Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты аралас экономикалық жүйе


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты

Орындаған: Жумагалиев А. А

Топ:ОП-413

Тексерген: Готман Л. А

2015ж

Жоспар

Кіріспе

1. Экономикалық жүйе және оның элементтері.

2. Экономикалық жүйелер типтерінің жіктелуі.

3. Аралас экономикалық жүйе

Қорытынды.

Кіріспе

Күнделікті экономикалық өмірде адамдар арасындағы қатынастар әрқашанда белгілі экономикалық жүйе ретінде қызмет жасайды.

Экономикалық жүйе - бұл экономикалық процестер жиынтығы.

Мен бұл тақырыпты таңдағаным, қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады. Сондықтан ол бәсекелестік бастауға, меншіктің негізгі түрлерін араластыра өзара іс- әрекетке негізделеді. Олардың әрқайсысы жалпы экономикалық және әлеуметтік өзара байланыс жүйесінде өз қызметтерін атқарады.

Әрбір елдің экономикалық жүйесі бар. Бұл жүйе бір - біріне тәуелді әр түрлі компоненттерден тұрады.

Экономикалық жүйе - бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстың ерекше реттелген жүйесі.

Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты

Меншік қатынастарымен ұйымдастырылу түрлеріне сәйкес болатын барлық экономикалық іс-әрекеттердін жиынтығы сол қоғамның экономикалық жүйесін құрайды.

Экономикалық жүйенің элементтеріне меншік негізінде қалыптасқан әлеуметтік - экономикалық қатынастар шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару әдісі. Экономиканы реттеуші механизм және кәсіпорындар мен басқада шаруашылық субъектісі арасындағы нақты экономикалық байланыстар жатады.

Қоғамның саяси жүйесінің негізін экономикалық жүйе құрайды, мысалы: «капитализм»; «социализм» - деген ұғымдар саяси жүйеге жатады. Ал «нарықты экономика», «аралас экономика» деген сөздер экономикалық жүйеге жатады.

Барлық жүйелер қоғамдық өндірістің негізін құрайтын 5 мәселені шешу әдістеріне қарай анықталады.

1. Не өндіру керек? Қандай қызмет көрсету қажет.

2. Қанша өндіру керек? Қанша қызмет көрсету керек?

3. Қалай өндіру керек? (қандай технология керек?)

4. Кім үшін өндіру керек?

5. Өзгерген жағдайларға бейімделе алама? (яғни кәсіпкерлердің еркіндігі) .

Экономикалық жүйе - бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.

Жабық экономика - барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.

Ашық экономикалық жүйе - халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.

1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:

1. 1. Дәстүрлі жүйе - ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.

1. 2. Әкімшілік - әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.

1. 3. Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді.

1. 4. Аралас экономика - мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.

2. Өнеркәсіп революциясы мен ҒТП даму деңгейі бойынша:

2. 1. Индустриалды даму дәуіріне дейінгі жүйе - бұл жүйеде ауыл шаруашылығы натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады.

2. 2. Индустриалдық жүйе - бұл жүйе ірі машиналық өндіріске дамыған тауар- ақша қатынастарына негізделеді.

2. 3. Постиндустриалдық жүйе- бұл жүйеде негізгі ресурс ретінде ақпарат саналады, экономиканың бастаушы саласы - материалдық емес сала.

Меншік қатынастарының формалары бойынша әр жүйеге төмендегідей қысқаша сипаттама беруге болады.

Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:

1. Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.

2. Өндірістің дамуы мен әлеуметтік - экономикалық даму ең нашар деңгейде.

3. Техникалық прогресс шектеулі.

4. Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.

5. Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.

6. Мемлекет пен қарулы күштердің ролі өте жоғары.

Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:

Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы шығыс Европа елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы.

Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан жоспарлануы.

Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады.

1. Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік.

2. Экономикада орталықтанған жоспарлау.

3. Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі.

4. Орталықталынған ресурстар қоры.

5. Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының болмауы.

Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:

Таза нарықтық экономика жүйесі - таза нарықты экономика жағдайында шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады.

Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін ролі шектеледі. Кейбір әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешемін таба алмайды.

Нарықты экономиқаға тән қасиеттер:

1. Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы.

2. Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген

нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару.

3. Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуы.

Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:

Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:

1. Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.

2. Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.

Мұнда экономикалық саясатты жоспарлы түрде жүргізу қоғамның нарық талаптарына белсенді бейімделіп отыруына мүмкіндік тудырады. Сонын нәтижесінде экономиканы дамытудың күрделі мәселелері жаңаша әрі дұрыс шешіледі. Мысалы: өнімдердің құрылымы мен көлемі кәсіпорындарды маркетингтік зерттеу арқылы және қоғамдық қажетіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы (және қоғамдық қажеттіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы) анықталып отырады: бұл кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне және ол арқылы пайдасын молайтуға жағдайлар жасайды.

Сондықтан нарықты экономика жағдайында мемлекеттін ұлттық және салалық бағдарламаларынан бас тартуға болмайды.

Аралас экономикалық бірнеше үлгілері бар.

1. Американдық үлгі - нарықтық капиталистік үлгі. Мұнда жеке меншік басым, нарықтық бәсеке механизімі толық жұмыс істейді. Ірі кәсіпкерлер мен талапты жұмыскерлерді қорғайды. «Өз күшіңді өзің көр».

2. Жапондық үлгі - бұл реттелетін корпоративтік капитализм үлгісі. Мүнда капиталдық көбею (қорлану) мүмкіндігі мемлекеттің белсенді реттеу ролі мен байланысып отырады.

3. Шведтік үлгі - бұл әлеуметтік үлгі. Оған өте жоғары деңгейдегі әлеуметтік кепілдік сипаты тән. Мұнда кәсіпкерлердің бәрін қолдайды, бәріне пайда табуға жағдайлар жасайды. Кәсіпкерлерден түскен салықты бюджетке жинап, оны салықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге тегін білім алумен емделуге жұмсайды. Шведтік социализм деп айтатын себебімізде осыдан.

4. Қытайлық үлгі - бір жағынан нарық механизімімен экономиканың мемлекеттік емес секторының, екінші жағынан жоспарлау негізіндегі мемлекеттік реттеу мен әлеуметтік кепілдіктің үйлесімділігі Қытай экономикасында социалистік үлгінің қалыптасқанын көрсетеді.

Экономикасы дамыған елдер осы уақытқа дейін дәстүрлі экономика жүйесі сақтануда. Дәстүрлі экономика артта қалған технологияға қол еңбегіне және ұлттық шаруашылықтың әртүрлілігіне негізделген. Кейбір елде қауымдық шаруашылық пен натуралды өндіріске негізделген натуралды қауымдық жүйе түрі сақталуда.

Экономикалық жүйелерді ұйымдастыру үлгілеріне жалпы сипаттама берсек: Меншік барлық қоғамдық құрылысқа тән объективтік қатынас болып қаралып қашан болмасын ойшылар назарынан тыс қалмаған. Әр түрлі өркениетті өкілдер меншіктің табиғаты туралы және қоғам дамуындағы рөлі туралы өз пікірлерін ортаға салып өткен.

Меншіктің әр түрлі формалары мен түрлерінің мәндік қасиеттері экономикалық жүйелерде байқалады. Экономикалық жүйе халықтың шаруашылық практикасының нақты жағдайында пайда болатын, қоғамның ерекше құрылымын бейнелеп көрсетеді. Бұнда халықтың шаруашылық дағдысы, дәстүр- салты, рухани қал- жағдайы, оның құрметтеп бағалайтын жәйттары және өмірге, дүниеге деген ерекшелік көзқарастары қамтылады.

Экономикалық жүйенің ерекше қасиеттері болады, экономиканы реформалағанда солармен есептесу керек.

Бір жатқан, экономикалық жүйе сыртқы ортамен зат және қуат айырбастасып отыратын ашық жүйе болады, әлемдік тәжірбие айырбасына кедергі жасамайды, өзінің элементтерін жаңартып отырады, т. б.

Екінші жатқан, нақты өркениеттің мәдени құдылысының бір көрінісі ретінде, экономикалық жүйе, алдымен өркениеттің осы типін ұдайы өндіруге мақсатталады. Сондықтан ол қатал, тұйық жүйе болып әрекет етеді: бір экономикалық жүйеде пайда болған үлгінің, басқа экономикалық жүйелерде қолданылу мүмкіндігі төмен, шектелген болады. Табиғи шек қоюшы тетіктер рөлін осы қоғамның тұрақтылығын және оның өзін- өзі ұдайы ұндіру қабылетін сақтауға атсалысатын, экономикалық жүйенің әдет- ғұрыптары атқарады.

Бұрынғы социалистік елдердің нарыққа өтуі - адамзат қоғамы дамуындағы қайталанбас нәрсе. Олардың нарықтық экономикаға өтуінің өзіне тән ерекшелігі бар. Бұл өту құбылысы дәстүрлі түрде емес, жоспарлы экономикаға енетін аздаған мемлекеттердің өзіне қатысты ерекшелігімен сипатталады.

Экономикалық жүйеге кешенді көзқарасқа сәйкес оның жұмыс істеуі мен дамуына ықпал ететін бірнеше нышандарды бөліп көрсетуге болады. Оларға мыналар жатады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты туралы
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты жайлы
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты жайлы ақпарат
Экономикалық жүйе жайлы ақпарат
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты. Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар
Экономикалық жүйе мәні, элементтері, даму сипаты. Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар туралы ақпарат
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері және даму сипаты жайлы
Экономикалық жүйе, мәні, элементтері
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері және даму сипаты
Экономикалық жүйелердің типтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz