Алматы облысы, Жамбыл ауданы жағдайында қиярдың аурулары, арамшөптері және зиянкестерімен кешенді күресу тәсілдерін жүргізу



МАЗМҰНЫ:
беті:
І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.9
1.1 Алматы облысы Жамбыл ауданының табиғи . климаттық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Алматы облысы Жамбыл ауданы жағдайында қиярды өсіру технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.9

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10.21
2.1Қиярдың ауруларына сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10.15
2.2 Қиярдың зиянкестеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16 .19
2.3 Қиярдың арамшөптеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20 . 21

III. ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22 . 31
3.1 Қиярды аурулардан қорғау шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25 . 26
3.2 Қиярды зиянкестерден қорғау шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
3.3 Қиярды арамшөптерден қорғау шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

ІҮ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32 . 33

V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
І.КІРІСПЕ
Еліміздің ауыл шаруашылық өндірісі негізінен екі саланы-өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын біріктіреді. Бұл салаларды қарқынды дамытып қана қоимай, азық-түліктің өзіндік құнын азайтып, аталған салаларда еңбек өнімділігін арттыра отырып, бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру күн тәртібіне тұрған мәселелерінің бірі.
Біздің елімізде өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде басымдыққа ие. Өсімдік шаруашылығының негізгі құралы-жасыл өсімдіктер, оның ішінде ауыл шаруашылық дақылдары қоректік заттардың негізгі көзі болып табылады.
Қазіргі кезде өсімдік шарушылығы өндірісінде қоршаған ортаны қорғау, экологиялық таза өсімдік және мал өнімдерін өндіруді қабыстыра жүргізген жөн. Сондықтан да осы заманға ғылыми жетістіктерге сүйенген оңтайлы технологияны қолдану,қоршаған ортаны қорғау шараларына кепілдік береді. Жалпы қоршаған орта, оның ішінде топырақ,неғұрлым таза су көздері, мал, өсімдік гендік қорлары, жануарлар әлемі біздің болашақ ұрпақтарымызға лайықты мұра болып қалу керек.
Өсімдік шаруашылығы саласы өзіне егіншілікті, көкөніс, жеміс-жидек, жүзім, гүл, шалғындық, орман шаруашылықтарын біріктіреді. Алайда ғылыми пән ретінде тек қана танаптық дақылдарды-дәнді астық, дәнді бұршақ, картоп, мал азықтық, бақша, талшықты дақылдары ж.б қарастырылады.
Қазақстанда соңғы жылдары өсімді шаруашылығы маңызды танаптық дақылдарының егістік аумағы, жалпы түсімі мен өнімі келтірілген.
Өсімдік шаруашылығы барынша ауқымды егістік аумағы дәнді дақылдары (бидай,жүгері,арпа,күріш,сұлы,тары) үлесінде. Еліміздің жыл сайын 15млн.га астам жерде дәнді дақылдар өсіріледі.
Елбасымыздың 2014 жылғы жаңа жолдауында Қазақстанның ауыл
Ү. Пайдаланылған әдебиеттер
1. Облыс туралы ақпарат Қызылорда облысының ресми сайтынан: http://www.kizilorda. gov.kz/

2. «Көкөніс шаруашылығы»Астана,1998 жН.Г.Шепетков,Б.М.Өзбеков,М.Ә.Ысқақов, И.И.Жұмағұлов,Н.С.Еркенбаев, ( 216- 229 б.б)
3. Агибаев А.Ж., Тулеева А.К., Сулейменова З.Ш. «Ауыл шаркашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау». – Алматы. «Нур-принт», 2010 (141 - 145 б.б).

4. «Энтомология» пәнінен лекция мәліметтері


5. Ә.Ә.Әуезов, Т. А. Атақұлов, Н.Ш. Сүлейменова, Қ. Ш. Жаңабаев « Егіншілік», Алматы, 2005ж ( 27 – 28 б,б), ( 136- 137 б,б)

6. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген пестицидтердiң, 2013–2022 жж. тізімі

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра : Өсімдік қорғау және карантин

Семестрлік жұмыс

Тақырыбы: Алматы облысы , Жамбыл ауданы жағдайында қиярдың аурулары, арамшөптері және зиянкестерімен кешенді күресу тәсілдерін жүргізу.

Орындаған: Досханов О АГ-301К
Қабылдаған: Жубатова А.М



Алматы 2016 ж
МАЗМҰНЫ:
беті:
І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-9
1.1 Алматы облысы Жамбыл ауданының табиғи - климаттық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Алматы облысы Жамбыл ауданы жағдайында қиярды өсіру технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5- 9

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10-21
2.1 Қиярдың ауруларына сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10 - 15
2.2 Қиярдың зиянкестеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...16 - 19
2.3 Қиярдың арамшөптеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..20 - 21

III. ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22 - 31
3.1 Қиярды аурулардан қорғау шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25 - 26
3.2 Қиярды зиянкестерден қорғау шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
3.3 Қиярды арамшөптерден қорғау шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

ІҮ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32 - 33

V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..34

І. КІРІСПЕ
Еліміздің ауыл шаруашылық өндірісі негізінен екі саланы-өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын біріктіреді. Бұл салаларды қарқынды дамытып қана қоимай, азық-түліктің өзіндік құнын азайтып, аталған салаларда еңбек өнімділігін арттыра отырып, бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру күн тәртібіне тұрған мәселелерінің бірі.
Біздің елімізде өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде басымдыққа ие. Өсімдік шаруашылығының негізгі құралы-жасыл өсімдіктер, оның ішінде ауыл шаруашылық дақылдары қоректік заттардың негізгі көзі болып табылады.
Қазіргі кезде өсімдік шарушылығы өндірісінде қоршаған ортаны қорғау, экологиялық таза өсімдік және мал өнімдерін өндіруді қабыстыра жүргізген жөн. Сондықтан да осы заманға ғылыми жетістіктерге сүйенген оңтайлы технологияны қолдану,қоршаған ортаны қорғау шараларына кепілдік береді. Жалпы қоршаған орта, оның ішінде топырақ,неғұрлым таза су көздері, мал, өсімдік гендік қорлары, жануарлар әлемі біздің болашақ ұрпақтарымызға лайықты мұра болып қалу керек.
Өсімдік шаруашылығы саласы өзіне егіншілікті, көкөніс, жеміс-жидек, жүзім, гүл, шалғындық, орман шаруашылықтарын біріктіреді. Алайда ғылыми пән ретінде тек қана танаптық дақылдарды-дәнді астық, дәнді бұршақ, картоп, мал азықтық, бақша, талшықты дақылдары ж.б қарастырылады.
Қазақстанда соңғы жылдары өсімді шаруашылығы маңызды танаптық дақылдарының егістік аумағы, жалпы түсімі мен өнімі келтірілген.
Өсімдік шаруашылығы барынша ауқымды егістік аумағы дәнді дақылдары (бидай,жүгері,арпа,күріш,сұлы,тары) үлесінде. Еліміздің жыл сайын 15млн.га астам жерде дәнді дақылдар өсіріледі.
Елбасымыздың 2014 жылғы жаңа жолдауында Қазақстанның ауыл шаруашылық өндірісіне көптеген көңіл бөлінген. Айта кетер болсақ шағын және улкен өндірістерге қолдаулар көрсетіліп , дамыту алға қойылды.

1.1 Алматы облысы , Жамбыл ауданының табиғи - климаттық жағдайы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Алматы облысы Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан. Ауылшаруашылық жерлері 8,2 млн гектарды немесе бүкіл аумағының 37% алып жатыр, оның ішінде жыртынды өнделетін жерлер 962 мың га (12%). Табиғи-климат жағдайларының әртүрлілігі облыс аумағын алты табиғи-шаруашылық аймаққа жіктеуге мүмкіндік береді: (нивалды) аймақ, биік таулы, таулы және аласа-таулы, таулы-далалы, тау етегілі (предгорная) шөлейтті-дала және шөлейтті аймақтар. Егіншілік бағытында олардың төртеуінің маңызы бар. Агроклиматтық аудандастыру бойынша (вегетациялық кезеңнің ылғалмен, жылумен қамтамасыз етілуіне қарай) облыс аумағы бес аймаққа ажыратылады:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Өте құрғақ, ыстық жазықты аудан. Мұнда гидротермиялық коэффициент - 0,3-тан төмен. Климатыныңнегізгіерекшеліктері - қысысуық, жазыаптапқұрғақшылықты, ыстық, жауын-шашынмөлшеріөте аз деңгейдежәнебіркелкітүспейді, көктемденебәрі 20-30 мм, ал күзде - 15-20 мм ғана, тұрақты қар қабаты 80-95 тәулік қанасақталады, күшті желдер жиі болып тұрады. Аязсыз кезең ұзақтығы - 135-165 тәулік.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Құрғақ, ыстық жазықты аудан (ГТК - 0,3-0,5). Облыстың үлкен аумағын қамтиды. Климаты континенталдығымен және құрғақшылығымен ерекшеленеді. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 200-250 мм, одан ауаның температурасы 100С-дан жоғары кезеңде түсетіні - 100-150 мм. Оң температура жиынтығы 3200-35000С аралығында өзгереді, орташа аязсыз кезеңнің ұзақтығы - 140-170 тәулік, қар қабаты 80-100 тәулік сақталады. І-ІІ - аймақта орташа көпжылғы көктемгі соңғы бозқыраудың байқалуы - 15.04-05.05 [ 1 ].

1.2 Алматы облысы, Жамбыл ауданы жағдайында қиярды өсіру технологиясы
Қазақстанның солтүстігінде қияр қырыққабаттан кейін екінші орын алады. Жүйелі түрде суарғанда ол жоғары өнім береді.
Биолгиялық ерекшеліктері. Тамаққа қиярдың піспеген жемісін 9-12 тәуліктік көк түйнегін жас күйінде тұздап және маринадтап пайдаланады,4-5 тәуліктік жемісі корнишон,ал 2-3 тәуліктік түйнегі пикуль дайындауға жарайды. Қиярдың көк түйнегінде сортына байланысты 0,5-1,4%% белок,1,5-3,5%қант,10-15 % С дәрумені,әр түрлі минералдық заттар және 94-95%су болады. Қиярдың калориялылығы мәз емес,бирақ дәмділік қасиеті өте жоғары,белоктық тамақтың толық сіңірілуіне ықпал жасайтын ферменттері бар,ас қорытуды,жүрек және бүйрек қызметін жақсартады.
Қияр топырақ пен ауаның температурасына және ылғалдылығына жоғары талап қояды. Тамыр жүйесі топыраққа небәрі 25-30 см тереңдейді,ал жан-жағына 50 см дейін тарайды. Сабағы төселіп өседі,мұрт мұртшасымен тірегіштерге оратылып ол тік өсе алады. Бұл бір жылдық,бір өсімдігінде аналық және аталық гүлдер қалыптасатын қос жынысты ұялас өсімдік. Олар жапырақ қолтығынан пайда болады, аталығы 5-7-ден,аналық гүлдер біреуден,кейде екеуден пайда болады. Соңғы кездерде негізінен аналық гүлдер қалыптасатын сорттар шығарылады,оларды аналық типтегі сорттар дейді. Аталық гүлдер ашылғаннан кейін аналық гүлдер пайда болады. Олар бүйірлік бірінші және екінші реттегі сабақтарда орналасады. Негізгі сабақты шеку бүйірлік өркендердің құрылуын тездетеді де,ерте өнім алуға ықпал жасайды, ал шырпылған өсімдіктердің жинақтылығы оларды бір аланда көбірек орналастыруға мүмкіншілік береді де, жалпы өнімді көтереді.
Қиярдың гүлдері насекомдармен, негізінен аралармен тозаңданады. Бірақ аналық гүлді тозаңдатпай-ақ жеміс байлайтын партенокарптық сорттар бар. Оларға Зозуля буданын, Московский теплличный буданын және т.б жатады.
Жемістердің пішіні әр түрлі-шар тәріздіден жылан тәріздіге дейін,олардың мөлшері де аутқымалы 5 см 70 см дейін болады. Сортына байланысты түсі сүттей-ақтан қою жасылға дейін болады. Жемісі сортына байланысты биологиялық пісуіне 40-60 тәулікте жетеді,оларды бұл кезеңде тұқымдықтар деп атайды. Тұқымдықтардың түсі сүттей-ақтан күңгірт-қоңырға дейін өзгереді, кейбір сорттарының тұқымдары торлы болады. Қияр қысқа күннің өсімдігі. Соған қарамай жекелеген сорттары күннің ұзақтығынан әр түрлі әсер алады. Ашық жердің сорттары-Муромский 36,Неросимый 40 және т.б -11-12 сағ.жоғары өнім береді,ал жылыжай сорттары-Клинский, Многоплодный-9-10 сағ.қысқа күнде жемісті жақсы салады. Қияр жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымдары 12-13 градуста өне бастайды. Топырақтың температурасы 10 градус төмен болса олар шіриді. Егер тұқымды температуралық шынықтырудан өткізсе 10 градуста өне алады. Өсу жіне жеміс салу үшін күндізгі оңтайлы температура 25-тен 32 градусқа дейінгі түнде-18-ден 20 градусқа дейінгі жылылық. Мұндай температура өскіндер 4-5 тәулікте пайда болады,5-6 тәуліктен кейін аналық типтес сорттардың қолтығында, алғашқы жапырақтар пайда болады. Бірақ олар кешірек пайда болады,көбінесе 10-15 тәулікте. Өскін пайда болғаннан 22-28 тәуліктен соң гүлдей бастайды. Жатын тозаңданғаннан кейін тез пісетін сорттарда 9-12 тәулікте орта мерзімдерде-12-16 тәулікте көк түйнектері техникалық пісуге жетеді. Дамудың оңтайлы жағдайында, ерте пісетін сорттарда қиярдың алғашқы жиналуы өскін пайда болғаннан 38-40 тәулік өткен соң басталуы мүмкін.
Жылылық 14 градус төмен болса қиярдың өсуі тоқтайды. Сондықтан салқын жылдары өнім күрт төмендейді. Тым жоғары температура да жеміс салуға қолайсыз; 35 градуста гүлдердің тозаңдары ұрықтана алмайдыда жеміс байланбайды; 40 градуста өсімдіктің өсуі жалпы тоқтайды.
Қиярдың ылғалды күшті буландыратын үлкен жапырақ беті бар, ал оның тамырының негізгі бөлігі топырақтың тез құрғайтын жоғарғы қабатында орналасқан. Сондықтан ол суландырудың жүйелі болғаның тілейді,топырақтың ылғалдылығы 80-90% болуы керек. Ауаның салыстырмалы оңтайлы ылғалдылығы 85-95%. Топырақтың жоғары ылғалдылығында қияр ауа құрғақшылығына төзімділік көрсетеді. Қиярды кез-келген, тек қышқыл және тұзды емес топырақтарда өсіруге болады,бірақ ең дұрысы құнарландырылған,қара шірікке бай, жақсы жылынатын құрылымды топырақтар. Қияр басқа көкөніс дақылдарымен салыстырғанда топырақтан қоректік заттарды аз шығындайды, бірақ оларды жедел сіңіреді. Өсудің алғашқы 2 жұмысында азотты қоректік мол болғанын тілейді, сосын гүлденгенше - фосфорлы-азотты, ал жеміс салу кезеңінде қайтадан азотты тыңайтқыштардың мол болғаны дұрыс.
Морфологиялық ерекшеліктері. Қияр бұтақталмайтын мұртшалары бар біржылдық өсімдік. Гүл түйіні цилиндр тәрізді, тікенекті түктері болады. Гүлінің формуласы жоғарыда көрсетілгендей. Африка мен Азияда таралған 30-дай түрі бар. Көкөністік өсімдік ретінде екпе қиярды өсіреді. Жабайы түрі белгісіз, сорттарының көпшілігі полигамды. Флорада асқабақ тұқымдасынан итжүзім туысының екі түрімен шөлейт аудандардың оңтүстігінде өсетін атпа қияр кездеседі. Өз атына сәйкес тургор қысымының күшімен атпа қияр жемісінен дәндерін сыртқа лақтырып шашады [ 1 ].
Қиярдың агротехникасы. Қиярды қысқы жылыжайларды өсіру. Жылыжай топырағын алғашқы дайындағанда әрбір шаршы метріне 20-30 кг жартылай шіріген көң енгізеді. Көңді шашқаннан кейін топырақты қайтадан жыртады, терең қопсытады және талдауға алады. Агрохимиялық талдауға сәйкес негізгі өңдеу кезінде минералды тыңайтқыштар енгізіледі.
Жылыжай топырақтарын т-25А,Т-54В, Универсам 455У тракторына ілінген ПН-2-30Р соқасымен, ЭТ-17,2 элертр тракторымен жыртады. Аспалы ФН-1,6, бақшалық трактор қопсытқыштар ФП-2,ФНС-2 және қопсытқыш барабаны бүйіріне орналасқан ФНС-09Г,ФС-0.7А электр қопсытқышымен, ЭМ-12А электр шотымен қопсытады. Ерте қысқа отырғызу үшін Клин сортотиптерін,ал жазғы күзгіге партенокарптық сорттарды пайдаланған дұрыс. Отырғызар алдында құмыралардың көлеміндей ұялар жасайды. Аурулардың алдын алу үшін барлық көшетті 0,1% фосфамид ерітіндісімен өңдейді.25 тәуліктік көшеттерді отырғызады.
Жазғы күзгі айналымда қысқы-көктемгімен салыстырғанда сиректеу отырғызған дұрыс. Себебі жеміс салу кезеңі жарықтануы нашарлайтын мерзімге келеді. Блокты жылыжайларда өсімдік қатарын ұзын бойымен келтіреді.
Қиярды көктемдік пленкалы жылыжайларда өсіру. Пленкалы жылыжайларда қияр- негізгі дақыл. Дұрысы тәуліктік температура өзгерістеріне және ауруларға төзімді гетерозисті будандар мен партенокарптық сорттарды өсіру. Клин сортотипінің сорттары пленкалы жылыжайларға жарамайды: ұзақ күнде және жарықтану жағдайы жақсы болса олар күшті бұтақтанады және көптеген бүйірлік өркендер береді.
Тұқымды себуге дайындау қысқы жылыжайларға дайындағандай. Қиярды өсіру ерекшеліктеріне тұқымы мен көшетін шынықтыру жатады, себебі пленкалы жылыжайларда температура режимін қалыптастыру және тұрақты түрде ұстап тұру қиын.
Шынықтырғанда тұқымды алдымен суландырады, сосын бөрткенше дымқыл ағаш үгіндісінде 15-16 сағ. Ұстайды,кейіннен 2-3 тәулік 3-5 градус температурада тозаңытады. Топырақты дайындау қысқы жылыжайдағыдай. Көшеттерді жылынған топыраққа дұрысы жүйектерге отырғызу, онда олар жеткілікті жылу алады,өңдеген кезде тамыр жүйесі азырақ зақымданады және грунттың артық ылғалдануымен күресу жеңілдейді. Жүйектерді өзі қозғалатын Т-16 шассиімен жасайды.
Пленкалы жылыжай өсімдіктерін күтіп - баптау қысқы жылыжай өсімдіктеріне ұқсас. Өсімдікті бір өркенмен тік аспаға байлап өсіреді. Сабақтың бірінші шырпуын аспаның биіктігінде, бүйірліктерін 1-2 жапырақтан кейін жүргізеді. Егер бүйірлік өркенде түйін болмаса, онда оны 2-3 жапырақтан кейін шырпиды немесе толығымен жұлып тастайды.
Қиярды булы жайларда өсіру. Булы жайларда қиярды көшетпен өсіргенде өнімді мамыр айының басында жинауға болады. Булы жайларда өсіру үшін өнімді, саңырауқұлақ ауруларына төзімді Неросимый 40 сортын пайдалануға болады.
Булы жайға қиярдың көшеттерін екі кезеңде отырғызуға болады, орташа булы жайларға бірінші дақыл ретінде сәуір айының басында жылыжайда өсірілген 30-35 тәуліктік көшеттер, екіншісін-жапырақты көкөністерді жинағаннан және ерте пісетін қырыққабат пен қызанақ көшеттерін іріктеп алғаннан кейін.
Қиярды бірінші дақыл ретінде өсіргенде булы жайларды ыстық қимен толтырып, ортасына ені 25-30 см және тереңдігі 15 см ұя жасап оған шымды жер немесе топырақ пен қарашірік қаспасын төгеді, оған 30г аммиак селитрасын, 15г суперфосфат және 15г хлорлы калий қосылады. Булы жайдың қалған алаңындағы көңге ескі жылыжай топырағын 8-10см етіп төгеді. Ерте пісетін қырыққабат пен қызанақтың көшеттерін іріктеп алғанан кейін топырағын үстіңгі бөренеге қарай жылжытып тағыда тереңдігі 20-25 см ұя жасап,оған жаңа-грунт төгеді-ең дұрысы минералды тыңайтқыш қосылған шымды топырақта көлденең атыздар жасап әр кәсекке ұзын желілі Неросимый 40 сортының 6-8, ал қысқа желілі Вязниковский 37 сортының 8-10 өсімдігін отырғызады, жылы сумен суарады және булы жайдың кәсектерін бойралармен 1-2 қабат етіп жабады.
Үстіңгі бөрене бойымен тығыздағыш дақылдарды себеді немесе отырғызады:солтүстік бөрене тұсына-пиязды жапыраққа, оңтүстіктегі бөрене бойына - шалғам [ 2 ].

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қиярдың ауруларына сипаттама
Тамыр шірігі. Қоздырғыштары Fusarium solani, F. c - фузариум туысының саңырауқұлақтары. Ауру өсіп дамудың барлық кезеңдерінде зиян келтіреді. Бастапқыда сабақтың төменгі бөлігінде, тамырда шамалы дақтар пайда болады, кейін олар ұлғайып, тұтасып кетеді. Сабақ пен тамырдың зақымданған ұлпалары шіріп кетеді. Су және қоректік заттар жетіспегендіктен өсімдіктің жапырақтары сарғайып солып қалады. Саңырауқұлақтар топырақта немесе өсімдік қалдықтарында қыстайды.(1 - сурет ).

1 - сурет. Тамыр шірігі

Қиярдың ақ ұнтағы. Ауруды Erysiphe cichoracearum D., Erysiphe communis Fr., Sphaerotheca fuliginea Poll. ( Ascomycetes класы , Erysiphales қатары ) саңырауқұлақтары тудырады. ӨСімдіктің жер үстіндегі барлық мүшелері, әсіресе жапырақтары мен олардың сағақтары қатты зақымданады. Ақ өңез алғашқыда жапырақтардың үстіңгі бетінде, ал кейін астында да пайда болады. Зақымданған жапырақтардың түстері ағарып, қурайды, өсімдік өліп қалады.
Ауруға өсімдіктер төмен температурада және суық сумен суарғанда шалдығады. Ауру өсімдік қалдықтары мен арамшөптерде дамитын конидийлер мен аскоспоралар арқылы тарайды ( 2 - сурет ).

2 - сурет. Ақ ұнтақ ауруы
Қиярдың антракнозы. Қоздырғышы: Colletotrichum lagenarium E. ( Deuteromycetes класы, Melenconiales қатары ). Жапырақ сағағын , сабақты, тамырды және жемістерді зақымдайды. Жапырақтарда дөңгелек пішінді, шашырап орналасқан, ашық қоңыр немесе сары түсті дақтар пайда болады. Ауруға шалдыққан ұлпалар үгітіліп, тесіктер пайда болады. Қатты зақымданған жапырақтар өліп қалады. Сабақтарда, жапырақ сағақтарында, жемістері мен тамырда кейін жараға айналатын, суланған дақтар дамиды. Ылғалды ауа - райында зақымданған мүшелердеақшыл - қызғылт түсті өңез түзіледі. Ауру жемістердің дәмі ащы болады, кейін шіріп кетеді. Саңырауқұлақ өсімдік қалдықтарында, сондай - ақ тұқымда конидийлер және микроклероцийлер түрінде 5 жылға дейін сақталады. Аурудың жылдам дамуына жоғары ылғалдылық пен температура қолайлы (3 - сурет).

3 - сурет. Антракноз
Аскохитоз. Қоздырғышы: Ascohita cucumis Fautr et Roum. ( Deuteromycetes класы , Sphaeropsidales қатары). Ауру өсімдіктің барлық мүшелерін залалдайды. Алғашқыда сабақта сопақша немесе дөңгелек пішінді дақтар пайда болады. Басында олар ашық сары түсті болады, сосын біртіндеп қоңырланады. Кейін оларда пикнидтер түзіледі және кебуіне қарай дақтар ағарады. Аурудың қоздырғыштары ауру жемістерден алынған тұқымда сақталады. Жаңбыр тамшылары, бунақденелілер және топырақ арқылы тарайды ( 4 - сурет).

4 - сурет. Аскохитоз

Қиярдың зәйтүн дағы ( кладоспориоз ). Қоздырғышы Cladosporium cucumerinum Ell et Arth., ( Deuteromycetes класы, Hyphomycetales қатары). Қиярдың жемістерін залалдайды. Аурудың алғашқы белгілері кішігірім суланған дақтар түрінде байқалады. Дақтар біртіндеп ақшыл - жасыл түсті өңезбен қапталған жараларға айналады. Ауруға шалдыққан жемістердің тауарлық сапасы болмайды, пішіні өзгереді және өспей қалады. Жоғары ылғалдылықта ауру тез дамиды, дақтардың көлемі үлкейіп сұйықтық шығатын жарықшалар пайда болады. Саңырауқұлақтың конидийлері жаңбыр тамшысымен, желмен және топырақ арқылы тарайды. Аурудың қоздырғыштары өсімдік қалдықтарында, топырақта, құрал - жабдықтарда сақталады ( 5 - сурет ).

5 - сурет. Кладоспориоз
Қиярдың жалған ақ ұнтағы. Қоздырғышы Pseudoperonospora cubensis Rostov., Oomycetes класы , Perenosporales қатары. Өсімдіктің жапырақтарын зақымдайды, олардың үстігі бетінде кішігірім, майлы, ақшыл - жасыл түсті дақтар пайда болады. Біртіндеп дақтар үлкейіп, түсі қоңырланады, ауруға шалдыққан жапырақ қурап қалады. Жапырақтардың астыңғы бетінде зақымданған ұлпа өңезденеді, өңез сұр- күлгін түсті болады. Ауру көбінесе қиярдың жаппай гүлденуі мен жемістенуі кезінде байқалады. Ауру топырақта бес жылға дейін өнгіштігін сақтайтын ооспоралармен тарайды ( 6 - сурет ).

6 - сурет. Жалған ақ ұнтақ

Қиярдың сұр шірігі. Ауру қоздырғышы - Botrytis cinerea. Pers ( Deuteromycetes класы , Hyphomycetales қатары). Алғашқыда өсімдіктің сабақтарында сұр түсті өңезбен қапталған ірі дақтар байқалады. Зақымданған жер тез шіриді де өсімдіктің одан жоғары орналасқан бөлігі өліп қалады. Ауру түнде салқын болғанда, суық сумен суарғанда, өте тығыз отырғызылғанда және нашар желдетілген жағдайда тарайды. Сұр шіріктің қоздырғыштары өсімдік қалдықтарында сақталады ( 7 - сурет ).

7 - сурет. Сұр шірік
Қиярдың бактериозы ( бұрышты дақ ). Қоздырғышы - Pseudomonas syringae Yong et al.
Өсімдіктің жер бетіндегі мүшелерінің залалдануынан жемістер нашар қалыптасады және олардың тауарлық сапасы төмендейді.
Жапырақтарда кейін түсі қоңыр болатын, бұрышты, қара - жасыл түсті, майлы дақтар пайда болады. Зақымданған ұлпа үгітіліп, жапырақ тесіліп, қурап қалады. Дақтардан сұйықтық ( шырыш ) жиі ағады. Олар кепкенде қабыршақ пайда болады. Жемістер мен сабақтарда жаралар дамиды. Аурудың дамуына жоғары ылғалдылық пен температура және су тамшыларының болуы қолайлы. Аурудың қоздырғыштары өсімдік ұалдықтарында, тұқымда сақталады ( 8 - сурет) [ 3 ].

8 - сурет. Бактериоз
Мозайка. Жапырақтарда ашық және қара-жасыл түрлі-түсті,пішінсіз өрнекті дақтар пайда болады. Жемістері кемтар қара - жасыл ісікті келеді. Кейде өсімдік бүтіндей немесе жемісті желісі солады. Дерт насекомдармен және тұқыммен таралады( 9 - сурет ), [ 3 ].

9 - сурет. Мозайка

2.2. Қиярдың зиянкестері
Бақша бітесі - Aphis gossypii Glov. (Homoptera отряды, Aphididae тұқымдасы). Бұл жәндік қиярды, асқабақты, патиссонды, кәдіні зақымдайды. Бақша бітенің ұзындығы 1,2-2 мм, түсі сарыдан бастап қара-жасыл, тіпті қара болып келеді. Баланқұрттары сары және жасыл. Ересек бітелер немесе дернәсілдері арамшөптерде қыстайды. Көктемде 12 С температурада бітелер ұрықтанбаған күйінде көбейе бастайды, бастапқыда арамшөптермен қоректенеді, одан кейін екпе өсімдіктерге көшеді. Ашық алаңда біте қиярда шілде-тамыз айларында, ал жабық алаңда - көктемде пайда болады. Бітелер тобы жапырақтардың төменгі бетінде, өскіндерінде, гүлдері мен түйіндерінде орнығады да, олардың бүрісуіне, қатпарлануына және кеуіп қалуына әкеп соқтырады. Кейде жапырақтар бетінде, бітелердің тәтті шырынына күйе саңырауқұлақтары орнығады ( 10 - сурет ).

10 - сурет. Бақша бітесі

Кәдімгі өрмекші кене - Tetranychus urticae Koch.(Arachnida класы, Acariformes отряды, Tetranychidae тұқымдасы)
Өрмекші кене өте ұсақ, ұзындығы 0,4-тен 0,6 мм дейін болады. Кененің денесі сопақша келген, оның түсі бозғылт сарыдан янтарь түске дейін немесе қызғылт реңкті жасыл түске айналады. Ересек дарақтарында 4 жұп аяқ, ал баланқұрттарда - 3 жұп аяқ болады.
Ұрықтанған аялдаушы ұрғашы жәндіктер өсімдік қалдықтарының астында, топырақ кесектерінің астында немесе құрылыс саңылауларында қыстайды. Ашық алаңда олар жыртылған жерлерде өліп қалады және кенелер жолдың житегінде, сондай-ақ ағаштар мен бұташықтар түбінде сақталады. Кене бәрінен де жаздың ыстық уақытында қарқынды түрде дамиды. Өрмекші кененің ұрғашысы өрмек астына жұмыртқа (140-600 дана) салады. Жұмыртқалары дөңгелек шыны тәрізді мөлдір, анықтап қарамаса, көрінбейді. Ұрықтың дамуына қарай жұмыртқалар көмескіленеді және құрттар шығар алдында інжу тәрізді түске енеді. Кенелер жапырақтың төменгі бетіне орнығады және өсімдіктің клетка шырынымен қоректенеді. Зақымданған жапырақтар түссізденеді де, қурап, түсіп қалады. Орныққан жері мен температуралық жағдайға байланысты зиянкес 6-дан 18-ге дейін ұрпақ бере алады, ал кененің бір ұрпағының дамуы 7-ден 20 күнге дейін уақыт алады ( 11 - сурет ).

11 -сурет. Өрмекші кене мен оның жұмыртқалары

Жылыжай аққанаты - Trialeurodes vaporarium Wstw.(Homoptera отряды, Aleyrodidae тұқымдасы).Қиярды, қызанақты, бұрышты, салатжапырақтарын, бүлдіргендіжәнебасқаөсімдіктердізақ ымдайды.
Ересекақ қанаттың сары денесінің ұзындығы 1,5 мм дейін жетеді және көлемі жағынан бірдей болып келетін екі жұп аппақ қанаттары болады. Бір жастағы дернәсілдері мөлдір болып келеді және дамудың жалғыз-ақ жылжымалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бақша дақылдарының зиянкестері және олармен биологиялық күрес шаралары
Алматы облысы, Медеу ауданында алманы өсіру технологиясы және зиянкестерімен ауруларына кешенді химиялық қорғау жүйелерін пайдалану
Жамбыл облысы, қордай ауданы жағдайындағы картопты өсіру технологиясы
Тұқымды себуге дайындау және себу
ШҚО Абай ауданы жағдайындағы сұлы өсімдігінің аурулары, зиянкестері, арамшөптері
Итальяндық шегірткелердің Қазақстанда кездесуі
Қиярдың өсіру технологиясы. Пайдасы және ауру түрлері
Сұлы зиянкестері және дәнді дақылдар зиянкестерімен күресу шаралары
Соя жылу сүйгіш өсімдік
Қауын шыбыны, зияндылығы, биологиясы, морфологиясын анықтау әдістемесі және күресу шаралары
Пәндер