Қазакстанда саяси философияның қалыптасу және дамуы. Саяси элита және саяси жетекшелік. Саяси сана және саяси идеология


ҚР Білім және ғылым министрлігі
Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университет
СРО
Тақырыбы: Қазакстанда саяси философияның қалыптасу және дамуы. Саяси элита және саяси жетекшелік. Саяси сана және саяси идеология
Дайындаған: Нурланов М. Н.
Тексерген: Кенжебулатова А. М.
Ежелгі заамннан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақатар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.
Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, адамгершілік мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттауы, тағы басқа мәселелері болды.
Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер - бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әр түрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар шынай реализм, бітімнің негізгі жақтары еркін ойлау, деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық-зомбылықққа қарсы күресу, құқықтық саяси және философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні, тағы басқалар еді. Осы аталған көзқарастар сыңаржаққа, тоқыраушылыққа, қазақ халқының прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемістіктерге қарсы бағытталды. Бұл да қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшелігі.
Қазақ философиясының ойының тағы бір ерекшелігі деп оның шынайы патриотизмі, халқына сүйіспеншілігін, оның бағыты, мүддесі және болашағы үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білуі дер едік. Бұл айтқандардан қазақ философиясы басынан-аяқ тік тұрған, бірден қалыптасып жеткен жүйе деген пікір тумаса керек. Біртұтас көзқарас, дүниені жан-жақты танып білу, оның заңдылықтарын, таным процесін, әлеуметтік мәселелерді дұрыс түсіну, ойлау түрлерінің жүйесін анықтау - ол соңғы ғасырлардың үлесіне тиеді. Дегенмен, халықтың жыраулық, ақындық шығармашылығынада қоршап тұрған табиғат пен әлеуметтік орта туралы ойлаудың біршама жиынтығы болды. Негізінен кездейсоқтық, жүйесіздік сипатына қарамастан онда адамдардың бай практикалық өмірін, халық даналығын көрсететін философиялық мән бар еді. Ойлау тәсілі ерекше, шығармашылық жолы мен шығармалардың сақталуы ауыз мәдениетіне сай, оны есінде сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа өзгертпей, жоғалтпай, «ұрламай» жеткізу - бұл философия тарихындағы ғажап құбылыс.
Халқымыздың өмірін бейнелеген, адамдардың түйсігін, ойларын, өскелең талабын көрсете білген фольклорда объективті шындықтың элементтері бар. Халық эпостары, ертегілер, аңыздар, лирикалық-тұрмыстық поэмалар, мақалдар мен мәтелдер - адамдарды табиғи және әлеуметтік құбылыстарды, саяси-экономикалық жағдайларды, ізгілік мақсаттарды өз уақытына сәйкес танып-білуінің куәгерлері. Ауызша халық мәдени ескерткіштерімізді зерттеу халқымыздың танымдық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік-тәрбие және дүниеге көзқарас ерекшеліктерін білуге көмектеседі.
Табиғи және әлеуметтік өмірді тікелей бейнелеу, дүниенің құрылымы, оның жасырын күштері туралы тұрпайы түсінік - бұл қазақ философиясының бастапқы кездегі деңгейі еді. Ол кезде жүйелі және негізделген көзқарас болған жоқ., сондықтан ол философияның басты бағыттары да айқындалмаған еді.
Қазақ философиясының тарихы - халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің ірі. Онда ғылыми таным процесі мен халықтың идеялық ізденістері, бай тарихы мен ұлттық ойлау айшықтары көрініс тапқан. Қазақ философиясы - халқымыздың тарихын жан-жақты түсіну үшін үлкен негіз және әдістемелік құрал. Ол қоғамдық сананың басқа да түрлерімен тығыз байланыста. Сондықтан оны зерттеп үйренбейінше қазақ ғылымының тарихын, саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін, адамгершілік қағидаларын, діндарлығын және тағы басқа пайымдау мүмкін емес. Халықтың ұлт-азаттық қозғалысымен тығыз қоян-қолтықтасқан қазақ философиясы ғылыми құндылығымен қатар, жоғары азаматтық қасиетімен, әлеуметтік әділеттілікке жету жолдарын тікелей іздеуге ат салысқандығымен, өзініңі жемісті жетістіктерімен ерекшеленеді. VI ғасырдан бастап Қазақстанның қазіргі аумағында алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап оның орнына феодалдық әлеуметтік-экономикалық формация орныға бастады.
Философияның пайда болуының тарихи алғышарты - миф. Бірақ оны философия эпос арқылы өзгерген және жүйелеген кезінде ғана пайдаланды. Әрбір заманға байланысты эпос мифтің түрін өзгертіп отырды және сонымен қатар өнер мен бастапқы ғылым элементтерінің әсерімен философияның шығу процесін, оның қоғамдық сананың шығу және жаңа бір түрі ретінде қалыптасуын жеделдетті. Мифологиялық көзқарас пен табиғат және қоғам туралы жаңа дамып келе жатқан ғылым элементтерінің арасындағы қайшылықтарды шешу философияның пайда болуының жолы деген де қалыптасқан тұжырымдар бар. Философия мифке тән, дүниеге тұтас көзқарастың бағытын сақтауға тырысады. Соның негізінде мифологиялық не аллегориялық - көркем, не символикалық - діни, не нақты - ғылыми ойлау, бірақ олардың әрқайсысынан қабылданған түрлеріне сыймайтын, жаңа түсініктегі ойлау нысандарын құрайды.
Белгілі дүниені түсіндіруге тырысудан одан да белгісіздігі мол дүниені танып-білуге ұмтылу, егер де ол дүние, тіпті, танып- білуге мүмкіндік бермесе, тәңірге немесе құпия ғаламат күшке сілтеме жасау - мифтің өзіне тән ерекшелігі. Адамға әлеуметтік басқару жүйесін танып, оны түсініксіздеу әлдебір күштің әсерімен түсіндіру ғылым мен дамудың барысында оған сенбеушілік пайда болған жағдайда жеке адамға өзінің дүниеге көзқарасын өзгертіп, мүмкіндігін жетілдіру - бұл миф пен философияның салмағын ажыратудың бір жолы. Ақылмен ой қозғау, табиғаттың өзіне бет бұру, дұрыс көзқарастың қалыптасуы философияның пайда болуындағы диалектикалық синтез, бастапқы қайшылықтардың шешілу процесі.
Қазақ философиясының пайда болуы туралы тек ойшылдардың дүниеге көзқарасы жалпылықты, көзқарастың әмбебеап принциптерін немесе «бастауларды» анықтаудағы заңды бағыттары болған кезде ғана айтуға болады. Діни - мифологиялық тұжырымдар әдет-ғұрып пен беделге бой ұрса, философия заттар мен құбылыстардың, оқиғалардың мәнін ашуға, пікір-сайыс ретінде қолданылатын рационалды ойлауға, дүниені танып-білудегі қайшылықтарды аңғару мен шешуге тырысады. Бұл әрекет адамның жан-жақты ойлауы және оның интеллектуалды интуициясымен бірегей қабысқан нәтижесінде туады.
Саяси элита ұғымы мен классикалық теориялары. Саяси элитаның қызметтері мен жіктелуі. Элитология дербес ғылыми пән ретінде ХХ ғасырдың өнімі болса, ал оның тамыры тереңге кетеді. "Элита" термині француздың elite деген сөзінен шыққан, сұрыпталған, таңдалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. Ежелгі қытайлық ойшылдар билеушінің қалыптық моделін жасауға тырысты. Гуань Чжун (б. з. д. 645 жылы қайтыс болған) легизмнің негізін салушының бірі, ол заңды билеушіден жоғары қойған. Гуань Чжунның жоғарылар мен төменгілер қатынасы туралы идеялары саяси ілімдерді мыңдаған жылдар алға тартты. Олар өзінің тереңдігімен, сұңғылалығымен ерекшеленді. "Билеуші және шенеунік, жоғарғы және төменгі, атақты және қарапайым- барлығы заңды сақтауы тиіс. Бұл басқарудың ұлы өнері деп аталынады"- деп жазады Гуань Чжун. Ежелгі қытайлық ойшылдар империяның тұтастығы, гүлденуі немесе, керісінше оның құлауы, тарауы ең алдымен билеуші сапасына тәуелді деп санады. Олардың ішінде Лао Цзы (б. з. д. 604ж. дүниеге келген) тұжырымдары ерекшелінеді. "Жақсы билеуші барлық нәрсені біледі және болды. Жақсы көретін және санасатыны жаманырақ. Ең жаманы халық қорқатыны. Бәрінен жаманы барлығы күлетіні". Әрине ұлы қытайлық ойшыл Конфуцийдің (б. з. д. 557-479ж. ) пікірлері кеңінен тараған. Оның пікірі бойынша мемлекетті тақсыр (государь) басшылығымен (аспан баласы) асыл тектілер ізгілік қағидасымен басқарады. Асыл текті тәрбие арқылы жоғары моралдық сапаларды иеленеді. Қарапайым халыққа, Конфуций жүйесі бойынша әлеуметтік етенелесу мүмкіндігі ашылады, жоғары шендік шенеунік болу мүмкіндігі ашылады, егер ол жоғары қабілетті, бар ынтасымен оқыса, ізгі ниетті адам ретінде өзін көрсетсе. Демек Конфуций жүйесі прогрессивті, ол билік жүйісіне білімді адамдарды тартуға ерекше көңіл бөлді, ол білім саласы арқылы тең мүмкіндіктер қағидасын ұсынды. Қытай ойшылдарының идеялды билеуші моделдері қызықты. Гуань Чжун үшін идеялды билеуші халықтың жақсы өмір сүруін қалыптастыру маңызды ісім деп санайды: "жоғарылар төмендегілер жөнінде жауапкершілікпен қамқорлық жасайды, ал төмендегілер жоғарыларға адал қызмет етуі тиіс". Мұнда тиімді қарым-қатынаста "билеуші беделін жоймайды, төмендегілер өздерінің еңбегіне жауапсыз қарамайды". Конфуций бойынша идеялды билеуші ізгілікті болуы тиіс. Оның жоғары моралдық сапасы оған халықты билеу құқығын береді. Конфуций пікірінше билеушіде 5 сапалық қасиет болуы тиіс: мейірбан билеуші мейірімділігімен ысырапшыл емес; еңбекке мәжбүр ете отырып ашу-ыза шақырмайды; сұранысымен дүниеқоңыз емес; құрметтеуді талап ете отырып, қатал емес. Сонымен бірге 4 жағымсыз сапаларды ұсынады: егер халықты үйретпей өлтірсе, бұл жауыздық; егер халықты ескертпей, оның еңбегінің нәтижесіне қанағаттанбаса, онда бұл дөрекілік; егер алдымен асықпаңдар деп кейінен тез жұмысты бітіруді талап етсе, бұл қарақшылық; егер халыққа мадақтауға уәде беріп оны орындамаса, бұл қызғаншақтық. Егер халық қыңырлықпен соңынан жүрмесе, онда қатал болу керек, егер тіл алса, онда жұмсақ болу керек. Конфуций пікірі бойынша халықты жалғыз билеушімен қалдыруға болмайды, өйткені ол бұзылып кетеді. Ежелгі Қытайда төменгі қабаттан жоғары қабатқа өтуге мүмкіндігі берілсе, ежелгі Үнді мәдениеті ондай мүмкіндік бермеді. Ежелгі үнді касталық құрылысы өзіндік элитарлы дүниетанымды қалыптастырды. Брахма философиясы бойынша брахмандар- билеуші ретінде түсіндірілді. Антикалық философияда элитарлы дүниетанымды қалыптастырған Платон болып табылады. Платон демостардың саяси өмірге қатысуына қарсы болды, оларды тобыр, парасаттылық пен ақиқаттылық қарсыласы ретінде түсіндіреді. Платон тұжырымы бойынша мемлекеттік басқару ісімен арнаулы тәрбие алған аристократтар ғана айналысуы тиіс, ал қолөнершілер мен шаруалар қоғамды басқарудан босатылуы тиіс, олар қара жұмыс істеулері қажет, ал құлдар тіпті қоғам мүшесі ретінде саналмайды. Платон өзінің бұл идеясын жан туралы ілімі арқылы дәлелдеуге тырысты, ол үш бөліктен: ақыл-ой, ерік-күш, сезімнен тұрады. Алдыңғы екеуі сезімдік қызметтің жоғары формасы тек ғана азғана таңдаулы- аристократтарға тән, бұл оларға мемлекетті басқаруға мүмкіндік береді. Осы ілімі арқылы қоғамды жіктейді: ақыл-ой аристократтарда сондықтан ол мемлекетті басқарады; ерік-күш, ол әскерде, олар қоғамда тәртіп, ретілікті қалыптастырады, қалғандары қалыптасқан тәртіпті сақтап еңбек етулері тиіс, әрі билеуші мен сақшыларға толық бағынуы тиіс. Қайта өрлеу идеологтары ішінде Н. Макиавеллидің еңбектері ерекше. Бірақ оның билеуші мен биленуші туралы ілімі қарама-қайшылықты. Бір жағынан ол Италияның бірігуін тежеуші феодалдарға қарсы болды, ал екінші жағынан бағынуды қойған бұқара көтерілісінен қорықты. Н. Макиавелли билеуші мен халық арасындағы тиімді қатынасты іздейді, оны күшті билікте деп шешеді. Саяси көсемге ерекше көңіл бөлген Н. Макиавелли саяси процесті тек солардың қызметімен байланыстырады. Н. Макиавелли басқарудың қызықты типологиясын ұсынды: билік нәтижесін қамтамасыз ететін: "арыстандар- тез шешімге келетін, күшке арқа сүйейтін билеушілер; түлкілер- жұмсақ, қулық, арамдыққа бейім". Билеуші кімге арқа сүйеуі тиіс деген сұраққа жауап іздеді. Ол біржақты халықты таңдады. Н. Макиавелли "ұзақ уақыт билік тираны мен шетел езгісіне көнген халық- бұл бұзылған халық, өзіндегі құдай берген құнды дарындардан- бостандықсүйгіштік, тәуелсіздік, адалдық, батылдықтан айырылған"- деп жазады. Н. Макиавеллидің саяси элита ілімінде ерекше назар аударатын екі нәрсе бар, бірі күшті билік, екіншісі саяси аморалдық. Бұл идеясының прогрессивті жағы қалайда Италияны біріктіруге талпынуы. Ағартушылық дәуірдің идеологтары элитизм теориясының дамуына үлес қосты. Ең алдымен, қоғамдық келісім теориясының негізгі өкілдері Т. Гоббс, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Ж. Ж. Руссо болды. Жаңа пайда болған буржуазия идеологтері халықтың егемендік идеясын ұсынды. Дж. Локк мемлекет көпшілік еркі бойынша әрекет етуі тиіс (көпшілік- буржуазиялық парламент) деп санады. Ол биліктің тармақтарға бөлінуі идеясын дамытты, сол арқылы билеушінің билікті өз пайдасына пайдалануын тиюға талпынды. Ш. Монтескье мемлекет пен оның азаматтарының мүддесі билеуші мүддесінен жоғары деп санады. Ол басқару формасын билік жүргізуші адамдар санымен емес, билеуші мен халық арасын-дағы қатынас арқылы жасады, әрі оның құқықтық жағына ерекше мән берді. Элитология негізін салушы классиктер. Элитология классиктері италяндық социологтер Г. Моска, В. Парето, Р. Михельс болып табылады. Элитаның қазіргі заманғы теориясын жасаған Г. Моска мен В. Парето. Бұл екі автор арасында басымдылықтар жөнінде пікір-таластар да болды. В. Парето Европада Г. Москаға дейін танымал, атақты болған. Бірақ билеуші таптың тұтас концепциясын, оның әлеуметтік-саяси процестегі рөлін бірінші рет Г. Моска ұсынды. (Г. Москаның алғашқы еңбектерінде элита ұғымы қолданылмады) . Кейін Г. Моска Т. Паретоны саяси элита теориясын қалыптастырудағы еңбегін иеленгені үшін, оған сілтеме жасамағаны үшін кінәлайды. Дегенмен де Г. Моска мен В. Парето теорияларында шын мәнінде ұқсас жақтары бар болатын Саяси процесс субъектісі ретіндегі билеуші тап концепциясын Г. Моска «Саяси ғылымдар негіздері» (1896ж. ) атты кітабында жасады. Кейінен бұл кітап «Билеуші тап» деген атпен ағылшын тіліне аударылды. Г. Москаның концепциясындағы бастама бөлім- қоғамды билеуші азшылық пен саяси тәуелді көпшілікке бөлуі. Г. Моска өзінің тұжырымын былай сараптады: «Тіпті сырттай қарағанның өзінде бір нәрсе белгілі. Барлық қоғамда, енді өркениетке жеткенінен бастап, алдыңғы, күшті қоғамдарда барлық уақытта адамдардың екі тобы пайда болады- билеуші тап және биленуші тап. Біріншісі біршама азшылық, барлық саяси қызметтерді орындайды, бұл уақытта екіншісі, көпшілік тап біріншілермен саяси организмнің әрекет етуіне мүмкіндік беретін тәсілмен басқарылады және бақылайды. Ақиқат өмірде біз бәріміз бұл билеуші (саяси ) тап өмір сүруін мойындаймыз». Бұл үзінді элитаризм зерттеушілеріне «классикалық» тұжырым, саяси элита теориясының негізі. Қоғамды басқару әрқашанда «азғана ықпалды адамдар қолында болатындықтан» көпшілік олармен саналы және санасыз келісетіндіктен Г. Моска «демократия» ұғымына сенімсіздік білдірді. Аристотельдің демократия дегені тек қоғамның көпшілік мүшелерінен құралған аристократия билігі ғана деп санады. Азшылықтың көпшілікке билігі қандай да бір деңгейде легитимделінеді, яғни көпшілік мойындауымен жүзеге асырылады. Бұл феноменді қалай түсіндіруге болады? Ең алдымен, бұл билеуші азшылық әрқашанда ұйымдастырылмаған бұқараға қарағанда ұйымшыл. Бұл азшылық билігін легитимдендіретін тағы бір жағдай: «Ол мынады, оны құрайтын индивидтер басқарылатын бұқараға қарағанда сапа жағынан ерекшелінеді, олар материалдық, интелектуалдық және тіпті моралдық артықшылықпен қамтамасыз етілген . . . Басқа сөзбен айтқанда басқарушы азшылық өздері тұратын қоғамда өте құрметтелінетін қасиеттерге ие». Г. Моска билікті иеленушілердің «моралдық артықшылығы» және «әскери табысы» сияқты тезистерінен гөрі «байлығы» туралы тұжырым құндырақ деп санады. «Билеуші таптың басым қасиеті әскери жетістігінен гөрі байлығында, билеуші батырдан гөрі бай». Содан соң «белгілі бір кемеңгерік сатысына жеткен қоғамда, жеке билік қоғамдық билікке ауысқанда, мүліктілер билігі, байлар билігі орнайды, бай болу- онда құдіретті болу деген сөз. Шын мәнінде темір жұдырықпен күреске тиым салынғанда, фунт пен цент күрестеріне рұқсат беріледі, ең жақсы қызметтер кім ақшамен жақсы қамтамасыз етілсе соған тиеді». Г. Моска пікірінше мұнда екі жақты бағыт пайда болады: байлық саяси билікті қалыптастырады, сонымен бірге саяси билік ақшаны әкеледі. Г. Моска пікірінше басқарушы азшылық әрқашанда белгілі бір деңгейде бірігеді, ол жабық тапқа айналу үрдісіне ие. Барлық билеуші таптар мұрагерлік болуға тырысады, егер заң бойынша болмаса, онда іс жүзінде». Мұнда шындық өлшемі көп, ол деспоттық шығыстан партноменклатуралық социализм элитасына тән. Г. Москаның элитаны жабық тап деуі де орынды. Мұрагерлік элитада оның құрамы отбасы мүшелерімен шектелген, бала туу ғана бұл тапқа өту өлшемі. Ал, ашық қоғамда білім билеуші тапқа жол ашады. Дегенмен, билеуші тап мұнда білім беруді монополияландырады, белгілі бір индивидтер ғана элитный білім алады. Г. Моска үшін элитаға жаңа адамдардың келуі- қоғам денсаулығының кепілі. Бірақ Г. Моска пікірі бойынша бұл консервативті үрдіс тұрақты қоғамда ғана мүмкін, яғни элитаны бұқарадан шыққан таңдаулылармен толықтыру мен сабақтастықты сақтауы. Демек, Г. Моска элитаның ауысуы емес, трансформация-лануы концепциясына жақын келді. Г. Москаны тарихтағы бұқара рөлін жоққа шығарғаны үшін және демократияға негилистік қатынасы үшін сынға алуға болады. Г. Моска билеуші таптағы екі үрдісті атап көрсетті- аристократиялық және демократиялық. Біріншісі, элита мобилділігінің жоқтығымен, қоғам жаңармауымен ерекшелінеді, ал екіншісі, әлеуметтік өзгерістер кезеңі, билеуші таптың әлеуметтік төмендегілердің біршама динамикалық және қабілетті өкілдерімен толықтырылуына мүмкіндік жасалынады. Сонымен қорыта айтқанда, Г. Москаның элита билігі идеясы- билеуші азшылық билігін ақтауға деген талпыныс, көпшілікті оның легитимділігіне сендіру. В. Парето- позитивті социологияның көрнекті өкілі, ол элитаға кім жататындығын анықтау үшін статистикалық әдісті ұсынады: « . . . өз қызметінің саласында ең жоғары баға алған адамдардың әрқайсысын элита деп атаймыз»- деп жазады. Сонымен байлар әлеуметтік пирамиданың шыңын қалыптастырады, кедейлер негізін құрайды. В. Парето пікірінше қоғамды басқа негізде, мәселен, кез келген қызмет облысындағы қабілет негізінде жіктеуге болады. Оның тұжырымы бойынша өмір сүру үшін күресте кімдер ең жоғары шыңға жетсе, олар элитаны құрайды. Индивидтер, күшті ықпал мен байлыққа ие, «қоғамның жоғары қабаты элитаны» құрайды. Оларға В. Парето ең алдымен коммерциялық, саяси, әскери, діни төбелтопты жатқызды. Бұл элитаны кең тұжырымдау. Дегенмен В. Парето элитаны тар мағынада да тұжырымдайды. Бұл элитаның саясатта шешуші рөл атқаратын бөлігі, яғни билеуші элита. Демек, элитаның барлық мүшелері оның тар мағынасына енбейді. Әлеуметтік құрылым В. Парето бойынша былай бөлінеді: жоғары қабат- элита, билеуші және билемеуші; төменгі қабат- бұқара. Қоғамдағы материалдық және рухани құндылықтарды бөлу, әсіресе, билік, байлық, беделді тең емес. «Байлықты бөлудегі теңсіздік қоғамның экономикалық ұйымдастырылуынан гөрі, адамның табиғатына көбірек тәуелді». Әлеуметтік динамиканы түсіндіру үшін В. Парето «элитаның циркуляциялану» теориясын жасады: әлеуметтік жүйе тепе-теңдікке ұмтылады және ол тепе-теңдіктен шыққанда белгілі бір мерзімде оған қайтып келеді; жүйенің теңселу процесімен оның тепе-теңдіктің «бірқалыпты жағдайына» келуі әлеуметтік циклді қалыптастырады; цикл ағымы элитаның циркуляциялану сипатына тәуелді. В. Парето тарихи процесті элитаның негізгі түрінің мәңгілік цикуляциялануы ретінде көрсетуге талпынды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz