Шошқаның гигиенасы жайлы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ «ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ» КАФЕДРАСЫ
БӨЖ
Тақырыбы: «Шошқаның гигиенасы»
Орындаған :Биязбаев Е. О.
Тобы : ВС-303
Тексерген : Садуқасов М. С.
2015ж
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Шошқаларға арналған қоралар және олардың ішкі жоспарлануы
2. 2 Аналық шошқа қоралары
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Шошқа шаруашылығында технологиялық процесстерді белгілеу кезінде, малдарды ұстау жүйелердін, азықтандыру және өсіру жолдарын ескереді. Шошқа малдарын комплекстерде ұстау жүйелері үш түрлі: бір, екі және үш фазалы (сатылы) болады. Бір фазалы ұстау кезінде торайларды 21, 26, 36 тәулік жастарында енесінен айырып, сол станокта (орында) өсіріп, семіртіп, соңынан союға жібереді де, ал аналық шошқаларды ұрықтандыру қораларына ауыстырады. Мұндай ұстау тәсілі кезінде жас малдарды бір жерден бір жерге ауыстырып топтаудың нәтижесінен туатын стресс фактордан сақтандырады.
Екі фазалы жүйемен ұстау кезінде торайларды туғаннан бастап бордақылаудың соңына дейін бір рет ауыстырады, яғни торайлары 26-36 тәуліктік жастарында енесінен айырады да, сол станокты өзгертпей, үш айлығына дейін сонда өсіріп, кейіннен бордақылау цехіне ауыстырады. Аналық шошқаларды қысыр-буаз шошқалар цехіне ауыстырады. Мұндай технология мен 12-24 мың бас шошқаларға арналған фермалар салынған.
Үш фазалы жүйемен ұстау кезінде торайларды 26-36, 45 тәуліктік жастарында (салмағы 6-18 кг) бөліп алып, ол тұрған цехінен өсіру цехіне ауыстырып 90-120 күндігіне дейін ұстап, кейін бордақылау цехіне жіберіп союға дейін семіртеді.
2. 1. Шошқаларға арналған қоралар және олардың ішкі жоспарлануы
Ірілендірілген шошқа комплекстерінде әр өндірістік топтағы шошқаларды жеке қораларда ұстайды. Ол үшін әр шаруашылықта қабан шошқаларға арналған қоралар (ұрықтандыру пункті немесе онсыз), қысыр және ұрықтандырылған аналық қоралары, буаз және торайлы шошқаларға, енесінен айырған торайлар мен жас шошқаларға, бордақы шошқаларға және басқа шаруашылықтан алынған малдарға арналған карантин-қоралары қаралады.
Аталық шошқаларға (қабандарға) арналған қоралар көбінесе ірі шаруашылықтарда комплекстерде қаралады, ал кішігірім фермаларда, көбінесе аналық шошқалардың қораларында жекелеме станоктарда қабандарды да ұстайды. Қабан шошқаларға арналған қорада қосымша ұрықтандыру пункті (манеж, лаборатория), қабандарға санитарлық-тазалау жұмыстарын жүргізетін бөлме, ұрықтанған аналық шошқаларды уақытша ұстаға арналған орын, жабдықтарды және төсеніштерді сақтайтын бөлмелер қаралады.
Қабандардың қораларында станоктарды екі қатарлы орналастырып, ұзын қабырғалармен аралығына ені 1 м жол тастап, ал ортадан азық таратып, көң тазартатын ені 1, 4 м кем емес, жол қалдырады. Негізгі қабандарды жекелеп, жас өнімдіктерін шағын (3-4) топпен станоктарда ұстап, олардың едендерінің ауданын әр басқа шаққанда жеке ұстағанда - 7, топтап ұстағанда - 2, 5 м² қаралады. Қабандарға арналған қоралар жарық болуы керек. Қараңғыда аталық шошқалардың ұрығының сапасы төмендейді.
Қабан шошқалардың станоктары азық науаларымен және су құбырларымен (табақша немесе емшекті автопоилкалар) жабдықталады. Азық науасының әр басқа шаққандағы ұзындығы (фронт) 45-50 см. Құрғақ азықтардың науасының ені (үстінен және түбінен) 50 см, алдыңғы бетінің биіктігі - 25 см. Станоктың едені жылыланған болуы керек.
Қабандардың негізгі аурулараның себебі оларды қыс және күз айларында суық, сызды едендерде ұстау, моционның жетіспеушілігі және жазда жаймау екендігі тәжірибеде де дәлелденген. Суық кездерде қабандар тұратын станоктардың едендерінің жылылығы 15-18 ºС болуы керек. Егер қабан шошқаларды жылы едендерде ұстаса, олардағы кейбір аурулар (бұлшық еттерінің дірілі, жұмсақ табандары, аяқ тұяқтарының жарылуы т. б. ) кездеспейді.
Буаз және қысыр мегежіндердің қораларын жекелеме және топтап ұстауға арналған станоктармен жабдықтайды. Аналық шошқаларға арналған станоктардың екі жанындағы қабырғаларының 1/3 бөлігі тұтас, ал қалған жағы төркөзді болып, көң түсетін арықтың үсті жабылған еденінде тұрады. Станоктың тұтас қабырғалы бөлігінің едені жылыланған таза болуы керек. Шошқаларды топтап ұстуға арналған станоктың ені (тереңдігі) 3, 5 м артық болмай, әр станокта 10 бастан көп емес қысыр немесе жеңіл буаз аналықтар орналастырып, әр басқа 1, 8-2 м² еден ауданы есептеледі.
Стакандарда жеке немесе топтап көректендіруге арналған азық науалары орнатылады. Әр станокта төркөзді деннің турасына су құбыры қойылады. Көбінесе шошқалар станокта төсенішсіз ұсталатын болғандықтан еден керамзитті-бетонды материалдан жасалады.
Комплекстерде буаз шошқалары туатын цехқа ауыстырғанша шағын топ пен (5-6 бастан көп емес) ұстап, торайлардан 3-5 күн бұрын жеке станоктарға орналастырады.
Буаз шошқаларды ұстаған кезде олардың 110-113 күндері өте қауіпті екенін естен шығармау керекте, осы кездерде олар толық құнарлы затты, витаминді және макро-микро элементті рационмен қамтамасыз етілуі қажет. Қысыр және жеңіл буаз аналық шошқаларды ұстаған кезде қораның микроклиматы қалыпты болуы керек. Ұзақ уақыт қысыр шошқалардың жоғарғы температурада, әсіресе жаз айларында жас аналықтардың, болуы жыныстық күйтінің келуін тежейді. Аналық шошқалардың оптималды температуралы режимде ұстап, серуендетіп, қалыпты азықтандырып отырса, олардың жыныстық күйті тез келеді.
2. 2 Аналық шошқа қоралары
Шошқа фермалары мен комплекстерінде торайлы және ауыр буаз аналықтарға арнап қора салып, оларға екі, үш, төрт қатарлы станоктар орналастырып, әр станокта бір аналықты торайы мен бірге және тууына 7-10 күн қалған аналықтарды торайлағанға дейін және торайлағаннан соң 30-45 күнге дейін ұстайды.
Станоктардың конструкциялары (үйлесім құрылысы) шошқалардың тууына қолайлы және жас туған торайларды енелерінің үстіне жатып, жаншып өлтіруден сақтайтын болуы керек. Ол үшін аналықты жас торайцлардан бөлек ұстап, ал торайлардың жеке шығып кететін саңылаулы тесігі болып, жеке дем алатын зонасы болуы керек. Қатар орналасқан станоктардағы малдардың бір-біріне қатысы болу үшін станоктың үш қабырғалары тұтас, ал тек көң жолы жағының қабырғасы торкөзді бөлігі торайлардың енесіне қатысуына бөгетсіз болып, астыңғы жағынан саңылау қалдырады. Жас торайларды жылыту үшін, олардың жатқан бөлігінің жағына белгілі бір биіктікте инфра қызыл, ультракүлгін және эритемді шамдарды іліп орнатады.
Станоктардың ішіндегі көңді едендердің тор көздерінен астындағы каналға (арық) түсіп, одан арнайы қырғыш, сырғыш транспортерлердің көмегімен тазаланып шығарылады.
Шошқаларды бір фазалы технологиямен ұстаған кездерде «Лузинский», ал екі фазалы да ОСМ-120 типті станоктарды пайдаланады. Сол сияқты үш фазалы технологиямен ұстағанда станоктардың типтері ССИ-2, ОСМ-60 (СОИ-1), СОИЛ-2 типтері болады. Олардың ССИ-2 және СОИЛ-3 аналықтарды туғызып және торайларымен 26 күндігіне дейін, ал СОИЛ-2-45 күндік жасына дейін ұстауға жасалған. Станок ОСМ-60 (СОИЛ-1) тұқымдық фермалармен комплекстерде аналық шошқаларды торайымен 60 күндік жасына дейін ұстаға қолайлы болады.
Станоктардың еденінің ауданы енелерінен торайларын айыратын мезгілдеріне байланысты болып, егер торайларды 60-күндігінде айырса станок ауданы - 6-7 м², ал 30-35 тәулігінде болса - 5-5, 5 м² алынады. Бұл станоктардың ішінде зоогигиеналық талаптарға көбінесе сай келетін СОИЛ-1, СОИЛ-2 (Ленинградтық) типтілері болады. Станоктар үш бөлікке (боксқа) бөлініп, ортаңғысында аналық шошқа тұрып, екі шетінде торайлар жатып дем алып және азықтануына арналған. Станоктың үшінші қабырғасына аналық шошқаға арналған өздігінен аударылатын азық науасы бекітілген. Станокта табақша немесе емшекті су құбыры ПАС-2А орнатылады. Торайлардың жататын жерлерінің үстіне инфрақызыл шам ілінеді де, ал торайлар мен аналықтарды сәулелендіру үшін ультракүлгін шамдары ЛЭ-16, немесе ЭО-1-30 М типтілер ілініп қойылады.
Станок ССИ-2 типті (ВНИИМЖ) мегежіндердің тууына арналған бір, торайлардың дем алып, азықтануына - 2 бөлмесі және серуендейтін алаңы болады. Комплекстерде енесінен айырған торайларды өсіріп, одан бордақылап семірту үшін станоктар ОСМ-120 типті болады. Жалпы ұзындығы - 317 см, ені - 200 см. Туған кезінде аналықты ұстайтын боксының ұзындығы - 180 см, ені - 60 см.
Енесінен айырған торайларға арналған қоралар - тұқымдық және өнімдік фермаларда, оларды 25-30 бастан топтап ұстауға арналып салынады. Кейбір фермаларда енесінен айырған торайларды ұялы түрде ұстайды (бір ұядағы торайларды жеке станокта) . Енесінен айырған торайларды ірі топпен ұстаған кездерде елеулі мөлшерде өсу салмағы төмендейді. Сондықтан енесінен айырған торайларды үш ұядан артық қоспай, яғни 15-25 бастан артық бір станокқа топтамау қажет. Шағын фермаларда 0, 35 м², тұқымдықтарда - 0, 4 м² әр басқа есептеп орналастырады. Азық науаларының әр басқа ұзындығын 20 см есептеп алады.
Енесінен айырған торайларға арналған қоралар жылы, құрғақ жарық және жақсы желдетілген болуы керек. Неғұрлым өсіруге қойылған шошқалар жас болса, жаңа орынға олардың организмдері бейімделу үшін, солғұрлым ұстау жағдайы жақсы болуы керек. Жас торайлардың өсу жылдамдығы көбінесе қора ауасындағы оттегінің мөлшеріне байланысты болады. Сондықтан жас торайлардың секцияларына таза ауаны механикалық тәсілмен жеткізіп, қамтамасыз етіп, жыл мезгіліне байланысты суық кездерде жылытып, таза, жаңа ауа жоғарғы жаққа, ал ескі, ластанған ауа төменнен алмастырылады.
Жас шошқаларды клеткалы батареяларда жетілтіп өсіру - мал қораларының сиымдылығын арттырып, қорадан таратылатын жылудың мөлшерін азайтып, соның нәтижесінде қораны жылытуға кететін шығынды кемітіп, құрлыс материалдарын үнемдеп, вентиляция, канализация, электр жүйелерінің жүргізу жолдарын қысқартып және ауыр технологиялық процесстерді (азық тарату, көң шығару, ауа алмастыру, жарықтандыру т. б. ) механикаландырып және автоматизациялауға қолайлы жағдай жасалады.
Клеткалы - батареяларда торайларды өсіріп-жетілдіру екі сатыда жүргізіледі: біріншісі торайларды 4-10 күндіктен 30-35 тәуліктік жасына дейін, екіншісі - 30-35 тен 90-105 күнге дейін жүргізіледі.
Торайларды өсірудің бірінші сатысында, көбінесе үш қабатты клеткалы батареяларды пайдаланады. Клетканың қаңқасын тат баспай-
тын металдан жасап, клеткалардың өзін цинктелген сымдардан торкөзді қылып дайындайды. Клеткалардың размерлері орналасатын торайлардың жасы мен санына байланысты болады. Өте ерте енесінен айырып алынған торайларды жекелеме клеткаларда ұстайды да, оның размері 0, 25м×0, 60м болады. Топтап ұстау үшін, размерлері үлкендеу клеткалар 1, 2 м-1, 5 м×0, 6 м×0, 8 м және биіктігі 0, 4-0, 6 м пайдаланылып, оның әр торайға жасына байланыстырып еденнің ауданын 0, 1 м² дан 1, 2 м² дейін есептеледі. Клетканың алдыңғы қабырғасын еңіс жасап, оған металды азық науасын бекітеді. Бұл қабырғаны көбінесе қосымша есік есебінде пайдаланады. Көректену кезінде торайлар қатты мазасызданбау үшін, алдыңғы қабырғасының ішкі жағына торайдың санына байланыстырып, азық науасын бөліп тұратын темір таяқшалар бекітіліп қойылады.
Клеткалары батареялардың едені екі қабатты метал сеткаларынан жасалып, оларды жылжыту арқылы, оның тор көздерінің размерлері 10×10 мм немесе12×12 мм болатындай орналастырады.
Әр қабатты клеткалардың астына металды немесе полимерлі материалдардан еңісті төсеніш төселеді де, оның үстіне түскен шошқа нәжісі сырғып, көң каналына түсіп, одан сумен жуып немесе қырғыш құрылымымен шығарылады.
Торайларды екінші сатылы өсіріп-жетілдіру мерзімінде берік бір немесе екі қабатты металдан жасалған клеткалы батареяларын пайдаланады. Олардың еденедерінің ауданы, торайлардың өсуіне байланыстырып, 0, 27-0, 28-0, 30 немесе 0, 37-0, 38 м² есептеледі. Клетканың размері 1, 2×1, 6 м немесе 1, 3×1, 3 м, биіктігі - 0, 6 м. Клетканың еденін метал сырықтардан (планка) саңылауын 5×15 немесе 30 мм және аралығындағы саңылау 10-15 мм жасалады. Бірінші қабаттың едені жерден 0, 38 немесе 0, 6-0, 7 м жоғары орналасады. Шошқалардың қыйы тор едендерінің арасынан арықтарға түсіп, ол жерден көң жинағыш құрылымының көмегімен тазаланады.
Торайларды суару үшін клеткадағы азық науаларына қарама-қарсы жақтан емшекті суарғыштар орнатады, оларды еденнен 5-10 см жоғары бекітеді.
Азық науаларын алдыңғы қабырғалардың ұзын бойына орнатып, салмағы 25-30 кг торайлардың әр қайсысына 18-22 см орыннан есептейді.
Торайларды клеткалы батареяларда ұстап өсіру кезінде ондағы микроклиматтың нормативке сәйкестігіне аса көңіл бөлінеді. Бірінші сатыдағы торайларды өсіру кезінде ауаның температурасы 26-28 ºС болуы керекте, олардың өсуіне байланыстырып, төмендетіп отырады. Мысалы, торайдың тірі салмағы 18-20кг болса, ауа температурасы 22-24ºС, салыстырмалы ылғалдылығы 60 % жоғары болмауы керек. Қорадағы микроклиматтың көрсеткіштерін қалыпты мөлшерде ұстап тұру үшін ауаны сорып кіргізіп-шығарып тұратын механикалық желдеткіш орнатылады. Таза ауа жоғарғы зонадан кіріп, ал ішкі ластанған ауа төменнен (60 %-дай) көңнің арық жолдарынан шығарылуы керек. Қора ауасының қозғалысының жылдамдығы 0, 2 м/сек жоғары болмауы керек.
Ғылими зерттеулердің нәтижесінде ерте 5-10 күндік жасында енесінен айырып, клеткалы батаряларда ұстап, дұрыс жағдай жасалса, олардың екі айлығында тірі салмағы - 21 кг жетіп, ал торайларды 3-5 апталығында енесінен айырғанда осы салмаққа тек 66-68 тәуліктік жастарында ғана толатындығы дәлелденген. Мұнымен қоса олардың сақталу пайызы жоғары болады.
Сондықтан, торайларды ерте енелерінен айырып, өсіріп жетілдіру, тек өте жоғарғы санитарлық-гигиеналық талаптарға ұйымдастыру жұмыстары жүргізілген жағдайда ғана мол өнім алынып, тиімді болады.
Өнімдік жас шошқаларға арналған қораларды, фермалардың қуаттылығына байланысты сиымдылығын, белгілеп ішіне екі, төрт қатарлы станоктар орналастырады да, малдарды топтап ұстайды. Бір станокта 10-30 басқа дейін топтап орналастырады. Өнімдік фермаларда станоктың әр басқа шаққанда ауданы 0, 7-0, 8 м², ал тұқымдық малдарға - 1 м² дейін есептеледі. Станоктардың тереңдігі (ені) және ұзындығы 3, 5 м болады. Азық науалары әр басқа шақанда 0, 3 м келеді. Ір станоктың ішіне су құбырын орнатады.
Шошқа қорасының ауа температурасы 16-18ºС болуы керек. Ауа температурасы жоғары болса (30-35º) ұрғашы жас шошқалардың жыныс күйті шағылысуға уақытында келмей тежеледі.
Өнімдік жас шошқаларды өсіргенде табиғи жағдайға ұқсастырып күтіп-бағып қана келешекте мол өнім алуға болады. Сондықтан оларды күнделікті серуендетіп отыру қажет.
Бордақылайтын шошқаларға арналған қораларда да топтап ұстайтын станоктармен 2-4 қатарлы қылып жабдықталады (сурет 6) . Әр станоктың сиымдылығы 25-30 басқа дейін болады. Азық науаларының ұзындығы әр басқа шаққанда 30-32 см кем келмеуі керек. Бірақ, бордақы малдарын станокта 12-15 бастан артық топтамаған жағдайда, олар бір-бірін жиі мазаламай, жақсы дем алып, қоң жинап, сақталу пайызы жоғарлайды және малдардың ауруы азайып, лажсыз сою кемиді.
Станоктардың қабырғаларының биіктігі 1, 1 м кем болмай, екі тіркелес станоктардың бөлігі тұтас, ал азықтанатын бөлігінде, көң түсетін арықтың үстіндегі қабырға тор көзді болып 10-12 см саңылау размері жасалады. Бордақылаудағы жас шошқалар үшін станоктың ауданы бір басқа 0, 5, ересектерге 0, 7-0, 8 шаршы метр есептеледі. Станоктың ені мен ұзындығы 3, 5 м артық болмайды.
Бордақыда тұрған шошқалардың қораларының ауасының температурасын малдардың өсуіне байланыстырып қалыптап отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz