Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің тууы, даму тарихы мен кезеңдері. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы. Қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдар
1. Кіріспе бөлім:
1.1. Эстетикалық ой.пікірлердің тууы мен қалыптасуы
2. Негізгі бөлім:
2.2.Әдеби . эстетикалық ойлардың дамуы
2.3.Эстетикалық, әдеби.ой пікірлердің кезеңдері
3. Қорытынды
3.3. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңдері
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Эстетика терминінің бертін келе енгеніне қарамастан, эстетикалық ой тарихы ең кем дегенде 2,5 мың жылды алып жатыр. Біздің эрамызға дейінгі бірінші мың жылдықтың өзінде-ақ Көне Қытай, Үнді, Грекия ойшылдары адамдардың нақты шындықтың көптеген құбылыстарын сезім арқылы қабылдау барысында белгілі бір көңіл-күйлерге таңдану, жеріну, қайғыға ортақтасу, ашулану, сүйсіну, елжіреу, әзілдеу, тебірену, толқу және т.с.с. бөленетіндігін әрі әлемге деген таза танымдық қатынастан оның өзіндік сезімдік тебіреніс сипатымен ерекшеленетіндігін байқаған. Осы тебіреніс толқулар неліктен пайда болады деген сұраққа жауап іздеу барысында көне дүние ғұламалары эстетикалық ойды дамытқан. Нәтижесінде, «сұлулық», «әсемдік» және оған қарама-қарсы «трагедиялық» және «комедиялық» туралы алғашқы түсініктер қалыптасты.
Эстетикалық ойдың даму тарихына қысқаша экскурсия жасап, көз жүгіртіп өтсек, онда барлық философиялық ғылымдардың бесігі болып табылатын Грекиядан бастау заңды.
Антикалық эстетика ежелгі грекиялық және римдік мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Антикалық эстетиканың негізгі ерекшеліктерінің бірі оның космологизмі. Космологизм деп ғарыштық үйлесімділік пен әсемдікті әлемнен де орын алады деген көзқарастарды айтады. Көне гректердің түсінуінше, ғарыш денелерінің қозғалысында болсын, орналасуында болсын өзіндік жарастық, үйлесімдік, гармония бар. Сол гармонияны адам өз әлемінен де, яғни өз қолынан жасап шығарған заттардан да табуға тырысады. Соның нәтижесінде адам әлемі микрокосм. Адамның өнері макрокосмға ұқсап бағуынан, еліктеуінен туады. Осылайша, гректік ойшылдардың көбі, олардың барлығы деп айта алмаймыз, өнер табиғатын мимесиспен байланыстырған.
Эстетикалық категория тұрғысындағы «гармония» ұғымын тұнғыг Пифагор мен оның мектебінде кездестіреміз. Пифагор үшін болмыстың негізінде жатқан, сан тікелей гармонияға, ішкі үйлесімділікке, өлшемділікке сай. Өнер түрлері үшін де әсіресе музыка өзінің гармониялығымен адам жанын толғандырып, ғарыштық үйлесімдікті танытады. Тіпті, онымен қоймай. өнер адам жанын да, тәнін де ауру кесел, бәлекеттерден тазартады деп білген. Осы тұста антикалық эстетиканың келесі бір категориясы катарсиске тоқталып кетейін.

1.Әдебиеттану.Терминдер сөздігі (Құрастырғандар: З.Ахметов, Т.Шаңбаев) Алматы: Ана тілі, 1998. 384 б.
2.Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы: Санат, 2007. 360 б.
3.Қаратаев М. Эпостан эпопеяға. Алматы: Жазушы, 1987
4.Ысмайылов Е. Сын және шығарма. Алматы: ҚМКӘБ. 1960.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ №1-4
Тақырыбы: №1 Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің тууы, даму тарихы мен кезеңдері (реферат).№2 Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы (конспект) №3 Қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдар (конспект) №4 Қазіргі әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері
Пәні: Әдебиет теориясы
Тобы: Қ-217
Орындаған: Султанмуратова Ф.Қ
Тексерген: Құрмамбаева Қ.С
Семей, 2015
ЭСТЕТИКАЛЫҚ, ӘДЕБИ ОЙ-ПІКІРЛЕРДІҢ ТУУЫ, ДАМУ ТАРИХЫ МЕН КЕЗЕҢДЕРІ
Жоспары:
1. Кіріспе бөлім:
1.1. Эстетикалық ой-пікірлердің тууы мен қалыптасуы
2. Негізгі бөлім:
2.2.Әдеби - эстетикалық ойлардың дамуы
2.3.Эстетикалық, әдеби-ой пікірлердің кезеңдері
3. Қорытынды
3.3. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңдері
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Эстетика терминінің бертін келе енгеніне қарамастан, эстетикалық ой тарихы ең кем дегенде 2,5 мың жылды алып жатыр. Біздің эрамызға дейінгі бірінші мың жылдықтың өзінде-ақ Көне Қытай, Үнді, Грекия ойшылдары адамдардың нақты шындықтың көптеген құбылыстарын сезім арқылы қабылдау барысында белгілі бір көңіл-күйлерге таңдану, жеріну, қайғыға ортақтасу, ашулану, сүйсіну, елжіреу, әзілдеу, тебірену, толқу және т.с.с. бөленетіндігін әрі әлемге деген таза танымдық қатынастан оның өзіндік сезімдік тебіреніс сипатымен ерекшеленетіндігін байқаған. Осы тебіреніс толқулар неліктен пайда болады деген сұраққа жауап іздеу барысында көне дүние ғұламалары эстетикалық ойды дамытқан. Нәтижесінде, сұлулық, әсемдік және оған қарама-қарсы трагедиялық және комедиялық туралы алғашқы түсініктер қалыптасты.
Эстетикалық ойдың даму тарихына қысқаша экскурсия жасап, көз жүгіртіп өтсек, онда барлық философиялық ғылымдардың бесігі болып табылатын Грекиядан бастау заңды.
Антикалық эстетика ежелгі грекиялық және римдік мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Антикалық эстетиканың негізгі ерекшеліктерінің бірі оның космологизмі. Космологизм деп ғарыштық үйлесімділік пен әсемдікті әлемнен де орын алады деген көзқарастарды айтады. Көне гректердің түсінуінше, ғарыш денелерінің қозғалысында болсын, орналасуында болсын өзіндік жарастық, үйлесімдік, гармония бар. Сол гармонияны адам өз әлемінен де, яғни өз қолынан жасап шығарған заттардан да табуға тырысады. Соның нәтижесінде адам әлемі микрокосм. Адамның өнері макрокосмға ұқсап бағуынан, еліктеуінен туады. Осылайша, гректік ойшылдардың көбі, олардың барлығы деп айта алмаймыз, өнер табиғатын мимесиспен байланыстырған.
Эстетикалық категория тұрғысындағы гармония ұғымын тұнғыг Пифагор мен оның мектебінде кездестіреміз. Пифагор үшін болмыстың негізінде жатқан, сан тікелей гармонияға, ішкі үйлесімділікке, өлшемділікке сай. Өнер түрлері үшін де әсіресе музыка өзінің гармониялығымен адам жанын толғандырып, ғарыштық үйлесімдікті танытады. Тіпті, онымен қоймай. өнер адам жанын да, тәнін де ауру кесел, бәлекеттерден тазартады деп білген. Осы тұста антикалық эстетиканың келесі бір категориясы катарсиске тоқталып кетейін.
Катарсис (грек. тазарту) адам жаны мен тәнін тазарту, рухы және ағзалық сергектену дегенді білдіретін ұғым. Катарсис ұғымы антикалық философиядан алынған. Көне гректер катарсисті денсаулықтағы бұзылған үндестікті қалпына келтіру үшін тазарту жүргізу әдістері деп қарастырған. Нақты медициналық мағынасымен қатар қатар катарсис эстетикалық ұғым деңгейіне көтерілген сөз. Антикалық эстетикада катарсис адамға өнердің қалай әсер ететіндігін көрсету үшін пайдаланылған. Онда катарсис, әсіресе, музыка, поэзия мен трагедияны адамның рухы мен жанын тазарту жолындағы маңызын білдірген.
Пифагор және оның жолын қуушылар адам жанын кесапаттан тазарту үшін белгілі бір жүйемен алынған әуен, музыканы қолдану жолын ұсынған. Олардың түсінуінше, музыка ғарыш үндестігінің жердегі көрінсі болғандықтан тек жан сарайын тазалап ғана қоймайды, сонымен қатар, ағза ауруларынан да арылуға әсер етеді деп білген.
Платон болса катарсисті өнердің бір түріне ғана емес, жалпы өнердің өзімен байланыстырады. Оның айтуынша, катарсис жан дүниені нәпсілік, ағзалық ниеттен арылту деген мағынаға ие.
Аристотель де катарсисті өнердің эстетикалық пәрменді әсері деп танып, әсіресе трагедия жанрының адамның қорқыныш пен қайғыға ортақтасу сияқты қасиеттерінің нәтижесінде жанды бейқамдықтан, бойкүйездіктен арылтады деп қарады.
Калокагатия термині өзінің амбиваленттілігіне (екіжақтылығына) байланысты этикада болсын, эстетикада болсын кең пайдаланылады. Калокагатия термині грек тіліндегі екі сөздің қосындысынан шыққан. Дәлме-дәл аударатын болсақ, ізгі сұлулықты, яғни жан сұлулығы мен тән сұлулығының үндестігін білдіреді.
Грек мәдениетіндегі калокагатия мұраты бекзаттық тәрбиенің негізін қалаған. Сондықтан да, бала өсіру, тәрбиелеу ісінде гимнастикалық тәрбиемен қатар музыкалық тәрбиеге де көңіл бөлінген. Яғни, риторика (шешендік өнер), грамматика, тарих, поэзия және т.с.с. басты назар аударылған. Эстетикаға калокагатия ұғымын енгізген Сократ дана болатын. Шынайы сұлулық ізгі сұлулық деген көзқарас кейінірек келе бүкіл Еуропалық эстетиканың орталық принципіне айналып кетті.
Әдебиеттану - көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым. Сөз өнерінің түп төркінін, тегін, туу, қалыптасу тарихын, даму заңдылықтарын, көркемдік және эстетикалық ерекшеліктерін зерттейді. Негізгі салалары үшеу: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны. Жанама тараулары -- текстология, тарихнама, библиография. Әдебиет теориясы әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Сөз өнерінің ерекшеліктерін, қоғамдық рөлін, көркем шығарманы танудың принциптерін, талдауын, әдістері мен методологиясын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен ағыс мәселелерін тексереді, талдайды. Сонда әдебиет теориясының зерттеу объектісі де үшеу болғаны -- әдебиет, әдеби шығарма, әдеби процесс. Әдебиет дегенде, оның тағы да үш түрлі яки, таным тарапындағы, тәрбие саласындағы және эстетикалық мәні мен мәнісі дара-дара сараланады. Әсіресе эстетикалық табиғатына ерекше назар аударылады. Әдеби шығарма дегенде, мәселен, роман яки поэма талдана қалған жағдайда оның мазмұны мен пішініне айналған шындық оқиғадан туатын кем дегенде бес түрлі сауалға жауап беру шарт: Қандай оқиға болды? Оқиға қалайша болды? Оқиға кімдердің басында болды? Оқиға қалай баяндалған? Болған оқиғаға автордың көзқарасы қандай? Осы сұрақтарға жауап беру барысында шығарманың тақырыбы мен идеясын, сюжет пен композициясын, типі мен характерін, суреткердің тілі мен стилін, дүниетанымы мен көркемдік әдісін талдап-тексеру арқылы әдеби шығарманың сыры мен сипатын тұтас танып-білуге болады. Ал әдеби процеске келсек, мұндағы ең басты мәселе -- жанр және жанрлық түрлер, мұны тексерудегі негізгі принцип -- тарихилық. Нәтижесінде -- сөз өнеріндегі тек пен түрді, бет пен бағытты айқындау. Осылардың бәрін тек әдебиет теориясын терең білген адам, сол арқылы өз дәуірінің талабы дәрежесінде өзінің эстетик. талғамын қалыптастырған адам ғана істей алады. Бұл ретте, әдебиет теориясы көркем шығармашылықтың психол-сы мен ерекшеліктеріне қатысты суреткер лабораториясынан да белгілі мөлшерде нақты мәліметтер берері даусыз. Сонымен, әдебиет теориясын білмей, қандай да болса әдеби құбылысты нәзік түсіну, шынайы сөз өнерінің шындық өмірге қарым-қатынасын білу, әдебиеттің өсіп-өрбуіндегі заңдылықты ұғу, сайып келгенде, күллі ілгерішіл адам баласының жалпы көркемдік дамуындағы сыр-сипатты тану мүмкін емес.
Әдебиет теориясының ереже секілденген эстетикалық қағидалары мен қисындары -- әшейін ойдан туа салған нәрсе емес, әдебиет тарихы арқылы табылып, тексеріліп, жүйеленген ұшан-теңіз нақты әдеби деректерді терең және жан-жақты талдау, байыптау нәтижесіеде қорытылған толғамдар, түйін-тұжырымдар (қазақ әдебиеті теориясы). Әдебиет тарихы жалпы сөз өнерінің әр халықтың тарихында қалай пайда болғанын, қайтып қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейді. Әр ұлттың атамзаманғы сәбилік шағында, жазу-сызуы жоқ кезінің өзінде ауыз әдебиеті өрбігенін, одан ілгерілей келе жазба әдебиеті өніп-өрістегенін, сөйтіп оның көркемдік дамуы қай заманда қай бағытта болғанын саралайтын да, сын көзімен сұрыптап, сарапқа салатын да әдебиеттің тарихы. Сонымен қатар бұл ғылым әр дәуірдің әдеби нұсқасына тарихи тұрғыдан қарап, оның сапасын сол тұстың сана сатысына, ой өрісіне байланыстыра тексереді. Олай етпей, ауыз әдебиетінің нұсқалары болсын, жеке жазушылар шығармашылығы болсын, әділ бағаланып, әдеби дамудағы өзіне лайық орнын алуы мүмкін емес. Мұның өзі Қазақстанның жоғары оқу орындары соңғы отыз жыл бағдарында тұрақты оқулық ретінде пайдаланып келе жатқан "Сөз өнерінде" бір ғана өлең эволюциясы арқылы дәлелденеді: "[[Жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым, тату елге жақсылық қылдым, төрт бұрыштағы халықтың бәрін бейбіт қылдым, тату қылдым]]" деп келетін Орхон жазуындағы жырлардың қазақша аудармасын бүгінгі биік талғаммен өлшесек, эстетик. құны онша мықты емес. Ал тарихтық тұрғыдан тексеріп, танымдық мәнін, ғылымдық маңызын бағалап, қазақтың халық ретінде қалыптаса бастаған тұсындағы әдеби, мәдени мүлкінің ажарын аңғарып, енді дәл осы іспеттес өлең сөздің 15 ғасырладағы белгілі Доспамбет жыраудың: "
Ағарып атқан таңдай деп, шолпанды шыққан күндей деп, май қабақта ағалардың аты жусап жатыр деп, ақ шаңдақты құрып қойған шатыр деп, жазыда көп-ақ жортқан екенбіз" деген толғауындағы жыр тілінің төгіле жөнелетін шалқыма шешендікке ғана емес, әдемі айшыққа дейін қалай жеткенін байқаймыз да, қазақ өлеңінің ғасырлар бойы қандай жолмен сатылап дамығанын топшылаймыз. Осының бәрін тек әдебиеттің тарихы арқылы ғана танып-білуге болады. Бірақ бұл қазақ поэзиясының есею, жетілу барысындағы мың белгінің тек біреуі ғана. Ал бүкіл әдебиеттің қалыптасу, даму тарихын жан-жақты талдап-түсінуде Әдебиеттанудың әлгі саласының атқарар қызметі орасан зор (қазақ әдебиеті тарихы).
Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан-жақты талдау, оның идеялық-көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан, жазушыға жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның шығармашылық өсуіне тікелей қолқабыс жасаса, екінші жағынан, оқырманды оқығандарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды. Бұл ретте, сыншыны жазушы мен оқырманның екеуіне ортақ ара дәнекер десе де болар еді. Бірақ бұл аз. Сыншы -- қалың оқырманның өскелең талабы мен талғамының жаршысы, әдеби құбылысты жалпы мемлекеттік мүдде тұрғысынан пайымдайтын қоғамдық ой-пікірдің озғын өкілі. Олай болса, жалпы әдебиетті дамытудағы сыншының күші, жазушыға деген сынның ықпалы оның оқырманға тигізер әсеріне, қалың көпшіліктің көркемдік талғамын қалыптастыруына тығыз байланысты. Сын тек жазушы үшін ғана емес, оқырман үшін де жазылады. Оның көркем шығармаға қосалқы комментарий емес, өз алдына жеке шығарма болып табылатыны да сондықтан. Әдеби сында көркем шығарманы бағалаудың жолдары, тәсілдері, шарттары бар. Мұны білу, игеру сыншының берік принципін, зор мәдениетін, нәзік түсінігін, өрелі ойын, терең білімін, биік талғамын керек етеді. В.Белинскийдің анықтауынша "сыншы таланты-сирек талант, сыншы жолы -- тайғақ һәм қатерлі жол" да, шын мәніндегі әдеби сын -- қимыл, қозғалыс үстіндегі эстетика. Ал эстетика -- әдемілік туралы ілім болуының үстіне қоғамдағы көркемдік даму тәжірбиесінің теорияcын жинақталуы. Сыншының өзіндік сыры, сынның өзгеше сипаты осы арада жатыр (қазақ Әдебиет сыны). Сонымен қатар әдебиет туралы ғылымның жоғарыда аталған негізгі үш саласы (теориясы, тарихы, сыны) өзара тығыз бірлікте: әдебиеттің теориясын нәзік түсінбей тұрып тарихы жайлы әңгіме қозғау, тарихын білмей тұрып сынын өрбіту мүмкін емес. Бұл бірліктін Әдебиеттанудың жанама тараулары да сырт қалмайды; олардың да мазмұны, пішіні, атқарар қызметі осыған негізделеді. Текстология -- әдеби туындылардың мәтінін зерттеп-танудың принциптері мен әдістерін анықтайтын арнаулы ғылыми пән.
Текстология көркем шығарманың түпнұсқасын талдап, оның автор қолымен жасалған ақтық редакциясын анықтайды, әр алуан нұсқаларын өзара салыстырады, әр басылымын қолжазбамен салғастырады; мәтіннің автор еркінен тыс қысқарған жерлері немесе бөгде қолмен орынсыз өзгертілген тұстары болса, қалпына келтіреді; түпнұсқаны көшіріп басқандар мен әріп терушілер тарапынан кеткен, ең арғысы, емле қателері болса да ұқыппен түзеп отырады. Әдеби тарихнама -- әдебиет теориясының, тарихының, сынының ғасырлар бойғы тарихи дамуы туралы дәйектемелер мен деректер, мәліметтер мен құжаттар жинағы. Мұның өзі, көбіне, бірыңғай ғылыми мақсат үшін керек. Әдебиеттің теориясына, тарихына не сынына қатысты қандай арнаулы мәселе болмасын, оны зерттеудің көлемі мен тереңдігі, мәні мен маңызы сол мәселенің тарихнамалық материалының мөлшері мен мазмұнына қарай белгіленеді. Библиография -- көркем әдебиеттің өзіне және әдебиет туралы ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер жиынтығы. Бұл да ғылыми мақсат үшін керек. Әдебиет пен Әдебиеттану тарапындағы қандай арнаулы зерттеулер болсын, оған қажет нақты материалдардың -- мәтіндер мен мәністеулердің, сын мақалалар мен зерттеу еңбектерінің бәрін библиография көрсеткіштер мен анықтамалар арқылы іздеп тауып пайдалануға болады.
Әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу, даму тарихы тым әріде жатыр. Бүкіл әлем шеңберінде алып қарасақ, сөз өнері, оның сыры мен сипаты туралы топшылаулар, көркемдік таным мен талғамның алғашқы белгілері грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын көне Қытайдың "Ән кітабы", "Құбылу кітабы", ежелгі Мысырдағы "Ағалы-інілі екеу туралы ертегі", байырғы Вавилон жұртының "Көрмегені жоқ кісі туралы" дастаны немесе көне үнді халқының "Ригведа", "Махабхарата", "Рамаяна" жырлары тәрізді адам баласының жер бетінде тұңғыш туғызған әдеби ескерткіштерінде б.з.б. 3 -- 2 мыңыншы жылдарда пайда болып, келе-келе тұрлаулы эстетикалық ұғымға көше берген. Эллада эстетикасы да бірден мектепке айналып, қауырт қалыптаса қалған жоқ. Гректің әдемілік туралы ілімі Пифагор мен пифагоршілердің (б.з.б. 6 ғ.) өнер мәнін санға, Гераклиттің сапаға, Демокриттің мөлшерге, Сократтың өлшемге сайған аңқау аңғарымдарынан басталып, Платонның "сәбилик" филос-сы арқылы Аристотель (б.з.б. 384 -- 322 ж.) "Поэтикасына" келіп ұласады. Ал "Поэтика" -- күллі көркемөнер туралы тұңғыш философия-эстетика трактат қана емес, өз кезіндегі әжептеуір жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Өнер туындысының көп жайларын, әсіресе характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула, аналогия т.б. жайларын талдап-тексеруі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Осы арада айырықша атап айтатын бір шындық: өзіміздің қазақ топырағында -- ертедегі түркі халықтарының кіндік қаласы Отырарда (Фарабта) туып-өскен ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Наср Әл-Фарабиәл-Фарабидің (870 -- 950)әлемдік білім мен мәдениет аспанында жарық жұлдыздай жарқ етіп, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз дәрежесіне көтерілуі -- адам таң қалғандай ғажайып құбылыс.
Әл-Фараби -- дана философ қана емес, майталман математик, үлкен дәрігер, дарынды музыкант, мықты әдебиетші болған адам. Оның "Музыканың ұлы кітабы", "Поэзия канондары" т.б. зерттеулері -- бүкіл дүние жүзінде эстетикаға қосылған айтулы үлес. әл-Фараби өзінің поэзия туралы байыптауларында Аристотельдің "Поэтикасын" талдап-түсіндіруді мақсат ете тұра оны егжей-тегжейіне дейін түгел тексеріп жатпайды; поэзияны трагедия, комедия, драма, эпос, риторика, сатира, поэма т.б. осылар тәрізді бірнеше түрге бөледі де, әрқайсысына жеке-жеке жанрлық сипаттама береді. Мәселен, "[[Комедия -- деп түсіндіреді ол, -- арнаулы өлшемі бар поэтикалық жанр. Комедияда әр алуан әрсіз әрекеттер баяндалады, келеңсіз кісілер, олардың кесірлі қылықтары мен кеспірсіз мінездері сықақ етіледі]]" (әл-Фараби, "Логикалық трактаттар", А., 1975, 535 бет). Бұл кәдімгідей қалыптасқан, көп ретте дәл және тұрлаулы теор. тұжырым. Батыс Еуропадағы әдеби-эстетикалық ілімнің әбден жетіліп, ғылым мен өнердің дүр сілкінген, дүрілдей дамыған тұсы -- қайта өркендеу (ренессанс) дәуірі екенін Италия суретшісі Леонардо да Винчи, француз философы Рене Декарт, эстетигі Никола Буало, ағартушысы Дени Дидро еңбектерінен көріп-білуге болады. Бұлардың қай-қайсысы болсын, шын ғылым, шыншыл өнер жолында ортағасырлық схоластикаға қарсы нағыз алыптарша алысқан өнерлілер мен білімділер. Осыдан былай қарай неміс ағартушылары Готхолд Лессинг пен Иоганн Гердер әдебиет пен өнерді ақсүйектер әулетінің ат төбеліндей аз ортасынан кең алаңға -- қалың бұқара арасына алып шықты. Әдебиеттанудың ендігі дамуы Иммануил Канттың эстетикасына, одан әрі дүниенің түп діңгегі -- абс. идея, абс. рух деп білген Гегельдің атышулы тридасына барып тіреледі. Ресейдегі эстетикалық байыптаулардың басын сөз өнерін зерттеушілер сонау 10 ғасырдағы библиографиялық жазбалардан іздеп, кейінгі риторикалар мен пинтикаларға көшіп жүр. Бірақ біз бұл жерде бұл мәселені мұншалық егжей-тегжейлі тексеріп жатпай-ақ, әдебиет пен өнерді шын мәніндегі сипаты тұрғысынан уағыздап, сыншыл реализмнің эстетикалық принциптерін теор. жағынан айта қалғандай жарқырата ашқан орыс демократтары В.Г. Белинскийдің, А.И. Герценнің, Н.Г. Чернышевскийдің, Н.А. Добролюбовтың, Д.Н.Писаревтің есімдерін атап өтеміз. Өйткені олардың эстет. ой-пікірлері тек орыс қоғамында ғана емес, бүкіл дүн. жүз. парасат әлеміндегі бір биік болып табылады. Қазақ топырағындағы төлтума қоғамдық ой, оның ішінде эстет. пікір тарихында қазақтың асқан ғалымы Ш. Уәлихановтың, атақты ағартушысы Ы. Алтынсариннің, ұлы ақыны А. Құнанбаевтың алатын орындары айырықша. "Шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыққан" (Веселовский) Ш. Уәлихановтың сөз өнері жайлы ғылымға қатысты еңбектерін ауыз әдебиетін жинау және жинаған нұсқаларын өзінше парықтау деп екі салаға бөлуге болады.
Бұл ретте, Шоқанның өзі "дала Илиадасы" деп бағалаған әйгілі қырғыз эпосы "Манастың" бір тарауын тұңғыш жазып алуы, өз халқының ұлаңғайыр өлең-жырларын ел аузынан іздеп-тауып, талдап-тексеріп, оларды араб поэзиясымен салыстыра келе қазақ поэзиясы -- саф таза сұлу поэзия екенін, қазақ тілі араб тіліндей бояма, күлді-балам емес, татаусыз төгілген тұнық, мөлдір тіл екенін дәлелдеуі -- соншалық байсалды, парасатты, ғылым тұрғысынан әбден піскен, кәмелетті пікір. Нәтижесінде оның поэзияны жалпы жұрттың рухани сусыны ретінде ғана емес, халықтың көркем тарихы, халық тағдырының сырлы шежіресі ретінде пайымдап, сол арқылы сөз өнерінің таным және тәрбие тарапындағы мәні мен маңызын белгілеуі, сондай-ақ қазақ өлеңін бес түрге бөліп, бұлардың әрқайсысына өзінше мінездеме әрі сипаттама беруі -- әдебиет теориясына қатысты толғамдар. Қазақтың болашақ Ә-ының алғашқы кірпішін Ш.Уәлиханов осылай қалаған еді. Ал Ы.Алтынсаринның әдебиет туралы ғылымға қосқан үлесі жұртқа мәлім ағартушылық еңбектерімен сабақтас. Осы бағытта ол қазақтың әдеби тілінің тазалығы, әдеби шығармалардың халықтығы, тәрбиелік мәнінің биіктігі үшін күресті. Ақындардың ақыны А.Құнанбаев өзінің эстетикалық көзқарасын жүйелейтін ғыл. трактат жазып қалдырған зерттеуші де, сыншы да емес. Десе де нағыз реалистік поэзияның үлгісін көркеткен шыншыл ақынның, ғасырлар бойғы қазақ өлеңінің игі дәстүрін тың өріске, соны сатыға көтерген жаңашыл ақынның тамаша шығармашылық принциптері, сөз өнері хақындағы ұғым-түсініктері мен ой-пікірлері күллі көркем шығармаларының өнбойында желі тартып жатыр. Сонымен, сайып келгенде, қазақ топырағындағы әр түста әр сипатта көрініс тапқан қоғамдық-эстетик. ой-пікірлердің шын мәніндегі жүйелі әдеби ғылымға айналуы -- Абайға дейін емес, Абайдан кейін болған процесс.
1905 жылы Ә. Бөкейханов жазып, жариялаған "Абай (Ибрагим) Құнанбаев" деген азанама -- Абайтанудың басы. Байтұрсыновтың 1913 жылғы "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласы -- соның жалғасы. Осыдан былай қарай Абай туралы (дұрысы бар, бұрысы бар) пікір айтпаған, еңбек жазбаған, шығармашылық айтыс-тартысқа араласпаған әдебиетшілер кем де кем. Солардың дәл ортасында талмай еңбектеніп, жан-жақты зерттеп, ақыр-аяғында атақты монографиясы -- "Абай (Ибраһим) Құнанбаев" арқылы Абайтану мектебін қалыптастырып тынған Мұхтар Омарханұлы Әуезов болды. Осылай туып, дамыған қазақтың әдебиет туралы ғылымының бүгінде барлық саласы түгел, тұтас: А. Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқышынан" бастау алып, Қ. Жұмалиевтің "Әдебиет теориясына" жалғасқан, одан З. Қабдоловтың "Сөз өнеріне" (әдебиет теориясының негіздеріне) келіп ұласқан қисын саласы; Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің "Әдебиет тарихынан" басталып, Сәкен Сейфуллиннің "Қазақ әдебиетінен", Сәбит Мұқанұлы Мұқановтың "XX ғасырдағы қазақ әдебиетінен" әрі қарай өрбіп, Ә. Марғұланның, Б. Кенжебаевтің, Қоңыратбаевтың, Т. Нұртазиннің, Мәлік Ғабдуллиннің, Х. Сүйіншәлиевтің, М. Сильченконың, Р. Бердібаевтің, М. Базарбаевтың, З. Ахметовтің, С. Қирабаевтың, Х. Әдібаевтің, Ш. Сәтбаеваның, Н. Ғабдуллиннің, Р. Нұрғалиевтің т.б. оқулықтары мен монографиялары -- әдебиет тарихы; Жүсіпбек Аймауытовтың "Мағжанның ақындығы" секілді үздік үлгісі бар әдеби сын Е. Ысмайыловтың, Мұхамеджан Қожасбайұлы Қаратаевтың, А. Нұрқатовтың, Т. Кәкішевтің, Ш. Елеукеновтың, З. Серікқалиевтің т.б. сын-зерттеулеріне дейін өрістеді. Бұлардың соңынан жедел жетіліп келе жатқан жас ғалымдар мен сыншылар қазақ әдебиеттануын одан әрі дамытып, жаңа белестерге шығарары даусыз.
Қазақ әдебиеттану ғылымы - қазақтың ұлттық көркем әдебиетін зерттейтін ғылым. Қазақ әдебиетінің тарихы, теориясы, сыны, сондай-ақ текстологиясы мен библиографиясын қарастыратын салалары бар. Қазақ әдебиеттану ғылымының мақсаты мен міндеті - қазақ әдебиетінің туу, қалыптасу және даму жолдарын зерттеу, әдеби құбылыстар мен сыншылдық-эстет., әдеби теориялық, және ғыл.-зерттеушілік ой-пікірлерді анықтап, ғыл. жүйеге түсіру және әр түрлі қоғамдық-әлеум. жағдайлар барысында ұлттық әдебиеттің халық руханиятына, қоғамдық сана-сезімі мен ұлттық таным білігіне жасайтын ықпалын айқындау. Қазіргі Қазақ әдебиеттану ғылымының ұлттық ғылым ретінде туу, қалыптасу және даму жолы негізінен былайша жүйеленеді:
Қазақ әдебиеттану ғылымы пайда болуындағы тарихи алғышарттар кезеңі. Бұл кезең ежелгі әдебиеттен басталып, қоғамдық даму сатыларына сай 20 ғ-ға дейінгі уақыт аралығын қамтыды. Түркі жазба ескерткіштерін хатқа түсіруден бастап, 19 ғ-дың соңына дейін созылған ұзақ мерзім Қазақ әдебиеттану ғылымының тууына дейінгі тарих алдындағы дайындық кезең болғандығы, тарихи сабақтастық принципіне сай өсу-толысу, эвол. даму сипатында өткені анықталды. Ол 19 ғ. шегінде Ресей ориенталист-фольклортанушы ғалымдарының еңбектерімен ғана шектелмей, ұлтттық зиялы қауым өкілдерінің фольклортану, әдебиет тарихы мен теориясы салаларындағы зерттеу еңбектерінде белгілі бір дәрежеде өсіп, ұлттық ғылымның тууына негіз болды.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу кезеңі (1900 - 40) 20 ғ-дың басында ғұмырнамалық зерттеулердің көбеюі, ұлттық әдебиеттің тарихы мен теориясы мәселелерінің нақты сөз бола бастауы, библиогр. бағытта алғашқы қадамдардың жасалуы Қазақ әдебиеттану ғылымының пайда болғандығын көрсетті. Әдеби мұраны ғыл. игерудегі барлық талап-тілек пен әдіс-тәсілді меңгеруге дейінгі ғыл.-зерттеушілік ой-пікір 20 ғ-дың басынан бастап әдебиет тарихы мен теориясын зерттеуде, әдеби сынды тудыруда ғыл. және эстет. биіктіктерге ұмтылды. 20 ғ-дың 20-жылдары "Әдеби мұра керек пе, жоқ па?" деген мәселеде пролеткультшылдық нигилизмге қарсы күресе отырып, әдеби мұраны игеруде "бірыңғай ағым теориясының" оң бағытын пайдаланды, оны жинау, жариялау, ғыл. тұрғыда бағалау, заман талабына сай пайдалану, шығарм. үйрену секілді өзекті мәселелерді шеше алды. Ал 30-жылдары "тұрпайы социологизм" теориясының ықпалында бола тұра, фольклор мен қазақ әдебиетінің сан ғасырлық даму жолын тарихи тұрғыдан тану, зерттеу және кезеңдерге бөлу секілді келелі мәселелерге батыл бара білді.
Сонымен қатар, осы уақыт аралығы Қазақ әдебиеттану ғылымы үшін ғыл. зерттеу әдіснамасын меңгеру, идеялық, шығарм. принциптерді игеру кезеңі болды. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу кезеңі тап келген бұл мезгіл республика тарихындағы өте ірі оқиғалар мен орны толмас қателіктерге толы кезең еді. Халық ағарту ісінің жолға қойылуы, мәдениет орындары мен зерттеу ин-ттарының ашылуы, баспасөздің өркен жаюы, т.б. әдеби-мәдени іс-шаралар әдеби мұраны игеруге қолайлы жағдай туғызғанымен, ұлт саясатының бұрмалануы, жеке басқа табынушылық, маркстік-лениндік әдіснаманың тапшылдық, партиялық талаптары оған кері әсер етті. "Ұлтшыл-алашшылдарға" қарсы күрес пен 37-жыл зұлматы Қазақ әдебиеттану ғылымының ізашарларын, тәжірибелі әдебиетші ғалымдарды қуғын-сүргінге ұшыратты, ғыл. жұмыспен еркін шұғылдануға мүмкіндік бермеді. Осындай қиыншылықтарға қарамастан, Қазақ әдебиеттану ғылымы 1900 - 40 ж. аралығында өзінің туу кезеңін аяқтады.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңі (1941 - 70). Қазақ әдебиеттану ғылымы бұл тұста қазақ әдебиеті тарихын кезеңдеуде, жеке ақын-жазушылар шығармалары моногр. тұрғыда зерттеуде, фольклортану мен әдебиет теориясының мәселелерінде көңіл аудараралық соны қадамдар жасады. 50-жылдардың орта кезінен басталған жаңа бетбұрыс жеке басқа табынушылықтың зардаптары мен бұрмалаушылықтарды түзете бастағанымен, Қазақ әдебиеттану ғылымының ұлттық мақсат-мүддеге сай ізденістер жасауына мүмкіндіктер бермеді. Маркстік-лениндік әдіснаманың әдебиеттің таптығы, халықтығы, партиялылығы қағидалары, ұлттық нигилизмнің өріс алуы ғыл.-зерттеушілік ой-пікірдің адымын аштырмады.
Қазақ әдебиеттану ғылымының даму кезеңі (1970 жылдан бастап). Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңіндегі қиын-қыстау жолындағы талқыдан өткен, әдеби-тарихи, әдеби-теориялық, сыншылдық-эстетикалық ой-пікірді өркендетуде білімі мен біліктілігі, ғылыми сауаттылығы мен табандылығы жоғары әдебиетші, сыншы ғалымдар шоғыры пайда болды. Олар өздерінің туып, қалыптасу кезеңін толық аяқтап, 1970 жылдан бастап даму кезеңіне қадам басқан Қазақ әдебиеттану ғылымының алдына заман тартқан күрделі де көкейтесті мәселелерді шешуге жұмыла кірісті. 1970 - 80 жылдары ғылыми-зерттеу жұмыстары маркстік-лениндік әдіснама ықпалында болса да ұлттық әдебиетті тарихи, теор. тұрғыдан тексеру жұмыстарында табысты қадамдар жасала бастады. Әдебиеттің тарихи бағыттары мен жекелеген жанр түрлерінің қазақ әдебиетінде өсіп-өркендеу жолдары моногр. тұрғыда жан-жақты сөз болып, теориялық мәнде нақтылы ғыл. тұжырымдар жасалынды. Әдебиет жанрлары, тегі мен түрлері: поэзия, проза, драматургия, роман, повесть, әңгіме, трагедия, комедия, юмор мен сатира арнайы зерттеу нысанасына айналды. 1990 жылдан бастап, тәуелсіздік пен еркіндік жағдайында кеңестік кезеңде кеткен қателіктер мен "ақтаңдақтар" қайта қарастырылып, жаңаша бажайлау жұмыстары жүргізілді. 21 ғасырларға қарай Қазақ әдебиеттану ғылымы қазақ әдебиетінің өткеніне шынайы баға бере алатын, бүгінгісіне әлемдік әдебиеттанумен салыстыра отырып, саралай алатын ғылым саласына айналды. Қысқаша айтқанда, Қазақ әдебиеттану ғылымы өзі пайда болғанға дейінгі тарихи алғышарттар кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта, негізінен мынадай нәтижелерге қол жеткізді: бүкіл түркі халықтарына ортақ ежелгі дәуірдегі әдеби мұраны игеруден басталған сыншылдық-эстет., әдеби-тарихилық, әдеби-теориялық сипаттағы ізденістер ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікір дәрежесіне дейін көтерілді; әдеби мұраның өте мол қоры жинақталды; қазақ фольклортану ғылымы жеке сала болып оңаша отау тікті, оның жазба әдебиетпен байланысы жан-жақты зерттеліп, түйінді тұжырымдар жасалды; қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі әдебиет тарихының көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығарм. мұрасы ғыл. тексеріліп, моногр. тұрғыда тұтас және толық қарастырылды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. -- Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. -- 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
2. Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: Арыс баспасы, 2004. -- 712 бет. ISBN 9965-17-134-3
3. Абай. Энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, Атамұра баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
4. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. -- Алматы: Аруна Ltd. ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
АБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРБАЯНЫ: ЗЕРТТЕЛУІ, ЖҮЙЕЛЕНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Әдебиеттану ғылымының ең басты міндеті - әдебиеттің бар-жоғын түгендеп, жеткен жетістіктері мен жетпей жатқан жерлерін саралап, халықтың рухани қажеттілігін өтеу жолында оқырманға ғылыми негізді жол сілтеп отыру. Десек те бұл міндетті атқару оңай шаруа емес. Оқырманның әдебиет мұхитының ішінен жол тауып жүруіне, іздегенін тауып алуына көмектесетін бірден бір көмекші әдебиеттану болғандықтан да бүкіл әдебиетті тарихи тұрғыдан ғылыми жүйеге түсіріп, дәуірлеудің маңызы зор. Әдебиеттану ғылымы дамыған сайын оның әдебиет тарихы да тереңдей түсіп, оны ғылыми негізді кезеңдерге бөліп қарастыруталабы да күшейе түседі.
Әдебиет тарихын зерттеудің әдіснамалық негізі - ғылыми ізденістердің дұрыс арнада жүруінің бірден-бір кепілі. Әдебиетті зерттеу барысында туындайтын түрлі мәселелердің қалай шешілуі түптеп келгенде, ғылыми ізденістердің жалпы бағытын айқындайтын әдіснамаға байланысты.
Әдіснаманы екі түрлі ыңғайда түсінуге болады. Оның біріншісі - бүкіл дүниетанымдық ізденістерде басшылыққа алынатын негізгі қағидалар, ғылыми бағыт. Әдіснама-таным мен өмірді өзгертудің, өмірге көзқарас ұстанымдарын таным процестерінде, рухани шығармашылықта және тәжірибеде қолданудың әдістері жайлы философиялық ілім (Основы научных исследований. М., 1989, 54-бет).
Әдіснаманың философиялық сипаты айқын. Философия дегеніміз-көзқарас, тіршілік туралы түсініктердің ортақ арнасы. Дүниетанымдық көзқарастардың осы уақытқа дейін негізінен идеалистік және материалистік болып екіге бөлініп келгені белгілі. Өмірді, сол өмірдің көркем бейнесі саналатын көркем шығарманы танып білуде жер бетінде тіршіліктің пайда болуы, адамзат қоғамының дамуы, тіршіліктің мәні туралы ілімнің маңызы зор. Бүкіл қоғамдық ғылымдар сияқты әдебиеттің тарихын зерттегенде де әлемнің материалдық тұтастығы және оның ылғи да даму үстінде болатындығы жайлы философиялық-ғылыми тұжырымдар басшылыққа алынып келеді.
Әдебиеттің тарихын зерттегенде, әдіснамалық негізінің дұрыс болуы көненің сарғайған беттеріне айналған әдеби дәуірді тұтастай қамтуға, әдеби құбылыстардың пайда болу, даму себептерін, жолдарын анықтай түсуге алғышарттар жасайды. Ғылыми зерттеудің нәтижесі ғана емес, соған қол жеткізетін, бағытты басқа жаққа бұрмай, оған тура алып баратын жол да аса маңызды. Ғылыми негізді әдіснама әдебиетті зерттеу барысында шындыққа қарай жол көрсетіп отыратын сенімді бағдар (А. Я. Зись. Эстетика: идеология и методология. М., Наука, 1984, 11-бет). Мәселенің барлығы айналып келгенде, осы тура бағытты, яғни әдіснамалық негізді дұрыс айқындап, шындыққа қол жеткізетін сара жолды дәл таба білуге келіп тіреледі. Сол себептен де әдіснамалық мәселелер ғылыми ізденістерде алдыңғы қатарға шығып, алдымен анықтап алуды талап етеді. Әдіснама дұрыс шешілмейінше, ғылымның мәселелері де дұрыс шешілмейді.
Әдебиеттің көркемдік дамуы оның бейнелеу тәсілдерінің жетіле түсуінен көрінетін болса, әдебиеттанудың да қалыптасу, жетілу барысында әдебиетті зерттеу әдіс-амалдары толыға түсті. Осы уақытқа дейінгі әдебиеттану ғылымының жетістіктері де, кемшіліктері де оның әдіснамалық негіздерінде жатыр. Әдебиетті зерттеудің әдіснамалық негіздерінің жетілмеуі, болмаса, көркемдік дамудың өзіндік ерекшеліктерінің ескерілмей, саясатқа байланған жалған теориялар басшылыққа алынуы сияқты кемшіліктерден әдебиетіміз де, оның ғылымы да айтарлықтай опық жеді.
Демек, әдіснаманың дұрыс таңдалуы ғылыми ізденістердің дұрыс арнада, көзқараста болып, оның барар бағытын, қол жеткізетін нәтижесін алдын ала аңғартып тұрады. Мысалы, Батыс адамзат қоғамының көшбасшысы, қоғамдық-экономикалық-рухани даму жағынан Шығыстан жоғары деген өздерінің отаршылдық пиғылдарын жүзеге асыруды ғылыми жағынан негіздеген еуроцентристік жалған ілім шығыс халықтарының тарихын, әдебиетін, мәдениетін зерттеу істеріне қаншама зиян келтіріп, жалған теориялардың тууына жол ашты. Осы сияқты себептердің салдарынан түркі халықтарының ерте кездердегі тарихы, әлемдік өркениетке қосқан өзіндік үлесі сияқты мәселелер күні бүгінге дейін жеткілікті дәрежеде зерттелінбей, зерттелінгеннің өзінде де лайықты бағасын ала алмай келе жатыр. Түркі халықтарының бір кездерде дамыған, гүденген мәдениеті, әдебиеті болғандығы, олардың арасынан әлемдік ғылымның аса көрнекті қайраткерлері шыққандығы, тіпті түркілік озық мәдениеттің Батыстың өркениет жолымен дамуына айтарлықтай әсер еткендігі - күні бүгінге дейін мойындалмай келе жатқан шындық. Ал ежелгі түркілік әдебиеттің жайына келетін болсақ, бұл да парақталмаған кітап секілді, өз зерттеушілерін, оқырмандарын күтуде.
Әдіснаманың екінші мағынасы белгілі бір ғылым саласына қатысты ұғынылады. Бұл жерде ол жалпы әдіснаманың құрамдас бір бөлігі ретінде сол саланың өзіндік ерекшеліктеріне орай нақтылы жағдайда көрінеді. Бұл турасында белгілі ғалым А. Быков Жеке ғылымдық әдіснама жоқ. Бір ғана әдіснама бар. Ол - философия, логика. Өйткені, философия мен логика ғана болмыс пен ойлаудың жалпыға ортақ заңдылықтарын зерттейді. Жеке ғылымдық әдістер - жалпы әдістің, жалпы әдіснаманың нақтылануы. Жеке ғылымдық принциптер мен теория әдіснамалық жүйе құра алмайды (А. Быков. К вопросу о системе методологии методов в диалектической логике. Кітапта: Диалектика и логика научного мышления. М., 1966, 322-бет)-деп жазады.
Табиғат пен қоғамның ортақ заңдылықтарын ашуға көмектесетін жалпыға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz