Қарлы боран. залалдан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар боранан кейінгі негізгі жұмыс түрлері қар көшкіні басып қалған адамдарды іздестіру, құтқару және кейінгі негізгі жұмыс түрлері



Мазмұны:
Қарлы боран.
Залалдан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар
Боранан кейінгі негізгі жұмыс түрлері
Қар көшкіні басып қалған адамдарды іздестіру, құтқару және кейінгі негізгі жұмыс түрлері
Қарлы боран.
Қарлы боран (дауыл). Боран –ұзақ соғатын, жылдамдығы сағатына 20 сек. өте қатты жел. Әдетте циклон өткенде байқалады, теңізді қатты буырқантып, құрғақта қиратады.
Боран – күшті желдің (жылд. 15 м/с-тан астам) әсерінен топырақтың, құмның, қиыршықтастың, қардың ұйтқып соғуы.
Боран соққан кезде айнала түтеп, ештеңе көрінбей кетеді. Шаруашылыққа орасан зор зиянын тигізеді. Қарлы Боранның Қазақстанда «Арқаның ақ бораны», «ақтүтек», құмды өңірлерде Мойынқұм Бораны деп, тауаралық аңғарлар мен жазықтықтағы Боранды Ебі Бораны, Сөгеті Бораны деп атайды. Қазақ атауларында жаяу борасын, суырынды борасын, ақ боран деп те атай береді.
Боран — қатты жел соққандағы және ауа температурасы төмен болған кездегі бұрқасын. Термин, негізінен, Қазақстан мен Сібірдің далалы аудандарында қолданылады.
Қазақстанда таулы жерлер және тау бөктерінің аумағы селдің, қар көшкіннің, сырғыма мен қопарылманың әсеріне жиі ұшырайды. Олар республика аумағының 13,3% немесе 360000 ш.м. ауданын алып жатыр. Мұнда үлкен ауылшаруашылық жайылымдары, көптеген шаруашылық объектілері мен коммуникация желілері, сондай-ақ халқының жалпы саны 5 миллионға жуық Алматы, Шымкент, Тараз сияқты ірі қалалар мен бірқатар басқа да елді мекендер орналасқан.
Қазақ даласының долы желдері қыста аса қауіпті. Олар бұл уақытта ұзаққа созылатын бұрқасынды немесе боранды тудырады. Бұрқасындар қарды бір жерден екінші жерге көшіріп, оны нығыздайды, бұл аумақтағы қар жамылғысының су ресурстарына әртүрлі таралуына және топырақтың әртүрлі деңгейінде тоңазуына алып келеді. Сонымен қатар бұрқасындар авиацианың, темір жол және басқа көліктердің қалыпты жұмысын тоқтататын биік күрттік қардың пайда болуына ықпал етеді. Қатты боран телеграф және телефон байланысының бұзылуына себеп болады. Кей уақытта қысқы жайылымдағы малдың жаппай қырылуына әкеліп соқтырады. Халықты таяуда болатын төменгі температурадағы қарлы боран туралы өз уақытында құлақтандырғанына қарамастан 1995 жылғы желтоқсанның аяғында Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында 100-ге жуық адам қаза болды.
Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қыста орташа 50-60 күн бұрқасын болады. Шығыс Қазақстан облысының Жалғыз төбе ауданында бұрқасын күндер саны айына 27-ге дейін жетеді.
Ықтимал бұрқасын мен қарлы боран туралы хабар алған бойда сыртқа шығуды доғара тұру керек. Отынды сақтау мен өңдеу үшін ғимаратты қынтап, азық-түлік пен судың артық қорын жинау керек. Ауылды жерде малдың қажетті жемі мен суын әзірлеп, оларды жылы қорада ұстау керек.
Машиналарды жолға аса шұғыл жағдайда ғана шығарып, оларды сырғанатпайтын шынжырмен, азық-түлікпен күйдіргіш шаммен және жылы киіммен қамтамасыз ету қажет.
Дауылды жел бұрқасын, қарлы боран кезіндегі барлық жұмыс ұжымдасқан түрде орындалады. Әрбір жұмысшы бір-біріне көмекке келу үшін көз көретін жерде болуға тиіс. Бұрқасын кезінде нақты көрінген нысаналар: телефон желісі, орман, жол бойымен ғана жүру керек.
Егер бұрқасынға автомобильмен келе жатып тап болсаңыз тоқтап, тұрған жерді белгілеу керек, сол үшін ашық түсті матаны ілген жөн. Машинаның үстін толығымен жауып тастау керек. Машина капотын жерге қарай бұрып тынды үнемдеу үшін, пешті ұдайы қоспаңыз. Машинаны қар басып қалу қауіпі болса, есіктің бірін жиі ашып, күртік қарды әрірек сырыңыз. Далада қалған машинада қатты тоңсаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз, ол жұмыс істеп тұрған кезде бөлінген улы газ автомобиль ішіне жиналып, қақаған суықтан бұрын өзіңізді өмірден алып кетуі мүмкін.
Егер жылынғыңыз келсе далаға шығып, түтін трубасын ауаға шықпайтындай етіп көміп тастаңыз. Есіктен шыққанда міндетті түрде өзіңізді арқанмен байлаңыз (бір ұшын автомобильде қалдырыңыз). Адам үйден немесе машинадан жарты метр ұзағанда бағдардан айырылып, қаза болған жағдайлар көптен кездеседі.
Қар басу бірнеше тәулік бойы жауатын қалың қардың әсерінен пайда болады. Соның салдарынан тіршіліктің қалыпты арнасы бұзылады, кейде адам құрбандықтарына, малдың қырылуына және материалдық құндықтарының жойылуына алып келеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақ Энциклопедиясы
2.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
3.http://www.vkogps.kz/kz/safety03_02.htm

Қазақстан Республикасыныі білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей Мемлекетік Университеті

ОӨЖ
Тақырыбы: Қарлы боран. Залалдан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар Боранан кейінгі негізгі жұмыс түрлері Қар көшкіні басып қалған адамдарды іздестіру, құтқару және кейінгі негізгі жұмыс түрлері

Орындаған: Кусайнова Б.О
Тобы: БЖ 315
Тексерген: Бакирова Л.С

Семей 2015ж.

Мазмұны:
Қарлы боран.
Залалдан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар
Боранан кейінгі негізгі жұмыс түрлері
Қар көшкіні басып қалған адамдарды іздестіру, құтқару және кейінгі негізгі жұмыс түрлері

Қарлы боран.
Қарлы боран (дауыл). Боран - ұзақ соғатын, жылдамдығы сағатына 20 сек. өте қатты жел. Әдетте циклон өткенде байқалады, теңізді қатты буырқантып, құрғақта қиратады.
Боран - күшті желдің (жылд. 15 мс-тан астам) әсерінен топырақтың, құмның, қиыршықтастың, қардың ұйтқып соғуы.
Боран соққан кезде айнала түтеп, ештеңе көрінбей кетеді. Шаруашылыққа орасан зор зиянын тигізеді. Қарлы Боранның Қазақстанда Арқаның ақ бораны, ақтүтек, құмды өңірлерде Мойынқұм Бораны деп, тауаралық аңғарлар мен жазықтықтағы Боранды Ебі Бораны, Сөгеті Бораны деп атайды. Қазақ атауларында жаяу борасын, суырынды борасын, ақ боран деп те атай береді.
Боран -- қатты жел соққандағы және ауа температурасы төмен болған кездегі бұрқасын. Термин, негізінен, Қазақстан мен Сібірдің далалы аудандарында қолданылады.
Қазақстанда таулы жерлер және тау бөктерінің аумағы селдің, қар көшкіннің, сырғыма мен қопарылманың әсеріне жиі ұшырайды. Олар республика аумағының 13,3% немесе 360000 ш.м. ауданын алып жатыр. Мұнда үлкен ауылшаруашылық жайылымдары, көптеген шаруашылық объектілері мен коммуникация желілері, сондай-ақ халқының жалпы саны 5 миллионға жуық Алматы, Шымкент, Тараз сияқты ірі қалалар мен бірқатар басқа да елді мекендер орналасқан.
Қазақ даласының долы желдері қыста аса қауіпті. Олар бұл уақытта ұзаққа созылатын бұрқасынды немесе боранды тудырады. Бұрқасындар қарды бір жерден екінші жерге көшіріп, оны нығыздайды, бұл аумақтағы қар жамылғысының су ресурстарына әртүрлі таралуына және топырақтың әртүрлі деңгейінде тоңазуына алып келеді. Сонымен қатар бұрқасындар авиацианың, темір жол және басқа көліктердің қалыпты жұмысын тоқтататын биік күрттік қардың пайда болуына ықпал етеді. Қатты боран телеграф және телефон байланысының бұзылуына себеп болады. Кей уақытта қысқы жайылымдағы малдың жаппай қырылуына әкеліп соқтырады. Халықты таяуда болатын төменгі температурадағы қарлы боран туралы өз уақытында құлақтандырғанына қарамастан 1995 жылғы желтоқсанның аяғында Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында 100-ге жуық адам қаза болды.
Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қыста орташа 50-60 күн бұрқасын болады. Шығыс Қазақстан облысының Жалғыз төбе ауданында бұрқасын күндер саны айына 27-ге дейін жетеді.
Ықтимал бұрқасын мен қарлы боран туралы хабар алған бойда сыртқа шығуды доғара тұру керек. Отынды сақтау мен өңдеу үшін ғимаратты қынтап, азық-түлік пен судың артық қорын жинау керек. Ауылды жерде малдың қажетті жемі мен суын әзірлеп, оларды жылы қорада ұстау керек.
Машиналарды жолға аса шұғыл жағдайда ғана шығарып, оларды сырғанатпайтын шынжырмен, азық-түлікпен күйдіргіш шаммен және жылы киіммен қамтамасыз ету қажет.
Дауылды жел бұрқасын, қарлы боран кезіндегі барлық жұмыс ұжымдасқан түрде орындалады. Әрбір жұмысшы бір-біріне көмекке келу үшін көз көретін жерде болуға тиіс. Бұрқасын кезінде нақты көрінген нысаналар: телефон желісі, орман, жол бойымен ғана жүру керек.
Егер бұрқасынға автомобильмен келе жатып тап болсаңыз тоқтап, тұрған жерді белгілеу керек, сол үшін ашық түсті матаны ілген жөн. Машинаның үстін толығымен жауып тастау керек. Машина капотын жерге қарай бұрып тынды үнемдеу үшін, пешті ұдайы қоспаңыз. Машинаны қар басып қалу қауіпі болса, есіктің бірін жиі ашып, күртік қарды әрірек сырыңыз. Далада қалған машинада қатты тоңсаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз, ол жұмыс істеп тұрған кезде бөлінген улы газ автомобиль ішіне жиналып, қақаған суықтан бұрын өзіңізді өмірден алып кетуі мүмкін.
Егер жылынғыңыз келсе далаға шығып, түтін трубасын ауаға шықпайтындай етіп көміп тастаңыз. Есіктен шыққанда міндетті түрде өзіңізді арқанмен байлаңыз (бір ұшын автомобильде қалдырыңыз). Адам үйден немесе машинадан жарты метр ұзағанда бағдардан айырылып, қаза болған жағдайлар көптен кездеседі.
Қар басу бірнеше тәулік бойы жауатын қалың қардың әсерінен пайда болады. Соның салдарынан тіршіліктің қалыпты арнасы бұзылады, кейде адам құрбандықтарына, малдың қырылуына және материалдық құндықтарының жойылуына алып келеді.
1970-1987 жылдары (18 қыс) Қазақстан аумағында 600 күшті қар басу тіркеліп, оның 50%-ке жуығы тек Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарында байқалды.
1986 жылы 7 желтоқсанда Ащысайда 10 сағаттың ішінде 133 мм қар жауды.
Қардың қатты жаууы Шығыс Қазақстан облысында жиі байқалады. Үлбі өзенінің сағасында биіктігі 2000 метрден асатын Қазақстанның қар полюсі жатыр, мұндағы қар жамылғысының биіктігі 8 метрге дейін жетеді.
1969 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстанның оңтүстік-шығысында қалың жауған қар бір-қатар облыстардың мал қыстайтын жерлеріндегі тау етегін 1,5-2 метр қар жамылғысымен жапты. Осындай зілзала 1999 жылдың қаңтарында Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарында болды.
Қардың басуы, боран туралы хабар алған бойда жолдың, ғимараттың жел соғатын жағынан қар қалқандары мен тосқауылдар орнатылады.

Залалдан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар
Егер боран жолда келе жатқанда басталса қардың өзінен баспана жасап алуға болады. Бұл үшін:
:: ағаштардың иіліп тұрған бұтақтарының астындағы табиғи қуыстарды пайдалуға немесе күртік қардан шағын үңгір қазып алуға болады;
:: үңгір төбесінен әр адамға бір бірден желдеткіш тесік жасап, егер қар жаууын тоқтатпаса оны әлсін-әлсін тазалап отыру керек;
:: үңгірде аяқтың астын тереңдетіп қойған жөн: циркуляция кезінде онда суық ауа кетеді;
:: ұйықтамауға тырысу керек, егер бар болса шырақ жағады, бұл үңгірдегі ауаны жылытады.
Қардан жасалған баспанада паналаған кезде:
:: баспана орналасқан жерді сырттан белгілеп қою керек;
:: ішінде адамдар бір-біріне денелерін тигізіп, жақын отырсын;
:: барлық түймелер, жылжыма жапқыштарды жауып, жең мен балақтағы манжеттерді тартып, капюшонды киіп алу керек;
:: су болған киімді тез арада жақсылап сығып, қайта киюге болады;
:: егер болса ыстық шай немесе кофе ішкен жөн;
:: аяқтар мен басты барынша жылы ұстау керек;
:: қант және құрамында майы бар азық-түліктер пайдалы, нәрлі;
:: адамдар астына жылу оқшаулағыш төсеніш төсеп отырғаны абзал;
:: қолды сілтеп және басқадай қимылдар жасап, бұлшық еттерді жылытып отыру керек.
Қардан жасалған баспанада түнеген кезде мыналарды істеуге болмайды:
:: алкогольді ішімдіктер ішуге;
:: ашық отты қараусыз қалдыруға;
:: бәлендей қажеттігі болмаса түнде баспананы қайтадан салуға немесе оны тастап шығуға.
Егер адам боранға жолда автомобильде тап болса мына әрекеттерді орындаған жөн:
:: машинаның жалюздерін бекітіп, автомобильдің двигателін радиатор жағынан жауып тастау;
:: мүмкіндігінше автомобильдің двигателін жел жаққа қаратып қою;
:: қардың астында көміліп қалмау үшін әлсін-әлсін автомобильдің маңындағы қарды тазалап тұру;
:: кабинаға машинаның шығарып жатқан газдарының кіруіне жол бермей, түтін шығаратын құбырды қар бітеп тастамауын қадағалау.
Егер жолда автокөлік өшіп қалса:
:: байбалам салмай, жағдайды бағалап, бағдарды, тұрған орынды, ең жақын елді мекенге дейінгі арақашықтықты, тәуліктің мезгілін шамалау керек;
:: егер сол арада күту шешімі қабылданса, онда ұйықтамауға тырысқан жөн, себебі ұйқыдағы адам тез журағыш келеді;
:: егер жолға шығу шешімі қабылданса, жолды, асфальтты ұстанған жөн, өйткені олардың жиегін қар көп алмайды, сонымен бағытты туралап отыруға болады
:: ескеретін тағы бір жайт: машинада кем дегенде бес дөңгелек болады, тіпті қианлған адам соларды жағып, жылынуына болады.
Аязды боранға қалып, тоңған адамды жылыту тәсілдері
Ең тиімдісі:
:: Ванна (бірақ судың температурасы 40°-тан аспауы керек).
:: Зардап шегушінің жан-жағына ыстық суға шыланған орамал және сейсептер қою керек.
Көшкін қаупінің белгілері:
1. Көшкін апаттарының деректері адамдардың қаза болуына алып келетін лықсулардың көпшілігінің адамдардың кінәсінен болатындығын көрсетіп отыр. Автомобиль жолымен немесе жаяу соқпақпен келе жатқан адамдардың көшкіннің астында қалуы өте сирек. Көшкіннің лықсуы оның қозғалысының үлкен жылдамдығынан бірнеше секундпен өлшенеді. Мұндай жағдайда адамның қауіпсіз орынға жету мүмкіндігі жоқ. Бұдан шығатын қорытынды -- қарлы тік жартасқа шықпаңыз, тек жолмен және тапталған сүрлеумен жүріңіз.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарының таудағы жағдай туралы хабарларын үнемі қадағалаңыз, Қазгидрометтің көшкінұстау станцияларының мамандарымен кеңесіңіз.
3. Қалың қар жауғаннан кейін 2-3 күн бойында тауға шықпаңыз.
4. Қар қалың жауып, бұрқасын болғаннан кейін тік жартастардың қиылысын айналып өтіңіз, сондай-ақ олардың ирек тұстары мен қардың еруімен жүруге болмайды. Мұндай жағдайда тек су ағатын жиектің бойымен ғана көтеріліп, төмен түскен жөн. Егер аяқ астынан қардың отыруынан сықыр естілсе қозғалысты бірден тоқтатыңыз. Бұта, қалың орман өскен ірі тастар жатқан беткейлер қауіпсіздеу.
5. Қар суланып, беткейлерден оңай сырғитын көктем кезінде түстен кейін аса сақ болыңыз. Күн жылып қар еріген кезде (наурыз-сәуір) тауға шығудан немесе көшкіндер жасанды жолмен түсіріліп жатқан аудандарда демалудан бас тартыңыз.
6. Қозғалыс кезінде тәулік уақытын ескерген жөн. Көктемде көшкін қауіпі қар суланып беткейден оңай сырғитын мезгіл тал түсте байқалады.
7. Тауда төңірек жақсы көрінетін кезде жүріңіз. Тұман әрдайым көшкін қаупін күшейтеді.
8. Көшкін қаупі бар жерлерден өткен уақытта айқайлап шуламаңыз.
9. Көшкін қаупі бар жерлерден бір-бірлеп өтіңіз.
10. Қарлы беткеймен көтерілген кезде айналсоқтамай тік жүріңіз.
11. Қар жапқан тік таулы беткейге жақын жерде демалуға тоқтамаңыз және шатырлы лагерь құрмаңыз. Түнейтін жерді дұрыс анықтау аса маңызды. Мұнда жазықтың екі жағындағы беткейдің қар көшкіні қаупі ескерілуге тиіс. Бағытты жоспарлағанда қауіпті учаскілер кездескен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарлы боран.боранан кейінгі негізгі жұмыс түрлері
Қарлы боран
Халықтың сел, қар көшкіні, сырғыма мен опарылма пайда болу кезіндегі іс-әрекеті
Азаматтық қорғаныс мәселелерінің шешілу деңгейлері
Қауіпсіздік тәртібі мен қорғаныс шаралары
Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу
Халық пен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау
Апаттардың табиғи сипаттамасы
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар. Тұрғындарды қорғау.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар жайында
Пәндер