Халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылау жайлы



РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ
ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
РАДИАЦИЯЛЫҚ АВАРИЯ КЕЗIНДЕ РАДИАЦИЯЛЫҚ
ҚАУIПСIЗДIКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
АЗАМАТТАРДЫҢ, ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТЕР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ
РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың жалпы құқықтық негіздерін реттейді және бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асырудың бірыңғай қағидаттарын белгілеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.
Осы Заң халықтың денсаулығын иондаушы сәулелендiрудiң зиянды әсерiнен қорғау мақсатында оның радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

 араласу деңгейi - жол берiлмейтiн мөлшердiң шамасы, оған жеткен кезде, созылмалы немесе авариялық сәуле алу жағдайы туындаған реттерде қорғау немесе авариядан кейiнгi шаралар қолданылады;

 әсерлi мөлшер - адам организмi мен оның жекелеген органдарының радиациялық сезiмталдығын ескере отырып, олардың сәуле алуының кейiндегi зардаптарының пайда болу қатерiнiң шамасы ретiнде пайдаланылатын иондаушы сәулелендiрудiң сiңiрiлген энергиясының шамасы;

 бақыланатын аймақ - радиациялық бақылау, адамдарды жiберу және олардың тұруы жөнiнде арнаулы ережелер қолданылатын аумақ;

 иондаушы сәулелендiру - ортамен өзара әрекет кезiнде түрлi белгiлердегi иондар түзетiн, зарядталған, зарядталмаған бөлшектер мен фотондардан тұратын сәулелендiру;

 қызметшiлер - тiкелей иондаушы сәулелендiру көздерiмен тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн жеке тұлғалар;

 радиациялық авария - атом энергиясын қолдану объектiсiн қауiпсiз пайдалану шегiнiң бұзылып, бұл орайда адамдардың немесе қоршаған ортаның белгiленген нормалардан жоғары радиоактивтi ластануына әкеп соғуы мүмкiн немесе әкеп соққан радиоактивтi өнiмдердiң және (немесе) иондаушы сәулелендiрудiң қалыпты пайдалану жобасында көзделген шектен асып кетуi;

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Стандарттау және биотехнология кафедрасы

СРО

Халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылау

Орындаған: Қаржаубай Д.М.

Топ: СМ 213

Тексерген: Толеубекова С.С

Семей 2015

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың
жалпы құқықтық негіздерін реттейді және бақылау мен қадағалау қызметін
жүзеге асырудың бірыңғай қағидаттарын белгілеуге, сондай-ақ мемлекеттік
органдардың, өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге
асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғауға бағытталған.
Осы Заң халықтың денсаулығын иондаушы сәулелендiрудiң зиянды әсерiнен
қорғау мақсатында оның радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы
қоғамдық қатынастарды реттейдi.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

– араласу деңгейi - жол берiлмейтiн мөлшердiң шамасы, оған жеткен
кезде, созылмалы немесе авариялық сәуле алу жағдайы туындаған реттерде
қорғау немесе авариядан кейiнгi шаралар қолданылады;

– әсерлi мөлшер - адам организмi мен оның жекелеген органдарының
радиациялық сезiмталдығын ескере отырып, олардың сәуле алуының
кейiндегi зардаптарының пайда болу қатерiнiң шамасы ретiнде
пайдаланылатын иондаушы сәулелендiрудiң сiңiрiлген энергиясының
шамасы;

– бақыланатын аймақ - радиациялық бақылау, адамдарды жiберу және
олардың тұруы жөнiнде арнаулы ережелер қолданылатын аумақ;

– иондаушы сәулелендiру - ортамен өзара әрекет кезiнде түрлi
белгiлердегi иондар түзетiн, зарядталған, зарядталмаған бөлшектер мен
фотондардан тұратын сәулелендiру;

– қызметшiлер - тiкелей иондаушы сәулелендiру көздерiмен тұрақты немесе
уақытша жұмыс iстейтiн жеке тұлғалар;

– радиациялық авария - атом энергиясын қолдану объектiсiн қауiпсiз
пайдалану шегiнiң бұзылып, бұл орайда адамдардың немесе қоршаған
ортаның белгiленген нормалардан жоғары радиоактивтi ластануына әкеп
соғуы мүмкiн немесе әкеп соққан радиоактивтi өнiмдердiң және (немесе)
иондаушы сәулелендiрудiң қалыпты пайдалану жобасында көзделген шектен
асып кетуi;

– радиациялық қауiпсiздiк – белгiленген нормаларға сәйкес
қызметшiлерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерi
шектелетiн, атом энергиясы пайдаланылатын объектінің ерекшеліктері мен
сипаттамаларының жай-күйі;

– радиациялық қорғаныш - радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге
бағытталған радиациялық-гигиеналық, жобалау-конструкторлық, техникалық
және ұйымдық шаралар жиынтығы;

– радиациялық мониторинг - иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдаланатын
объектiлерде де, қоршаған ортада да радиациялық жағдайдың жай-күйiн
жүйелi түрде байқап отыру;

– табиғи радиациялық ая - ғарыш сәулесi және жерде, суда, ауада,
биосфераның басқа элементтерiнде, тамақ өнiмдерi мен адам организмiнде
өздiгiнен бөлiнген табиғи радионуклидтердiң сәулесi шығаратын
сәулелендiру мөлшерi;

– техногендiк өзгертiлген радиациялық орта - адам қызметiнiң
нәтижесiнде өзгерген табиғи радиациялық орта;

– техногендiк радиациялық фон - сол жердiң табиғи радиациялық фонын
сипаттайтын осындай көрсеткiштердiң деңгейлерiн шегерiп тастағандағы
радиациялық жағдайды сипаттайтын көрсеткiштер деңгейi.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29 № 209 Заңымен, өзгерту
енгізілді - 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының радиациялық
қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы
заңдары

Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi,
"Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңынан, осы
Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық
актiлерiнен тұрады.

3-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi
принциптерi

Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi
мыналар болып табылады:
– нормалау принципi - иондаушы сәулелендiрудiң барлық көздерiнен
азаматтардың сәуле алуының жеке мөлшерiнiң жол берiлетiн шегiнен
асырмау;
– негiздеу принципi - иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалану
жөнiндегi қызметтiң барлық түрiне тыйым салу, бұл орайда алынған пайда
адам мен қоғам үшiн табиғи радиациялық ортаға қосымша сәуле алу
келтiретiн ықтимал зиян қатерiнен аспайды;
– оңтайлыландыру принципi - иондаушы сәулелендiрудiң кез келген көзiн
пайдалану кезiнде сәуле алудың жеке мөлшерi мен сәуле алатын адамдар
санының экономикалық және әлеуметтiк факторларын ескере отырып,
мүмкiндiгiнше төмен және қол жетерлiк деңгейде ұстау;
– авариялық оңтайлыландыру принципi - төтенше (авариялық) жағдайларда
қолданылатын шаралардың нысаны, ауқымы мен ұзақтығы адам денсаулығына
зиянды азайтудың нақты пайдасы араласуды жүзеге асырудан болатын
залалға байланысты залалдан барынша көп болатындай етiп
оңтайлыландырылуға тиiс.

4-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету

Радиациялық қауiпсiздiк:
– құқықтық, ұйымдық, инженерлiк - техникалық, санитарлық-гигиеналық,
профилактикалық, тәрбиелiк, жалпы бiлiм беру мен ақпараттық сипаттағы
шаралар кешенiн жүргiзу;
– Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, қоғамдық
бiрлестiктердiң, жеке және заңды тұлғалардың радиациялық қауiпсiздiк
саласындағы нормалар мен ережелердi сақтау жөнiндегi шараларды iске
асыруы;
– республиканың бүкiл аумағында радиациялық мониторингтi жүзеге асыру;
– иондаушы сәулелендiру көздерiмен нақты қызметтi жүзеге асырудың
барлық деңгейiнде радиациялық қауiпсiздiктi сапалық жағынан қамтамасыз
ету бағдарламаларын iске асыру арқылы қамтамасыз етiледi.

Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі).

2-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ, ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ
5-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
саласындағы мемлекеттiк органдар

1. Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттi мемлекеттiк
органдарды, олардың арасындағы:
– иондаушы сәулелендiру әсерiнен халықтың денсаулығын қорғау;
– радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және атом энергиясын
пайдалануға байланысты қызмет түрлерiне лицензия беру;
– қоршаған орта объектiлерiнiң радиоактивтiк ластануының алдын алу және
иондаушы сәулелендiрудiң табиғи көздерiн бақылау жөнiндегi өзара iс-
қимыл тәртiбi мен мiндеттердiң ара-жiгiн белгiлейдi.
1-1. Алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
1-2. Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган
радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекет уәкiлдiк
берген Қазақстан Республикасының атқарушы органы болып табылады, бiрыңғай
мемлекеттiк саясат жүргiзедi, басқа уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың
жұмысын үйлестiредi, сондай-ақ:
– атом энергиясын пайдалану жөнiндегi қызмет түрлерiне лицензия берудi
жүзеге асырады;
– радиациялық қауiпсiздiкке, ядролық материалдар мен иондаушы
сәулелендiру көздерiн физикалық қорғауға және аварияға қарсы
жоспарлауға, есепке алу мен бақылауға қатысты нормалар мен ережелердi
әзiрлейдi және келiсiп отырады;
– радиациялық қауiпсiздiк нормалары мен ережелерiнiң, лицензиялар
шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
– радиациялық қорғау жөнiндегi ұлттық комиссияның қызметiн қамтамасыз
етедi;
– осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан
Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01
бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 № 209, 2011.01.06 № 378-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа
енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

6-бап. Мемлекеттiк органдардың радиациялық қауiпсiздiктi
қамтамасыз ету жөнiндегi құзыреті

Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV
(2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның
құзыретіне мыналар жатады:
1) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк
саясатты iске асыру;
2) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі);
3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3-1) иондаушы сәулелену әсерiне байланысты аурулардың тiзбесiн және
себептiк байланысын анықтау тәртiбiн айқындау;
4) иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу саласындағы
лицензиялануға жататын қызмет түрлерiн белгiлеу;
5) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, соның iшiнде халықтың
сәуле алу дозаларын бақылау мен есепке алу саласындағы мемлекеттiк
басқарудың бiрыңғай жүйесiн құру және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
6) ядролық материалдардың және басқа да иондаушы сәулелендiру
көздерiнiң экспортын, импортын, орын ауыстыруын, транзитін және
орналастырылуын жүзеге асыруды бақылау;
7) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы халықаралық
ынтымақтастықты және халықаралық шарттар бойынша мiндеттемелердi орындауды
жүзеге асыру;
8) радиациялық қауіпсіздік саласындағы техникалық регламенттерді
әзірлеу және бекіту;
8-1) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін
персоналға қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу;
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан
Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы
уәкiлеттi мемлекеттiк органның құзыретіне мыналар жатады:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) радиациялық авариялар салдарынан радиоактивтi ластануға ұшыраған
аумақтарда тiршiлiк ету жағдайлары мен оларда тұрудың ерекше режимдерiн
регламенттеу;
3) сәулеленуге ұшыраған халыққа көмек көрсетiлуiн бақылау;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан
Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 № 13 (01.01.2005
бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерістер енгізілді - 2006.12.29 № 209,
2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 №
124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он
күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

7-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
жөнiндегi мемлекеттiк нормалау

1. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк
нормалау радиациялық қауiпсiздiк нормаларын, санитарлық ережелердi,
гигиеналық нормативтердi, құрылыс нормалары мен ережелерiн, еңбек қорғау
ережелерiн, радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi әдiстемелiк, нұсқаулық және
өзге де құжаттарды белгiлеу арқылы жүзеге асырылады. Бұл актiлер
радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi халықаралық стандарттарды ескеруге тиiс
және осы Заңның ережелерiне қайшы келмеуге тиiс.
2. Радиациялық қауiпсiздiк саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық
ережелер мен нормалар, техникалық регламенттер Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
3. Радиациялық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi өкiмдiк, нұсқаулық,
әдiстемелiк және өзге де құжаттарды уәкiлеттi мемлекеттiк органдар және
пайдаланушы ұйымдар өз құзыреттерi шегiнде радиациялық қауiпсiздiк
саласындағы техникалық регламенттер негiзiнде бекiтедi және қабылдайды.
Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2006.12.29 № 209 Заңымен.

8-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге
өндiрiстiк бақылау

1. Иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалануға байланысты қызметтi
жүзеге асыратын ұйымдар радиациялық қорғау сапасының қамтамасыз етiлуiне
өндiрiстiк бақылау жасайды.
2. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өндiрiстiк
бақылауды орындау тәртiбi әрбiр ұйым үшiн ол орындайтын жұмыстардың
ерекшелiктерi мен жағдайлары ескерiле отырып белгiленедi, халықтың
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк
органмен келiсiледi және оны атом энергиясын пайдалану саласындағы
уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.
3. Радиациялық қорғаудың қамтамасыз етiлуiне өндiрiстiк бақылауды
жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдары тиiстi ұйымдарда радиациялық
қауiпсiздiк талаптарын, нормаларды, ережелер мен гигиеналық нормативтердi,
радиациялық қауiпсiздiк ережелерiн, құрылыс нормалары мен ережелерiн, еңбек
қорғау ережелерiн, радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы
өкiмдiк, нұсқаулық, әдiстемелiк және өзге де құжаттарды бұзу анықталған
жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шараларын
қолдануға құқылы.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi),
2006.12.29 № 209 Заңдарымен.

3-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ
ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
9-бап. Радиациялық қауiпсiздiктiң жай-күйiн бағалауға
қойылатын талаптар

1. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында жоспарлау және
шешiмдер қабылдау, мемлекеттiк органдардың, облыстардың (республикалық
маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының, сондай-ақ
қызметiн иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып жүзеге асыратын
ұйымдардың аталған шешiмдердiң тиiмдiлігіне талдау жасауы кезiнде
радиациялық қауiпсiздiк саласында белгiленген радиациялық қауiпсiздiк
талаптарын, ережелер мен гигиеналық нормативтердi сақтау мақсатында
радиациялық қауiпсiздiктi бағалау жүргiзiледi.
2. Радиациялық қауiпсiздiктi бағалауды халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган, қоршаған ортаны
қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және атом энергиясын пайдалану
саласындағы уәкiлеттi орган мыналардың негiзiнде:
1) қоршаған ортаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРЛЫҚ - ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАУАТТЫЛЫҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылау
Жануарлардың иондаушы сәулелер әсеріне сезімталдығы
Радиациялық сараптама
Қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғау
Радиациялық қауіпсіздік нормасы
Қазақстан Республикасының заң актілері
Мөлшерлі саты. Бақыланатын саты
Тіршілікті қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері
Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар
Пәндер