Мелиорациялық жерлерді тыңайту, минералдық және органикалық тыңайтқыштар



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Қазақстан топырақтарын мелиорациялау мәселелері мен суармалы егіншілігі
2.2. Органикалық және минералдық тыңайтқыштар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиет
Мелиорация(лат. melioratio – жақсарту)— жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық-ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы. Топырақты сумен, ауамен, қоректік заттармен қамтамасыз ету тәртібін жақсартуға, оны жел, су эрозиясысияқты қатерлі құбылыстардан қорғауға мүмкіндік береді. Мұның негізінде ауыл шаруашылық дақылдары мен мал азығы ретінде өсірілетін шөптерден ұдайы мол өнім алуға болады. Мелиорацияның Қазақстан үшін айрықша мәні бар: республика жерінің басым бөлігін шөлді, шөлейтті және жартылай шөлейтті аймақтар алып жатыр. Олардың әрдайым суландыруды қажет ететіндігін адам баласы қола, темір дәуірлерінен бастап-ақ білген. Сыр өңірі, Шу-Талас аймағы мен Іле алабы, Сарыарқа өлкесіндегі көптеген ортағасырлық қалалардан ежелгі суландыру жүйелері табылды (қара Қазақстанның ежелгі қалалары). Қазақстанда мелиорация жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 1928 жылы 671 мың гектар, 1940 жылы 1153 мың гектар, 1985 жылы 2172 мың гектар суармалы егістік болды. 20 ғасырдың соңына қарай 54 мың гидротехникалық құрылыс салынды. Ол мақта, күріш, бидай, жүгері, жүзім, сондай-ақ өзге де дақылдарды, бау-бақша, мал азықтық өнімдерді өсіруге көп мүмкіншіліктер туғызды. Өндірістік қатынастың сипатына, елдің өндіргіш күштерінің дамуына, аймақтың жағдайына, жұмыс түрлеріне байланысты мелиорацияның гидротехникалық, химиялық, орман, мәдени-техникалық жұмыстар, тағы басқа түрлері жүргізіледі. Құрғату мелиорациясы артық суды құрғататын жерден сыртқа шығарады; суландыру мелиорациясы суды қажет мөлшерде керек кезінде жеткізеді; химиялық мелиорация топырақтың қышқылдылығын азайтады, сор, сортаң топырақтарды бейтараптандырады; агротехникалық мелиорация топырақтың физикалық, химиялық қасиеттерін жақсартады; гидротехникалық мелиорация су және жел эрозиясын тоқтатады. Қазақстанның солтүстік облыстарында қар мелиорациясы (қар тоқтату) жүргізіледі. Мелиорацияның ішіндегі ең көп тараған түрі су мелиорациясы. Мысалы, Шу өзенінің оң жағасындағы Георгиевка, Тасөткел суландыру жүйелері тиісінше 12 және 26 мың гектар жерді суландырады. Алматы облысында су сыйымдылығы 28 миллиард куб метр Қапшағай су қоймасы салынып, онымен 250 мың гектарға дейін жер суарылады. Орталық Қазақстандағы Ертіс — Қарағанды каналы облысы өндірісін, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етеді. Батыс Қазақстанда Орал — Көшім суландыру және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету жүйесі салынған, осындай жұмыстар Қазақстанның солтүстігінде де жүргізілуде. Қазақстан Республикасында 100 миллион гектарға жуық жер суландырылған және 730 мың гектар көлтабан суару жүйесі пайдалануға берілген. Кейінгі кездері ауыл шаруашылығын қайта құруға және жерді жеке меншікке беруге байланысты мелиорацияның шағын түрлері де дами бастады. Мелиорация кең аймақтардағы табиғи ресурстарды (топырақ, су қорлары, орман, тағы басқа) адам қажетіне жаратуға көп мүмкіндік береді; атмосфераның жерге жақын қабатында ылғалдылық, температура және ауаның қозғалуына оң әсерін тигізіп, пайдалы өсімдіктер мен жануарларға қолайлы жағдайлар жасайды; табиғи ортаны жақсарту арқылы адам өмір сүретін ортаны қалыпқа келтіреді.
Мелиорация - 1) табиғи органы (ең алдымен ауылшаруашылық жерлерін) жақсартудың ғылыми негізде ұйымдастырылатын шаруашылық және техникалық шаралары. М. — суландыру, құрғату, орман мелиорациясы, агромелиорация, химиялық мелиорация және т.б. болып бөлінеді. Жердің құнарлылығын ұзақ уақытқа көтеру немесе аумақты жалпы сауықтыру, жерді айтарлықтай дәрежеде жақсарту мақсатында жасалатын шаралар жиынтығы; табиғатты тиімді пайдаланудың бір түрі. М. объектілеріне: жалпы ландшафт және оның жекелеген бөліктері (топырақ, шабындық, суқоймалар және т.б.) жатады. Мелиорацияны жобалау кезінде ландшафттық өзгерістердің мүмкін болатын дәл болжамын (оның ішінде қосалқы) жасаудың маңызы зор; оларды есепке алмау кейбір жағдайларда топырақтың қайта сорлануына, жердің батпақтануына және т.б. зардаптарға ұрындырары көміл. Ең көп таралған гидротехникалык М. (су жүргісі колайсыз жерлердің мелиорациясы) — топырақты суармалау немесе құрғату, жайылымдарды суландыру. Топырақ режімін жақсартудың арнайы тәсіліне — қар тоқтату, шаймалау, кәріздеу бітелілеу (кольматаж), ағындыны реттеу және т.б. жатады.
1. Елашов.Р Сапаров.А Балғабаев.Ә Туктугулов Е ``Агрохимия тыңайтқыштар қолдану``
2. Елашов.Р Сапаров.А Балғабаев.Ә Туктугулов Е ``Минералдық тыңайтқыштарды қолдану техналогиясы``
3. Интернет желісі.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылық Министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Кафедра____________________________ ______

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Мелиорациялық жерлерді тыңайту, минералдық және органикалық тыңайтқыштар.

Қабылдаған:Набиоллина М.С.
Орындаған: Пернебек Р. Н.
Тобы:АГ-301Қ


АЛМАТЫ-2016

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Қазақстан топырақтарын мелиорациялау мәселелері мен суармалы егіншілігі
2.2. Органикалық және минералдық тыңайтқыштар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе
Мелиорация(лат. melioratio - жақсарту) -- жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық-ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы. Топырақты сумен, ауамен, қоректік заттармен қамтамасыз ету тәртібін жақсартуға, оны жел, су эрозиясысияқты қатерлі құбылыстардан қорғауға мүмкіндік береді. Мұның негізінде ауыл шаруашылық дақылдары мен мал азығы ретінде өсірілетін шөптерден ұдайы мол өнім алуға болады. Мелиорацияның Қазақстан үшін айрықша мәні бар: республика жерінің басым бөлігін шөлді, шөлейтті және жартылай шөлейтті аймақтар алып жатыр. Олардың әрдайым суландыруды қажет ететіндігін адам баласы қола, темір дәуірлерінен бастап-ақ білген. Сыр өңірі, Шу-Талас аймағы мен Іле алабы, Сарыарқа өлкесіндегі көптеген ортағасырлық қалалардан ежелгі суландыру жүйелері табылды (қара Қазақстанның ежелгі қалалары). Қазақстанда мелиорация жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 1928 жылы 671 мың гектар, 1940 жылы 1153 мың гектар, 1985 жылы 2172 мың гектар суармалы егістік болды. 20 ғасырдың соңына қарай 54 мың гидротехникалық құрылыс салынды. Ол мақта, күріш, бидай, жүгері, жүзім, сондай-ақ өзге де дақылдарды, бау-бақша, мал азықтық өнімдерді өсіруге көп мүмкіншіліктер туғызды. Өндірістік қатынастың сипатына, елдің өндіргіш күштерінің дамуына, аймақтың жағдайына, жұмыс түрлеріне байланысты мелиорацияның гидротехникалық, химиялық, орман, мәдени-техникалық жұмыстар, тағы басқа түрлері жүргізіледі. Құрғату мелиорациясы артық суды құрғататын жерден сыртқа шығарады; суландыру мелиорациясы суды қажет мөлшерде керек кезінде жеткізеді; химиялық мелиорация топырақтың қышқылдылығын азайтады, сор, сортаң топырақтарды бейтараптандырады; агротехникалық мелиорация топырақтың физикалық, химиялық қасиеттерін жақсартады; гидротехникалық мелиорация су және жел эрозиясын тоқтатады. Қазақстанның солтүстік облыстарында қар мелиорациясы (қар тоқтату) жүргізіледі. Мелиорацияның ішіндегі ең көп тараған түрі су мелиорациясы. Мысалы, Шу өзенінің оң жағасындағы Георгиевка, Тасөткел суландыру жүйелері тиісінше 12 және 26 мың гектар жерді суландырады. Алматы облысында су сыйымдылығы 28 миллиард куб метр Қапшағай су қоймасы салынып, онымен 250 мың гектарға дейін жер суарылады. Орталық Қазақстандағы Ертіс -- Қарағанды каналы облысы өндірісін, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етеді. Батыс Қазақстанда Орал -- Көшім суландыру және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету жүйесі салынған, осындай жұмыстар Қазақстанның солтүстігінде де жүргізілуде. Қазақстан Республикасында 100 миллион гектарға жуық жер суландырылған және 730 мың гектар көлтабан суару жүйесі пайдалануға берілген. Кейінгі кездері ауыл шаруашылығын қайта құруға және жерді жеке меншікке беруге байланысты мелиорацияның шағын түрлері де дами бастады. Мелиорация кең аймақтардағы табиғи ресурстарды (топырақ, су қорлары, орман, тағы басқа) адам қажетіне жаратуға көп мүмкіндік береді; атмосфераның жерге жақын қабатында ылғалдылық, температура және ауаның қозғалуына оң әсерін тигізіп, пайдалы өсімдіктер мен жануарларға қолайлы жағдайлар жасайды; табиғи ортаны жақсарту арқылы адам өмір сүретін ортаны қалыпқа келтіреді.
Мелиорация - 1) табиғи органы (ең алдымен ауылшаруашылық жерлерін) жақсартудың ғылыми негізде ұйымдастырылатын шаруашылық және техникалық шаралары. М. -- суландыру, құрғату, орман мелиорациясы, агромелиорация, химиялық мелиорация және т.б. болып бөлінеді. Жердің құнарлылығын ұзақ уақытқа көтеру немесе аумақты жалпы сауықтыру, жерді айтарлықтай дәрежеде жақсарту мақсатында жасалатын шаралар жиынтығы; табиғатты тиімді пайдаланудың бір түрі. М. объектілеріне: жалпы ландшафт және оның жекелеген бөліктері (топырақ, шабындық, суқоймалар және т.б.) жатады. Мелиорацияны жобалау кезінде ландшафттық өзгерістердің мүмкін болатын дәл болжамын (оның ішінде қосалқы) жасаудың маңызы зор; оларды есепке алмау кейбір жағдайларда топырақтың қайта сорлануына, жердің батпақтануына және т.б. зардаптарға ұрындырары көміл. Ең көп таралған гидротехникалык М. (су жүргісі колайсыз жерлердің мелиорациясы) -- топырақты суармалау немесе құрғату, жайылымдарды суландыру. Топырақ режімін жақсартудың арнайы тәсіліне -- қар тоқтату, шаймалау, кәріздеу бітелілеу (кольматаж), ағындыны реттеу және т.б. жатады. Химиялық және физикалық М. (химиялық және физикалық қасиеттері қолайсыз жерлерді мелиорациялау) -- тұзданған топырақтарды шаймалау, қышқыл топырақтарды өктендіру, сорларды гипстеу, сілтілі топырақтарды қышқылдандыру және т.б. Топырақтың физикалық жағдайын жақсарту үшін, оларды тастардан тазартады, сазды топырақты құм араластыра өңдейді, тозаңды және шымтезекгі топырақты саздандырады және т.б. Эрозияға немесе дефляцияға ұшыраған жерлерде, әсіресе, таулы аймақтардағы беткейлерді террасалау тәсілі қолданылады. Биологиялық (экологиялық) мелиорацияға құмдауыт жерлер мен жыраларды ормаңдандыру, орман жолақтарын өсіру (агроорманмелиорациясы) және баска шаралар жатады; 2) ауыл шаруашылық ғылымының бірнеше саласының негізін зерттейді. Оларға: гидротехникалық құрылыстар, агротехникалық шаралар, су шаруашылығының экономикасы, топырақтану, ағаш-орман шаруашылығының салалары және т.б. жатады. Мелиорацияның негізгі мақсаты -- ғылым мен техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін (жер суландыру техникаларын, ЭЕМ және т.б.) пайдалана отырып, өсімдіктіңөсіп-өнуіне, дамуына қолайлы жағдай жасау. Ылғалдың, ауаның, күннің жылылығы мен радиациясының және топырақтың қоректену режімін дұрыс пайдалана отырып, ауыл шаруашылық дақылдарынан тұракты және мол өнім алудың тиімді жолдарын ұсыну. Ауыл шаруашылығы мелиорациясы және техникалық мелиорация болып бөлінеді. Техникалық мелиорация шараларын атқару нәтижесінде топырақ пен жер қыртысының құрылымы жақсара түседі, канал, тоған, су қоймалары мен бөгендердің жақтауларымен табаны нығайтылады. Ауыл шаруашылығы мелиорациясы -- жүйенің шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру және техникалық шараларды, табиғаттың (топырақ, агроклимат) гидрологиялық қолайсыз жағдайларын жақсарта отырып, жер қорын өте тиімді түрде пайдалану өдістері. Суармалы жерлердің химиялық және физикалық қасиеттері нашар болса, оған агротехникалық мелиорация шаралары, сонымен қатар химиялық мелиорация қолданылады.

2.1. Қазақстан топырақтарын мелиорациялау мәселелері мен суармалы егіншілігі
"Мелиорация" деген сөз түбірі латын тілінен алынған, жақсарту деген сөз. Көпшілік жағдайда жерді, топырақты жақсарту мағынасына қолданады.
Мәселен, ауа райын, жер бедерін т.б. әр аймақтардың табиғи орналасу жағдайларына байланысты топырақты мелиорациялау (жақсарту) түрлері әрқалай. Мысалы, ТМД елдерінің батыс бөлігіндегі және Балтық бойы мемлекеттерде ауадан түсетін ылғал мол да, күн сәулесінің жылуы жеткіліксіз. Яғни сулану басым, ал булану азырақ. Соған байланысты бұл өңірлерде батпақты топырақ молырақ орын алады. Ауыл шаруашылығына тиімді пайдалану үшін бұларды қолдан құрғату мелиорацияларын қолдану қажет.
Ал ТМД елдерінің оңтүстік шығыстағы орналасқан мемлекеттерінде керісінше ауадан түсетін ылғалдар тапшы, булану өте көп. Орта Азия, Кавказдың арғы беті, Оңтүстік Қазақстан аймақтарында негізінен құрғақ дала, шөл дала және шөл зоналары орын алады. Бұл өңірлерде топырақты ауыл шаруашылығына тиімді пайдалану үшін оларды қолдан суғарады.
Мемлекет тарапынан суармалы егіншілікті дамытып, өрістетуге ешқандай көмек болмады. Патшалық Ресей мен оның жергілікті шабармандары бұл мәселеге ешқандай көңіл бөлмей, қаржы босатпады. Мысалы, 1909 жылы қазақ пен өзбек жерінде орналасқан Мырзашөл алқабын суару үшін оның топырағын жан-жақты, түбегейлі зерттеу керек екендігін дәлелдеп, Түркістан өлкесінің бастығынан қаржы сұраған ғалым, топырақтанушы-агроном М.М.Бушуевтің хатына Түркістан губернаторы - "Топырақтану ғылымы әлі өз аяғына жөнді тұрған ғылым емес" деген бұрыштама қойыпты. 1912-1913 жылдары қырғыз, қазақ жерімен ағатын суы мол Шу өзенінің бойын инженер В.А.Васильев толық зерттеп, осы өзеннің суы арқылы суарылатын Шу бойының жерлерінің жобасын жасайды да, оны егіншілік министрлігіне бекітуге апарады. Министрліктің жерді жақсарту бөлімінің бастығы Р.И.Мосальский бұл жобаға: "Архивке. Әлде бір қырғыздар қоныстанған, Шу бойын суару жобасы кімге қажет" деп қол қойыпты. Міне, осындай көзқарастан патшалық Ресейдің өзіне қарайтын шет аймақтарға қаншалық "қамқорлық" жасағаны көрініп-ақ тұр.
Бұл ирригациялық кең бағдарламаны жүзеге асыру үшін Түркістанда (Ташентте) арнайы ирригациялық жұмыстар басқармасы құрылып, оған жоғарыда көрсетілген 50 млн сом қаржы бөлінді.
Бұл құжат түркімен, өзбек, тәжік, қырғыз және қазақ халықтарының ғасырлар бойғы арманын іске асыру үшін жер суландыру құрылыстарын кеңінен өрістетуге, суарылатын жерлер көлемін молайтуға шешуші әсерін тигізді. Энтузиаст агроном Бушуев пен инженер-ирригатор Васильевтің көздеген ойлары шешімін тапты. Ленин бұл декретке қол қойып, ақша бөлумен қатар, осы декреттің өмірде жүзеге асуы үшін көптеген шаралар қолданды. Мысалы, 1918 жылдың тамызында Лениннің қолы қойылған хатта: "Түркістан өлкесінің басшыларына, Түркістан ирригациялық жүйелерінде істейтін жұмысшылар мен қызметкерлер басқа жұмыстарға жіберілмесін, оларға тұрғын үйлер мен қоғамдық бөлмелер тез бөлінсін" делінген. Ленин осы күні Петроградтың төтенше комиссиясының председателі И.С.Урицкийге телеграмма соғып, Петроградтан Түркістанның ирригациялық басқармаына жөнелтілетін жүктердің тоқтаусыз жеткізілуін талап еткен. Ирригация жұмыстары Лениннің инициативасымен қолға алынып, бекітілген белгілі ГОЭЛРО жоспарынан да тыс қалған жоқ. Бұл жоспар бойынша ауыл шаруашылығының электрлендірумен, механикаландырумен қатар жерді мелиорациялау, яғни жерді суару мен құрғату кең түрде жоспарланған еді.
Бұдан кейнгі жылдары да жерді суарудың ауыл шаруашылығын дамытудағы маңызына үнемі үлкен назар аударылып отырды. 1921 жылдың көктемінде Әзірбайжан, Грузия, Армения, Дағыстан және тау халықтары республикаларының еңбекшілеріне жазған хатында Ленин: "Егіншілік пен мал шаруашылығын қалай болғанда да игеру үшін жерді суару ерекше маңызды... Суару бәрінен де гөрі керек және бәрінен гөрі өлкені қайта құрады, оны жандандырады, ескіні келмеске жібереді, жаңа өмірге өтуді нығайтады" деп ирригация мәселесіне ерекше көңіл бөлген.
Күн сайын өсіп келе жатқан халқымыздың әл-ауқатын жақсарту, күнделікті талғам-талабын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін де, көлемін де арттыра түсу керек. Суармалы жерлердегі егістіктер - ауыл шаруашылығымызды өркендетудің негізгі бір қайнар бұлағы, байлық көзі. Сондықтан бұл саланы өркендету әрдайым назарда болғаны жөн. Әсіресе бұл мәселемен мемлекетіміз соңғы жылдары қатты шұғылданып келеді. Таяу жылдары еліміздің суармалы жер көлемі үдемелеп артып келешекте суармалы егіншілік дамымақ. Себебі республикамыздың табиғи жағдайда ылғалмен қамтамасыз етілген, жыртуға жарамды жерлері түгелімен егістікке игерілген, ал қалған егісікке жарамды жерлерді игеру үшін оларды міндетті түрде қолдан суару қажет.
Қазақстанның суармалы жер көлемі кезінде 2,4 млн гектар болса, оңғы жылдары көп төмендеп 1,0-1,2 гектардай. Олар негізінен оңтүстіктегі Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында. Болашақта осы облыстардағы мол сулы өзендер - Іле, Шу, Сырдария және басқа майда өзендердің суларын тиімді пайдалану арқылы Оңтүстік Қазақстандағы суармалы жер көлемін 2-2,2 млн. гектарға жеткізуге болады. Біраз жерлерді республикамыздың батысындағы Жайық өзені, ал республикамыздың шығысы мен терістігінде Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері арқылы суғарылмақ.
Мелиорацияны кең көлемде дамыту әр елдің техникалық және экономиалық мүмкіншіліктеріне тікелей байланысты.
Соңғы жылдары мелиорациялық жұмыстар мен техниканың дамуына байланысты қауыртт өріс

2.2. Органикалық және Минералдық тыңайтқыштар
Органикалық тыңайтқыштар - жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының органикалық қосылыстары түрінде кездесетін қоректік заттар. Органикалық тыңайтқыштар бұдан 3 мың жылдай бұрын Қытай мен Жапонияда қолданыла бастаған. Бұрынғы КСРО аумағында 14 - 15 ғасырлардан бастап ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыратын құрал ретінде кеңінен таралған. Органикалық тыңайтқыштарға көң, қи, құс саңғырығы, садыра, жасыл тыңайтқыштар, сабан, т.б. өсімдік қалдықтары, залалсыздандырылған тұрмыстық және өндіріс қалдықтары, ақаба сулардың тұнбалары, т.б. жатады. Өнеркәсіпте мочевина шығарылады. Органикалық тыңайтқыштар құрамында топырақтың ең маңызды агроникалық қасиеттеріне қажетті макро- және микроэлементтер бар. Топырақты қарашірікпен, қажетті химиялық элементтермен байытуға, оның ылғалдылығын молайтып, ауа мен су режимінің реттелуіне, физикалық қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік береді. Органикалық тыңайтқыштар ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоғарылатып, сапасын арттырады. Құнарсыз топырақты құнарландыру үшін және суландыру жүргізілген жерлерді игеру үшін міндетті түрде органикалық тыңайтқыштар себіледі. Көбіне топырақты жыртқан кезде тұқымды себуге дейін енгізіледі. Қопсыту кезінде өте шіріген қарашірік, тауық қиын, т.б., ал үстеп қоректендіргенде көбіне садыра және тауық қиын қолданады. Картоп, жүгері, көкөніс және техникалық дақылдарды, күздік дақылдарды, т.б. отырғызғанда оның шұңқырына салу тиімді. Жылыжайларда егістік бетін жабындауда қолданады. Органикалық тыңайтқыштарды қолданудың тиімділігі ылғалы жеткілікті аудандардағы шымды-күлгіндеу және орманның сұр топырақтарында жоғары, ал күлгінденген және сілтісіздендірілген қара топырақтарда төмендеу, құнарлы және қарапайым қаратопырақтарда төмен болады. Органикалық тыңайтқыштардың мөлшері дақылдың түріне және топырақ-климаттық жағдайға байланысты 15 - 60 тга-ға тең. Минералды тыңайтқыштармен бірге қолданғанда оның мөлшері азаяды. Құрғақшылық аудандарда жырту қабатының барлық тереңдігіне енгізіледі, ал ауыртопырақты жерлерде оның тереңдігі 15 - 18 см-ден аспауы керек.

Органикалық тыңайтқыштар және ауыспалы егісте тыңайтқыштарды қолдану. Көң. Барлық коректік заттар, оның ішінде микроэлементтер де бар, негізгі және ең тиімді органикалық тыңайтқыш. Оны жүйелі түрде енгізгенде топырақтың физикалық-химиялық сіңіру сыйымдылыры артады, қышқылдылығы төмендейді, ауысу катиондарының құрамы жақсарады және т.б. және биологиялық қасиеттері жақсарады. Көң садрасында орта есеппен 0,25% азот, 0,5% калий, 0,01% фосфор болады. Ірі қара малдан қорада тұрған кезде 2 т дейін садра жиналады. Құс саңрығы -- бағалы, тез әсер ететін тыңайтқыш. Макроэлементтермен бірге микроэлементтер де марганец, кобальт, мыс болады. Негізгі тыңайтқыш ретінде отамалы дақылдар плантациясына енгізеді. Компостар кордалар. Бұл органикалық тыңайтқыштардың жасанды қоспасы. Қоспалардың түрлеріне қарай шымтезеккөңді торфкөңді, торфсадралы, шымтезек-садралы және т.б. компостар болады. Торфкөңді шымтезеккөңді компосты танаптың маңайына дайындайды. Көктемде, жазда дайындағанда көңнің бір бөлігіне торфтың үш бөлігі, ал қыста дайындағанда торфтың бір бөлігі алынады. Дайындаудың кең тараған тәсілі -- қабаттардың кезекпен салынуы: бір қабат 20-30 см көң, бір қабат торф. Ертөленің штабель көлденеңі 4-5 м, биіктігі 1,5-2 м болады. Компостың танапқа енгізу мөлшері таза көңдей 20-40 тга.
Жасыл тыңайтқыш сидерат. Бұлай деп, өскеннен кейін белгілі бір кезеңінде топыраққа жыртып араластыратын өсімдік-сидераттарды атайды. Сидерат ретінде бұршақ тұқымдас өсімдіктерді көп біржылдық бөрі бұршақтар, сераделла, түйе жоңышқа және т.б. сондай-ақ, қыша, қарақұмық, күздік және жаздық рапс, күздік қара бидай, фацелия қолданылады. Жасыл тыңайтқыш топыраққа кешенді әсер етеді: азот пен қара шіріктің жиналуына, минералды заттардың жуылмауына және жауын-шашынды тиімді пайдалануға, эрозияның болмауына, топырақтың физикалық қасиеттерінің жақсаруына, танаптың арамшөппен ластанбауына, саңырауқұлақ ауруларының зияндығын кемітеді. Бұл тыңайтқыш өз алдына жеке сидератты өскен танабына жыртып араластырады, орып алып сидератты бір танапта өсіріп екінші, жақын жердегі сүрі танабына тасымалдап енгізеді, алшынкөк орып алғаннан кейінгі шыққан алшынкөгін сол танапқа жыртып енгізеді түрінде қолданады. Негізгі сидерат жіңішке жапырақты бөрі бұршақты күздіктерді себерден 20-25 күн бұрын сұрғылт бұршақ кезеңінде ауыр топырақтарда 12-15 см, жеңіл топырақтарда 15-20 см тереңдікке жыртып араластырады. Тыңайтқыштарды танаптарға енгізуге теңгермелік баланстық есептеу әдісі қолданылады. Мұнда өсімдіктердің топырақтан және тыңайтқыштардан қоректік заттарды пайдалану коэффициентін дифференциалды түрде қолданады. Қоректік заттарды пайдалану аймақтың топырақ-климат жағдайына, агротехникаға, өсімдіктің және сорттың биологиялық ерекшеліктеріне тәуелді. Оны 1 тонна тау-арлы өніммен соншалықты қосалқы өнімге киломен кг көрсетеді. Қоректік заттарды пайдалану коэффициентін дақылға, сортқа, топырақ типіне, тыңайтқыштың түрі мен формасына қарай дифференциялайды.
Тыңайтқыштан жоғары тиімділікті енгізу мерзімі мен тәсілін дұрыс байланыстыра отырып алуға болады. Тыңайтқышты қолданудың екі тәсілі бар: топырақ бетіне тегіс шашу және топыраққа енгізу. Қолданылу уақытына қарай тыңайтқыштар негізгі егуге дейін, егу кезіңде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы суармалы егіншілік және оның тиімділігі
Мақтаарал ауданы Арай ежелгі суармалы құмбалшықты сәл сортаңданған шалғынды сұр топырағының агрохимиялық көрсеткішінің динамикасы
Мақтарал ауданы жер телімінің топырақ мониторингі
Ауыл шаруашылығында ауа райының жағдайларына байланыс-ты және оған егілетін егіннің түрлеріне қарай жер өңдеудің әртүр- лі жүйесі
Ауыспалы егіс тізбектерінің топырақ құрылымына және құнарлығына қарқындылық әсері
Ауыспалы егісте тыңайтқыш қолдану жүйесі
Топырақ туралы түсінік, топырақтану ғылымы
Топырақ өңдеудің мәселесі
Жүгері топырақтан қоректік заттарды мол алатын дақыл
Топырақ табиғи тарихи дене және ауыл шаруашылығының өндірісінің дүниесі
Пәндер