Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік, философиялық мәні. Лирикалық проза. Мемуарлық шығармалар



1 Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік, философиялық мәні.
2 Лирикалық проза.
3 Мемуарлық шығармалар.
Тәуелсiздiк жылдары қазақ ақындары өлең өлкесiнiң өрелi жанры – поэмаға құлаш ұруын үдете түстi. Ел көгiнде желбiреген азаттық туы қазақ ақындарының шабытына шабыт қосты. Поэма жанрының әр дәуiрдегiдей, ең басты көркемдiк ерекшелiгi бұл жылдарда да айқын көзге шалынады. Ақын атаулының бәрi де өз туындысында өзi өмiр сүрген заманның ең үлкен де ауқымды мәселесiн жырлауды басты нысана етiп ұстайтыны аян. Тәуелсiздiк жылдарында да қазақ поэмаларында қазақ қоғамындағы ең өзектi, көкейтестi мәселелердiң көркем суретке айналғанын байқалады. Қазақ халқына тәуелсiздiктiң аса жеңiл жолмен, көктен оп-оңай түсе қалмағаны тарихи ақиқат. Тәуелсiздiкке ғасырлар бойғы ерлiк күреспен, шиеленiскен тартыспен халықтың әрең дегенде қолы жеттi. Мiне, бұл тарихи ақиқатты эпик ақындар өз шығармаларында басты көркемдiк нысана етiп ұстағаны бiрден көрiндi. Атап айтқанда, ХХ ғасырдың аяқ тұсындағы 1986 жылғы қазақ жастарының орыс империясының отаршылдық озбырлық саясатына қарсы қаһармандық күресiне арналған шығармалар эпикалық жанрда, соның iшiнде поэмада да пайда болды. Бұл ретте атап айтуға тұрарлық көркем туындылар: ақындар Асқар Егеубаевтың “Желтоқсан”, Зәбира Сүлейменқызының “Желтоқсан ызғары”, Несiпбек Айтұлының “Мұқағали–Желтоқсан” атты дастандары. Бұл поэмалар сюжеттi шығармалар емес. Олар жанрдың лирико-публицистикалық саласына жатады. Аталған поэмаларында ақындар сол жылғы (1986, 17-18 желтоқсан) қазақ халқының басынан кешкен қанды қырғынды айқын бейнелеп бердi. Азуы алты қарыс қарулы әскердiң қазақ жастарын аяусыз басып-жаншығанын шынайы шындыққа сәйкес дұрыс суреттедi. Қолында ешбiр қаруы жоқ жас жiгiт, жас қыздардың әдiлетсiздiкке, дүлей зұлымдыққа қарсы ерлiк күресiн биiк шабытпен толғады. Қазақ жастарының қаһармандық тұлғасы осы поэмалардан айқын көрiнедi. Сондықтан да, Асқар Егеубаев, Зәбира Сүлейменқызы, Несiпбек Айтұлының аталған туындыларын тәуелсiздiк жылдарындағы эпикалық жанрдың елеулi жетiстiстiгi деп таныған жөн.
Дәлірек айтқанда Несіпбек Айтұлының «Бәйтерек», Серік Тұрғынбекұлының «Кейкі батыр», Есенғали Раушановтың «Айша бибі» , «Сары өзен», Бақыт Бәмішұлының «Зуқа батыр», «Тәңір сынағы», Күләш Ахметованың «Қыз-бота», «Үлбір сұлу», Зейнолла Тілеужановтың «Қабанбай» поэмаларының поэтикасы.
Фольклорлық үлгілердегі қиссалар үрдісін, сондай-ақ, дастан сарынын жа¬ңаша қалыпта түрленткен ақын Есен¬ғали Раушановтың «Ғайша бибі» поэмасы құрылымы, көркемдік-эстети¬калық құндылығы мен өзек еткен оқи¬ғасы тұрғысынан алғанда өз алдына ерек¬ше көркем дүние. Қазіргі қазақ поэ¬масының даму деңгейі, көркемдік-эсте¬тикалық сапасы, поэма жанрының зор поэтикалық мүмкіндігі, тың ізденіс пен жаңашылдық төңірегінде ой өрбітсек, алдымен ойға оралып, назар аудартары – осы «Ғайша бибі» поэмасы. Мазмұндық, пішін¬дік, стильдік тұрғыдан алғанда поэма жанрында көш бастарлықтай салмағы бар бұл туынды ақын Есенғали Раушановтың талантын жаңа қырынан та¬ныт¬қанын, оны таланты тегеурінді ұлт ақыны ретінде мойындатқанын ай¬та кеткен абзал.
1. Нұршайықов Ә. Ақиқат пен аңыз. – Алматы, Жазушы. 1976.
2. Тәжібаев Ә. Есімдегілер-естеліктер. Эсселер. – Алматы, Жазушы, 1983.
3. Әуезов М. О, Ә.Тәжібаев. – Алматы, Жазушы, 1969.
4. Тәжібаев Ә. Естеліктер - 5 т.шығ.жин. – Алматы,Жазушы, 1981.- 248 б.
5. Тәжібаев Ә. Есімдегілер – естеліктер, эсселер. – Алматы, 1993.
6. Тәжібаев Ә. Жылдар, ойлар. – Алматы, Жазушы.
7. Тәжібаев Ә. Хаттар сөйлегенде. – Алматы, Жалын, 1980.
8. Тәжібаев Ә. Жаданов әңгімелері. – Алматы, Жалын, 1982.
9. Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар. – Алматы, Қазығұрт, 2003.
10. Әлімқұлов Т. Әдеби сын зерттеу. – Алматы, Жазушы, 1993.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Өздік жұмысы
Тақырыбы: Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік, философиялық мәні.

Тексерген: Құрмамбаева Қ.С
Орындаған:Бауберікова Н.
Қ-213 топ

Семей,2015
Тәуелсiздiк жылдары қазақ ақындары өлең өлкесiнiң өрелi жанры - поэмаға құлаш ұруын үдете түстi. Ел көгiнде желбiреген азаттық туы қазақ ақындарының шабытына шабыт қосты. Поэма жанрының әр дәуiрдегiдей, ең басты көркемдiк ерекшелiгi бұл жылдарда да айқын көзге шалынады. Ақын атаулының бәрi де өз туындысында өзi өмiр сүрген заманның ең үлкен де ауқымды мәселесiн жырлауды басты нысана етiп ұстайтыны аян. Тәуелсiздiк жылдарында да қазақ поэмаларында қазақ қоғамындағы ең өзектi, көкейтестi мәселелердiң көркем суретке айналғанын байқалады. Қазақ халқына тәуелсiздiктiң аса жеңiл жолмен, көктен оп-оңай түсе қалмағаны тарихи ақиқат. Тәуелсiздiкке ғасырлар бойғы ерлiк күреспен, шиеленiскен тартыспен халықтың әрең дегенде қолы жеттi. Мiне, бұл тарихи ақиқатты эпик ақындар өз шығармаларында басты көркемдiк нысана етiп ұстағаны бiрден көрiндi. Атап айтқанда, ХХ ғасырдың аяқ тұсындағы 1986 жылғы қазақ жастарының орыс империясының отаршылдық озбырлық саясатына қарсы қаһармандық күресiне арналған шығармалар эпикалық жанрда, соның iшiнде поэмада да пайда болды. Бұл ретте атап айтуға тұрарлық көркем туындылар: ақындар Асқар Егеубаевтың "Желтоқсан", Зәбира Сүлейменқызының "Желтоқсан ызғары", Несiпбек Айтұлының "Мұқағали - Желтоқсан" атты дастандары. Бұл поэмалар сюжеттi шығармалар емес. Олар жанрдың лирико-публицистикалық саласына жатады. Аталған поэмаларында ақындар сол жылғы (1986, 17-18 желтоқсан) қазақ халқының басынан кешкен қанды қырғынды айқын бейнелеп бердi. Азуы алты қарыс қарулы әскердiң қазақ жастарын аяусыз басып-жаншығанын шынайы шындыққа сәйкес дұрыс суреттедi. Қолында ешбiр қаруы жоқ жас жiгiт, жас қыздардың әдiлетсiздiкке, дүлей зұлымдыққа қарсы ерлiк күресiн биiк шабытпен толғады. Қазақ жастарының қаһармандық тұлғасы осы поэмалардан айқын көрiнедi. Сондықтан да, Асқар Егеубаев, Зәбира Сүлейменқызы, Несiпбек Айтұлының аталған туындыларын тәуелсiздiк жылдарындағы эпикалық жанрдың елеулi жетiстiстiгi деп таныған жөн.
Дәлірек айтқанда Несіпбек Айтұлының Бәйтерек, Серік Тұрғынбекұлының Кейкі батыр, Есенғали Раушановтың Айша бибі , Сары өзен, Бақыт Бәмішұлының Зуқа батыр, Тәңір сынағы, Күләш Ахметованың Қыз-бота, Үлбір сұлу, Зейнолла Тілеужановтың Қабанбай поэмаларының поэтикасы.
Фольклорлық үлгілердегі қиссалар үрдісін, сондай-ақ, дастан сарынын жа - ңаша қалыпта түрленткен ақын Есен - ғали Раушановтың Ғайша бибі поэмасы құрылымы, көркемдік-эстети - калық құндылығы мен өзек еткен оқи - ғасы тұрғысынан алғанда өз алдына ерек - ше көркем дүние. Қазіргі қазақ поэ - масының даму деңгейі, көркемдік-эсте - тикалық сапасы, поэма жанрының зор поэтикалық мүмкіндігі, тың ізденіс пен жаңашылдық төңірегінде ой өрбітсек, алдымен ойға оралып, назар аудартары - осы Ғайша бибі поэмасы. Мазмұндық, пішін - дік, стильдік тұрғыдан алғанда поэма жанрында көш бастарлықтай салмағы бар бұл туынды ақын Есенғали Раушановтың талантын жаңа қырынан та - ныт - қанын, оны таланты тегеурінді ұлт ақыны ретінде мойындатқанын ай - та кеткен абзал. Ең әуелі бұл поэманың романтикалық туынды екенін айтқан жөн. Романтизмге тән басты белгі ретінде ерекше жағдайда ерекше әрекет, мінездерімен танылатын ерекше қаһармандар екенін ескерсек, аталмыш поэмаға осы сипат тән. Сондай-ақ, әдебиеттанушы Е.Тілешев романтизм әдебиеті ... лиро-эпикалық поэмалардың өркендеуіне алып келді - деп атап көрсеткендей, әдістік тұрғыдан ро - ман - тикалық туынды болып саналатын Ғай - ша бибі ұлттық әдебиетіміздегі поэма жанрының лиро-эпика деп аталатын сала - сының дүниесі. Ұлы ойшылдардың бірі Гегельдің романтикалық көркемөнердің не - - - - гізгі стихиялық белгісі - лиризм деген тұжырымына сүйенсек ойымыз - ды дәйектей түсеміз. Поэманың маз - мұн - дық-құрылымдық сипаты өте күрделі бол - ғандықтан, талдауды жекелеген бөлім - дер - ге ретпен жүргізгенді жөн көрдік.
Ділім - қанағат, дінім - табиғат деген түркі мақалын эпиграф еткен поэманың Тізгін қағарында алда айтылар оқиғаға барлау жасалып, түркілер тарихынан сыр тартылады. Таласты таласа емген екі елдің - түркілер мен түркі еместердің тұрмысы мен салты, атағы мен даңқы, салтанаты жырланады. Сонымен, ең әуелгі сөз поэманың Тізгін қағары туралы. Ауыз әдебиетіндегі жыршылық мәнерді жазба әдебиеттегі көркем сурет, айшықты тіл, бейнелілікпен ұштастыра жырлаған ақынның сөз кіріспесінің өзі оқырманды елең еткізерлік:
Ғалайкум-ассалаума бас қонаққа,
Сонан соң үлкен-кіші жас талапқа,
Ниетімді жырға бұрдым, жүзімді - елге,
Хиссасын Ғайша бибі бастамаққа [3; 318].
Фольклорлық үлгілерде көбіне тың - дарманға әсер ету басты назарға алынатынын ескерсек, ақынның бұлайша сөз бастауының өзі - шығарма мазмұнына оқыр - - манның назарын аударту мақсаты. Ауыз әдебиетіндегі қисса жанрының қыз - ғы - лықты да шым-шытырық оқиғасы болатыны белгілі. Оқиға желісіне өзек болған халық жадындағы аңыз ақын қолданысында мүлде жаңа қырымен танылып, басқаша бағытта тарқатылады.
Жыландар жыры тарауында Талас жерін мекендеген ордалы жылан тағ - дыры сөз болады. Адамдардың қара ниетінен отқа өртенген жыландар мен адамдар әлемі қатарластыра алынып, үлкен адамзаттық мәселе философиялық тұр - ғыдан көркем туынды заңдылығына сай зерделенеді. Жыландар жыры - адам - дардың табиғатқа, сол арқылы өз - деріне әкелген зауалын жыланның монолог-зары арқылы жеріне жеткізе айтып берген көркемдік тәсіл. Фольклорлық дәстүрдегі жыр үлгісін, ауызша және жазба әдебиеттегі ерекше әсер туғызған соңғы қайталау (эпифора) тәсілін пайдалана отырып, ақын жыланның зары арқылы күллі жаратылыстағы қайшылық пен қиянатты ақтарады. Ел жадындағы аңызда Айша қыз - ды жылан шағып өлтіреді. Есенғали поэмасында осы желі болғанымен, Ғайшаның өлімі, жыланның шағуы мүлде басқаша жағ - дайда өрбіген. Адамдар тағдырымен жыландар әлемін қатарластыра берудің өзінде көне танымды негізге алу бар. Бұл мақұлық күні бүгінге дейін қазақ сенімінде маңызды орынға ие болып отыр. Жыланға қазақ құпия таным, тылсымдық сипат берумен қатар, көмекшілік қасиет те берген. Басқаша айтқанда, жылан культі - арғықазақ мифологиясының бас - ты сипаттарының бірі [4; 291] - деп жазады мифтанушы С. Қоңдыбай. Жы - ландар - адам мен табиғат арасын байланыстырушы тылсым сыр иелері болып та ұғынылады. Жыланды культ санаудың ауыз әдебиетінде, тұрмыстық салт-ғұрыпта көптеген мысалдары бар. Әруақты қастерлейтін қазақ сол әруақ - - тардың жылан кейпінде көрінуіне сенеді. Бұл сенімнің реминисценциясын Е. Раушановтың өлеңдерінен-ақ табуға болады. Ақын жыландар әлемін белгілі бір маңызды себептермен оқиға желісіне енгізген. Зерттеу еңбектерге, мифтанушы ғалымдардың пікірлеріне сүйенсек, дербес өмір сүретін рух жылан кейпіне ие болады, яғни, адам дүниеден өткенде оның жаны жылан кейпіне айналады. Сондай-ақ, өзіміздің қазақы түсінікте жер астына жасырылған қазынаның иесі де жылан болады деп есептелген. Поэмада Талас жерін мекендеген ордалы жыланды қағанат халқы жылан бауырына алтын басып ұйықтайды деп, ордаларын ойрандап, өртейді. Тотемдік қағиданы бұзған, киеге қарсы қол көтерген адамды қарғыс ұрады деген көне сенім тарихты, танымды қастерлеу мақсатында да өзіндік рөл атқарады. Жыландар жыры тарауындағы қасірет шеккен лирикалық кейіп - кер дәрежесінде көрінген жыланның ішкі монологы - адамзат баласының адам - шылық атаулыдан алыстап, табиғаттан ал - шақ - тауының түбі үлкен қасірет боларын аңғартқандай.

Әдебиеттер:
1. Тоқтаров Р.. - Алматы: әл-Фараби, 1999. - 752 б.
2. Ахметов З. Адамзаттың перзенті Кітапта: Дала даналары. - Алматы, 2001. - 640 б.
3. Елеукенов Ш. Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде. - Алматы: Алатау, 2006. - 352 б.
4. Абай және архив. - Алматы, 1995. - 216 б.
5. Абай дәстүрі және қазіргі қазақ әдебиеті: ұжымдық монография. - Алматы: Арда, 2009. - 392 б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Реферат
Тақырыбы: Лирикалық проза

Тексерген: Құрмамбаева Қ.С
Орындаған:Бауберікова Н.
Қ-213 топ

Семей,2015 ж
Лирикалық проза -- автордың нәзік көңіл-күйімен, сезім әсерімен жазылған прозалық шығармалар.
Лирикалық проза өз алдына жанр болып саналмайды, тек прозаның стильдік бір түрі ретінде қарастырылады. Мұндай шығарманың композициялық құрылысы лирикалық кейіпкердің тебіреніс-толғаныстарына сәйкес қалыптасады. Лирикалық прозада бастан-аяқ үзілмей дамып отыратын сюжет кездеспейді. Алайда кейіпкерлердің бүкіл бастан кешкен көңіл-күй әсерлерінен белгілі бір желі пайда болып отырады. Оны шартты түрде лирикалық желі деп атауға болады.
Кейіпкердің ой-сезімі, басқа адамдармен әр түрлі қарым-қатысы, қайшылығы жағдай, оқиғаға айналып, бір-бірімен қалайда жалғасып, астасып жатады. Лирикалық прозаның қаһармандары ойламаған жерден күтпеген жағдайларды, өзгерістерді бастан өткеріп отырады.
ХХ ғасыр әлем әдебиеті адамның ішкі субъективтік әлеміне терең үңіле отырып, өмірді жаңа қырынан таныды. Әлем әдебиетінде туындап жатқан жаңаша көзқарастардың әсері қазақ прозасына да өз ықпалын тигізіп, қазақ көркем сөз өнері өсіп, дами түсті. Әдебиет - өмір айнасы ғана емес, өз тарапынан жаңа әлемнің жасаушысы да .Әдебиеттегі осындай ерекшеліктердің бірі лирикалық прозаның дамуына қатысты болды. Кез келген нәрсенің жоқтан пайда болмайтындығы сияқты бұл құбылыс та әдебиетімізгі өзіне дейінгі дәстүрді жалғастыра отырып келді.
Белгілі жазушы Ғ.Мүсіреповтің: Шеберлік біздің алдымызда тұрған бірінші мәселе. Классикалық әдебиеттен, ең алдымен классиктердің сөздерінен үйренуіміз керек. Олардың еңбектеріндегі үлкен шеберлікті меңгермейінше, үлкен әдебиет жасалмайды, тілек орындалмайды. Біз қазақ жазушылары, Толстойдың, Тургеневтің, Гогольдің, Чеховтың, Горькийдің мұрагерлеріміз, ең алдымен осы аталарымыздың шеберлігін меңгере білейік, - деуі де әдебиеттер арасындағы байланысты, дәстүр алмасуын жоққа шығармасы анық .
Жалпы қазақ әдебиетіндегі лиризм үлгілері қай кезеңнен басталады деген сұраққа жауапты ертерек кезден бастаған дұрыс деп ойлаймыз. Кейбір орыс зерттеушілері орыс лирикалық прозасының бастау арналары сонау ауыз әдебиетінде жатқандығын да сөз қылып кетеді. Біз де лиризм үлгілері әлдеқайда ертерек кезеңнен бастау алған деген ойды айтқымыз келеді. Себебі лиризм элементтері кездеспейтін шығарма болмайды десек те болады. Өйткені кез келген шығармада белгілі бір дәрежеде баяндаушының, әңгімелеушінің өзіндік мені, яғни көзқарасы, тебіренісі, толғанысы қандай дәрежеде болса да көрініс беріп отырады. Сондықтан біздің әдебиетіміздегі лиризмнің алғашқы көріністері сонау ауыз әдебиетінен бастау алады десек, қателеспейміз. Ауыз әдебиеті үлгілерінде, әсіресе ертегілерде, соның ішінде қиял-ғажайып ертегілерінде лиризм өрнектерінің молынан кездесіп отыратынын жоққа шығара алмаймыз. Сол сияқты, М.Әуезов өзінің Әдебиет тарихы еңбегінде Асан қайғы туралы аңыздарда лиризмнің үлгілері кездесетінін айтқан болатын. Ал С.Мақпыров лирикалық прозадан басқа лиро-эпикалық жырларды (немесе лиро-эпос), лиро-эпикалық поэмаларды, поэмаларды, дастандарды, балладаны, өлеңмен жазылған романды, роман-диалогты, публицистикалық романды, роман-очеркті, роман-эссені, сондай-ақ тарихи-көркем жанр үлгісіндегі өмірбаяндық (мемуар) шығармаларды, эпистолярлық (хат) үлгідегі туындыларды аралас жанрларға жатқызуға болатындығын айта отырып, олардың неліктен осы жанрға жатқызуға болады деген сұраққа жауап береді. Оның айтуы бойынша лиро-эпикалық жырлардың аралас жанрға жату себебі: Жанр атауының (лиро-эпос) өзі-ақ аңғартып тұрғандай мұндай туындыларды кейіпкердің сезімі, толғаныстарымен (бұл лирикаға тән сипаттар) қатар олардың іс-әрекеттері де, халық тұрмысының көріністері (салт-дәстүр, көші-қон, кәсіп т.б.) де (бұл енді эпосқа тән ерекшеліктер) кеңінен суреттеледі. Біз аталған және басқа жырларды оқып отырып, Қозы мен Баянның, Жібек пен Төлегеннің бір-біріне деген шынайы сезім толқыныстарын, шын ғашықтық жайларының суреттелуіне (өйткені лиро-эпоста ғашықтық-сүйіспеншілік басты мәселе) де, сондай-ақ, олар өмір сүрген қоғам, ортаның, көшпенді ел тіршілігінің, тұрмыс-салтының да молынан бейнеленіп, жан-жақты көрініс тапқанына куә боламыз. Бұл, әрине эпикалық суреттеулер [5, 159], - деп атап көрсетеді.
Демек, бұл пікірлерге сүйенсек, кейіпкердің ғашықтық, сүйіспеншілік сезімдерін, толғаныстары мен тебіреністерін беру сияқты лиризм үлгілері сонау ерте кезеңдегі әдебиетімізде қалыптасқан лиро-эпикалық жырлардан бастау алатындығына көз жеткізгендей боламыз.
Әдебиеттің табалдырығын аттауға мүмкіндік берген Оң қол әңгімесі Төлен Әбдікұлының өнердегі ұстанымының беташарын жасап берген алғашқы туындысы болды. Ал, көркем туындыдан гөрі жазушының жан азабына көбірек ұқсайтын Парасат майданы повестінен өнердегі ұлы мақсатын зұлымдықпен күресуге арнаған шығарма авторының, сол Парасат майданын қорытындылаған ойының түйінін танығандай боламыз. Дегенмен Тозақ оттары жымыңдайды, Әке, Ақиқат, Қыз Бәтіш пен Ерсейіт, Қайырсыз жұма, Өліара секілді, осы екі шығарманың өмірге келуінің аралығында туған талай тамаша туындылардың көркемдік табиғатын таразыламайынша, Төкеңнің тамыры тереңге жайылған суреткерлік шеберлігін де толық тани алмайтынымыз басы ашық әңгіме.
Төлен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лирикалық проза
Лирикалық проза. Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік философиялық мәні. Мемуарлық шығармалар
Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік философиялық мәні. Мемуарлық шығармалар. Лирикалық проза
Лирикалық проза жайлы ақпарат
Лирикалық проза жайлы
Мемуарлық шығарма (конспект)
Түркі әдебиеті және Шәкәрім: шежіре жазу дәстүрі
Сәкен Сейфуллин поэмаларының көркемдігі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҒҰМЫРНАМА ЖАНРЫ ТУРАЛЫ
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Пәндер