Жанұя мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестік


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ №4

Тақырыбы: Жанұя мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестік.

Орындаған: П-307 топ студенті Насырова Дина

Тексерген: Кошкимбаева Р. Х.

Семей, 2015

Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады. Қазір беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.

Сынып жетекшісінің бірінші міндеті жұмыс мазмұнына байланысты. Бір мақсатқа ұмтылған, ынтымақты оқушылар коллективін топтастыру сынып жетекшісі қызметіндегі басты және негізгі коллективін топтастыру сынып жетекшісі қызметіндегі басты және негізгі бөлім болып табылады. Коллективті топтастыру жұмысы актив арқылы, түрлі комиссияларды, штабтарды құру арқылы және коллективті түрде, жұмылып атқаратын жұмыстарды ұйымдастыру арқылы іске асырылады. Оқушыларды топтастыра отырып, сынып жетекшісі оқу-тәрбие міндеттерін шешуге жақсы жағдай жасайды. Сынып жетекшісі тек өзінің беделімен ғана емес сонымен қатар қоғамдық пікірді қалыптастыру жолдарымен де оқушыларға ықпал жасайды.

Елбасы мемлекет тағдырымен ұрпақ тағдырын қатар қою арқылы мемлекетіміздің бүгінгі стратегиясы- өз жерін, елін сүйетін, адамгершілік қуаты мол, ата-бабаның әдет ғұрпы мен салт - дәстүрін бойына сіңірген парасатты, өз ойын еркін жеткізе алатын дарынды, білімді, салауатты ғылыми жұмыстарға бейім тұлғаны тәрбиелеу мәселесін алға тартып «Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар» деген болатын. Осыған орай, мұғалім мен оқушы қатынасының өзіндік мақсаты бірін-бірі түсінуі. Сабақты жоспарлап отырғанда, өз ойын жақсы жеткізе алуға, өзінің талаптарын туындата білуге үйрету, оқушылармен жұмыс істеу барысында олардың сабаққа қызығушылығын арттыратын әдістерді қолдануы қажет.

Ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті ( жалпы мектептік, сыныптық) , ата-аналар жиналысы және конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті - ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік (жалпы мектептік ата-аналар комитеті) немесе сыныптық жиналыстарда (сыныптық ата-аналар комитеті) сайланады. Ол 5-6 адамнан (өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын председательден және 4-5 мүшесінен) тұрады. Керек болған жағдайда ата-аналар комитетінің жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін.

Дұрыс және тұрақты қызмет ететін ата-аналар комитеті -сынып жетекшісінің оң қолы. Сыныптың барлық күнделікті жұмысы (ұйымдастырушылық, орындаушылық, бастамалық, тәрбиелік, бақылаушылық, үгіттеушілік) сынып жетекшісінің шебер әрі бағыттаушылық ықпалымен ата-аналар комитетінің көмегімен жүзеге асырылады. Ата-аналар комитетінің мүшелері сынып жетекшісіне мектеп пен оқушылардың жанұялары арасындағы байланысты орнатуға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын (мерекелерді, кештерді, саяхаттарды, театрға саяхатты, т. б. ) өткізуге көмектеседі. Олар педагогикалық жағынан кемшілігі бар балалардың ата-аналарымен арнайы жұмыс жүргізе алады.

Ата-аналар комитеті жұмысының жемісті болу шарттары -оның мүшелерінің ата-аналар ұжымының алдында есеп беруі, оның іс-әрекетіне дем беру (алғыстар, грамоталар, жұмыс тәжірибесін талдап қорыту және арнайы бюллетендер шығару арқылы) , сынып жетекшісімен үздіксіз ынтымақтастық әрекет.

Мектептің жанұялармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстар жүйесінде мектеп кеңестерінің қызмет-әрекеті ерекше орын алады, олардың қызметтері сан түрлі болып келеді. Олар ата-аналардың мектеппен байланысын нығайтуға, олардың педагогикалық сауаттылығын ұйымдастыруға ықпал етіп, кейбір жанұяларға тәрбиеден көмек көрсетеді ( көп балалы отбасыларға, жағдайы нашар жанұяларға) .

Кей мектептерде құрамына жергілікті әкімшілік өкілдері, кәсіпорын, фирма, мәдени-ағартушылық ұйымдар, мәдени ұлттық орталықтар басшылары кіретін қамқорлық кеңестері қызмет етеді. Қамқорлық кеңестер мектепке жөндеу және жабдықтау жұмыстарында, компьютерлеуде, тілек-қалаулары бойынша клубтарды ұйымдастыруға, кәсіби бағыттарында, еңбекке орналасуда, мектеп бітірушілердің одан әрі білімін жалғастыруда демеушілік көмек көрсетеді. Мұғалім балалармен дұрыс қарым-қатынаста болу үшін олар туралы мынандай деректерді білуі қажет:

Оқушының аты-жөні, мекен-жайы, жанұясы, сырт-
қы келбеті, сөйлеу ерекшеліктері, оқуға, еңбекке бейіні, адамдармен қарым- қатынасы, ақыл мен дарындылық қасиеті.

Оқушылардың әлеуметтік дағдыларымен пәнге қатысуына ықпал ететін факторлардың бірі пән мұғалімінің балалармен тіл табыса білу қабілеті болып саналады. Мұғалімнің жеке басының қажеттілігі оқушының пәнге деген қызығушылығына елеулі әсер етеді. Оның сөзі, жүріс тұрысы, өзін-өзі ұстауы, мәдениеттілігі әр дайым бала үшін үлгі болып табылады. Жасөспірімдер үшін мұғалімнің рухани дүниесі өздеріне деген көз қарасы маңызды рөл атқарады. Қазіргі қоғам мұғалімнің оқушыға өз іс-әрекетінің субъектісі деп қарау қажеттілігін талап еткенімен, мұғалімдер де соған жетуді көздегенімен нақты оқу үрдісінде оны толық жүзеге асыра бермейтіні жиі байқалады.

Сөйтіп, отбасының әуел бастан-ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігі бекемделе түсті. Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналар мен қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы - ата-анасы.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Сынып жетекшісінің жұмысынан отбасы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын, ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады.

Педагогика практикасында оқушылар ата-аналармен мектеп пен сынып жетекшісінің жұмысының бірнеше түрлі қызметтері бар.

1-кезең: Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны және әдістемесімен таныстырады. Сынып жетекшісі өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады. Өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат, міндеттерімен және тәрбие жұмысының жоспарымен, ата-аналар комитетінің жоспарлы атқаратын жұмыстарын, кезекті мәселелерді бірігіп талқылайды.

2-кезең : Ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру. Оны келесі әрекеттер арқылы іске асырады:

  • тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға арналған мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;
  • қызығушылық негізінде ата-аналарға сауалнамалар мен анкеталық сұрақтар беру;
  • сыныптық ағарту жұмыстары, тәрбие міндеттеріне байланысты оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеулер жүргізу;
  • психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң туралы кеңестер.

Ата-аналар сауалнамаларына тоқталу. Ата-аналардан оқу жылының басында 3 түрлі сұраққа жауап алуға болады?

  • Балаңыздың бойынан мектепке келгеннен кейін қандай өзгерістер байқадыңыз?
  • Мұғалімнің және ата-ананың тарапынан қандай көмек керек?
  • Ата-аналар жиналысына қандай тақырыптар ұсынасыз?.

Оқырмандар конференциясын ұйымдастыру формалары:

- сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қатысу ( жорық, серуен, саяхат, сенбіліктер, жөндеу жұмыстары) ;

- жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру (сыныптағы іс-шараға қатысу және ата-аналар арасында әр түрлі жарыстар ұйымдастыру) ;

- әр түрлі жорықтарға шығуды немесе дайындалуды ата-аналармен бірге жүргізу;
- отбасылық ойын байқаулары;

- оқырмандар конференциясы (ата-аналар жиналысының хаттамасына тоқталу) ;
- жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбие түзету жұмыстарын жүргізу.
Алдымен отбасы тәрбиесін жүргізу бойынша психологиялық-педагогикалық кеңестер мен көмектер беру. Көп көңілді отбасындағы жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалы ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына бөлу керек.
Осы арада өзімнің ата-аналар жиналысында таныстыруды қалай ұйымдастыратыныма тоқтала кетсем. Ата-аналар әртүрлі қиындыларды біріктіру арқылы жұптарын табады. Әркім өз жұбын таныстырады. Таныстыру әр түрлі формада: өлең, эссе, сурет салу, әңгіме жазу, т. б. Осылай танысу ата-аналарды жақындастыра отырып, ұйымшылдығын арттыруға көп көмегін тигізетініне көзім жетті. Сол секілді әр жиналыстың басында өткен жиналыс пен соңғы жиналыс аралығында өз отбасында қандай елеулі, қуанышты оқиғалар болғанын әңгімелейді. Бұл әрекет ата-аналардың бір-бірінің қуанышына ортақтасуға, жақындастыруға және ынтымақтастығын арттыруға арналады.

Ұзын сонар баяндама оқып тыңдау сияқты ата-аналар жиналысын өткізудің ескі формасын осы сияқты жұмыстармен алмастырып түрлендіруге болады. Сынып жетекшісі, отбасы салыстырмалы түрде тәрбиенің тыйым институты, ал ата-аналардың тәрбиелік күш-қуаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатынын ескеруі тиіс.

Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысының табысты немесе табыссыз болуы оның таңдаған ұстанымына, қарым-қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзырлығына байланысты болатынын ұмытпау керек.

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жөніндегі қазақ халқына жолдауында негізгі стратегиялық бағыт «Халықтың көптеген топтарының бірлігі жекешіл және қоғамдық негіздерін салиқалы үйлестіру, мұның өзі қоғамымыздың жарасымды сатылы дәстүрлерін толықтыра түседі» деуінің өзі қоғамдық ұйым, бірлестіктердің дамуына мүмкіндік ашып отыр. Жас ұрпақты бір бағытқа бейімдеп, олардың іскерлік қабілетін тәрбиелеп жетілдіретін ерікті қоғамдардың бүгінгі ТМД елдерінде, тіпті Америка, Ұлыбритания, Франция сияқты өркениетті елдерде де өмір сүріп отырғанын жақсы білеміз.

Олай болса, жас ұрпақтың білім, білік дағдыларын қоғамдық іске бейімдейтін саясатын тысқары ерікті қоғамын құрудың мектептегі оқу-тәрбие ісін жүйеге келтіру де пайдалы екені сөзсіз.

Ата-аналардың өзіне мектеп тарапынан алға қойған мақсатымызды жүргізу үшін нақты педагогикалық көмектер ұйымдастырған абзал.

Бұл-тәрбие саласындағы аса бір қажеттілік. Тәлім-тәрбие беру барысында ата-аналардың да саяси сауатты, көкірегі ояу болғаны жөн. Осы мақсатта мектебімізде ата-аналар комитеті құрылып, оның мүшелері сайланды. Ата-аналар комитеті мүшелерінің өз алдына жұмыс жоспары құрылып, кездесулер өткізіліп тұрады.

Ата-аналар комитетімен бірлесе сынып жетекшісінің жүргізілетін жұмыс түрлері:

  • Топтың жиналыс әңгімесі, алғыс сөз.
  • Жанұямен жеке дара жұмыс.
  • Оқушының мінездемесі.
  • Қоғамдық негізде орындалатын жеке дара педагогикалық тапсырма беру.
  • Педагогикалық талап.
  • Қиын жанұялармен жұмыс.
  • Педагогикалық консультация, жеке әңгіме.

Кейбір зерттеушілердің пайымдауы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және олардың ата-аналарымен қарым-қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады:

Бірінші топ міндеттері - әлеуметтік міндеттер: баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, Отбасымен және тәрбие институттарымен баланың дамуына және оның даралық қасиеттерін калыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшін байланыс орнату.

Екінші топ міндеттері - диагностикалық-әдептік-этикалық: сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру, өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жанұя қоғамының ең маңызды тобы, бірлестігі
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым - қатынас ерекшеліктері мен негізгі формалары
Мектеп жасына дейінгі балалардың құрдастары мен қарым-қатынасына ата-ананың тәрбие ықпалын зерттеу
Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен жүргізілетін педогогикалық жұмыстары
Отбасы тәрбиесінде кездесетін қателіктердің, алдын алуда отбасы мен мектептің әрекетін кіріктіру
Жанұядағы қатынастар
Тәрбие мақсатының мәселесі педагогикалық ойлар тарихында
Мектеп жасына дейінгі балалармен қарым-қатынас тренингін ұйымдастырудың психологиялық негіздері
6- жастағы қазақ балаларының психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету жолдары мен амалдарын анықтау
Әртүрлі жас шамасындағы балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерінің психологиялық-педагогикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz