Бастауыш сыныптарды ағылшын тілін оқытуда рөлдік ойындарды оқушыларды, коммуникативті құзыреттілігін қолдану жүйесiндегi тiл дамытудың бiрден-бiр маңызды түрi болып табылатын оқудың мағынасы ретінде, мазмұнын және рөлiн анықтау


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3

1. ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

1. 1. Рөлдік ойындар анықтамасы мен құрылымы 5

1. 2. Оқытудың тарихи түрлері мен негізгі бағыттары 8

2. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫН КОММУНИКАТИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ КЕҢІСТІГІНДЕ ІСКЕРЛІК ОЙЫНДАР РӨЛІ

2. 1Ағылшын тілі сабағында іскерлік ойынды қолдану технологиясы мен техникасы 12

2. 2 Оқытудың қолдану тетіктері 20

3. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНДА РӨЛДІК ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕРІ

3. 1 Сабақ барысында іскерлік ойындар жүйесін тәжірбие жүзінде қолдану 23

3. 2 Диагностикалық шаралар 26

ҚОРЫТЫНДЫ 30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ 31

Кіріспе

Курстық жұмыс өзектілігі: Қазіргі кездегі бастауыш сыныптарда ағылшын тілі сабағында іскерлік немесе рөлдік ойындар арқылы оқушылардың коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру.

Қазіргі таңда еліміздің білім жүйесінде оқыту процесін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Білім берудің басты мақсаты - әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық - саяси өмірге белсенді араласуға дайын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету болып отыр. Осы мақсатқа жету үшін педагог алдымен білім мазмұнының даму тенденцияларымен оқу процесін ұйымдастыруда қолданылатын білім берудің жаңа технологияларын білу керек.

Мемлекет келешегі мектептің қандай негізде құрылуына байланысты. Қазіргі таңда ұрпақ таңдауына шексіз мүмкіндіктер берілген. Бүгінгі білім алушы болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабылетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр.

Сондықтан да, жаңа мазмұнды білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға үйрету, қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі проблеманы шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр.

Қазақстан Республикасының 2016 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсетілгені осыған орай, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе әлеуметтік-педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.

Шетел тілін оқыту технологиясы мынадай төрт негізгі шартты қанағаттандыруы тиіс:

- оқушының танымдық, қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделу қажет;

- оқу мақсатын диагностикалық түрде анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалау қажет; -іс жүзінде оқу үрдісінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру оны оқыту үрдісінде оны ұтымды пайдалану уақыт талабы болып отыр. Өйткені, жеке адамның рухани дамуынсыз өркениеттің дамуы да мүмкін емес (В. Беспалько) . Шетел тілін белсенді оқытудың бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Шетел тілін белсенді оқытуда педогогикалық технология - бұл оқу процесін ұйымдастыру және өткізу барысындағы білім алушылар мен мұғалімдер жайлы жағдай туғызудың біріктірілген педогогикалық қарым-қатынастың барлық жағдайларды ойлап қарастырған моделі (В. М. Монахов) . Жаңа педогогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақырында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.

Курстық жұмыстың мақсаты - бастауыш сыныптарды ағылшын тілін оқытуда рөлдік ойындарды оқушыларды, коммуникативті құзыреттілігін қолдану жүйесiндегi тiл дамытудың бiрден-бiр маңызды түрi болып табылатын оқудың мағынасы ретінде, мазмұнын және рөлiн анықтау.

Зерттеу мiндеттерi:

1) Рөлдік оқыту ерекшелiктерiн жан-жақты ашып көрсету, оның тiл дамытудың басқа түрлерiмен байланысын және оқуға үйрету мазмұнын анықтау;

2) Рөлдік ойындар арқылы оқыту тіл үйрету технологиясының негiзгi деңгейiн анықтау;

3) Ағылшын тілі сабағындағы рөлдік ойындардың- оқу техникасын меңгеруде оқудың коммуникативтiк және техникалық ара-қатынасын анықтау;

4) Рөлдік ойындар арқылы оқытуды дамыту мақсатында оқу процесiнде жаттығулар жүйесiн құрастыру және қолдану.

1. Оқыту технологиялары

1. 1. Рөлдік ойындар анықтамасы мен құрылымы

Іскерлік ойындары - бұл да белсенді оқытудың бір түрі. Ойынның бұл түрі әртүрлі практикалық жағдайларды көрсету арқылы жүзеге асады. Қазіргі кездегі соғыс ойындары, спорт ойындары, дидактикалық және тағы басқа ойындар осы байырғы мәдениеттен туындаган. Осылайша XX ғ 50 - ші жылдарынан бастап басқару, экономикалық ойындар, бертін келе психологиялық, педагогикалық ойындар пайда бола бастады. Іскерлік ойыны сабақтың дәстүрлі емес түріне жатады. Бұл ойын қызығушылықты тудырып, шет тілін оқыту кезінде қолдануға үлкен мүмкіндік береді. Ойында ойыншынын кәсіби - педагогикалық ойлау образына енуі, бұл ойынның басты ерекшелігі болып табылады[6, 13-15 б] .

Іскерлік ойынның негізі- проблемалық педагогиканың ситуацияларды тудыру және оларды әртүрлі проблемалық ролдік шешудің жүйесі. Ойында образға кіру ерекшелігі басқа ойындармен салыстырғанда проблемалық жағдайларды шешуші фактор ретінде қарастырылады. Ойыншы белгілі ережелерді қолдана отырып ойынның толық мағынасын түсініп, талдау жасап, алда болатын өзгерістерді жобалап отыруы қажет. Әртүрлі педагогикалық жағдайларды модельдеу болашақ педагогтың әрбір ойын кәсіби түрде жеткізе білуге жетелейді. Осылай ойлау кабілеті нәтижесінде ойыншылар педагогикалық образға толығымен кіріп, қандай өзгеріс болатынын түсіне алады. Ойыншыларда педагогикалық процесс моделінің біркелкі образы ойьнда болған әртүрлі жағдайлар нәтижесінде калыптасады. Бұл модель жеке түлғалық сипатқа ие болады және ойын кезіндегі ойыншының жасаған іс - әрекетінің таңбасына ойыншының өзін ойын барысында ұстай білуі, ойын толық жеткізе білуін және әр ойыншының өзіне ғана тән ерекшеліктеріне байланысты калыптасады. Сонымен қатар іскерлік ойынның барысында әр ойыншыда өзін басқалардың көмегімен, яғни сырт көзбен қадағалау және басқаларды да танып білу қалыптасады. Өздеріне берілген тапсырмаларды бірігіп шешу жолында өзіндік нәтиже шығарумен қатар басқалармен бірігіп жұмыс істеу және ой тудыру әрбір ойыншыда қалыптасатын жайт Ойынның шартты модельдері және ойын барысында жинақталған іс-әрекеттер ойыншылардың көзқарасын едәуір кеңейтеді.

Іскерлік ойында ойыншыларда екі түрлі козқарас қалыптасады. Біріншіден, ойыншы образға кіріп, ойын образын жасайды яғни осы образды толық сіңіреді, басқалармен осы образда қарым-қатынаста болады. Екіншіден, бұл ойыншылар арасындағы нағыз қарым-қатынас орнығады, себебі әр ойыншы образды өзі деп есептейді. Образға кіру жолында ойын шарты тез үғынылады сондай - ақ төзімділік, басқалардың ойын құрметтеу, бірігіп жұмыс атқару, жауапкершілік қалыптасады.

Білім алу процесі, оны толықтыру, негізін түсіну екі кезеңнен өтеді:

- ойын барысында: образ арасындағы қарым - катынас кезеңі;

- қорытындылау кезінде: пікірталас кезеңі;

Ойын шартында ойыншыларға таныс жайттар көп кездессе және олар образға толық кіре алса ойын қызықты да мағыналы болып өтеді.

Әрбір ойын мағынасына қарай өзіне тән қүрылымы, рөлі, сюжеті болады және мұғалімнің басқарып, жүргізуіне байланысты ерскшеленеді. Ойынның ойдағыдай өтуі жүргізушінің атқаратын жұмысы толық қарастырылған жағдайда ғана болады. Ол әрбір ойыншының өзіндік ерекшеліктері, мүмкіндіктерін, олардың ойынға тез енуін ойындық ситуацияға кіруін сюжетті ары қарай дамыту дәрежесін білгенде ойын сәтті өтеді. Әрбір топ ойынды өзінше дамытып, жаңа көзқарастар туғызтып, жаңа нәтижелер шығара алады[10, 103-105 б] .

Жүргізуші ойыншыларды ойынға дайындап, ұйымдастырып, ойынды өткізіп, соңында қорытынды жасап, ойынға қатысушыларды бағалайды. Ойын алдында бірнеше күн бұрын жүргізуші ойынға қатысушыларды ойынның мақсатымен, мағынасымен, кұрылымымен, ойынның сюжетімен, рөлімен таныстырып, үй тапсырмаларын беріп, орындалғанын қадағалап, рөлдсрді бөлуге көмектеседі. Рөлдердің орындалуы мен сюжеттің дамуына қатаң шарт қою ойынға кызығушылықты және ойыншылардың сюжетті дамытуына кері әсерін тигізеді. Қатаң ережемен ұсынылатын ойын біркелкі жаттығуларға ұқсап, қызығушылықты жоғалтады. Ойын басында жүргізуші ойыншылардың бірқалыпты эмоциялық тұрактылығын қамтамасыз етумен қатар, психологиялық тұрғыдан образға кіруге жағдай жасайды. Бұл іскерлік ойынын жүргізуге 45 - 90 минут кетеді Ойынның ең маңызды кезеңі - қорытынды жасап, пікір таласу. Қорытынды жасау ойынға кететін уақыттың тең жартысын алады. Іскерлік ойындарда: кіріспе, іскерлік ойындардың өтілуі әдістемесі және көрнекі құралдары сипатталады. Кіріспе бөлімінде іскерлік ойындардың педагогтарды оқыту жолындағы мағынасы жайлы сөз: етіледі. Іскерлік ойындардьң өтілу шарттары мен өтілу әдістемесі керсетіледі және іскерлік ойын материалдары қарастырылады. Бұл ерекшелік рольдік ойын үшін кез келген тақырыпты таңдауға мүмкіндік береді, оны зерделеу кезінде әлеуметтік күштер мен институттардың өзара әрекеттесуін, олардың мүдделерінің қарама-қайшылығын және байланысқандығын түсіну керек. Келесі кезең - бұл оқушыларды рольдік топтарға бөлу. Мысалы, Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамтамасыз ету тақырыбы бойынша (8-апта), ол қоғамдық проблемалардың ауқымдарын қамтиды, оларға қатысушылар қалауы бойынша Қазақстан халқын жинақтаушы зейнетақы қорларына нақты бөлуді елестетіп, бірнеше бөлікке («қорларға»), сондай-ақ олардың мүдделерін білдіретін саяси және әлеуметтік күштер мен мекемелерге бөлінеді. Олар осы немесе шартты атаулармен ұқсас болып аталуы мүмкін. Қатысушылар елестетуге тырыспай-ақ, өздерінің нақты ұйымдары мен қорлардың ұстанымынан немесе жеке өзінің атынан сөз сөйлей алады. Бірақ сонда да ойында рольдер («қорлар») саны шамалы болуы тиіс - 6-7-ға дейін, басқаша айтқанда пікірталас түйінді қоғамдық қайшылықтарға және мүдделер мен іс-қимылдардың мүмкін келісімдеріне тоғыспаған, қиын шолу жасалатын болады. Біздің нақты қоғам елестетілетін болғандықтан, оның «қаңқалық құрылымын» ескермеуге болмайды. Бұдан мынадай рольдер қажет болады:

Үкімет (немесе тұтас алғанда мемлекет) ;

капитал (немесе оның сипаттамалары, алуан түрлері) ;

жалданатын еңбеккерлер (немесе олардың жеке әлеуметтік топтары) .

Ойынның маңызды және дамытушы бөлігі - бұл іскерлік ойындар бойынша жұмыс. Іскерлік ойындарды әзірлеуді топ мүшелерінің біреуіне тапсырып, бұл сатыдан ешқашан өтіп кетуге болмайды. Бұл жағдайда топтағы қалған қатысушылар ойыннан шығарылады. Ең алдымен, әрбір іскерлік топ пікірталасқа арналған қысқаша (10 минутқа дейін) ауызша баяндама дайындайды. Егер топ өзінің ұстанымы туралы жазбаша құжатты (меморандумды) әзірлесе, жұмыс тиімділігі едәуір жоғары болады. Баяндама (ауызша немесе жазбаша) ерікті түрде құрастырылады, бірақ онда топ аралық дебаттар үшін бірыңғай кеңістікті қамтамасыз етуге көмек-тесетін, міндетті түрдегі мазмұнды сәттерді алдын ала белгілеу керек. Мысалы, берілген іскерлік ойында осындай «өтпелі» сәттерді белгілеуге болады:

шаруашылықта және әлеуметтік қатынастарда қалыптасқан жағдайды бағалау;

Үкіметпен өткізілетін курсты, әр түрлі қорларды бағалау;

әрі қарай не жасау керектігі туралы ұсыныс;

берілген (сол немесе басқа іскерлік топпен әзірленген) бағдарлама қандай әлеуметтік күштерге сүйене алады.

Сабақта келісілген құжатты құрастыру мақсатында дебаттар жүргізіледі.

Құжатты құрастыру - пікірталасты белсенділендіруге арналған себеп. Дебаттардың міндеті - жақталатын ұстанымын дәлелдеп үйрену, өзге ұстаным-дарды түсіну, олардың қолайлысын және саяси ымыраға кедергі келтірмейтінін ерекшелеп көрсете білу.

Қатысушылар ойында өзінің ұстанымын да жақтай алады, өзгенің ұстанымына да еліктей алады. Басты талап - мұны еліктеу аясын біліп, бұрмалануға жол бермей жасау.

Оқытушының өзінің меншікті идеялық ұстанымы бола тұрып, дебаттарға қатысушылардың идеялық көзқарастарын емес (әрине, олар әр түрлі), идеологиялар мен бағдарламалардың мәнін түсінудегі кәсіби шеберлік деңгейін бағалайтын бақылаушы («спикер») ретінде қатысады.

Оқытушы іскерлік ойындарды әзірлеу кезінде топтарға кеңес беруге дайын болуы тиіс. Сондай-ақ ол әдебиеттер тізімін ұсынады, онымен танысу іскерлік мазмұндырақ еліктеуге (ойнауға) көмектеседі.

Іскерлік топтардың жұмыс процесінде жүргізуші (куратор, оқушы) іскерлік ойындарды әзірлеу процесін қадағалауы және оның барысын тереңдету жағына қарай жеңіл бағыттауы тиіс. Жиі кездесетін келеңсіздік - іскерлік өмірлік прототипіне тән сызықшаны, өзгешелікті табу және содан соң іскерлік ойынның мазмұның ашу қажеттілігін ұмыту.

Оқытушының дебаттар барысындағы міндеті -іскерлік бұрмалануын кейінге қалдырмай, мәні бойынша түзету.

Аяғында дебаттардың және ойынның барлығының қорытындысын шығару талап етіледі. Мұнда біріншіден, іскерлік ойынды әзірлегенде және оны дебаттарда көрсеткенде мәнін нақты көрсеткені және мазмұнының толықтығы үшін мақтау маңызды. Кемшіліктерді қосымша ойлануды және ынтаны талап ететін сәттер ретінде ұсыну керек[7, 131-135 б] .

1. 2. Оқытудың тарихи түрлері мен негізгі бағыттары

Бұл ерекшелік рольдік ойын үшін кез келген тақырыпты таңдауға мүмкіндік береді, оны зерделеу кезінде әлеуметтік күштер мен институттардың өзара әрекеттесуін, олардың мүдделерінің қарама-қайшылығын және байланысқандығын түсіну керек. Келесі кезең - бұл оқушыларды рольдік топтарға бөлу. Мысалы, Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамтамасыз ету тақырыбы бойынша (8-апта), ол қоғамдық проблемалардың ауқымдарын қамтиды, оларға қатысушылар қалауы бойынша Қазақстан халқын жинақтаушы зейнетақы қорларына нақты бөлуді елестетіп, бірнеше бөлікке («қорларға»), сондай-ақ олардың мүдделерін білдіретін саяси және әлеуметтік күштер мен мекемелерге бөлінеді. Олар осы немесе шартты атаулармен ұқсас болып аталуы мүмкін. Қатысушылар елестетуге тырыспай-ақ, өздерінің нақты ұйымдары мен қорлардың ұстанымынан немесе жеке өзінің атынан сөз сөйлей алады. Бірақ сонда да ойында рольдер («қорлар») саны шамалы болуы тиіс - 6-7-ға дейін, басқаша айтқанда пікірталас түйінді қоғамдық қайшылықтарға және мүдделер мен іс-қимылдардың мүмкін келісімдеріне тоғыспаған, қиын шолу жасалатын болады. Біздің нақты қоғам елестетілетін болғандықтан, оның «қаңқалық құрылымын» ескермеуге болмайды. Бұдан мынадай рольдер қажет болады:

Үкімет (немесе тұтас алғанда мемлекет) ;

капитал (немесе оның сипаттамалары, алуан түрлері) ;

жалданатын еңбеккерлер (немесе олардың жеке әлеуметтік топтары) .

Ойынның маңызды және дамытушы бөлігі - бұл іскерлік ойындар бойынша жұмыс. Іскерлік ойындарды әзірлеуді топ мүшелерінің біреуіне тапсырып, бұл сатыдан ешқашан өтіп кетуге болмайды. Бұл жағдайда топтағы қалған қатысушылар ойыннан шығарылады. Ең алдымен, әрбір іскерлік топ пікірталасқа арналған қысқаша (10 минутқа дейін) ауызша баяндама дайындайды. Егер топ өзінің ұстанымы туралы жазбаша құжатты (меморандумды) әзірлесе, жұмыс тиімділігі едәуір жоғары болады. Баяндама (ауызша немесе жазбаша) ерікті түрде құрастырылады, бірақ онда топ аралық дебаттар үшін бірыңғай кеңістікті қамтамасыз етуге көмек-тесетін, міндетті түрдегі мазмұнды сәттерді алдын ала белгілеу керек. Мысалы, берілген іскерлік ойында осындай «өтпелі» сәттерді белгілеуге болады:

шаруашылықта және әлеуметтік қатынастарда қалыптасқан жағдайды бағалау;

Үкіметпен өткізілетін курсты, әр түрлі қорларды бағалау;

әрі қарай не жасау керектігі туралы ұсыныс;

берілген (сол немесе басқа іскерлік топпен әзірленген) бағдарлама қандай әлеуметтік күштерге сүйене алады.

Сабақта келісілген құжатты құрастыру мақсатында дебаттар жүргізіледі.

Құжатты құрастыру - пікірталасты белсенділендіруге арналған себеп. Дебаттардың міндеті - жақталатын ұстанымын дәлелдеп үйрену, өзге ұстаным-дарды түсіну, олардың қолайлысын және саяси ымыраға кедергі келтірмейтінін ерекшелеп көрсете білу.

Қатысушылар ойында өзінің ұстанымын да жақтай алады, өзгенің ұстанымына да еліктей алады. Басты талап - мұны еліктеу аясын біліп, бұрмалануға жол бермей жасау.

Оқытушының өзінің меншікті идеялық ұстанымы бола тұрып, дебаттарға қатысушылардың идеялық көзқарастарын емес (әрине, олар әр түрлі), идеологиялар мен бағдарламалардың мәнін түсінудегі кәсіби шеберлік деңгейін бағалайтын бақылаушы («спикер») ретінде қатысады.

Оқытушы іскерлік ойындарды әзірлеу кезінде топтарға кеңес беруге дайын болуы тиіс. Сондай-ақ ол әдебиеттер тізімін ұсынады, онымен танысу іскерлік мазмұндырақ еліктеуге (ойнауға) көмектеседі.

Іскерлік топтардың жұмыс процесінде жүргізуші (куратор, оқушы) іскерлік ойындарды әзірлеу процесін қадағалауы және оның барысын тереңдету жағына қарай жеңіл бағыттауы тиіс. Жиі кездесетін келеңсіздік - іскерлік өмірлік прототипіне тән сызықшаны, өзгешелікті табу және содан соң іскерлік ойынның мазмұның ашу қажеттілігін ұмыту.

Оқытушының дебаттар барысындағы міндеті -іскерлік бұрмалануын кейінге қалдырмай, мәні бойынша түзету[10, 12-16 б] .

Аяғында дебаттардың және ойынның барлығының қорытындысын шығару талап етіледі. Мұнда біріншіден, іскерлік ойынды әзірлегенде және оны дебаттарда көрсеткенде мәнін нақты көрсеткені және мазмұнының толықтығы үшін мақтау маңызды. Кемшіліктерді қосымша ойлануды және ынтаны талап ететін сәттер ретінде ұсыну керек.

Ағылшын тілін меңгеру - заман талабы, ал оны үйретудің тиімді жолдары мен әдістерін қолдану оқытушыға артылған міндет. Кәсіби ағылшын тілін үйретудің маңызды да тиімді әдістерінің бірі- рөлдік ойындарды қолдану болып табылады. Рөлдік ойын - бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы. Бүгінгі күннің талабы, шетел тілі оқытушысының алдына қойған мақсаты - білімгерлерді шетел тілінде сөйлету болғандықтан, оқытушының алдында тұрған басты міндеттің бірі - шетел тілін үйретудің түрлі әдістерін зерттей келе, ең тиімдісін өз сабағында қолдану. Осы әдістердің ішінде коммуникативтілік әдістің қолданылуы маңызды деп саналады, себебі бұл әдістің мақсаты - сөйлесу, сөйлету. Сөйлеу бір-бірімен қарым-қатынас жасау арқылы іске асырылуы қажет. Сабақ барысында рөлдік ойындарды қолдану - бұл оқушыларды шетел тілінде сөйлеуге психологиялық жағынан дайындап, өткізілген тіл материалын бірнеше рет қайталауға мүмкіндік берумен қатар, оларды керекті сөз бірліктерін таңдауға жаттықтырады. Ойын - эмоциялық және ақыл-ой күшін талап ететін ерекше ұйымдастырылған сабақ. Бір ойынның өзі әртүрлі орындалуы, әртүрлі нысанды қабылдауы мүмкін, бірақ олардың бәрінің негізінде импровизация тұрады. Рөлдік ойындар шағын топтарда жүргізіледі. Ойынға қатысушылардың міндеті: тақырыпқа байланысты тапсырманы алу, рөлдерді бөлу, жағдайды ойнау және басқа топқа ұсыну. Сонымен қатар, оқу үрдісіндегі ойынның тиімділігі мынадай бірқатар талаптарға сай болуы қажет, яғни олар: оқушылар әрекет ететін қиялдағы жағдайдың, жоспардың болуы және білімгерлердің ойын нәтижесін, ойын ережесін міндеттті түрде түсінуі. Ойын бұл тек ұжымдық көңіл көтеру емес, бұл оқытудың барлық міндеттеріне қол жеткізудің негізгі тәсілі, сондықтан ол қандай дағды және икемділікті талап ететіндігін, білімгердің нені жасай біледі және ойын барысында нені үйренгендігін білу қажет. Ойын - білімгерлердің ойлау қабілетін күшейту қажеттілігін алдына қоюы керек. [1. 37-40]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарым - қатынас арқылы шет тілдерін оқыту
Бастауыш сыныптарында оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты шетел тілін оқытудың мәселелері
Сөйлеу дағдысының оқытудағы коммуникативті әдіс
Шетел тілінің лексикалық дағдыларын оқыту технологиялары
Ересектер мен жоғары сынып оқушыларына шет тілін оқытуда ойын әдістерін қолдану
Бастауыш сыныпта ағылшын тілінен оқуға үйрету жолдары
Әр сыныптағы шет тілін оқытуда оқуға қойылатын талаптар
Ағылшын тілі сабағындағы ойындардың рөлі және олардың әдістемелік негіздері
Бастауыш білім деңгейіне арналған шет тілін оқыту
Бастауыш сыныпқа ағылшын тілін оқытудың ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz