Мұғалім сөзі педагогикалық шеберліктің шарты ретінде


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

1. Мұғалім сөзі педагогикалық шеберліктің шарты ретінде

В. В. Одинцов 1982 жылы «Речевые формы популяризации» атты еңбегінде жалпыға түсінікті етіп сөйлеудің үш негізгі принципін көрсетті. Оның біріншісі - лексика семантикалық аударма, яғни арнайы тілдегі айтылатын ойды адресат тіліне аудару. Бұл принцип адресатқа түсініксіз ұғымдар мен терминдерді оған түсінікті ұғымдармен салыстыра отырып түсіндіру арқылы іске асады.

Екінші - дерексіз ұғымдарды жалпыға белгілі мысалдар арқылы нақтылау принципі. Көрнекілік және сөз арқылы жеткізу бұл принциптің негізі болып табылады.

Үшінші принцип - сөйлеудің көркемдігі яғни, автордың адресаттың қызығушылығын туғызуға тырысуы, заттың немесе құбылыстың маңыздылығын, ерекшелігін көрсетуге ұмтылуы.

Педагог үшін үлгі сөйлеу тілін меңгеру - бұл кәсіби даярлығының көрсеткіші. Сондықтан өзінің сөйлеу тілін жетілдіру - болашақ әрбір педагогтың адамгершілік және қоғамдық парызы. Ол кейін балаларға берілетін тілдік дағдыларды жетік меңгеруге тиіс.

Сөйлеу механизмі. Сөйлеу түрлі механизмдер арқылы жүзеге асып отырады да, олардың нақтымазмұны мен мәніне, мақсатына орай дамиды. Сөздерді қабылдағанда біз «сигналдардың сигналы» (2 сигнал жүйесі, бұл - адамның сөйлеу әрекетімен байланысты жоғары жүйке қызметі) арқылы тітіркендіру нәтижесінде нәрселердің мән-жайын қабылдап, олар туралы хабар аламыз. Әрине, ондай хабарлар саналы да, санасыз да болуы мүмкін. Осы орайда, сөйлеудің физиологиялық негізі И. П: Павлов іліміндегі екінші сигнал жүйесіне негізделеді. Ал екінші сигнал дыбысты сөзбен, сөйлеу әрекетімен байланысты. Адам сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп қана қоймай, оларды тең мағынада сөз арқылы бейнелейді. Халқымызда «Көз жеткізбегенді сөз жеткізеді» деген тамаша мақал бар. Мұның мағынасы тікелей таным арқылы бейнеленетін заттар мен құбылыстардың қасиеттері түйсік, қабылдау, елес, процестерінің шектеулі шеңберін тереңдете түсіп, олардың мән-мағынасы сөз бен сөйлеу әрекетінің бейнелеуші - танымдық ерекшеліктері арқылы барынша ұғынықты бола түседі дегенге саяды.

2. Педагогикалық қатынастағы ықпал етудің негізгі тәсілдері(терминологиялық сөздік)

БЕЙІМДІ-БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУ -оқушылардың қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және олардың келешекте ие болуға тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін оқыту. Ол тек қана мектептің жоғарғы сатысында жүзеге асады.

БІЛІМ - 1. Адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдарының т. б. жиынтығы.

2. Оқу, үйрену арқылы алынатын (келетін) дүниенің қандай да бір қыр-сыры туралы түсінік (таным) .

3. Кәсіби біліктілік, мамандыққа қатысты ұғым, деректер жүйесі.

4. Қандай да істі жүзеге асыру жолдары мен әдіс-тәсілдерінің жиыны.

5. Белгілі бір сала (мәселе) туралы арнайы мәліметтер жиыны (жүйесі) .

БІЛІМДІК ОРТА - қандай да бір бағыт, сала бойынша қажетті білімдер жүйесін меңгертуге, қалыптастырып дамытуға қолайлы жағдайлар жасалған ая, кеңістік.

ЗЕЙІН (ағылш. Attention) - 1. Адам санасының белгілі бір зат немесе шындық құбылысына бағытталуын көрсететін психикалық әрекет. 2. Нәрсені қабылдағанда, елестеткенде, ойлағанда, тыңдағанда, сананың соларға бағытталуы. Адамның санасының айналадағы объектілердін, болып жатқан құбылыстар мен үдерістердің ішінен керектісін бөліп алып, соларға тұрақталуы. 3ейін салатын зат, құбылыс немесе үдеріс адамның кәсіби қызметіне қатысты болуы мүмкін немесе адам белгілі бір тапсырмамен жүрсе, соған қатысы барға адам зейін аударады. Зейін қоя білу - мағлұмат шындық қасиеттің негізі болып табылады. Сондықтан білім беру үдерісінде оның алатын орны ерекше. Оның түрлері:epікciз, epiкті зейін.

МҰҒАЛІМ - Мектепте, басқа да кейбір орта оқу орындарында оқушыларға сабақ беретін оқытушы ұстаз, маман.

ОҚЫТУ -Білім беру, шеберлікке, іс-әрекет дағдыларына үйрету және оларды меңгеру үдерісі мен адамды өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың басты тәсілі.

ҚАЖЕТТІЛІК - 1. Организмнің тіршілігі мен дамуын қамтамасыз ететін объективті мұқтаждық. 2. Өмір мен дамудың белгілі бір жағдайларында адамның міндетті түрде керек ететін қажетсінулері.

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС - біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы үдеріс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-бірін қабылдауы.

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫ - адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелерiмен айналысатын психологиялық ғылым саласы (iскерлiк, дипломатиялық, ұжымдық, отбасылық, қызметтiк және т. б) .

ҚАСИЕТ - 1. Адамның не бір заттың өзіне тән сапалық болмысын, ерекшелігін айқындайтын ұғым. Адам бойындағы қасиет жағымды және жағымсыз болып жіктеледі. Жағымды қасиеттер (имандылық, инабаттылық, ізеттілік, адамгершілік, ар-аброй, адалдық пен әділеттілік, т. б. ) адам бойында тәлім-тәрбие арқылы қалыптасады. 2. Зат, қатынас және сапа категорияларымен салыстырылып, солар арқылы анықталатын ұғым.

ҚИЯЛ - адамның бұрын жинаған образдарына сүйене отырып, өз басында жаңа образдар, соны елестер мен идеялар тудыру үдерісі. Ол - адамның айқын болмысты жаңа, күтпеген, әдеттен тыс басқаша байланыс пен үйлесімділікте бейнелеуі. Ол ойлау жүйесіне ғана тән психикалық үдеріс. Әрбір адамның қиял ерекшеліктері сол адамның құмартып қызығуына, жеке басының ерекшеліктеріне, алдына қойған мақсатына байланысты. Сондай-ақ қиялдың мазмұны мен түрі адамның жас ерекшеліктері мен білім тәжірибелеріне де байланысты болады.

ҚОҒАМДЫҚ САНА - белгілі қоғамда ғылымның, техника мен мәдениеттің дамуына қарай қалыптасқан саяси, философиялық, эстетикалық идеялардың жиынтығы.

ҚОРҚЫНЫШ - индивидтің биологиялық не әлеуметтік тіршілігіне қатерлі жағдаяттарда туындайтын және шын мәніндегі не елестетудегі қауіп көзіне бағытталған эмоция. Қорқыныш-бір нәрседен жүрексініп сескенгенде, шошығанда пайда болатын сезім, үрей.

ҚОРШАҒАН ОРТА -адамның тіршілік етуін, қалыптасуын, іс-әрекетін анықтайтын барлық табиғи, қоғамдық, материалдық және рухани жағдайлар.

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ (латынша interest - мәні бар, маңызды) - дүниедегі заттар мен құбылыстарды танып-білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі. Адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұрат-мүддесіне байланысты қызығушылықтары әр түрлі болады.

ЛОГИКА (грек. logike-сөз, сөйлем, ой, ақыл) - 1. Дүниені танудағы абстрактілі ойлаудың формалары мен заңдары жөніндегі ғылымдар жиыны. Логиканың негізгі мақсатымен зерттеу пәні танымның ақиқаттылығы, танымдық тәсілдер мен әдістердің дұрыс жүйесін қалыптастыру. 2. Ойлаудың жолдарымен оның формалы туралы ғылым3. Ойлану барысы, ой қорытындысы.

МАҚСАТ - 1. Адамның қол жеткізуі тиіс нәтижені саналық деңгейде алдын ала ниеттеуі. Мақсат тікелей міндет ретінде іс-қимылды бағыттап, реттеп отырады. Адам өз ерік-жігерін бағындыратын ішкі заң есебіндегі практикаға өзек болады. Алда орындалатын әрекет нәтижесінің айқын бейнесі. Адамның алдына қойған мақсаты әрдайым дәлелді себептерден, яғни, түрткілерден тұрады. Әрекет барысында түрткілер мен мақсат-міндеттер өзара байланысты, бір-бірімен алмасып, өзгеріске түсіп отырады.

МӘЛІМЕТ - белгілі бір оқиға, не жұмыс жөнінде ауызша немесе жазбаша түрде берілетін ақпарат.

МӘН - іс-әрекет пен қарым-қатынастың бірлігі арқасында адамның шындықтағы құбылыстарды жалпылай алуының нысаны. Мұндайда адам қоғамдық-тарихи тәжірибені, түрлі ұғымдар мен рөлдерді, құндылықтар мен нормаларды меңгеруге мүмкіндік алады, бұлардың жекелеген мағынасын жан қуаттары мен (қабылдау, ес, ойлау, қиял жөне т. б. ) мінез-құлқының түрлі актілері арқылы бейнелеп отырады.

МЕКТЕПТЕГI ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ - әрбiр баланың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететiн жағдаУйлармен қамтамасыз ету негiзгi мақсаты болып табылатын бiлiм беру жүйесiндегi арнайы сала.

МЕЛАНХОЛИК - темперамент типі. Эмоциялық қозуы шабан, күшті, тұрақты болады, сыртқы көрінісі әлсіз келеді. Әр нәрседен ауыр әсер алып, олар бойын билеп кетеді, санасында терең із қалдырады, көңіл-күйлері бір қалыпта ұзақ сақталады, мінезі баяу өзгереді, көңілі көбінесе жабырқау, сыртқы жағдайлардан үрейленіп, сескеніп тұрады, кедергі кездессе уайымдап қажи түседі, қимыл-қозғалыстары ақырын, баяу болады, сезім күйлері сыртқы қимылдарынан көрінбейді.

МЕН ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ - адамның өзімен-өзі және басқа адамдармен өзара қатынастарды құру негізіндегі өзі туралы түсініктер жүйесі.

МОНИТОРИНГ (лат. monitoring - ескертуші, бақылаушы) - 1. Қоғамда немесе оның қайсыбір топтарында болып жатқан өзгерістерді жүйелі түрде өлшеу жүйесі. Бұл орайда, іріктеменің бір ғана ұстанымның қолданылуы және мәлімет жинау үшін бір ғана амал-құралдардың пайдаланылуы шарт 2. Күнделікті бақылау, бағалау және болжау; білім беру үрдісінің барысын, нәтижелерін және тиімділігін ізбе-із үздіксіз зерделеу, адамның шаруашылық қарекетіне байланысты қоршаған ортаның жай-күйін қадағалау, бағамдау және болжамдау; 3. Адамдардың мінез-құлқын бақылау үшін немесе когнитивтік не эмоциялық тұрғыдағы өзінің ішкі үдерістерін бағамдау үшін адамның өзіне қатысты бақылаулар.

МҰРА -1. Ата-бабадан әке-шешеден қалған дүние мүлік, мирас, салт-сана. 2. Ежелден келе жатқан мәдени нұсқалар.

МҰРАТ (Идеал - елестеу) - Жеке адамның немесе қоғамдық таптардың мінез-құлқы мен арман-тілектерінің сипаты мен көріністерін айқындайтын рухани бейне, үлгі, белгілі мақсатқа бағытталған адам қызметінің жалпы формасы. Адамның өмірден өзіне өнеге іздеуінен, біреуді үлгі тұтып кастерлеуінен байқалатын қасиет. Мұрат - кісінің алдына қойған аса ардақты, ең асыл мақсаты. Мұратқа жету үшін, қолдан келетін әдіс-тәсілдің бәрін сарқа пайдаланып, оған күшті ерік-жігер мен қажыр-қайратты жолдас ету қажет. Дұрыс дүниетаным, айқын сенім, сөз бен істің нақты байланысы бар жерде ғана адамда мұрат қалыптасады. Ол жақсыға жетуді арман етіп, сол үшін әрекет жасау.

МҮДДЕ - алға мақсат қойып, сол мақсатқа жету әрекетінің негізі. Мақасаттың түпкі негізі. Мақсат-мүддесіз адам болмайды. Адам мүддесіне еңбекпен жетеді. Мақсат тұлғаның іс-әрекеттің мақсатын ұғынуға бағыттылыгын қамтамасыз ететін танымдық қажеттіліктің көріну нысаны. Ол болмысты терең ұғынуға, бейнелеуге, жаңа фактілермен танысуға қажетті бағдарды анықтайды

МІНДЕТ - бұл мақсатқа жету жолындағы бір саты, орындалуы қажет нәтиженің бір бөлігі, осы бөлік өзінің іс-әрекеттік бітімін таппаса, жалпы нәтижеде болмайды. Міндет мақсаттың өзін құрайтын элементтерге бөлінуінен пайда болады.

МІНЕЗ- 1. Жеке адамның өзіне, өмір сүрген ортасына, табиғатқа қатынасын білдіретін негізгі, тұрақты психикалық сипаттары. 2. Белгілі бір адамға тән мінез-құлықтың өзгерісімен, адамдарға, өзіне, жұмысқа деген қарым-қатынасымен сипатталатын жеке адамның қалыптасқан ерекшеліктері. Әр адамға тән, лайық психикалық қасиеттердің жиынтығы.

МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Адамның іс-әрекетінен, жүріс-тұрысынан байқалатын өзіндік қасиет. Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі қылық. Мұнда әр адамның өмірлік беталысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді.

МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ - бұл айналасындағылармен қарым-қатынасында, өз шамасын білу және әдептілік сақтау.

НАСИХАТ - 1. Ақыл-кеңес, өсиет. 2. Белгілі бір жаңа идеяны немесе ғылыми жетістігін елге тарату.

НӘТИЖЕ -белгілі бір іс-әрекеттің қорытындысы, жемісі.

НИЕТ - бір нәрнесеге деген пейіл, ықылас, ынта. Адамды қимыл-әрекетке итермелеуші психикалық түрткі. Адам алдына мақсат қойғанда белгілі бір мотивті немесе ниетті басшылыққа алады. Ниетсіз, себепсіз мақсат қойылмайды. Адамды нысанаға бағыттайтын да, істің мән-мәнісін белгілейтін де осы ниет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі
Кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қатынас
Мұғалімнің сөйлеу шеберлігі туралы
Оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас
Педагогикалық техника педагогикалық шеберліктің элементтерінде
Мұғалімнің шебер сөйлеуі
Педагог тұлғасын қалыптастырудағы педагогикалық шеберліктің ролі
Педагогика. Дәрістер
Мұғалім мен оқушының тығыз қарым - қатынасқа түсуіне педагогикалық шеберліктің тигізетін әсері
Педагогикалық шеберлік бойынша дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz