Шағын кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мәселелері және оларды шешу жолдары


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университуті

Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті

Есеп және аудит кафедрасы

Шағын бизнес ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп пәні

СӨЖ №2

Тақырыбы: Шағын кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мәселелері және оларды шешу жолдары.

Орындаған: Жумагулова Гаухар

УА-205

Тексерген: Серекбаева Б. С.

Семей 2015 жыл

Бухгалтерлік есеп тек қана шаруашылық қызметін көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар оған әсерін тигізеді. Ол басқару үдерісінің бөлігі бола тұра кәсіпорынның ағымдағы қызметін бақылауға; оның стратегиясын мен тактикасын жоспарлауға; ресурстарды оңтайлы пайдалануға; қызмет нәтижелерін өлшеуге және бағалауға; шешім қабылдау кезінде субъективтілікті болдырмауға мүмкіндік беретін маңызды ақпараттар береді.

Есеп тауарлы-материалды құндылықтардың, ақша қаражаттарының сақталуын, олардың дұрыс пайдаланылуы мен өзіндік құнды төмендетудің қосымша қорларын анықтауды жүйелі бақылаудың маңызды құралы болып табылады.

Бас есепші мен есепшілер аппараты атқарылып отырған шаруашылық операцияларының негізділігі мен заңдылыңына бақылау жасап отырады, сондай ақ төлемдер мен қаржылық тәртіптіліктің сақталуын қатаң қадағалап отырады.

Нарықтық экономика талаптарына сай бухгалтерлік қызмет мамандарының ролі де артады. Осыған байланысты олардың дайындығы да жақсаруы тиіс. Бухгалтерлік есеп маманы шаруашылықтың тиімді жүргізілуіне септігін тигізуі, шаруашылық ахуалына тез әрі қателеспей бағдарлануы, нарықтың жағдайды және оның тенденцияларын түсінуі керек.

Жаңа экономикалық талаптарда шағын кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп жеделірек, көп еңбекті қажет етпейтін болуы тиіс, материалды ресурстардың үнемді пайдалануын, шығындардың қысқаруын, тиімділіктің артуын қамтамасыз етуі керек.

Шағын кәсіпорындарда бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуын жетілдіру үшін оның жеделділігі мен талдамалылығын көтеру керек. Ол үшін құжаттау үдерісін ЭЕМ өңделуі үшін автоматтандырылу талаптарына сай реттелуін, сәйкестендірілуін және стандартталуын жүзеге асыру керек. Құжаттау жүйесіндегі алғашқы есеп құжаттарын айтарлықтай деңгейде қарапайымдандыру үшін, оны машиналы тарату құралдарымен біріктіру үшін, оларды жасақтаудың оңтайлы кезеңділігін таңдау үшін сәйкессіздікті есепті автоматтандыру құралына қарай жою қажет. Ақпараттарды жинауға, тіркеуге, жинақтауға, сақтауға, өңдеуге және таратуға жұмсалатын уақытты және еңбекті қысқарту автоматтандыру талаптарына сай тікелей шаруашылық операцияларды жетілдіру үдерісінде жаңашыл құралдарды кеңінен қолдану арқылы қол жеткізіледі. Есептеу техникаларының жасалған құралдары және алғашқы есептік ақпараттарды тіркеудің арнайы әдістемелері мәліметтерді жинақтауды қағаз құжаттардың үзінді көшірмелерін жасау кезеңінен аттап жүзеге асыруға мүмкіндік береді [1] .

Есептік жұмыстарды автоматтандыру үшін ЭЕМ-ді пайдалану заманауи есептеу техникаларының пайдалану мүмкіндіктеріне жауап беретін және осы техника негізінде пайда болған жаңа технологияларды есепке алатын есептің автоматтандырылған нысанын енгізу қажеттіліктен туындап отыр. Есепті автоматтандыру оның әдістемелерін одан әрі дамытуды, бухгалтерлік регистрлардың заманауи нысандарын қолдану, экономикалық мәліметтерді енгізу мен өңдеу технологиялық үдерісті жасақтау, құжат айналысын қысқарту, ақпараттардың тұрақты ауқымын құрастыруды талап етеді.

Есептеу техникалары құралдарын пайдалану персоналды компьютер базасында автоматты жұмыс орындарын (АЖО) құруға мүмкіндік береді. Бухглатер ұйымы (АЖО) есеп жұмысын одан әрі жетілдірудәің маңызды қоры болып табылады, шағын кәсіпорындарды басқаруда есепті ақпараттарды қолдану мүмкіндігін арттырады. Қазіргі таңда компьютерлік техника мен қолданбалы бағдарламалардың орасан зор түрлері бар.

Шаруашылықтың жаңа талаптарында жедел есеп пен жоспарлы тапсырмалардың орындалуы мен пайданы өткізуді бақылау маңызды ролді атқарады. Есеп әдістемесі мен технологиясын жетілдіру маңызды бағыттарының бірі болып шаруашылық тәжірбиесінде ақпараттарды ауытқу әдісі бойынша есепке алу табылады. Бухгалтерлік есеп әдістемесін дамыту, оның әдістемесі мен ұйымдастырылуын жақсарту, және ақырында, шаруашылық механизмді жетілдіруде есеп пен бақылаудың ролін арттыру осы саладағы ғылыми зерттеулерді жылдамдату және олардың нәтижелерін шағын кәсіпорын жұмыстары тәжірбиесінен кеңінен енгізуді талап етеді.

Қазақстандық бухгалтерлік есеп пен есептілікті дүниежүзілік стандарттарға қарай бейімдеу бухгалтерлік есеп мамандарын дайындауға жаңа талаптар қояды. Бухгалтерлік есепті жетілдірудің маңызды шарты мынада оның негізіне барлық тұрғындарды оқыту. Бухгалтерлік есепті жетілдіру мен оны дүниежүзілік стандарттарға қарай бейімдеудің маңызды бағыттарының бірі - есепті механикаландыру мен автоматтандыруды арттыру, ал ол тіркеу бағдарламаларын жасақтау және бухгалтерлік мәліметтерді өңдеу [2] .

Бухгалтерлік есепті басқару жүйесін жетілдіру үдерісінде мемлекеттік (ҚР Қаржы Министрлігі) және қоғамдық бірлестіктер (бухгалтерлер, аудиторлар ассоциациясы) қатысуымен жүзеге асырылуы керек.

ШОК қолдаумен айналысатын көптеген ұйымдардың болуы, және де олардың бір бірінің қызметін қайталауы және өзара бәсекелестігі ШОК үшін қарапайым әрі түсінікті қолдау жүйесінің дамуына кедергі болып отыр. «Даму» қоры өзінің жылдық есептілігінде Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту жолында негізгі мәселе ретінде біртұтастықтың және қолдаудың орталықтандырылған жүйесінің жоқтығын атап өтті: «Шағын және орта бизнес үшін жасақталған бағдарламаларға көп жағдайда көңілдің толмауы оның нашар жүзеге асырылуы мен бақылаудың болмауында емес, анық мақсаттылық пен мақсаттың дұрыс қойылмауында болып отыр. ШОК қолдау бағдарламаларын жоспарлау мен жасақтауға жауапты мемлекеттік мекемелердің жетіспеушілігі осы жасақталған бағдарламалардың кейбіреулерінің алға қойылған мақсаттарға жетпеуі басты себептердің бірі болып табылады.

Екінші себебі, Қазақстанда барлық сызықтық мекемелердің күш жігерлерінің үйлесімділігіне жауап беретін, және олардың дамуына үлес қосатын мемлекеттік мекемелердің болмауы. Бұндай мекеме тек қана үйлестіріп қана қоймай, сонымен қатар ШОК үшін жасақталған мемлекеттік бағдарламаларды жаңадан бағдарламалар құрып және олардың орындалуын бақылап отыруы керек. Осы мақсатқа жету үшін ең қолайлысы болып қазіргі таңда жұмысты бір бөлігімен айналысатын, бірақ ШОК үйлестіру мен дамуын бағдарламалауға уәкілеттілігі жоқ - Экономикалық даму және сауда министрлігінің жанынан құрылған кәсіпкерлікті дамыту департаменті табылады».

Мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидасы шағын бизнесті әкімшілік-директивті реттеудің біртіндеп қысқаруы және нарықтық шаруашылықты жүргізудің барынша жақсы экономикалық және құқықтық талаптардың болуы тиіс. Шағын кәсіпкерлікті салалық, географиялық, ұлттық, тарихи ерекшеліктерді және дәстүрді, сондай ақ шетелдік тәзжірбиені есепке ала отырып олардың өз беттерімен дамуға және бәсеке қабілеттілігін жақсартуға ынталандырылуы керек. Шағын және орта кәсіпкерлік үшін өз бетінше әрекет ету және кәсіпқорлық таныту үшін оның нысандары мен әдістерін таңдау еркіндігін беріп, тең дәрежеде шаруашылық мүмкіндіктерін жасау керек. Бұл қолдау адал бәсекелестіктің туындауына, меншік иелері мен кәсіпкерлердің көптеген топтарының қалыптасуы, федеральды, аймақтық және жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлік дамыған инфрақұрылымын қалыптастыру; шағын кәсіпкерлік қызметтерінің басымдылық түрлерін дамыту; инвестициялық ресурстарды жинақтау және оларды басымды бағыттарда пайдалану; маңызды халық шаруашылығының бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыруда шағын кәсіпорындардың қатысуы, сондай ақ мемлекеттік қажеттіліктер үшін өнімді жолға қою мен жұмысты орындау; шағын кәсіпорынның өндірістік қорларын жетілдіру; прогрессивті технологияларды және жаңа техниканы енгізу; шағын кәсіпкерлікті шағын кәсіпкерлікпен байланысты коммерциялық және қаржылық тәуелділікті азайту есебінен тұрақты әрекет етуін қамтамасыз етуді атап өткен жөн.

Осы аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін қаржылық, материалды-техникалық және ақпараттық ресурстарға, даярлауға, қайта даярлауға және басшылардың, шағын кәсіпорын мамандары мен қызметкерлерідің біліктілігін арттыруға, шағын бизнес қызметінде сыртқы экономикалық көмек, соның ішінде шетел елдерімен сауда, ғылыми-техникалық, өндірістік, ақпараттық байланысқа мүмкіндік алуға жеңілдік талаптары қажет, содай ақ шетелдік инвестицияларды тарту, шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеудің, олардың қызметтерін лицензиялада және мемлекеттік статистикалық есептілікті ұсынуда жеңілдетілген тәртібін орнату. [3]

Шағын бизнестің жаңадан қалыптасып құрылу кезеңінде мамандардың дайындығы мен біліктілігін арттыру, нормативті-құқықтық базаны жетілдіру, экономикалық және құқықтық ақпараттармен қамтамасыз ету, кеңес беру, қаржылық мекемелер жүйесін дамыту, қызмет көрсетуші кәсіпкерлер, сондай ақ өндірістік-техникалық орталықтар, бизнес-инкубаторлар, технопарктер, лизингтік фирмалар желілері, соның ішінде өндірісті қайта құрылымдау және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің босаған өндірістік алаңдары мен қондырғыларын артынан сатып алу тәсілімен жалға бер, реакциялық үдерістерді тездету маңызды мәнге ие.

Шағын кәсіпкерлікке шынайы қолдау көрсету мемлекеттік бюджет қорында жоқ көп мөлшердегі ақша тұрады. Ал несиелік ресурстар мардымсыз емес. Коммерциялық банктерге тоқталып өтетін болсақ, олардың беретін мерзімі мен бағасы бойынша жеңілдетілген несиелері оларға белгілі бір дәрежедегі экономикалық жеңілдіктермен байланысты болуы керек. Дегенмен де қазіргі таңда коммерциялық банктер айтарлықтай көп пайызбен және аз ғана уақытқа несие беру мүмкін болатын салық жеңілдіктерінен бас тартудан тиімдірек болып отыр. Қаржылық, экономикалық және саяси талаптар пайда мөлшерінің тұрақтылығына кепіл болған жағдайда ғана жеке капитал тұрақты және айтарлықтай дәрежеде инвестициялық көз болуы мүмкін. Қазақстанда бұндай жағдай жоқ, және жақын арада болуы да беймәлім, сондықтан өндірісте көп көлемдегі жеке инвестициялар болады деп күтуге болмайды.

Шағын кәсіпорындардың техникалық қатынастары - бұл үлкен мәселе. Олардың көпшілігі жұмысты бейберекет жасайтындықтан еңбек, материалды және қаржылық ресурстарды тиімсіз қолдана отырып, күрделі технологиялық және экономикалық мәселелерді шеше алмайды. Барынша аз уақыт ішінде оларды жоғары ғылыми-техникалық әлеуетті конверцияланған қорғаныс өнеркәсібі көмегімен заманауи қондырғылармен - машиналар, құралдар, саймандар жиынтығымен қамтамасыз етуге болар еді, ал ірі өндірістік-шаруашылық кешендер үшін дайын өнімнің жиынтық элементтерін құрайтын жабдықтаушылар ретінде алатын шағын кәсіпорындар әрекет ете алар еді.

Бұл бөлшекті және технологиялық мамандандырылуыды одан әрі дамытуға, сондай ақ қазіргі заманауи негізде қоғамдық өндірісті ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ірі және шағын кәсіпорындар арасындағы кооперациялар өнімді тарату мен күрделі бұйымдарды жөндеу салаларын таратуда дами алады [4] .

Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін ірі кәсіпорындардың ресурстарын тарту мақсатында Батыста кеңінен тараған және барынша экономикалық эффект беретін ірі және шағын фирмалар («фрэнчайз») арасындағы келісімшарт негізіндегі қарым-қатынас жүйесін, әсіресе, сауда мен қызмет көрсету саласында пайдалануға да болар еді. Ірі басты фирма шағын фирмаға ақылы түрде өзінің технологиялық сызбаларын және тауар маркасын пайдаланудың ерекше құқығын береді, ал қажет болған жағдайда жеңілдік талаптарымен несиелер де береді, әртүрлі кеңес беру қызметтерін көрсетеді, қондырғыларды жалға береді және тағы басқалары, мұндай серіктестік жүйесі екі тарап үшін де тиімді болып табылады.

Шағын кәсіпкерлік қызметі ең біріншіден, жергілікті нарыққа, аймақтық мәселелерді шешуге бағытталған. Шағын бизнес жергілікті шаруашылықтың оңтайлы құрылымын қалыптастыру мен әрбір жеке аймақтың дамуын есепке ала отырып, оны қаржыландырудың негізгі базасы болып табылады. сондықтан да шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету, ең алдымен, аймақтық деңгейде жүзеге асырылуы тиіс. Оны біртұтас орталықтан реттеп отыру басымдылықтың жекелеген бағыттары немесе халық шаруашылығы кешені бойынша мүмікн болып отыр. Жергілікті билік өкілдері өз қаржылық және материалдық мүмкіндіктерін, жалпыға мәлім қажеттіліктерін, қызмет ету салалары және меншік нысандары бойынша ресурстарды пайдаланудың барынша тиімді бағыттарын, кәсіпкерлік қызметті реттеу үшін қажетті әкімшілік және экономикалық тетіктерді жақсы біледі.

Билік пен кәсіпкерлер арасындағы қарым қатынас сияқты мәселе де бар. Бұл мәселе туралы екі түрлі пікір қалыптасқан. Оның біреуі - биліктегілер бизнесті дамыту үшін ештеңе жасамайды. Екіншісі -кәсікерлер билік ұсынған мүмкіндіктерді пайдалана алмайды. Көпшілік жағдайда таразы басында екінші пікір басым түседі. Мысалы, Еуропада ең бірінші көзге түсетін нәрсе бұл бизнесмендердің билікке деген қарым қатынастарының белсенділігі және олардың қоғамдағы өз орындарын қорғай алатындықтары. Тәжірбиеден көріп отырғанымыздай, техникалық прогресс тұтынушылық қажеттілікті барынша қанағаттандыру кезінде қазіргі таңда көбіне шағын кәсіпорындардың жұмыстарының тиімділігін анықтайды. Жаңалықтарды енгізу, технологиялық өзгерістердің жинақылығы, ізденістерді енгізу, қызмет көрсету саласының жұмысбастылықтың жылдам өсуі, бір жағынан, бағаның төмендеуіне соқтыратын, ал екінші жағынан, тұтынушы жоғары сапалы өнім мен қызметті ала алуына, мемлекет үшін салық түсімдері түріндегі көптеген қаражаттар алуға мүмкіндік беретін өткір бағалық және бағалық емес бәсекелестік - осының бәрі ел экономикасына шағын кәсіпорындардың қосар үлесі [5] .

Жеке кәсіпкерлікті құру оңай өйткені ол іс жүзінде ешқандай заңды және бюрократиялық кедергілер мен осымен байланысты шығындар тудырмайды.

Жеке кәсіпкер - өз өзіне қожайын және әрекет ету еркіндігіне ие. Өз кәсіпорынының қызметі нәтижесінің сәттілігіне қарай жеке кәсіпкердің табатын табысы оның одан әрі де жұмысын тиімді жасауына күшті ынталандырушы күш болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Dida company» ЖШС-не сипаттама және шағын кәсіпорындарда жеңілдетілгенсапалы есеп ақпараттарын құру
Құрылыс саласының ерекшеліктері мен құырылыстағы есепті ұйымдастыру
Есептілік кезең қағидасы
Бухгалтерлік есепті теориялық жағынан зерттеп, кәсіпорынның есеп саясаты және қабылданған басқару шешімдерінің дұрыстығын анықтау үшін бухгалтерлік есептің орнын, маңызын, рөлін көрсету және осының негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
Бухгалтерлік есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар
Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
Ет өнімдерін өндіретін ЖШС «Казмясопродукт-М» кәсіпорынның ақша ағындарын жоспарлау мен басқару тиімділігін зерттеу және оны басқарудағы негізгі мәселелерді анықтау
Шығындар есебін жетілдіру және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы туралы
ЕҚазақстан Республикасындағы еңбек нарығының дамуы
Қысқа мерзімді жалға алынған негізгі құралдарды жалгер баланстан тыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz