Қалдықтарды қайта өңдеу. Жүн мен қылшықты өңдеу. Стандартты емес шикізатты және спилокты өңдеу



1. Қалдықтарды қайта өңдеу
2. Жүн мен қылшықты өңдеу
3. Стандартты емес шикізатты және спилокты өңдеу
Қалдықтарды топтастыру. Былғары және мех өндірісінің ерекшелігі онан шығатын қалдықтардың көп молшерде болуында. Мысалы, былғары өндірісінде сиыр терісінің шикізатындағы (спилокты қосқанда) белокты заттардың былғарыға тек 49,3 % ғана өтеді екен. Ал, қалғаны қалдыққа кетеді. Қалдықтардың үлкен бөлігі қайта қолданылады, оны қайтымды қалдықтар деп атайды. Ал қолданылмай кететін қалдықтарды қайтымсыз деп атайды.
Былғары және мех өндірісіндегі қалдықтарды 3 топқа бөлуге болады.
1. Ет комбинаттары және шикізат зауыттарында теріні өңдеуде шығатын қалдықтарға кесінді, ерін, шеміршек; кератинді (сүйек) қалдықтарға мүйіз, тұяқ жатады.
2. Былғары және мех өндірісіндегі қалдықтарға шел, кесінді, тері майы, жүн; илеуден кейінгі қалдықтарға сүргілеуден шыққан жаңқа, кесінді; құрамында белокты заттар жоқ қалдықтарға майлар, илегіш заттар, шайынды су және т.б болады.
3. Былғары және мех бұйымдарын жасау кездегі шығатын қалдықтар аяқ киім, галантерея өндірісі бөлшектерді дайындауда пайда болады.
Қалдықтарға стандартқа жатпайтын шикізат та жатады. Былғары өндірісінде қалдықтар шикізат түріне, химиялық құрамына пайдалану мақсатына және дайын былғары түріне байланысты бөлінеді.
Шикізаттың түріне байланысты қалдықтарды: мүйізді ірі қараның жылқы, ешкі, қой, шошқа және тағы басқа жануарлардың қалдықтары деп бөледі.
Шыққан кезеніне байланысты былғары қалдығы иленген және иленбеген болып бөлінеді, сондай-ақ оларды құрамындағы қосындыларына байланысты бөледі.
Химиялық құрамына қарай қалдықтар коллагенді және майлы болып бөлінеді. Коллагенді қалдықтарға: тері, жартылай фабрикат, былғары; майлы қалдықтарға: шошқа майы, қыру және шелдету кезінде шошқа терісінен алынған май, бірінші шелдегенде қой, ешкі терілерінен алынған шел майы жатады.
1. Мәдиев Ө.Қ., Айтөленова Қ.Т. Былғары және тері технологиясы - Астана: Фолиант, 2010 - 216бет.
2. Мәдиев Ө.Қ., Айтөленова Қ.Т.. Орысша-қазақша сөздік. Былғары және мех технологиясы.- Алматы: Білім, 1996. - 104б.
3. Фирсова Н.М. Выделка меха, овчин и кожи / Н.М.Фирсова.- Изд.2-е, перераб идоп. - Ростов н/Д: Феникс, 2007. - 346с.
4. Лошкарева О. Технология сборки изделий из кожи: Учебник/О.Лошкарева. - Астана: Фолиант, 2010. - 640с.
5. Обработка и выделка шкур / Ростов н/Д: Владис; М.: РИПОЛ классик, 2011. - 192с.
6. Линь В.В. Обработка и выделка шкур / ООО "Аделант", 2006. 384с.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университет

СӨЖ

Орындаған: Баймұханбетова А.Е.
Топ: ТК-223
Тексерген: Бауыржанова А.З.

Семей қ. 2015 жыл
Жоспар:

Қалдықтарды қайта өңдеу
Жүн мен қылшықты өңдеу
Стандартты емес шикізатты және спилокты өңдеу

Қалдықтарды қайта өңдеу
Қалдықтарды топтастыру. Былғары және мех өндірісінің ерекшелігі онан
шығатын қалдықтардың көп молшерде болуында. Мысалы, былғары өндірісінде
сиыр терісінің шикізатындағы (спилокты қосқанда) белокты заттардың
былғарыға тек 49,3 % ғана өтеді екен. Ал, қалғаны қалдыққа кетеді.
Қалдықтардың үлкен бөлігі қайта қолданылады, оны қайтымды қалдықтар деп
атайды. Ал қолданылмай кететін қалдықтарды қайтымсыз деп атайды.
Былғары және мех өндірісіндегі қалдықтарды 3 топқа бөлуге болады.
Ет комбинаттары және шикізат зауыттарында теріні өңдеуде шығатын
қалдықтарға кесінді, ерін, шеміршек; кератинді (сүйек) қалдықтарға мүйіз,
тұяқ жатады.
Былғары және мех өндірісіндегі қалдықтарға шел, кесінді, тері майы, жүн;
илеуден кейінгі қалдықтарға сүргілеуден шыққан жаңқа, кесінді; құрамында
белокты заттар жоқ қалдықтарға майлар, илегіш заттар, шайынды су және т.б
болады.
Былғары және мех бұйымдарын жасау кездегі шығатын қалдықтар аяқ киім,
галантерея өндірісі бөлшектерді дайындауда пайда болады.
Қалдықтарға стандартқа жатпайтын шикізат та жатады. Былғары өндірісінде
қалдықтар шикізат түріне, химиялық құрамына пайдалану мақсатына және дайын
былғары түріне байланысты бөлінеді.
Шикізаттың түріне байланысты қалдықтарды: мүйізді ірі қараның жылқы, ешкі,
қой, шошқа және тағы басқа жануарлардың қалдықтары деп бөледі.
Шыққан кезеніне байланысты былғары қалдығы иленген және иленбеген болып
бөлінеді, сондай-ақ оларды құрамындағы қосындыларына байланысты бөледі.
Химиялық құрамына қарай қалдықтар коллагенді және майлы болып бөлінеді.
Коллагенді қалдықтарға: тері, жартылай фабрикат, былғары; майлы
қалдықтарға: шошқа майы, қыру және шелдету кезінде шошқа терісінен алынған
май, бірінші шелдегенде қой, ешкі терілерінен алынған шел майы жатады.
Мех шикізатын өңдегенде шығатын қалдық жүн: тараудан сабаудан, өтектеуден
кейін түскен жүн (очес); қырқудан және механикалық операциялардан кейін
шыққан жүн(подстрижка); механикалық жұмсартудан қағып сілку барабандарынан
шыққан жүн(сметка); кесіндіден шыққан жүн(кислотная);канализациялық
құбырлар мен тұндырғыштардан шыққан жүн деп бөлінеді.
Қалдық жүннің шығымы қатаң ескеріледі. Мехқа арналған қой терісінен- 5,6
кг; тондық қой терісінен -2,3 кг жүн 1000 шыққанда шығуы тиіс. Қой
терісінің өңдеуде жүннен басқа шел мен кесіндіде қалдыққа жатады.
Майлы қалдықтарды қайта өңдеу. Былғары және мех өнеркәсібінде шикізатты,
жартылай фабрикаттарды өңдеу және қалдықтарды қайта өңдеу кезінде көптеген
мөлшерде майлы заттар қалады. Бөлінген май өндіріске асамаңызды, бағалы
шикізат болып атбылады және де былғары өндірісінде майлауға қолдануға
болады.
Май шошқа және қой терілерінде көп болады. Шошқа терісін сүргілеуден
шығатын қалдықта майлы заттар өте көп болады. Тері салмағына шаққанда 40-50
٪-ке дейін техникалық май шығады. Шел мен спилоктік кесіндіде 10-20 % және
10-15%-тей майлы зат болады. Сүргілеуден кейінгі тері
қиқымдарында(жаңқасынан) 15% -ке дейін техникалық май алынады.
Қой терісінің шел қабатында көп мөлшерде май болады, негізінен ол,
шикізаттың түріне байланысты. Майдың мөлшері шел салмағының 6-16% -тін
құрайды. Шелдеуден 3-4% май алынады.
Жібіту, майсыздандыру, күлдеу процестерінен кейін қой және шошқа терілерін
өңдеуде, шайынды судың құрамында жібіту күлдеуден кейін(шошқа терісінде)
10гл-дей майлы заттар болады.
Шайынды судың құрамындағы майлы заттар арнаулы майұстағыштармен жиналады.
Эмульгациядан кейінгі алынған май, юфть және аяқ киімнің төменгі бөлігіне
арналған былғарыны майлау үшін қолданылады., ал сульфаттаудан алынған май
хромды былғарыны майлауға қолданылады.
Қатты қалдықтардың (шел, кесінді) құрамындағы майлы заттарды тұщыту арқылы
бөліп алады.
Мех өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу
Мех өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу нәтижесінде: жүн, майлы заттар, ал
коллагенді қалдықтардан- желім , белокты гидролизат, малға арналған жем
және тағы басқаларды алуға болады.
Жүн қалдықтарын арнайы жинағыштарға салып, оны басқа қосындылардан ағаш
үгіндісінен, шаңнан тазалап тендерге престейді.
Канализациялық жүндерді шайынды судың құрамынан арнайы аппараттар көмегімен
ұстап, тазалап, жуып, престейді.
Жүнді теріден бөліп алу тері өзеңін бұзу арқылы орындалады.
Мех кесіндісіндегі жүнді ферментативті өңдеуде, жоғары сапалы жүн алынады.
Үлкен кесіндіні өңдеу кезінде ферментативті жүннен арылту әдісі
жүргізіледі, онан кейін терідегі жүнді жүнсыдырғыш машиналарда алып
тастайды.

2. Жүн мен қылшықты өңдеу
Жүн мен қылшық былғары мен тон өндірісінің өте бағалы өнімі, себебі
олар тоқыма өндірісінің негізгі шикізаты болып табылады. Солай бола тұрса
да былғары өндірісінде жүнді жинап алуға жөнді көңіл бөлінбейді. Мех және
тон өндірісінде жинайтын жүнді зауыттық жүн деп атайды. Зауыттық жүннің
сапасы тірі малдан қырқып алынған жүннен нашарлау болады. Теріде ұзақ,
нәрсіз тұрған жүн қаттылау, бос және жөнді боялмайды.
Былғары өндірісінде жүнді өзеңмен байланысын әлсіретіп барып,
механикалық жолмен жүн сыпырғыш машиналарда сыпырып тастау арқылы алады.
Бағалы жүні бар терілерді мысалы: қой, ешкі немесе шошқа терілері,
ферментативтік немесе механикалық жолмен тазартады. Мех өндірісінде жоғары
бағалы жүнді қой терісінен қырқып алады.
Алынған жүнді тоқыма өндірісіне жібереді. Жүн мен қылшықтың сапасы
мен шығымы малдың тұқымына, жынысына, сойған кездегі салмағына және оның
тұрған жерінің климатына, бағу жағдайына байланысты.
Жүн мен қылшықтың сипаттамасы. Былғары зауытынан алынатын жүн шикізат
түріне қарай бөлінеді: сиыр (мүйізді ірі қараның терісінен алынған) жылқы,
қой және ешкі жүндері.
Негізінен былғары зауыттарынан сиыр жүні алынады. Бірақ ең бағалысы қой
жүні. Жағу арқылы алынған жүннің сапасы онша жақсы болмайды, өйткені
күкіртті натрий оның сапасына кері әсер етеді, жүнді бұзады. Ешкі жүні ұзын
қалдықтан және майда түбіттен тұрады. Ол екеуі де өте бағалы шикізат.
Қылшық жүн щетка өндірісінде қолданылады. Өндірісте жүнді қалыңдығы бойынша
сұрыптайды: 1 – жіңішке, 2 – жіңішкерек, 3 – қатты, 4 – қаттылау, ал,
ұзындығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалдықтарды қайта өңдеу
Былғары және мех шикізатының тағайындалуы
Жүннің құрылымы
Консервлеудің ылғалды тұздау тәсілі
Тарақты иірімжіптің сипаттамасы
Үлбір шикі заттарын консервілеу әдістері. Құрғақ кептіру (тұзсыз) әдісі
Тоқыма талшықтары
Материалдарының түрлерінің құрылымы
Мех өңдеу технологиясы оқу құралы
Жүн шикізатының тауартануы
Пәндер