Стандарттаудың экономикалық мәселелері жайында


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырып: Стандарттаудың экономикалық мәселелері

Орындаған: Кагазтаев А. Н.

Тобы: ОП-215

Семей-2015

Стандарт қолданылмайтын бірде бір экономикалық және көпшілік қызмет сферасы жоқ. Стандарттар қауіпсіздік және сақтандыру қызметтерінде, өнімді шығарғанда, эксплуатациялағанда, медицинада, білімде, жылжымалы нарықта, есеп және аудит жүйесінде, банктік жүйеде, қауіпсіздік қызметінде, өнімді идентификациялауда және кодтауда, ақпараттық қызмет құпия объектіге және тағы басқа қызметтік органдарда қолданылады.
Халықаралық стандартты қолданбай және білмей дүниежүзілік нарыққа шығу мүмкін емес. Өнім сапасын растайтын және стандарттың барлық талабын орындау үшін, тәуелсіз объектіде сапаны бағалау жүргізу қажет. Бұл мәселені сертификаттау шешеді.
Стандарттаудың негізі Еуропаның дамыған елдерінде 19 - ғасырдың басындағы өнеркәсіп революциясы кезінде қаланған . Үлкен фабрикалар мен зауыттардың пайда болуы және олардың көп көлемде тауарлар шығаруы дайын өнімді белгілі бір өлшемдік ретке келтіруді, тауарлардың бір нұсқамен шығаруды, тауарлардың өзара алмастырушылық қасиеттерге ие болуын талап етті. Ресейде 1715 жылы Туланың қару шығаратын зауытында өлшемдік тұрақтандыруды енгізу жұмыстары жүргізілген болатын (өзара алмастырушылық) .
1856 жылы Лондонда өткен халықаралық өндіріс қызметкерлерінің съезінде қатысушылардың бірі кез-келген шам әрдайым шам қойғышқа тура келетіндей етіп жасау туралы ұсыныс жасаған.
КСРО елдерінде бірінші азық-түлік тауарларының стандарты 1926 жылы бекітілген. Отызыншы жылдары көптеген азық-түлік тауарларының стандарттары бекітілді, соның ішінде ет, ет және сүт консервілері, тауық өнімдері және т. б. Олар тұтынушыға өнім құрамында судың, қанттың, тұздың, майдың белгіленген үлесінің бар екенін кепілдейтін. Бірінші мемлекеттік стандарттар өнім сапасын жақсартуда үлкен рөл атқарды. Ұлы Отан соғысы жылдары азық-түлік тауарларының жаңа түрлеріне стандарттар енгізілді. Қолданыстағы стандарттардың көбісі соғыс уақытына бейімделіп өзгертілді. Ал соғыстан кейінгі жылдары өнім сапасына көп көңіл бөліне бастады. Соған байланысты 1955 жылдан бастап 1960 жылға дейін 200-ден астам стандарт қайта қаралды. Ал 1975 жылдан бастап халықаралық Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің (оның құрамына ҚСРО-нан басқа социалистік лагерь елдері Румыния, Польша, Дания, Болгария, Венгрия, Чехославакия, Монғолия, Куба кірген) стандарттары енгізіле бастады, олар халықаралық ИСО стандарттарына сәйкестендірілген.
«Стандарттау» сөзі латынша стандарт-эталон яғни үлгі деген мағына береді.
Стандарттаудың Қазақстандағы даму кезеңі Кеңес Одағы дәуіріне тікелей байланысты. Қазақстанда метрологиялық даму кезеңі ең алғаш 1923 жылдан басталады. Сол жылы Томск салыстырып тексеру палатасының Семейлік бөлімшесі құрылды. 1925 жылдың 1-ші қазанынан бұл бөлімше жеке ұйым ретінде салыстырып тексеру палатасы болып өзгертілді. 1931 жылы Қазақ өлкелік салыстырып тексеру палатасы Қазақ өлкелік стандарттау бюросы болып өзгертіліп Алматы қаласына көшірілді. Қазақ аймақтық бюросы 1933 жылы Қазақ ССР-нiң ХКII жанындағы өлшем және таразылар орталық басқармасының өкiлеттi Басқармасы болып қайта аталды. Содан соң Қазақ ССР-нiң ХКII жанындағы Өлшем және таразы Бөлiмi болды, ал 1938 жылы - Қазақ ССР-нiң Халық комиссарлар Кеңесiнiң жанындағы өлшем және өлшеу приборлары жөнiндегi өкiлеттi комитеттiң Басқармасы болды.
Басқарма құрылымы орталық аппараттан және 14 облыстық басқармалардан тұрды. Қызметкерлер құрамы, облыстарды қосқанда, 124 адам болатын.
1995 жылы Қазақ республикасының стандарттар мен өлшеу техникаларын мемлекеттiк қадағалау зертханасы Қазақ республикасының метрология және стандарттау орталығы болып қайта құрылды.
Елiмiздiң тәуелсiз мемлекет мәртебесiне ие болуына байланысты бұрынғы орталықтан оқшаулау процесi жүрдi. Республиканың экономикасында және Мемлекеттiк стандарт жүйесiнде елеулi өзгерiстер жасалынды.
Ауыр өнеркәсіптің дамуы стандарттауды жаһандандыруды қажет етті және кез келген мемлекеттің экономикасын дамытудың негізгі элементі болып саналды. Мысал ретінде ТМД, Еуроодақ пен Қытайдың теміржол стандарттарының сәйкессіздігін көрсетуге болады. ТМД теміржол бөлшегінің ені - 1520 мм, ал Еуропа мен Қытайда - 1435 мм. Осы стандарттың сәйкессіздігі қазіргі халықаралық сауданың дамыған уақытында көптеген киыншылықтар тудырып, артық шығындарға әкеліп жатыр, сонымен қатар тасымалдаудағы түрлі кедергілер мен поездің шекаралық бекеттерде көп уақыт тұруының себепкері. Қытаймен шекаралас Достық бекетінде жылына 13 млн. тоннадан астам жүк өтеді және жыл сайын олардың көлемі арта бермек. Бөтен рельстермен жүре алмағандықтан жүктерді басқа вагондарға көшіру немесе вагон жүретін рельстерді ауыстыру керек болады. Жақын уақытта Трансқазақстандық теміржол салу жоспарлануда, ол еуропалық бөлшек 1435 мм-ге сәйкес келеді, теміржол Қазақстанды Шығыстан Батысқа қарай кесіп өтеді және Еуразиялық Қытай Батыс Еуропа теміржол магистралінің бөлігі болмақ.
Әртүрлі физикалық өлшем бірліктерін қолдану елдердің экономикасына көп көлемде шығын әкелуде. Мысалы: АҚШ-та әлі күнге дейін ескірген британдық өлшем бірліктер жүйесін қолданады, ал Ұлыбританияның өзінде ол өте аз қолданылатын жүйе. 1965 жылдан бастап Ұлыбритания бүкіләлемдік СИ өлшем бірліктер жүйесіне өтуді бастады. АҚШ-та ішкі қолданысқа шығарылған құрылымдық құжаттар, өндірістік бұйымдар алдын ала бейімдеусіз СИ жүйесін қолданатын елдедерде жарамайды.
Өндірістік өнімдердің көлемінің үлкеюі және ғылыми техниканың қарқынды дамуы кезінде өнімдердің бір нұсқалы болуы, олардың бөлшектерінің өзара алмастырушылық қасиеттері жөніндегі сұрақтар күрделіленуде. Осы салада жүргізіліп жатқан іс-шаралар өнімнің арзандауына, өнім сапасының көтерілуіне, өнімнің шығарылу көлеміне, сату аумағының үлкеюіне әкеліп жатыр. Жаһандандыру үрдісі бұл тенденцияны күшейтіп, стандарттау бұрын болмаған мәнге ие болуда. Тек өнімді, тауарды, қызметті жалпылай стандарттау арқылы жаһан елдері мен олардың экономикасын интеграциялау мүмкіндігі туады. Әлемде интеграциялау үрдістері күшеюде. Елдер одақтастық құруда, мысалы Еуропаның 27 елі бірігіп Еуроодақ құрды. Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылды. Жақында Қазақстанда сол ұйымға кіруді жоспарлап отыр.
Стандарттау жұмысының нәтижесі өнімнің, қызметтің, үрдістің функционалдық қызметіне сәйкестігі, халықаралық саудадағы техникалық кедергілерді жою, ғылыми-техникалық прогресске үлес қосу және түрлі салаларда әріптес болу.

Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті (Мемстандарт) (2001-2002) ҚР заңнамасына сәйкес Экономика және сауда министрлігі құзіретінің шегінде стандарттау, метрология және сертификаттау саласында арнаулы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асырған министрліктің ведомствосы болып табылды. Комитеттің мемлекеттік қадағалау жөніндегі аумақтық органдары болды.

Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болды: стандарттау, метрология, сертификаттау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; стандарттау, метрология, сертификаттау саласында мемлекеттік органдардың, жеке және занды тұлғалардың қызметін үйлестіру; стандарттаудың, сертификаттаудың және өлшем бірлігі мен ҚР эталон базасын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру; ҚР негіз қалаушы мемлекеттік стандарттарын әзірлеуді қамтамасыз ету; стандарттау, метрология, сертификаттау саласында білікті кадрлар даярлауға қатысу; техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау, өнімдерді тізімдемелеу жөніндегі мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіру; стандарттау, метрология, сертификаттау саласында іргелі зерттеулер жүргізілуін ұйымдастыру; стандарттау, метрология, сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына, өнім сапасына, өлшем құралының жай-күйі мен қолданылуына мемлекеттік қадағалау жүргізуді ұйымдастыру, сондай-ақ тіркелген сертификаттау жөніндегі органдардың, сынақ зертханалары мен орталықтарының қызметін бақылау; үлгісін және бекітілген үлгісіне сәйкестігін растау мақсатында сертификаттау, сертификаттық сынақтар, өлшемдерді орындау әдістемелерін әзірлеу және аттестациялау, өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу және сынау жөнінде жұмыс жүргізу құқығына ұйымдарды сертификаттау және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерінде тіркеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стандарттау жөніндегі уәкілетті органның функциялары
Халықаралық стандарттау ұйымы
Кәсіптік техникалық оку орындарындағы теориялық және өндірістік оқытудың міндеттері, мазмұны және процесі
Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттау
Стандарттау саласындағы негізгі түсініктемелер
Стандарттау ұғымы, стандарттаудың мақсаттары мен міндеттері
«Ауылшаруашылық өнімдерін стандарттау және сертификаттау» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар
Стандарт ұғымы
Стандарт және стандарттау ұғымы
Халықаралық стандарттау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz