Зейіннің психологиялық және физиологиялық мазмұны


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І. ЗЕЙІННІҢ
1. 1. Зейіннің психологиялық және физиологиялық мазмұны . . .
1. 2. Зейінді ұлттық психология тұрғысынан талдау . . .
1. 3. Психология ғылымында зейін теориялары мен концепцияларының
алатын орны . . .
1. 4. Білім меңгеруде бастауыш сынып балаларының зейін
ерекшеліктері . . .
ІІ-Тарау. БАСТАУЫШ СЫНЫП БАЛАЛАРЫНЫҢ ЗЕЙІН ҚАСИЕТТЕРІН
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ
2. 1. Зейін ерекшеліктерінің оқу үлгеріміне тигізетін
әсерін анықтау . . .
2. 2. Бастауыш сынып балаларының зейін қасиеттерін әдістемелер
көмегімен жетілдіру . . .
2. 3. Қалыпқа келтіру экспериментінің нәтижесінің
тиімділігін тексеру . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМША . . .
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Зейін - барлық интеллектуалды функцияларды өткізетін және интеллектуалды іс-әрекеттің нәтижелі болуын қатамасыз ететін, өзгермейтін психикалық процесс. Көп жағдайда зейіннің даму деңгейі мектептегі баланың жетістіктерін анықтауда көрінеді. Мектеп жасына дейінгі балада еріксіз зейін басым болады, бала зейінін дұрыс бағыттай алмай, өзінің ішкі әсеріне жиі бағынады. Бұл бір нәрсеге көңіл ұзақ аудармаудан, іс-әрекетте жинақтала алмаудан пайда болады.
Мектепке қадам басар шақта балада біртіндеп ерікті зейін қалыптасады. Ерікті зейіннің дамуы жауапкершіліктің дамуымен тығыз байланысты, олар кез-келген тапсырманың (қызық, сонымен бірге қызық емес) орындалуын мұқият қадағалайды. Зейіннің әр түрлі қасиеттері: шоғырлануы, көлемі, бөлінуі мен қайта қосылуы, тұрақтылығы-белгілі бір мөлшерде бір-біріне тәуелсіз. Зейіннің әр түрлі қасиеттерінің бұзылуы оқудағы әр түрлі қиындықтарға да себепші болады. Алайда, зейіннің барлық мүмкін болатын мінездемелерін қамти отырып, балалар зейіннің туындауы мен толықтыру жағдайын жоғарылататын жаттығу өткізу қажет. Ерікті зейіннің психологиялық мазмұны іс-әрекетке ерікті түрде күш салу мақсатын қоюмен байланысты. Зейіннің дамуында эмоциялық факторлардың дамуы мен ойлау процесінің ролі айқын көрсетіледі. Оқу үрдісіне қойылатын қазіргі заман талаптары және мектептердегі жаңа бағдарламалар мұғалімдердің алдына оқушылардың ғылым негізін игеру жетістігіне ғана емес, сондай-ақ балалардың жан-жақты дамып, алған білімдерін іске қолдана білуге үйрету міндеттерін тартады. Мұның барлығы оқу жұмысының белсендірілуін, соған сай, оқу іс-әрекетінде оқушылар зейінінің жоғарылауын талап етеді. Мектеп оқушылар зейінін оқу-тәрбие процестерінің (үрдістерінің) талаптарына байланысты жүйелі түрде қалыптастырып, дамытатын негізгі мекеме болса, мұғалім - зейінді дамытушы тұлға.
Оқу іс-әрекетінде таным үрдістері маңызды роль атқарады, оқытудың нәтижелілігі оқушылардың психикалық үрдістерінің (түйсігі, қабылдау т. б. ) дұрыс ұйымдастырылуымен тығыз байланысты. Солардың ішінде зейіннің орны ерекше, өйткені ол психикалық процестердің қызметінің қалыпты деңгейде болуына көмектеседі және педагогикалық үрдістің нәтижелі болуына жетелейді.
Зейін мәселесін оқу іс-әрекетіне қатысты талдауда тек психологиялық ғана емес, психологиялық-педагогикалық тұсын атап өту де орынды. Мұнда білім беру заңындағы оқыту сатылары жүйесіне байланысты оқушылардың жас ерекшелігін ескереміз. Мектептің қойған міндеттерін орындау мұғалімнен оқушылардың жекелік ерекшелігі (соның ішінде, зейін қасиеттері) туралы терең психологиялық білімдерді қажет етеді. Сондықтан мұғалімдерге оқушылардың дамытатын практикалық кеңестер мен нұсқауларды алып қана қоймай зейіннің түрлері, қасиеттері, оқушылардың жасына сай ерекшелігі, шоғырланудың психологиялық және физиологиялық табиғаты туралы мағлұматтарды түсінулеріне тура келеді.
Әр адам өз зейінін қаншалықты жақсы меңгере алса, ереже бойынша, соншалықты еңбекте, оқуда және қоғамдық әрекетте көрінетін қабілеттілік және белсенділік секілді жағымды белгілермен ерекшеленетіндігін ұмытпауымыз керек. Сондықтан мектептегі оқушылардың зейіні мен зейінділігін тәрбиелеу олардың болашақта тәуелсіз Қазақстанымыздың күшті және белсенді, білімді азаматтары болуына көмектеседі. Зейін жоқ жерде адамның жасап жатқан жұмысына саналы қатынасы да, нәтижелі ойлауы да болмас еді. Зейін адамның психологиялық құрылымында айрықша орын алып, оның іс-әрекет түрлерінде, бағыт-бағдарында айқын көрініс береді. Іс-әрекеттің кез-келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Әсіресе, оқу іс-әрекетінде зейіннің маңызы өте зор.
Зейін белгілі бір дәрежеде жоғары жүйке әрекетінің негізгі үрдістерінің даму деңгейіне де байланысты болады. Жас ерекшелігіне қарай бұл үрдістер ауысады, сол себептен зейін де өзгеріске ұшырайды. Сырттан әсер ететін тітіркендіргіштер жас ерекшелігіне қарай әр оқушыда әртүрлі қабылданады және әртүрлі реакция туғызады. Демек, зейінді жалпы және жас ерекшелігі бағытында талдап-зерттеу мектептегі психологиялық қызметтің маңызын арттыра түседі, білім алушылар мен білім берушілерге берілетін психологиялық көмектің нәтижелі болуына ықпал етеді. Көптеген ұлы тұлғалар, қоғам қайраткерлері өз әрекеттерінің жемісін белгілі бір деңгейде зейінмен түсіндірген. Эдисон ғылымдағы өзінің жетістіктерін ол жұмыс уақытында ешқашан зейінінің ауытқымағандығымен және айналысқан ісіне зейінін барынша шоғарландырғанымен түсіндірген. Шығармашылық еңбекте зейіннің маңызы өте зор, ол турады француз биологы Ж. Кювье: «Данышпан - бұл ең алдымен зейін» деп көрсеткен.
Зейін тек әрекет жетістігінің шарты ғана емес, сондай-ақ адамның әлеуметтік бағыттылығын түсіндіруге де көмектеседі.
Жеткілікті деңгейде дамыған зейінді адамның байқағыштығы мен зейінділігін көруге болады. Байқағыштық ақыл-ой сапасы ретінде және зейінділік жеке бастың өнегелілік сапасы ретінде өзге адамды түсінуінде көрінеді. Осындай үлгімен, зейінділік жеке бастың моральдық белгісі бола алады. Сондықтан, мұғалім іс-әрекетінің нәтижелі болуы оның қызмет барысында оқушылар зейінін туғызуға бағытталған жұмыс әдістерін дұрыс пайдалануға ғана емес, сонымен қатар педагогтың өз оқушыларын жас және жекелік ерекшелігі жағынан хабардар болып, тануына да байланысты болады.
Зейін оқу іс-әрекетінде оқу материалын дәл және анық қабылдап, түсінуді қамтамасыз етеді. Сол сияқты оқу материалын әдеттегіден жылдам әрі берік еске түсіруге, ұзақ уақыт есте сақтауға көмектеседі. Зейін дағдыны жылдам қалыптастыру шарты да болады. Адамның эмоциясы да зейіннің бағыты мен күшіне тәуелді келеді яғни, қорқыныш сезімін әлсіздендіру үшін ол туралы ойламай, зейінді ауыстыру керек. Міне, мұндай фактілер психология ғылымында зейіннің өзекті мәселе екенін дәлелдейді.
Зерттеудің мақсаты : бастауыш сынып балаларының зейін қасиеттерін оқу үрдісінде зерттеу және дамыту.
Зерттеудің міндеттері:
- Зейін туралы ғылыми теориялық және практикалық әдебиеттерге шолу.
- Зейіннің психологиялық мазмұнын талдауға арналған материалдарды қазақ тіліне бейімдеу.
- Зейіннің қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттеу.
- Психодинастикалық мәліметтерді қорытындылау.
- Зейіннің қасиеттерінің түріне байланысты қалыптастырып, дамыту
әдістемелерін ұсыну.
Зерттеудің нысаны - оқу іс-әрекеті барысындағы зейін және оның қасиеттерінің қызметтері.
Зерттеудің пәні - зейіннің қасиеттерін арнайы бейімделген әдістемелер көмегімен зерттеу.
Зерттеу әдістері - эксперимент, бақылау, тренингтік жаттығулар
Зерттеудің әдіснамалық негізі - И. М. Сеченовтың, И. П. Павловтың, А. А. Ухтомскийдің зейінді физиологиялық тұрғыдағы зерттеулеріне, Л. Е. Выготский, А. Н. Леонтьев, И. Ф. Добрынин, И. В. Страхов концепцияларына, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаевтың ұлттық сипаттағы еңбектеріне негізделеді.
Зерттеудің болжамы - егер де зейін қасиеттерін әр жас кезеңінде баланың жас ерекшелігіне сай психологиялық тұрғыдан зерттеліп, әдістемелер жинақталған болса, онда мұғалім әр баланың зейінділік деңгейін ескере отырып, жеке адамдарды ұйымдастыруға болады.
Зейінді теориялық жағынан талдап, практикалық тұрғыда зерттеп, дамыту шараларын өткізудің оқу іс-әрекетінде маңызы өте зор. Зейін арқылы ғана оқушылардың анық қабылдап, дәл ойлап, есте сақтау сияқты оқу үрдісінің тиімділігін арттыратын аса қажетті компоненттерді қалыптастыра аламыз.
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
1 - кезең: библиография түзу, психологиялық әдебиеттерге талдау жасау, зерттеу жұмысының тақырыбын бекітіп, өзектілігін, мақсат-міндеті мен болжамын анықтау, тақырыпқа теориялық талдау жасау.
2 - кезең: зерттеу жұмысының мақсат-міндеттеріне сай психологиялық эксперимент, анықтау, дамыту, қалыптастыру жұмыстарын жүргізу.
3 - кезең: зерттеу жұмыстарының нәтижелерін өңдеу және жалпылау.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі:
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және қосымшадан тұрады.
І-Тарау. ЗЕЙІННІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1. 1. Зейіннің психологиялық және физиологиялық мазмұны
Зейін адамның өмірі мен іс-әрекетінде көптеген маңызды міндеттерді атқарды. Ол осы сәттегі психологиялық және физиологиялық процестердің қажеттісін қоздырып, қажет еместерін тежейді, беріліп жатқан ақпараттарды ұйымдастыруды атқарады, психикалық белсенділіктің ұзақ шоғырлануын қамтамасыз етеді. Перцептивтік процестер үшін (қабылдау) зейін өзінше бір күшейткіш болып, бейнелерді егжей-тегжейлі айырып, анық тануға мүмкіндік туғызады.
Адам есі үшін зейін қажетті ақпаратты қысқа мерзімді және опеаративті сақтап, сол материалды ұзақ мерзімдік естің қорына аударуға көмектесетін фактор болып саналады.
Ойлау процесі үшін зейін - мәселені дұрыс түсінуге және шешуге ықпал ететін фактор. Осы ойлау және ес процесіне зейіннің тікелей ықпалы бар. Адамдардың арақатынасы жүйесінде бірін-бірі жақсы түсінісуіне, бір-біріне бейімделуіне зейін көмектеседі. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек процесінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт - объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін. Сонымен, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, оның айқын бейнеленуіне көмектесетін психологиялық феномен болып табылады.
Таным процестерінің бағыттылығы мен таңдамалылығы да зейінмен байланысты болады. Зейін анық және дәл қабылдауды, естің беріктігі мен таңдамалылығын және сөз арқылы ой әрекетінің бағыттылығы мен нәтижелілігін анықтайды. Демек, барлық таным әрекеттері функцияларының сапалы әрі нәтижелі болуы зейінге байланысты.
Ғылымда зейіннің келесі түрлері бар:табиғи зейін - ол туғаннан беріледі. Бұл зейін қызметін қамтамасыз ететін негізгі механизм нысаналы, белгілі рефлекс болып табылады. Ол ретикулярлық формацияның белсенділігімен байланысты болады. Жанама зейін - ол арнайы құралдардың (сөздер, қимылдар, нұсқашы белгілер т. б. ) көмегімен реттеледі.
Сезімдік зейін - ерекшелігі бойынша эмоциямен және сезім органдарының таңдамалылығымен байланысты. Сезімдік зейін сана орталығында сезімге әсер ететін елес болады.
Интелектуалды зейін - ойдың шоғырлануы және бағыттылығымен айқындалады. Бұл зейіннің қызығушылық объектісі ой (ой операциялары) болады [13] .
Зейін адамның еркіне ырықты, ырықсыз, үйреншікті болып бөлінеді.
Ырықсыз зейін деп сананың белгілі бір объектіге еріксіз бағытталып, соған шоғырлануын айтамыз. Сан қилы тітіркендіргіштер ішінен күші басым тітіркендіргіш зейінді өзіне еріксіз аударады. Мәселен, сөреде тұрған кітаптар арасынан мұқабасы қызыл кітап бірден көзге тартады. Мұның себебі - қызыл түстің көзге әсер ету коэффициентінің күшті екендігінде. Кез-келген тітіркендіргіштің адам зейінін өзіне аудару оның әсерлілігіне байланысты. Сондай-ақ, тітіркендіргіштердің жаңалығы да ырықсыз зейін тудырады.
Адамның таным әрекетінде көңіл-күйге қатты әсер ететін, нәрселер де ырықсыз зейін тудырады. Мысалы, бояуы қанық заттар, хош иісті өсімдіктер. Адамды таңдандырып сүйсіндіретін нәрселер де зейінді өзіне еріксіз аударады. Көркемөнер туындыларының адам сезіміне күшті ықпал етуі де ырықсыз зейін тудырып, танымдық процестер мен ойлау әрекетін күшейте түседі. Ырықсыз зейіннің тұрақты болуы адамның ықылас-ынтасы мен қызығуының артуына байланысты. Сонымен зейіннің бұл түрінде адам алдына арнайы мақсат қоймайды.
Ырықты зейін ерікті немесе активті зейін деп те аталады. Сананың әрекеттің белгілі шарттарымен байланысты болып, бір объектіге бағытталуын ырықты зейін дейміз. Ырықты зейіннің психологиялық мазмұны адамның іс-әрекетіндегі алға қойған мақсатымен, ерік күшімен байланысты.
Мектептегі оқу-тәрбие істерінің бәрі де балалардың ырықты зейінін қалыптастырып, дамытып отыруды қажет етеді. Бұл үшін бастауыш сыныптарда оқу әрекеті балалардың шама-шарқына қарай қызықты етіп ұйымдастырылуға тиісті. Талпынысының нәтижелі болуы баланың өзіне деген сенімін арттырады. Сабақты оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай түрлендіре жүргізіп, әртүрлі әрекет жасатып, ырықсыз зейінін ырықты зейінге аударып отыру керек.
Жұмыс орнының қолайлы болуы - ырықты зейіннің тұрақты болу шартының бірі. Жұмыс орнында кісінің көңілін бөгде тітіркендіргіштер алаңдатпауы керек. Ырықты зейінді ұйымдастырудың маңызды шарты - адамның психикалық күйі. Шаршаған адамның зейіні тұрақсыз болады. Адамның сырқаты, жан қинайтын бөгде ойлар т. б. ырықты зейіннің сапасын нашарлатады. Ырықты зейінді күшейту үшін сөз арқылы қайталап айтып, алға қойған мақсатты тұрақтандыруға болады.
Үйреншікті зейін - зейіннің ерекше түрі, ол ырықты зейіннен кейін жаслады. Үйреншікті зейін дегеніміз - қажетті әрі құнды болып саналатын объектіге адам санасының шоғырлануы. Үйреншікті зейіннің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол қызығу негізінде пайда болады. Бірақ, бұл нәрсенің қасиетіне емес, адамның тіршілік мақсатына сәйкес мүдделі әрекетіне байланысты. Мұндағы маңызды нәрсе - істің нәтижесі. Істің нәтижесі адам үшін маңызды орын алады.
Әрекет кезінде үйреншікті зейіннің пайд болуы - әркімнің өзіндік ерекшеліктері мен еңбектену әдеттерінің жемісі. Кейбір адамдар ауыр деген жұмыстың өзін аса қиналмай-ақ, күліп жүріп тындыра береді. Мұндай жағдайларда ырықты зейін үйреншікті зейінге оңай ауысады. Ондацда адам шаршағаннын да білмей қалады:
Объектісінің орналасу жағдайына орай, зейін сыртқы ішкі болып бөлінеді. Зейінді меңгеру мен оның кейбір ерекшеліктерін дұрыс түсіну үшін сыртқы және ішкі зейіндер адамның дене әрекетін меңгеріп, реттеуге бағытталған. Ішкі зейін - сананың ішкі іс-әрекетке, ішкі дүниеге бағытталуы. Зейіннің бұл түрі адамға ғана тән. Ол жануарларда болмайды. өйткені, олар өз жан дүниесінің сырын шолып біле алмайды.
Сыртқы және ішкі зейіндер бірін-бірі тежеп отырады. Себебі, сананы сыртқы әрі ішкі құбылыстарға бір мезгілде бағдарлау өте қиын. Ішкі зейіннің объектілері: сезімдер, елестер, ойлар. Бұлар адамның сыртқы қимылдары, еріннің жыбырлауы, жеке сөздерді айтып қалу, дене мүшелерінің түрлі қимыл-қозғалыстары арқылы байқалады. Ішкі зейіндер - сана мен өзіндік сананың дамуы үшін қажетті шарт. Онсыз адам болашақ қимыл-қозғалыстарын, олардың нәтижесін болжай алмайды. Ойлау білу, ой арқылы әрекет жасау ішкі зейіннің жетілуімен байланысты. Жеке адамның дұрыс қалыптасуы үшін өткен бағалау мен бастан кешкендерге, көрсеілген. Қылықтарға зейін аударып, талдау жасау саналы әрекетті жетілдіре түседі.
Ұжымдық зейін - бір сыныптағы барлық оқушының зейінін белгілі бір іс-әрекет түрінде жұмылдару. Мәселен, мұғалімнің сабақ өтуі.
Топтық зейін - бір ұжым ішіндегі жеке топтар зейінінің шоғырлануы. Ол сыныпта, лабораториялық тәжірибелер мен өзара тексеру жүргізгенде қажет. Топтар жұмыс үстінде бірін-бірі алаңдатады, ол кедергіні жеңу үшін тапсырманың мұқият орындалуын кезеңдерге бөліп жоспарлау керек.
Даралық зейін - әрбір адамның өз міндетін орындау үшін санасын, бағдарлар, зейінін шоғырландыруы. Ол - адамның өз бетінше оқып, есеп шығарғанда қолдануға тиісті аса қажетті түрі.
Зейіннің негізгі бес түрлі қасиеті белгілі:
а) Зейіннің көлемі деп оның тым қысқа мерзім ішінде қамти алатын объектілерінің санын айтады. Еесек адамның зейін көлемі өзара байланысы жоқ 4-6 объектіге тең. Заттарды топтастыру, сөйтіп жекеленіп қабылданатын объектілердің санын азайту арқылы зейіннің көлемін арттыруға болады. Бірінші сынып оқушысы үшін әріп жеке объект. Оқып жаттыға келе әр сөз, кейінірек бүтіндей бір сөйлем тұтас бір мағыналы объект болып қабылданады. Заттарды топтасрыуды зейінді тұтас нәрсенің жеке элементтері аралығында, болумен дұрыс үйлестіру - таным процестерінің дамуымен (қабылдауға бөлшек пен бүтіннің, ойлаудағы жалпы мен жекенің арақатынасы) байланысты.
ә) Зейіннің бөлінуі деп адамның кез-келген іс-әрекет үстінде зейіннің бір мезгілде бірнеше объектіге бағытталуын айтамыз. Зейінді бөле білу қабілеті іс-әрекет үстінде дамып бірте-бірте адамның маңызды сипатына айналады.
б) Зейіннің шоғырлануы - адам санасының белгілі бір объектіге айрықша бағытталуы. Ол зейіннің көлемімен, бөлінуімен тығыз байланысты. Зейін бағытталған объетілер саны неғұрлым аз болса, шоғырлану соғұрлым күшті болады. Зейіннің тереңдей шоғырлануы іс-әрекеттің дәл және ойдағыдай орындалуына қажетті жайт.
в) Зейіннің тұрақтылығы деп оның объектіге бағытталып, ұзақ уақыт бойы шоғырлануын айтады. Ол түрлі себептерге, жүйке процестерінің күшіне, әдеттерге т. б. жағдайларға байланысты. Тұрақтылыққа қарсы қасиет - алаңдаушылық. Мұны білетін мұғалімдер сабақ үстінде 10-15 минут сайын оқушылардың іс-әрекетінің түрін ауыстырады, оқушылардың есту және көру қабылдауларын тәжірибелік іспен алмастырады [14] .
г) Зейіннің ауысуы деп оның бір объектіден екігші объектіге әдейілеп көшуін айтмыз. Оның алаңдаушылықтан айырмашылығы саналы, мақсатты түрде болатындығында. Оқу іс-әрекетінде оның маңызы зор. Зейіннің ауысуы объектілер сипатына тәуелді болады. Затқа деген ынта және оның адам үшін маңызды екенін мойындау зейіннің ауысуын едәуір жеңілдетеді. Жеке адам үшін мәні аз заттан маңыздырақ затқа тез де оңай ауысады.
Әрбір зейін қасиеттері белгілі бір физиологиялық негізге сүйенеді, олардың ерекшеліктерін осы бағытт түсіндіруге болады.
Зейіннің бөлінуін бір мезгілде өлеңді жатқа айтып, әрі екі ондық шамасында қосу мен алу амалына есеп шығарғанда көруге болады. Бірақ, сыналушы бір әрекеттің екінші әрекетке кедергі болатынын сезеді. Әдетте, іс-әрекет процесінде зейін оның бір түріне ауады. Бұл физиологиялық жағынан ми қыртысындағы оптималдық қозу ошағының жалғыз екендігімен түсіндіріледі. Әрекеттің бір түрінің әбден автоматтануы салдарынан ми қыртысындағы қозудың оптималдық күші азайып, соған сәйкес ошақтың ми қыртысының басқа учаскелеріне теріс индукциялық әсері әлсірейді. Зейіннің бөлінуі оның өзге қасиеттерімен салыстырғанда адамның көп күш пен нервтік энергиясын жұмсағанын керек етеді [15] .
Зейіннің шоғырлануы қасиетінің физиологиялық негізін қозудың оптималдық ошағы туғызатын бірмезгілдік теріс индукциядан көруге болады. Индукцияның салдарынан пайда болған тежелу - қозудың, ми қыртысының аз ғана бөлімінде шоғырлануына себепші болады.
Зейіннің тұрақтылығы физиологиялық жағынан қозудың жүйке жасушаларының бір тобына ұзақ уақыт шоғырлануымен байланысты. Жүйке жасушаларының қозу процесіне ұзақ уақыт төзу қабілеті жүйке процестерінің әлді екендігін көрсетеді. Сондықтан сол сияқты тең жағдайлар кезінде зейіннің тұрқтылығынан, адамның жоғары нерв әрекетінің жалпы типі байқалады.
Зейіннің ауысуының физиологиялық негізі - жүріп жатқан қозудың оптималдық ошағының тежеліп, оның жаңа ошағының жасалуы. Бұдан зейін аудару жүйке процестерінің қозғалғыштығына - қозу мен тежелудің алмасу шапшаңдығына тәуелді деген қорытынды шығарамыз. Жүйке процестерінің баяулығы зейін аударуды қиындатады. Сондықтан зейіннің ауыспалылығында да адамның типтік ерекшелігі, бәрінен бұрын жүйке процестерінің қозғалғыштығы мен күші, көріне береді. [16] .
Зейіннің аталып өткен қасиеттері өзара тығыз байланыста. Жұмыстың нәтижелі болуы белгілі бір іс-әрекетті орындағанда оған зейіннің жеке қасиеттерінің қатысуына ғана емес, олардың үйлесім табуына да тәуелді.
Зейіннің типтері:
-Жеке адамға мінездеме бергенде адамдарды зейінді, зейінсіз, ұмытшақ (зейіні шашыраңқы) деп бөлеміз.
-Зейінділік ең алдымен іс-әрекеттегі зейін түрлерінің қатысымен анықталады. Өзіне ненің және неліктен қажет екендігін айқын білетін, еркі күшті, мақсатқа берік адамға ырықты және үйреншікті зейіннің, басым болуы тән. Бұл жағдайда зейіннің кейбір сапасының кемшіліктері (зейін аударудағы баяулық, бөлінуінің нашарлығы) онша білінбейді. Зейінділік адамға деген қарым-қатынастағы әдептілік пен мейірімділіктің негізін құрайды.
-Зейінсіздік бір нәрсеге ден қоя алмаудан, пікір мен ой қорыту үстірттігінен басқа адамның ішкі дүниесіне үңіле алмаушылықтан көрінеді. Зейінсіздік себептері жігерсіздікте, айнала қоршаған дүние жайлы білімнің тапшылығында, мейірімсіздікте, адам тағдырына деген немқұрайдылықта жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz