Қаржы заңнамасы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Қаржы құқықтық қатынастары және қаржы құқықтық нормалары.
  2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері.
  3. Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржы құқықтық актілері.

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Қаржы қатынастары өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субъектілер бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндірістегі субъектілердің рөлі қаржы қатынастары жіктемесінің алғашқы объективті белгісі ретінде көрінеді.

Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатты жүйе болып табылады, оған кіретін элементтердің (қосалқы жүйелердің) тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаржы, бір жағынан, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элемені болып келеді, екінші жағынан, өзінің функционалдық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады. қаржыларда функционалдық қосалқы жүйелер ретінде мыналарды атауға болады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржы жоспарларының, қаржылық бақылаудың заңнамалық қамтамасыз етілуінің және басқа қосалқы жүйелері.

Қаржы құқығы - бұл қоғам дамуының тиісті кезеңіндегі мемлекеттің міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Ол біртекті қаржы қатынастарына жататын жеке бағыттар бойынша: бюджет құқығына, салық құқығына, шаруашылық құқығына межеленіп айырылады; қаржының кең ұғыныс тұрғысында жалпы ақша қатынастары ретінде баян етілуіне байланысты қаржы құқығына сонымен бірге валюта және сақтық заңнамасын, банк құқығын, мемлекеттік несиені, ақша айналысын құқықтық реттеу сияқты бөлімдерді де қосады.

1. Қаржы құқықтық қатынастары және қаржы құқықтық нормалары

Қаржы құқығында қаржы-құқықтық нормалар - құқықтың негізгі бастапқы элементтері, яғни мемлекет белгілеген және қаржы қатынастарындағы мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілген қылықтың қатаң белгілі бір ережесі пайдаланылады. Сөйтіп қаржы-құқықтық нормалардың императивтік сипаты болады. Қағида бойынша, олардың үзілді-кесілді нысанда көрінетін талаптары болады және оларды беталды өзгерте беруге жол берілмейді, қаржы қатынастары қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің ауқымын дәл анықтайды. Қаржы-құқықтық нормалар міндеттеушілік, тыйым салушылық және уәкілеттілік болып бөлінеді.

Сөйтіп, базистік болып табылатын қаржы қатынастары қаржы-құқықтық нормаларды пайдаланған кезде қаржының құқықтық қатынастарына жаңғырады (5. 1 сызбаны қараңыз) . Олардың қатысушылары субъективті заңи құқықтар мен міндеттіліктер арқылы өзара байланыста болады, ал байланыстар мемлекеттің мәжбүрлеуші күшімен қорғалады. Нормативтік-құқықтық қатынастардан тыс қаржылық қызмет орындалмайды. Жүзеге ауысуы мемлекеттің мәжбүрлеуші күшімен кепілдендірілген тек өзара байланысты заңи құқықтар мен міндеттіліктер кезінде болжанған кірістерді мемлекеттің алуы, оларды белгіленген мақсаттар бойынша бөлу және пайдалану мемлекеттік қамтамасыз етілуі мүмкін. Бұл орайда мемлекеттік органдарға билік өкілеттіктері үлестіріліп берілген, қаржы құқықтық қатынастарының басқа қатысушыларының - кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың орындауы үшін міндетті нұсқамалар шығаруға олардың құқы бар.

1 сызба. Қаржы мен құқықтың өзара іс-әрекеті.

Қаржы-құқықтық механизмінің қалыптасуы

Қаржы саясаты
Қаржы саясаты: Қаржы механизмі
Қаржы саясаты: Қаржы құқығы
Қаржы саясаты: Құқықтық механизм

Қ

О

Н

Д

Ы

Р

М

А

Б

А

З

И

С

2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері

Мемлекеттің қаржылық қызметі оның ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс-әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы функцияларында білінеді. Бұлардың әрқайсысындағы ажырағысыз элемент бақылаудың функциясы болып табылады.

Сол немесе өзге функциялардың мазмұнына, рөліне және іс- қимылының ауқымдарына қарай қаржылық қызмет мемлекеттік билік немесе мемлекеттік басқару түрінде жүзеге асрылады. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органы - ҚР-ның Парламенті, мемлекеттк биліктің жер-жердегі органдары - депутаттардың жиналысы - мәслихаттар. Атқарушы биліктің басшысы Президент болып табылады, атқарушы-өкімші қызметті ҚР-ның Үкіметі, жергілікті жерлерде - басшылар және жергілікті әкімшіліктер аппараты жүргізеді.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің мынадай әдістері пайдаланады:

1. Орталықтандырылған мемлекеттік қорларға: мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға сақтық және несие қорларына төленетін міндетті және ерікті төлемдердің әдістері. міндетті төлемдерге салықтар, қаражаттардың аударымдары. Ерікті негіздерде жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру, мемлекеттік қарыздар, ақшалай-заттай лотереялар, банктерге салынатын салымдар - депозиттер бойынша төлемдердің бір бөлігі жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттің ақша қаражаттарын бөлген кезде мына әдістерді ажыратады: қаржыландыру - қаражаттарды қайтарусыз және өтеусіз беру және несие беру - қайтарымдылық және өтеулілік негіздерде ақша бөлу.

3. Қаржы операциялары кезінде ақша қаражаттарымен қолма-қол ақшасыз және қолма-қол ақшамен есеп айырысу әдістері қолданылады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар басымырақ болуы тиіс, өйткені олар ақша айналысының шығынын қысқартады, мемлекеттің кәсіпорындармен, ішінара халықпен қатынастарында пайдаланылады.

3. Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржы құқықтық актілері.

Қаржы-құқықтық актілер дегеніміз қарастырылған нысанда қабылданған және заңдық салдары бар мемлекеттік билік пен басқару органдарының олардың құзырына кіретін қаржылық қызметтің мәселелері жөніндегі шешімдер. Бұл актілер қаржы-құқықтық нормаларды белгілейді, өзгертеді немесе бұзады немесе нақтылы құқықтық қатынастардың пайда болуының, тоқталуының, өзгеруінің негізін атқарады. Қаржы-құқықтық актілердің жиынтығы қаржы заңнамасын құрайды.

Қаржы-құқықтық актілер заңи негіздер бойынша нормативтік және жеке, заңнамалық және қосалқы, жоспарлы-қаржылық болып бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР салықтық құрылысы
Ұлттық құқықтық жүйенің негізі - конституциялық құқық
Кеден құқығының негізгі түсініктері, пәні, міндеттері және жүйесі. Кеден одағының және ҚР кеден заңнамасы
Секьюритилендіру туралы Қазақстан Республикасының заңы
Әкімшілік құқық бұзушылық заңнама туралы
Халықаралық құқық нормалары Үкіметтің демократиялық ұйымын қолдау
Бухгалтерлік есепке алу туралы қазақстан республикасының заңы. 1995 жылғы 26 - желтоқсаннан, қосымшалары мен өзгертулері
Казақстан Республикасының Конституциялық заңнамаларының сипаттамасы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту. Жеке кәсіпкерлік туралы заң жайлы ақпарат
Қаржы құқықтық қатынастары мен қаржы - құқықтық нормалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz