Шөлейтті аймақ топырақтары, олардың жіктелуі және ауылшаруашылығында пайдалану



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Шөлейттік аймақ топырақтары, олардың жіктелуі.
2.2 Шөлейттік аймақ топырақтарын ауылшаруашылығында пайдалану.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Шөлейтті даланың қоңыр топырағы күрт континентальды климатта, сирек өсімдіктер астында дамып пайда болған. Топырақ бетіне түсетін органикалық қалдықтардың аздығы, олардың тез минерализациялануы, жеңіл еритін тұздардың әлсіз шайылуы, топырақта гумустың әлсіз шоғырлануына, кескіннің нашар дамуына және тектік қабаттарға айқын бөлінуіне алып келеді.
Шөлейттік аймақтың негізгі топырақ түріне шөлейттік қоңыр топырақ жатады, оның алабы, шабынды далалық қоңыр және кебір топырақтар кешенімен бірге есептегенде, 94 млн га-ға жуық немесе ТМД топырақтарының 4,2 процентіне тең.
Шөлейттік қоңыр топырақ негізінен Каспий мен Арал теңіздері солтүстік жағалауында және Сарыарқаның оңтүстік бөлігінде дамыған.
Шөлейттік аймақ климаты ерекшелігіне – ыстық жазы, суық қысы және құрғақшылығы жатады. Жыл бойындағы жауын-шашын түсімі 125-250 мм тең, оның үштен бір бөлігі жаз кезіне келеді. Құрлықтан булану мөлшері ылғал түсімінен 4-5 есе артық немесе 700-900 мм тең. Сондықтан топырақта ылғал жетіспейді. Аймақтың қысы қысқа, суық, қары аз, күшті желді келеді. Қардың қалыңдығы 20 см аспайды, кей жылдары ол 10 см жауады. Көктем мұнда қысқа, шамалы ылғалды, жазы ұзақ, ыстық және құрғақ күйде қалыптасқан. Ең жылы айдың (шілде) орташа температурасы +20,5 +26,5оС, сл суық айда (қаңтар) -10 -15оС-қа тең.
Жылдық орташа температура -6 -7оС, үсік (суық) болатын кезең 160-190 күн аралығында ауытқиды. Температурасы 5оС-тан жоғары күндер жиынтығы 176-212, ал 10оС-тан жоғары күндердегі тиімді температура жиынтығы 3000-3700оС жетеді.
Шөлейттік аймақтың жер бедері бір қалыпты емес. Егер Солтүстік Каспий ойпатында ол негізінен тегіс жайылма жазық болып келсе, Оңтүстік Орал тауы мен Үстірттер терең өзен қойнаулары және тармақталған бөліктерден тұрады. Сарыарқаның (Орталық Қазақстан) жер бедері аса биік емес, оны шоқылар мен шоқы аралық кең алаптар құрады.
1. Ошақбаева Ж.О. «Мелиоративтік топырақтану» оқу құралы, 2010 ж.
2. Тазабеков Т.Т. «Топырақтар георафиясы» оқулық, Алматы 2000ж.
3. Т.тазабеков, С.Қалдыбаев, Е.Тазабеков «Топырақтану», Алматы 2004 ж.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Топырақтану және агрохимия кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Шөлейтті аймақ топырақтары, олардың жіктелуі және ауылшаруашылығында пайдалану.

Орындаған: Ануарбеков С.
ПА-405Қ
Қабылдаған: Қараева Қ.

Алматы 2016жыл
Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Шөлейттік аймақ топырақтары, олардың жіктелуі.
2.2 Шөлейттік аймақ топырақтарын ауылшаруашылығында пайдалану.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Шөлейтті даланың қоңыр топырағы күрт континентальды климатта, сирек өсімдіктер астында дамып пайда болған. Топырақ бетіне түсетін органикалық қалдықтардың аздығы, олардың тез минерализациялануы, жеңіл еритін тұздардың әлсіз шайылуы, топырақта гумустың әлсіз шоғырлануына, кескіннің нашар дамуына және тектік қабаттарға айқын бөлінуіне алып келеді.
Шөлейттік аймақтың негізгі топырақ түріне шөлейттік қоңыр топырақ жатады, оның алабы, шабынды далалық қоңыр және кебір топырақтар кешенімен бірге есептегенде, 94 млн га-ға жуық немесе ТМД топырақтарының 4,2 процентіне тең.
Шөлейттік қоңыр топырақ негізінен Каспий мен Арал теңіздері солтүстік жағалауында және Сарыарқаның оңтүстік бөлігінде дамыған.
Шөлейттік аймақ климаты ерекшелігіне - ыстық жазы, суық қысы және құрғақшылығы жатады. Жыл бойындағы жауын-шашын түсімі 125-250 мм тең, оның үштен бір бөлігі жаз кезіне келеді. Құрлықтан булану мөлшері ылғал түсімінен 4-5 есе артық немесе 700-900 мм тең. Сондықтан топырақта ылғал жетіспейді. Аймақтың қысы қысқа, суық, қары аз, күшті желді келеді. Қардың қалыңдығы 20 см аспайды, кей жылдары ол 10 см жауады. Көктем мұнда қысқа, шамалы ылғалды, жазы ұзақ, ыстық және құрғақ күйде қалыптасқан. Ең жылы айдың (шілде) орташа температурасы +20,5 +26,5оС, сл суық айда (қаңтар) -10 -15оС-қа тең.
Жылдық орташа температура -6 -7оС, үсік (суық) болатын кезең 160-190 күн аралығында ауытқиды. Температурасы 5оС-тан жоғары күндер жиынтығы 176-212, ал 10оС-тан жоғары күндердегі тиімді температура жиынтығы 3000-3700оС жетеді.
Шөлейттік аймақтың жер бедері бір қалыпты емес. Егер Солтүстік Каспий ойпатында ол негізінен тегіс жайылма жазық болып келсе, Оңтүстік Орал тауы мен Үстірттер терең өзен қойнаулары және тармақталған бөліктерден тұрады. Сарыарқаның (Орталық Қазақстан) жер бедері аса биік емес, оны шоқылар мен шоқы аралық кең алаптар құрады.
Топыраққұраушы жыныстарға Солтүстік Каспий ойпаты бетінде лөс түрлі құмбалшықтар астында теңіз трансгрессиясы (басу) шөгінділері жатады. Олардан басқа түрлі литологиялық құрамы мен сортаңдану дәрежесі бар, алювиальды-көлдік және ежелгі кезеңдік құмды - құмдыбалшықты шөгінділер кездеседі. Оңтүстік Орал тауы етегіндегі үстірт әктас пен балшықты тақта тастардан тұрады. Сарыарқаның аласа төбе беткейлерінде сары-қоңыр түсті карбонатты лөстүрлі, қиыршық тасты, кескіні толық дамымаған құмбалшықтар тараған. Құрлық бетіне көбінесе кристалды (тасты) жыныстар шығып жатады. Бұлардан басқа, бұл өңірде үштік дәуірдің түрлі-түсті сортаң шөгінділері де бар. Бұрынғы өзен қойнаулары пролювийлі-алювийлі механикалық құрамы бір қалыпты емес және сортаңданған шөгінділерден құралған.
Торғай үстірті (плато), ұсақ тас төсенішті, қоңыр түсті, көбінесе сортаңды, шаңды ауыр құмбалшықтардан және жеңіл механикалық құрамды жыныстардан тұрады.
Шөлейттік аймақта ыза деңгейі терең жатады да, топыраққұралу үрдісіне әсерін тигізбейді.
Шөлейттік аймақтың өсімдік жамылғысын құрайтын түрлер көп емес және ол өте сирек - топырақ бетін 30-40 проценттей жабады. Тек қана, ылғал құбылымы жайлы, кебірленбеген, қоңыр құм мен құмайт топырақтарда ғана өсімдік бітіктеу: онда құм жусанды, құм зиресі, жерарда сүттігені, шөл бидайығы, бетеге және түрлі астралар өседі. Құмбалшықты топырақтарда жусанды, бетегелі-жусанды, жусанды-бұйырғын және бұйырғын-көкпекті топтар (эфемерлер аралас), кебірленген тектерінде түрлі жусандар, изен, көкпек, бұйырғын, ромашник (кестежусан) көп.
Шөлейттік қоңыр топырақ бетін көбінесе қыналар мен көгілдір балдырлар, көтеріңкі учаскелерді қоңырбас пен жусандар басқан.
Ағаш тектес өсімдіктерден жүзгін, тұз бен құрғақшылыққа төзімді бұталар кездеседі. Ағаштар өзен жайылмалары мен сайларға бейім: мұнда терек, жыңғыл, көктерек, қайың, ұсақ жапырақты ағаш тоғайшаларын кездестіруге болады. Ежелгі атырауларда сексеуілдер жайласқан. Ұсақ төбелер құрайтын қатты жыныс бетіндегі үгіндіде қарағайлар өседі.
Ойпаң жерлердің шабынды далалық қоңыр топырағын масақты және масақты түрлі шөп өсімдіктері жайлаған. Шабынды сорлар мен сортаң жерлерді түрлі сораңдар (галофиттер) басқан.


2.1 Шөлейтті аймақ топырақтары, олардың жіктелуі.
Шөлейтті аймақтың қоңыр топырағы. Шөлейтті даланың қоңыр топырақ кескін бетінде - элювиальды қабат (А1) орналасқан, түсі сұр қоңыр немесе күлгіндеу сұр, бірікпесі борпылдақ және құрылымы қабатталған. Көп жағдайда ең беткі қабатта қабатталған жұқа қабыршақ кездеседі. Гумус қабатының қалыңдығы 10-15 см. Оның астында гумусты-иллювиальды қабат (В1) орналасқан, түсі күңгірт қызыл қоңыр, нығыздалған, сынықты, түйіртпектілігі ірі кесекті немесе сеңді. А1В1 қабатының қалыңдығы 30-35 см. Гумусты-иллювиальды қабаттың астында карбонатты қабат (Вк) орналасқан, түсі біркелкі емес сарғыштау-қоңыр, ақ карбонат дақтарымен көмкерілген.
Карбонатты қабаттың бірікпесі өте тығыз, түйіртпектілігі кесекті немесе жаңғақты. 80-100 см тереңдікте гипс ерекшеленеді, оның астында жеңіл еритін тұздар орналасқан.
Тұздар, оның ішінде натрийлі, органикалық қалдықтардан минерализацияланған кезде және жыныстар үгілгенде пайда болады, олар терең шайылмайды, сондықтан натрийдің сіңірілу кешеніне енуіне жағдай жасалынады, ол шөлейтті дала қоңыр топырақтарының кебірленуіне алып келеді. Кебірлену бұл топыраққа тән қасиет.
Шөлейтік қоңыр топырақтың негізгі тектік ерекшелігі құралу жағдайлары өзгешелігінде, атап айтқанда, ауа райы құрғақшылығы мен өсімдік жамылғысының аз өнімділігінде Н.Вазилевичше бұл аймақта жалпы өсімдік биомассасы мөлшері 1га 100 ц шамасында. Ал жасыл өсімдік түсімі 1 га 4-5 ц аспайды және оның негізін тамыр қалдықтары құрайды. Өсімдік жамылғысы құрамында қарашірінді түзілуін тежейтін көпжылдық бұталы талшыбықтар бар. Оған жыл бойы түсетін атмосфералық ылғалдың аздығы мен температураның жоғары болуы да себепші. Сондықтан қарашірінді құралу мен ыдырау үрдістері қысқа мерзімде, көбінесе көктемде, топыраққа тән қасиеттер, органикалық заттардың бұзылуы артық болуына байланысты олар тез ыдырайды. Сондықтан өсімдік қалдықтары ыдырауынан біраз сілтілі металл-күлдік элементтер (200 кгга) жиналады. Олардың құрамындағы натрий тұздары терең шайылмайды да, бұл катион топырақ сіңіру кешеніне еніп, шөлейттік қоңыр топырақтың кебірленуіне себептеседі. Ал кебірлік жиек осы топырақтың аймақтық белгісі болғандықтан, В.Докучаев оны қоңыр кебірленген топырақ деп атаған. Бірақ жеңіл механикалық құрамды топырақтарда бұл қасиет онша дамымаған. Сондай-ақ шөлейттік қоңыр топырақтарға ғаныш пен жеңіл еритін тұздардан және карбонаттардан аз шайылғандық (сілтісіздену) қасиет тән.
В.Докучаев (1900ж) қара қоңыр және қоңыр топырақтарды әуелі бөлек көрсетсе, кейін оларды қара қоңыр және қоңыр топырақтар деп бір типке біріктірген. Н.Сибирцевте (1901ж) оларды бір типке жатқызып, тек қана қоңыр топырақ типшесі ретінде көрсеткен. Соңыра шөлейттік қоңыр топырақтар өз алдына бөлек тип ретінде көрсетіліп, таратылу шекаралары мен тектік белгілері анықталады.
Шөлейтті даланың қоңыр топырақтарын типшелерге бөлу гумустенуіне және жеңіл еритін тұздардан сілтісізденуіне байланысты, ал өз кезегі бойынша жергілікті жағдайға (топырақтың механикалық құрамына, жыныстардың ерекшеліктеріне, жату жағдайына) және олардың даму ерекшеліктеріне байланысты болады.

1-кесте. Шөлейтті дала топырағының жіктелуі.
Типше
Тек
Негізгі шөлейтті даланың қоңыр топырағы (каспий маңайындағы)
Кебірленген кәдімгі (тұзданған) қалдығы-кебірленген солодтанған
Ашық шөлейтті даланың қоңыр топырағы (Қазақстандық)
Сортаңданған
Карбонаттанған
Бос құмды
Кебірлі-сортаңданған
Қалдықты гипсті
Толық дамымаған (қатты жыныста)
Гипссіз шөлейтті даланың қоңыр топырағы (Орта Азиялық)
Гипссіз

Шөлейтті даланың қоңыр топырақтар текке бөлінуі, олардың кебір, сортаң және карбонаттылығына байланысты.
Негізгі шөлейтті дала қоңыр топырағының тегі типтік топырақтың қасиетін және нышанын сақтаған.
Кебірленген топырақтың сіңірілген кешенінде 3-тен 15 пайызға дейін натрий кездеседі. Гумус қабатының астыңғы жағы нығыздалған, түйіртпектілігі кесекті - призмалы немесе сеңді. Бұл топырақта кебірленбеген қоңыр топыраққа қарағанда карбонатпен жеңіл еритін тұздар бетіне жақын орналасқан.
Қалдықты - кебірлі солодтанған топырақтың гумус қабатында солодтанудың нышаны байқалады, яғни кремнийдің ақшыл ұнтасы байқалады, түйіртпектілігі жапырақты, бірікпесі кеуекті.
Гумус қабатының астыңғы жағы аздап кебірленген онда сіңірілген тұздар кездеседі.
Сортаңданған топырақ 1 метр тереңдік аралығында жеңіл еритін тұздар кездеседі.
Карбонатты топырақ беткі қабаттан көпіршиді және олардың шоғыры ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи жағдайлары
Алматы облысы Көксу ауданы «Үйгентас» ЖШС топырақтары және оларды ауылшаруашылығында пайдалану
Қазақстанның топырақ жамылғысы туралы
Топырақтың сіңіру қасиеті
Алматы облысы Талғар ауданы "Айршир" АҚ-ның қара-қоңыр топырағының ауылшаруашылығында қолдану нәтижесінде құнарлылық көрсеткіштерінің өзгеруі
ҚР топырағының экологиялық мәселелері. Эрозия және дегредациясының әсерінен жер ресурстарының бұзылуы. Мұнай химиялық заттардың, ауыр металлдардың, органикалық заттардың топыраққа әсері
Қазақстан топырақтарының экологиясы
Кеген өзені алабы
Сайрам ауданының егістіктегі топырақтарының құнарлылығы
Тропиктік белдеулер топырақтары қызыл топырақ - топырақ түрі
Пәндер