Түркітанушы қазақ ғалымдарының еңбектері. Руникалық көне түркі жазба ескерткіштері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: 1. Руникалық көне түркі жазба ескерткіштері. 2. Түркітанушы қазақ ғалымдарының еңбектері .
Орындаған: Задаева Айгерім
Топ: КЯ-413
Тексерген: Қинаят Шаяметұлы
Семей-2015
Көне түркі жазба ескерткіштері, түркі руникалық жазба ескерткіштері - 7-9 ғ-лардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады.
Көне түркі жазба ескерткіштері табылған аймақтарға Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы жатады. Орыс этнограф-ғалымы Н. М. Ядринцев 1889 жылы Моңғолиядағы Орхон өз-нің құйылысынан қос тілдік жазуы бар ерекше үлкен екі тас тапты. Кейіннен біреуі Білге қағанға (735), екіншісі оның інісі Күлтегінге (732) қойылғаны белгілі болып, мазмұны толық анықталды. Бұл ескерткіштердің бір қырына Қытай иероглифтері ойылған, ал үш қырына ойылған жазу таңбалары «Сібір руналарына», Енисей бойынан табылған жұмбақ жазуларға (бұл жазулар сыртқы көрінісі жағынан Скандинавия руналарына біршама ұқсас болғандықтан «руникалық» немесе «руна тәріздес» деп те аталды) ұқсас. Финн және орыс ғалымдары жүргізген арнаулы зерттеулер нәтижесінде Орхон және Енисей ескерткіштерінің нұсқалары (фотосурет, эстампаж) жинақталып жарияланған атластар жарық көрді. Сайып келгенде Дания лингвисі В. Томсен 1893 жылы түркі руникалық (Орхон-Енисей) таңбаларының дыбыстық мағыналарын негізінен дұрыс анықтап, акад. В. В. Радлов 1894 жылдың қаңтарында көне түркі тілінде жазылған Күлтегін ескерткішіндегі руникалық жазудың тұңғыш аудармасын берді. Ғылымда ашылған бұл жаңалық - тіл білімінің тарихи салыстырмалы бағытын белгілеп, түркітану ғылымын жүйеге келтіру ісінде мықты қазық болды. Мұнан кейін Көне түркі жазба ескерткіштері тек тастарға ғана қашалмағандығы, металл (алтын, күміс, қола) және саз балшықтан жасалған түрлі бұйымдарға ойып жазылғандығы да айқындала түсті. Моңғолиядағы, Сібір мен Азиядағы айқындалған түркі руникалық ойма жазуларының жалпы саны әзірше екі жүзге жуық. 20 ғ-дың бас кезінде Шығыс Түркістандағы түркі руникалық жазуының шамандық, манихейлік, буддалық дін және заң мазмұнында қағазға жазылған нұсқалары (8-10 ғ-лар) айқындалды. 1932 жылы Талас алқабынан ағаш таяқшаға ойылған руникалық жұмбақ жазу табылды. С. Е. Малов, Х. Н. Оркун, А. М. Щербак, т. б. таяқшалардағы жазудың түркі руникалық таңбаларымен ұқсастығын көрсетіп, оны көне түркі тілінде оқып көрді. [38, 40]
Иссык жазба ескерткіш - сак дэуірінен калган жазба ескерткіш (б. з. д. 5-4 г. ) . 1970 ж. Ӏле екірінін тау бектеріндегі Есік қаласы іргесіндегі Сак заманынан каіған үлкен корымнан алтынға бөленген жауынгер мәйіті және онын түрлі заттары, сонын ішінде жүмбак жазуы бар куміс тостағанша табылған. Онын сырт жағына руна тәріздес 26 танба ойылып жазылған. Ескерткіштін күндылығы - біріншіден, ертедегі Қазақстан жерін мекендеген сак тайпаларынын тілі коне түркі тілі екендігін, екіншіден, будан 2500 жыл бүрын түркі тектес тайпалардын әліпбилік жазуы болғанын дәлелдейді:
Могoилян жазба ескерткіш - Орхон езені бойынан табылған көне түркі ескерткіші (7 ғ. соны) . Ескерткіш Күтлүғ(Кдпаған) кағаннын баласы Могилян- ғаарналған, мәтінін жазған Иоллығ Тегін, оны тапкан Н. М. Ядринцев, алғаш рет окыған В. В. Радлов. Жазуда Могиляннын, Күлтегіннін, Тонукүктын жорыктары баяндалған.
Мойунчур ескерткіші - Орхон-Енесей көне түркі жазуымен 759 ж. жазылған ескерткіш. Оны Солтүстік Монголияда 1909 ж. тапкан Г. И. Рамстедт. Ол - ескерткіш мәтінін немісше аударыгі, 1913 ж. жариялаған. Бұл енбекті Н. Оркун түрік тіліне, С. Е. Малов 1959 ж. орыс тіліне аударып жариялаған. Ескерткіш "Селенге тасы" деп те аталады. Мойун-чур сол кездегі үйғыр мемлекетінін ханы болған. Ескерткіш мәтінінде жер-су, адам, тайпа, халык (үйғыр, оғыз, тоғыз, татар, кырғыз, түркеш, түрік, соғды, кыпшақ т. б. ) атаулары кездеседі. Ескерткіште әнгіме оғыз тайпасынын өкілі атынан баяндалады.
Орхон ойма жазулары - Монголиянын Орхон, Селенге өзендері бойынан табылған көлемді әдеби мұралар, хан әулетінін кұлпытастары, 7-8 ғғ. жазылған көне түркі руникалык ескерткіштері болып табылады. иран Білге каган, Күлтегін, Тонукүк, Күлі-чур, Мойун-чур т. б. ескерткіштер жатады Ескерткіштер мен ондағы жазбаша деректерлі ашып жариялаған - Н. М. Ядринцев, В. Томсен, В. В. Радлов. [1., 41, 45]
Соңғы отыз жыл ішінде Қазақстан жерінде де көне түркі жазба ескерткіштерінің бар екендігі анықталды. Талас бойынан (Жамбыл облысы) төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бедерленген руникалық ойма жазулар, Іле бойынан (Алматы облысы) жартастарға қашалған руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден жүзіктегі руникалық жазу да анықталды. Сыр бойында (Оңтүстік Қазақстан облысы) ескі кенттердің орнынан табылған саз балшықтан күйдірілген дөңгелек алқа, құмыра сияқты ойылған руникалық жазулар белгілі болды. Ертіс өңірінен екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың (Шығыс Қазақстан облысы) бірін А. Н. Бернштам 1948 жылы жариялады. Сондай-ақ 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған руникалық жазу, ал 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазу табылды Жайық өңірінен (Ақтөбе облысы) анықталған қола айнадағы руникалық жазу 1986 жылы жарияланды. К. т. ж. е-нің тілін зерттеп, зор үлес қосқан ғалымдар - Томсен, Радлов, П. М. Мелиоранский, В. Банг, Г. И. Рамстед, А. Габэн, С. Е. Малов, В. М. Насилов, И. А. Батманов, А. Н. Кононов, Дж. Клоусон, Т. Текин, т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz