Астықтұқымдас шөптерге сипаттама



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Астықтұқымдастардың сыртқы құрлымы мен пішіндері
2.2. Географиясы мен экологиялық сипаттамасы
2.3. Билогиялық ерекшеліктері мен қасиеттері
2.4. Астық тұқымдас шөптердің гүлшоғырларының айырмашылық белгілері
III. Қорытынды бөлім
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бүкіл ғаламшарға таралған маңызды дақылдар - даражарнақтылар класына жататын астықтұқымдас өсімдіктер болып саналады. Олардың 10 000-ға жуық түрі бар, соның ішінде Қазақстанда астық тұқымдастардың 418 түрі өседі. Астық тұқымдастардың басым бөлігі шөптекті өсімдіктер. Сүректі бамбуктар да астықтұқымдастар тобына жатады.

Шалғындықтарда кездесуі мен көптігі бойынша, астықтұқымдастар бірінші орын алады. Жалпы астықтұқымдастардың малазықтық құндылығы өте жоғары. Олар әсіресе кептіргенде және тайлаған кезде аз үгітілетіндігімен, сондай – ақ жапырақтарын жоғалтпайтындығымен құнды. Ұзақ уақыт сақталғанда шаңы аз болады және де оңай шіри қоймайды. Ауа райы қолайсыз кезде кептіргенде, аударыстырғанда, тырмалағанда астықтұқымдастар өте аз сынады және өзінің шаруашылықтық құнды қасиеттерін сақтап қалады.
1. Н.Можаев, Н.Серікпаев, Ғ. Стыбаев «Мал азығын өндіру практикумы» Астана – 2013
2. Қ.Асанов, Р.Елешов, И. Алимаев, С.Прянишников «Жайылым шаруашылығы жөніндегі практикум» Алматы «Қайнар»1998
3. Андреев Н. Г. «Луговодство».1981ж.
4. https://kk.wikipedia.org/wiki/Астық_тұқымдасы

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БАӨЖ

Тақырыбы: Астықтұқымдас шөптерге сипаттама

Факультет: Аграрлық
Группа: АГ-313
Орындаған: Әбдікәрімова Р.А
Тексерген: Сагандыков С.Н.

Семей 2015 жыл

Жоспары
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Астықтұқымдастардың сыртқы құрлымы мен пішіндері
2.2. Географиясы мен экологиялық сипаттамасы
2.3. Билогиялық ерекшеліктері мен қасиеттері
2.4. Астық тұқымдас шөптердің гүлшоғырларының айырмашылық белгілері
III. Қорытынды бөлім
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Жалпы астұқтұқымдас шөптер туралы
Бүкіл ғаламшарға таралған маңызды дақылдар - даражарнақтылар класына жататын астықтұқымдас өсімдіктер болып саналады. Олардың 10 000-ға жуық түрі бар, соның ішінде Қазақстанда астық тұқымдастардың 418 түрі өседі. Астық тұқымдастардың басым бөлігі шөптекті өсімдіктер. Сүректі бамбуктар да астықтұқымдастар тобына жатады.

Шалғындықтарда кездесуі мен көптігі бойынша, астықтұқымдастар бірінші орын алады. Жалпы астықтұқымдастардың малазықтық құндылығы өте жоғары. Олар әсіресе кептіргенде және тайлаған кезде аз үгітілетіндігімен, сондай - ақ жапырақтарын жоғалтпайтындығымен құнды. Ұзақ уақыт сақталғанда шаңы аз болады және де оңай шіри қоймайды. Ауа райы қолайсыз кезде кептіргенде, аударыстырғанда, тырмалағанда астықтұқымдастар өте аз сынады және өзінің шаруашылықтық құнды қасиеттерін сақтап қалады.

Негізгі бөлім
Астықтұқымдастардың сыртқы құрылымы мен пішіндері
Астық тұқымдастардың сабағы бунақталған цилиндр тәрізді. Бунақтар аралығы қуыс (кейбіреуінде қуыс іші өзекке толады). Астық тұқымдас өсімдіктердің сабағын сабансабақ дейді. Жапырақтары қатар жүйкелі, сабаққа кезектесіп орналасады. Жапырақ негізі өсімдік сабағын қармал, қынап түзеді. Жапырақ алақаны мен қынап аралығында тілше пайда болады. Астық тұқымдастардың гүлдері ұсақ. Олар жинақталып, күрделі гүлшоғыр түзеді. Гүлшоғыры - сыпыртқыгүл, күрделі масақ, собық, шашақ және т. б. Гүлдері көбінесе қосжынысты. Дара жынысты гүлдер тек жүгеріде болады. Гүл негізінде 2 (кейде 3) түссіз жұқа қабыршақ және 2 гүл үлпегі орналасады. Оны гүлсерік нышаны десе де болады. Аталығы - 3. Аналығы - 1. Жемісжапырақшасы 3-еу болып келеді. Аналық аузы қауырсын тәрізді - екі телімді. Жатыны жоғары орналасады. Жемісі - дәнек. Тамыр жүйесі - шашақ тамырлы. Гж2А3Ж(3) (Гж - гүлжарғақ). Гүлжарғақ гүл құрылысына жатпайды, ол түрі өзгерген жапырақ. Астық тұқымдастардың көпшілігі азықтық өсімдіктер. Бидай, күріш, жүгері, қант қамысы, өзге де өздеріңе таныс өсімдіктерді адам тағамға пайдаланады. Қарабас, бидайық, атқонақ, бетеге, тарбақ, арпабастардың мал- азықтық өсімдіктер екені мәлім. Бамбук, қамыс қағаз өндіруге шикізат ретінде пайдаланылады. Сүректі астық тұқымдастар (бамбук, алып сұрекқамыс) құрылыс материалы ретінде жүмсалады .Қара сұлы, жатаған бидайық, арпабас, қонақ, итқонақтың кейбір түрлері - шектен шыққан арамшөптер.
Сабансабағы сүректеніп кеткен астық тұқым дастар бар. Оңтүстік Америка да өсетін бамбуктың биіктігі 30 м, сабағының жуандығы 20 ем болады. Оңтүстік Азиядаөсетін алып сүрекқамыс 40 метрге дейінгі биіктікте есе алады. Бұлардың сапасы ағаштан кем түспейді.

Сондай - ақ астықтұқымдастардың тамырларының топырақ түйіршіктерін ерітерлік әсерінің әлсіз екені, яғни ол дегеніміз олардың тамырлары шығаратын сұйықтардың қышқылдылығы әлсіз болатынын ескере кеткен жөн. Сондықтан да астықтұқымдастар тек топырақ ерітіндісіндегі немесе жеңіл еритін қоректік заттарды ғана жақсы пайдаланады.

Астықтұқымдастардың географиясы мен экологиясы

Жалпы астықтұқымдастар көбінде орманды - даладық аймақтарда кеңінен тараған. Олардың көптеген түрлері екі аймаққа да ортақ.

Шаруашылықтық маңызы бар астықтұқымдастарды кездесуі мен көптігі жағынан бірнеше топтарға бөлінеді.

oo
oo шалғындықтарда кең тараған түрлерінің шөп шүйгінінде жиі кездесетін және көп болатын
Орманды-далалық :
o шалғындық атқонақ,
o шалғындық субидайық ,
o қызылбас субидайық,
o жыйма тарғақ,
o шалғындық түлкіқұйрық.
Далалық :
o жатаған бидайық,
o қылтықсыз арпабас,
o шалғындық көде,
o бетеге,
o боздар,
o далалық атқонақ.
* аймаққа тән , кең тараған, жиі және көп кездесетін, бірақ өсетін жерлеріне қарай ерекше топтарға жататындар
Орманды-далалық :
o күлгін, сілтсіз, қышқыл топырақтарда өсетін аққылтаң;
o қуаң, құмды, қатты қызатын,күлгін және қышқыл емес топырақтарда өсетін қой бетеге;
Далалық :
o өзендер мен көлдер маңындағы төменгі деңгейлі алқаптарда, тұзы аз ылди жерлерде өсетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шабындықтар мен жайылымдарда әр түрлі шөптер қоспасын пайдалану
Шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту
Қызылорда облысында көп жылдық мәдени жайлымдар мен шабындықтарда мал азықтық шөптердің түрлерін өсірудің агротехникалық ерекшеліктерінің орындалу мезгілдері
Қылтықсыз арпабас ерекшеліктері
Биелерді физиологиялық мезгіліне қарай азықтандыру
Жылқыны нормалап азықтандыру
Қазақстан Республикасының жайылымдық жер ресурсына кешенді – географиялық баға беру
Мал азығын өндірудің алға қойған мақсаттары және агрономиялық негіздері
Ауыспалы жайылымдардың тиімділігі
Ауыспалы жайылымдар маңызы
Пәндер