Бөлу жұмыстары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Геодезия және құрылыс» кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Бөлу жұмыстары

Орындаған: Совет Б Р

Топ: ГК-213

Тексерген: Аубакирова С. М

Семей 2015 ж

Бөлу жұмыстары инженерлік-геодезиялық ізденістегі негізгі жұмыстардың бірі болып табылады. Бұл жұмыстар жер бетіде салынбақшы құрылыстың керекті нүктелерінің пландық және биіктік шамаларын және жазықтықтарын жобаға сай анықтау үшін орындалады.

Құрылыс жобасын ірі масштабтағы топографиялық планға салады. Осы планда жобаланбақшы құрылыстың жер бетінде, оны қоршаған заттарға салыстыра қарағанда және кеңістіктегі орналасужағдайы анықталады. Сонымен бірге топографиялық план жалпы геодезиялық координаталар жүйесін анықтап, ондағы жобалық нүктелердің осы жүйедегі орнын көрсету.

Құрылыстарды қадалаудың барлық жұмытары жалпы геодезиялық ережеге сай, яғни «жалпыдан жекеге» қарай жүргізіледі.

Қадалау жұмыстары - бір-бірімен байланысқан, құрылысты монтаждау істерінің бөлінбейтін бір бөлігі болып есептелінетін үрдісті жұмысқа жатады. Сондықтан, қадалау жұмыстарының барлығын ұйымдастыру және оның технологиясы құрылыстың әр сатысына тікелей байланысқан.

Құрылыс салардан бұрын алдын-ала, сол ауданда керекті дәлдікті қамтамасыз ететін геодезиялық қадалау негіздері - пландық және биіктік тірек торларын құрып, сол қосындардың координаталарын және биіктік шамаларын анықтайды.

Әрі қарай жобаны жер бетіне түсіру үшін геодезиялық дайындық жұмыстары жүргізіледі. Қадалау жұмыстарының өзін үш сатыда атқарады: Бірінші сатысында жалпы қадалау жұмыстары, яғни геодезиялық негіздерге байланыстыра отырып, салынбақшы құрылыстың бас және негізгі қадалау осьтерін тауып, оны жер бетіне бекітеді. Екінші сатысында фундаменттің көтеруден бастап құрылыстың барлық элементтерін қадалау жүргізіледі. Бас және негізгі осьтерінің бекітілген нүктелерінен бастап құрылыс бөліктерін, жеке бөліктері элементтерінің ұзына бойлық және көлденең осьтерін бекітеді, сонымен бірге жобалық биіктерін қоса анықтап отырады.

Құрылысты бөлудің негізгі әдістеріне жататындар: полярлық координаталар, бұрыштық қиылыстыру, сызықтьщ қиылыстыру және тік бұрышты координаталар, қиылыстыру тәсілдері. Осы аталған тәсілдердің ішінен қайсысынын пайдалану және қолдаңу салынатын құрылыстың, объектінің орналасуына, оның түрі мен мөлшеріне және өлшеулерді орындау мүмкіншіліктеріне байланысты болады.

Полярлық координаталар әдісі. Бұл әдіс негізінен салынатын құрылыс геодезиялық бөлу торына жақын орналасқан және арақашықтықтарды өлшеу ыңғайлы болған жағдайда қолданылады. Алдымен жобаның геодезиялық дайындығын жасайды.

Бөлу жұмыстары инженерлік-геодезиялық ізденістегі негізгі жұмыстардың бірі болып саналады. Бұл жұмыстар жер бетіне салынбақшы құрылыстың керекті нүктелерінің пландық және биіктік шамаларын және жазықтықтарын жобаға сай анықтау үшін орындалады. Құрылыс жобасын ірі масштабтағы топографиялық планға салады. Осы планда жобаланбақшы құрылыстың жер бетінде, оны қоршаған заттарға салыстыра қарағандағы және кеңістіктегі орналасу жағдайы анықталады. Сонымен бірге топографиялық план жалпы геодезиялық координаталар жүйесін анықтап, ондағы жобалық нүктелердің осы жүйедегі орнын көрсетеді.

Бөлу жұмыстары түсіру жұмыстарына кері жасалады. Түсіріс кезінде тікелей өлшеу арқылы тірек торлары қосындарымен салыстыра қарағандағы нүктелердің координаталарын анықтайды. Бұл өлшеулердің дәлдігі түсіріс масштабына байланысты болды. Ал бөлу кезінде кері, яғни жобадағы берілген координаталары арқылы жер бетіндегі құрылыс нүктелерінің орнын керекті делдікпен анықтайды. Бөлу кезінде бұрыштық, ұзындық және өсімшелер өлшенбейді, тек жер бетіне немесе құрылыс үстіне салынады да бөлу жұмыстарының негізгі айырмашылығын құрайды.

Салынбақшы құрылысты бір жөнге келтіру, оның геометриялық пішініне байланысты болады, ал ол пішіндер осьтері мен беріледі. Жұмыстық сызбаларда құрылыс осьтеріне қарай отырып, олардың барлық элементтерінің жер бетінде алынатын орнын көрсетеді.

Тәртіптік құжаттарда бөлу осьтері деген түсінік орнын алады. Іс жүзінде негізгі, аралық немесе нақтылық осьтер деп бөлінеді.

Сызықтық құрылыстардың бас осі деп осы құрылыстардың (жолдардың, каналдардың, плотиналардың, көпірлердің, т. б. ) ұзынбойлық остері есептелінеді. өндірістік және азаматтық құрылыстарда бас осі болып ғимараттың симметриялық осьтері саналады.

Негізгі ось деп ғимараттар мен құрылыстардың пішінін және аумақтық өлшемдерін анықтайтын осьтерін айтады.

Аралық немесе нақтылық осьтері деп ғимараттар мен құрылыстардың белгілі бір бөлек құрамдарының осьтерін айтады.

Құрылыс сызбаларында осьтерді штрих жүргізеді және шеңбер ішінде орналасқан цифрлармен немесе әріптермен белгілейді. Ұзынабойлық осьтері үшін араб әріптері, ал көлденен өсьтері белгілегенде жай кириллица әріптері қолданылады. Осьтерді сол жақтан оң жаққа және төменнен жоғары белгілейді.

Жобада көрсетілген координаталар, бұрыштар, арақашықтықтар және өсімшелер жобалық шамалар деп аталады.

Жазықтықтардың және жобаның бөлек нүктелерінің биіктіктерін шартты биіктіктен бастап береді. Ғимараттардың шартты биіктігі болып, бірінші қабаттың «таза еден» деңгейі (уровень «чистого пола» ) алынады. Нөлдік шамаға қарандағы биіктікті келесі ретпен белгілейді: жоғары қарай - «плюс», төмен қарай - «минус» таңбалары.

әр ғимарат үшін шартты биіктігі, белгілі бір абсолюттік шамаға сәйкес келеді, ал бұл шама жобада көрсетіледі. Құрылыстарды бөлудің барлық жұмыстары жалпы геодезиялық ережеге сай, яғни «жалпыдан жекеге» қарай жүргізіледі.

Бөлу жұмыстары - бір-бірімен байланысқан, құрылыс-монтаждау істерінің бөлінбейтін бір бөлігі болып есептелетін үрдісті жұмысқа жатады. Сондықтан, бөлу жұмыстарының барлығын ұйымдастыру және оның технологиясы құрылыстың әр сатысына тікелей байланысты.

Құрылыс салардан бұрын алдын-ала, сол ауданда керекті дәлдікті қамтамасыз ететін геодезиялық бөлу негіздері - пландық және биіктік тірек торларын құрып, сол қосындылардың координаталарын және биіктік шамаларын анықтайды.

Әрі қарай жобаны жер бетіне түсіру үшін геодезиялық дайындық жұмыстары жүргізіледі.

Бөлу жұмыстары өзі үш сатыда атқарылады:

Бірінші сатысында жалпы бөлу жұмыстары, яғни геодезиялық негіздерге байланыстыра отырып, салынбақшы құрылыстың бас және негізгі қадалау осьтерін тауып, оны жер бетіне бекітеді.

Екінші сатысында фундаментін көтеруден бастап құрылыстың барлық элементтерін бөлу жүргізеді. Бас және негізгі осьтерінің бекіткен нүктелерінен бастап құрылыс бөліктерін, жеке бөліктері элементтерінің ұзына бойлық және көлденең осьтерін анықтап бекітеді, сонымен бірге жобалық биіктіктерін қоса анықтап отырады.

Нақтылық бөлу, бас осьтерін қадалаудан дәлірек атқарылады, себебі бұл бөлу құрылыс бөліктерінің, элементтерінің бір-біріне қарағадағы орналасу тәртіптерін анықтауға мүмкіндік береді, ал бас осьтерді бөлу құрылыстың жалпы орналасу жағдайын және оның бағыт-бағдарын ғана анықтайды.

Егер бас осі жер бетінде 3-5 см орташа квадраттық қатемен анықталса, ал нақтылық қадалау 2-3 мм орташа квадраттық және одан да дәлірек қатемен анықталады.

Үшінші сатысы құрылыс ішіндегі жабдықтардың технологиялық осьтерің қадалаудан тұрады. Бұл сатысында дәлдік өте жоғары болады (кейбір жағдайда милиметрдің 1/10 бөліктеріне дейін жетеді) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғимаратты бөлудiң теориялық негiзi. Ғимаратты бөлудің жалпы принципі
Құрылыс алаңында тірек торын жобалау
Бөлу жұмыстарының жоба құжаттары
Құрылыс торын жобалау
ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
Құрылыста атқарылатын геодезиялық жұмыстар
Құрылыс және тегістеу жұмыстары
Инженерлік геодезиялық ізденістер
Кәсіптік аурулар мен улану жағдайларын тіркеу, есепке алу, сондай-ақ олар бойынша есептілікті жүргізу ережесі
Ғимарат және оның элементтері туралы түсінік. Ғимаратты бөлу жұмыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz