Google құрастырушылары жайлы мәліметтер



1. Компьютер жастанып ұйықтайтын бала
2. Ойыншықтан принтер құрастырушы
3. Дәліздегі кездесу
4. Гугл» . онның он дәрежесі
5. Google.дың қазіргі таңдағы көрсеткіштері:
6. Google заттары:
7. Қорытынды
Сергей Брин жайлы. Бұл азамат 1973 жылдың 21 тамызында Мәскеуде дүниеге келген. Неше атасынан бері математик, қолданбалы ғылымдардың «майын ішкен» жандардың ұрпағы. 1979 жылы Бриндер отбасы АҚШ-қа қоныс аударады. 1980 жылдардың басында Сергей компьютерлік бағдарламалауды меңгереді де, болашақта компьютер маманы болуды мақсат етеді. Тоғыз жасқа толғанда әкесі оған Commodore-64 компьютерін сыйлайды. 1990 жылы ол Мэриленд университетінің математика факультетіне оқуға түсіп, төрт курсты үш жылда үздік тәмамдайды. Одан бөлек, оқуын кез келген университетте жалғастыруға мүмкіндік беретін беделді шәкіртақы иеленеді. Сергей Стэнфорд университетінің компьютерлік білім кафедрасын таңдайды. Мұнда Брин «жүйеленбеген ақпараттардың үлкен жиынтығынан мәліметтер жинау» технологиясын сәтті іске асырады. Дәл осы оқу орнында ол өзінің бұдан кейінгі негізгі әріптесі және идеяласы Ларри Пейджбен ұшырасады.

Ойыншықтан принтер құрастырушы
Ларри Пейдж де дәл сол 1973 жылы наурызда АҚШ-тың Мичиган штатындағы Энн Арбор қаласында туған. Ларри жастайынан білуге құмар бала болды. Әкесі Карл Пейдж компьютерлік технология саласында зерттеулермен айналысатын. Баласына 6 жасында алғашқы компьютерін алып береді. Ларри әкесі күткеннен де асып түседі. Ол Лего конструкторының бөлшектерінен-ақ принтер құрастырып шығарады. Компьютерлік инженерия бөлімі бойынша бакалавр дәрежесін игерген соң, оқуын жалғастыру үшін Стэнфорд университетіне келеді.

Дәліздегі кездесу
Ларри Стэнфордқа келгенде, оны дәлізде қарсы алуға Брин шығады. Жолда екеуінің әңгімесі жарасады. Ең қызығы, екеуін де компьютер қатты қызықтырады екен. Ақырында Сергей мен Ларри ғаламтордан мәліметтер іздеу жүйесін жақсарту туралы курстық жұмысты бірге жазады. Бұл жұмыс бірте-бірте сол кез үшін өте соны принциптерге, яғни, сөздің жиі пайдаланылуына емес, сайттың маңыздылығы мен сілтемелердің санына негізделген іздеу жүйесін ойлап табуға жалғасады.
1. http://kk.wikipedia.org
2. http://forbes.kz/
3. http://zhasorken.kz/

Жоспар:
1. Компьютер жастанып ұйықтайтын бала
2. Ойыншықтан принтер құрастырушы
3. Дәліздегі кездесу
4. Гугл - онның он дәрежесі
5. Google-дың қазіргі таңдағы көрсеткіштері:
6. Google заттары:
7. Қорытынды

Компьютер жастанып ұйықтайтын бала
Сергей Брин жайлы. Бұл азамат 1973 жылдың 21 тамызында Мәскеуде дүниеге келген. Неше атасынан бері математик, қолданбалы ғылымдардың майын ішкен жандардың ұрпағы. 1979 жылы Бриндер отбасы АҚШ-қа қоныс аударады. 1980 жылдардың басында Сергей компьютерлік бағдарламалауды меңгереді де, болашақта компьютер маманы болуды мақсат етеді. Тоғыз жасқа толғанда әкесі оған Commodore-64 компьютерін сыйлайды. 1990 жылы ол Мэриленд университетінің математика факультетіне оқуға түсіп, төрт курсты үш жылда үздік тәмамдайды. Одан бөлек, оқуын кез келген университетте жалғастыруға мүмкіндік беретін беделді шәкіртақы иеленеді. Сергей Стэнфорд университетінің компьютерлік білім кафедрасын таңдайды. Мұнда Брин жүйеленбеген ақпараттардың үлкен жиынтығынан мәліметтер жинау технологиясын сәтті іске асырады. Дәл осы оқу орнында ол өзінің бұдан кейінгі негізгі әріптесі және идеяласы Ларри Пейджбен ұшырасады.

Ойыншықтан принтер құрастырушы
Ларри Пейдж де дәл сол 1973 жылы наурызда АҚШ-тың Мичиган штатындағы Энн Арбор қаласында туған. Ларри жастайынан білуге құмар бала болды. Әкесі Карл Пейдж компьютерлік технология саласында зерттеулермен айналысатын. Баласына 6 жасында алғашқы компьютерін алып береді. Ларри әкесі күткеннен де асып түседі. Ол Лего конструкторының бөлшектерінен-ақ принтер құрастырып шығарады. Компьютерлік инженерия бөлімі бойынша бакалавр дәрежесін игерген соң, оқуын жалғастыру үшін Стэнфорд университетіне келеді.

Дәліздегі кездесу
Ларри Стэнфордқа келгенде, оны дәлізде қарсы алуға Брин шығады. Жолда екеуінің әңгімесі жарасады. Ең қызығы, екеуін де компьютер қатты қызықтырады екен. Ақырында Сергей мен Ларри ғаламтордан мәліметтер іздеу жүйесін жақсарту туралы курстық жұмысты бірге жазады. Бұл жұмыс бірте-бірте сол кез үшін өте соны принциптерге, яғни, сөздің жиі пайдаланылуына емес, сайттың маңыздылығы мен сілтемелердің санына негізделген іздеу жүйесін ойлап табуға жалғасады.
1996 жылы Брин мен Пейдж Pagerank деп аталатын мүлде жаңа іздеу алгоритмін ойлап табады. Арада бірнеше ай өткенде Google іздеу жүйесі өмірге келеді. Ағылшын тілінде Гугл - онның он дәрежесі, 100 нөлі бар санды білдіретін өлшем. Әуелі бұл жүйе Стэнфорд университетінің серверіне орналастырылды және студенттер ғана пайдаланып жүрді. Бірте-бірте бұл жүйенің беделі арта берді. 1998 жылдың соңына қарай оны күніне 10 мың адам пайдаланатын жағдайға жетті. Бұл университет рұқсат берген барлық трафиктің жартысын иеленетін көлемде еді, одан бөлек, іздеу роботы кіруге шектеу қойылған ғаламторлық беттерге да еркін ене беретін. Осыдан кейін университет басшылығы екі ойшыл жігітке серверді босатуды ұсынды.
Брин мен Пейдж өздері ойлап тапқан жүйені бірнеше интернет-компанияға ұсынып көрді, бірақ оның ешқайсысы елп ете қойған жоқ. Тіпті Excite компаниясының басшысы іздеу сайттарының болашағы жоқ, онымен көп ақша таба алмайсыңдар деп шорт кесті. Сергей мен Ларри ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
PLAN 9 ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Eclair кондитерлік фабрикасының ғаламтор-дүкені
Жоғарғы оқу орнының жұмысын басқару мен бақылау жүйесін жобалау
Бахус фирмасының интернет-дүкенін өңдеу
Android операциялық жүйесінің платформасы
Nash pub кафесінің Веб-сайтын құру
Веб - сайттың негізгі маңыздылығы
Компьютерлік вирустарға қарсы программаларды жүйелеу
Кез-келген білім алушыға арналған дистанционды түрде білім алуға мүмкіндік беретін мобильдік қосымшаны құрастыру
Компьютердің классификациясы
Пәндер