Пластиналы стерилизациялы-суытқыш қондырғылар


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: «Пластиналы стерилизациялы-суытқыш қондырғылар»
Орындаған: Мәдениет Е
Тобы: ТО-207
Тексерген: Джилкишева А. Г
Семей - 2015ж.
Жоспар
I. Кіріспе
1. 1. Алғашқы суытқыш қондырғылар
II. Негізгі бөлім
2. 1. Тұрмыстық және өнеркәсіптік тоңазтқыш
2. 2. Тоңазытқыштардың жіктелінуі мен маңызы.
2. 3. Суытқыш қоймалар
III. Қорытынды
3. 1. Қолданылған әдебиеттер
Жасанды жолмен салқындатуды адамдар ерте заманнан пайдалана бастаған. Салқындату тамақ өнімдерін сақтауға тікелей қатысты болды. Салқандату көзі ретінде алғашқыда қар, мұз пайдаланылды. Мысалы, терең қазылған шұңқырға мұз салып, өнімді салқындату, салқын суға салып салқындату т. с. с. 11 ғасырдан бастап тоңазытқыш агенті ретінде тұз қосылған суды қатыру жолымен тұзды мұз пайдаланылды. 1834 жылы Лондонда тоңазытқыш құрылғысы Джекоба Перкинстің жобасы бойынша құрастырылды. Салқындату агенті ретінде этил эфирі пайдаланылатындықтан бұл құрылғы кеңінен қолданылмады. 1871 жылы француз Шарль Телье метил эфирімен жұмыс істейтін құрылғы ойлап тапты. 1872 жылы ағылшын Бойль амиакты тоңазытқышты ұсынды. Х1Х ғасырдың ортасында абсорбциялық тоңазытқыш пайда болды. 1880 жылдары Карл Линде амиакпен жұмыс істейтін өндірістік тоңазытқыш құрасытрып шықты. Мұндай машиналар етті тоңазытып, Австралиядан еуропа елдеріне рефрижератльді кемелермен тасымалдап жеткізу үшін қолданылды. Осыдан бастап сыра, кондитер өндірістері мен сүт өнімдерін қайта өңдеу салаларында тоңазытқыштар енгізіле бастады. Жасанды салқындату өндірістің басқа да салаларына енгізілді: химия, металлургия, тау-кен, тоқыма, құрылыс материалдары, мұнайды қайта өңдеу, медицина салаларында, тұрмыста т. б
Тоңазытқыш - температурасы қоршаған ортаның температурасынан төмен болатын, жоғарғы температурада жылдам бұзылатын азық-түлік өнімдері мен тағамдарды сақтауға арналған құрылғы немесе арнаулы камералар.
Тоңазытқыш (тұрмыстық) . Тұрмыстық тоңазытқыштардың компрессиялы және абсорбциялы деп аталатын екі түрі шығарылады. Олар бір-бірінен тоңазыту агрегатының әсер ету принципі (суық шығару әдісі бойынша) және осыған сәйкес конструкциялық жасалу ерекшеліктері мен техникалық сипаттамалары бойынша ажыратылады.
Компрессиялық түрдегі тоңазыту агрегаты электр двигателінен шығатын жетегі бар компрессордан, буландырғыштан, конденсатордан және сүзгі-кептіргіштен құралады. Тоңазытқыштың камерасы буландырғыштың каналдарындағы суытқыш агенттің («хладон-12») компрессор арқылы циркуляциялануы (айналыс жасауы) нәтижесінде салқындайды. Компрессиялық тоңазытуагрегатының аумағы шағын, тоңазытқышты пайдалану кезінде қозғалмалы детальдарын алмастыруды және майлауды қажет етпейді. Компрессор-мәт ор жұмыс істеген кезде одан шамалы дыбыс білінеді және тоңазытқышты аздап дірілдетеді. Бұл оның басты кемшілігі болып табылады. Егерде компрессор-мотор жақсы реттелген және тоңазытқыш орнықты орнатылған болса, онда әлгі кемшілік мүлде азаяды. Көп позициялы автоматты реттеуіш тоңазытқыштың камерасында қажетті температураны ұстап тұру үшін тоңазыту агрегатын ауық-ауық жұмыс істетіп және тоқтатып тұрады. Жылытқышы бар генератордан, конденсатордан, буландырғыштан және абсорберден тұратын абсорбциялық тоңазыту агрегатында суық абсорбция жолымен - қатты немесе сұйық заттардың (абсорбердің) суытқыш агенттің, әдетте аммиактың буын жұтуымен шығарылады. Жүйедегі суытқыш агенті электрлік жылытқыш (генератор) арқылы циркуляцияға түседі. Абсорбциялық тоңазыту агрегатында қозғалмалы механикалық бөліктер жоқ, сондықтан ол шусыз жұмыс істейді. Компрессиялық тоңазыту агрегатының салқындатуы абсорбциялық түрге қарағанда күшті.
Компрессиялық тоңазытқыштардың тоңазыту камерасында салқындату мен төмен температура шығару процесі едәуір тез өтеді және абсорбциялық тоңазытқыштағыдан төменірек температура алынады. Бұған қоса компрессорлық тоңазыту агрегатының ауық-ауық қысқа мерзім жұмыс істеуі (тоңазыту камерасының тиісті түрде жылулық оқшаулануы болғанда) электр энергиясын үнемдеп жұмсауға жағдай жасайды, абсорбциялық агрегаттардағы генератордың тоқтаусыз жұмыс істеуі электр энергиясы шығынын көбірек кетіреді. Жаңа типтегі « Кристалл-9 » абсорбциялық тоңазытқышы бұған жатпайды, бұл көптеген көрсеткіштері бойынша компрессиялық түрдегі тоңазытқышқа ұқсайды, соның өзінде абсорбциялық түрдегі тоңазытқыштарға тән артықшылықтарын сақтап қалған. Бір камералы және қос камералы тоңазытқыштар да бар. Бір камералы тоңазытқыштың тоңазыту камерасының төменгі температуралы бөлімі бар (мұздату бөлімі немесе мұздатқыш), онда -6˚С-тан -12˚С-қа дейінгі (кейбір тоңазытқыштарда -18˚С-қа дейін) температура сақталады, ал тоңазыту камерасының өзінде 0-6˚С температура болады. Мұздату бөлімінің температуралық диапазондары тоңазытқыштың қақпағында жұлдызша немесе қар ұлпасының бейнесімен белгіленген: бір жұлдызша -6˚С, екі және үш жұлдызша тиісінше -12˚С және -18˚С температураға сәйкес келеді. Тоңазыған күйде сақталатын көптеген азық-түліктер үшін -12˚С-тан -18˚С-қа дейінгі температура тиімді болып табылады. Қос камералы тоңазытқыштардың төменгі температуралы бөлімі тоңазыту камерасынан іс жүзінде оқшауланған, сондықтан ол өзіндік температуралық режимі бар жеке тоңазыту камерасы болып табылады (қос камералы деп аталуы да осыдан) . Мұндай тоңазытқыштарда оның ішіндегі ауаның циркуляциялануынан (алмасуынан) болатын камералар арасындағы жылу алмасу құбылысын болғызбау жағы қарастырылған. Күнделікті тұрмыста мұздату камерасы тоңазыту камерасына қарағанда едәуір сирегірек ашылатындықтан қос камералы тоңазытқышты мұның жұмыс режимі бір камералы тоңазытқыштағыдан едәуір тұрақты болады. Мұның үстіне камераларды оқшаулау энергияны аз жұмсап, мұздату камерасында айтарлықтай төменгі температура (-18˚С) тудыруға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде азық-түлікті ұзақ уақыт - сақтауға қолайлы жағдай жасалады, буландырғыштың сыртында пайда болатын қар қырауының қалынбауы баяулайды және тоңазытқыштың камераларына берілген температураны ұстап тұруға қажетті электр энергиясының шығыны кемиді. [1]
Екі бөліктен құралған тоңазыту қондырғыларының (мысалы, «Минск-22» немесе «Бирюса-15») әдеттегі қос камералы тоңазытқыштардан айырмашылықтары бар, оның мұздату камерасының көлемі үлкен -120-140 дм-қа жетеді және 2 тоңазыту агрегатынан тұрады, бұлар тоңазыту камерасы мен мұздату бөліміне жеке-жеке қызмет етеді. Көп мөлшердегі азық-түлікті ұзақ уақыт тоңазытылған немесе өте салқындатылған күйде сақтау кезінде осы тоңазытқыш қондырғыларды пайдаланған жөн. Әдеттегі жағдайларда бір камералы, ал сыйымдылы ғы 27-45 дм 3 төменгі температуралы бөлімі бар қос камералы тоңазытқыш жеткілікті болып табылады. Отандықөнеркәсібіміз аумақ өлшемдері, тоңазыту камерасы мен мұздату бөлімінің сыйымдылығы, тұтыну қуаты (кестені қараңыз) әр түрлі тоңазытқыштар шығарады, сондықтан тоңазытқыш таңдаған кезде оның қажетті пайдалы сыйымдылығын ескерген жөн.
Тоңазытқыштар тұрмыстық және өнеркәсіптік болып ажыратылады.
Өндірістік Тоңазытқыштар тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында орнатылады, ал тарату Тоңазытқыштары бөлшек саудада және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында пайдаланылады. Тоңазытқыштар, сондай-ақ пайдалану саласына, сақталатын өнімнің түріне, сыйымдылығына байланысты дайындау Тоңазытқышы, көліктік-экспед., т. б. болып бөлінеді. Тоңазыту қондырғылары тоңазыту машиналарынан, жасанды температуралық ортаны жасайтын, тасымалдайтын аппараттар мен құрылғылардан тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz