Темекі дақылы


Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгібөлімі
2. 1 Темекі дақылының биологиялық сипаттамасы
2. 2 Темекі дақылының өсіру технологиясы
2. 3 Темекінің пісіп-жетілуі
2. 4 Темекі дақылының сорғыш зиянкестері, аурулары мен күрес шаралары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
I. Кіріспе
Қазақстан дамуында агроөнеркәсіп саласының алатын орны ерекше. Ұлан-ғайыр даламызда ауыл шаруашылығын өркендетуге барлық мүмкіндік бар. Қазіргі таңда біз мүмкіндіктерді тиімді пайдалана отырып, бұл жөнінен әлемдегі озық елдердің қатарына қосылуға әбден болады. Осы мақсатта Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айрықша қамқорлық көрсетіп, елдегі шаруаларды қолдап келеді. Жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында аталмыш мәселелерге тоқталып, сол бағытта жасалатын жұмыстар барысын нақтылап береді.
Кеше, 17 қаңтарда жасаған Жолдауында Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында атқарылатын міндеттерді атап өтті. Онда агроөнеркәсіпте бизнесті дамытуға, жерді тиімді пайдалануға кедергі келтіретін барлық тосқауылды жою қажеттігі тиісті орындарға міндеттелді. Расында, бұл салаға айрықша қамқорлық қажет. Тұрғындардың күнкөріс көзі егін егіп, мал өсіру екені белгілі. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу ісі де басты назарда болады. Қазақ даласының кеңдігі және оның құнарлығына байланысты талай дақыл түрлерін егіп, одан мол өнімге негіз қалауға болады. Әрине, бұл бағытта жергілікті шаруаларды қолдау елдегі ағайынның еңсесін жазуға оң ықпалын тигізеді. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы «Жерді тиімді пайдалануға, фермерлік кооперациялар үдерісіне кедергі келтіретін тосқауылдарды алып тастау керек. Болашақ - жаңа өңдеу өнеркәсібі желілерін құруда. Ең бастысы - шағын және орта бизнес үлгісінде» деп атап көрсетті.
Елбасымыз фермерлер делдалсыз өткізу нарығына ұзақ мерзімді қаржыландыруға тікелей қол жеткізуі тиіс екенін айтып өтті. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің кепілдендірілген займдарының тиімді жүйесін құру да маңызды мәселе екеніне тоқталды.
II. Негізгі бөлімі
2. 1 Темекі дақылының биологиялық сипаттамасы.
Бағалы техникалық дақылдардың бірі - темекі. Ол негізінен шылымның құрғақ жапырағының құрамында 1, 09-3, 76 пайыз никотин, 17, 1-18, 9 пайыз күл, 4, 9-17, 6 пайыз углевод, 2, 2-3, 7 пайыз азот, 0, 1-1, 37 пайыз эфир майы және 4-7 пайыз шайыр бар.
Темекі Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Шелек аудандарында өсіріледі. Аталған аудандарда 1991 жылы темекінің мына сорттары аудандастырылды: Дюбек 44-07, Дюбек-13, Талгарский-25, Талгарский-28.
Темекі жылу сүйгіш бір жылдық техникалык дақыл. Оның тұқымының көктеп шыгуы үшін 27-28 градус, ал көшеттің өсіп-дамуына 18-22 градус жылу керек.
Танапқа көшіріліп отырғызылғаннан кейін темекінің сабағы мен жапырағының өсуіне қолайлы температура 24-28 градус шамасында болуы керек.
Темекі үшін - 1-3 градус қауіпті.
Суды көп пайдаланатын кезеңі жапырақтары толық шыққан мезгіл. Осы кезеңде судың кем не артық болуы өте зиянды.
. Ол 1 гектар жерде 15 центнер жапырақ құрау үшін топырақтан 90 кг азот, 24 кг фосфор және 58 кг калийді сіңіріп алады. Құрылымды, жеңіл топырақтарда жақсы өседі.
2. 2 Темекі дақылының өсіру технологиясы
Темекі негізінен көшіріп отырғызылатын дақыл. Сондықтан сапалы көшет өсіру темекі шаруашылығындағы жауапты жұмыстың бірі.
Қазіргі уақытта шаруашылықтарда көшетті парниктер мен теплицаларда өсіреді.
Темекінің жақсы алғы дақылы - дәнді дақылдар, жоңышқа құйқасы, дәнді бұршақты дақылдар. Осыған орай Алматы облысында қолданылатын ауыспалы егіс схемасы төмендегідей:
1 - дәнді дақылдар+жоңышқа;
2 - жоңышқа, 3 - жоңышқа, 4 - дәнді масақты дақылдар, 5 - темекі, 6 - темекі, 7 - сүрлемдік жүгері.
Тыңайту. Топырақтағы фосфор жеткіліксіз шаруашылықтарда күзде жер жырту алдында әр гектарга 3, 5-4 центнер аммафос 1, 5 центнер күкірт қышқылды калий тұзын берген жөн.
Топырақ өңдеу жүйесі оны жырту алдындағы суарудан және жерді терең етіп жыртудан тұрады. Жер жырту тереңдігі 22-25 см. Көктемде ылғал жабу үшін танапты тырмалайды. Арам шөптер шыққанан соң көшет отырғызғанша тағы да танапты бір рет тырмалау, ал көшет отырғызуға 5-7 күн қалғанда культивациялау жүргізіледі.
Көшет отырғызу. Танапқа көшетті отырғызудың қолайлы мерзімі 20-25 сәуір мен 20 мамырдың аралығы.
Талгарский-25 сортының көшетін төрт немесе алты қатарлы СКНБ машинасымен 70х14 см немесе 70х18 см схемасы бойынша 80-100 мың өсімдік отырғызады.
Пантиктерде өсіргенде темекінің тұқымының себу мөлшері бір шаршы метр жерге 0, 4-0, 7 грамм.
Егісті күтіп-баптауға арамшөптерді жою, егістікті суару және қатараралықтарды қопсыту шаралары жатады.
Қатараралықты бірінші өңдеуді КРН-4, 2 немесе ФПУ4, 2 культиваторымен бірінші суарудан кейін, яғни көшеттерді отырғызғаннан соң 7-12 күннен кейін жүргізеді.
Суару бороздамен, немесе ДДН-70 жаңбырлатқыш агрегаты арқылы жүзеге асырылады.
Темекі шаруашылығындағы ең қиынкезең - оны жинау, өйткені барлық жұмс алатын шығынның 60-70 пайызы осы операцияны орындауға жұмсалады.
Темекі жинаудың ауыр процесі - жапырақтарды жіпке тізіп кептіру. Оны негізінен қолмен істейді, сонымен қатар ТПМ 69М машинасымен жүзеге асырады. Алайда кейінгі кезде жапырақты жіпке тізбей, арнаулы контецнерлерге салып кептіру қолданылып жүр.
2. 3 Темекінің пісіп-жетілуі
Темекі шаруашылығында темекіжапырақтарының дамуы келесі фазалармен ажыратылады.
Темекі жапырағының бірінші даму фазасында жапырақ пластинкасының интенсивті өсуі бақылауға алынады. Фотосинтез процесінің нәтижесінде түзілген және тамырдан жиналған заттар өсу процесіне жұмсалады (жаңа клеткалардың түзілуіне). Бұл фазада жапырақ көлемі кіші, қор заттарының мөллшері аз, сулы, және тығыз емес тканьдермен ерекшеленеді. Бұл фазада жапырақтарды жинау тиімсіз (толық жетілмеген), өнім азайып, шикізат сапасы төмендейді.
Жапырақ өскен сайын, жапырақ пластинкасындағы қоректік заттар артып, тканьдердің тығыздығы күшейеді, ол керсінше, су мөлшері азаяды. Жапырақ пластинкасының интенсивті өсуі тоқтап, қоректік заттар көп жиналғанда екінші фаза басталады, оны өндірісте техникалық пісіп жетілу жағдайы деп атайды. Бұл фазада жапырақтар өндірісте қолдану үшін жоғары өнім беру қабілетіне ие болады.
Темекі жапырақтарының үшінші даму фазасын толық техникалық пісу жағдайы дейді. Бұл кезеңде жапырақта жапырақ пластинкасының қалдықты өсу процесі жүреді. Көлемі мен тканьдерінің тығыздығы біршама артады, ондағы су мөлшері едәуір азаяды. Жапырақтарды осы кезеңде жинау жоғары өнім береді және оның өнірістегі бағасын арттырады, кептіруден кейін құрғақ зат шығымын арттырады (1-3%).
Жинау жұмыстарын кешітуде темекі жапырақтарының төртінші фазасы басталады. Оны жапырақтардың пісіп кетуі дейді. Бұл кезеңде жапырақтар қоректік заттарынан айырыла бастайды, солып, өсімдік қурап қалады. Олардың тканьдері тығыз болмай, морт келеді. Өнім, шикізаттың тауарлық және шегілу қасиеттеері төмендейді.
ВИТИМ келтірген мәліметтері бойынша темекі жапырақтарының жетілуі кезінде жапырақ көлемі мен құрғақ зат мөлшерінің өзгеруі көрсетілген. Техникалық және толық техникалық жетілуде жапырақ пластинкасының көлемі жоғарғы пунктіге жетеді, ал ткань тығыздығы ең жоғарғысына. Бұл сапасыы жақсы, жоғары өнім алуды қамтамасыз етеді.
Жапырақты жасымен оның химиялық құрамы минералдық (күлдік) заттар кіреді. Темекінің барлық органикалық заттарын 2 топқа бөлуге болады: азотты және азотты емес заттар.
Азотты заттар тобына ақуыз, аминқышқылдары, никотин, аммиак, хлорофиль, т. б.
Азотты емес заттарға көмірсулар, оргоникалық қышқылдар және ароматты заттар. Көмірсулардың ішіндегі ең маңыздысы крахмал, қант, және пектин заттары. Оргоникалық қышқылдардың ішінен темекі жапырағында лимон, алма, щавель қышқылдары болады. Ароматты заттарға еғ бастысы смола және эфир майы жатады. Минералдық заттар кальций, калий, магний, және күкүрт аз мөлшерде кездеседі.
Күлдік заттар темекіде (құрғақ затқа) 15% мөлшерде. Осы құрамдық заттардың кейбірі жағылады, ал басқасы темекінің шегілу қасиеттеріне жағымсыз әсер етеді, енді кейбірі темекі сапсына ешқандай әсер етпейді.
Жапырақ жетілуімен көмірсулар құрамы (крахмал, қант) арта түседі. Олар толық техникалық пісуде көп мөлшерде болады. Аз мөлшерде жетілмеген немесе пісіп кеткен жапырақтарда болады.
Жинау кезеңі жақындағанда крахмал мөлшері (құрғақ затқа) 40% артады, ал қант мөлшері 20% төмендейді.
Крахмал темекінің шегілу қасиетіне жағымсыз әсер етуші зат, алайда дұрыс кептіруде крахмал қантқа ыдырайды, ал темекі құрамында қант мөлшері көп болған жағдайда, оның дәмі мен иісі де жақсырақ.
Крахмал мен қант мөлшері көп жапырақтар жинау кезеңінде, кептіруде біркелкі және жеңіл сарғайып, сары түсті сақтап, сары түсті шикізат, жоғары тауарлық және шегілу қасиеттерімен қамтамасыз етеді. Жапырақтың жетілуімен құрамындағы ақуыздар мен хлорофил мөлшері азаяды, никотин толық тезникалық пісіп жетілуге дейін артып, сосын төмендейді.
Темекідегі азотты заттар негізінде темекінің дәмі мен иісіне жағымсыз әсер етеді, оған ащы дәм және жағымсыз иіс береді. Сонымен қатар бояуы біркелкі сарғайып, кептіруде қанық түсті, жасыл пигмент қалдықтары бар шикізат береді.
Щавель қышқылы жапырақ жетілген сайын азая түседі. Толық пісуге жеткенде лимон қышқылы максимум көбейеді, ал алма қышқылы аздап төмендей бастайды. Органикалық қышқыдардың мөлшері жапырақтың пісіп-жеттілуімен көбейеді.
Смола мен эфир майлары толық техникалық пісіп-жетілуде жоғарылап, пісіп кету басталғанда төмендейді. Смола мен эфир майының мөлшеріне темекі түтінінің ароматы мен темекі иісі байланысты.
Күлді заттардың жапырақтағы мөлшері оның пісіп-жетілуіне азая түседі. Күлдік заттар, әсіресе калий, темекінің ащылығын арттырады.
Жоғары тауарлық және шегілу қасиеттерге ие шикізат алуда жапырақтың жетілген шағымдағы химиялық құрамы тиімді. жапырақтар, тез және біркелкі сарғаяды, кептіруде қажетті түсті шикізат береді. Жетілменген жапырақтар процесінен баяу және біркелкі емес өтеді, баяу кебеді, жасыл немесе қоңыр түс және төмен тауарлық сапа береді. Пісіп-жетілуден асып кеткен жапырақтар керсінше, тез кебеді, бірақ шикізат тек қанық (қызыл, қоңыр) түсте болады.
Жетілмеген жапырақтар жоғары ылғал сыйымдылыққа ие, ал пісіп кеткен жапырақтарда төмен болады (ауадан ылғалды сіңіріп және оны ұстап тұру қабілеті) . Біріншісі тез ылғалданып, сақтау кезінде, екіншісі нашар ылғалданады, сондықтан жапырақтар механикалық зақымданудан шикізаттың үлкен шығынына әкеледі. Темекіні пісіп-жетілуі жапырақ пластинкасында біркелкі жүрмейді. Бірінші өсімдіктің жоғарғы және шеткі бөліктері жетіледі, сосын ортаңғы бөлігі мен негізгі жапырақтар. Сондықтан жинау кезеңінде темекінің жоғарғы және шеткі бөліктері жапырақ пластинкасының басқа бөлшектеріне қарағанда жетілген болады. Олар тығыз тканьді, су мөлшері аз. Тез сарғаяды және келемі кептіруде тез қурайды, жоғары шегілу қасиетіне ие болады.
Жапырақтың жетілуінің мерзімі мен біркелкілігі бірдей емес, ал темекі сортының биологиялық ерекшелігіне, топырақ типі мен қасиеттеріне, ауа райы жағдайына, агротехника тәсіліне, жапырақтардың орналасуына байланысты.
Таласский 3036, Трапезонд 1867, Трапензонд 285, Американ 572, Самсун 940, сорттарының жапырақтары Сухумский 959, Дюбек 44, Остролист 2747, Американ 17 сорттарының жапырақтарына қарағанда ерте піседі.
2. 4 Темекі дақылын зиянкестер, аурулар мен арамшөптерден қорғау
Темекі трипсі - Thrіps tabacі Lіnd. Шашаққанаттылар (Тhysanoptera) отрядының трипсілер (Thrіpіdae) тұқымдасына жатады. Кең таралған зиянкес.
Ересек трипсінің ұзындығы 0. 8-1. 1 мм, ақшыл-сары, өнбойына созылған жүйкесі бар енсіз жіңішке қанаттарының ұзындығы 0. 21-0. 25 мм, көлденеңі 0. 1-0. 14 мм, пішіні бүйрек тәрізді ақшылдау, мөлдір түсті болады. Дернәсілдерінің ұзындығы 1 мм-ге жетеді.
Ересек трипсілер топырақтың үстіңгі қабатында немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Қысқы мекендерінен ауаның жылылығы 10оС-тан асқанда шығады.
Жұмыртқаларын темекі жапырағының үстіңгі бетіндегі эпидерлик қабатының астына бір-бірлеп орналастырады. Өсімталдығы 100 жұмыртқаға жетеді. Жұмыртқаның дамуы 3-5 күнге созылады. Осы мерзім ішінде 4 рет түлейді де, дамуы аяқталған соң топыраққа еніп (15 см тереңдікке дейін), онда 4-5 күн болады. Одан соң қанаттары жетілген ересек трипсілерге айналады да жер бетіне көтеріліп, темекі немесе басқа өсімдіктермен қоректенуге кіріседі.
Зиянкестің бір ұрпағының дамуы мекендеген аймағының ауа райы жағдайларына байланысты 15-30 күнге дейін созылады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында 5-6 ұрпақ береді.
Темекі трипсі көпқоректі бунақдене. Ересек трипсілер және олардың дернәсілдері жапырақтардың астыңғы бетінде және гүлшоғырларында топтанып тіршілік етеді де өсімдік шырынын сорып қоректенеді. Өсімдіктердің зақымданған мүшелерінде алғашында бозарған ақшыл болып, кейіннен татық түске айналатын дақтар пайда болады.
, өсуібаяулайды, , . Сонымен қатар трипс темекі өсімдігіне вирус (томаттың қола вирусы) ауруларын таратады.
(1 - сурет) .
а) б)
1 - сурет . Темекі трипсі. а-дернәсілі, б-ересегі.
Шабдалы бітесі - Myzodes persіcae Sulz . Бұл түрді оранжерея бітесі немесе темекі бітесі деп атайды. Теңқанаттылар (Homoptera) отрядының бітелер (Aphіdіdae) тұқымдасына жататын ұсақ бунақдене. Кең таралған. Қанатсыз пертеногенетикалық ұрғашы бітенің ұзындығы 2. 5 мм-ге жетеді, түсі жасыл, сары немесе қызғылт, шырын түтікшелерінің ұзындығы денесінің 1/4 бөлігіндей, цилиндр пішінді, құйрықшасы конус тәрізді, шырын түтікшелерінен үш есе қысқа. Қанатты ұрғашы бітенің ұзындығы 1. 4-2 мм, басы қоңыр, ортаңғы және артқы көкірек сақиналарының түсі қара, құрсағы көлденең орналасқан қара жолақтары бар жасыл немесе сары түсті, құйрықшасы шырын түтікшелерінен екі есе қысқа болады. Ересек бітелер денесінің ұзындығы 1. 9 мм, қанаттары жетілген, басы, мұртшалары және кеуде бөлімі қара, құрсағында қара түсті көлденең жолақтары бар бозғылт жасыл болады. Жұмыртқасы алғашында жасыл түсті болады, кейін бірте-бірте күңгірттеніп, дернәсіл шығар кезде қараяды. (2 - сурет) .
2-сурет. Шабдалы бiтесiнің шоғыры
Шабдалы бітесінің даму циклі өте күрделі. Жұмыртқа күйінде көбінесе шабдал және өрік ағаштарының бұтақтарының қабығында немесе гүл бүршіктерінің қолтығынд қыстайды. Дернәсілдер сәуірде шығады да төрт рет түлегеннен кейін партеногенетикалық ұрғашы бітелерге айналады.
Шабдалы ағашында бітелер 7-8 ұрпақ беріп дамиды. Екінші, үшінші ұрпақтарында қанатты ұрғашы бітелер пайда болады да шөптесін өсімдіктерге көшеді. Олар әсіресе алқа тұқымдасына жататын өсімдіктерді, солардың ішінде темекіні көбірек ұнатады.
Темекі егісінде шабдал бітесі көктемнен бастап күзге дейін 10-12 ұрпақ беріп өсіп-өнеді. Партеногенетикалық ұрғашы бітелердің әрқайсысының туатын дернәсілдерінің саны 120-ға дейін жетеді. Дернәсілден бастап, ересек бітеге дейінгі даму кезеңі ауа райы жағдайларына байланысты 4-8 күнге созылады. Күзге қарай қанатты ұрғашы бітелер шабдал немесе өрік ағаштарына көшеді. Осы кезде ұрғашы бітелермен қатар еркектері де пайда болады. Олар ұрықтанғаннан кейін ұрғашы бітелер ағаш бұтақтарының қабығына қыстап шығатын ұрықтанған жұмыртқаларын салады да өздері күздің аяқ кезінде өледі.
Зиянкес темекі өсімдігінің жер үстілік мүшелерінің шырынын сорып, қатты зиян келтіреді. Нәтижесінде өсімдіктің беретін өнімі кеміп, сапасы нашарлайды.
Зиянкестермен күрес шаралары. Ауыспалы егіс жүйесін дұрыс сақтау, парниктер мен плантациялардың тереңдігіндегі арамшөптерді жою және оларды көкөніс дақылдарының егісін қашықтау учаскелерге орналастыру.
Трипсілер мен бітелерге және басқа зиянкестерге қарсы мына төмендегі препараттардың біреуін бүрку керек: фосфамид 40% к. э. (0, 8-1 л/га), метафос 40% к. э. (0, 5-1 л/га), карбофос 50% к. э. (1-1, 8 л/га) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz