Қазақстанда өнім сапасын басқару және сертификаттау жүйесін енгізудің маңызы


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Стандарттау және биотехнология» кафедрасы

СРО

Сапа менеджмент жүйесіне қойылатын талаптар

Орындаған: Қаржаубай Д. М.

Топ: СМ 213

Тексерген: Толеубекова С. С

Семей 2015

Сапа менеджментінің жүйесі

Кәсіпорынның өндірістік тиімділігін арттырудың бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің немесе ұсынылатын қызметтің сапасын жетілдіру болып табылады. Өндірілетін өнімнің сапасын арттыру қазіргі таңда ішкі және сыртқы нарықтарда өнімнің бәсекеқабілеттілікке ие болуына алып келеді. Өнімнің бәсекеқабілеттілігі еліміздің беделін және ұлттық байлығымызды арттырудың негізгі факторы болып табылады.

Халықаралық деңгейдегі сапаға қойылатын талаптар ИСО 9000 сериясымен анықталады. 1987 жылы Стандарттау жөніндегі ХҰ және АҚШ, Канада, ФРГ елдерінің қатысуымен ИСО 9000 сериялы 5 Халықаралық стандарт бекітілді. Бұл стандарттарда өнімнің сапасын қамтамасыз ету жүйесіндегі талаптар, өнімді дайындау, ұйымдық бақылау және өнімді сынақтан өткізу, өнімді қолдану, сақтау және тасымалдауда қолданылатын талаптар жасалып бекітілді.

Өнімнің сапасын көтеру - кез-келген кәсіпорын үшін маңызды мәселе. Өйткені тек өнімнің сапасын арттыру арқылы фирманың нарықтағы өмір деңгейін, ҒТП-ның қарқынын, өндіріс тиімділігін арттыруға және кәсіпорында қолданылатын барлық ресурстарды үнемдеуге қол жеткіземіз. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі негізгі екі фактор арқылы анықталынады: 1. Өнімнің бағасы 2. Өнімнің сапасы
Қазіргі таңда өнімнің сапасы бірінші орынға қойылуда. Сондықтан кәсіпорында сапа менеджментін енгізу өзекті мәселе болып отыр.
Кәсіпорын өнімінің сапасы неғұрлым төмен болса, соғұрлым бұл кәсіпорын бәсекеге қабілетсіз болып табылады. Кез-келген кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі оның өндіретін өнімінің немесе қызметінің сапасымен анықталады. Тұтынушылар әрқашан сапалы өнімді төмен бағамен сатып алуды ұнатады. Мұндай талаптарды бизнестің эволюциясы арқылы көруге болады. Мәселен: 1950 жылдары бизнестің негізі: «өндірістік шығындар мен тарату шығындары + қажетті табыс = баға» болса, ал 1990 жылдары нарықтағы бәсекелестіктің артуына байланысты бизнестің шарты өзгерді. Өндірушілер келесі формуланы қолдана бастады: «нарықтық баға - өндірістік және тарату шығындары = пайда»

Сапа - бұл бірнеше анықтамалардан тұратын өте күрделі философиялық, экономикалық және әлеуметтік категория болып табылады. Әдетте біз сапаны - белгілі бір критерияларға, нормаларға, талаптарға, стандарттарға сүйене отырып анықтаймыз.
Стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (ИСО) сапаға келесідей анықтама береді: «Сапа - бұл өнімдер мен қызметтер құрамындағы жиынтық қасиеттері арқылы сертті және болжамдалған қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеті. »

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда стандарттау мен сертификаттаудың маңыздылығы

Өнім мен қызметтерді сертификаттаудың негізгі мақсаты - адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау. Республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелінетін азық-түлік пен тағамдық өнімдердің, шикізаттардың адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс. Өндірілетін өнімнің және көрсетілетін қызметтің сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірілетін сапа көрсеткіштерін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға және ол өнімдердің сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етілуі қажет.
ҚР - ның мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттау мына принципте жүргізіледі:
· өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету;
· өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;
· сынақтың кәсіби түрде өтуі;
· шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;
· өтініш берушінің сертификаттау органын, сынақ зертханасын таңдап алуға еріктілігі және сертификаттауға қатысатын адамдардың жауапкершілігі;
· сертификаттау туралы ақпарат ашықтығы немесе сертификат уақытының біткендігі, жойылғандығы жөніндегі ақпарат;
· сертификаттау объектілерінің ерекшелігін ескере отырып, өндіру және тұтынуды сараптауға қажетті сынақ тәсілінің көп түрлілігі;
· сертификаттау жұмысында ИСО/ХЭК аймақтық ұйымдардың, халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану;
· ҚР қатынасатын көп жақты және екі жақты келісімдері бар шетелдік сертификаттау органдарының аккредитацияланған сынақ зертханаларының сертификатталатын және сәйкестік белгісін ҚР-да тану.
ҚР - ның мемлекеттік стандарттау комитетінің мәліметі бойынша еліміздегі өндірілетін өнімнің 70%-ы сертификатталады. Қазақстанда міндетті түрде сертификаттауға жататын, қауіпті деп есептелетін өнімнің үлесі 85%-ды құрайды. Сондықтан өнімді сертификаттау қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің біріне айналды.

Үкімет қаулысы ҚР - на келетін сапасыз импорт тауарларының жойылуына, тұтынушыларды сапасыз тауарлардан сақтауға қол жеткізеді. ҚР территориясына импорт тауарлары келесідей жағдайда кіргізілмейді:
· егер өнім сертификатталатын өнімге жататын болса және ол өнім сертификатталмаған жағдайда;
· өнім қорабында мемлекеттік және орыс тілінде ақпарат берілмесе (тауар түрі, өндірілетін ел және өндіруші, өндірілген уақыты және жарамдылық мерзімі, сақтау белгілері және қолдану үлгісі, құрамы) .

Қазіргі уақытта өкінішке орай, отандық кәсіпорындардың көпшілігі өндірістік техникалар мен технологиялардың артта қалуымен байланысты бәсекегеқабілетсіз болып табылады. Сондықтан өнімнің сапасы төңірегіндегі сұрақтар қазіргі таңда өте күрделі экономикалық және ұйымдық мәселелердің бірі болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару: стандарттау, сертификаттау және жетілдіру жолдары
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі: бақылау, басқару және сертификаттау
Сертификаттау және стандарттау: өнім сапасын басқару мен бөлшек сауда жүйелері
Қазақстанда сапа жүйесін сертификаттау: ережелері, тәртібі және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы маңызы
Өнім сапасын басқарудың стандарттау және сертификаттау механизмдері: АқсайАвтоТранс мысалы
Өнім сапасын жоғарылату, стандарттау және сертификаттау: сапа менеджменті мен бәсекеге жарамдылық
Жапонияның өнім сапасын басқару тәжірибесі
Қазақстандағы өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру және басқару жүйесі
Квалиметрия және өнім сапасын бағалау: сертификаттау, идентификация және штрихтық кодтау
Өнім сапасын басқару: түсінігі, көрсеткіштері және басқару жүйелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz