Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесінде ойынды қолдану ерекшелігі



МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ ОҚУ.ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ
ОЙЫНДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІГІ
1.1 Ойынның психологиялық.педагогикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Бастауыш сыныпта ойынды қолдану мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3 Бастауыш сыныптың оқу.тәрбие процесінде ойын түрлерін қолдаудың
психологиялық маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Бірінші тарау тұжырымы

2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ ОҚУ.ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ
ОЙЫННЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК
ЗЕРТТЕУ
2.1 Бастауыш сыныптың оқу.тәрбие процесінде ойынның маңыздылығын
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.2 Бастауыш сыныптың оқу.тәрбие процесін ойын арқылы дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Екінші тарау тұжырымы

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
К І Р І С П Е

Зерттеудің өзектілігі.
Елбасы Н. Ә Назарбаев білім берудің және тәрбиелеудің сапасын уақыт талабы деңгейінде жоғарлату, әр пәнді ғылыми деңгейде, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқыту талаптарын қойып отыр [1]. Білім беруді ақпараттық технология жаңалықтарымен толықтырып отыру, елімізде білім беру сапасын арттырудың басты бағыттарының бірі.
Өсер елдің әуелгі ойлайтыны - өз ұрпағының жай-күйі болмақ. Ендеше, ертеңгі болашағымыздың тағдыры жас ұрпақтың бүгінгі тәрбиесіне байланысты екендігі айтпаса да түсінікті. Жан-жақты білім алған, парасатты, саналы азаматты тәрбиелеп шығару, олардың жан дүниесін әлемдік өркениетке сай рухани қазыналармен байыту, халықтық педагогика дәстүрлерінің озық өнегелерін ой-санасына орнықтыру - бүкіл ел жұрт, ауыл-аймақ, отбасы, қоғамдық мекемелер болып бірлесе атқаратын аса жауапты міндет екені де айқын. Ал, баланы дамыту - ұзақ жылдарға созылатын, инемен құдық қазғандай, бейнеті ауыр еңбек екенін ескерсек, бұл орайда, оның алғашқы іс-әрекетінің түрі – ойын екені сөзсіз..
Педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге шолу жасау негізінде біз бұл әдебиеттерде ойынның теориялық негіздері толық ашылмағанын байқадық. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты психикалық процестің ішінде, ойлаудың қалыптасуы мен дамуында ойын әдістерінің мәнділігі біздің ізденіс тақырыбымыздың мәнін ашады.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие процесінде ойынды қолдану тиімділігін анықтау, психологиялық дамыту-түзетуге арналған ойын түрлерін ұсыну.
Зерттеу обьектісі: Бастауыш сыныпта ойынды қолдану ерекшелігі.
Зерттеу пәні: Оқу тәрбие процесінде ойынның ықпалы.
Зерттеу болжамы: егер мұғалім бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие процесінде ойынның түрлерін мазмұнына қарай таңдап, оны тиімді пайдаланса, онда оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, білім мен іскерлік дағдылары дамиды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Н. Назарбаев "Қазақстан 2030 бағдарламасы" , - Алматы., 2001.
2. Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 230 б.
3. Бабанский Ю.К., Гоноболин Ф.Н. Внимание и его воспитание. М.: Педагогика, 1998.
4. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. - М.: Логос.- А., 2005. – 453 б.
5. Лисина М.И. Проблема онтогенеза общения.- М.: Педагогика, 1986. - 143 с.
6. Щацкий С.Т. Энциклопедия современного учителя. - М.: АСТ.- 2000. -200 с.
7. Жақыпов С.М. Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекет психологиясы. Оқу құралы – Алматы: «Алла прима» ЖШС, 2008. – 216 б.
8. Бәкірова А. Байланыстырып сөйлеуге арналған көрнекіліктер пайдалану жолдары. // Бастауыш мектеп №10, 1997 ж.
9 . Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы.-
А., 1987.
10. Бүркітбаев Ә. Спорттың ұлттық түрлері мен оның тәрбиелік мәні. А.-1985 ж
11. Әбішева А. Ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық ерекшеліктері. /Бастауыш мектеп/. №3, 2003.
12. Құдайқұлов М.А. Способности умения и навыки. – А, 1986.
13. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. - А. - 1992.
14. Леонтьев А.Н Общее понятие о деятельности. - М, 1984.
15. Спиваковская А.С. Психотерапия: игра, семья,ребенок.- М, 1999.
16. Тәжібаев Т. Жалпы психология.- А.: Қазақ университеті, 2003.
17. Торн К., Макей Д. Тренинг. Настольная книга тренера. – СПб.: Питер, 2001.
18. Эльконин Д. Б.. Ойын психологиясы. – М.: Просвешение, 1986.
19. Комаров Г.А. Практикум для детского психолога. - М. 2004.
20. Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. – А, 1996.
21. Кутеев Е. В. Игра как средство формирования элементов воспитания. – М.:.Просвещение, 1990.
22. Қоянбаев Ж. Б. Р. М. Қоянбаев. Педагогика. - А.: Педагогика, 1999.
23. Аймауытов Ж. Психология. А.: – Рауан., 1995.
24. Шерьязданова Х.Т. Ермекбаева Л.К. Коррекционная тренинг – программа по устранению трудностей в обучении детей младшего школьного возраста.- А., 2006.
25. Сейталиев К.Б. Тәрбие теориясы. – А.: Мектеп.- 1986.
26. Бромберг И. Г. " Игровые программы" "Начальная школа" №1, М. "Просвещение", 1992
27. Қоныбекова С. Ойын мақсатын талдау және оның мәні. //Бастауыш мектеп №2 2002
28 Люблинская А.А. Мұғалімдерге бастауыш мектеп оқушысының психологиясы жөнінде. А.: Мектеп., 1991.
29. Солодинова О.П. Возрастная психология .- М.:2005.
30. Тәжібаев Т. Жалпы психология.- А.:Қазақ университеті, 1993.
31. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. – А., 1996.
32. Жарықбаев Қ Жантану негіздері. –А.,2002.
33. Тәжібаев Т. Жалпы психология.- А.:Қазақ университеті, 1993.
34. Көмекбаева Л.К. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті
ұйымдастыру. – А., 2002.
35. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании.-
М.: 1996

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ
ОЙЫНДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІГІ
1.1 Ойынның психологиялық-педагогикалық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Бастауыш сыныпта ойынды қолдану
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3 Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесінде ойын түрлерін қолдаудың
психологиялық
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .17
Бірінші тарау тұжырымы

2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ
ОЙЫННЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК
ЗЕРТТЕУ
2.1 Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесінде ойынның маңыздылығын

анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.2 Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесін ойын арқылы дамыту

жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Екінші тарау тұжырымы

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 9
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .30

К І Р І С П Е

Зерттеудің өзектілігі.
Елбасы Н. Ә Назарбаев білім берудің және тәрбиелеудің сапасын уақыт
талабы деңгейінде жоғарлату, әр пәнді ғылыми деңгейде, заманауи ақпараттық
технологияларды пайдалана отырып оқыту талаптарын қойып отыр [1]. Білім
беруді ақпараттық технология жаңалықтарымен толықтырып отыру, елімізде
білім беру сапасын арттырудың басты бағыттарының бірі.
Өсер елдің әуелгі ойлайтыны - өз ұрпағының жай-күйі болмақ. Ендеше,
ертеңгі болашағымыздың тағдыры жас ұрпақтың бүгінгі тәрбиесіне байланысты
екендігі айтпаса да түсінікті. Жан-жақты білім алған, парасатты, саналы
азаматты тәрбиелеп шығару, олардың жан дүниесін әлемдік өркениетке сай
рухани қазыналармен байыту, халықтық педагогика дәстүрлерінің озық
өнегелерін ой-санасына орнықтыру - бүкіл ел жұрт, ауыл-аймақ, отбасы,
қоғамдық мекемелер болып бірлесе атқаратын аса жауапты міндет екені де
айқын. Ал, баланы дамыту - ұзақ жылдарға созылатын, инемен құдық
қазғандай, бейнеті ауыр еңбек екенін ескерсек, бұл орайда, оның алғашқы іс-
әрекетінің түрі – ойын екені сөзсіз..
Педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге шолу жасау негізінде
біз бұл әдебиеттерде ойынның теориялық негіздері толық ашылмағанын
байқадық. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты
психикалық процестің ішінде, ойлаудың қалыптасуы мен дамуында ойын
әдістерінің мәнділігі біздің ізденіс тақырыбымыздың мәнін ашады.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие
процесінде ойынды қолдану тиімділігін анықтау, психологиялық дамыту-
түзетуге арналған ойын түрлерін ұсыну.
Зерттеу обьектісі: Бастауыш сыныпта ойынды қолдану ерекшелігі.
Зерттеу пәні: Оқу тәрбие процесінде ойынның ықпалы.
Зерттеу болжамы: егер мұғалім бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие
процесінде ойынның түрлерін мазмұнына қарай таңдап, оны тиімді пайдаланса,
онда оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, білім мен іскерлік дағдылары
дамиды.
Зерттеу міндеттері:
- Бастауыш сыныптың оқыту процесінде ойын әрекетінің алатын орны
және маңызы жайлы сипаттама жасау;
- Ойын түрлерін бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесінде қолдану
тиімділігін анықтау;
- Ойынның түрлерін тиімді қолдану үлгі нұсқаларын және оларды
бастауыш сынып мұғалімдеріне ұсыну;
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік,
педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасау, бастауыш
сынып мұғалімдерінің білім мен тәрбие берудегі іс-тәжірибесі, бастауыш
сыныптарда жүргізілген іс-тәжірибелерді сараптау.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі: ойын элементтерін пайдалану
туралы Әбішева А., ойын мақсатын талдау мен мәнін анықтау С.Қоныбекова,
ойынды қолдану арқылы баланы тәрбиелеу ерекшеліктері Е.В. Кутеев, оқытудағы
қиындықтарды жою туралы Шерьязданова Х.Т. мен Ермекбаева Л.К. және т.б.
еңбектері қолданылды
Зерттеудің теориялық мәнділігі: Педагогика және психология
ғылымындағы ойынның бала дамуы мен қалыптасуындағы, оның оқу-тәрбие
процесінді қолдану маңызды мәселе. Ойынның оқу-тәрбие процесінде қолдану
мақсаттары мен мотивтері оның білімді меңгеруі үшін қажетті жағдай жасайды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие
процесінде ойынның қолдану маңыздылығы анықталды. Мұғалімдерге ойын
түрлерін тиімді пайдалану оқушыларыдың білімдерін бекітуге және кеңейтуге
мүмкіндік алатындығы ұсынылды.

1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОЙЫНДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІГІ
1.1 Ойынның психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.

Қазіргі заманғы адам әр түрлі іс-әрекеттермен шұғылданады. Іс-әрекеттің
барлық түрін классификациялау мүмкін емес, өйткені адам іс-әрекетінің
барлық түрін сипаттау үшін адам қажеттіліктерінің барлығын атап өту керек,
ал адам қажеттіліктерінің саны өте үлкен. Мұның себебі адамның
индивидуалдық ерекшеліктерімен түсіндіріледі.
Бірақ іс-әрекеттің негізгі түрлерін жалпылап айыруға болады. Олар барлық
адамға тән жалпы қажеттіліктерге сәйкес келеді. Ол адамның индивидуалды
ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Іс-әркеттің түрлеріне: ойын, оқу және еңбек
жатады [2].
Ойын – адам іс-әрекетінің ерекше түрі. Ойынның нәтижесінде материалдық
немесе идеалдық өнім шығару көзделмейді. Көбінесе, ойын-сауық
бәсеңдік,демалу мақсатын көздейді. Ойынның бірнеше түрлері бар:
индивидуалды, топтық, заттық, сюжеттік, рөлдік және ережесі бар ойындар.
- Индивидуалды ойын, тек бір адамның қаты-суымен жүретін адам іс-
әрекетінің түрі.
- Топтық ойын бірнеше индивидтың қатысуымен жүреді.
- Заттық ойын заттардың қаты-суымен байланысты болады.
- Сюжеттік ойын белгілі сценарий бойынша жүреді.
- Рөлдік ойындар белгілі рөлмен шектелген әрекет-терге негізделеді.
- Ережесі бар ойындар ойынға қатысушылар белгілі ережелер жүйесімен
реттеледі.
Сонымен қатар ойынның араласқан түрлері де болады: заттық-рөлдік,
сюжеттік-рөлдік, ережесі бар сюжеттік ойындар, т.б. Ойын барысында пайда
болатын қарым-қатынас әдетте жасанды сипатта болады. Жасанды дегеніміз
айналадағылар оны шынайы қабылдамайды және адам туралы қорытынды жасауға
негіз бола алмайды. Ойындық жүріс-тұрыс пен ойындық қарым-қатынас
адамдардың шынайы қарым-қатынасына әсерін тигізбейді. Дегенмен, ойынның
адам өмірінде маңызы зор. Балалар үшін ойын даму сипатымен ерекшеленеді.
Үлкен адамдарда ойын жетекші іс-әрекет болып табылмайды, тек қарым-қатынас
пен бәсеңдік қызметін атқарады.
Жаңа ортаға, оқу үрдісіне өту үйреншікті өмір сүру әдістерін өзгертуді
қажет етеді. Ал, Ю.К.Бабанский ойынды бастауыш сынып оқушыларының барлық
әрекеттерін ынталандырудың түрлері мен әдіс түрлерінде ұсынады [3].
Іс-әрекеттің тағы бір түрі – оқу. Оқу адамның білім, икем мен дағды алу
мақсатын көздейтін іс-әрекеттің түрі болып саналады. Оқу ұйымдастырылған
түрде және арнайы мекемелерде іске асуы мүмкін. Ол ұйымдастырылмаған да
болуы мүмкін. Үлкен адамдарда оқу өзін-өзі жетілдіру сипатында болуы
ықтимал. Оқу әрекетінің ерекшелігі – оқу тікелей индивидтің психологиялық
дамуының қызметін атқарады.
Адам іс-әрекетінің жүйесінде ерекше орын алатыны – бұл еңбек. Еңбектің
арқасында адам қазіргі заманғы қоғамды, материалдық және рухани мәдениетті
құрды, өмір жағдайын жақсартты. Осымен өзіне шексіз дамуға мол
мүмкіндіктерді ашты. Еңбек құралдарын жасау және оларды жетілдіру ең әуелі
еңбекпен байланысты. Олар өз алдына еңбек өнімділігінің, ғылымның дамуының,
өндірістік өнімнің, техникалық пен көркем шығармашылықтың артуының факторы
болды [4].
Болашақ маманның ең негізгі міндеті таңдаған мамандығы бойынша
теориялық білімі мен практикалық дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби
тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің үлкен көмегі
болады. Сондай іс-тәжірибе кезеңдерінде бағдарламаның тақырыптық құрылымына
сай сан алуан шығармалар, көрнекіліктерді пайдалана отырып балалардың
бойында білімге деген құштарлықты қалыптастыра білу қажет.
Адамның психикалық өмірінің жан – жақты дамуы белгілі әрекетпен
байланысты. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі
бір мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Адам үшін іс - әрекеттің қашан да
қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс -әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы,
жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты шарты. М.И.Лисина өзінің қарым-
қатынас пен іс-әрекет туралы зерттеуінде қарым-қатынас іс-әрекеттің ерекше
түрі екенін көрсеткен [5].
20-жылдарда, оқу мен тәрбиеге байланысты жұмыстарды үйлестіруде
іздестіру барысында С.Т.Шацкий қазірге дейін маңызын жоймаған мынадай пікір
айтқан еді: "Біздің қолымызда күш пен қаржы болғандықтан, біз тек қана
арнаулы мектеп ғимараттарындағы емес, одан тыс жерлердегі педогогикалық
үдістерді зерттеуіміз керек" [6]. Өкінішке орай, бұл идея мектепті
толғандыруды қойды, теория мен практиканың басты назарында тек сабақ қана
қалып отыр. Мыңдаған балалар сабақтан тыс уақытта не шаруамен, қандай іспен
айналысуды білмейді. Балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруды қалай
жақсартуға болады, бұл мәселе педагогикалық үрдісте қандай орын алады. Ойын
әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызды
орын алады.Алайда, жақсы, дұрыс ұйымдастырылған ойын ғана тиісті,
қалағаныңдай нәтиже бере алады, ойын бастауыш сынып мұғалімдерінің бірден-
бір көмекшісі болуы керек.
Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, сананың
күрделене түсуіне ықпал жасайды. Мұны С.М.Жақыповтың пікірінше бірлескен
іс-әрекет-жалпы мақсаттың болуы , ал жалпы мақсат –бірлескен іс-әрекеттің
жүйе құраушы факторы [7]. Өзінің құрылым жасаушы функцияларының арқасында
қарым-қатынас жүйе құраушы факторы бола алатындығын көрсетеді. Бұл
балалардың ойыны бірлескен іс–әрекет жемісі болып табылады.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында тақырыпқа сай әртүрлі
жағдайда көрнекіліктерді пайдаланып, сабақты ойын түрінде ұйымдастыруға
болады.
Ойын әрекеті - оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс
бітімін, сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап,
құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Ойын мұғалімнің
шығармашылық ізденісі мен әдістеме жаңалықтарына сергек қарап, сабақ
барысында шебер пайдалана білуді талап етеді.
Ойын - балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар
заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды, түрлі рольдерде өздері
ойнайды [8].
Оқыту процесінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты
болады. Әртүрлі ойында көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі
түсінікті, әрі қызықты болып өтеді.
Сонымен, Ойынның оқыту материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді
терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орыны ерекше.
Бала мектепке барғанша тек ойынмен айналысып жүреді. Енді оқу оның
күнделікті қызметіне айналса да, бала ойнауын бірден тоқтатпайды. Бала әлі
де бұрынғысындай ойнағысы келеді. Бірақ жағдай өзгерілгендіктен оның осыған
бұрынғысындай көңіл бөлуге мұршасы жоқ. Осының нәтижесінде ойын оның
өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ысырылады. Осыған қарай
бастауыш сынып оқушысының ойыны бұрынғысынан өзгеріліп, көбінесе басқа
мазмұнда кездеседі. Әрине, осы жастағының ойыны бұрынғыдай бәлендей
маманның (малшының, машинистің, дәрігердің) ролін ойнайды. Бірақ осы
ойынның бұрынғысынан өзгешелігі мынадай, сол рольдердің азаматтық
қасиетінің сапасына, қайраткерлігіне, ептілігіне, батырлығына т.б. мән
береді [9].
Демек, бастауыш сынып оқушысы "мен бәленше боламын" деп сол бейненің
мінез-құлқын таңдап, солардың қайсысы әсем, қайсысы әсем емес екенін
ажыратып, өзі соларға еліктеуге тырысады. Сондай-ақ 2-3 сыныптағылардың
ойындары бірдей емес. 1-сыныптарда бала "мен ұшқыш боламын" , "маған
сондай роль ұнайды" деп айтып, соны орындауға әрекет жасауға жарамайтын
болса, 3-сыныптағы роль еліктеумен шектелмей, соларға орай тиісті
қылықтарды жеңуге тырысады. Демек сөзден сол бейнелерді ойнауға көшеді,
соларға еліктеп, өзі іс жүзінде төзімді, қорықпайтын епті, айлақор болуы
үшін жасайды. Осы өзін-өзі тәрбиелеудің кезі-мақсатының мүлде өзгерілуі деп
түсіну керек. Өйткені ойын енді бастауыш сынып оқушысы үшін өзін-өзі
тәрбиелеудің құрамына айналып отыр.
Рольдік ойындардың басқа неше түрлі тиісті ережелерге сай келетін
ойындармен бастауыш сынып оқушысы 2-3 сыныптарда айналыса бастайды. Мысалы,
шахмат не футбол ойнау. Егер шахмат баланың ойын дамытуға әсерін тигізетін
болса, футбол баланың дене мүшелерінің (қолының, аяғының) ептілігін
дамытады. Ойын ойнау, егер қозғалу ойынның түріне жатса, соның өзі рольдік
ойынның түріне де қатысы бар. Мысалы, қақпашы ролін бала атқарып допты
торға тигізбеуге әрекет жасағанда,ол рольдік қызметті атқарып отыр [10].
Мұның солай екені мынадан: бастауыш сынып оқушысы қақпашының ролін
ойнағанда, үстіндегі киімі, кескіні нағыз қақпашыға еліктейді: қолына
қақпашыныкіндей қолғап киеді (басында қорғаныс шлемі болады т.б.), допты
торға тигізу үшін керек деген жағдайда ол үстіне құлайды т.с.с. Осыған
қарағанда бала футбол ойнап отырған жоқ, футболшының атқаратын қызметін
қайталап отыр. Осындай ойын үстінде баланың күші, ептілігі қалыптасады.
Осымен қатар оның ерік-жігерлігі, ұстамдылығы, тәртіпке бағынышты келуі -
құрбыларымен достық қасиеттерін ұлғайтуға жәрдем береді. Сондықтан ойынға
соңғы түрлері бастауыш сынып оқушылардың психикалық дамуында ерекше орын
алады.
Халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі - ұлт ойындары. Ойынға
тек ойын деп қарамай, халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір
жүйеге келтіретін тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Ұлт ойындарын
отбасы тәрбиесінен бастап мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша
материал үшін, баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға
болады [11].
Біздің, әсіресе ұлттық ойындардың тәрбиелік мүмкіндіктері мол екеніне
көзіміз жетті. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын кейінгі ұрпаққа
мирас етіп кеткен. Солардың бірі - ұлт ойындары. Ойын баланың көңілін
өсіріп, ойын сергітіп қана қоймай, оның таным-түсінігін де арттырады. Ойнай
білген бала сол халықтың мінез құлқынан, ой санасынан, тұрмыс-салтынан
хабар алады.
Ұлт ойындары - халық педагогикасының негізгі бір саласы ретінде
оқушыларға жан-жақты білім беруде, олардың өмір тәжірибелерін кеңейтуде,
дүниені танып білу қабілеттерін жетілдіруде аса қажетті тәрбие құралдарының
бірі. Ұлт ойындарын отбасы тәрбиесінен бастап мектептегі жеке пәндерді
оқыту барысында, үзілісте де, бос уақыттарда өткізілетін ертеңгіліктер мен
кештерде дидактикалық, қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Ойынды
балалардың жазғы дем алатын орны - сауықтыру лагерьлерінде кеңінен
пайдаланған жөн.

1.2 Бастауыш сыныпта ойынды қолдану мазмұны.
Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын - айналадағы дүниені
танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын
үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады дегенді
айтады.
Демек, жоғарыдаға пікірлерге сүйенсек, бастауыш сынып оқушыларының
оқуға, білімге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу
үрдісінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін
практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын түрлерін қолданудың,
пайдаланудың орны бөлек.
Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған
материалын, оқушылардың зор ынтасымен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі.
Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап
тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыласпен
орындайды.
Бастауыш сыныптарда ойындар қимыл-қозғалыс ойындары беріледі. Сабақ
барысында ойын түрлерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың маңызы
зор. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерімен қатар білімге,
өнерге құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау деген оқушылардың
өздері де ойын түрлері араласқан сабаққа зер салып ынталана түседі. Ойын
араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды. Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау
үшін сабаққа белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға жауап іздеп, ойлана
бастайды. Сабақта ойын түрлерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін дамытуға
әсер етеді [12].
Баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-әрекетінің негізгі,
жетекші түрімен сипатталады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалық шақта
ойын іс-әрекеті жетекші болады. Бұл жастағы балалар үйреніп, тіпті шама
-шарқынша еңбек етіп жүрсе де, олардың бүкіл болмысын анықтайтын шынайы
стихия әр түрлі ойында болып табылады. Ойын үстінде қоғамдық баға беруге
тырысушылық пайда болады, қиял және символиканы пайдалана білуі дамиды.
осының бәрі баланың мектепке даярлығын сипаттайтын негізгі сәттер болып
табылады.
Жеті жасар бала мектеп табалдырығынан аттасымен-ақ оқушы болады. Оның
өмірінде ойын әлі маңызды орын алғанымен осы уақыттан бастап біртіндеп
басымдылық ролін жоғалта бастайды. Бастауыш сынып оқушыларының жетекші іс-
әрекеті оның мінез құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық
және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады.
Баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуі айқын аңғарылады
[13].
Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған. Олар бұл
жерден үймен немесе бала-бақшамен салыстырғанда , әдеттен тыс бірдеңелер
кездестіруді күте отырып, мектепке қуана барады. Бұл баланың ішкі позициясы
екі жағдайда маңызды. Алдымен мектеп өмірінің жаңалығын алдын-ала сезіну
және қалау баланың сыныптағы мінез-құлық ережелеріне, жолдастарымен ерекше
қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіне қатысты мұғалімнің талаптарын
жылдам қыбалдауға көмектеседі. Бұл талаптарды бала қоғамдық маңызды және
орындамауға болмайтын талаптар деп қабылдайды.
Іс-әрекет тек адамға тән, санамен реттелінетін белсенділік, іс-
әрекетті қажеттіліктер тудырады және дүниені тану мен адамның өзін дамытуға
бағытталған. Іс-әрекет – адамның ақаиқат дүниемен өзара белсенді
әрекеттестігінің іс жүзіндегі көрінісі. Адам іс-әрекеті күрделі процесс.
Оның құрамына жеке адамдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді.
Іс-әрекет ұғымы белгілі бір түрмен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен
белсенді түрде байланыс жасап, оны шамасынша өзгертіп отырады [14].

Адамның дене және ақыл-ой қуатының дамуына шешуші қызмет атқаратын іс-
әрекет түріне еңбек жатады. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы,
жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған
міндетті шешу болып табылады.

Адам үшін іс-әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-
әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспралылығы мен жүйелілігі оның ең
басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір
нәтиже шығару- оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адамның сана
–сезімі өскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Адам
психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да
күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп сана мен іс-
әрекеттің бірлігі, психиканың іс-әрекет үстінде дамитындары жайлы мәселе
психологияның басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан алуан.
Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат,
міндеттерге бағытталып отырады.
Тәжірбиелі ұстаздарға белгілі, психологиялық жағынан расталған мынадай
қағида бар: Баланың сыныпқа келген алғашқы күнінен-ақ оған оқушының
сабақтағы, үйдегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін айқын да
нақты мағынада түсіндіру керек. Балаға оның жаңа көзқарасының,
міндеттерінің және құқығының бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан
айырмашылығын дереу түсіндіру маңызды [15].
Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету - бірініші
сынып оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес, мектепке баруға даярланған
балалардың өз түсініктеріне сәйкес олардың тіршілігін ұйымдастыруға
қажетті шарт. Бұл талаптар орнықсыз әрі екі ұшты болса, балалар өз өмірінің
жаңа кезеңінің өзіндік ерекшеліктерін сезбейді, бұл олардың мектепке деген
ықыласын жоюы мүмкін.
Оқу іс-әрекетінің белгілі бір құрылымы болады [16]. Оның құрамдас
бөліктері мыналар:
1) Оқу ситуациялары (немесе міндеттері);
2) Оқу әрекеті;
3) Бақылау;
4) Бағалау.
Сабақ беру процесінде мұғалім жалпы да, жеке де оқу әрекеттерінің
бәрінің жиынтығын анық білуі керек, оларды орындауда балалар бегілі бір
ұғымды немесе есептерді шешу жолдарын, оқу пәнінің белгілі бір тарауын
толық меңгереді. Бастауыш сынып оқушыларында талап етілетін оқу
әрекеттерінің жүйесін арнайы және табанды түрде қалыптастыру қажет. Оларсыз
материалды игеру оқу ісінің шеңберінен тыс өтеді, ал бұл немқұрайды,
ұғымдардың таза ауызша сипаттамаларын немесе есептерді шешу жолдарын
жаттату жолымен жүреді деген сөз. Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те.
Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен
қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін
қалыптастырады дегенді айтады.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу материалын көрнекі ұғымға тексті
тура, сөзбе-сөз ұстауға сүйеніп игеруге тырысатын жағдайларын жиі байқауға
болады. Алғаш бұл қажетті оқу әрекеттерін толық орындаудан гөрі оңай да
тезірек болады. Бірақ мұғалім оқу ісінің өз шегінен шығып кететін стихиялы
талпынысты тоқтатуға және ерекше оқу ситуациялары ішінде балаларды
материалды шын мәнінде игеруге бастайтын іс-әрекеттерді жүйелі
қалыптастыруға міндетті. Басында бұл оқуды баяулатады. Бірақ жақсы
игерілген оқу әрекеттері негізінде ғана оқушылар алдағы уақытта әр түрлі
пәндердің көлемі жағынан айтарлықтай материалдарын дәл және толық жаңғырта
алады. Жекелеген ұғымдарды және есептерді шешу тәсілдерін меңгерудегі
бірқатар елеулі кемшіліктер бұл ұғымдарды және есептерді шешу тәсілдерін
қалыптастыруда балаларға барлық қажетті оқу амалдары үйретілмегендігімен
байланысты екендігін зерттеу көрсетіп отыр.
Бақылау түрлері сан алуан [17]. Оның екі формасы ерекше маңызды:
1) шын мәнінде орындалған іс-әрекеттердің дайын нәтижелерін талдау
негізінде жасалатын бақылау,
2) ойлау бойынша орындалған әрекеттердің көзделген нәтижелері
негізінде болатын бақылау.
Бақылаудың қажеттігін және оның іске асу тәсілдерін алғаш мұғалім
көрсетеді. Мысалы, бірінші сынып оқушысы қандайда бір әріпті жазды делік.
Мұғалім оны элементтерге бөлшектеп, балаға олардың кейбіреулерінің үлгіден
алшақтап кеткенін көрсетеді ("Мына бөлігі дұрыс дөңгеленбеген"), алшақтықты
оқу әрекеттерінің кемшіліктерімен салыстырады (Мына жерде сен сызықтан бос
жер қалдырмадың, мұнда бұрылыс нүктесін тастап кеттің"). Осыған ұқсас жұмыс
басқа сабақтарда да әрдайым өткізіледі.
Ойын бала өміріндегі маңыздылығын белгілі психолог Д.Б. Элькониннің
сөзімен айтсақ : Ойын – ол адамдардың арасындағы әлеуметтік ара –қатынас,
практикалық білімдерін және қызметі [18].
Оқу үрдісінде ойындарды қолданудың жағымды жақтарына мыналарды
жатқызуға болады:
- ойындар жалпылама оқытуға қарағанда, өз тәжірибесімен оқытуға
мүмкіндік береді ;
- ойындар ойын басшысының тәжірибесіне немесе дағдысына тәуелсіз
- ойындар эмоцияны басқаруға жаттықтырады, мәселені шешу
қабілеттілігін және қажетті әлеуметтік мінез – құлықтың түрін таңдауға
үрдістер мен құбылыстардың деректерін түсінуге, шешім қабылдауға, топты
басқаруға үйретеді;
- ойындар жеке мәселелерді оқуда және шешуде қабілетті әрі қарай
арттырады, ойынға қатысушылар оқытушының ролін ойнап бірін–бірі белгілі бір
деңгейде оқытады, бірақ әрқайсысы бір ойында өзінің қабілеттілігі мен
қажеттілігіне қарамай көп нәрсеге үйренеді.
Сезім дамуының маңыздылығы туралы америкалық оқытушылар
В. Роджерспен А. Гудданд өз зерттеулерінде жиі айтады. Өйткені
оқушылар ойындарды өздері өңдесе, онда олар оқу материалдарын әдеттегі оқу
таным әдістеріне қарағанда, ынта мен тереңірек үңіліп оқиды және оларды
зерттеу арқылы дағдылану әрекеттерін дамытады. Ең бастысы – ойындар мен
өңдеулер студенттердің көңілін өз бетінше ізденушілікке аударып, қабілетін
арттырады.
Сонымен, ісерлік ойындары ойынға қатысушыларға қиын мәселелерді
басқаларға қарап тұрмай , өздерінің шешуіне кепілдік береді. Олай
дейтініміз, өңдеулер мен ойындар арқылы оқушылар өздерін не істегендерін
байқайды, жетістіктерін көздерімен көреді, уақытын дұрыс пайдаланады.
Өңдеулер мен ойындар, сондай–ақ, кейбір студенттер ұнатпайтын оқу
пәндерін де қанағаттандырады, біріне–бірі көңіл бөліп, өздерін басқаның
орнына қойып үйренеді. Өңдеулер мен ойындар икемді мақсаты мен құрылымына
байланысты қиындатылады. Ойындар өздерінің аяқталу үрдісіне байланысты
амбивалентті (егер бүгінгі ойынның саны 1:1 ойынға қатысушының біреуіне
тиімді болса, келесі күні 0:0 болады, ойын өте ыңғайлы, кез –келген жерде
кез –келген уақытта ойнауға болады). Бұл көптеген авторлардың пікірімен
сәйкес.
В.Ф. Каморовтың пікірінше, оқу үрдісінде ойынды қолдану оқушылардың
даму қабілетін арттырады, мәселеге ғылыми негізде жақындатады, ал ойынды
өткізу ғылыми зерттеу жұмысы болып табылады [19]. Алайда, ойындар мен
өңдеулердің артықшылығы мен кемшілігі де бар. Өзіміздің және Американдық
авторлардың пікірімен санассақ мына деректі естен шығармау керек, ойын
кезінде оқытушы өзінің беделін жоғалтып, тек ойынды ұйымдастырып және
бағыттап отырады. Сонымен бірге, ойындар мен өңдеулер оқушы назарын екінші
сатыдағы дағдыға аударып, негізгі дағды шет қалып қояды, яғни, ойындар оқып
зерттеуден сырт қалады. Кейде ойындар мен өңдеулер әдеттегі оқуға қарағанда
қолайсыз болып келеді. Кей жағдайда оқытушылар ойынның бар екендігін
білмейді.
Ойындар мен өңдеулер құрал–жабдыққа, материалға байланысты қыбатқа
түсіп, артық жүріс пен бос айқайға әкеліп, оқытушылар үшін қолайсыз
жағдайлар туғызады. Сондай–ақ көптеген ойындар жоғарғы деңгейде өңделмеген,
сол себепті оны қолдану қиындыққа әкеледі. Тіпті, кейде баламалы оқыту түрі
сияқты ойынға қатысушыларға ұнамауы мүмкін, ойынға белгілі бір студенттер
саны ғана қатысып, қалғаны сыртта қалып қоюы да ғажап емес. Сондықтан да
белгілі мақсатқа ғана сәйкестендірілген ойындар мен өңдеулерді әркім өзі
құруы қажет.
Бүгінгі күні дидактика саласындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптың оқыту процесі
Бастауыш сыныптың оқу - тәрбие үрдісінде дидактикалық ойындарды пайдалану
ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЫН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Ойындарды қолданудың теориялық негіздері
Бастауыш сыныптарда математика пәнінде пайдаланылатын дидактикалық ойындар жүйесі
ОЙЫННЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТӘРБИЕЛЕУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Халық ойындарын дене тәрбиесінде қолдану
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидактикалық ойынды пайдалану әдістемесін ұғыну
Пәндер