Дамыған елдердегі кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық түрлері және құрылымдары



1. АҚШ
2. Ұлыбритания
3. Германия
4. Италия
5. Франция
6. Жапония
7. Ресей
8. Пайдаланған әдебиеттер
Американдықтар ынтасы зор, шешімді, ұтымды ой-пікірлерге бай әрбір адам өз кәсібін бастап, оны дамытуға мүмкіндігі мол мемлекетте түратындығына қашан да сенімді болған. Іс жүзінде кәсіпкерлікке деген бұл сенім жеке кәсіппен шүғылданатын адамнан бастап ғаламдық конгломератқа дейінгі көптеген көріністерді қамтыды. 17-ші, 18-ші ғасырлардың ішінде жабайылықтан асып, үй салып және өмір жолын белгілеп, қиыншылықтарды жеңген - дердің алғашқыларын халық қолдаған еді. Ал 19-шы ғасырда Америкада ауыл шаруашылығы кәсіп ретінде барлық алыс жерлерге жедел таралды. Шынайы фермерлер экономикалық дара дамудың көптеген идеяларын нақтылы көрсетті. Бірақ халық санының үлғаюы қалалардың экономикалық маңызын арттырды. Бизнес арқылы өзін өзі дамытсам деген арман кішігірім саудагерлерді, шеберлерді және де дербес кәсіпқойларды осы жолға тартты. 19-шы ғасырдың екінші жартысында бастау алып, 20-шы ғасырда жалғасуын тапқан бұл тенденция ақыраяғы үлкен өзгеріске және экономикалық әрекеттің күрделенуіне әкелді. Көптеген салаларда шағын кәсіпорындар талғампаз және ауқатты халық қажет ететін тауарларды тиімді өндіруге мүмкіндік берді қаржы табуда және өндіріс көлемін үлғайту- да көптеген қиыншылықтарды бастан кешірді. Осындай жағдайда көбінесе жүздеген тіпті мыңдаған жүмысшыларды жалдай алатын қазіргі заманғы корпорациялардың маңызы тұрақты түрде өсе түсті. Қазіргі кезде Америка экономикасында жекеменшік кәсіпорындардан бастап әлемдегі ірі корпорацияларға дейінгі кәсіпорындардың алуан түрлері бар. 1995 жылы Құрама Штаттарда жеке иемденушінің меншігіне жататын 16.4 миллион фермерлік емес жеке кәсіпорындар, 1.6 миллион серіктестік және 4.5 миллион корпорациялар, ұзын саны 22.5 миллион тәуелсіз кәсіпорындар қызмет атқарыл тұрды.
Қазіргі кезде жалпы кәсіпкерліктің негізгі 3 тобы қалыптасқан:
1. жеке кәсіпкерлік;
2. серіктестік;
3. корпорация.
АҚШ тәжірибесі шағын бизнес ортаның өзгерісіне тез бейімделгіш. Шағын кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы кәсіпкерлерге кері әсерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс шығындарының өзгеруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарылайды. Бір шағын кәсіпорындар жабылса, екінші біреулері ашылады. Қазіргі уақытта АҚШ халқының 53% шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. АҚШ тәжірибесі шағын бизнес ірі өндірістің өзгерістерге, жаңа міндеттемелерге бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп отыр. Енді АҚШ-та шағын кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көмекке келейік. Шағын кәсіпорындардың қызметі арнайы ұйымының - 1953 ж. АҚШ Конгресі құрған шағын бизнес әкімшілігінің құзырына кіреді. Сол жеке сектордың құқықтық негізгі болып табылатын шағын бизнес туралы Заң қабылданды. 1953 ж. Эйзенхаур президент болған кезде елде жұмыссыздық және инфляция болатын. Экономиканы жандандыру үшін -шағын бизнес әкімшілігін (ШБӘ) құрды. Ол өз қызметтерін дұрыс атқарды. Қазіргі уақытта АҚШ-та шағын бизнесте 22 млн кәсіпорын бар, онда елдегі барлық жұмыс бастылардың 54% қызмет етеді. Шағын бизнес кәсіпорындарының өндіріс және сату көлемі жалпы мемлекеттегі сату көлемінің 52% құрайды және 70 99,7% кәсіпкерлер – бұл шағын бизнес басшылары. Шағын бизнес әкімшілігі – шағын кәсіпорындарға қаржылық және кеңестік көмек көрсетеді. Елдің өсуіне жылына 20-25 % үлес қосады.
1. Америка экономикасының негіздері, 2002;
2. Ғылыми-практикалық халықаралық конференция материалдары боиынша; Алматы – 1999 ж. және 2001ж., Жатқанбаев Е. Б.;
3. Жатқанбаев Е. Б. «Основы смешанной экономики», Алматы-1992 г.;
4. Казахстан и мировой опыт рыночной трансформации, Арынов Е.;
5. «Основы смешанной экономики», Алматы-1992 г..

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Дамыған елдердегі кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық түрлері және құрылымдары
Жоспар:
1. АҚШ
2. Ұлыбритания
3. Германия
4. Италия
5. Франция
6. Жапония
7. Ресей
8. Пайдаланған әдебиеттер

АҚШ
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
:: Қорытынды (2009)
:: Жан басына шаққанда

14,256 трлн $ $ (1-ші)
46 381 $
АДИ (2011)
0,910 (өте жоғары) (4-ші)
Валютасы
АҚШ доллары (USD)

Американдықтар ынтасы зор, шешімді, ұтымды ой-пікірлерге бай әрбір адам өз кәсібін бастап, оны дамытуға мүмкіндігі мол мемлекетте түратындығына қашан да сенімді болған. Іс жүзінде кәсіпкерлікке деген бұл сенім жеке кәсіппен шүғылданатын адамнан бастап ғаламдық конгломератқа дейінгі көптеген көріністерді қамтыды. 17-ші, 18-ші ғасырлардың ішінде жабайылықтан асып, үй салып және өмір жолын белгілеп, қиыншылықтарды жеңген - дердің алғашқыларын халық қолдаған еді. Ал 19-шы ғасырда Америкада ауыл шаруашылығы кәсіп ретінде барлық алыс жерлерге жедел таралды. Шынайы фермерлер экономикалық дара дамудың көптеген идеяларын нақтылы көрсетті. Бірақ халық санының үлғаюы қалалардың экономикалық маңызын арттырды. Бизнес арқылы өзін өзі дамытсам деген арман кішігірім саудагерлерді, шеберлерді және де дербес кәсіпқойларды осы жолға тартты. 19-шы ғасырдың екінші жартысында бастау алып, 20-шы ғасырда жалғасуын тапқан бұл тенденция ақыраяғы үлкен өзгеріске және экономикалық әрекеттің күрделенуіне әкелді. Көптеген салаларда шағын кәсіпорындар талғампаз және ауқатты халық қажет ететін тауарларды тиімді өндіруге мүмкіндік берді қаржы табуда және өндіріс көлемін үлғайту- да көптеген қиыншылықтарды бастан кешірді. Осындай жағдайда көбінесе жүздеген тіпті мыңдаған жүмысшыларды жалдай алатын қазіргі заманғы корпорациялардың маңызы тұрақты түрде өсе түсті. Қазіргі кезде Америка экономикасында жекеменшік кәсіпорындардан бастап әлемдегі ірі корпорацияларға дейінгі кәсіпорындардың алуан түрлері бар. 1995 жылы Құрама Штаттарда жеке иемденушінің меншігіне жататын 16.4 миллион фермерлік емес жеке кәсіпорындар, 1.6 миллион серіктестік және 4.5 миллион корпорациялар, ұзын саны 22.5 миллион тәуелсіз кәсіпорындар қызмет атқарыл тұрды.
Қазіргі кезде жалпы кәсіпкерліктің негізгі 3 тобы қалыптасқан:
1. жеке кәсіпкерлік;
2. серіктестік;
3. корпорация.
АҚШ тәжірибесі шағын бизнес ортаның өзгерісіне тез бейімделгіш. Шағын кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы кәсіпкерлерге кері әсерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс шығындарының өзгеруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарылайды. Бір шағын кәсіпорындар жабылса, екінші біреулері ашылады. Қазіргі уақытта АҚШ халқының 53% шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. АҚШ тәжірибесі шағын бизнес ірі өндірістің өзгерістерге, жаңа міндеттемелерге бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп отыр. Енді АҚШ-та шағын кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көмекке келейік. Шағын кәсіпорындардың қызметі арнайы ұйымының - 1953 ж. АҚШ Конгресі құрған шағын бизнес әкімшілігінің құзырына кіреді. Сол жеке сектордың құқықтық негізгі болып табылатын шағын бизнес туралы Заң қабылданды. 1953 ж. Эйзенхаур президент болған кезде елде жұмыссыздық және инфляция болатын. Экономиканы жандандыру үшін -шағын бизнес әкімшілігін (ШБӘ) құрды. Ол өз қызметтерін дұрыс атқарды. Қазіргі уақытта АҚШ-та шағын бизнесте 22 млн кәсіпорын бар, онда елдегі барлық жұмыс бастылардың 54% қызмет етеді. Шағын бизнес кәсіпорындарының өндіріс және сату көлемі жалпы мемлекеттегі сату көлемінің 52% құрайды және 70 99,7% кәсіпкерлер - бұл шағын бизнес басшылары. Шағын бизнес әкімшілігі - шағын кәсіпорындарға қаржылық және кеңестік көмек көрсетеді. Елдің өсуіне жылына 20-25 % үлес қосады.

Ұлыбритания
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
:: Қорытынды (2010)
:: Жан басына шаққанда

2,172 трлн $ (7-ші)
34 919 $ (18-ші)
ЖІӨ (номинал)
:: Қорытынды (2010)
:: Жан басына шаққанда

2,247 трлн $ (6-шы)
36 119 $ (20-шы)
АДИ (2011)
0,863 (өте жоғары) (28-ші)
Валютасы
фунт стерлинг

Ұлыбритания тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнес, өндіріс көлемін ұлғайтуда, тауарлар мен қызметтер ассортиментін кеңейтуде, өнім сапасын көтеруде маңызды рөлін ойнайды. Шағын бизнес адамдарға өзінің творчествалық мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ұлыбританияда шағын кәсіпкерліктің дамуына консервативті үкімет саясаты - қаржылық жеңілдіктер, кеңес беру қызметтері мен бизнес техникасын оқытатың курстардың болуы ықпал етті. Ұлыбританияда шағын кәсіпкерліктің дамуының үш үлгісі бар: қызмет масштабын кеңінен статусын сақтай отырып консервациялау; ресми белсенділікті акырын кеңейту; шағын кәсіпорындарды орташаға, сосын ірі компанияларға өзгерту. Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, шағын кәсіпорындар иелерін біраз бөлігі одан әрі өсуге тырыспайды. Олардың ең басты мақсаты - тұрактылықты қамтамасыз ету. Шағын және орташа кәсіпорындағы жұмысшылардың жалпы саны 16 500 000 адам. Орташа және шағын кәсіпорымдардың орташа көлемі -- 7 жұмысшыдан.

Германия
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
:: Қорытынды (2011)
:: Жан басына шаққанда

3,089 трлн $ (5-ші)
37 814 $ (21-ші)
ЖІӨ (номинал)
:: Қорытынды (2009)
:: Жан басына шаққанда

3,235 трлн $ (4-ші)
39 442 $ (19-шы)
АДИ (2011)
0,905 (өте жоғары) (9-шы)
Этнохороним
немістер
Валютасы
Еуро

Шағын және орта бизнесі дамыған елдердің бірі Германия. Германиядағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпшілік өндіріс, өнеркәсіп пен өндірістік емес салалардағы, сауда мен қызмет көрсету саласындағы саны 3,3 млн астам. Бұл барлық кәсіпорындардың 99% астамын құрайды. Шағын және орта кәсіпкерлік үлесіне жұмыс орындарының 70% жуығы келеді. Бұлар елдегі барлық жас мамандардың шамамен 80% оқытады, айналым салығының шамамен 45% төлеп, неміс экспортының 30% қамтамасыз етеді.
Германиядағы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау инвестициялық белсенділікке ықпалдасатын федералды және аймақтық мәндегі 500 астам бағдарламаны қамтиды.
Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жеңілдікпен несие беруге дотациялар несие сомасының 3 - 10% құрайды. Шағын және орта кәсіпкерлік бәріне ортақ тәртіппен әдетте, 10 жыл мерзімге, алған соманы кез келген уақытта қайтару мүмкіншілігімен, төмен пайыздық мөлшерлемемен жеңілдікпен несиелендіріледі. Несие алуға өтінімдер немістің коммерциялық банктеріне беріледі. Бұл банктер несие берумен айналысып, клиенттермен жұмыс істейді.
Германияда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға арналған негізгі несиелік және консультациялық бағдарламалар келесі формалар мен құралдардың көмегімен жүзеге асырылады:
1. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау
* мемлекет кепілдігімен 20 жыл мерзімге дейін жеңілдікпен берілетін несие;
* жылына 5% арнайы несиелер;
* сарапшылар көрсететін консультациялық қызметтер.
2. Көрсетілетін қолдаудың аймақтық бағыттылығы
* инвестициялық үстемеақылар мен субсидиялар;
* амортизациялаудың жеңілдігі бар тәртібі;
* шығыс жерлердің экономикасын қалпына келтірудің мемлекеттік бағдарламалары.
3.Қоршаған ортаны қорғау саласына салынатын салымдар
* экологиялық жобаларды жеңілдікпен несиелендіру;
* федералды арнаулы бағдарламалар.
4.Ғылыми-зерттеу жұмыстары, технологиялар мен инновациялық жобалар
* технологиялық дамудың федералды бағдарламасы;
* үлестік қатысудың арнайы қорынан көрсетілетін қолдау;
* инновациялық әзірлемелерді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарлама.
5.Экспорттық өнеркәсіп және шетелге салынатын инвестициялар
* экспорттау операциялары бойынша төлем төлемеу тәуекеліне кепілдік беру;
* экспорттық несиелер беру;
* саяси тәуекелдерді жабу.
Шағын және орта бизнесті дамытуға арналған Германияның тәжірибесінен, оның жан-жақты қамтылғандығын байқауға болады. Әсіресе ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдауда мемлекет кепілдігімен берілетін несиенің ұзақ мерзімге, яғни 20 жылға дейін берілуі. Германия тәжірибесінде шағын және орта кәсіпкерлік қолдаудың тағы бір ерекшелігі қоршаған ортаны қорғауда экологиялық жобаларды жеңілдікпен несиелендіру және экспорттық өнеркәсіпті қолдауда түрлі тәуекелдіктерге мемлекеттің кепілдік беруі. Жылына елге 270 млрд. евроға дейін табыс әкеледі.

Италия
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
:: Қорытынды (2010)
:: Жан басына шаққанда

1,771 трлн $ (10-шы)
29 417[2] $ (27-ші)
ЖІӨ (номинал)
:: Қорытынды (2010)
:: Жан басына шаққанда

2,036 трлн $ (7-ші)
33 828 $ (22-ші)
АДИ (2011)
0,874 (өте жоғары) (24-ші)
Этнохороним
италияндықтар
Валютасы
еуро (EUR, коды 978)

Шағын және орта бизнестің Италия экономикасында алатын мәні зор. Италияда шамамен 15,3 млн адам немесе жұмыс күшінің 79% жұмыс істейтін барлығы 3,6 млн жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қызмет етеді. Олар елдің ІЖӨ-нің 55% шығарады. Барлық кәсіпорындардағы шағын және орта кәсіпкерлік үлесі - 99,2%. Кәсіпорындарды шағын және орта кәсіпкерлік секторына жатқызу қағидалары төмендегідей:

Кәсіпорын
Жұмыскерлер саны
Капитал
Жылдық айналым
1
Микро
10
= 2 Euro млн
= 2 Euro млн
2
Шағын
50
= 10 Euro ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік туралы жалпы түсінік
Кәсіпкерліктің нарық жағдайындағы дамуының теориялық аспектілері
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес менеджментін дамыту тиімділігі
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасындағы халықаралық тәжірибесі және қалыптасу проблемалары
Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні және несиелеу негіздері
Кәсіпкерліктің негізгі формалары мен түрлері
Қазақстанда кәсіпкерліктің даму жағдайы
Шағын және орта бизнесті дамытуда кездесетін проблемалар
Шағын және орта бизнестің түсінігі
Пәндер