Қабілет мәселесінің психологиялық – педагогикалық мазмұны


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І Қабілет мәселесінің психологиялық - педагогикалық

мазмұны

1. 1 Психологиядағы қабілет мәселесінің теориялық сипаты . . . 6

1. 2 Қабілет құрылымы және қызметі . . . 14

1. 3 Жеткіншек жастағы балалардың шығармашылық қабілетін

дамыту алғышарттары . . . 20

Бірінші бөлім тұжырымы

2 Жеткіншек жастағы балалардың шығармашылық қабілетін

анықтау.

  1. Жеткіншек жастағы балалардың шығармашылық қабілетін психодиагностикалау . . . 27
  2. Жеткіншек жастағы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары . . . 29

Қорытынды . . . 36

Қолданылған әдебиеттер . . . 37

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі.

Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр алуан талап қояды. Қандай да болмасын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың қабілет саласында тең емес екендігін дәлелдейді. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады.

Қабілет - адамның табиғи және жүре пайда болатын қасиеттерінің жиынтығы. Бірақ табиғи қасиеттер тума болғанымен еңбек үрдісінде, тәрбие жағдайында өңделіп, дамып жетіледі. Қабілет жайында теориялар А. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, В. Д. Шадриков, Б. М. Теплов, И. П. Павлов, т. б. зерттеулері және қазақ ғалымдарының Қ. Б. Жарықбаев, С. М. Жақыпов., Ж. Ы. Намазбаеваның еңбектерінен ғылым мен білімнің, шығармашылық пен өнердің дамуында әлеуметтік обьективтік жағдайлармен қатар қабілеттің маңызды орын алатындығын ерекше атап өткен. Қабілеттілік адамның дамуын жеделдетеді, еңбекте шығармашылық табысқа жеткізеді, оған материалдық және рухани ләззат береді.

Адамның қабілеттілігі білімі мен икемділігі, дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатын, сондай-ақ балалардың қабілеттерін дұрыс байқай алып, онымен санасып отырудың қажеттілігіне оны тәрбиелеуші орта - балабақша, мектеп, отбасы зер салуын керек етеді. Қабілеттің дамуы көптеген әлеуметтік жағдайларға тәуелді. Олардың қатарына білім беру жүйесінің ерекшелігін, қоғамның қандай да бір әрекетке қажеттілігін, тәрбиелеудің өзгешелігін тб. жатқызуға болады.

Шығармашылық ой-өрісті, дамыту, сол арқылы қоршаған ортаға әсемдік пен сұлулық енгізуге деген құштарлық негізінен көркемдік білім беру жүйесі арқылы қалыптасатыны белгілі. Көркемдік білім беру - түрлері өнерге баулу, олардың қыры мен сырын игеру, өнер түрлерінің адам, қоғам өміріндегі атқаратын қызыметін толық мәнде танып білудің барысын қамтиды. Соған байланысты, көркемдік білім берудің жан-жақты формалары, түрлері, әдіс-тәсілдері жас ұрпақты шығармашылыққа баулудың негізгі дамыту құралы болуы тиіс.

Мектепте, оқушыларды, қоршаған ортаның сұлулығымен қауыштыруға, олардың әсемдік туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыруға, сан-алуан көркем бейнелеу іс-әрекеттер арқылы әсемдікті оқушының өз қолымен жасауға деген ықыластылығын, шығармашылық ойлау қиялын және қабілетін дамытатын эстетикалық пәндердің бірі - бейнелеу өнері

Адам қабілеті туралы еңбектерге талдау жасай отырып оны жедел дамыту шарттарының теориялық мәселелеріне сипаттама беру арқылы және жеткіншек жастағы оқушылардың қабілетін дамытуда бейнелеу өнерінің қаншалықты ықпал етендігін ескер отырып зерттеу жұмысымыздың қаншалықты өзекті екендігіне көз жеткізуге болады. Сондықтан курстық жұмысымыздың тақырыбын «Жеткіншек жастағы балалардың шығармашылық қабілетін анықтау» деп алдық.

Зерттеу мақсаты - жеткіншек жастағы балалардың шығармашылық қабілетін анықтау және дамыту жолдарын қарастыру.

Зерттеу нысаны - жеткіншек жастағы балалардың қабілетінің даму деңгейі.

Зерттеу пәні - жеткіншек жастағы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту ерекшеліктері.

Зерттеу болжамы - - егер оқу іс - әрекеті барысында баланың қабілетінің даму деңгейі анықталып, оның іс-әрекеті күнделікті бақылауға алынып, шығармашылық қабілетті дамытуға мақсатталған жолдары қарастырылса, онда жеткіншек жастағы балалардың шығармашылық қабілетінің дамуында кездесетін қиындықтар болмас еді.

Зерттеу міндеттері:

  1. Қабілеттің құрылымы мен қызметіне сипаттама жасау.
  1. Жеткіншек жастағы балалардың шығармашылық қабілетінің даму деңгейін анықтау.
  2. Оқу-тәрбие процесінде Жеткіншек жастағы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын қарастыру.

Зерттеудің әдіснамалық негізі - қабілет мәселесі туралы теориялар және шығармашылық қабілеттің мәні мен мазмұны А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, В. Д. Шадриков, Б. М. Теплов, И. П. Павлов, т. б. зерттеулері және қазақ ғалымдарының Қ. Б. Жарықбаев, С. М. Жақыпов., М. Мұқанов., Ж. Ы. Намазбаеваның еңбектерінен алынды.

Зерттеудің теориялық мәнділігі - баланың қабілеті мен жеке даралық ерекшеліктері туралы зерттеулерді саралау, жеткіншек жастағы балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға психологиялық ықпал етуде тиімді болып табылады.

Зерттеудің тәжірибелік мәні - жеткіншек жастағы балалардың қабілеттінің даму деңгейі арнайы әдістемелер арқылы анықталды. Оқу -тәрбие процесінде шығармашылық қабілетке арналған ойын-жаттығуларын қолдану жеткіншек жастағы балалардың дамуына тиімді ықпал етеді.

Зерттеу әдістері - ғылыми еңбектерге теориялық талдау, психодиагностикалық әдістемелер, зерттеу нәтижелерін өңдеу және талдау.

І ҚАБІЛЕТ МӘСЕЛЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

1. 1 Психологиядағы қабілет мәселесінің теориялық сипаты

Қабілет мәселесі қазіргі таңда өзекті тақырыптардың бірі. Оқу іс - әрекеті барысында жеке тұлғаның маңызды психологиялық сапаларының бірі ретінде, қабілетті дамыту мен қалыптастыру жолдарын анықтау мақсатымен ғалымдардың теорияларымен байланыстырып, зерттеу нәтижесін көрсету көзделіп отыр.

Қабілет адамның даралық психологиялық ерекшелігі. Адамның қабілеті тұқым қуалау факторына және өмір тәжірибесі мен тәлім - тәрбие істерінің нәтижесінің үнемі дамып жетілуіне байланысты. Адам әрекетінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып отыратыны анық. Еңбек ерекетінде немесе оқу әрекетінде болсын адам алдына бір мақсат қойып содан бір нәтиже шығаруға ұмтылады. Осындай мақсаттардың бірінде адамның оқу іс - әрекетін алуға болады. Оқу іс - әрекеті барысында адамның жеке дара қасиеті жетекші орынға ие. Соның ішінде адамның күрделі жеке даралығы - қабілеті [] .

И. П. Павловтың жүйке жүйесінің тиртері туралы ілімі қабілеттердің физиологиялық негізін түсінуде де үлкен орын алады. Әр адамның іс-әрекеттің бір түріне икемді болуы оның сол әрекетті орындауы үстінде, істің нәтижесінен анық байқалады [2] .

Қабілеттің табиғи алғышарттары белгілі бір талдағыштардың сыртқы әсерді сезінгіштігінен тұрады. В. Д. Небылициннің айтуынша, жоғары сезімталдыққа ие жүйке жүйесі - суреткерлік қабілеттің дамуына жағдай жасайды. Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады. Сонымен қабілет - адамның дара психологиялық ерекшелігі. Тек дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие негізінде ғана оның сол іс-әрекет түріне қаншалықты бейімді екендігін білуге болады [3] .

Қабілет деп әр адамның белгілі бір әс -әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз - мақсатқа бағытталған, тәлім -тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс -әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы [4] .

С. Л. Рубинштейн қабілет туралы «Адам қабілеттерінің даму процесі адамның даму процесі болып табылады. Адамның белгілі бір білімдер мен әрекеттер тәсілдерін игеруі өзінің ішкі шарты ретінде ақыл-ой дамуының белгілі деңгейі - ақыл-ой қабілеттерінің дамуына ие болады» - деген тұжырым жасаған[5] . Бұл ахуал оқу іс-әрекетін түсіндіру үшін аса маңызды.

Егер С. Л. Рубинштейн бойынша, ақыл-ой қабілеттерінің дамуы білімдерді игерудің алғышарты болса, онда Б. М. Теплов бойынша, қабілеттердің өзінің даму алғышарты ретінде нышандар болады, яғни туа берілген анатомо-физиологиялық ерекшеліктері ретінде. Қабілеттер іс-әрекетте жаратылады және де іс-әрекеттің, оның құралдары мен тәсілдерін игерудің жылдамдығы, тереңдігі, беріктігі сияқты динамикалық сипаттамаларында көрінеді. Іс-әрекеттің әр түрлеріне қатысты жалпы интеллектуалдық және арнайы қабілеттер жіктеледі. « Қабілеттердің кең алынған анықтамасы оның индивид қасиеттері екендігінде, оның ансамблі белгілі бір іс-әрекетті орындаудың табыстылығын шарттайды. Мұнда, іс-әрекеттің өзінде онтогенетикалық дамитын және осыған орай, сыртқы жағдайларға байланысты қасиеттер назарға алынып тұр» [6] .

Б. М. Теплов қабілет туралы кең түрдегі анықтамада қабілеттердің тұлғаның даралық қасиеттері ретіндегі негізгі сипаттамалары келтірілген, олар іс-әрекетті орындаудың табыстылығына қатысты бір адамды екіншісінен ажырататындығын пайымдаған [6] .

Осы қасиеттерді оқудың әр түрлерінде, мысалы, музыка, математика, бейнелеу, әдебиет, химия және т. б. облыстарды зерттей отырып, авторлар сәйкес қабілеттер анықтамасына тек психикалық процестердің өту ерекшелігін ғана емес, сондай-ақ көбінесе тұлғаның кейбір қырларын да жатқызады. Мысалыға, әдеби-шығармашылық қабілеттерді зерттеуші В. П. Ягункова оның алты компоненттерін атайды:

  • әсерленгіштік;
  • поэтикалық қырағылық;
  • жақсы ес (бейнелілікте, сөздік-логикалық та) ;
  • жаңа бейнелерді жасау қабілеті;
  • көңіл-күйге ортақтасу күйінің пайда болу жеңілдігі;
  • сөздік ассоциациялардың байлығы.

Бұл компоненттер - психикалық процестердің де және де тұлғаның әсерленгіштік, көңіл-күйге ортақтасу пайда болу жеңілдігі сияқты қырларының да күрделі комплекстері.

Кез келген бейімділік, ең әуелі қабілетке айналу үшін дамудың үлкен жолынан өтуі тиіс. Көптеген адам қабілеттері бұл даму адамның туған кезінен басталады және егер ол қабілеттілігіне сәйкес дамитын әрекеттің сол түрімен шұғылдануын жалғастырса, өмірінің соңына дейін ол тоқтамайды. Қабілеттің дамуын шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады. Әрбір адам өзінің даму барысында қандай да бір әрекет түрін меңгеруде, сол немесе басқа да ықпалда көтеріңкі сезімталдылық кезеңіәнен өтеді. Мысалы, баланың екі-үш жас шамасында сөйлеу тілі қарқынды дамиды, бес-жеті жасында ол оқуды меңгеруге дайынырақ болады.

Мектепке дейінгі жастағы орта және аға буынды балалар рөлдік ойындарды ойнауға құмартады және рөлге жаттығып, түрленуі төтенше қабілетті жария етіп жатады. Ерте ме, кеш пе аяқталатын арнайы әрекет түрлерін игеруге ерекше дайындық осы кезең екенін атап өту керек және қандай да бір қызмет қолайлы кезеңде өз дамуын иемдене алмаса, онда мұның салдарынан оның дамуында төтенше қиыншылықтар болады. Сондықтан баланың қабілетін дамыту үшін тұлғалық сияқты оның барлық кезеңдері маңызды. Бала есейген сәтте жіберіп алғанын толықтырып алады деп ойлауға болмайды [7] .

Кез келген қабілетті дамытудағы бірінші кезең ол үшін қажетті органикалық құрылымының жетілуімен немесе олардың негізінде қажетті функционалдық мүшелердің қалыптасуымен байланысты. Әдетте, бұл туғаннан бастап, алты жас аралығында өтеді. Барлық анализаторлар жұмысының жетілдірілуі, ми қабығының жекелеген бөліктерінің функционалдық дифференциацясы және дамуы осы кезеңде өтеді. Бұл балада арнайы қабілеттердің келешекте дамуы үшін алғышарты ретінде көрінетіндердің белгілі деңгейін, жалпы қабілеттілікті қалыптастыру мен дамытуды бастау үшін қолайлы жағдайлар туғызады [8] .

Осы сәтте арнайы қабілеттің қалыптасуы және дамуы бастау алады. Арнайы қабілетті дамыту мектепте, әсіресе, бастауыш және орта сыныпта жалғасады. Арнайы қабілеттің дамуына алғашында әр түрлі балалардың ойыны көмектеседі, сосын барып оқу мен тәрбие әрекеті мәнді әсер ете бастайды.

Біздің көріп білгеніміздей, балалардың ойыны ерекше қызмет атқарады. Қабілеттің дамуына бастапқы түрткі болатын - ойын әрекеті. Ойын барысында көптеген қозғалыстық, құрылғыштық, ұйымдастырушылық, көркем - суретшілік және басқа да шығармашылық қабілеттердің дамуы болады. Сонымен қоса ойынның маңызды ерекшелігі онда бір ғана емес, қатарынан қабілет жиынтығы дамуы болады.

Бала шұғылданатын барлық әрекеттің түрлерін ойын, жапсыру және сызу болсын қабілетті дамыту үшін бірдей мәнге ие екенін атап өту қажет . Қабілетті жақсы дамытатын, балаларды ойландыратын - шығармашылық әрекет. Мұндай әркет әрқашан өзіне жаңа мүмкіндіктер ашқанымен, өзі үшін жаңа білім ашқанымен, кез келген жаңаны құрумен байланысты . Бұл пайда болған қиыншылықтарды жеңуге бағытталған қажетті күштерге қосымша онымен шұғылдануға күшті және мәнді ынта болып табылады. Сонымен қоса шығармашылық әрекет өзіне қол жеткізген жетістіктерінен қанағаттылықты сезінуін және өзіне сенімділікті туғызып, талаптылық деңгейін көтеріп, өзін-өзі бағалауын бекіндіреді [9] .

Егер орындап жатқан әрекеті оңтайлы қиындықта тұрса, яғни баланың шамасынан тыс болса, онда ол Л. С. Выготский жақын даму аймағы деп атаған дамуды іске қоса отырып, өзінің қабілетін дамытады. Бұл аймақта орналаспаған әрекет қабілеттілікің соншалықты төмен деңгейде дамуына тірейді. Егер ол өте қарапайым болса, онда ол барлық қабілетті жүзеге асырады; егер де ол төтенше күрделі болса, онда орындалмайды, ал мұның салдары жаңа іскерлік пен дағдының қалыптасуын жасамайды. Қабілетті дамыту елеулі көлемде бейімділіктерді іске асыруға мүмкіндік беретін шарттарға тәуелді екенін білесіздер. Сондай шарттардың бірі, жанұялық тәрбиенің ерекшелігі. Егер ата-аналар балаларының өздерінің кішкентай кезінде өздігінен анықталынған кез келген қабілетінің жоғары дамуына мүмкіндік болады [10] .

Қабілетті дамыту шарттарының басқа топтарын, көбінесе макроорта анықтайды. Макроорта деп адамның туып-өскен қоғамының ерекшелігін есептейді. Макроортаның неғұрлым позитивті факторы қоғамның өз мүшелерінің қабілетін дамытуына қамқорлық жасаған жағдайлары болып табылады. Қоғамның бұл қамқорлығы білім беру жүйесінің тұрақты жетілдірілуіне, сонымен қатар өскелең ұрпақтың кәсіби бағдарын дамыту жүйесінің дамуында көрініп отыр.

Арнайы жүргізілген зерттеулердің көпшілігі адамның қабілеті ата тегіне, яғни тұқым қуалау факторына байланысты деген көзқарасты қолдайды. Бұл көзқарас бойынша, әр адамның қабілеті -оған туа берілетін өзіндік дара табиғи қасиет. Дегенмен, қабілетті адамда тек туа пайда болатын қасиет деген дұрыс емес. Себебі, қабілет - адамның даралық психологиялық ерекшелігі. Ал туа пайда болатын нәрсе - қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялық және физиологиялық ерекшелік - нышан Нышанның табиғи негізі - жоғары жүйке жүйесінің қызметтері, бас миындағы миллиардтаған клеткалардың қозу, тежелу сияқты сан қилы әректі және олардың алмасып отыруы. Ол өмір тәжірибесі, тәлім - тәрбие істері нәтижесінде үнемі дамып жетіледі [11] .

Қабілеттің дамуы мен көрінісінің ең жоғары деңгейі- талант, дана деген терминдермен аталады. Талантты және дана адамдар өнерде, ғылымда зор қоғамдық мәні бар нәтижеге жетеді. Дана адам әдебиет, өнер, өндіріс саласында бұрын соңды болмаған, соңғы жаңалықтар ашады.

Таланттылық - даналықтың қалыптасуына аса қолайлы жағдайлар, жеке адамның жан- жақты дамыған кезінде туады. Қабілетті осындай деңгейлермен қоса оның бағыт - бағдарына, мамандық ерекшеліктеріне қарай түрлерге бөлу қажет [12] . Әдетте, психологияда осы бағытта жалпы және арнаулы қабілеттерді зерттейді.

1. Жалпы қабілеті ретінде жеке адамның білім меңгерудің жеңғіл де нәтижелілігін салыстырмалы түрде қамтамасыз ететін интеллектуалды қасиеттер жүйесі ұғынылады. Шетел психологиясында қабіллеттің бұл түрін «іntelligens» деп атайды, бұл ақыл- ой қабілеті деген сөздің мағынасын береді.

2. Арнаулы қабілет іс- әрекеттің, мәселен, әдебиет, сурет өнері, сахна өнері арнаулы салаларда, жоғары нәтижеге жетугн жәрдемдесетін жеке адам қасиеттерінің жүйесі.

Қабілеттің аталған осы екі түрінен басқа практикалық іс- әрекетке қабілеттілік дейтін үшінші түрін де атауға болады. Бұған конструктивті - техникалық, педагогтық қабілеттер кіреді. Қабілеттердің осындай жіктелуінің негізінде іс- әрекеттің жекеленген түрлерінің адамға қоятын өзіндік талап, тілектерін ажырата білушілік жатады.

- Біріншіден, арнаулы қабілеттер жалпы, ақыл-ой қабілеттерімен табиғи байланыста. Адамның жалпы қабілетінің жақсы жетілуі оның арнаулы қабілетінің өрістеуіне ішкі жағдай туғызады. Арнаулы қабілеттер өз тарапынан белгілі жағдайларда ақыл- ойдың дамуына жақсы әсерін тигізеді.

- Екіншіден, әр түрлі әдеби, математикалық, ғылыми, өнерлік қабілеттері жоғары дәрежеде дамыған жеке адамдар аз кездеспейді. Бұл жайт қабілет түрлерін бір- біріне қарсы қоятын концепциясының жалған екндігін көрсетеді.

- Үшіншіден, практикалық қабілеттер шығармашылық әректте жоғары деңгейде дамыған интнллектісіз дамымайды және іс жүзіне аспайды. Мәселен, адамның конструктивтік- техникалық қабілеті көбіне үлкен ғылыми дарынмен байланысты, дарынды өнертапқыш жиі- жиі өндіріске ғана емес, ғылымға да жаңаық енгізеді. Сөйтіп іс-әрекеттің қай- қайсысы да қабілеттің жалпысына да, арнаулысына да белгілі бір талап қояды. Адамды тар өрісті мамандыққа баулудың, қабілет аясын тарылтудың дұрыс емес екені осыдан шығады. Тек жеке адамның жан- жақты дамуы ғана жалпы және арнаулы қабілеттің көрініс беруіне, қалыптасуына көмегін тигізеді. Бұдан, әрине, адам қабілеті мен бейімділігі байқалған салада маманданбауы керек деген қорытынды шықпайды [12] .

И. П. Павловтың зерттеулері адамның ми қыртысының үлкен жарты шарындағы жасушалардың орналасуына айтарлықтай дара айырмашылықтар болатынын дәлелдеді. Сондай-ақ ми жасушалары қабаттарының құрылымында дара айырмашылықтар болатындығы бұлардың ми қызметіне, атап айтқанда, қабілеттердің көрініс беруіне қатысы болатындығы аталып өтілді [2] .

Нышан - мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы табиғи даралық өзгешеліктерін айыруға себеп болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері. Адамның белгілі бір іс -әрекетті орындауға бейімді болуы қабілеттің дамып қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Алайда, бұл нышандар іс -әрекеттің нәтижелі болуының толық жағдайы болып саналмайды. Ол үшін адам бойындағы нышандарды дер кезінде анықтап алу керек. Содан соң оны әр алуан әрекет үстінде дамытып отыруға бейімделіп, тәлім -тәрбие арқылы өрістете түсу қажет [13] .

Нышан сан қилы мағынада көрініс береді. Мәселен, әлеуметтік ортаның, тәрбие мен оқыту істерінің және түрлі жағдайлардың әсерінен белгілі бір нышандар негізінде түрлі қабілеттердің дамуы мүмкін. Мысалы, бойында шапшаңдық пен дәлдік, ептілік пен шеберлік нышандары бар адамдар тіршілік жағдайы мен қызмет саласына сай әр түрлі қабілетке ие болуы мүмкін. Бірі - хирург дәрігер, екіншісі - гимнаст, үшіншісі - суретші т. с. с. Нышанның ерекше түрі адамда жас кезінен байқалады.

А. Д. Савченко өзінің бала қылығы және олардың себептері туралы деген мақаласында жағымсыз іс-қылықтар өзінен-өзі туындамайды, олар арам ниеттің нәтижесі, ал оның тамыры дұрыс құрылмаған тәрбиеде, себептері үлкендердің жаман өнегесінен, дұрыс үлгі бола алмауында деп атап өтеді .

Психологияда қабілеттердің үш концепциясы бар. Олардың бірі - қабілеттері жеке аламның биологиялық анықталған қасиеттері, олардың көрініс беруі және дамуы атадан мұра болып қалған қорға тәуелді екенін қолдайды. Мұндай пікірді психологтар ғана емес, сондай-ақ ғылым мен өнердің (математиктер, жазушылар, суретшілер) кейбір өкілдері де қуаттайды. Мұның біріншілері өз көзқарастарын нақты зерттеулерден алған деректермен дәлдегісі келеді [14] .

Қабілеттілік адаммен бірге туады дейтін көзқарастың шындықпен сәйкес еместігін өмір шындығы көрсетіп отыр. Мұнымен бірге атақты адамдардың өмірбаяндарын обьективті тұрғыдан талдау - көп жағдайда, көрнекті адамдардың ерекше дарыны жоқ отбасынан шыққандығын, сондай-ақ атақты адамдардың балалары мен немерелері-шөберелері дарындылық көрсетпегенін дәлелдейді.

Қабілетті танып, білу үшін - адамның сөзі мен ісін салыстырып, мінезін бақылап, оны өмірдің сан - алуан жағдайларында байқап көру қажет. Қабілетті оны қалыптастыратын өмір жағдайларынан бөліп алып қарайтын метафизикалық тұрпаттағы психология - адам мінезіндегі даралық пен типтілік бітістердің өзара қатынасының мәнін ұға алмайды.

Идеалистер қабілетті туа бітетін кең өмірде өріс алатын адамның рухани күші деп түсіндіреді. Идеалистік психологияның кейбір өкілдері бүкіл адамзатты барлық уақытта да өмір сүретін мырзалар мен құлдардың қабілет типтері деп аталатын өріссіз, жасанды сұлбаға саяғысы келеді. Осындай психологтардың басқа бір тобы мінез бітістері мен типтерінің қалыптасуындағы заңдылықтарды жоққа шығарып, адам бірінің қабілетін екіншісі қайталамайды және адам тумысынан берілген мінез - құлқын өзгерте алмайды дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың теориялық негiздерi жайлы
Бейнелеу өнері арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІ
Дамыта оқытудың шығармашылық қабілеттерді қалыптастырудағы ғылыми-теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары
Дамыта оқыту шығармашылық қабілеттердің теориялық мәселелері
Оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру жолдары
Дамыта оқыту кезінде оқушының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Жасөспірімдерде психологиялық білімдерді қалып-тастыру мәселесі
Дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психологтың қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz