Резервтік копия жасаудың стратегиясы туралы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Автоматтандыру және электротехника кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Резервтік копия жасаудың стратегиясы

Орындаған: Нұрғалиева Әсем

Тобы: ВТ-305с

Қабылдаған: Курушбаева Д. Т

СЕМЕЙ 2015

Мазмұны:

  1. Резервтік копия, түрлері . . . 3
  2. Деректерді резервтік көшірме арқылы қорғау . . . 4
  3. Бөлінген дерекқордың резервтік көшірмесін жасау . . . 4
  4. Қашықтағы файлдардың жергілікті көшірмелерін жасау . . . 5
  5. Резервтік копияны сақтау . . . 5
  6. Резервтік копияны ашу . . . 6
  7. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 7

1. Резервтік копия ( ағыл backup copy) - деректердің зақымдалған немесе жоғалған жағдайда оларды қалпына келтіруге арналған құрылғыларға ( қатты диск, дискета) көшірме жасау процесі.

Резервтік копия түрлері:

  • Толық резервтік копия

Толық резервтік копия бүкіл жүйені және барлық файлдарды қамтиды. Бүкіл деректердің толық көшірмесі әрбір квартал, ай, тіпті күн сайын жасала беред. Әдетте толық резервтік көшірме бүкіл организация жұмысына әсер етпесе ғана жасалады. Келесі бір толық көшірмеге дейін дифференциалды немесе инкрементті копия жасала береді.

  • Дифференциалды резервті копия

Дифференциалды көшірме барысында толық резевтік копия жасалғанда өзгерген әр файл қайта көшіріліп отырады. Дифференциалды резевтік копия қалыпқа келтіруді тездетеді. Барлық копиялар белгілі бір уақытта жасалады.

  • Инкрементті резертік копия

Инкрементті (қосалқы) резервтік көшірме кезінде соңғы толық резервтік копия кезінде өзгерген файлдардың ғана көшірмесі алынады. Келесі қосалқы резевтік копия кезінде алдыңғы инкрементті көшірмеде өзгерген файлдар қосылып отырады. Инкрементті көшірме қалғандарына қарағанда аз уақыт алады, себебі резевтік копия жасай берген сайын көшірмені қажет ететін файлдар саны азая береді. Алайда, қалпына келтіру уақыты ұзаққа созылады, өйткені, бүкіл толық резервтік копия, инкрементті резервтік копиялар кезіндегі файлдарды қалыпқа келтіру керек. Дифференциалды резевтік копияға қарағанда өзгерген файлдар алдыңғысының орнын баспайды, тәуелсіз дискке көше береді.

  • Клондау

Клондау бүкіл бөлім немесе құрылғыны баолық файлдарымен бірге басқа бір құрылғыға (диск) көшіруге мүмкіндік береді.

  • Образ түріндегі резервтік копия

Образ - бір файлда сақталған құрылғы немесе бөлімнің нақты көшірмесі.

  • Нақты уақыт режимінде копия жасау

Бұл резервтік копия түрі компьютердің жұмысын тоқтатпай-ақ көшірме жасауға мүмкіндік береді.

  • Суық резервтеу

Суық резервтеу кезінде деректер қоры өшіп тұрады немесе қолданушыға жабық болады, деректер файлдары өзгермейді және көшірме жүйені келесіде іске қосқанда дайын болады.

  • Жылы резервтеу

Бұл жағдайда деректер қоры, керісінше, қосылып тұрады және қолданушыға қолжетімді. Көшірме процесс соңында автоматты түрде арнайы резервтеу журналында орналасады.

Резервті копия жүйесі. Жалпы ереже бойынша: егер сіз болашақта бір затсыз күн көре алмасаңыз оның копиясін жааңыз. Резервті копия үшін нысан таңдау - бүтін дисктар, бөлек каталогтар мен файлдар - маңызды мәліметтерді жоғалтқаннан кейін қаншалықты тез жұмысты жалғастыру керектігіне байланысты. Толық резервті көшіру диск конфигурациясын қайта құруды тездетуі мүмкін, дегенмен, егер мәліметтер мөлшері үлкен болса, онда қосымша магнит таспасының маңызды сандарды керек. Бөлек файлдар мен каталогтарды резервтеу азырақ таспа қажет етеді, бірақ администратор өз қолымен диск конфигурациясын қайта құру керек. Қыйын мәліметтер күнделікті, апта сайын немесе ай сайын резервталыр отыру керек, маңыздығының деңгейі мен қаншаға жаңартылып отыруына байланысты. Резервті көшірудің ең жақсы уақыты - жүйенің аз жүктеме кезі.

Резервті көшіру әдістері.

Резервтеудің нәтижелі саясаты әдістердің келесі кестеде көрсетілген комбинациясын қолданады

Әдіс
Сипаттамасы
Әдіс: Толық көшіру
Сипаттамасы: Таңдалған файлдарды көшіру және маркирлеу, олардың ақырғы резервті көшіруінен кейін өзгергеніне қарамастан.
Әдіс: Көшіру
Сипаттамасы: Белгiсiз резервтегi көшiрмесiн алу туралы барлық таңдаулы файлдардың көшiрмесiн алуы
Әдіс: Өсiмшемен резервтегi көшiрмесiн алу
Сипаттамасы: Таңдалған файлдарды көшіру және маркирлеу, егер тек олар ақырғы көшіруінен кейін өзгерген болса
Әдіс: Күн сайынғы көшiрмесiн алу
Сипаттамасы: Резервті көшіру белгісіз күн бойы өзгертілген файлдарды көшіру
Әдіс: Дифференциалдалған резервтегi көшiрмесiн алу
Сипаттамасы: Таңдалған файлдарды көшіру және маркирлеу, егер тек резервті көшіру белгісіз ақырғы көшіруінен кейін өзгерген болса

Әдетте резервтегi көшiрмесiн алуының әдiстерi магнит таспалы жинақтағыштарға қолданылады. Үлкен мөлшердегі мәліметтерді резервті көшіргенде ең жақсысы циклдық күнтізбе кезінде біршама бөлек таспа қолдану керек. Таспаларды көп қолданбалы циклдарда қолдануға болады (санына байланысты) . Бірінші цикл күні администратор толық резервті көшіру орындайды, келесі күндері өсімшелі резервтау орындайды. Цикл толықтай аяқталғанда процесс басынан басталады. Кейбір администраторлар мындай тоқтамға келді: бір мақсатта бірнеше өсімшелі резервтауды күн сайын бекітілген уақытта орындау.

Магнит таспасына резервтегi көшiрмесiн алу. Қарапайым және қымбат емес мәліметтерді жоғалтуды алдын алатын әдіс - ұйым сыртында болашақта көшірмелерді сақтаумен периодты резервті көшірме.

Резервті копия журналы. Журналды жүргізу болашақта файлдарды қайта құрған көп көмегін тигізеді. Журнал көшірмелері магнитті аспамен бірге компьютер жанында сақталу керек.

Резервтік көшіру жүйесіне қойылатын талаптар:

  • Ақпаратты сақтаудағы қауіпсіздік - ақпараттарды көшіру және жоғалған деректерді көшірмемен ауыстыру.
  • Эксплуатациядағы қарапайымдылық - автоматтау (мүмкіндігінше адамдардың қатысуын азайту: пайдаланушы ретінде де және администратор ретінде де)
  • Жылдам іске асыру - бағдарламаларды қарапайым орнатату және пайдаланушыларды тез үйрету.

Резервтік көшіру жүйесінің негізгі параметрлеріне келесілер жатады:

  • RPO - Recovery Point Objective;
  • RTO - Recovery Time Objective.

RPO - қайтару нүктесін анықтайды, яғни бұрынғы уақыттағы мәліметтерді қайта қалпына келтіру, ал RTO резервтік көшірмеден қалпына келтіру үшін уақытты анықтайды .

Схемалық ротация. Көшіру процесінде тасымалдаушылардың жұмыс жинағын өзгерту олардың ротациясы деп аталады. Резервтік көшірме кезінде ең маңызды мәселе ротация схемасын (мысалы, таспалар) таңдау болып табылады.

Біржолғы көшіру. Ротациялық тасымалдаушысы қарастырылмайтын қарапайым сызба. Барлық операциялар қолмен жасалынады. Көшіру кезінде администратор резервтік көшіру уақытын белгілеп көшірілуге тиіс файлдық жүйелерді және каталогтарды көрсетіп шығады. Бқл ақпаратты деректер базасында сақтап кейін қайта қолдануға болады. Біржолғы көшіру кезінде көбінесе толық көшірілу жүргізіледі.

Қарапайым ротация. Қарапайым ротация кезінде ленталар жиыны цикл бойынша қолданылады. Бұл схеманың кемшілігі - ақпараттарды мұрағаттауға арналмаған. Себебі тасымалдаушыдағы мұрағаттар саны тез көбейіп отырады.

«Атасы, әкесі, баласы». Бұл схема иерархиялық құрылымды, яғни үш түрлі тасымалдаушы қолданылады. Аптасына бір рет дисктардың толық көшірмесі жасалады («әкесі»), күнделікті инкременталды (немесе дифференциалды) көшірме жасалады («баласы») . Қосымша айына тағы бір рет толық көшірме жасалады («атасы») .

Ханой мұнарасы. Алдыңғы екі схемалардың кемшіліктерін жоюға арналған. Схема бірнеше тасымалдаушыларға арналған. Әрбір топтама жүма сайынғы көшірме жасауға бағытталған, қарапайым ротация схемасы сияқты. Басқалардан қарағанда өте қиын схема болып келеді.

«10 жиынтық». Бұл схема он тасымалдаушыға арналған. Қырық апта он циклға бөлінеді. Әрбір циклда аптаның бір күні бекітілген. Төрт апталық цикл әрекеті бір күнге жылжып отырады. Басқа сөзбен айтқанда бірінші циклға яғни дүйсенбіге жиынтық нөмірі 1, сейсенбіге 2 нөмір, кейде екінші циклға дүйсенбіге 2 нөмер, ал сейсенбіге 3 нөмер жауап береді. Бұл жұмыс істеу күшін барлығына тең бөледі. Резервтік копияны сақтау
  • Стример лентасы - стример магнитті лентасына мәліметтерді көшіру;
  • «Бұлтты» бэкап - бұлттау технологиясы бойынша резервті көшірмені жазу;
  • DVD немесе CD - компакт дисктарға резервтік мәліметтерді жазу;
  • HDD - компьютердің қатқыл дискіне көшірме жасау;
  • LAN - мәліметтерді локальді желі ішіндегі кез келген машинаға резервті көшіру;
  • FTP - FTP-серверіне резервті мәліметтерді көшіру;
  • USB - флеш-карта немесе сыртқы қатқыл дискке мәліметтерді резервтеу.
Серверлік бөліктері бар дерекқордың резервтік копиясын жасау

Резервтік көшірмені жасамас бұрын пайдаланушыларды хабардар ету керек, себебі резервтік көшірме процесін іске қосу дерекқор файлына монополиялық режимде кіруді талап етеді және пайдаланушылар резервтік көшірме процесі жүріп жатқанда серверлік бөліктері бар дерекқорды пайдалана алмауы мүмкін.

Деректеріңіздің резервтік көшірмесін жасау жиілігі туралы нұсқаулық:

  • Егер деректер мұрағат болса немесе ол тек сілтеме ретінде пайдаланылып, сирек өзгерсе, онда жоба мен деректер өзгергенде ғана резервтік көшірмелер жасау жеткілікті.
  • Егер деректер белсенді болып, мәліметтер жиі өзгерсе, деректердің резервтік көшірмесін үнемі жасап тұруға кесте жасаңыз.
  • Егер деректерді бірнеше пайдаланушы пайдаланса, үлгіге өзгеріс енгізілгеннен кейін мәліметтердің резервтік көшірмесін жасау керек.

Резервтік копия қажеттілігін тудыратын жағдайлар (проблемалар) :

  • Қатты дисктің жауап бермеуі;
  • Файлдарды абайсызда өшіріп алу;
  • Файл мәліметінің зақымдануы;
  • Компьютердің толықтай құруы (мысалы өрт) .

2. Деректерді резервтік көшірме арқылы қорғау

Жүйеде ақаулық болған жағдайда дерекқорды тұтасымен қалпына келтіру үшін немесе нысанды қалпына келтіру үшін Болдырмау пәрмені қатені жоюға жеткіліксіз болған кезде нысанды қалпына келтіру үшін, жұмыс үстелі дерекқорының резервтік көшірмесін жасау керек болады.

Егер дерекқордың резервтік көшірмесі сақтау орнын босқа пайдалану болып көрінсе, деректер мен жобаның жоғалуына жол бермей, сақталатын уақытты қарастыру керек. Дерекқорды жаңарту кезінде бірнеше пайдаланушы болғанда, резервтік көшірмелерді үнемі жасап отыру айрықша маңызды болып табылады. Резервтік көшірмесіз бүлінген немесе жоқ нысандарды немесе дерекқор жобасына енгізілген өзгертулерді қалпына келтіру мүмкін емес.

Деректеріңіздің резервтік көшірмесін жасау жиілігі туралы нұсқаулықтар:

  • Егер дерекқор мұрағат болса немесе ол тек сілтеме ретінде пайдаланылып, сирек өзгерсе, онда жоба мен деректер өзгергенде ғана резервтік көшірмелер жасау жеткілікті.
  • Егер дерекқор белсенді болып, деректер жиі өзгерсе, дерекқордың резервтік көшірмесін үнемі жасап тұруға кесте жасау керек.
  • Егер дерекқорды бірнеше пайдаланушы пайдаланса, үлгіге өзгеріс енгізілгеннен кейін дерекқордың резервтік көшірмесін жасаған жөн.

3. Бөлінген дерекқордың резервтік көшірмесін жасау

Бөлінген дерекқор әдетте екі дерекқор файлынан тұрады: кестелердегі деректерден ғана тұратын ішкі дерекқор және ішкі дерекқордағы, сұраулардағы, пішіндердегі, есептердегі және басқа да дерекқор нысандарындағы кестелерге жасалатын сілтемелерді қамтитын сыртқы дерекқор. Барлық деректер ішкі дерекқорға сақталады. Сұраулар, пішіндер және есептер сияқты барлық пайдаланушылық интерфейс нысандары сыртқы дерекқорға сақталады.

Клиенттік және серверлік бөліктері бар дерекқорлардың резервтік көшірмелерін бір-бірінен тәуелсіз етіп жасаған кезде, орындауға уақыт алатындығынан дерекқорларды бөліп істеу қажет болады. Себебі серверлік бөліктері бар дерекқор құрамында деректер болатындықтан, ішкі дерекқордың резервтік көшірмелерін үнемі жасап тұру әлдеқайда маңызды.

Үлгісін өзгерткен кезде клиенттік дерекқордың резервтік көшірмесін жасаңыз. Клиенттік дерекқордың жеке пайдаланушылары еркінше үлгі өзгерістерін енгізе алады, сондықтан пайдаланушыларды клиенттік дерекқордың жеке резервтік көшірмесін сақтауды талап етуді ескеру қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Резервтік копия жасаудың стратегиясы
Резервтік копия жасау
Қаржы менеджменті» мамандығы. Диплом алдындағы практика есебі
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау
Мәліметтер базасы түсінігі
ҚР СТ OHSAS 18001:2008 "Кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық менеджмент жүйелері. Талаптар"
Іс қағаздарының қоғамда алатын орны
ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕГІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАНЫ ПРАКТИКАДА ҚОЛДАНУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Қаржылық есептеме аудитінің процесі
Жүрек
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz