Стандарттаудың заңнамалық базасы туралы


Шәкәрім атындағы СМУ
СӨЖ
Стандарттаудың заңнамалық базасы
Орындаған: Ануарбеков Д. С.
Семей 2015
Мазмұны
- Стандарттау жайлы жалпы мәлімет.
- Стандарттаудың заңнамалық базасы
- Стандарттау жайлы жалпы мәлімет
Стандарттау , үлгіқалыптау (ағылш. standardization ) - есептеуіш техниканың аппараттық және программалық құралдарын ерекшелігі бойынша өндіру мен пайдалану тұрғысында қабылданған келісім; стандарттарды, нормалар мен ережелерді және т. б. тағайындау және қолдану; қазіргі уақытта қолданылатын немесе потенциалды мақсаттарға байланысты жаппай және дүркін-дүркін қолдануға арналған ережелерді іске асыру арқылы белгілі бір салада тәртіпке салудың оптималды дәрежесіне жету үшін бағытталған іс-әрекет
«Стандарт» деген сөз ағылшын тілінен аударғанда норма, үлгі, эталон, модель дегенді білдіреді, яғни басқа ұқсас объектілердің эталондарымен салыстыруға арналған. Стандарттау адам қоғамының дамуы мен тығыз байланысты. Ежелгі кезде бірыңғай өлшемдер жүйесін, стандартты өлшемді құрылыс материалдарын, стандартты диаметрі бар су құбырларын қолдану - бұның бәрі сол заманда стандарттау қызметінің жұмыс істегеніне дәлел.
Сол сияқты Ежелгі Мысырда құрылыста тұрақты, «стандартты» өлшемі бар кірпіштерді қолданды, олардың өлшемдерін арнайы шенеуніктер қатаң бақылады. Грек архитектурасының тамаша ескерткіштері - дүниежүзіне танымал болған шіркеулер, олардың бағандары шағын ғана элементтерден жасалған. Ежелгі римляндар су құбырларын салғанда стандарттау принциптері мен әдістерін сол кезден бастап қолданған.
Стандарттау - бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет, ал содан соқ стандарттың үлгілерді, нұсқауларды өнімді әзірлеудегі талап әдістемелерді нормативтік құжаттарға тағайындап қояды. Стандарттаудың басты міндеті халық шаруашылығының, халықтық еліміздің базасының, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі талаптарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау нормативтік-техникалық жүйе жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасында стандарттау жөнінде мынадай нормативтік құжаттар бар:
• Қазақстан Республикасы мемлекетінің стандарттары (Гост) ;
• салалық стандарттар (ССТ) ;
• техникалық жағдайлар (ТЖ) ;
• кәсіпорындар, бірлестіктер, қауымдастықтар, концерндер стандарттары;
• ғылыми-техникалық қоғамдар, инженерлік одақтар және басқа да қоғамдық ұйымдардың стандарттары.
Өнімнің арттыруда стандарттау мен сертификаттаудың маңыздылығы
Өнім мен қызметтерді сертификаттаудың негізгі мақсаты - адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау. Республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелінетін азық-түлік пен тағамдық өнімдердің, шикізаттардың адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс. Өндірілетін өнімнің және көрсетілетін қызметтің сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірілетін сапа көрсеткіштерін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға және ол өнімдердің сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етілуі қажет.
ҚР - ның мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттау мына принципте жүргізіледі:
өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету;
өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;
сынақтың кәсіби түрде өтуі;
шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;
Өтініш берушінің сертификаттау органын, сынақ зертханасын таңдап алуға еріктілігі және сертификаттауға қатысатын адамдардың жауапкершілігі; сертификаттау туралы ақпарат ашықтығы немесе сертификат уақытының біткендігі, жойылғандығы жөніндегі ақпарат; сертификаттау объектілерінің ерекшелігін ескере отырып, өндіру және тұтынуды сараптауға қажетті сынақ тәсілінің көп түрлілігі; сертификаттау жұмысында ИСО/ХЭК аймақтық ұйымдардың, халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану; ҚР қатынасатын көп жақты және екі жақты келісімдері бар шетелдік сертификаттау органдарының аккредитацияланған сынақ зертханаларының сертификатталатын және сәйкестік белгісін ҚР-да тану. ҚР - ның мемлекеттік стандарттау комитетінің мәліметі бойынша еліміздегі өндірілетін өнімнің 70%-ы сертификатталады. Қазақстанда міндетті түрде сертификаттауға жататын, қауіпті деп есептелетін өнімнің үлесі 85%-ды құрайды. Сондықтан өнімді сертификаттау қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің біріне айналды.
ИСО Халықаралық Ұйымының сертификаттау саласындағы негізгі қызметі - ұйымдастырушылық-әдістемелігімен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда бұл аумақта сапа және сертификаттау комитеті (ССК) жұмыс жасайды. Бұл ұйым халықаралық электр комитеті (ХЭК), халықаралық сауда орталығы (ХСО), БҰҰ, сауда және өркендеу конфедерациясы ұйымдарымен бірігіп жасаған «Сертификаттау принципі мен тәжірибесі» жасаған зерттеулері нәтижесінде құрылды.
ССК ұйымына 50 ел қатысады. Олардың қызметіне:
әртүрлі елдерде өнімді бағалау және сапаны қамтамасыз ету жүйесінің тәсілдерін зерттеу; өнімдерді, процестерді, қызметтерді сонымен қатар сынақ лабораторияларының сертификаттау органдарының сапа жүйесін қамтамасыз етудегі сынақ басшылығын, инспекциялық бақылауды сертификаттауды дайындау; ұлтық регионалды сапа жүйесін қамтамасыз етіп және халықаралық сынақ стандарттарын сынауды, бақылауды, сертификаттауды өзара тануда көмек жасау.
ИСО сертификаттау саласында ХЭК-пен бірге жұмыс жасауда негіз болатын ИСО/ХЭК 28 нұсқауы «Үшінші жақпен өнімді сертификаттаудың жалпы типтік ережесі» ұлттық сертификаттау жүйесінің негізі ретінде пайдаланылады.
ҚР - да өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік Комитет жұмыс істейді. Бұл орган мемлекеттік стандарттарға сәйкес талаптардың дұрыстығына бақылау жасайды. Бұл органнан басқа өнімнің сапасын бақылауда сапаны мемлекеттік реттеу және бақылаудағы экология жөніндегі инспекция, халықаралық санитарлық - эпидемиологиялық шарттарды орындауы, өнеркәсіп комитеті және т. б. Бұл жоғарыда аталған органдарды сапаны реттеудегі мемлекеттік институттарға жатқызуға болады. Олар өз қызметтерін сапаны реттеу жөніндегі заңдық актілері негізінде жүргізеді. Оларға: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау», «Стандарттау», «Сертификаттау» «Бірлік өлшемді қамтамасыз ету» заңдары жатады. Стандарттау басқарудың нормативтік әдістерімен сипатталады. Ол объектілерге белгілі бір нормалар мен ережелер арқылы әсер етеді және нормативтік құжат түрінде жазылып, заңдық күшке ие құжат болып табылады.
Стандарт - бұл өнім сапасына негізгі талаптарды бекітетін нормативтік-техникалық құжат болып табылады. Мемлекеттік стандартау - басқару деңгейінің барлық сатыларында таралып, қоғам мен өнім мен қызметті негізгі тұтынушылардың қызығушылықтарын қорғау ретінде қолданылады.
Бұл Үкімет қаулысы ҚР - на келетін сапасыз импорт тауарларының жойылуына, тұтынушыларды сапасыз тауарлардан сақтауға қол жеткізеді. ҚР территориясына импорт тауарлары келесідей жағдайда кіргізілмейді: егер өнім сертификатталатын өнімге жататын болса және ол өнім сертификатталмаған жағдайда; өнім қорабында мемлекеттік және орыс тілінде ақпарат берілмесе (тауар түрі, өндірілетін ел және өндіруші, өндірілген уақыты және жарамдылық мерзімі, сақтау белгілері және қолдану үлгісі, құрамы) .
ИСО стандарттарын енгізу мәселесі Астана қаласында өткен «TQM-2004» Халықаралық конференциясында талқыланды. Онда ҚР - ның «Стандарттау, метрология және сертификаттау» индустрия министрлігі Комитетінің төрағасы Әбілғазы Құсайнов сөз сөйледі: - ҚР - да әрекет ететін кәсіпорындарға ИСО стандарттарын енгізуге, салық кодексіндегі өзгерістер ықпал етеді. Мұнда сапа менеджментін, экология стандарттарын енгізген кәсіпорындар үшін корпоративтік табыс салығын төмендету қарастырылуда. 2010 жылға дейін Үкімет ИСО 9000 сериялы стандарттарын ҚР-да әрекет ететін барлық кәсіпорындарға енгізуге қол жеткізуге тиіс. Ол үшін мемлекеттік тендерлер, мемлекеттік сатып алулар жариялағанда осы стандарттар ескерілуі тиіс. Бұл процесс кәсіпкерлердің бұл стандартарды енгізуге қызығушылықтарын ынталандырады.
Осы стандарттардың енгізілмегендігінен сыртқы нарықта біздің тауарларымыз өте төмен бағамен сатылуда. Егерде отандық кәсіпорындар, әсіресе мұнай және газ секторындағы кәсіпорындар сапа менеджментін енгізсе біздің тауарларымыз жоғарғы сұранысқа ие болар еді. Қазіргі таңда ҚР стандарттау және сертификаттау жүйесін жетілдірудің негізгі бағыты болып, сертификаттау мен аккредитациялаудың нормативтік базасын ИСО, Халықаралық электротехникалық комиссия, Европалық стандарттарға EN 45000 талаптарына сәйкес өзгерту. ҚР-да осы аккредитациялау жүйесін жетілдіру мақсатында халықаралық стандарттар мемлекеттік стандарттар ретінде қабылданды: ҚР СТ ИСО 17025-2001 «сынақтау және зертханалық зерттеулерге қойылатын жалпы талаптар», ҚР СТ ИСО/ХЭК 65-2001 «өнімді сертификаттау органдарына қойылатын жалпы талаптар».
Орта ғасырда салалардың дамуына байланысты стандарттау әдістері жиі қолдана бастады. Сол кезде маталардың енінің өлшемдері, оның құрамындағы жіптердің бірыңғай саны орнатылды, маталар өндірісінде қолданылатын шикізатқа бірыңғай талаптар анықталды. 1785 жылы француз инженері Леблан қарулық құлыптардың партиясын - 50 данада дайындап шығарды, олардың әрбіреуі тек өздеріне тән маңызды қасиеттерге ие болды. Бұл өзара-алмастырушылық және бірегейлік қасиеттері. Осы құлыптардың әрқайсысын алдын-ала дайындамай қарудың кез-келгеніне сала берді. Жаппай өндіріске көшу мақсатымен Германияда қарулық зауытта қаруларға стандарт орнатылды, бұл стандарт бойынша қарудың калибрі 13, 9 мм тең болды. 19 ғасырдың екінші жартысында стандарттау жөніндегі жұмыстар барлық өнеркәсіптік кәсіпорындарда жүргізілді.
Стандарттау бұл жылдары тек бөлек фирмалардың және кәсіпорындардың ішінде ғана жүргізілді. Бірақ қоғамдық еңбектің бөлінуі салдарынан стандарттау ұлттық және халықаралық маңызына ие болды. 1846 жылы Германияда теміржол колеясының ені мен вагондардың тізбекті құралдары бірыңғайланды. 1869 жылы мұнда алғашқы анықтамалар кітабы жарық көрді, бұл анықтамаларда темірдің стандартты профилдерінің өлшемдері берілді. 1870 жылы Еуропаның бірқатар елдерінде кірпіштердің стандартты өлшемдері орнатылды. 1891 жылы Англияда, біраз соңыра басқа мемлекеттерде Витворт атты бұрандыларды стандарттау енгізілді (ол дюйммен өлшенді), біраздан кейін елдердің көбінде ол метриялық бұрандыға ауысты.
- Стандарттаудың заңнамалық базасы
Халықаралық стандарттаудың басталуы 1875 жылы Парижда 17 ел қатысқан Халықаралық метриялық конвенцияны кабылдауын және Халықаралық өлшемдер және таразылар бюросының орнатылуын айтуға болады. Ұлттық және халықаралық стандарттаудың бұл алғашқы жетістіктері өндірістік күштің дамуына үлкен тәжірибелік әсерін тигізді.
19 ғасырдың соңында және 20 ғасырдың басында техника, өнеркәсіп және өндірістің дамуы күшейді. Осыған байланысты экономикалық қатынастар жағынан жақсы дамыған елдерде ұлттық стандарттаудың ұйымдастырылуымен айнала бастады, солардың салдарынан бұл мемлекеттерде стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдар құрылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz