Психологтың мектепке даярлық тобымен жүргізетін жұмысы туралы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Психология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы : Психологтың мектепке даярлық тобымен жүргізетін жұмысы
Орындаған :Ахмадиева Н. А
Топ:Пх-315
Тексерген: Тезекбаева М. Ж
Семей-2015ж.
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Психологтың мектепке даярлық тобымен жүргізетін жұмысы
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиет тізімі
Х. Т. Шериазданованың «Мектепке дейінгі білім беру жүйесі педагогтары мен психологтарын кәсіби даярлаудың психологиялық негіздері» зерттеуінде: "Оқытудың теориялық негіздерін жасаған Л. С. Выготский, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, Л. Н. Леонтьев, Н. А. Менчинская, Д. Б. Эльконин зерттеулеріне сүйене отырып, оның, балалардың танымдық әрекетіне, сондай-ақ эмоциялық, еріктік, мотивтік салаларына ықпалын көрсетіп, біз, басты өлшемі «мектептегі оқуға даярлық болып табылатын, өтпелі кезеңге көңіл бөлдік». Баланың мектепке танымдық даярлығын аса маңызды үш тұрғыда: зейіннің даму деңгейі; естің даму деңгейі және ойлаудың қарапайымнан жоғары формаға дейінгі даму деңгейі қарастырылды. Олардың әрқайсысының көріну жолдары қарым-қатынастың түрлі стильдері арқылы сипатталынды. Мәселен, зейін қасиеттері мен түрлері: көлемі, тұрақтылығы, алаңдағыштығы, шашыраңқылығы, шоғырлануы және ырықтылығы өктемдік, тәуелсіздік, ымырашылдық стильдерінде қалай көрінетіндігі; есте сақтау мен қайта жаңғыртудың көрнекі-бейнелік, қозғалыс, логикалық ойлау түрлерінің жоғарыда аталған қарым-қатынастың 3 түрлі стилінде көріну жолдары зерттелді. Х. Шериазданованың мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуындағы қарым-қатынас рөлі тұжырымдамасы ресейлік ғалымдар Е. О. Смирнова, М. И. Лисина, Е. Е. Кравцовалар зерттеулерімен үндес; сондай-ақ баланың мектептегі оқуға психологиялық даярлығымен байланысты қарастырылды: «Мектепте жақсы оқуы үшін балада қарым-қатынастың формалары қалыптасқан болуы керек. Ол оқушыдағы жетекші әрекет-оқу ісінің міндеттерін игеруге керек».
Психологиялық сөздікте "мектепке психологиялық даярлық" ұғымын былай анықтайды: баланың мектептегі оқуды табысты бастауы үшін қажетті психикалық сапалар кешені. Ол мектеп пен оқуға жағымды қатынастан (мотивтік даярлық) ; мінез-құлықтың ырықтылығының барынша жоғары деңгейінен (еріктік даярлық) ; білім, іскерлік, дағдының белгілі бір қоры мен таным үрдістерінің даму деңгейінен (ақыл-ой даярлығы), сондай-ақ үлкендермен және кұрдастарымен өзара қарым-қатынас орнатуды, сынып ұжымы өміріне араласып кетуді, бірлескен әрекетті орындауды қамтамасыз ететін адамгершілік сапалардың қалыптасуынан тұрады. Баланың мектепке даярлығы оқып-үйренуді құрайтын біртұтас сапалар жиынтығынан тұрады деген тұжырымды қуаттайтын психологтар А. В. Запорожец, А. Н. Леоньтев, В. С. Мухина, Л. А. Венгер мектепке даярлық ұғымына баланың оқу тапсырмасын түсінуін; орындау тәсілдерін меңгеруін; өзін-өзі бағалай және бақылай алуын; мұғалімді тыңдап, материалды еске сақтау қабілеттерін жатқызады
«Танымдық іс-әрекет - мектепке бейімделудің басты факторы» деп аталатын М. Асылханованың зерттеуі балаларды мектепке даярлаудың психологиялық мәселелеріне бағыты жағынан жақын. Автор мектепке бейімдеудегі психикалық факторларға сипаттама бере отырып, басты фактор ретінде танымдық іс-әрекетке тоқталды. Әйтсе де, мектепке даярлау мен бейімдеу екі бөлек мазмұндағы тақырыптар. Даярлық ісі мектепке дейін жүргізілсе, бейімдеу ісі мектепке келгеннен соң жүзеге асырылатын шара. "Мектепке бейімделу - әлеуметтік тәжірибелерді меңгеру үрдісінің тарихи белгіленуі; оқушылардың әлеуметтенуінің бір құрылымы ретінде анықталды". Сыналушының бір әлеуметтік ортадан екінші әлеуметтік ортаға өту барысы емес, жаңа әлеуметтік орта - мектептегі психикалық күйі сипатталды. М. А. Асылханова зерттеуінде мектепке бейімделудің басты факторы ретінде танымдық іс-әрекет қарастырылған, ал мектепке психологиялық даярлық диагностикасы мазмұнында танымдық даярлық негізгі өлшем ретінде сипатталады.
Мектепке психологиялық даярлық мәселесінің кезеңденуі осы мәселенің мазмұнын толығырақ қарастыруға негіз болады. Мектепке оқуға қабылданар баланы мектептік болмысқа ендіру, толыққанды оқу әрекетін қалыптастыру - мектепке дейінгі өтпелі кезеңге тән психикалық дамудың барлық жиынтықтарымен тығыз байланысты. Олар оқу-тәрбие үрдісін осы жастың психологиялық ерекшеліктерімен қатаң сәйкестікте жүргізуді қажет етеді. Сондай-ақ мектепке дейінгі шақтан оқушылық өмірге өту кезеңін зерттеу мәселесі мектептегі оқу-тәрбие міндеттерін нақтылауға мүмкіндік береді. Бұл істің түпкі мақсаты баланың мектептегі оқуына берік тұғырды қамтамасыз ету. Ол мұғалім талаптары мен мектеп ережесін орындауға баланың ерік күшін бағындыра алу іскерлігінен көрінеді. Екі кезеңнің арасындағы дағдарыстың бала психикасына әсері із-түзсіз жойылып кетпейді.
Қазіргі Қазақстанның индустриалды-инновациялық жағдайында үдемелі ақпараттық даму - білім мазмұнының қолданбалылығын барынша арттыруды міндеттейді. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Е рте балалық шақтан бастап адами капиталға қаржы жұмсау қоғам мен экономикаға айтарлықтай табыс әкелетіні бүгінгі таңда дәлелдеуді қажет етпейтін фактор. Адами капиталды қаржыландырудың өзгермелі әлемге жылдам бейімделе алатын, техника тіліне жетік, өнімді жұмыс күшін жасау үшін аса қажеттігі және бүгінгі таңда білім беруге жұмсалатын қаржыны әлеуметтік қажеттіліктерге арналған шығын ретінде қабылдамай, экономикалық инвестиция ретінде түсіну керектігі «ҚР білім берудің 2011-2020жж арналған Мемлекеттік бағдарламасында» айқын көрсетілді. Онда білім берудің экономикалық тиімділікпен қатар, әлеуметтік табысқа да қол жеткізетіні: азаматтық қатынасы берік, қоғамдық санасы жоғары әлеуметтік капиталдың қалыптасуына ықпал ететіні анықталды. Заманауи өзгерістер ағымы балалар психологиясының да қарқынды дамуына оң ықпал етуде. Жаңа дәуір балалары адамзат тарихындағы бай тәжірибені бойына сіңіре отырып, өзі өмір сүріп отырған заман ерекшеліктерімен бірге даму үстінде. Бұл құбылыс барлық адамтану саласының, әсіресе педагогика, психология ғылымдарының мамандарына жаңа міндеттер жүктейді. Балаларымызды бабалар мұрасынан тыс қалмауға, әлеуметтік ортаның тыныс-тіршілігін ұлттық болмыспен қабылдауға бейімдей отырып, олардың санасын «ұлттық құндылықтарды меңгерген жаңа дәуір балалары» моделіне бағыттай білу қажет. Модель мазмұны жауапкершілігі жоғары, жаңаша ойлайтын, зерек те елгезек, кеңістік заңдылықтарымен қоса, бабалар аманатынан хабардар, салт-дәстүр мен ауыз әдебиетінің озық үлгілерін меңгерген ұлтжанды, ана тілінің нәрімен барынша сусындаған, еркін, дені сау балаларды сипаттайды. Туған халқының ұлттық болмысы туралы білімдер баланың жан-дүниесін, рухын қазақиландырады. Болашақ ұрпақтың ұлтан емес, сұлтан болып қалыптасуы ұлттың ұлылығын ұлықтайтын асқақ, нұрлы, нәрлі білімдерді мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісінің нәзік те, өршіл сезімдермен қалыптастыра білу, баланы иландырып, танымдық тұрғыда жетелей білу іскерлігінде. Сала мамандары мен әдіскерлердің міндеті психология, педагогика мен инновациялық білімдерді интеграциялау арқылы тиімді заманауи-ұлттық мектепалды даярлық тетігін жасау.
Ол үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартын (ҚР МЖМБС 1. 001-2009) басшылыққа ала отырып, мектепке психологиялық даярлық үрдісін жасауда негіз болатын басты нысандарға шолу жасалды. Мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілерінің «денсаулық», «қарым-қатынас», «таным», «шығармашылық», «әлеуметтену» құзіреттіліктерін қалыптастыру мақсатында:
- мектепалды даярлықтың негізгі аспектісі ретінде тұлғаралық қарым-қатынастарды, баланың өзіне өзінің қатынасын, қарым-қатынастың мәнерлі белгілерін, қатынас құралы - тіл туралы, коммуникацияның мектепке дейінгі жас ерекшеліктеріне сәйкес жіктелуін, халық ауыз әдебиетінің озық үлгілері арқылы балалардың сөздік қорын дамытуды және қазақ фольклорының кіші жанрларын логопедиялық құрал ретінде пайдалану;
- танымдық даярлық - мектепке дейінгі мекеменің оқу-тәрбие үрдісінде балалардың ой ұшқырлығын, тапқырлығын, танымдық сергектігі мен елгезектігін дамытуда психологиялық жаңа құралдарды пайдалану; танымдық әрекеттер: қабылдау, есте сақтау, түйсік, қиялды ауыз әдебиеті үлгілері арқылы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай, ұйымдастырылған оқу әрекетінде және педагогикалық процессте дамыту;
- мектепке баратын балаларға ұлттық құндылықтар арқылы әлеуметтік орта нормаларын меңгерту адамгершілік әліппесі, мінез-құлық мәдениеті туралы қарапайым түсініктер беру; адам табыстылығының, саулығының, бақытының кепілі ұстамдылық, ал оның негізі - сабыр екенін ұғындыру; сабырлылық туралы ұлы ойшылдар қазынасымен таныстырудың психотехникалары.
Мектепалды даярлық сауатты ұйымдастырылған жағдайда баланың жаңа әлеуметтік ортаға жылдам бейімделуі арқылы жетекші әрекеттің нәтижелілігінің артуына ықпал етеді. Мектеп жасындағы баланың дамуы түрліше жүреді, мәселен, бір бала тәрбиешінің түсіндіргенін ары қарай өзі жалғастыра алса, келесілеріне өз бетімен жаңа білімді меңгеру қиындық келтіреді. Қазіргі таңда жобаланып отырған білім беру - баланың жеке тұлғалық қасиеттерін, танымдық қызығушылықтарын арттырып, алған білімін өмірде қолдану икемділігін қалыптастыруды көздейді, сондықтан білім мазмұнын дамыту сипатында құру негізгі білім беру әдістері ретінде анықталады.
Мектепке дейінгі жас бала дамуының жаңа әлеуметтік ситуациясының пайда болуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі баланың айналадағы адамдар арасынан алатын орнының ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда елеулі айырмашылықтар болады. Баланың қарапайым міндеттер өрісі пайда болады. Оның үлкендермен байланысы жаңа формаға ие болады, бірлескен іс-әрекет ересек адамның нұсқауларын дербес орындаумен алмасады. Тұңғыш рет баланы белгілі бағдарлама бойынша біршама жүйелі оқыту мүмкін болады, бірақ Л. С. Выготскийдің айтып көрсеткеніндей, бұл бағдарламаның жүзеге асуы оның қаншалықты дәрежеде баланың өзіндік бағдарламасына айналуына тығыз байланысты. Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формаларын игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Мектеп жасына бейінгі баланың басқа адамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы өз «менін» және өз қылықтарының маңызын аңғарудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың іс-әрекеттері мен өзара қарым қатынасына ерекше қызығуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі баланың жетекші іс-әрекеті ойын болып есептеледі. Оның жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі баланың өзінің көп уақытын ойынмен алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады.
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымы бірлескен өзара тығыз байланыста болуы қажет. Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Мектеп жасына дейінгі кезеңде баланы дамыту барысы:
1. Зердесін дамыту
2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту
3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту
4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту
5. Танымдық үрдісін дамыту
6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту
7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту.
Адамда әрқилы іс-әрекет түрлерінің пайда болуы мен дамуы күрделі де ұзаққа созылған процесс. Бүкіл өмір барысында бірін-бірі ауыстырып, өзара тығыз байланыста жүріп отыратын үш іс-әрекет түрі бар: ойын, оқу және еңбек.
Ойын - мектеп жасына дейінгі бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері болады. Ойынның қозғаушы күші - баланың нақты тілегі мен қызығуы. Еңбек үстінде адамның мақсаты мен мотивінің арасында келіспеушілік болуы мүмкін. Ойында бұл жағы болмайды. еңбектің қандай түрі болмасын одан қоғамдық пайдалы өнім шығуы қажет. Бұл айтылғандар ойыннан талап етілмейді. Ойын арқылы бала өз қажетін қалай қанағаттандыра алатыны, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді.
Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттындыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып сманалатын рольдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объктивті қарым-қатынастар түңғыш рет ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететінін және бірсыпыра праволар беретінін біледі.
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде оның жағымды да, жарасымды мінез бітістерін қалыптастыруда ата-ананың қызметі маңызды. Осындай маңыздылықты әрі қарай артыратын мектепке дейінгі мекеме мен мектепке дейінгі орталықтар және мектеп педагогтар мен қызметкелердің басты міндеті. Себебі, ата-аналарға педагогикалық білім мен педагогикалық кеңес, бағыт-бағдар беретін педагогтар екенін ұмытпауымыз қажет. Яғни, ата-ананың рухани өсуіне жағдай туғызып отыру қажеттігі туындайды. Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты баланың жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерінің даму өрісін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz