Мінез - құлықтың қалыптасуының психологиялық мәселелері


Мазмұны
Кіріспе . . .
І Мінез - құлықтың қалыптасуының психологиялық мәселелері
- Жеке тұлғаның даралық психологиялық ерекшелігі ретіндегі
мінез - құлықтың теориялық сипаттамасы . . .
- Мінездің құрылымы мен қасиеттерінің психологиялық - педагогикалық мазмұны . . .
- Оқу процесінде мінез-құлықты қалыптастыру маңыздылығы . . .
ІІ Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс - әрекеті барысында
мінез - құлық ерекшеліктерін зерттеу
2. 1 Оқу іс - әрекеті барысында мінез - құлықтың қалыптасуын
анықтау эксперименті . . .
- Оқу іс - әрекетінде мінез - құлықты түзету және дамыту
жұмыстары . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі . Мінез-құлық қазіргі таңда өзекті тақырыптардың бірі. Оқу іс-әрекеті барысында жеке тұлғаның маңызды психологиялық сапаларының бірі ретінде, мінез-құлықты қалыптастыру жолдарын анықтау мақсатымен ғалымдардың теорияларымен байланыстырып, зерттеу нәтижесін көрсету көзделіп отыр. Оқу іс-әрекетімен мінез-құлық арасындағы өзара байланысты ескеру де өте маңызды. Сондықтан ең бастысы оқу іс-әрекеті жоғары болуы үшін ақыл-ой деңгейі де биік болуға тиісті. Бала интеллектуалдылығы биіктеген сайын мінез-құлықтың дамуы да жоғарылай түспек.
Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Бұл мәселе педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде қарастырылған. Олар сыныптан тыс жұмыс мектептегі бай рухани өмірді қалыптастыруға, оқу пәндері бойынша білімдерін тереңдетуге, оны іс жүзінде қолдануға, оқу пәндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін толық пайдалануға, дүниеге ғылыми көзқарасын және оқу пәндеріне танымдық қызығуын қалыптастырып, дамытады.
Адам әрекетінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып отыратыны анық. Еңбек ерекетінде немесе оқу әрекетінде болсын адам алдына бір мақсат қойып содан бір нәтиже шығаруға ұмтылады.
Осындай мақсаттардың бірінде адамның оқу іс - әрекетін алуға болады. Оқу іс - әрекеті барысында адамның жеке дара қасиеті жетекші орынға ие. Соның ішінде адамның күрделі жеке даралығы - мінез - құлығы.
Бастауыш сынып оқушыларында оқу - тәрбие процесін ұйымдастыруда мінез бітістерінің комплекстері өз әсерін тигізеді. Сол себепті, мінез - құлық ережелерін оларға тән моральдық нормаларды игеру оқу іс - әрекетін жеңілдетеді. Сондықтан курстық жұмысымыздың тақырыбын «Оқу іс-әрекетінде мінез-құлықты қалыптастыру ерекшеліктерін анықтау» деп алдық.
Зерттеу мақсаты - оқу іс - әрекетінде бастауыш сынып оқушылырының мінез - құлық ерекшеліктерін анықтау және қалыптастыру жолдарын ұсыну.
Зерттеу нысаны - бастауыш сынып оқушыларының оқу іс - әрекетіндегі мінез-құлық ерекшеліктері.
Зерттеу пәні - мінез - құлықты оқу іс - әрекетінде қалыптастыру жолдары.
Зерттеу жұмысының болжамы - егер бастауыш сынып оқушыларының оқу іс - әрекеті барысында мінез - құлықтарын қалыптастыратын негізгі шарттары анықталып, оны арнайы үйлесімді қалыптастыру жұмыстары ұйымдастырылса, онда оқушылардың мінез-құлқында кездесетін қиындықтар болмайды.
Зерттеу міндеттері:
- Оқу іс-әрекеті, мінез-құлық туралы теориялық сипаттама жасау;
- Оқу іс - әрекетінде мінез - құлықтың калыптасуын анықтау;
- Оқушылардың мінез - құлқын оқу іс-әрекетінде қалыптастыру жолдарын саралау.
Зеттеу әдістері - ғылыми еңбектерге теориялық талдау жасау әдісі, психодиагностикалық әдістемелер, бақылау әдісі, эксперимент әдісі, зерттеу нәтижелерін өңдеу және талдау әдісі.
Зерттеудің әдіснамалық негізі - мінез - құлықты қалыптастыру туралы теориялар (Л. С. Славина, Л. Ф. Островская, В. Д. Шадриков, Р. В. Овчарова, Л. С. Выготский, В. В. Давыдов ), оқу іс - әрекетіндегі жеке тұлғаның қалыптасуы туралы теориялар (Д. Б. Эльконин, В. Занков, Н. Зимняя, А. В. Запорожец, А. Н. Леонтьев) .
Зерттеудің теориялық маңыздылығы -
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы - зерттеу нәтижелері бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде мінез-құлқын қалыптастыруға мақсатталған іс-шаралар педагогтарға бала мінез-құлқы мәселесін терең ұғынуы, соның негізінде ол оқу іс-әрекетінде қалыптастыруға бағытталатындығы анықталды.
Курстық жұмыстың құрылымы - кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Зерттеу кезеңдері
Зерттеудің бірінші кезеңінде мәселенің ғылыми-ізденістері құрастырылды. Сонымен қатар жұмыстың мазмұны мен негізгі бөлімдері анықталынды. Пайдаланылатын әдебиеттер жинақталынып, талданды.
Зерттеудің екінші кезеңінде оқу іс-әрекеті барысында мінез-құлықты қалыптастыру диагностикалық жұмыстары ұйымдастырылды. Психокоррекциялық жаттығулар ұсынылды.
І Оқу іс - әрекеті барысында мінез - құлықтың қалыптасуының
ғылыми - теориялық негіздері
1. 1 Жеке тұлғаның даралық психологиялық ерекшелігі ретіндегі
мінез - құлыққа ғылыми теориялық талдау
Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық өзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл орайда, адамдар мінез ерекшеліктеріне орай ажыратылады. «Мінез» деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі-із қалдыру. Психологияда бұл - дербестік мағынасы бар адамға байланысты ұғым.
Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері - адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен, адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудің нәзіктігі, көздің көргіштігі, есте сақтаудың шапшандығы, ақыл - ойдың тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайды.
Мінез - бұл адамның әлеуметтік мінез - құлқының ерекшелігі ол әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын бейнелейді және жүктелген іске, адамдарға қарым - қатынасынан көрініп отырады. Жеке адамға немесе адамдар тобына тән өзіндік қарым - қатынастар, мінез - құлық пен қимыл қозғалыстардың тәсілдері кісінің танымы мен іс - әрекетінде, тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеу үрдісінде қалыптасады.
Іс - әрекеттің әр түрлі болуына және одан алатын әсерге мінездің толысуы мен күші тәуелді болады. Жеке адам тіршілігінің өрісі тар, ол қоғамдық дамудың негізгі бағытынан оқшау жүріп жатса, онда біртіндеп оралымсыз, тартқыншақ мінез қалыптасады. Бала мінезінің қалыптасуына жанұя мен мектеп өмірінің моральдық - психикалық жағдайы үлкен әсер етеді. Жолдастық өзара жәрдем, ынтымақшылдық өріс алған қоғамда кеңес адамдарының бойында ұжымдық, сергектік, ілтипаттылық, мақсаттылық және табандылық сияқты тамаша қасиеттер қалыптасып отырады. Олай болса, нақты адамның мінезіне талдау жасағанда ол өмір сүріп отырған қоғамдық - тарихи жағдайды еске алумен бірге, оның тәрбиеленуі бағытын да ескеріп отырған дұрыс, өйткені бұл екеуі адамның белгілі мінез бітімін қалыптастыратын өзара байланысты себептер болып есептеледі. Соның нәтижесінде адамның әр алуан психикалық процестері оның іс - әрекет түрлеріне ықпал етіп, адамның ақыл - ойын, көңіл - күйін, эмоциясын, ерік - жігер қасиеттерін айқын аңғартады.
Мінездің мәнерлі белгілері. Мінез тек қылық пен қимыл - қозғалыстардан ғана емес, бет - әлпеттен және ымнан да байқалады. Мінез жеке адамның сыртқы кейпіне әсер етеді. Мәселен, беттегі әжім бұл адамның жасы ұлғаюының ғана белгісі емес, ол сондай - ақ беттегі бұлшық еттердің әдеттегі қозғалыстарының да нәтижесі. Кейбіреулер үнемі күлімсіреп жүрсе, енді біреулері түнеріп жүреді, біреудің бетінен таңдаған пішінді, екінші біреу мұны бүкіл бет пішінімен байқатады.
Психологияда мінез бір ғана мағына бермейді. «Мінез» және «тұлға» түсініктерін ажырату кезінде көптеген талас сұрақтар пайда болады. Психологиялық әдебиеттерде осы екі түсінікке байланысты әр түрлі варианттарды табуға болады: мінез және тұлға ұқсас келеді, яғни бұл терминдер синоним ретінде қолданылады; мінез тұлғаға кіреді және оның құрылымы ретінде қарастырылады; керісінше, тұлға мінездің спецификалық бөлігі ретінде түсіндіріледі; тұлға және мінез «тоғысатын» білімдер сияқты қарастырылады. Егер бізге қажетті түсініктің тар түсіндіруін ұстансақ, мінез бен тұлға түсініктерінің араласуынан қашуға болады.
Мінез тар мағынада индивидтің тұрақты қасиеттерінің жиынтығы ретінде анықталады, бұдан мінез-құлық тәсілдері және эмоциялы сезіну тәсілдері көрінеді.
Мінездің осындай анықтамасында оның қасиеттері, темпераменттің қасиеттері сияқты мінез-құлықтың фомалды-динамикалық ерекшеліктеріне қатысты болады. Бірақта, біріншіден, бұл қасиет, егер шекті формалды болуы мүмкін, екіншіден, оларда көптеген мағыналық белгілер байқалады. Темпераментті іс-әрекет аймағы бойынша сипаттайтын болса, «жылдам», «шапшаң», «өткір», «енжар», ал мінез қасиеттері бойынша - «жинақы», «ұйымдасқан», «тиянақты», «көргенсіз» деп бөлінеді. Эмоциялы аймағын сипаттағанда темпераментте «тірі», «импульсивті», «ашушаң», «сезімтал», ал мінезде - «ақ көңіл», «тұйық», «күдікті» деген сөздер қолданылады.
Мінез бен тұлғаның арасындағы айырмашылықты (тар мағынада) атақты адамдардың тұлғалық қасиеттерін мысал ретінде еске түсірейік. Мынадай сұрақ туындайды: тарихтағы атақты адамдардың мінезі нашар болған ба? Иә қанша болса да, Ф. М. Достоевский қиын мінезімен ерекшеленген, ал И. П. Павловтың мінезі өте «қатал» болған деген пікірлер бар. Дегенмен де оларға атақты тұлға болуына мінездері кедергі келтірмеген. Яғни, мінез бен тұлға бір мағына бермейді. Осыған байланысты П. Б. Ганнушкиннің қызықты бір пікірі бар. Өте жоғары дарындылық психопатиямен жиі сәйкес келеді деген фактіні айта отырып, творчестволық тұлғаларды бағалау үшін олардың мінездерінің кемшіліктеріне мән берілмейді деп көрсетті. «Тарихты, - деп жазды ол, - жеке, индивидуалды емес, жалпы өткінші емес мінез жасайтын тек шығарма және оның басты элементтері қызықтырады.
Сонымен, адамның «шығармасы» оның тұлғасын көрсетеді. Жас ұрпақтар оның мінезін емес, тұлға іс-әрекетінің қорытындысын пайдаланады. Адамның мінезімен жас ұрпақ емес, оны қоршаған адамдар: туыстары және жақындары, достары, әріптестері кездеседі. Олар үшін жас ұрпақтарға қарағанда адамның мінезі оның тұлғалығына қарағанда өте маңызды болуы мүмкін. Егер қысқа ғана тұлға мен мінездің айырмашылығын қарастырып көрсек, онда мынаны айтуға болады: мінездің ерекшелігі адам іс-әрекетінен көрінеді, ал тұлғаның ерекшелігі - оның не үшін іс-әрекет жасап жүргенінен көрінеді. Сонымен бірге тұлғаның мінез-құлқы мен бағыттылығы бір-бірінен тәуелсіз: егер бір амалды пайдалана берсе, онда көптеген мақсаттарға жетуге болады немесе басқа да жолмен жетуге болады.
Мінез тұқым қуаламайды және тұлғаның туыла берілетін қасиеті емес, сонымен бірге тұрақты және өзгермейтін қасиет болып табылмайды. Мінез өмір шартының әсерінен темперамент негізінде қалыптасады. Мінезде темпераменттің қырлары өзгертілген түрде көрінеді. Оларды адамдар түсінеді және қабылдайды немесе қабылдамайды. Мінез қоршаған орта әсерінен, адамның өмірлік тәжірибесінен, оның тәрбиесінен қалыптасады және дамиды. Бұл процеске әсер ететін, біріншіден, қоғамдық-тарихи жағдайлар (әрбір адам нақты бір тарихи қоғамда өмір сүреді, нақты бір әлеуметтік ортада солардың әсерінен тұлға болып қалыптасады) және екіншіден, индивидуалды-өзіндік ерекшеліктер жағдайы (әрбір адамның өмір сүру шарты және іс-әрекеті, оның өмірлік жолының өзіндік ерекшелігі және қайталанбастығы) . Сондықтан, әрбір адамның мінезі оның қоғамдық болмысымен және жеке даралығымен анықталады. Осыған байланысты индивидуалды мінездердің шексіз әр түрлері болып келеді. Дегенмен, бірдей жағдайда өмір сүріп және дамыған адамдардың өмірі мен іс-әрекетінде ортақ нәрселер болады, сондықтан мінездерінде көптеген жалпы жағдайлар мен ерекшеліктер бір-бірімен ұқсас келеді. Әрбір адамның мінезі жеке және типтік жағынан ерекшеленеді. Әрбір қоғамдық-тарихи дәуір мінездің қырларын қалыптастыра отырып, адамдардың дүниетанымына әсер ететін өмірдің жалпы әдет-ғұрыпын және қоғамдық-экономикалық қарым-қатынасын сипаттайды.
Мінез түсінігі мазмұны жағынан түрлі теориялық құрылымдардан ерекшеленеді. Қазіргі кездегі шетелдік характерологияны үш бағытқа бөлуге болады:
- Э. Кречмермен байланысты, конституциялы-биологиялық. Мінез конституция мен темпераменттің қосындысы;
- Психоанализдік (З. Фрейд, К. Г. Юнг, А. Адлер, және т. б. ) мінезді адамның бейсаналы түрде әсер етуімен түсіндіреді:
- идеологиялық мінезді этико-логикалық санкция анықтайтын инстинкттердің тежелуінен көреді. Қандай инстинктер және қандай санкциялармен тежелетіні тұлғаның ішкі имманентті қасиеттеріне тәуелді.
Ресей психологтарының мінезді зерттеуі Н. О. Лосский, П. Ф. Лесгафт, А. Ф. Лазурский, А. П. Нечаев, В. И. Страхова, Б. Г. Ананьев, Н. Д. Левитов және т. б. есімдерімен байланысты. Осы жерде тағы бірнеше бағыттарға бөлуге болады: идеалистік, биологизаторлық, материалистік. Осы феномендерге әр түрлі тұрғыда келіп, мінезді анықтауда әлеуметтік-бағалауға, психологиялық мінездеменің мағыналық тұрақтылығын көрсетуге болады.
Әртүрлі авторлар мінез құрылымын түрлі қасиеттерге бөледі. Б. Г. Ананьев мінез тұлғаның тұтас көрінуі мен жағдайы деп есептейді және оның негізгі қасиеттеріне бағыттылық, дағдылар, коммуникациялық қасиеттер, темперамент негізінде қалыптасқан эмоциялы-динамикалық көріністер жатады. А. Г. Ковалев, В. Н. Мясищев мінез құрылымына мынадай қасиеттер жұбын кіргізеді:
- біркелкі - біркелкі емес;
- сензитивті - агрессивті;
- кеңдігі - тарлығы;
- тереңдігі - үстіртін;
- байлық, мағыналы - кедейлік;
- күшті - әлсіз.
Н. Д. Левитов мінезді оның тұтастығымен, күрделілігімен, динамикалылығымен, түпнұсқалығымен, күшімен, қатаңдығымен анықтап бөлді. Бұлар және басқа да мінездің құрылымдық қасиеттерін бөлу болашақта талдау мен жалпылауды талап етеді.
Қалыпты мінездің шеткі варианттарын акцентуацияланған мінез деп айтады. Орта өлшемнен акцентуацияның ауытқуы (психопатия сияқты емес, күшті деңгейі) кейбір мәселелер мен қиындықтарда көрінеді. Акцентуацияланған мінезді алғаш зерттеу психиатрлардың жұмыстарында пайда болды. Акцентуацияланған мінез мәселесі жалпы психологияға қатысты. Кәдімгі орта мектепте оқитын жеткіншектердің жартысынан көпшілігі акцентуацияланған мінезді көрсететіні белгілі.
Акцентуация типтері негізінен психопатия типтеріне ұқсас келеді. А. Е. Личко акцентуацияның келесі типтерін бөліп көрсетті: гипертимді, циклоидты, лабильді, астено-невротикалық, сензитивті, психоастеникалық, шизоидты, эпилептоидты, истероидты, тұрақсыз және конформды. Психопатия кезінде әр түрлі типтер бір адамда аралас көрінуі мүмкін.
Гипертимдер үшін қандай жағдайлар күрделі? Олардың мінез-құлқы бақыланатын, ықыласын көрсетуге мүмкіндігі жоқ жер, монотонды еңбек немесе шарасыз әрекетсіздік. Осы барлық жағдайларда гипертимдер жарылуы немесе олқылықтар жасайды. Мысалы, егер осындай типтегі жеткіншекке ата-анасы тым қамқорлық жасайтын болса, оның әрбір қадамын бақылап отырса, онда ол ерте қарсылық білдіреді, үйден қашуға дейін баратын өткір негативті реакциялар көрсетеді. Шизоидты акцентуациялы адамдармен эмоциялық байланыс жасау қиынға түседі. Сондықтан, олар формалды қарым-қатынас жасайтын ортада (гипертимге өте жақын) дезадаптацияланады. Сондықтан, оларға сеніп тапсыруға болмайды, мысалы, жаңа жұмыстың ұйымдастырушы рөлін, себебі ол жерде адамдармен көп байланыс жасау керек, олардың көңіл-күйлерін және қатынастарын бақылау, әлеуметтік жағдайда шебер бағыт беруші, мінез-құлқының икемділігі және т. б. бұл типтің өкілдері «жанына енуді» жек көреді, олар әсіресе өздерінің ішкі әлеміне ұқыпты қатынас жасауды талап етеді. Истероидты акцентуацияға оның ерекшелігіне көңіл бөлмесе, сол қатты тиеді. Ол мақтауға, атаққа, лидерлікке талпынады, нәтижесінде іскерлік ұстанымының жетілмегендігінен өте қатты қайғырады. Шизоид немесе психоастеникті тыныштандыруға болады, истероидқа сондай жағдай жасаса - психологиялық дискомфортты жағдайды және стресті тудыру деген сөз. Сонымен, адам мінезі іс-әрекетте және қылықтарда пайда болады, осыдан субъект өзінің бірлескен іс-әркетін қандай мөлшерде белсендірді, осыдан ол іс-әрекет мазмұнына, қиындықты жеңудегі сәттілік немесе сәтсіздікке, негізгі өмірлік мақсатқа жетудегі алыс немесе жақын болашағына тәуелді екенін көруге болады.
Осыдан темперамент сияқты мінезде жүйке жүйесінің типіне байланысты адамның физиологиялық ерекшеліктеріне тәуелділік көрінеді. Темперамент қасиеттері олардың көрінуі мен өтуінің динамикалық ерекшеліктерін анықтап, мінездің пайда болуына өзінің іздерін қалдырады. Соңында, темперамент және мінез қырлары бөлінбейтіндей болып, адамның ортақ келбетін көрсетіп, оның жеке даралығына мінездеме береді.
Мінез - бұл тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі, бірлескен іс-әрекеттегі және басқа адамдармен қарым-қатынас барысындағы, өзінің жеке даралығын иемдену кезіндегі өмірлік жетістіктері.
Психологтар бастауыш мектеп жасындағы оқушының жеке тұлғасының қалыптасуындағы оқу іс-әрекетінің мәніне ерекше көңіл бөліп, «оқушының ішкі позициясын қабыл алу», (Л. И. Божович), «оның танымдық және адамгершілік күштерінің дамуының жаңа көздерін ашатын, мінез - құлық мотивтерінің өзгерісі» (В. В. Давыдов), баланың «мектепке оқу міндетін» сезінуде қамтылған қоғамдық орнының өзгерісі (Н. Ф. Добрынин) сияқты аспектілерді бөліп көрсетеді. Кеңес психологиясында мотивациялық сфера өзінше қарастырылады ол адамның ақиқатқа, өз-өзіне, басқа адамға белсенді түрде бағытталған қатынасының күрделі жүйесін құрайды, әрі түрткілердің әртүрін қамтиды (Л. И. Божович) . Баланың қай мотиві өзіне жетекші мотиві ретінде таңдап алуына қатысты оның адамгершілік позициясы қалыптаса бастайды (Л. И. Божович, А. Н. Леонтьев) . Оқушының мотивациялық сферасы оның эмоционалды - еріктік сферасына, оның ақыл- ой әрекетіне әсер ететін түрлі қатынастардың қайта құрылуына әсер ететін өте мәнді фактор ретінде көрінетін «педагогикалық бағамен» анықталады.
Осы жастағы оқушылардың қарым-қатынастарының ерекшеліктерін сипаттай келе, Л. И. Божович, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин балалардың құрдастарымен жақындығына қарамастан ересек адам, әсіресе мұғалім олар үшін бедел иесі болып табылатындығын көрсетеді.
Д. Б. Эльконин, «баланың ересектермен қатынастарының барлық жүйесі жеке қарым-қатынасқа дейін оқу іс-әрекеті арқылы жанамаланады» деген қортындыға келеді. Баланың оқу іс - әрекетіне енуі ересектің оқушылардың өзіндік сана сезіміне әсер ету мүмкіншілігін ұлғайтады. Осындай көзқарастың негізінде бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ересектермен өзара қатынастары бір - біріне қайшы екі тенденциямен сипатталады. Бір жағынан ересектердің талаптарына мойынсыну, бағыну міндеті айқын көрінсе, екінші жағынан өзінің жеке басының дербестілігін, ынтасын, құқығын қорғау мақсатында дербестік пен тәуелсіздік сезімі пайда болады. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ересектерге қатысты тәртіп сезімі әлі қалыптаса қоймайды. Дамудың осы сатысындағы балалардың сана сезімі жаңадан қалыптаса бастайды. Жеке басының жеткілікті дәрежеде жетілмеу себебінен, балалардың ересектермен қатынас қажеттілігі пайда болады.
Психологтардың ойынша бастауыш мектеп жасындағы балалардың өзара қатынастарының негізгі бет бейнесі, олардың достық қатынастарының сыртқы өмірлік жағдайлары мен кездейсоқ қызығушылықтарының бірігіп кетуінде. Құрдастарының берген бағасы өзіндік бағалаудың қалыптасуына негіз болмайды. Осы жас шамасындағы балалардың жетекші іс - әрекеті болып табылады. Қарым - қатынас көбінде өз - өзін және басқа адамдарды тану қажеттілігін қанағаттандыратын іс - әрекет ретінде қарастырылады. (М. И. Лысина)
Баланың ересектермен қарым - қатынастарының жүйесі жеке қарым - қатынасының өзі оқу іс - әрекеті арқылы жанамалданады. (Д. Б. Эльконин)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz