Бұршақтұқымдас шөптерге сипаттама



Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
 Бұршақтұқымдастардың құрылымына,сабақтануы мен тамыр жүйесіне сипаттама
 Бұршақтұқымдастардың биологиялық ерекшеліктері мен қасиеттері
 Бұршақтұқымдастардың физиологиялық ерекшеліктері
 Шабындықтар мен жайылымдарда кең тараған көпжылдық бұршақтұқымдас шөптер
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бұршақтар тұқымдасы ең көп тараған өсімдік тұқымдастарына жатады. Бұл тұқымдастардың жер шарында таралған 550-ге жуық туыстарымен 13 мың түрлері бар жəне өсімдіктер қауымдастығының ірі тұқымдастарының бірі. .Бұл тұқымдастардың шаруашылық мәні зор. Бағалы азық-түлік және жемшөптік дақыл ретінде ең ірі тұқымдастардың бірінен саналады.
Бұл топқа бұршақгүлді тұқымдастар жатады.Осы уақытқа дейін ,бұл топтағылардың шалғындық пайдаланудағы маңызы мен құндылығы астық тұқымдастарға қарағанда бішама аздау .
Бұршақтұқымдастар барлық жерлерде жаппай және көптеп кездесе бермейді.Олар барлық жерлерде бар,бірақ көбіне шашыраңқы тараған,шөп шүйгіннің басты көлемін құрамайды.
Бұршақтұқымдастардың мол таралуы белгілі бір мекен түлерімен,топырақ жағдайларымен және ылғалдылықпен шектеледі .
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Андреев Н. Г. «Луговодство».1981ж.16-22 беттер
2. Əубəкіров Қ.Ə., Атақұлов Т.А., Каракальчев А.С. Ə «Мал азығын өндіру практикумы». Алматы, «Агроуниверситет» баспасы, 2009ж.12-13 беттер.
3. С.Ә.Оразбаев,А.Ә.Төреханов,И.И.Алимаев,Б.А.Ысқақ «Шалғындық және жайылымдық мал азығы өндірісі».Алматы,2012ж,110-136беттер
4. http://szh.kz/223476/бұршақ-тұқымдасы-туралы-реферат-қайдан-аламын

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Тақырыбы: Бұршақтұқымдас шөптерге сипаттама

Орындаған:Даулетова Е.Д
Тобы: АГ-313
Курс: III
Тексерген: Сагандыков С.Н

Семей - 2015 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Бұршақтұқымдастардың құрылымына,сабақтануы мен тамыр жүйесіне сипаттама
Бұршақтұқымдастардың биологиялық ерекшеліктері мен қасиеттері
Бұршақтұқымдастардың физиологиялық ерекшеліктері
Шабындықтар мен жайылымдарда кең тараған көпжылдық бұршақтұқымдас шөптер
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Бұршақтар тұқымдасы ең көп тараған өсімдік тұқымдастарына жатады. Бұл тұқымдастардың жер шарында таралған 550-ге жуық туыстарымен 13 мың түрлері бар жəне өсімдіктер қауымдастығының ірі тұқымдастарының бірі. .Бұл тұқымдастардың шаруашылық мәні зор. Бағалы азық-түлік және жемшөптік дақыл ретінде ең ірі тұқымдастардың бірінен саналады.
Бұл топқа бұршақгүлді тұқымдастар жатады.Осы уақытқа дейін ,бұл топтағылардың шалғындық пайдаланудағы маңызы мен құндылығы астық тұқымдастарға қарағанда бішама аздау .
Бұршақтұқымдастар барлық жерлерде жаппай және көптеп кездесе бермейді.Олар барлық жерлерде бар,бірақ көбіне шашыраңқы тараған,шөп шүйгіннің басты көлемін құрамайды.
Бұршақтұқымдастардың мол таралуы белгілі бір мекен түлерімен,топырақ жағдайларымен және ылғалдылықпен шектеледі .

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1.Бұршақтұқымдастардың сабақтануы мен тамыр жүйесіне сипаттама

Бұршақтұқымдастардың шалғындық пайдалану мен шалғындық шаруашылығында маңызы бар жерүсті және жерасты мүшелері құрылымының ерекшеліктері мына төмендегілерге саяды.
Бұршақ тұқымдас шөптердің өнімінің жəне оның көпжыл бойына сақталуы сабақтану ерекшелігіне байланысты.
Сабақтану ерекшеліктері бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
* Тамырсабақты бұршақ тұқымдастар
* Көгентамырлар
* Кіндіктамырлылар
* Төселіп өсетін (жатаған өсетін) бұршақ тұқымдастар.
Әр қайсысына тоқталып өтетін болсақ:
Тамырсабақты бұршақ тұқымдастар-негізгі жəне қосалқы өркендерінің тамыр мойнынан жерасты өркендер немесе тамырсабақтар тарайды да онда бүршіктер салынып содан жаңа өркендер өсіп шығады.
Тамырсабақты бұршақ тұқымдастарға: далалық шырмауықтар, қалуен т.б. жатады.
Көгентамырлар - тік өскен қысқа тамырлардан көлденең тамырлар өсіп жайылады да онда бүршіктер салынып, содан жаңа өркендер өсіп шығады;
Кіндіктамырлылар - жақсы дамыған тамыр мойнынан жанама ұсақ тамырлар өсіп шығады. Жаңадан өсіп шыққан өркендер тамыр мойнында жанама тамырларда түзілген бүршіктерден пайда болады (жоңышқа, эспарцет, мүйізбас шөп, түйе жоңышқа, жусандар).
Төселіп өсетін (жатаған өсетін) бұршақ тұқымдастар-тамыр мойнынан өркендер-сабақтар жер бетінде төселіп көлденеңдеп өсіп шығады. Бұлар астық, бұршақ, аралас шөптер тұқымдастарының құрамында кездеседі (ақ беде, бидайықтар, қарашығыр т.б.).
Бұршақтұқымдастадың тамыр жүйесі кіндіктамыр түрінде түзілген және жерге 1,5-2,5 м тіпті оданда көп тереңге кетеді,сондай-ақ сансыз тармақтарға салады.
Тамырын таяз салатын бұршақтұқымдастардың тамыр жүйесінің басты ауқымы 40-50 см тереғдікте өсіп жетіледі,мысалы:ақбас, қызғылтбас,қаракүрең жоңышқалар,шалғындық ноқатық.
Тамыры терең кететін бұршақтұқымдастардың тамыр тармақтары 2 м тереңдіктегі топырақпен топырақ астын қамтиды.мұндай тамыр жүйелер таулық жоңышқада,екпе бедеде,және сарыбас бедеде,қалтатәжде,емжоңышқада болады.
Бұршақтұқымдастардың көпшілігінің тамыр жүйелері орташа қалыпта болады,0,50-0,75 м тереңдікте жаппай,ал басты тармақтары 1,5-2 м тереңдікке дейін тармақталады.Оларға:қызылбас,ақтапа лар,эспарцеттер,т.б. атады.
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің жапырағы бірнеше кішкене жапырақшалардан құралатын, қауырсын тәрізді, күрделі жапырақ болып келеді. Жапырақтарының пішінін көктеп шығу ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлуге болады:
1. қауырсын тәрізді, жапырақты және тұқым жарнақтары топырақ астында қалып қоятын өсімдіктер - бұршақ, ноқат, жасымық, сиыр жоңышқа және арахис;
2. үшқұлақты жапырақты және тұқым жарнағы жер бетіне көгеріп шығатын өсімдіктер - сүмбілбұршақ соя;
3. саусақ салалы жапырақты және тұқым жарнағы сыртқа шығып тұратын өсімдіктер - бөрібұршақ.

2.Бұршақтұқымдастардың биологиялық ерекшеліктері мен қасиеттері
Бұршақтұқымдастардың түптенуі мен сабақша түзуі
Бұршақтұқымдастардың түптенуі топырақ арасындағы тайызда(1,0-2,0см) жатқан тамыр мойынында жүреді.
Бұршақ тұқымдас шөптер түптенулеріне қарай мынандай топтарға бөлінеді:
a) Топырақ арасындағы тамыр мойынынан бүршіктер,ал олардан жасыл сабақшалар шығаратын тамырсабақтар түзетін тамырсабақты бұршақтұқымдастар.
b) Атпатамырлы бұршақтұқымдастар .Олардың басты кіндік тамырларының көлденең тармақтарында бүршіктер түзіледі,ал олардан тік тармақшалар пайда болады.
Бұршақ тұқымдас шөптердің өсіп жетілу қарқыны мен тіршілігінің ұзақтығы.Астық тұқымдастардағыдай бұршақтұқымдастарда да жылдам қарқынмен қысқа жетілетін және баяу қарқынмен ұзақ жетілетіндерін ажырата білу керек.
Егілгеннен кейін екінші жылы толық жетіліп ,өмірінің ұзақтығы 2-5 жылға дейін баратын топқа:қызылбас(мәдени нәсілдерін),екпе жоңышқаны,түйежоңышқаны жатқызамыз.
Егілгеннен кейін үшінші жылы толық жетіліп ,өмірінің ұзақтығы 5-8 жылға дейін баратын екінші топқа:таулық,ақбас,жатаған,сарыбас жоңышқаны,емжоңышқаны жатқызу керек.
Өте баяу өсіп жетілетін шын мәнінде көп жылдық тобына(10 жылдан астам):көпгүді,дуалдық;шалғындық,ба тпақтық,бұршақәрізді,түйнек ноғатықтар.
Вегетативтік кезең бойындағы өсіп жетілу барысы.Жылдам қарқынмен өсіп жетіліп пісетіндер:қызылбас беденің тез пісетін мәдени түрлері,екпе жоңышқа ,мүйізді қалтатәж.Қызылбас беденің кеш пісетін түрлерін (қызғылтбас,ақбас,орта бойлы жоңышқаларды орташа қарқынмен өсетіндерге жатқызуға болады.
Ноғатықтардың,сиыржоңышқаның барлық түрлері көктемнен бастап баяу өсіп,кеш пісетіндер.
Бұршақтұқымдастардың өсуі және қайта өсіп жетілуі жағынан мынандай топтарға бөліп қарастырамыз:
a) Тез ,қуатты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шабындықтар мен жайылымдарда әр түрлі шөптер қоспасын пайдалану
Шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту
Шалғын өсімдіктердің сапасын бағалау
Шалғын шаруашылығы туралы жалпы түсініктер
Пішенді сапалы түріндегі дайындаудың агротехникалық талаптары
Малазықтық бақша дақылдар
Жақсартқыш дақылдарды таңдау
Ноқат дақылын өсіру
Мал азығын өндірудің алға қойған мақсаттары және агрономиялық негіздері
Өсімдіктердің жапырақтану сипаты
Пәндер