Темпераменттің психологиялық сипаттамасы


КІРІСПЕ.
Мәселенің өзектілігі. Оқу іс-әрекетінде немесе еңбек әрекетінде оқушылар алдына қойған мақсатына жетуге ұмтылады. Бұл жолда танымдық бағдары жетекші орынға ие болатыны сөзсіз, бірақ оқу іс - әрекетіндегі темперамент типтері қазіргі уақыттағы оқу процесінің дамып қалыптасуында манызы бар екені негіз болып табылады.
Оқу іс - әрекетіндегі темперамент типтерінің әсері өте маңызды. Қазіргі таңда білім деңгейінің төмен болуы оқу іс - әрекетінде темперамент типтерін ескермеумен байланысты деп дәлелдеуге болады.
Зерттеу мақсаты. Зерттеудегі мақсатымыз темперамент типтерінің оқушының оқу іс-әрекетінде маңыздығын анықтау. Темперамент типтері туралы теориялар мен пікірлерге тоқталып, оқу іс-әрекетінде тиімды қолдану жолдарын қарастыру . Арнайы эксперименталды зертеу жүргізу Темпераментті лабораториялық жағдайда зерттеу қиынға соғады, ал жай бақылаулар арқылыда оңай емес
Зерттеу міндеттері.
- Темперамент типтеріне психологиялық сипаттама беру.
- Оқу іс - әрекетіндегі темперамент типтерін көрсету.
- Темперамент типтері туралы ғалымдардың теорияларымен, пікірлерімен танысу.
- Жүйке жүйесі мен темпераменттің арасындағы байланысты көрсету.
- Оқу іс - әрекетіндегі темперамент типтерін эксперимент зерттеу жұмыстары арқылы анықтап және зерттеу барысында жиналған материалдарды өңдеп оқушылардың темпераментімен танысу.
- Темперамент типтерін оқу іс-әрекетінде тәрбиелеу.
Зерттеу жұмысының пәні- арнайы бейімделген әдіс көмегімен темперамент типін анықтап, оқу іс-әрекетіне ықпалын зерттеу.
Зерттеу болжамы- Егер оқу процесінде оқушының темперамент типін ескеріп оқу іс-әрекеті ұйымдастырылатын болса, онда оқушынынң оқу іс-әрекеті жемісті болуы мүмкін. ”
Жұмыстың әдіснамалық негізі. Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізінде темперамент туралы теориялар әсер етті. Галлен, Аристотель, И. Кант, К. Юнг, Г. Айзенк, М. Русаловтың және И. П. Павлов негіздеген типология темперамент психологиясы саласындагы көптеген тұжырымдар зерттеу жұмысын жұргізуге бағыт берді.
Практикалық маңыздылығы:
1. Темперамент типінің оқу іс-әрекетінде маныздылығын зерттеуге арналған әдіс қазақ тіліне бейімделіп қолданылды.
2. Педагог-психолог ретінде жұмыс жұргізу үшін әдістемені іске асыруға нұсқау және кеңестер құрастырылды.
І Тарау. Темперамент типтерінің психалогиялық сипаттамасы.
- Оқу іс-әрекетіндегі темперамент типтерінің түрлері.
Темперамент ғылыми ойды қызықтырған мәселердің бірі. Оған дейін қызғушылықтың төркіні -адамдар бойында болатың дара өзгешеліктер. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биоглогиялық және физиологиялық құрлымы болса, екіншіден-әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арсындағы көптеген психикалық айырмашылықтар:эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы қозғалғыштығы-бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы кунге дейін темперамент мәселесің шешілмеген, талас-тартысты қырлары баршылық. Көзқарастың көптігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындағаны: темперамент-жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент адамға тума берілген әрекет қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатың бейнелейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді.
Сонымен, темперамент - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке дара өзгешілігі. Темперамент адамның қозғалысынан, адам көңіл күйінен, эмоция сезімдерінен жақсы байқалады. Осыған байланысты сангвиник, холерик, фигматик, меланхолик болып, төртке бөлеміз. Темперамент тұрлері жақсы не жаман болмайды. Олардың әр қайсысы өзінін ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетуге қаратылмай, нақты іс-әрекетте оның тиымды жақтарын саналы әрі өз орынымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн.
Қазіргі кезде психология ғылымы белгілі жұйеде темперамент типтерінің бәріне толық психологиялық сипаттама беруге боларлықтай деректер топтаган. Алайда, дәстүрлі қабылдаған темпераменттін төрт түрінің психологиялық сипатың түзу үшін көбіне төмендегі аталған негізгі темперамент қасиеттері қолдануда:
Сезімталдық - адамның қандай да психикалық жауап-әрекетінің пайда болуына себепші сыртқы әсер құшінің ең төменгі деңгейімен сол жауап-әрекетінің туындау шапшаңдығы.
Жауап-әрекетке келу - бірдей ықпалды сыртқы не ішкі әсерлерге болған ырықсыз жауап әрекет дәрежесі.
Белсенділік - мақсатқа жетуде адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау және кедергілерді жену үшін жүмсалған әрекет-қылығының қарқындылығы.
Жауап әрекетке келу мен белсенділік қатынасы - адам іс-әрекетінің өз пайда еткен себепке қаншалықты тәуелді екенің білдіруі.
Икемділік - адамның сыртқы әсерлер мен өзгерген жағдайларға қаншалықты женіл әрі жылдам үйренісе алуы немесе жаңа жағдайға салғырт, тіпті жат қылық көрсетуі.
Жауап әрекет қарқыны - әр қилы психикалық әрекеттермен процестер, сөйлеу ым-ишара қозғалыстарымен ой білдіру шапшандығы.
Экстроверсия, интроверсия- адамның жауап әрекеті мен іс қимылына себепші жағдайлар-нақты мезеттегі сыртқы сезімдер немесе өткен мен болашақта байланысты санадағы бейне, елес пен ойлар.
Сезімдік қызбалылық - эмоционалдық жауап болуы қажет ең төменгі әсердің шамасы мен оңың туындау жылдамдығы.
Аталған қасиеттерді ескерумен қазіргі заман психологиясында темпераменттін ғылыми қауым қабылдаған төрт типінің сипаттамасы:
Сангвиник типіндегі балалар шапшаң, күшті, бірақ тұрақсыз болып келеді. Олар өте әcершіл, көңіл - күйі тез өзгереді, көрсе қызар, бірақ онысы тез басылады. Ішкі сезімдерін сыртқы келпеті айқындап тұрады. Тез тіл табысады. Мәнерлі сөйлеп, ым-ишаретті жиі қолданады. Бастаған ісін аяғына жеткізе бермейді. Тез өкпелеп, кейде жылапта қалады, бірақ оның бәрі өткінші жаңбырдай тез басылады. Шапшаң, қозғалғыш, қызу, еті тірі, сергек. Ұзақ уақыт мұңайып жүрмейді.
Холерик . Эмоцияға берілуі тез. Шыдамсыз, өте күйгелек болып келеді. Басынан қандай сезім кешірседе сол санасында терең із қалдырады. Икемсіз, бірақ шапшаң. Ұнатқан жұмысын құмарта жасайды. Ішкі сезімдері сыртқы келпетінен білініп тұрады. Батыл, жігерлі, белсенді, тез өкпелейді, ашуланшақ және ашуын ұзақ уақыт сақтап жүреді.
Меланхолик. Қимылы баяу, момын, ұялшақ, жасқаншақ, көңіл күйі тез өзгермейді. Өкпелесе өкпесі көпке дейін жазылмай жүреді. Жұмысты баяу істейді, бірақ аяғына дейін жеткізеді. Адамдармен бірден тіл табысып кетпейді. Бірақ араласқан соң ғана тіл табыса бастайды. Ішкі сезімдері сыртқы келпетінен білінбейді. Өте жай және мәнерсіз сөйлейді.
Флегматик . Байсалды және тұрақты. Өздігінен басқа біреуге тиіспейді. Тыныштықты жақсы көреді. Көңіл көтеретін сауыққа әуес емес. Баяу қозғалады, ұстамды, сабырлы. Бастаған ісін қадағалап, тиянақты істеп, аяғына дейін жеткізеді. Тез қуанбайды, тез ашуланбайды. Ішкі сезімдерін сыртқы қимылдары арқылы білдірмейді. Өмірде болып жатқандарға алқас қарайды. Мінезі өте ауыр болып келеді. Көрсе қызар емес. Оқуды меңгеруде өте икемді болып келеді.
Әрбір жеке адамның темпераментінде барлық адамдарға ортақ сипаттар болады. Әр адам өз сипатымен белгілі бір темперамент типіне жатады, бірақ темперамент типтерінің таза түрлері өте сирек кездеседі. Көбінесе бір адам темпераментінде бірден екеуі, кейде үшеуі бір кездеседі. Адам бойында қай темперамент типі қатты байқалса сол темперамент типіне жатады. Адамдарда темперамент типі бірден көзге көрініп біліне бермейді. Темперамент типтері ұзақ зерттеуді бақылауды талап етеді
1. 2. Қазіргі психологиядағы темперамент типтері туралы
ғалымдардың теориялары мен пікірлері.
Темперамент туралы алғашқы ой - пікірлері, теориялар өте ерте кезден бастап айтыла бастады. Ежелгі Грециядан өмір сүрген ғалым Гипократ темперамент типтерін адамдардың және жануарлардың бойындағы, яғни денесіндегі төрт түрлі сұйықтықпен байланыстырады. Ол біріншіден денеге жылу беретін - қан, екіншіден денені салқындатып тұратын - шырын, үшіншіден денені құрғататын бауырдағы - сары өт, төртіншіден дымқылдық беретін - қара өт (талақ) . Осы төрт сұйықтықтардың араласуы нәтижесінде темперамент типтері пайда болады деп шешті Гипократ. Сонымен қатар оны «красис» деп атады. Темперамент деген атау латынша temperamentum деген сөзден шыққан ол бөлшектердің арақатынасы деген сөз.
Адам организмінде қан көп болса, ол сангвиникалық темперамент, латын тілінде «сангиус» қан деген мағынаны білдіреді. Шырын көп болса, флегматик, грек тілінде «фигма» шырын. Сары өт көп болса, холерик, грек тілінде «холе» өт. Қара өт көп болса, меланхолик, грек тілінде «мелай - нехоле» қара өт деген мағынаны білдіреді.
Рим дәрігері Гален темперамент түрін он үшке бөліп жіктеді. Ол темпераменттің типтері адам денесінің жылуына байланысты деп шешті. Жылу көп болса адамның темпераменті күшті. Жылу аз болатын болса, онда темперамент баяу болады деп ойлады.
Темперамент типтері туралы теориялармен ой - пікірлер ХІХ ғасырда да кеңінен тарап өріс ала бастады. Немістің анатомы Гейне темпераменттің түрліше болуы нерв жүйесінің толысуы мен байланысты деп шешті. Г. Ф. Лефгаст орыстың педагогы темперамент типтерінің түрліше болуы қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланыстырады. Неміс ғылымы Э. Кречмер (1888-1964) «Тән құрылысы мен мінез» атты еңбегінде темперамент түрлері адамның дене құрылысы мен конституциясына байланысты болады деп шешті. Кречмер адамдарды дене құрылысына қарай үш типке бөлді: пикниктер, атлетиктер, астениктер.
- Пикниктер денесі тортпақ, аяғы, қолы және мойны қысқа болады. Бұлшық еттері нашар жетілген, сүйектері борпылдақ, іші және бөкселері үлкен болып келеді. Сонымен қатар көкірек бездері шығыңқы, беті жұмсақ және атарлы, денелері семіз болып келеді.
- Атлетиктер бойы ұзын, бұлшық еттері жақсы жетілген, жауырыны және бөксесі оңтайлы. Мойындары ұзын болып келеді. Сонымен қатар дене құрылысы пропорциялы болады.
- Астениктер арық, беті сопақ, аяғы, мойны және қолы ұзын, денесінің терісі, сүйектері бос болып келеді.
Осылай сипаттай келе Кречмер темпераменттерді екіге бөледі. Пикниктерді - сиклотиник, атлетиктер мен астениктерді - шизотомин темпераментіне бөлді. Сиклотиник және шизотоминді ол сау адамдардың темпераментіне жатқызады. Ал осы екі темперамент арасындағы адамдардың темпераментін Кречмер сиклойд темпераменті деп атады. Кречмердің айтуынша сиклотиниктер мен шизотомин темпераментіндегі адамдардың өз аурулары болады. Оның ойынша сиклотиниктер көбінесе кем - ақылдылық пен ауырады. Уайымшыл, әрекетсіз, ақ көңіл, өте жұмсақ мінезді болып келеді. Шизотомин - қозуы өте тез, тұйық, жабық адам, бірақ олар өте табанды және тұрақты болып келеді.
Кречмер темперамент типтері ата - анасынан балаға тұқым қуалап, беріледі. Темперамент типтері адам өскенде сол күйінше қалады.
Темперамент типтерінің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйектеп, біркелкі жолға түсірген академик И. П. Павлов болды. Жүйке процестерінің күшіне ми қабығына сыртқы ортаның түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады. Жүйке процестерінің тепе - теңдігі деп қозу мен тетелудің бір - біріне тең келуін атайды. И. П. Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш түрлі белгісі бар.
- Күшті типтердің бірі - ұстамсыз тип. Жұмыс істеу қабілеті /қабілеті/ күшті, қозу және тетелу процестері бір - бірімен сәйкес келмейтін ерекше қозғалыстағы тип.
- Күшті тип - ширақ типтер деп аталады. Оларда қозуы және тежелуі бір - біріне тең келіп, тез ауысып отырады.
- Күшті типтің үшіншісіне қозу және тежелу процестері бір - бірімен тең, бірақ алмасуы баяу және сараң қозғалатын тип болып келеді.
Павлов ашқан жүйке жүйесінің негізгі типтері темпераменттің физиологиялық негіздерін жақсы түсіндіреді. Павлов сангвиниктерді - ширақ жүйке жүйесінің күшті қозуы мен тежелуі тең болып келетін, қозғалғыш адамдар. Холериктерді - ұстамсыз, жүйке жүйесінің күшті болғанмен қозуы тежелуінен басым. Фигматиктерді - жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі бір - біріне тең болған мен қозғалысы баяу болады. Миланхоликтерді - жүйке жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттады.
Павловтың жануарлар темпераментін анықтау үшін жасаған тәжірибелерінің кейбіреулерінің қорытындылары адам темпераментінің физиологиялық негіздерін түсінуге болатынын көрсетеді. Павлов өзінің тәжірибелерін қорытындылай келе темпераментке анықтама береді.
«Темперамент жануарлармен жеке адамдардың жалпы сипаттамасы, әрбір индивидуумның барлық әрекетіне белгілі оң беретін жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы».
Жүйке жүйесінің күші дегеніміз - оның, яғни жүйке жүйесінің клеткаларындағы физиологиялық заттардың қоры болып табылады. Клеткадағы қор мол болса, қозу және тежелу процестеріде күшті болады. Ал қоры аз болатын болса, қозу мен тежелуде тепе - тең болады. Ал екеуі де шамалас болмаса екеуі екі дәрежеде болып, бір - бірінен алыс болады, яғни тең болмайды. Егер ми қабығының бір бөлігіндегі қозуды сол бөліктегі тежелу және керісінше тежелуді қозу тез ауыстырып отырса, онда жүйке жүйесі ентар болады. Жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу процестері бір - біріне тең емес, қозғалғыш болса - оны шыдамсыз тип, күшті теңдес болса - оны сергек тип деп атайды. Ал күшті теңдес, ентар болса - тыныш тип, егер жүйке жүйесі шыдамсыз, күшсіз болса - әлсіз тип деп атаймыз.
Темперамент - адамның жалпы мінездемесі. Анық мінездеме адамның барлық іс - әрекетінен көрініп тұрады. Жүйке жүйесінің сыр - сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара адамдардың бойындағы өзгешеліктерін сипаттайды.
Психологиялық типтер- адамның кейбір психологиялық сипаттарының бірге көрінетін тенденциялары, олар адамдардың шынайы өмірінде жиі кездесетін қасиеттер синдромын құрайды. Көніл-күй реакциялардың жылдамдығы, қаблеті және құндылықтары, адамдармен тіл табысуы және ақыл-ойы қандайда болса психологиялық сипаттаманың даралық ерекшеліктері бар. . ол даралық айырмашылықтар көп немесе аз жас келген сайын көбею және азаю жағдайға байланысты күшейіп пнемес төмендеуі мүмкін. Сондықтан олар қандай да б ір топтарға өздерінің ұқсастықтары бойынша бірігеді. Ондай топтағы адамдар бір-бірімен тіл табысып, іс-әрекеттері адекватты болады. Осыған байланысты жағымды және жағымсыз стермотиптер негізделеді.
Ғылыми психологияда адамдарды топтарға бөлу және оларды салыстыру кең таралған. Ол неге даралық айырмашылықтар пайда болатынын түсінуге мұмкіндік береді. Бірақ ондай даралық айырмашылықтар туралы айту үшін тек адамдарды топтастыру ғана емес, олар не себептен топтастырылғанын дәлелдеу керек. Ондай сипаттамаларды қарастыру психологиялық типологияларды құрудан басталады.
Қазіргі адамдар типтер негізінде жатқан ең белгілі келесі типологиялар бар:
- Теофрастық мінез-құлық типологиясы.
- В. Вундтың темперамент типологиясы.
- О. Гростың психологиялар типологиясы.
- Г. Юнттың тұлға типологиясы.
Ең маңызды психологиялық сипаттамаларды ажыратуға тырысу жағдайларда әсер ететінін түсіну және осы сипаттар негізінде адамның тұтас бейнесінің қалыптасуы этникалық көріністерінің дамуына тығыз байланысты.
Этникалық түсініктер бұл дүниеде не дұрыс еместігін және заттардың ретінің бұзылуына не әсер ететінін түсінуді талап ететін болғандықтан, ең алғашқы типологиялық сипаттарды жасаған философтардың назары жағымсыз сипаттарды анализдеуге бөлінеді.
Европалық гуманистік философияға ықпал еткен Аристотельдің шәкірті Теофрастың ең алғашқы құрған типологиялары болды. Оның еңбегі «мінез-құлықтар» деп аталған, ежелгі грек тілімен аударғанда «тасқа жазу», «із», «штамп». Тоефрастың түсінігі бойынша әр мінез-ұлық бір жағымсыз қасиеттің ізі ретінде қабылданған, яғни сол жағымсыз қасиет адам басында айқын көрініс табады.
Теофрастың «мінез-құлықтары» 30 типтік жағымсыз қасиеттердің сипатынан тұрады, яғни олардың анықтамалары, жалпы сипаттамалары және әр түрлі жағдайдағы көріністері. ХVII ғ. аяғында бір кітапты француз Жан де Лобрюнер өз заманының адамдарын сипаттап, аударып шығарды. Оның кітабында 1000-нан астам сипаттама бар, өз-өзіне сенімділік және байлық, ақыл және топастық, өтірік айту және т. б.
Теофраст жағымсыз персоналдарын сипаттағанда олардың жүріс-тұрысы мен сырт пішініне көңіл бөлген, ал Лобрюнер өз типтерінің ішкі дүниелеріне психологиялық сипаттарына көңіл бөліп, психологиялық типтердің күрделілігі мен қарама-қайшылығын байқайды.
В. Вунттың темперамент типологиясы ежелгі грек философы типократпен ажыратылған және нақты ежелгі рим дәрігері Гален сипаттаған 4 тип темпераментіне негізделген деді. Гипократ сұиықтыңқ ретінде -қан, шыырын, сары өт, қара әт, Галенсубстанция 18 ғасыр боиы күманға ұшырамай әмір сүрді.
18 ғасырдың соңында И. Кант өзінің «Антропология» еңбегінде 4 темпераментті екіге бөліп қарастырды, яғни сангвиник және меланхолик- сезімдер темпераментті, холлерик және флегматик-әрекет темпераменттері-Кант ағзаның қасиеттерін темпераментке ықпалын жоққа шығармайды, бірақ оның ең қызықтырған мәселе В. Вунттың темперамент типологиясы эмоционалды реакциялар күшіне және тұрақтылығына негізделгендіктен, қатты эмоционалдық реакциялар эмоционалдық тұрақсыздықпен қосылса холлериктік қасиеттер көрініс табады деді, ал тұрақсыздық онша күшті емес, эмоционалдық реакциямен қосылса сангвинк қасиеттері көрінеді.
20 ғ. басында клиникалық бақылауға байланысты психологиялық типологияларды құруға ұмьылыс болды. Сол кезде Гросс психопатияның екі типін ажыратты: оның типологиясы 1-ші және 2-ші қызымет белгісіне негізделген. 1-ші функциялар стимуляцияға реакция, ал 2-ші, 1-ші функцияға жұмсалған күшті қалпына келтірумен байланысты. 1-ші және 2-ші функцияның әртүрлі қатынасы 2 типті құрайды. Оның біреуі терең эмоционалдылықпен сипатталады, ал көп жүйке күшін жұмсаумен байланысты және қалыпқа келтіру үшін көп уақыт керек.
2-ші типке уайымдаудың төмен интенсивтілігімен сипатталады, сондықтан қалыпқа келтіру кезеңіне аз уақыт жұмсалады. 2-ші типке жататын адамдар белсенді сыртқы стимулдарға реакция жылдамдығы аздау, олар бір объектіден 2-ші объектіге назарын тез аудара алады.
1-ші типтегі адамдар әрекетке баяу қалпына келуі ақпаратты өңдеуге және оны жақсы есте сақтауға әсер етеді. О. Гростың типологиясы автор жазған нұсқа түрінде психологияда қолданылған емес.
5-ші К. Юногтың типологиясы негізінде субъективті-объективті реакциялар туралы түсінік жатыр, екі жалпы тип ажыратылған экстроперсивтік және интроперсивтік.
Экстроперсия және интроперсия адамдардың екі үлкен тобын сипаттайды, бірақ олар топтар арасында даралық айырмашылықтар байқалады. К. Юног оларды негізгі психикалық функциялардың ықпалымен байланыстырады. Жалпы 4 функцияны ажыратады, ойлау эмоция түйсік және интуиция. Өзінің клиникалық тәжиірибесі кезінде бір адамда осы төрт функцияда бірдей жақсы дамымайды деген қорытындыға келген . Басым болатын психикалық функция мінез-құлықтың типін анықтайды. Субъективті объективті нұсқаудың екі типі және функцияның 4 түрі, осының әр-қайсысы екі нұсқауда да басым болу мүмкіндігімен 8 жеке психикалық типті құрайды.
Экстропертті ойшыл тип: бұл типтегі адамдар өз шешімдерін интелектікке және ақылға алып шешетіндер. Эмоционалдық әлемі кедей. Басқаларға жаны ашымайтын, достықты бағаламайтын оларға эстетикалық талғамдары дамымағандықтан, өнерге көңіл бөлмейді.
Экстровертті эмоционалды тип: қоршаған ортаны (дұрыс) эмоциямен қабылдаумен сипатталады. Олар өз топтарына жауап беретін күштілерге жауап береді. Әр жағдайға байланысты өз эмоциялары бар сезімдерімен суықтық ұрады және олар шынайы эмоция ретінде қабылданбайды.
Экстропертті сенсорлық объектілердің құндылығын түйсіну күшіне байланысты анықтайды, күшті әсер ететін түйсіктер, ең құнды деп қабылданады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz