Дарынды балалардың қабілеттілігіне жалпы сипаттама



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1 Дарынды балалардың қабілеттілігіне жалпы сипаттама
1.1 Қабілеттің түрлері мен даралық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
1.2 Қабілет туралы ғалымдардың теориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13
1.3 Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Бірінші бөлім тұжырымы

2 Дарынды балалардың қабілетінің дамуын эксперименттік зерттеу .
2.1 Оқушының дарындылық қабілетін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19
2.2 «Көшбасшылық» қабілетін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 26
2.3 Кіші мектеп жасындағы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Екінші бөлім тұжырымы


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 36
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Дарындылық — "табиғаттан берілген ерекше қабілет" деп түсіндіріледі. Адами ойлау — табиғаттын адамзатқа берген тамаша сыйы. Дарындыларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте кажет. Себебі, әрбір талантты адам енбекке бейім келеді. Қазіргі кезде ғылым мен техниканын даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылыкпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді.
Жас жеткіншектерге тәрбие, білім беру мен шығармашылық кабілетін дамытуда мұғалімнің және баланың рөлін анықтап, ұстаздық қызметтің ұрпақ тәрбиесіне тигізетін әсерін ашып көрсетілсе, еліміздің негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды, қабілетті ұландарымыз көп болмақ.
Жалпы қабілеттілікті дамыту үшін көп жағдайлар керек. Біздің пікірімше олардың бастыларына мыналарды жатқызуға болады:
- туа біткен қасиетін дамыту;
- отбасының жагдайы, ата-анасының қолдауы;
- оқушы мен ұстаз арасындағы қарым-қатынас;
- ұстаз біліктілігі;
- мектептегі оқыту мен тәрбиелеу деңгейі.
Міне, осы айтылғандар ұштасқан кезде ғана қабілетті, дарыңды, талантты оқушылар жетіле түседі, күш-қуатын толық жұмсап, тынымсыз еңбек етеді.

....
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Аймауытов Ж. Психология (оқу құралы). –А: 1994.
2. Аймауытов Ж. Жан жүйесi жəне өнер таңдау. –М: 1926.
3. Алдамұратов Ə., Мұқанов М. Психология пəнiнен лабораториялық – практикалық сабақтар. –А: 1978-1979.
4. Алдамұратов Ə. Жалпы психолгия. –А: 1996.
5. Алдамұратов Ə. Қызықты психология. –А: 1992.
6. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология.- А, Дарын 2003
7. Төленияз Г. Оқушының дарындылық қабілетін анықтау // Мектептегі психология. – 2006.- № 6.- 24б.
8. Губаева М. Қабілетті оқушыны дарындыға жеткізейік // Қазақстан мектебі.-2003.- № 1. – 48б.
9. Қаңтарбаева Г. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту // Бастауыш мектеп. – 2005.- № 7.-25б.
10. Бекболғанов Е. Ойлау қабілетін қалыптастырудың дидактикалық аспектілері // Қазақстан мектебі. – 2005.- № 5-6.-70б.
11. Шілмағамбетов Е. Ойлау қабілетін дамыту // Қазақстан мектебі. – 2005.- № 11-12. – 24б.
12. Жанатбекова Н. Шәкірттің ойлау қабілетін дамыту – басты міндет // Қазақстан мектебі. – 2007.- № 11-12.-60б.
13. Досыбекова Ш. Дарынды балаларды оқыту ерекшелігі // Қазақстан мектебі. – 2007.- №1.- 23б.
14. Әбілмәжінова Н. Дарынды оқушымен жұмыс // Қазақстан мектебі. – 2005.- №2.- 54б.
15. Иманғалиева А. «Дарынды дамыту - ұстаз парызы» //Қазақстан мектебі, №7,2001 жыл.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Дарынды балалардың қабілеттілігіне жалпы сипаттама
1.1 Қабілеттің түрлері мен даралық ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
1.2 Қабілет туралы ғалымдардың теориялары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13
1.3 Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... 16
Бірінші бөлім тұжырымы

2 Дарынды балалардың қабілетінің дамуын эксперименттік зерттеу .
2.1 Оқушының дарындылық қабілетін анықтау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2 Көшбасшылық қабілетін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26

2.3 Кіші мектеп жасындағы балалардың шығармашылық қабілетін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Екінші бөлім тұжырымы

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Дарындылық — "табиғаттан берілген ерекше
қабілет" деп түсіндіріледі. Адами ойлау — табиғаттын адамзатқа берген
тамаша сыйы. Дарындыларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін
бүгінгі күні өте кажет. Себебі, әрбір талантты адам енбекке бейім келеді.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканын даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және
терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылыкпен жұмыс істеуін,
ойлауға қабілетті болуын талап етеді.
Жас жеткіншектерге тәрбие, білім беру мен шығармашылық кабілетін
дамытуда мұғалімнің және баланың рөлін анықтап, ұстаздық қызметтің ұрпақ
тәрбиесіне тигізетін әсерін ашып көрсетілсе, еліміздің негізгі тұтқасын
ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды, қабілетті ұландарымыз көп
болмақ.
Жалпы қабілеттілікті дамыту үшін көп жағдайлар керек. Біздің
пікірімше олардың бастыларына мыналарды жатқызуға болады:
- туа біткен қасиетін дамыту;
- отбасының жагдайы, ата-анасының қолдауы;
- оқушы мен ұстаз арасындағы қарым-қатынас;
- ұстаз біліктілігі;
- мектептегі оқыту мен тәрбиелеу деңгейі.
Міне, осы айтылғандар ұштасқан кезде ғана қабілетті, дарыңды,
талантты оқушылар жетіле түседі, күш-қуатын толық жұмсап, тынымсыз еңбек
етеді.

...

Сондықтан біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын Дарынды балалар
қабілетінің психологиялық ерекшеліктері деп алдық

Зерттеудің мақсаты.  Қабілеттің психологиялық ерекшеліктерін анықтау
және балалар бойындағы дарындылық қабілетін дамыту мен жетілдіру жолдары
жүйелеу.
Зерттеудің нысанасы: Дарынды балалардың қабілеттін дамыту процесі.
Зерттеу пәні: Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері.
Зерттеу міндеттері:
- Дарындылықтың белгілері  мен түрлеріне сипаттама беру;
- Дарындылық пен қабілеттің өзара сабақтастығы мен бірлесітігінің
психологиялық ерекшеліктерін қарастыру.
- Балалар бойындағы дарындылық қабілетін анықтау және дамыту жолдарын
қарастыру.
Зерттеу әдістері. Психологиялық талдау, әдістемелік әдебиеттерге
талдау, осы проблема бойынша тәжірибелерді зерттеу, қорыту, эксперимент
жүргізу.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды және
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1 Қабілеттің түрлері мен даралық ерекшеліктері
Қолайсыздану жағдай туса, қиыннан қиыстырып мәселе шешуде ізденімпаз
болып шыға келеді. Осы ізденімпаздылықтан шығатын қабілеттің түрін -
дарындылық деуге болады. Дарындылықтың негізгі белгілері:
1) Ой-өрістің жоғарылығы;
2) Шығармашылық және тиімді ойлау, өз ойын айту, пікір айту;
3) Қатынас пен белсенділік;
4) Қозғалғыштық;
Дарынды оқушымен жұмыс жасағанда, оқушы жанындағы педагогикалық,
психологиялық, әлеуметтік жағдайына назар аудару керек. Балаға әсер ететін
орталар: ата-ана, мұғалім, мектеп жолдастары, жұртшылық. Дарынды баланы
анықтай алу үлкен шеберлікті қажет етеді. Бала жанын түсініп, баланың
табиғатын толық анықтау үлкен өнер. Объектіні айқын белгілеу үшін
педагогикалық, психологиялык әдістер қолданылады. Байқау, әңгімелесу,
жоспарланған сұрақтар тест тапсырмаларын беру арқылы оқушының сөзді есте
сақтауы, өз пікіріндегі дәлдікті, сөйлемге мән беріп толық жеткізуін байқап
аламыз.
Баланың жеке ерекшеліктерін анықтап алған соң, оларды дамыту
жұмыстары басталады. Яғни баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу ғылыми
негіздеуге құрылады. Дарынды оқушылармен жұмыс барысында мұғалім әр қырынан
көрінуі шарт. Нағыз маман иесі деп -оқушылардың жүрегіне жол тапқан,
педагогикалық шеберліктің қыр-сырын меңгерген ұстазды айтады. Бұл қасиет
оның жеке басының ерекшеліктерінен көрінеді:
білім дәрежесі;
мақсаттылығы;
сөйлеу шеберлігі, ой қорыту жоғарылығы;
оқу бағдарламасын қажетіне қарай өзгерте білуі;
ғылыми тілмен сөйлеу мәдениеттілігі;
ата-анамен байланыс жасап, кеңес беру;
Əрқандай iс-əрекетке байланысты адам қандай да қызметтi орындауы
қажет жəне сол iстiң тиiмдi нəтижесiн қамтамасыз етуге жəрдем беретiн
сапаларға ие болуы тиiс.
Мұндай дара психологиялық ерекшелiктер мiндеттi түрде, бiр жағынан,
өзiндiк психикалық табиғатына ие болудан, екiншiден - əркiмде өз алдына,
қайталанбас көрiнiсiнен жеке адам қабiлетi деп аталады. Адам болғанның
барлығы тiк жүру, сөйлеу мүмкiндiктерiне ие, бiрақ бұлардың бiрi де шын
қабiлет тобына кiрмейдi, себебi, бiрiншiсi – психологиялық құбылыс емес,
екiншiсi - баршада бiрдей көрiнетiн əрекет. Қабiлеттердiң табысты iс-
əрекетпен байланыстылығын баса айтумен, тиiмдi нəтижеге негiз боларлық дара-
өзгермелi адам қасиеттерiнiң шеңберiн тарылта қарастыру керек.
Қабiлетсiздерге қарағанда, қабiлеттi адам iс-əрекеттi тезiрек меңгередi,
қажеттi, мол нəтижеге оңай жетедi. Қабiлет өз iшiне əртүрлi психофизикалық
қызметтер мен психикалық процестердi ғана емес, сонымен бiрге жеке тұлғаның
барша даму деңгейiн қамтыған əрi оларға тəуелдi күрделi бiрiгiм. Адамның
сыртқы бiлiм, ептiлiк, дағды əрекеттерiнде көрiнгенiмен, қабiлет табиғаты
iс-əрекеттен бөлек. Мысалы, тұлға техникалық жəне бiлiм жағынан күштi бола
тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбiреулер арнайы оқып, үйренбей-ақ
күрделi қызметтердi атқарып, тиiмдi нəтиже беруге шебер. [1,21]
Нақты көрiнетiн бiлiм, ептiлiк жəне дағдылар қатарында қабiлет адамның
жүзеге асуы мүмкiн қасиеттерiнiң бiрi ретiнде бағаланғаны жөн, яғни қабiлет
жерге тастаған дəнмен бiрдей: қолайлы жағдай болса өнедi, керi жағдайда
көрiнбей-ақ жойылады.
Осыдан, қабiлет - бiлiм, ептiлiк жəне дағдыларды игерудiң мүмкiндiк
көзi, ал оның iске асу, аспауы көп жəйттерге тəуелдi. Мысалы, балада
керемет математикалық қабiлет болуы ықтимал, бiрақ ол сол баланың ғұлама-
математик боларының кепiлi емес. Арнайы шарттар (бағдарлы оқу, шығармашыл
педагог, отбасы мүмкiндiктерi т.б.) орындалмаса, қабiлет дамымай жатып,
өшедi. Қоғам қолдамауынан қаншама даналардың болмай жатып, құрдымға
кеткенiн кiм санапты? Ал мектепте "үштiк" бағаға ептеп iлесiп жүрген
Альберт Эйнштейн əлемге əйгiлi ғалым-физик болыпты.
Бiлiм, ептiлiк жəне дағдылардың игерiлуiмен олардың қабiлетпен тiкелей
байланысы көрiне бастайды, яғни iс-əрекеттi игеру барысында қатыса отырып,
қабiлет одан əрi дамиды, iс-əрекетке жаңа мазмұн мен сипат бередi.
Математиканы оқымаған адамның математикалық қабiлетi ешқашан да жарыққа
шықпайды: оны тек сандарды танып, олармен есеп құрап, мəселе шешу барысында
ғана қалыптастыру мүмкiн.
Сонымен, қабiлет бiлiм, ептiлiк жəне дағдылардың өздерiнде көрiнбей,
танып үйренуге орай нақты əрекеттi игеру динамикасында (тез-шабан, оңай-
қиын) байқалады. Iс-əрекеттiң нəтижесi, орындалу деңгейi мен тəсiлдерiнiң
тиiмдiлiгi қабiлетке тəуелдi. [2,69]
Нақты қабiлеттер қатарына жалпы қызмет бабында iске асатыны ғана емес,
сонымен бiрге дəл бiр уақытта жəне нақты шақтағы əрекетке қажет болғандары
да кiредi. Мүмкiн болған жəне нақты қабiлеттердi тұлға қабiлетiнiң дамуына
ықпал етушi əлеуметтiк жағдайлардың жанама көрсеткiшi ретiнде тануға
болады. Себебi қоғамның əр тарихи даму кезеңiнде қалыптасқан əлеуметтiк
жағдайлардан мүмкiн болар қабiлеттер өрiстей түседi не кедергiлерден сөнiп
кетедi, нақты iс жүзiнде көрiнiп не пайдалану сəтi болмай қалады.
Адам қабiлетiндегi айырмашылық iс-əрекеттiң нəтижесiнен,
яғни оның сəттi не сəтсiздiгiнен байқалады. Қызығушылық адамда объектi жан-
жақты танып бiлуге ұмтылудан туындайды. Ал бейiмдiлiк нақты iс-əрекеттi
орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейiмдiлiк сапаларының үнемi өзара
үйлесiм тауып, бiр бағытта тоғысып отыруы мүмкiн емес. Оған түрлi жағдайлар
себепшi, мысалы, адам көркем-өнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бiрақ ол
осы саладағы өнер түрлерiмен шұғылдануға бейiмсiз болуы мүмкiн. Дегенмен,
белгiлi бiр iс-əрекет түрiне қабiлетi бар адамдардың қызығушылығы мен
бейiмдiлiгi бiр-бiрiмен үйлесiм таба алады. [3,15]
Iс-əрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуi үшiн қабiлет,
қызығушылық, бейiмдiлiктен тыс оның мiнез-құлқында келесi сапалық
көрiнiстер болуы қажет: ең алдымен - еңбексүйгiштiк, табандылық, батылдық.
Бiрақ, осындай ерекше қабiлетi бар адамның өзi де айтарлықтай өнiмге қол
жеткiзе бермейдi. Негiзi, адам өзiнiң iс-əрекетiне, жеке басына сын көзiмен
қарап, мiнезiнiң ұнамды, ұнамсыз сапа-ларын айқын ажырата аларлық деңгейде
болуы керек.
Адам қабiлетiнiң даралық ерекшелiктерiне дарындылық, шеберлiк, талант,
данышпандық, шабыт кiредi. Əртүрлi iс-əрекеттер аймағына қажет бiлiм,
ептiлiк-дағдылар бiрлiгiн жеңiл əрi нəтижелi игерудi қамтамасыз етушi жалпы
қабiлеттер ерекшелiгiн дарындылық деп атайды. Дарындылық əрбiр адамның ақыл-
сана, оқу, шығармашылық, көркемөнер, адамаралық қатынастар түзу жəне психо-
моторлық қызметтерiнде көрiнiс бередi. [4,54]
Дарынды адамдарға тəн қасиеттер: зейiндiлiк, жинақылық, тұрақтылық,
əрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бiрге, мақсатқа
жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап шалдығуды бiлмейдi,
басқалармен салыстырғанда интеллекттiк деңгейi анағұрлым жоғары.
Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас қажырлылық таныта
алады.
Бұл қасиеттiң адамдағы көрiнiсi - 2-3 жасар баланың бiр iспен үзбей
шұғылдана алу уақыты. Басқа қатарларымен салыстырғанда дарынды бала өзiн
қызықтырған iспен бiрнеше сағат шұғылданып, қажет болса, оған бiрнеше
күндер бойы қайта оралып, көздегенiне жетпейiнше, əрекетiн тоқтатпайды.
Дарындылық дəрежесiнiң артуы қажеттi бiлiмдер мен ептiлiк, дағдыларды
игерiп əрi жетiлдiрiп баруға тiкелей тəуелдi. Дарындылықтың өзiндiк
ерекшелiгi ең алдымен қызығушылық бағдарға байланысты. Осыдан, бiреу матема-
тикаға құмар, екiншi тарихқа, жəне бiреулер қоғамдық жұмыстарға бас (лидер)
болуда өз дарындылығын iске қосып, оны нақты iс-əрекетте кейiн дамыта
түседi. Мысалы, мұғалiм дарындылығының көрсеткiштерi келесiдей:
1) оқу материалын шəкiрттерге түсiнiктi күйге келтiру;
2) оқушы көңiл-күйiн қалтқысыз тану;
3) жұмыста шығармашыл болу;
4) балаларды өз еркiне көндiре алу;
5) балалар ұжымын бiрiктiруге қабiлеттiлiк;
6) сөз мəнерлiгi мен мазмұндылығы;
7) сөйлеу көркемдiлiгi мен нанымдылығы;
8) педагогикалық əдептiлiк;
9) оқу материалын тұрмыспен байланыстыра алу;
10) шəкiрттерге қаратылған байқағыштық;
11) педагогикалық талапшаңдық (Ф. Н. Гоноболин).
Қабiлеттер өз деңгейлерi мен ауқымы жағынан ажыратылады. Нақты iс-
əрекет аймағында өте жоғары деңгейге көтерiлген қабiлет - шеберлiк деп
аталады. Шеберлiк, яғни бiр iс-əрекет аймағында жоғары жетiлгендiк үлкен де
қажырлы еңбек негiзiнде пайда болады. Шеберлiк көбiне өндiрiстiк қайта
жасау қызметтерiмен байланысты келедi.
Алайда, бұл шеберлiктiң дайын ептiлiктер мен дағдылар бiрлiгiнен
туындайтынын бiлiдiрмейдi.
Əрқандай кəсiптегi (мұғалiм, дəрiгер, ұшқыш, спортшы т.б.) шеберлiк кез
келген жаңа мəселелердi шешуге қажет болған психологиялық дайындықты қажет
етедi. Шебер маман үшiн шығармашылық мiндеттi түсiну мен оны орындау
жолдарын табу, екеуi өзара байланыста қабылданады, iске асады, яғни "не
iстеу" жəне "қалай iстеу" арасында жiк болмайды.
Шеберлiк деңгейi - өзгермелi, дамудағы құрылым. Iс-əрекет барысында
адамның қабiлет түзiлiмi, тұлғалық мəнi қалыптасып, бiр деңгейден
екiншiсiне көтерiлумен ұдайы ауысып барады. Өте дарынды адамдар да
қарапайым елiктеуден бастап, кейiн бiрте-бiрте тəжiрибе жинақтаудан
жасампаздық дəрежесiне көтерiледi.
Адам қабiлетiнiң ерекше даралық сипатын көрсететiн психологиялық
құбылыс -талант. "Талант" сөзiнiң төркiн мəнi: ежелгi грек қауымында бай-
манап өзi жоқта жұмыстан қашқақтамасын деп ерiншек құлына беретiн күмiс
ақша бiрлiгi - талант аталады екен, ақылдан жұта құл оны алудан, пайдалы
айналымға жiберудiң орнына, топыраққа көмiп, жасыратын болған. Осыдан
халықта "таланты құм болды", "таланты көмiлдi" деген ұғымдар сақталып
қалған. Қазiргi күнде талант арнайы қабiлеттердiң (музыкалық, суреткерлiк,
əдеби шығармашылық т.б.) жоғары деңгейлi дамуын бiлдiредi. Қабiлеттер
сияқты талант та iс-əрекетте көрiнiп, өрiстейдi. Талантты адамның қызметi
өзiнiң жаңашылдығымен, қайталанбас мəнерiмен ажыралады.
Таланттың оянуы тiкелей қоғамдық болмысқа тəуелдi. Қай бағыттағы
дарындылықтың жол алуы дəуiр қажеттiгi мен əлеумет алдында тұрған нақты
мiндеттерге байланысты. Мемлекеттiң дамуы инженерлiк жəне кон-структорлық
таланттардың жетiлуiнен, мемлекеттiң көркейген кезеңiнде əн-күй, əдебиет
таланттары шығады, ал соғыс уақытында - талантты əскери қолбасшы дүниеге
келедi. Осыдан, қазақ арасынан шыққан Қ. Сатпаев, М. Əуезов, Б. Момышұлы,
Қажымұқан, Р. Рымбаева - əрбiрi өз дəуiрiнiң саңлақтары.
Талант - көптеген қабiлеттердiң байланысы, бiртұтастығы. Өте жоғары
дамыған, бiрақ оқшауланған бiр қабiлет талант дəрежесiне көтерiле алмайды.
Мысалы, кейбiреулер 10 қаналы не оданда көп санды лезде көбейтедi не
бөледi, бiрақ математик емес, бола алмайды да.
Қабiлеттердiң даму барысындағы ең жоғары, шыңдалу деңгейi – данышпандық
деп аталады. Шығармашылық қызметi қоғам өмiрiнiң бiр дəуiрiнде, адамзат
мəдениетiнiң тарихында белгiлi iз қалдырған адам ғана данышпан бола алады.
Өркениеттiң 5000 жылдық тарихында мұндай шыңға 400 кемеңгер көтерiлiптi
(Котс). XX ғасыр саңлақтары атанған, арамызда жүрген замандастарымыз ақын
Олжас Сүлейменов, сынаушы-ұшқыш, ғарышкер Тоқтар Əубакiров қазақ
данышпандарының бiрiншi ондығынан.
Адамның шығармашылық iс-əрекетiнiң аса табысты болуына себепшi рухи
көтерiңкiлiк пен ерекше күш-қуат туындайтын кезеңдер болады. Бұл жағдайдағы
адамды жаңа идеяларға жетектеп, оларды iске асыруға ынталандыратын
психологиялық қалып - шабыт деп аталады. Шабыт шығарма-шыл тұлғаның жоғары
белсендiлiгiнен, оның iс-əрекетiнiң жемiстiлiгiнен, жасампаздық
ептiлiгiнен, жаңалық ойлап табу қызметiне толық берiлуiнен көрiнедi.
Өмiрнамашыларының айтуынша, И. С. Тургенев шығармаларын жазуды өзiн-өзi
зорлап, көндiруден емес, iшкi ниет қалауымен қалай бастағанын бiлмей қалады
екен.
Шабыт пен еңбек - екеуi егiз, бiр-бiрiнсiз асамайды. Осыдан, шабыт –
қажырлы еңбек пен орасан бай бiлiм қоры негiзiнде туындайтын мүмкiндiк.
"Шабыт – ерiншектерден қашатын, шақырғанға баратын қонақ" (П. И.
Чайковский). Сана айқындығы, ой мен бейнелер кернеуi; ес, зейiн өткiрлiгi,
мақсатқа бағыттайтын арнасына симаған ерiк күшi - шабыттанудың алғы
шарттары. [5,36]

1.2. Қабілет туралы ғалымдардың теориялары
Адам қабiлеттерiнiң табиғаты осы күнге дейiн ғалымдар арасында
қызған ой-пiкiр таласын тудыруда. Солардың iшiнде өз басымдылығын танытқан,
тарихы Платоннан бермен қарай жалғасып келе жатқан қабiлеттердiң
биологиялық негiздi екендiгi жəне олардың нəсiлдiкке тəуелдiлiгiн
дəрiптейтiн көзқарас. Бұл бойынша, оқу мен тəрбие қабiлеттердiң пайда болу
қарқынын өзгертуi ғана мүмкiн, ал олардың көрiнiс беруi бiрыңғай емес.
Мысалы, Моцарттың музыкалық дарыны 3 жаста белгiлi болған, Гайдн - 4, Дина
Нүрпейiсованың күйшiлiк өнерi 8 жасында байқалған. Сурет жəне сəулет өнерi
қабiлеттерi кейiндеу бiлiнедi: Рафаэл - 8 жаста, Ван-Дейк - 10 жаста, Дюрер
- 15 жаста өнермен айналыса бастаған.
Қабiлеттердiң нəсiлдiкке тəуелдiлiгi туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін оқу-әдістемелік жұмыстарын басқару
Дарынды балалардың қабілеттін дамыту процесі
ДАРЫНДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БАЛА ҰҒЫМДАРЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ
Дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психологтың қызметі
Дарынды балалармен жұмыс жасау жолдары
Оқушы дарындылығын ашудағы мектептің ролі
Дарындылықтың қалыптасу дәрежелері критериі
ДАРЫНДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Дарынды балаларды дамытудың маңызы
Оқушының оқу қабілеттерінің дамуы мен құрылымы
Пәндер