Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері



1) Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі
2) Өлең сөздің теориясы
3) Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
4) Әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
1) Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Көркемдік бейнелеу құралдары сабақтастығының дамуында да өзіндік ерекшеліктер бар. Әр қаламгер өз туындысының мазмұнын ашу мақсатында сан алуан тілдік тәсілдерді қолданады. Олардың идеядан басты бір айырмашылығы түрлі қоғамдық позиция ұстанған қаламгерлер туындыларында бірдей қолданыла беруінен шығады. Мысалы, Абай – Шортанбай, Сәкен – Мағжан, т.с.с. Қалай болғанда да, кез келген жаңашыл ақынның өзі өзінен бұрынғы қаламгерлер қол жеткізген тәсілдерді игеру арқылы дамиды. Шығарманың көркемдік бөлшектеріне де осы сипат ортақ. Идеялық алшақтығына қарамастан, қаламгерлер поэтикалық құралдарды бірдей пайдаланады. Оның мәнісі ұлттық мәдениеттің ортақтығына байланысты. Оған дәлел ретінде барлық халықтың өлең үлгісін алуға болады.
Сонымен, өнер мен әдебиет дамуындағы сабақтастық мәселесі әрбір қаламгердің қоғамдық қажеттіліктер арасынан өзі аса мәнді, маңызды, дәуірмен үндес деп таныған жағдайларына қатысты өрбиді. Нағыз өнер туындыларында бұрын қолданылған көркемдік бейнелеу құралдары өткенге оралу мақсатында емес, өз дәуіріне, келешек игілігіне пайдалану үшін қызмет етеді.
Әдебиет дамуындағы дәстүр сабақтастығына баса назар аудару жаңашылдықты жоққа шығару болып табылмайды. Себебі, ұлы қаламгерлер көркемдік даму тәжірибесіне сүйене отырып, осы тәжірибенің қажетті тұстарын пайдалана отырып, өз туындыларында өздерінің жаңа пікірлерін жеткізеді. Өнердегі жаңашылдық жайын сөз еткенде, ғылыми ой дамуындағы тәрізді, өткен күндердің тәжірибелері жан-жақты игеріліп, сын сүзгісінен өтіп, толығып, байып, жаңа түрге еніп, жаңа көркемдік деңгейге көтеріліп отыратынын ұдайы есте сақтау қажет. Соған орай өткеннің озық дәстүрін жалғастырушылар көркемдік дамуға өзінің айрықша үлесін қосқан жаңашылдар болып табылады. Мысалы, Абайдың және М.Әуезовтің сыншыл реализмі.
Қаламгердің жаңашылдығы мен оның өз алдындағы ізашарлармен арасындағы сабақтастық байланысын танып-білудің маңызы зор. Мұны танып-білмейінше, қандай да бір қаламгердің әдебиет тарихындағы орны мен әдеби үрдістегі ролін айқындау мүмкін емес.
Әдеби үрдіс мәселесін қарастыру көптеген күрделі проблемаларды шешуге ықпал етеді. Бұлардың негізгілері ретінде поэтикалық идеялар мен түрлердің бір-біріне ауысу (ұласу) заңдылықтарын, ескінің жаңаға орын беруін, соның әсерінен әдеби стильдердің, бағыттардың, ағымдар мен әдістердің, мектептердің, т.с.с. өзгеруін атауға болады.
Қаламгерлер адам мен дүниені танып-білу ұстанымдарын өзгертуге ықпалды жаңа көркемдік жаңалықтарымен әдеби үрдіске араласады. Бұл жаңалықтар тақыр жерде жасалмайтыны да түсінікті. Әр қаламгер адамзаттың көркемдік дамуында жинақталған дәстүрлерге, өз халқының және әлемнің әдебиетін қамтитын әдеби үрдіске қатысушылардың, уақыт жағынан замандас немесе мүлдем алшақ тұрған ізашарлардың тәжірибелеріне сүйенеді.
Шығарма тілі екі түрлі болатындығы жоғарыда айтылған еді. Оның бірін ақын тілі деп, екіншісі әншейін тіл деп аталады деп едік. Бұл екі тілдің арасындағы айырмасы мынау: әншейін тіл көбінесе сөздің дұрыстығын, анықтығын, тазалығын, дәлдігін талғайды. Ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне көрнекі, әуезді болу жағын да талғайды.
Шығарма сөз өңді, ұнамды болу туралы талғаудың қоятын жалпы шарттары мынау:
1. Сөз дұрыстығы
Сөз дұрыс айтылуы деп әр сөздің

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология Факультеті Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы.

СӨЖ
Тақырыбы: 1) Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі
2) Өлең сөздің теориясы
3) Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
4) Әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер

Орындаған: Саметкалиева А.
ФИ - 311 тобы, 3-курс.
Тексерген: Құрмамбаева Қ.С.

Семей - 2015
1) Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Көркемдік бейнелеу құралдары сабақтастығының дамуында да өзіндік ерекшеліктер бар. Әр қаламгер өз туындысының мазмұнын ашу мақсатында сан алуан тілдік тәсілдерді қолданады. Олардың идеядан басты бір айырмашылығы түрлі қоғамдық позиция ұстанған қаламгерлер туындыларында бірдей қолданыла беруінен шығады. Мысалы, Абай - Шортанбай, Сәкен - Мағжан, т.с.с. Қалай болғанда да, кез келген жаңашыл ақынның өзі өзінен бұрынғы қаламгерлер қол жеткізген тәсілдерді игеру арқылы дамиды. Шығарманың көркемдік бөлшектеріне де осы сипат ортақ. Идеялық алшақтығына қарамастан, қаламгерлер поэтикалық құралдарды бірдей пайдаланады. Оның мәнісі ұлттық мәдениеттің ортақтығына байланысты. Оған дәлел ретінде барлық халықтың өлең үлгісін алуға болады.
Сонымен, өнер мен әдебиет дамуындағы сабақтастық мәселесі әрбір қаламгердің қоғамдық қажеттіліктер арасынан өзі аса мәнді, маңызды, дәуірмен үндес деп таныған жағдайларына қатысты өрбиді. Нағыз өнер туындыларында бұрын қолданылған көркемдік бейнелеу құралдары өткенге оралу мақсатында емес, өз дәуіріне, келешек игілігіне пайдалану үшін қызмет етеді.
Әдебиет дамуындағы дәстүр сабақтастығына баса назар аудару жаңашылдықты жоққа шығару болып табылмайды. Себебі, ұлы қаламгерлер көркемдік даму тәжірибесіне сүйене отырып, осы тәжірибенің қажетті тұстарын пайдалана отырып, өз туындыларында өздерінің жаңа пікірлерін жеткізеді. Өнердегі жаңашылдық жайын сөз еткенде, ғылыми ой дамуындағы тәрізді, өткен күндердің тәжірибелері жан-жақты игеріліп, сын сүзгісінен өтіп, толығып, байып, жаңа түрге еніп, жаңа көркемдік деңгейге көтеріліп отыратынын ұдайы есте сақтау қажет. Соған орай өткеннің озық дәстүрін жалғастырушылар көркемдік дамуға өзінің айрықша үлесін қосқан жаңашылдар болып табылады. Мысалы, Абайдың және М.Әуезовтің сыншыл реализмі.
Қаламгердің жаңашылдығы мен оның өз алдындағы ізашарлармен арасындағы сабақтастық байланысын танып-білудің маңызы зор. Мұны танып-білмейінше, қандай да бір қаламгердің әдебиет тарихындағы орны мен әдеби үрдістегі ролін айқындау мүмкін емес.
Әдеби үрдіс мәселесін қарастыру көптеген күрделі проблемаларды шешуге ықпал етеді. Бұлардың негізгілері ретінде поэтикалық идеялар мен түрлердің бір-біріне ауысу (ұласу) заңдылықтарын, ескінің жаңаға орын беруін, соның әсерінен әдеби стильдердің, бағыттардың, ағымдар мен әдістердің, мектептердің, т.с.с. өзгеруін атауға болады.
Қаламгерлер адам мен дүниені танып-білу ұстанымдарын өзгертуге ықпалды жаңа көркемдік жаңалықтарымен әдеби үрдіске араласады. Бұл жаңалықтар тақыр жерде жасалмайтыны да түсінікті. Әр қаламгер адамзаттың көркемдік дамуында жинақталған дәстүрлерге, өз халқының және әлемнің әдебиетін қамтитын әдеби үрдіске қатысушылардың, уақыт жағынан замандас немесе мүлдем алшақ тұрған ізашарлардың тәжірибелеріне сүйенеді.
Шығарма тілі екі түрлі болатындығы жоғарыда айтылған еді. Оның бірін ақын тілі деп, екіншісі әншейін тіл деп аталады деп едік. Бұл екі тілдің арасындағы айырмасы мынау: әншейін тіл көбінесе сөздің дұрыстығын, анықтығын, тазалығын, дәлдігін талғайды. Ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне көрнекі, әуезді болу жағын да талғайды.
Шығарма сөз өңді, ұнамды болу туралы талғаудың қоятын жалпы шарттары мынау:
1. Сөз дұрыстығы
Сөз дұрыс айтылуы деп әр сөздің, әр сөйлемнің дұрыс күйінде жұмсалуы айтылады. Олай болу үшін керек:
1. Сөздердің тұлғасын, мағынасын өзгертетін түрлі жалғау, жұрнақ, жалғаулық сияқты нәрселерді біліп әрқайсысын өз орнына тұтыну.
2. Сөйлем ішіндегі сөзді дұрыс септеп, дұрыс көптеп, дұрыс ымыраластыру.
3. Сөйлемдерді бір-біріне дұрыс ойрайластырып, дұрыс құрмаластырып, дұрыс орындастыру.
2. Тіл тазалығы
Тіл тазалығы - дейтініміз - ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау. Басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді алу.
Орыстың жақсы жазушыларын алсақ, олар көбінесе мынау түрлі сөздерден қашқан:
а. Ескірген сөздерге жоламаған.
ә. Жаңадан шыққан сөздерден қашқан.
б. Өз тілінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан қашқан.
в. Жергілікті сөздерге яғни бір жерде айтылып, бір жерде айтылмайтын сөздерге жоламаған.
Қазақ әдебиеті қатып-пісіп жетпеген уақытта біз қазақ сөзін ескі, жаңа деп талғамаймыз, жергілікті сөз екен деп, ол жағынан қатал қарап. Қашып тұрмаймыз. Жалғыз-ақ біздің мықтап қашатынымыз жатшылдық (жат сөзшілдік).
Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт өз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей айрылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза болып, жоғарыда айтылған талғау салтының шарты орындалған болады.
3. Тіл (лұғат) анықтығы
Айтылған лебіз ашық мағыналы, түсінуге жеңіл, көңілді күдіктендірмейтін болса, тіл анықтығы дегеніміз сол болады. Лебіз ашық мағыналы болу үшін айтушы айтатын нәрсесін анық танитын болу керек.

Тіл дәлдігі
Тіл дәлдігі деп ойлаған ұғымға сөз мағынасы сәйкес келуі айтылады. Ұғымға сөз дәл келу үшін сөздің мағынасын дұрыс айыра білу керек. Тіл дәлдігін бұзатын көбінесе амәндес сөздер.
Амәндес сөздер деп мағынасы жақын сөздер айтылады. Мәселен: батырлық, ерлік, батылдық, өткірлік, өжеттік деген сияқты сөздер. Мұның бәрі жүректілікті көрсеткенмен әрқайсысының өз алдында өңі бар. Өңін танымай яки аңғармай бірін бірінің орнына айтса лұғат дәлдігіне кемшілік келтіреді. Және де тіл дәлдігіне мынадай орындарда кемшілік келеді.
1. Сөйлем ішіне орын алып, оралғы болудан басқа қажеті жоқ сөздер кірсе.
Мысал:
а. Кейбіреулер дүние қуғыш, мал жиғыш, пайда қылғыш келеді.
б. Өз көзіммен көріп, көз алдымнан атқарып келіп отырмын.
П.Оның қалыптанған ерте тұратын әдеті бар еді.
Бұл үш мысалдың ішінде алып тастаса, орны ойсырамайтын сөздер: "Мал жиғыш", "Пайда тапқыш", "Көз алдымнан атқарып", "Қалыптанған" деген лебіздер. Бұлар сөйлем ішінде тұрғанда да толық болуына келтіріп тұрған пайдасы жоқ.
т. Ойы қарайлас сөйлемдер қатар айтылғанда, мәселен, "Мен қартайған шағымда, байы жоқ деп баққан жоқ, күйі жоқ деп күйген жоқ, қайраты жоқ деп қарасқан жоқ, әлі жоқ деп асыраған жоқ" деген сияқты. Бұлай айтудың сырты көркем сияқты көрінсе де, ішкі мағынасы пікірді толықтырмай, тек сөздің, сөйлемнің қарасын көбейтеді.
1. Тіл көрнектілігі
Сөздің дұрыс, таза, анық, дәл айтылуының үстінде талғау сөздің көрнекі болуын да керек қылады. Адамға дерексіз заттан гөрі деректі зат түсініктірек, жансыз заттың күйінен жанды заттың күйі танысырақ. Сондықтан адам сөйлегенде сөзі толық түсінікті болу үшін дерексіз заттарды деректі затша, бернесіз заттарды бернелі затша сипаттайды, жансыз затты жанды заттай ғамалдайды. Ақ көңіл, шолақ, ақыл, арам ой деу, яки күн бүркіп тұр, найзағай ойнады, су қайтты деу, я болмаса, қазанның құлағы, ошақтың бұты, үйдің төбесі деу дерексіз заттарды деректі затша, жансыз заттарды жанды затша, бернесіз заттарды бернелі затша қалыптау, ғамалдау, бернелеуден шығып, әдетті сөзге айналып кеткен. Мұндай сөздер жалғыз әдетті түрінде емес, әдейі де айтылады.
Көркем әдебиет тілі -- көркем шығармалардын тілі, кейбір коғамда ол күнделікті практикалыктілден ерекше болып келеді, бұл мағынада Көркем әдебиет тілі тіл тарихы мен әдеби тіл тарихынын пәні болып табылады; проза мен өлендегі көркем мәтіндердін, олардын жасалуы мен окылуынын негізіне жаткан поэтикалыктіл, ережелер жүйесі.
Бұл ережелер лексика, грамматика,фонетикада бірынғай болғаннын өзінде кашанда күнделікті тілдін ережелерінен ерекше болып келеді. Бұл мағынада Көркем әдебиет тілі ұлттык тілдін эстетикалык көрінісі ретінде поэтиканын, оның ішінде тарихи поэтиканың, әдеби семиотиканың пәні болып табылады.
Күнделікті карым-катынас диалектілерде іске асырылатын, жалпы әдеби тілі жоқ қоғамдарда Көркем әдебиет тілі сөйлеудің "диалектіден жоғары" түрі ретінде кызмет аткарады. Өте көне үнді еуропа поэзиясынын тілі, көне түркі ескергкіштерінің тілі жөнінде осындай пікір бар. Көне Грециядағы Гомердін "Илиада" және "Одиссея" поэмаларынын тілі бірде-бір жергілікті диалектімен сәйкеспейді, ол тек көркемөнердін, эпостын тілі.
Еуропада Қайта өркендеу дәуірінде халық тілін көркем әдебиет пен ғылымға енгізу үшін күрес жүрді, осылайша роман -- латын, Ресейде -- шіркеулік славян тілі ығыстырылды. Ұлт тілдері женгеннен кейін Көркем әдебиет тіліне айналды да, ассииизм, романтизм, реализм стильдері мен әдістерінін Калыптасуына байланысты жаңа сапада дами бастады. Көркем әдебиет тілінінөрісі далпыхалыктык фунКционалды стильдер деп аталатын қабаттармен кенейтіледі, көрке.м мәтіндерді жасап талдау ережелерінін жүйесінде поэтикалык тілдін ерекшелігі күшейе түсті.
Жана заманда әрбір әдеби бағыт я әдіс (классицизм, романтизм, реализм, натурализм, әр түрлі модерндік, авангардизмдік ағымдар) өз бағдарламаларында керкемдеу тәсілдеріне, поэтикалык тілге жанаша карап, өз ерекшелігін көрсетуге тырысты. Көркем әдебиет тілінін даму процесімен катар онын теориясы да дами бастады. Антикалык риторика мен поэтикада поэзия тілінін материалдык кұралдары мен троптарынын ерекшелігін және "сөйлеу тәсілінін" өзгешелігін білдіретін екі жакты сипат байкалған (мысалы, Аристотельдін "Поэтика", "Риторика" деп аталатын екі трактаты).
ХІХ ғасырдың екінші жартысында А. А. Потебня мен А. Н. Веселовский негізінен эпикалық материалға сүйеніп, поэтикалык стильдін тұрақты белгілері және олардын тарихи дәуірлерде өзгеріп отыратыны туралы ілімнін негізін салды.Әдебиет стильдерінінауысып отыруына байланысты Көркем әдебиет тілінде болып отыратын процестерді орыс тілі материалдары негізінде В. В. Виноградов түбегейлі зерттеп, Көркем әдебиет тілі деп аталатын арнайы пән жасады.Көркем әдебиет тілі эстетикалык кұнды туындылар тілі болумен бірге, өзі де бағалы көркем туынды болып есептеледі.
2) Өлең сөздің теориясы. Өлең теориясы - әдебиет теориясының негізгі зерттеу нысандарының бірі. Қазіргі уақытта өлеңнің құрылымдық жүйесіндегі жемісті ізденістер ақындардың шеберлігі ретінде танылып, өлең құрылысы поэзиялық шығарманың ішкі болмысын ашуда үлкен маңызға ие болып келеді. Қазіргі өлеңдердің ырғақтық жүйесін зерттеуде бірқатар кандидаттық диссертациялар жазылып, докторлық жұмыстардың жекелеген тарауларында да талданды. Қазір поэзияның жекелеген даму кезеңдерін арқау етіп, талдау жасайтын ғылыми жұмыстар баршылық.
Олардың жетістіктері - ғылыми жұмысқа негіз болған белгілі бір кезең ақындар өлеңдерінің құрылымдық жүйесіндегі жаңалықтар мен даму үрдістерін дөп басып, тани алғандығында. Ал олардың жұмыстарында кейбір сауал тудырған тұжырымдар жалпы қазақ поэзиясының шешімін күткен мәселелері болып табылады.
Қазақ өлеңінің құрылымдық жүйесі бүгінде қарқынды түрде дамып келе жатқаны дау туғызбайды. Мәселен, қазіргі өлеңнің бунағындағы буын сандары төрт буынмен шектелмей, енді алты, жеті, тіпті сегіз буынды бунақтардың пайда болуы, қазіргі өлеңдердің интонациялық ерекшеліктерінен туындайтын тармақаралық жіктен басқа өлеңнің эмоционалдық-экспрессивтік мазмұны талап ететін жіктердің көрінуі, өлеңдегі тыныс белгілер жүйесінің эмоционалдық, интонациялық маңызының артуы, жаңа ұйқас түрлерінің пайда болуы, буындар ассиметриясы сияқты құбылыстардың кең өріс алуы, дәстүрден тыс ырғақтық жүйе түрлерінің көбеюі сияқты мәселелер қазіргі өлеңдердің даму деңгейін көрсетеді.
Қазіргі қазақ өлеңіндегі кейбір тосын, жаңа ырғақтық-интонациялық сипаттардың орын алуын бүгінгі поэзиядағы мазмұндық-идеялық, тақырыптық ерекшеліктердің ықпалымен түсіндіруге болады. Қазіргі қазақ лирикасында интимдік сырлардың бірінші кезекке шығуын, сонымен қатар субьективті көңіл-күй мен ой-сезімнің поэзия тілінде тереңдікке, нәзіктікке жетіп, жалпылық, обьективті мәнге ие болуын қазақ өлеңіндегі бүгінгі түбегейлі мазмұндық-сапалық жаңару тенденциясына жатқызуға болады.
Бұл жөнінде В.Брюсов: Поэзиядағы өзгеріс - үнемі, тынбай жаңа түр іздеу, адамның ойын, сезімін дәл, терең, әсем бейнелейтін құралдар табу , - дейді де, сол өзгерісті тудырушы құралдар ...тіл, үн, бейне. Ақын соларды жақсы білуге, сезуге, орынды және жарасты қиыстыруға тиісті. Әдебиетке келген әрбір жаңа ақын оған өзімен бірге жаңа сөз, жаңа ырғақ, жаңа бейне ала келеді. Сонымен бірге бұрынғыны өңдейді, ұстартады, ілгерілетеді, дамытады, - деп ғылыми тұжырым жасайды.
Қазақ поэзиясының формалық тұрғыдан жаңаруының негізін сол поэзияның ішкі тақырыптық-көркемдік жүйесінің, экспрессивтік-эмоционалдық сипатының жаңғыруынан іздеу қажет. Қазақ өлең құрылысы да осыған сай эволюциялық тұрғыда жаңарады. Қазақ өлеңінің даму кезеңдері тақырыптық-идеялық, көркемдік-бейнелілік жүйесімен қоса өлең құрылысын да жаңартты.
Сонымен, қазіргі қазақ поэзиясының жетістіктері, негізінен, тақырыптық-идеялық жаңалықтарында, мазмұн байлығында жатса да, сол мазмұнды ашуға жұмылдырылған форманың, яғни өлеңдердің өрнектік ерекшеліктерінің маңызын кемітуге болмайды. Қайта олардың пішіндік, түрлік ерекшеліктері мазмұнды шынайы жеткізер форма, оған қосымша көрік дарытып, сұлуландыра түсер көркемдік құрал ретінде баса айтылуға тиіс. Өйткені, өлең сөз адамға өзінің ішкі мазмұнымен, суреттілігімен, бейнелілік мәнімен ғана емес, айтылу қалпы, әсем үнділігімен де әсер етеді.
Сөздің ұғым-түсінік беретін мәнін, бейнелі мағынасын оның өлеңдегі ырғақ-үнділігі, әуезділігі сан түрлі рең беріп толықтыра түседі. Тіпті өлеңді сөйлеп айтпай, іштей оқығанда да оның үні, әуезділігі, ырғақ-интонациясы, үйлесі адам жанына қалай да әсерін тигізбей қоймайды. Мұны қандай ақын болсын тәжірибе жүзінде анық байқайды.
Сондықтан олар өлең сөздің Абай айтқандай тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, айналасы теп-тегіс, жұмыр келуін өз қадарынша құнттайды. Ал біз өз шамамызша қазіргі қазақ поэзиясындағы айтылмыш мақсаттағы ізденістер мен тәжірибелерді, жаңалықтар мен жетістіктерді мазмұн мен пішіннің қабысуы, үндесуі тұрғысынан сараптауға тырысамыз.
Өлеңтанудың негізгі зерттеу обьектілерінің бірі - өлшем мен ырғақ жүйесі. Өлеңнің өлшем, ырғақ сияқты бірліктері оның мазмұнына, идеясы мен мәніне әсер етіп отырады. Өлшем өлең тармақтарындағы буын саны негізінде пайда болса, оқу барысында олардың ырғағын анықтауға болады. Өлшемсіз ырғақ, ырғақсыз өлшем болмайды. Осыған орай белгілі ғалым С.Негімов: Осы поэзиялық тәсілге қысқаша анықтама бере кетсек, онда қазақ өлеңіндегі ырғақ дегеніміз буынға негізделіп, бунаққа жіктеліп, бір тармақ құрап, әрі қарай жүйелі қайталанып, үйлесімділік тудыратын түр ,- дей келіп, қазақ өлеңі ырғағын үш салаға бөліп қарастырады:
Біріншісі - жүйелікке, үндестікке, дыбыс әуезділігіне құрылатын дәстүрлі өлең үлгілеріндегі әуендік ырғақ. Мұнда ырғақтық бөлшектердің қабысуы, бір-біріне пара-пар келушілігі бар.
Екіншісі - жазба әдебиет өкілдерінің, атап айтқанда, Абайдың "Сегіз аяғындағы" келте тармақтарға құрылған ырғақтар. Атап айтқанда, бір фраза, бір сөз тіркесі келте ырғақтың ең шағын бірлігі болып есептеледі.
Үшіншісі - жазба әдебиет өкілдері поэзиясындағы алуан үнді айнымалы ырғақтар.
Әрине, уақыт озған сайын, өлең өлшемдері жетіле келе жаңа ырғақтың пайда болуы, ырғақ құрылысында тың өзгерістердің жасалуы заңды құбылыс.
Ырғақтың даму ерекшелігін айта келіп, академик Қ.Жұмалиев өлшемдердің ең көп қолданылатын бес түрін көрсетеді:
1. Он бір буынды өлең
2. Сегіз буынды өлең
3. Жеті буынды өлең
4. Алты буынды өлең
5. Аралас буынды өлең.
Ғалымның бұл тұжырымы арқылы қазақ поэзияндағы өлшем жүйесінің даму ерекшеліктерін, өзіндік мүмкіндіктерін байқауға болады. Бұдан басқа өлең өлшемдері қазақ поэзиясында аз кездесетіндіктен, ғалым оларды өлшемдер қатарында сөз етпеген. Уақыт өткен сайын бұл өлшемдер қатары көбейіп, жетіліп келеді. Силлабикалық поэзияның дамуына байланысты төрт, бес, алты, тоғыз, он, он екі, он ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. Халықаралық әдеби байланыс. Көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
Медиа және медиа білім беру
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Өлең сөздің теориясы. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері. Әдеби үдеріс, әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы.Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі.Өлең сөздің теориясы. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері. Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. халықаралық әдеби байланыс
Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясы
Өлең сөздің теориясы
Қазақ фантастика жанры
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі
Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымы жанр мәселесі
Пәндер