Статикалық әсерлі тығыздағыштар



Торлы тығыздағыштар жуық арада пайда болды. Олар қыста орындалатын жұмыстарда, сонымен қатар кесектеу балшықты топырақтарды тығыздауда өзін әсерлі жабдық ретінде көрсетті. Тығыздағыш тіркемелі болып жасалады. Құрылымы жөнінен олар тегіс беткейлі немесе жұдырықшалы тығыздағыштарға ұқсайды, айырмашылығы – оның айналмасоққыштары тордан жасалған. Соңғысы төмен қоспалы болат шыбықтарынан пісірілген. Тор құйылып та жасалады. Мұндай жағда йда айналмасоққыш жекеленген буындардан жинақталады. Тордың шаршы тесіктерінің қабырғасының ұзындығы 150 немесе 200 мм.
Батпан, әдетте, тығыздағыштың қаңқасында орналасады, ол бетонды куб түрінде орындалады. Тығыздағыштың батпанмен қоса жалпы салмағы 25...30 т. Тығыздағыш топырақты қалыңдығы 40 см-ге дейін жекеленген қабаттармен тығыздайды.
Секторлы тығыздағыштың айналмасоққыштарының ойығы болады да, оның шеңбері ойықпен кезектесіп отырады. Айналмасоққышты жеке буындардан, ойықтарын шахмат тәртібімен орналастырып жинақтайды. Тығыздағыштың жанасу беткейі үлкен. Сондықтан жалпы салмағына сәйкес жоғары қалыңдықты өңдейді. Мұндай тығыздағыштар өздігінен жүретін болып та жасалады.
Торлы тығыздағыш – әмбебап топырақтығыздағыш машина.
Тығздағыштың жұмысшы беті диаметрі 35...40 мм арматуралы болаттан жасалады да, көздері 100х100 мм2 тор тәрізді болады. Пайдалану барысында мұндай тығыздағыштардың әр түрлі топырақтарды, сонымен қатар қиыршықтастарды, өлшемі 40...50 см қойтастар араласқан материалдарды да жақсы тығыздайтыны байқалады. Торлы тығыздағыштар қыс жағдайында арасында өлшемдері 60 см дейін тоң кесектері бар топырақтарды тығыздауға кең қолданылған.
Салмағы бірдей пневмошиналы тығыздағышпен салыстырғанда торлы тығыздағыштың өнімділігі 20...30 % жоғары.
Тығыздағыштың маневрлігін арттыру үшін екі айналмасоққыш қойылған. Әр айналмасоққышта қалыңдығы 4...5 мм табақты болаттан пісірілген конус бар. Конустың ішіне қабырғасының қалыңдығы 8 мм, диаметрі 146 мм құбыр пісірілген.
Құбыр мен конусқа қалыңдығы 12 см табақты болаттан жасалған қатайту қыры пісірілген. Конустың ішіне арматура да пісірілген, конус бетондалады да, оған жекеленген құйма сектордан жинақталған тор пісіріледі. Тор түйіндеріне биіктігі 40 мм қиылған конус тәрізді жұдырықшалар қойылған. Тордың секторымен бірге құйылған жұдырықшы тығыздағыштың топырақтағы ірі қосындыларды уату жұмысының екпінділігін арттыру және тор түйіндерін артық тозудан сақтауға арналады. Конус пен тор айналмасоққыштың негізі ретінде қатаң құрылым құрайды. Айналмасоққыш диаметрі 130 мм білікке сүйенеді, ол төлкемен конустың құбырына бекітілген және пісірілген. Білік арнаулы ұяда орналасқан аунақшалы сфералы мойынтіректе орналасқан. Ұялар қаңқаға қойылып, әрқайсысы бойлық бұрандамен бекітілген.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Статикалық әсерлі тығыздағыштар

Орындаған: Зарыпханова М.
СТ-309
Тексерген: Мухамедов Е. М.

Семей қ.
2015 ж.
Торлы тығыздағыштар жуық арада пайда болды. Олар қыста орындалатын жұмыстарда, сонымен қатар кесектеу балшықты топырақтарды тығыздауда өзін әсерлі жабдық ретінде көрсетті. Тығыздағыш тіркемелі болып жасалады. Құрылымы жөнінен олар тегіс беткейлі немесе жұдырықшалы тығыздағыштарға ұқсайды, айырмашылығы - оның айналмасоққыштары тордан жасалған. Соңғысы төмен қоспалы болат шыбықтарынан пісірілген. Тор құйылып та жасалады. Мұндай жағда йда айналмасоққыш жекеленген буындардан жинақталады. Тордың шаршы тесіктерінің қабырғасының ұзындығы 150 немесе 200 мм.
Батпан, әдетте, тығыздағыштың қаңқасында орналасады, ол бетонды куб түрінде орындалады. Тығыздағыштың батпанмен қоса жалпы салмағы 25...30 т. Тығыздағыш топырақты қалыңдығы 40 см-ге дейін жекеленген қабаттармен тығыздайды.
Секторлы тығыздағыштың айналмасоққыштарының ойығы болады да, оның шеңбері ойықпен кезектесіп отырады. Айналмасоққышты жеке буындардан, ойықтарын шахмат тәртібімен орналастырып жинақтайды. Тығыздағыштың жанасу беткейі үлкен. Сондықтан жалпы салмағына сәйкес жоғары қалыңдықты өңдейді. Мұндай тығыздағыштар өздігінен жүретін болып та жасалады.
Торлы тығыздағыш - әмбебап топырақтығыздағыш машина.
Тығздағыштың жұмысшы беті диаметрі 35...40 мм арматуралы болаттан жасалады да, көздері 100х100 мм2 тор тәрізді болады. Пайдалану барысында мұндай тығыздағыштардың әр түрлі топырақтарды, сонымен қатар қиыршықтастарды, өлшемі 40...50 см қойтастар араласқан материалдарды да жақсы тығыздайтыны байқалады. Торлы тығыздағыштар қыс жағдайында арасында өлшемдері 60 см дейін тоң кесектері бар топырақтарды тығыздауға кең қолданылған.
Салмағы бірдей пневмошиналы тығыздағышпен салыстырғанда торлы тығыздағыштың өнімділігі 20...30 % жоғары.
Тығыздағыштың маневрлігін арттыру үшін екі айналмасоққыш қойылған. Әр айналмасоққышта қалыңдығы 4...5 мм табақты болаттан пісірілген конус бар. Конустың ішіне қабырғасының қалыңдығы 8 мм, диаметрі 146 мм құбыр пісірілген.
Құбыр мен конусқа қалыңдығы 12 см табақты болаттан жасалған қатайту қыры пісірілген. Конустың ішіне арматура да пісірілген, конус бетондалады да, оған жекеленген құйма сектордан жинақталған тор пісіріледі. Тор түйіндеріне биіктігі 40 мм қиылған конус тәрізді жұдырықшалар қойылған. Тордың секторымен бірге құйылған жұдырықшы тығыздағыштың топырақтағы ірі қосындыларды уату жұмысының екпінділігін арттыру және тор түйіндерін артық тозудан сақтауға арналады. Конус пен тор айналмасоққыштың негізі ретінде қатаң құрылым құрайды. Айналмасоққыш диаметрі 130 мм білікке сүйенеді, ол төлкемен конустың құбырына бекітілген және пісірілген. Білік арнаулы ұяда орналасқан аунақшалы сфералы мойынтіректе орналасқан. Ұялар қаңқаға қойылып, әрқайсысы бойлық бұрандамен бекітілген.
Тығыздағыштың қаңқасы орталық бойлау арқалығымен қоса № 30 швеллреден, ал арқалыққа тіркеу құрылғысымен бірге аркалы дәрте пісірілген. Айналмасоққыштың ішкі қуысына конус беткейін топырақтан тазартатын қырғыш енгізілген. Қырғыштар қалыңдығы 10 мм табақты болаттан жасалады да, қаңқаның бүйір қабырғасына бекітіледі.
Әрқайсысының салмағы 1,8 т сегіз темірбетон кубтары түрінде жасалған батпан тығыздағыштың салмағын 12-ден 28 т дейін өзгертеді. Ол әртүрлі топырақты тығыздауға мүмкіндік береді. Тығыздағыштың тығыздағыш қасиеті дегеніміз - тығыздығы максимал тығыздықтың 95 % құрайтын байланысқан топырақтың қалыңдығын айтады.
Тығыздағыштың жоғары тығыздағыш қасиеті мен өнімділігі топырақтың күрделі жағдайында байқалады. Тығыздағыштың екі айналмасоққыштан тұратындығы мен арқалы дәртесі оның маневрлігін арттырады.
Кері жаққа бұрылу радиусы 6 м. Айналмасоққыштарының диаметрі үлкен болғандықтан, пневмошиналы тығыздағыштарға қарағанда қопсыған үйіндіден және тегістелмеген топырақтан өту кедергісі кем. Торлы тығыздағыштың пайдалануы қарапайым. Тығыздағышты күту жұмысы сырттай қарау мен жабысқан топырақтан тазартудан тұрады. Сфералы мойынтіректегі жағармайды тек күрделі жөндеуде, яғни 7200 сағаттан кейін алмастырады.
Торлы тіркемелі тығыздағыштың техникалық сипаттамасы
Тартқыш ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..т рактор С-100 немесе Т-140
Өнімділігі, м3сағ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .250
Тығыздау жолағының ені, мм ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 250
Айналмасоққыш диаметрі, мм ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 220 0
Айналмасоққыштың ені, мм ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2700
Тор көзінің өлшемі, мм ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...100х100
Тығыздау қабатының оптималды қалыңдығы, см ... ... ... ... ... ... ... ..40. ..50
Тығыздағыш ұзындығы, мм ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7100
ені, мм ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3000
биіктігі, мм ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2280

Жұдырықшалы тығыздағыштардың тегіс беткейлі тығыздағыштардан айырмашылығы - олардың өз беткейінде жұдырықшалары болады. Оның топырақпен түйіскен беткейдегі кернеуі, жазықбеткейлі айналмасоқпаның астындағы тығыздағыштың кернеуінен бірнеше есе артық. Сондықтан жұдырықшалы тығыздағыш тек қана байланысқан кесек топырақты тығыздауда әсерлі, ал байланыссыз топырақта жұмыс атқарғанда ешқандай әсер бермейді, себебі онда үлкен кернеуден топырақ жұдырықшалар астынан жан-жаққа қарқынды жылжып кетеді. Жұмыс атқару барысында жұдырықша топыраққа едәуір тереңдікке енгізіледі. Сондықтан топырақтың жұдырықшалар батырылған беткейден төменгі көлемі тығыздалады, ал топрықтың жоғарғы бөлігі қопсытылады. Жоғарғы қабат оған тек топырақтың жаңа қабатын салғанда тығыздалады. Топырақтың төменгі қабаты қарқынды тығыздалғандықтан өтпелер саны өсе келе жұдырықшалардың тереңдеуі біртіндеп кемиді. Сондықтан жеңіл және орта типті жұдырықшалы тығыздағыштарда топырақ бетінің тығыздалмаған қабатының мөлшері 4...6 см-ден аспайды.
Топыраққа жасайтын меншікті қысымына байланысты жұдырықшалы тығыздағыштар жеңіл q=4...20 кгсм2, орташа q=20...40 кгсм2, ауыр q=40...100 кгсм2 болып бөлінеді.
Тығыздағыштарды пайдалану тәжірибесі меншікті қысым ерекше жоғары болғанда тығыздау әсерінің кемитінін байқатты. Қысым кіші болғанда әсер де кем болады. Сондықтан меншікті қысым оптималды болу керек. Жол құрылысы мен жұдырықшалы тығыздағыштарды пайдалану практикасының негізінде ылғалдылығы оптималды топырақтар үшін төмендегі меншікті қысым мөлшерін ұсынуға болады, кгсм2:
Жеңіл және орташа сазды топырақтар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..7...15
Орташа және ауыр ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15...40
Ауыр сазды және балшық топырақтар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 40...60
Жұдырықшаның бір дүркін әсерінен тығыздалған топырақ жұдырықшаның ең кіші көлденең қимасының өлшемінен 2,5 есе аса тереңдіктен тарайды. Тығыздағыштың одан кейінгі өтпелерінен тығыздалған қабат қалыңдығы өседі, кейбір жағдайларда ол жұдырықшаның минималды тірелу беткейінен 4 еседен аса болады.
Пневматикалық шиналы тығыздағыштар. Қазіргі кезде пневматикалық тығыздағыштар топырақтармен қатар малтатасты және қиыршықтасты негіздерді, сонымен қатар қара қоспалар мен асфальтты бетонды тығыздауға қолданылады. Пневматикалық шиналы тығыздағыштардың айналмасоққышы тегіс қатаң тығыздағыштардан айырмашылығы - қиыршықтас және малтатастарды уатпайды, бұл мұндай тығыздағыштардың үлкен артықшылығы. Олардың типтері мен өлшемдері әртүрлі. Десек те, аэроалаңдарды тығыздауға арналған тіркемелі тығыздағыштардың салмағы 100, 120 кейде тіпті 200 т. Салмағы 20...25 және 40...50 т тығыздағыштар ерекше кең тараған.
Параметрлері дұрыс таңдалған пневматикалық шиналы тығыздағыштар байланысқан және байланыспаған топырақтарды тығыздауға жарайды. Мұнда тегіс беткейлі және жұдырықшалы тығыздағыштармен тығыздауға қарағанда тығыздалушы қабаттардың оптималды қалыңдығы артық және топырақты бірдей тығыздыққа жеткізу үшін өтпе саны кем болады, ал ол тығыздағыштың өнімділігін арттырады.
Жеке доңғалақтары байланыссыз аспаланған тығыздағыштар ең көп таралған, одан топырақ бірқалыпты тығыздалады және топырақ беті тегіс болмағанда шиналарды артық жүктемеден сақтайды. Әр доңғалақтың осі батпандық жүксауытпен қатаң байланысқан, ал жүксауыттың алдыңғы жағы машина қаңқасының маңдайшасына топсалы асылған. Тығыздағыштың бірінші өтпелерінде, топрықа әлі қопсу күйінде болғанда, пневматикалық шинаның деформациясы топырақ деформациясымен салыстырғанда әлдеқайда кіші, сондықтан оның жұмысы қатаң доңғалақтікіне ұқсас. Топырақ тығыздала келе шинаның деформациясы өсе береді де, тығыздалған топырақ бетінде құбылыс керісінше болады, яғни негізінен шина деформацияланады.
Топырақ қатаң доңғалақтың астындағыдан пневматикалық шинаның астында ұзағырақ қысымдалған күйде болады. Қатаң доңғалақтың шинамен диаметрі тең болса да, соңғының созымталдығының арқасында оның топырақпен түйісу ауданы артық және ол аудан әлдеқайда біркелкі жүктеледі. Осының бәрі топырақтың жақсы тығыздалуына себепкер болады.
Пневматикалық шиналардың диаметрі мүмкіндігінше үлкен болғаны қолайлы. Доңғалақтың диаметрінің үлкен болуы оның топырақпен түйісу ауданын, онымен белсенді зонаның тереңдігін де өсіруге мүмкіндік береді. Доңғалаққа түсетін жүктеменің де мейлінше үлкен болғаны жөн. Жүктеме өсе келе пневматикалық шинаның сығылуы да, белсенді зонаның тереңдігі де ұлғаяды. жүктеме мөлшері шинаның беріктігімен, сонымен қатар тығыздағышты сүйреуге арналған тарту жабдығының мүмкіншілігімен шектеледі.
Тығыздағыштардың қозғалыс жылдамдығы салыстырмалы за болғандықтан және оған байланысты динамикалық жүктеме айтарлықтай кемігендіктен доңғалаққа түсетін қысымның мүмкіндік шегін, әдетте, құжаттарда көрсетілген деректерден біраз артық алуға болады. Жүктеменің жоғарғы шегі шинаның жаншылуы 15 %-дан аспайтындай болуға тиісті. Бұл жерде жаншылу деп пайызбен көрсетілген шина деформациясының абсолют шамасының оның диаметрінің қимасына қатынасын айтады.
Бұл жерде топырақтың жақсы тығыздалуы оның беткейіндегі кернеуі топырақтың беріктік шегіне жақын жағдайға сәйкес деп санау керек.
Жол-құрылыс машиналарының шиналарындағы ауаның қысымы, әдетте, 0,6 МПа-дан аспайды. Сондықтан беріктік шегі 12 кгсм3-тан асатын байланысқан топырақтарды тығыздауға ауа қысымын 1,2 тіпті 1,4 МПа-ға жеткізуге болатын авиациялық шинамен жабдықталған тығыздағыштарды ұсынуға болады.
Тығыздағыш құрылымының шинадағы қысымды реттеу мүмкіндігі болуға тиісті, ал тығыздағыш өздігінен жүретін болғанда мұндай операцияны қозғалыс үстінде жасайтындай болу керек.
Құмдар мен аз байланысты топырақтарды тығыздағанда олардың беріктік шегі төмен болғандықтан шинаның қысымы бірінші жағдайда 0,2 МПа-дан, ал екінші жағдайда 0,3-0,4 МПа-дан аспауға тиісті. Шиналардың тез тозбауы үшін тығыздағыштардың доңғалақтарына түсетін жүктеме де кемітілуге тиісті.
Қосарланған доңғалақ ізінің ауданы жалғыз доңғалақтікінен үлкен, сондықтан да олар қалың қабатты топырақты тығыздай алады. Сондықтан тіркемелі тығыздағыштар бір осьті болуы керек. Стандартты доңғалақтар мен олардың дискілерінің құрылым ерекшеліктеріне байланысты қатардағы барлық доңғалақтар бір-біріне тиістіріп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұрғылау роторының бөлшектерінің сызбасы
Қонақ үй ғимаратының іргетасы
Ортадан тепкіш сорғылардың роторларын жинау
Мойынтіректердің стационарлық корпустары
Турбоагрегаттар
Поршенді сорғылардың бар конструкцияларына шолу және талдау, патенттік-техникалық шешімдер
Шыны триплекс жеткілікті үлкен қалыңдығы
Бастапқы айдау қондырғыларының түрлері
Топырақтарды және әртүрлі қоспаларды тығыздайтын тығыздағыштар
Ортадан тепкіш сорғыларды жөндеу жұмыстары
Пәндер