Түркологияның Еуропа мен Ресейде зерттелуі



Түркі халықтары туралы алғашқы мәлімет Еуропада орта ғасырдың басында, Шығыс Рим империясының шекарасында Орта Азиядан ауған көшпелі тайпалардың пайда болуынан басталады. Көне түркі халықтарының тұрмысы, мәдениеті, тарихы туралы мәліметтер Византия дипломаттарының, тарихшыларының, грек, латын тілдерінде жазып қалдырған еңбектерінде кездесетін көрінеді. Дегенмен түркі халықтары, олардың тілдері, мәдениеті туралы ғылыми сипаттаулар Еуропада кейініректе, Осман түріктерімен байланыс жасаудан басталған.
В.В. Бартольд История изучения Востока в Европе и России (сочин. т.ІХ. М, 1977.) деген еңбегінде еуропалықтар бірнеше ғасыр бойы тек Осман мемлекетінің тарихын, Осман-түрік тілін сипаттаумен ғана шұғылданды дейді. Түркі тілдерін бір-біріне салыстыра зерттеу, олардың салыстырмалы сөздіктерін жасау, көне жазба нұсқаларды филологиялық тұрғыда зерттеу істерімен Еуропа Шығыс зерттеушілері ХVІІІ ғасырдан бастап айналысты. XIX ғасырдың басынан бастап Үнді-еуропа тілдерін зерттеу негізінде қалыптасқан салыстырмалы-тарихи әдістің дамуына байланысты Еуропада түркі тілдерін ғылыми негізде зерттеу едәуір етек алды, зерттеу нысандары да молайды.
Мұндай ауқымды бетбұрысқа Орыс-Швед соғысында тұтқынға түскен Швед армиясының офицері Ф.Ю. фон Страленбергтің еңбегі елеулі бастама болды. Ф.Ю. фон Страленберг ұзақ уақыт Сібірде тұрып, бұл аймақты тарихи-географиялық жақтан зерттеген Еуропа мен Азияның солтүстік және оңтүстік тарихтық, географиялық сипаттамасы атты еңбек жазып, оны 1730 жылы Стокголъмде жариялатқан. Бұл еңбек 1797 жылы орыс тіліне аударылып шығарылды. Ф.Ю. фон Страленберг – күні бүгінге дейін түркологтар арасында елеулі мәселе ретінде қаралып келе жатқан Орал-Алтай тілдері деп аталатын теорияны бастаған және осы топқа жататын тілдерді өз ішінен түрлі топтарға жіктеуді алғаш көтерген ғалым. Ол – Орал группасына жататын угро-фин, самоди тілдері мен Алтай тілдері деп аталатын түркі, монғол, тұнғұс-манчжұр тілдері өзара ұқсас тілдер деген пікірді алғаш айтқан. Осының негізінде кейініректе Орал-Алтай тілдері өзара туыстас тілдер деген теория қалыптасты. Ф.Ю. фон Страленберг – түркі халықтарының Енесей өзені бойынан табылған руникалық жазуы туралы да алғаш пікір айтушылардың бірі. Ол – Әбілғазы Баһадур ханның Шежіре түрік атты еңбегін орыс, неміс тілдеріне аударған. Ф.Ю. фон Страленбергтің Орал-Алтай теориясын анықтай түсіп, оны ілгері дамыту істерімен неміс ғалымдары В. Шотт, М.А. Кастрен, бұлардан біраз кейін О. Доннер, Г. Винклер, И. Грендель, Г.И. Рамстедт, А. Соважо, арнайы шақыруымен келіп, Ресей ғылым Академиясында Шығыстану ғылымын ұйымдастыруға белсене
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Сабыр М. Б. Түркі тілдерінің лексикалық сабақтастығы // Y.
Халықаралық түркология конгресі «Мәдени ықпалдастық және өркениеттер бірлігі ». Түркістан, 2013. 166-170 б.б.
2. Сүйерқұл Б.М. Хорезмидің «Мұхаббатнамесіндегі» (ХIYғ.)
лингвосемиотикалық кеңістік. Алматы : Дайк-Пресс , 2011
3. Ә.Қайдар, М.Оразов «Түркітануға кіріспе» 2004ж

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті

СӨЖ

Тақырыбы: Түркологияның Еуропа мен Ресейде зерттелуі
Тексерген: Шаяхметұлы Қинаят
Орындаған: Сайлаубекова Зарина

Түркі халықтары туралы алғашқы мәлімет Еуропада орта ғасырдың басында, Шығыс Рим империясының шекарасында Орта Азиядан ауған көшпелі тайпалардың пайда болуынан басталады. Көне түркі халықтарының тұрмысы, мәдениеті, тарихы туралы мәліметтер Византия дипломаттарының, тарихшыларының, грек, латын тілдерінде жазып қалдырған еңбектерінде кездесетін көрінеді. Дегенмен түркі халықтары, олардың тілдері, мәдениеті туралы ғылыми сипаттаулар Еуропада кейініректе, Осман түріктерімен байланыс жасаудан басталған.
В.В. Бартольд История изучения Востока в Европе и России (сочин. т.ІХ. М, 1977.) деген еңбегінде еуропалықтар бірнеше ғасыр бойы тек Осман мемлекетінің тарихын, Осман-түрік тілін сипаттаумен ғана шұғылданды дейді. Түркі тілдерін бір-біріне салыстыра зерттеу, олардың салыстырмалы сөздіктерін жасау, көне жазба нұсқаларды филологиялық тұрғыда зерттеу істерімен Еуропа Шығыс зерттеушілері ХVІІІ ғасырдан бастап айналысты. XIX ғасырдың басынан бастап Үнді-еуропа тілдерін зерттеу негізінде қалыптасқан салыстырмалы-тарихи әдістің дамуына байланысты Еуропада түркі тілдерін ғылыми негізде зерттеу едәуір етек алды, зерттеу нысандары да молайды.
Мұндай ауқымды бетбұрысқа Орыс-Швед соғысында тұтқынға түскен Швед армиясының офицері Ф.Ю. фон Страленбергтің еңбегі елеулі бастама болды. Ф.Ю. фон Страленберг ұзақ уақыт Сібірде тұрып, бұл аймақты тарихи-географиялық жақтан зерттеген Еуропа мен Азияның солтүстік және оңтүстік тарихтық, географиялық сипаттамасы атты еңбек жазып, оны 1730 жылы Стокголъмде жариялатқан. Бұл еңбек 1797 жылы орыс тіліне аударылып шығарылды. Ф.Ю. фон Страленберг - күні бүгінге дейін түркологтар арасында елеулі мәселе ретінде қаралып келе жатқан Орал-Алтай тілдері деп аталатын теорияны бастаған және осы топқа жататын тілдерді өз ішінен түрлі топтарға жіктеуді алғаш көтерген ғалым. Ол - Орал группасына жататын угро-фин, самоди тілдері мен Алтай тілдері деп аталатын түркі, монғол, тұнғұс-манчжұр тілдері өзара ұқсас тілдер деген пікірді алғаш айтқан. Осының негізінде кейініректе Орал-Алтай тілдері өзара туыстас тілдер деген теория қалыптасты. Ф.Ю. фон Страленберг - түркі халықтарының Енесей өзені бойынан табылған руникалық жазуы туралы да алғаш пікір айтушылардың бірі. Ол - Әбілғазы Баһадур ханның Шежіре түрік атты еңбегін орыс, неміс тілдеріне аударған. Ф.Ю. фон Страленбергтің Орал-Алтай теориясын анықтай түсіп, оны ілгері дамыту істерімен неміс ғалымдары В. Шотт, М.А. Кастрен, бұлардан біраз кейін О. Доннер, Г. Винклер, И. Грендель, Г.И. Рамстедт, А. Соважо, арнайы шақыруымен келіп, Ресей ғылым Академиясында Шығыстану ғылымын ұйымдастыруға белсене қатынасқан Г.З. Байер, Г.Я. Кер сияқты ғалымдар болды. Қазірде түркология дүниежүзіне кең тараған әлемдік ғылымға айналды. Түркі тілдерін зерттеу істерімен Англия, АҚШ, Германия, Швеция, Франция, Австрия, Жапония, Түркия ғалымдары да айналысады. Дәл осы арада Еуропа ғалымдарының түркі тіліне қатысты алғашқы зерттеулерінің бірі ретінде қаралып жүрген бір еңбекке тоқтала кеткен орынды. Ол - Кодекс Куманикус деп аталатын сөздік.
Кодекс Куманикус (құмандар кітабы) Құман деп отырғандары - қыпшақтар ХІІІ-ХІV ғасырда готикалық көне әріппен жазылған, көлемі 164 бет. Екі бөлімнен тұрады: I бөлімде латынша-парсыша-құманша сөздік, құман тіліндегі әр түрлі сөз таптары, олардың латын тіліндегі баламалары сөз болады, екінші бөлімде құманша-немісше-латынша сөздік және құман тілінде жазылған мәтін, құман тілінің латынша жазылған грамматикалық очеркі. Ғалымдар бірінші бөлімді италияндық; екінші бөлімді неміс жазған дейді. Қолжазбаны алғаш француз тіліне аударып бастырып шығарған академик Ю.Г. Клапрот (1783-1835). Ю.Г. Клапрот Азия туралы зерттеулер деп аталатын еңбегінде Ф. Петрарка (Италияның атақты ақыны) кітабынан алынған латынша-парсыша-құманша сөздік деген атпен 1828 жылы бастырып шығарады. Кодекстің екінші рет жарық көруі - 1880 жылы. Оны Кун Будапештте бастырып шығарады. Бұл - ең толық және сауатты шыққан түрі. Бұл үш бөлімге бөлінген, алғы сөзден және көлемді кіріспеден тұрады. Кіріспеде құмандар тарихы, олардың басқа түркі тайпаларымен қарым-қатынасы баяндалады. Екінші бөлімінде Кодекс мәтіндері және оның латынша аудармасы берілген, үшінші бөлімінде - латынша, парсыша-латынша және немісше-латынша сөздіктер берілген. Сөз саны 3000-ға тарта. Латынша жазылған осы басылымнан бастап Кодекс Ресейде В.В. Радловтың аудармасымен 1887 жылы Петербургта басылды, бірақ ғалымдар оны толық аударма емес, жеке үзінділер ғана дейді. 1936 және 1942 жылдары Дания ғалымы К. Гренбек қолжазбаның түп нұсқасын өзгеріссіз екі рет басып шығартқан. Соңғы Копенгагендағы 5-басылымында (1942 жылғы) құманша-немісше сөздік түрінде жарияланған. Кодекс материалына сүйеніп, құман тілін зерттеген бағалы еңбек - 1884 жылы Петербургте жарияланған В.В. Радловтың Құман тілі туралы дейтін зерттеуі. Бұл ескерткіш тілін Қазақстанда Ә. Құрышжанұлы зерттеді және зерттеп жүр, одан бірнеше еңбектер жариялады. Зерттеушілер авторы белгісіз бұл сөздікті қыпшақ тіліне қатысты алғашқы материал деп есептейді.
Ресейде қалыптасқан түркологияның даму тарихын төмендегідей кезеңдерге, дәуірлерге бөлу бар: бірінші кезең - ХVІІІ ғасырдың екінші жартысына дейінгі дәуір, екінші кезең - ХVІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап, ХІХ ғасырдың бірінші жартысын қамтиды, үшінші кезең - XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Қазан революциясына дейінгі мезгіл, төртінші кезең - Кеңес дәуірі делінеді. Бұл әрине, шартты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер. Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері.ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы туралы ақпарат
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер
Түркітануға кіріспе
Түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеу. салыстырмалы-тарихи зерттеу (xyiii-xix ғғ.) Европа, Ресей ғалымдарының зерттеулері
Түркология және Қазақстан
Тілдің грамматикалық жүйесі
Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері. ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы
Лингвистикалық практика
Көне түріктердін Ұмай анаға табынуы
КСРО дәуіріндегі түріктану ғылыми саласы
Пәндер