жинап, тектік қорын құру мен жан-жақты зерттеу және оларды жерсіндірудің ерекшеліктерін ғылыми түр
Пайдаланған әдебиеттер;

1. http://azh.kz/kz/news/view/2852
2. http://thenews.kz/2011/09/28/926687.html
3. Шалғындық және жайылымдық мал азығы өндірісі. Алматы 2012
С.Ә. Оразбаев, А. Ә. Төреханов, И.И. Алимаев, Б.А. Ысқақ

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы
Мемлекеттік Университеті

ОСӨЖ
Тақырыбы: Қуаңшылық аймақтардың малазықтық өсімдіктері.

Тексерген: Сағындықов С.Н
Орындаған: Қасен Б.М
Топ: АГ-313 IIIкурс

Семей 2015жыл

Жоспар:
Қуаңшылық аймақтағы мал азықтық өсімдіктерді өсіру тарихы.
Шөлейттің климаты негізгі топырағы.
Қуаңшылық аймақтардың малазықтық өсімдіктері.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Қазақстан Республикасының алдағы тұрған өзекті мәселелерінің бірі ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту. Аталған мәселені шешуде мал шаруашылығының алар орны ерекше, ал оның тұрақты дамуы жемшөп қорымен және жайылым шаруашылығының жағдайымен тікелей байланысты.
Қазақстандағы шөл және шөлейт жерлеріндегі табиғи жайылымдардың көлемі мол болғанымен, олардың өнімділігі төмен әр түрлі жылдар мен жылдың маусымында шығымдылығы күрт құбылып отырады. Сондай-ақ бұл жерлердің жазықты болып келетін және ашық жататыны, топырақ алқаптардың көлемділігі, құмақ және құмшауыт топырақты алқаптардың көлемділігі, күшті өкпек желдердің жиі болатыны, ауа райының өте құрғақ екені белгілі. Дегенмен, жайылымдарды игеру барысында бұл ерекшеліктер ескерілмей, оларды жүйесіз пайдалану етек алды, сақтау мен пайдалану арасындағы теңестірілген қатынас сақталмады, соның салдарынан онсызда экологиясы күрделі шөл жайылымдар тозып, өсімдік байлығы сирей бастады.
Сайып келгенде мұның бәрі мал шаруашылығының дамуына кері әсер етіп, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің тұрмыс-тіршілігінің төмендеуіне, қоршаған ортаның экологиялық дағдарысқа ұшырауына әкеліп соқтырды.
Ғылымның жетістіктері шөл экологиясының жағдайын жақсартудың және жайылым өнімділігін көтерудің тиімді шараларының ең бастысы екпе жайылымдар жасау екенін дәлелденді. Бұл істі іске асыру негізінен табиғи өсімдіктерді жерсіндіру арқылы жүргізіледі.
Зерттеу жұмыстарының жаңалығы. Шөл аймақта мал азықтық өсімдіктерді өсіру өткен ғасырдың 30-40 жылдарынан басталғанымен, оларды жерсіндірудің ғылыми негіздерін зерттеу жұмыстары 80-ші жылдардан бастап ғана қолға алынды.
Жерсіндіру жұмысының Қазақстанның оңтүстік шөлі үшін маңызы ерекше. Себебі мұндағы табиғи жайылымдардың өсімдік жиынтығы толық емес және бағалы мал азығындық өсімдіктер түрі жүдеп барады. Осыған байланысты жайылымдардың шұрайлығын арттыру мен өсімдік байлығын молайту мақсатында жергілікті шөл жайылымында кездеспейтін, сондай-ақ сиреп бара жатқан өсімдіктер түрін жинап, тектік қорын құру мен жан-жақты зерттеу және оларды жерсіндірудің ерекшеліктерін ғылыми түрде негіздеу өзіндік назар аударуды талап ететін зерттеулердің санатына жатады. Атап өтер жағдай, ол бүгінгі таңда еліміздің өсімдік әлемінің генетикалық байлығын сақтау, зерттеу және тиімді пайдалану мәселелері мемлекеттік басты ұстамдарының қатарына жатқызылып отырғаны белгілі.

Шөл аймақтағы мал азықтық өсімдіктерді өсіру тарихы
Өткен ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап Қазақстанның жайылымдық мал шаруашылығының қарқынды дамуы жемшөпке деген қажеттілікті тудырды. Осыған байланысты бұл мәселені шешу үшін шөл аймақтық жемшөп шаруашылығы дами бастады. Оның жеке сала болып қалыптасуына ботаника, өсімдік тану, егіншілік, т.б. ілімдер негіз болды. Әсіресе ботаниканың басты бағыттарының бірі жерсіндіру (интродукция) ілімінің орны ерекше. Себебі шөл аймақта жайылым шұрайлығын арттыру, екпе жайылымдар жасау бірінші кезекте табиғи өсімдік байлығын пайдалану арқылы жүргізіледі
З.Ш.Шамсутдинов Өзбекстанның шөл аймағында биологиялық және фитоценотикалық ерекшелі, кеңістік пен орта байлығын толық игеретін ағаш тектес, бұта, жартылай бұталы, шөптесін өсімдіктердің флуктуациялы, мау-сымды, қатарлы, сукцесиялы және функционалды сиымды түрлерден тұратын көптүрлі екпе жайылымдардың экологиялық, шаруашылық маңыздылығының жоғары екенін көрсетті.
Табиғи өсімдік байлығы жерсіндіру жұмысының негізгі қоры болып қала береді. Дегенмен бұлардың ішінен нақты бір экологиялық жағдайға шыдамды немесе шаруашылық қажетке лайық өсімдіктерді іріктеп ала қою қиын. Сондықтан жерсіндіру ғылымының міндетіне керекті өсімдік түрін алдын ала болжап таңдап алу және тәжірибе жүзінде дәлелдеу жатады. Бұл ғылыми ізденісті жүргізудің теориялық негізіне Ч.Дарвиннің түрлердің пайда болу туралы эволюциялық ілімі және осы ілімді мәдени өсімдіктерге қатысты әрі дамытқан Н.И.Вавиловтың мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілік орталықтары туралы ілімі жатады. Н.И.Вавилов жерсіндіруді түрлердің тарихи, экологиялық-географиялық тұрғыдағы танымынсыз және олардың эволюциясынсыз ойлауға болмайды деп ерекше тоқталған. Ал өсімдіктің жерсіну қабілетін болжауға мүмкіншілік беретін алғашқы материалды білу, олардың шығу тегін және географиялық шоғырлануын анықтау жерсіндіру ілімінің арқауы екенін айтқан.
Өсімдікті жерсіндіру деп адам баласының бір мақсатпен белгілі табиғи-тарихи кеңістікте бұрын кездеспеген өсімдік түрін өсіру немесе жергілікті табиғи жағдайдан екпе өсімдікке айналдыру үшін бағытталған
К.Б.Боранғазиев Қазақстандағы көптеген мал азығындық дақылдардың кең таралуына жерсіндіру ілімінің алар орнын айта келіп, жабайы өсімдіктер байлығын зерттеу жұмыстары жемшөп қорын молайтуға және жайылымды түпкілікті жақсарту мақсатына пайдалануға болатын экологиялық төзімді, жоғары өнімді бағалы түрлер мен үлгілерді іріктеп, оларды екпе дақылға айналдыру, көбейту және шаруашылыққа кеңінен енгізу бағытында жүргізілуі тиіс деп атап көрсетті.
Шөл-шөлейт аймақтың табиғи шөптерін пайдалану XIX ғасырдың соңында басталған. 1895 жылдан бастап Орта Азияда темір жол салу жұмыс-тарының басталуына байланысты сусымалы құм бұйраттарын бекіту мақса-тында орыс ғалымы В.А.Палецкийдің жетекшілігімен Ресейден және Африка-дан алып келген біраз өсімдіктер егіледі. Көпжылдық зерттеулер нәтижесінде үрме құмға тосқауыл ретінде қарабарқын, қандым, қоян сүйек, сексеуіл тиімді екені дәлелденеді және бұл өсімдіктердің алғашқы жасыл желектері Ташкент-Ашхабад теміржолы бойында пайда болады.
Ресейдің оңтүстігінде жалғасын тапқан келесі зерттеулердің дені изен, теріскен, жусан, жүзгін, сексеуіл ағаштарын құмды алқаптарды бекіту мен желден қорғайтын жолақтар және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қуаңшылық аймақтардың малазықтық өсімдіктері
Дақылдың халық шаруашылығындағы ролі
Ауыспалы егісті жобалау
Қазақстан Республикасы бойынша жайылым мен шабындық жерлердің жағдайы,көлемі,өнімділігі.
Ауыспалы егістегі алғы дақылдар
Арпа дақылының қуаңшылыққа төзімділігі
Ас бұршақтың аудандастырылған сорттары
Шалғындық мал азығы шаруашылығы
Шабындық пен жайылымдық өсімдіктердің биологиясы
Қазақстанның және көршілес мемлекеттердің флорасындағы Aлабұта (Chenopodiaceae) тұқымдасына шолу мақала
Пәндер