Өнеркәсіптік автоматты регуляторларды тиімді реттеу параметрлерін тандау және есептеуінің инженерлік әдістері туралы



Кіріспе 3
1 Автоматты жүйе элементтері мен жіктелуі 4
2 Автоматты басқару теориясының негізгі анықтамалары мен классификациясы 5
3 Гидравликалық схемалар және оларды орындауға қойылатын талаптар 6
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер 13
Кіріспе

Барлық технологиялық объектілер басқарушы құрылғысымен бірге қайсыбір автоматты жүйені құрады,ал ол өз кезегінде автоматты басқару теориясы заңдарымен талданып,синтезделеді.
Автоматты басқару және реттеу теориясы – автоматты реттеу жүйесін талдау,синтездеу тәсілдерін және құру принциптерін зерттейтін ғылым.
Автоматты басқару жүйесін құру үшін маман ең алдымен басқарылатын обьектінің математикалық моделін тұрғыза білу керек. Ал бұл есепті экспериментті және аналитикалық жолдармен шешуге болады.
Басқару обьектісіне басқару алгоритміне сәйкес әсер ететін кез–келген техникалық құрылғы автоматты басқару құрылғысы деп аталады.
Бір – бірімен байланысты және басқару алгоритміне сәйкес өзара әрекеттесе жұмыс жасайтын автоматты басқару құрылғысы мен басқару обьектісінің жиынтығы автоматты басқару жүйесі деп аталады.Жұмыс барысында автоматты басқару жүйесіне әртүрлі ішкі және сыртқы әсерлер ықпал жасайды. Автоматты жүйенің бір бөлігінен келесі бөлігіне технологиялық процестің бірқалыпты өтуін қамтамасыз ететін әрекеттің тізбекті желісін қүрайтын әсерді ішкі әсер деп атайды. Оларды басқарушы әсер дейді. Ал сыртқы әсер екіге белінеді. Технологиялық процестің тиянақты етуіне қажет бірінші әсер қызмет алгоритміне сәйкес жүйе кірісіне беріледі де, жоспарланған немесе тапсырыстық әсер деп аталады. Ал, екінші әсер жүйеге немесе басқару объектісіне сыртқы ортадан беріледі. Ол жүйе жұмысында алдын ала еске алынбайды да, кездейсоқ сипатта болып, басқару процесін қиындатады. Сол себепті оларды қобалжытқыш әсер деп атайды.
Технологиялық процестің дұрыс етуіне сәйкес басқарылатын шаманың берілген уақыт аралығында ұстап отыруға керекті мәнін алдын ала берілген мән деп, ал фактілі, яғни процестің өлшенген мәнін нақты (қазіргі) деп атайды. Реттелетін шаманың алдын ала жоспарланған және нақты мәндерінің арасындағы айырмасын келісілмеген (айырымдық) шама дейді.
Сол себепті ендірістік жабдықтарды (басқару объектісін) басқарып отыру қажет, яғни басқарылатын шама қоздырушы әсердің ықпалына қарамастан берілген ереже (программа) бойынша езгеретіндей дел есеппен басқарушы әсерді қалыптастыру керек.
Пайдаланылған әдебиеттер

1 Плетнев Г.П. Автоматизированное управление объектами тепловых электростанций: Учеб. пособие. – М.: Энергоиздат, 1981. – 362 с.
2 Наладка и эксплуатация водяных тепловых сетей: Справочник/Манюк В.И., Каплинский Я.И., Хиж Э.Б. и.др. – М.: Стройиздат, 1988. – 432 с.
3 Беляев Г.В., Кузишин В., Смирнов Н.И. Технические средства автоматизации в теплоэнергетике: Учеб. пособие. – М.: Энергоатомиздат, 1982. – 320 с.
4 А.А. Копесбаева. Программно- технические комплексы управления. Методические указания к выполнению лабороторных работ для студентоввсех форм обучения специальностей 050702 – Автоматизация и управление – Алматы: АИЭС, 2009.
5 А.А. Копесбаева. Программно- технические комплексы управления. Методические указания к курсовой работе для студентов всех форм обучения специальностей 5В0702 – Автоматизация и управление – Алматы: АИЭС, 2010.
6 А.А. Копесбаева. Басқару жүйесіндегі микропроцессорлық құралдар. 050702 –автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша оқитын барлық оқу түрінің студенттері үшін оқу құралы. – Алматы: АЭжБИ, 2010.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

"Техникалық физика және жылуэнергетика" кафедрасы

" Электрстанцияны автоматты басқару жүйелері" пәнінен
ОӨЖ
Тақырыбы: Өнеркәсіптік автоматты регуляторларды тиімді реттеу параметрлерін тандау және есептеуінің инженерлік әдістері

Орындаған: Тұрсынғалиев Қуаныш
Оқу тобы: ТЭ-215
Тексерген: аға оқытушы Сейсенбаева М.К.

Семей 2015 ж.
Мазмұны

Кіріспе 3
1 Автоматты жүйе элементтері мен жіктелуі 4
2 Автоматты басқару теориясының негізгі анықтамалары мен классификациясы 5
3 Гидравликалық схемалар және оларды орындауға қойылатын талаптар 6
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер 13

Кіріспе

Барлық технологиялық объектілер басқарушы құрылғысымен бірге қайсыбір автоматты жүйені құрады,ал ол өз кезегінде автоматты басқару теориясы заңдарымен талданып,синтезделеді.
Автоматты басқару және реттеу теориясы - автоматты реттеу жүйесін талдау,синтездеу тәсілдерін және құру принциптерін зерттейтін ғылым.
Автоматты басқару жүйесін құру үшін маман ең алдымен басқарылатын обьектінің математикалық моделін тұрғыза білу керек. Ал бұл есепті экспериментті және аналитикалық жолдармен шешуге болады.
Басқару обьектісіне басқару алгоритміне сәйкес әсер ететін кез - келген техникалық құрылғы автоматты басқару құрылғысы деп аталады.
Бір - бірімен байланысты және басқару алгоритміне сәйкес өзара әрекеттесе жұмыс жасайтын автоматты басқару құрылғысы мен басқару обьектісінің жиынтығы автоматты басқару жүйесі деп аталады.Жұмыс барысында автоматты басқару жүйесіне әртүрлі ішкі және сыртқы әсерлер ықпал жасайды. Автоматты жүйенің бір бөлігінен келесі бөлігіне технологиялық процестің бірқалыпты өтуін қамтамасыз ететін әрекеттің тізбекті желісін қүрайтын әсерді ішкі әсер деп атайды. Оларды басқарушы әсер дейді. Ал сыртқы әсер екіге белінеді. Технологиялық процестің тиянақты етуіне қажет бірінші әсер қызмет алгоритміне сәйкес жүйе кірісіне беріледі де, жоспарланған немесе тапсырыстық әсер деп аталады. Ал, екінші әсер жүйеге немесе басқару объектісіне сыртқы ортадан беріледі. Ол жүйе жұмысында алдын ала еске алынбайды да, кездейсоқ сипатта болып, басқару процесін қиындатады. Сол себепті оларды қобалжытқыш әсер деп атайды.
Технологиялық процестің дұрыс етуіне сәйкес басқарылатын шаманың берілген уақыт аралығында ұстап отыруға керекті мәнін алдын ала берілген мән деп, ал фактілі, яғни процестің өлшенген мәнін нақты (қазіргі) деп атайды. Реттелетін шаманың алдын ала жоспарланған және нақты мәндерінің арасындағы айырмасын келісілмеген (айырымдық) шама дейді.
Сол себепті ендірістік жабдықтарды (басқару объектісін) басқарып отыру қажет, яғни басқарылатын шама қоздырушы әсердің ықпалына қарамастан берілген ереже (программа) бойынша езгеретіндей дел есеппен басқарушы әсерді қалыптастыру керек.

1 Автоматты жүйе элементтері мен жіктелуі

Автоматты жүйе өзара байланысқан және белгілі бір қызмет атқаратын дербес конструкциялық элементтерден тұрады, оларды автоматика элементтері не құралдары деп атайды. Элементтерді жүйеде атқаратын қызметіне қарай салыстырушы, түзетуші, қабылдаушы, жоспарлаушы, түрлендіруші және атқарушы деп ажыратады.
Қабылдаушы элементтер не бастапқы түрлендіріп бергіштер (датчиктер) технологиялық процестердің басқарылатын шамаларын өлшейді де, оларды бір физикалық түрден екінші бір физикалық шамаға түрлендіреді (мысалы, термоэлектрлік термометр температура айырымын термоЭҚК-не түрлендіреді).
Жоспарлаушы элементтер (баптау элементтері) арқылы жүйеге реттелетін шаманың Х0 қажет мәні беріледі; оның нақты мәні осы берілген мәнге сәйкес келуі тиіс.
Салыстырушы элементтер реттелетін шаманың берілген мәнін Х{) нақты мәнімен X салыстырады. Бүл элементтің шығысында алынатын айырымдық сигнал X - Ха -- Х атқарушы элементке тікелей не күшейткіш арқылы беріледі.
Түрлендіруші элементтер сигналдың пайдалануға ыңғайлы түрге түрлендірілуін және оның қуатын магниттік, электрондық және т. б. күшейткіштер арқылы үдетуін жүзеге асырады.
Атқарушы элементтер басқару объектісіне берілетін басқару әсерін тудырады. Олар басқару объектісіне берілетін не одан алынатын энергия немесе заттар санын өзгерту арқылы басқарылатын шаманы берілген мәніне сәйкес етіп ұстап отырады.
Түзетуші элементтер басқару процесінің сапасын жақсарту үшін қажет.
Автоматты басқару жүйесін жіктеу жүйенің тағайындалуы мен конструкциясын сипаттайтын және басқа да принциптер мен белгілер бойынша жүргізіледі. Алдымен автоматты жүйенің басқару алгоритмі мен жүмыс істеу алгоритмін сипаттайтын, басқару теориясы үшін өте маңызды белгілер арқылы жіктеуді қарастырайық. Ол белгілер ретінде автоматты басқару жүйесінің жүмыс істеу сыйпатын, реттеу яғни әсер ету тізбегінің түрін және басқарушы әсерді алу әдісін жатқызуға болады.
Автоматты басқару жүйесін басқару әдісі және қызмет белгісі бойынша жіктеуге болады. Басқару әдісіне қарай жүйелер: кәдімгі - өздігінен бапталмайтын және адаптивті - өздігінен бапталатын болып үлкен екі класқа жіктеледі. Кәдімгі жүйелер қарапайым категориясына жатады да, басқару процесінде өз құрылымын өзгертпейді. Олар - ажыратылған немесе тұйықталмаған, туйықталған және аралас басқару жүйелері болып қосалқы үш класқа ажыратылады. Ал түйықталмаған АБЖ автоматты нық басқару жүйесіне (АНБЖ) және қобалжыту бойынша басқару жүйесіне бөлінеді.
Ажыратылған жүйелерде басқарылатын шама бақыланбайды, яғни басқарушы құрылғының кірісіне тек сыртқы әсер ғана беріледі. Өз кезегінде ажыратылған жүйелерді тек берілген әсердің өзгеруіне сәйкес басқаруды қамтамасыз ететін жүйелер және қобалжыту әсері өзгергенде басқаратын жүйелер деп екі класқа бөлуге болады.
2 Автоматты басқару теориясының негізгі анықтамалары мен классификациясы

Автоматика элементтерінің қолдану және технологиялық ерекшеліктерін айқындайтын арнайы сипаттамалар мен параметрлері болады.
Басты сипаттамаларының біріне элементтің статикалық сипаттамасы жатады. Статикалық сипаттама деп, тұрақталған режим кезінде Хшығ шамасының Хкір шамасына тәуелділігін айтады:

Хшығ=f(Хкір). (1.1)

Динамикалық сипаттама элементтердің динамикалық режимінде, яғни кірістік шаманың шапшаң өзгерген сәттеріндегі жұмысын бағалау үшін пайдаланады. Оны өтпелі сипаттамамен, беріліс функциясымен және жиілік сипаттамаларымен өрнектейді. Өтпелі сипаттама Хшығ шығыстық шаманың t уақытқы тәуелділігін көрсетеді: Хкір кірістік сигналының секірмелі өзгерісі кезінде
Хшығ= f(t). (1.2)

Хшығ шығыстық шаманың Хкір кірістік шамасына қатынасын статикалық беріліс коэффициенті деп атайды,яғни

Кст = Хшығ Хкір. (1.3)

Бейсызықты сипаттамасы бар элементтер үшін Кд динамикалық беріліс коэффициентін пайдаланады

Кд =ХшығХкір ·Ксал. Ксал . (1.4)

Салыстырмалы беріліс коэффициенті элементтің шығыстық шамасының салыстырмалы өзгерісінің кірістік шамасының салыстырмалы өзгерісіне қатынасына тең

Ксал= Хшы
Хшы .н

Хкір Хкір.н
. (1.5)
Хшығ.н. мен Хкірн. шығыстық және кірістік шамалардың номинал мәндері. Сезімталдық деңгей шығыстық шаманың айтарлықтай өзгерісі байқалатын кірістік шаманың ең кіші мәні. Ол элемент кострукциясындағы тетіктер арасындағы үйкеліс, саңылаужәне люфтінің салдарынан болады.
Ауытқу бойынша басқару принципі пайдаланылатын автоматты тұйықталған жүйелердің артықшылығына кері байланыстың болуы жатады. Ақпарат басқарушы ықпалмен салыстырғанда кері бағытта берілетін каналды кері байланыс деп атайды. Кері байланыс оң және теріс, қатаң және икемді, негізгі және қосалқы болып ажыратылады.
Басқару жүйесінің құрылымдық график бойынша кескіндеуді құрылымдық сұлба дейді. Құрылымдық сұлбасындағы бөліктері арасындағы берілетін әсердің жолын көрсететін қарапайым құрамдас бөлігін құрылымдық сұлбасының байланысы деп атайды.
Жүйедегі сигналдардың түріне сәйкес автоматты басқару жүйелерін үзіліссіз және дискретті деп ажыратады.
Егер басқарылатын шама орнықты режимде сыртқы қобалжыту әсеріне тәуелді болса, онда АБЖ статикалық деп аталады, ал егер де тәуелді болмаса астатикалық деп аталады.
Статикалық сипаттамалардың сипатына сәйкес немесе жүйе элементтеріне өрнектейтін дифференциалдық теңдеудің түріне қарай жүйелерді сызықты және бейсызықты деп бөледі. Сызықты жүйелердегі барлық элементтер сызықты алгебралық және дифференциалдық теңдеулермен жазылады.нгер жүйедегі ең болғанда бір элементтің кірістік және шығыстық сигналдарының арасында бейсызықты тәуелділік болса, онда ол жүйе бейсызықты , мұндай жүйелердің сипаттамаларын сызықты сипаттамалар арқылы жуықтауға болмайды.
ЖЭО математикалық модельдерін әр деңгейде басқару критерийлерін реттеу және технологиялық процесті сипаттау үшін құрылады. Технологиялық процестерді математикалық сипаттауында орныққан жағдайды сипаттаушы статика моделі, ал өтпелі режимді сипаттаушы динамика моделі қолданылады.
Жүйенің орнықтылығы деп оның тепе - теңдік күйінен ауытқуына себеп болған әсерді алып тастағаннан кейін, бастапқы орнықтылық қалпына оралу қабілеттілігін айтады. Орнықтылыққа зерттеу бойынша бірнеше әдістері бар: Раус - Гурвиц критерийі, Михайлов критерийі және Найквитс критерийі [3].
Автоматты реттеу жүйесі технологиялық процестің параметрлерін әр мезеттегі мәндері туралы мәліметті адамның қатысуынсыз алуға арналған құралдар мен әдістерді қамтиды.
3 Гидравликалық схемалар және оларды орындауға қойылатын талаптар

Автоматика және телемеханика жүйесінің қызметі с х е м а арқылы сипатталады. Схемалар келесі классификация бойынша бөлінеді: электр - Э, гидравликалық - Г, пневматикалық - П, кинематикалық - К, оптикалық - О, газды - Х, вакуумды - В, энергетикалық - Р, бөлу - Е, аралас - С.

Г и д р а в л и к а л ы қ с х е м а түрлері: 1 - құрылымдық, 2 - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіптік автоматты регуляторларды тиімді реттеу параметрлерін тандау және есептеуінің инженерлік әдістері
Өнеркәсіптік автоматты регуляторларды тиімді реттеу параметрлерін тандау және есептеуінің инженерлік әдістері жайлы
SCADA жүйесіне түсініктеме
Жылу электр станциясының қазандық цехтың жұмысын жетілдіру
Автоматты басқару жүйелірінің құрылу қағидалары, мақсаты мен міндеті
Оқыту нәтижелері мен негізгі құзыреттіліктері (компетенция)
Ылғалды ауаны сипаттайтын параметрлер
Шектелген элементтердің типтері
Инженерлік жүйелерге,желілерге жалпы сипаттама
Қашықтықтан басқару технологиясы
Пәндер