Тәуекел ұғымы және оның экономикалық зардаптары



1. Кіріспе
2. Тәуекел ұғымы
3. Тәуекел түрлері
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Сақтандырудың негізінде қорқыныш жатады. Адам қорқып, өзінің қорқынышын басқаға беру арқылы мүмкін шығындар мен залалдан қорғалады. Бұл шығындардың мүмкін қаупі табиғат құбылыстарымен және адам қызметінің түрлерімен байланысты. Ол тәуекел болып табылады. Демек, қорқыныштың пайда болуы тәуекелдің пайда болуына әкеледі. Тәуекел негізінде адамның қорқынышы жатады.
Тәуекел – бұл адам сезген мүмкін қауіпті білдіретін тарихи санат. Тәуекел тарихи қоғамдық дамудың бүкіл барысымен байланысты.
Л.Морган мен Ф.Энгельс жасаған мәдени-тарихи переодизацияға сәйкес қоғам дамуы үш дәуірден өтті: жабайылық, айуандылық, өркениет. Олардың әрқайсысы өз кезегінде үш сатыдан тұрады: төмен, орташа және жоғарғы. Тәуекел тарихи санат ретінде өркениеттің төменгі сатысында, адамда өлім алдында қорқыныш сезімі туындағанда пайда болды. Өркениеттің дамуымен қатар тауарлармен айырбас, айырбас белгісі ретінде ақша, тауар-ақша қатынастары пайда болып, сонымен бірге осы ақшадан айырылу тәуекелі пайда болады, яғни тәуекел экономикалық санатқа айналды.
Тәуекел – бұл болуы және болмауы мүмкін оқиға.
«Тәуекел» сөзі нәтижесі белгісіз болатын шешімді қабылдауды білдіреді.
Мұндай оқиға үш экономикалық нәтижеге әкелуі мүмкін:
- теріс (шығын, залал);
- нөлдік;
- оң.
Тәуекел арқылы нақты өлшенетін және нақты бейнеленетін залал жүзеге асырылады. Немесе бұл қолайсыз нәтиженің сандық бағасы. Тәуекелді статистикалық мәліметтер негізінде үлкен сандар заңы немесе ықтималдылық теориясын қолдану арқылы математикалық жолмен өлшеуге болады.
Тәуекел факторы және мүмкін залалды өтеу қажеттілігі сақтандыру қажеттілігін туындатады. Яғни тәуекел – бұл сақтандырудың пайда болуының алғышарты.
Тәуекел – бұл сақтандыру объектісінің залалға ұшырауының әлеуетті мүмкіндігі.
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелді оқиғаның болуын белгілі бір дәрежеде болжауға мүмкіндік беретін әр түрлі шараларды пайдалану және тәуекел дәрежесін төмендету шараларын қабылдауға болады.
Тәуекелді басқаруды ұйымдастырудың тиімділігі көп жағдайда тәуекел топтамасымен анықталады.
Тәуекел топтамасы – бұл нақты мақсаттарға жету үшін тәуекелді белгілі бір белгілер бойынша жеке топтарға бөлу.
Ғылыми негізделген тәуекел топтамасы жалпы жүйеде әрбір тәуекелдің орнын анықтауға мүмкіндік береді. Ол тәуекелді басқарудың әдіс, тәсілдерінің сәйкес шараларын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Әрбір тәуекелге тәуекелді басқару тәсілдерінің өзіндік жүйесі сәйкес келеді.
1. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы:2005 ж
2. Қазақстан Республикасының „Сақтандыру қызметі туралы" Заңы 18 желтоқсан 2000 жыл N126-11.
3. Жуйриков К., Назарчук И., Жуйриков Р., Страхование: теория, практика, зарубежный опты: Учебник для студентов вузов и колледжей/Под редакцией К.К. Жуйрикова. - Алматы: ОФ „БИС"
4. http://kitaptar.com/

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Тәуекел ұғымы және оның экономикалық зардаптары

Орындаған: ФН - 305 топ
Советова Ж.С.
Тексерген: Курманбекова Г.А.

Семей 2015 жыл
Жоспар
1. Кіріспе
2. Тәуекел ұғымы
3. Тәуекел түрлері
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Сақтандырудың негізінде қорқыныш жатады. Адам қорқып, өзінің қорқынышын басқаға беру арқылы мүмкін шығындар мен залалдан қорғалады. Бұл шығындардың мүмкін қаупі табиғат құбылыстарымен және адам қызметінің түрлерімен байланысты. Ол тәуекел болып табылады. Демек, қорқыныштың пайда болуы тәуекелдің пайда болуына әкеледі. Тәуекел негізінде адамның қорқынышы жатады.
Тәуекел - бұл адам сезген мүмкін қауіпті білдіретін тарихи санат. Тәуекел тарихи қоғамдық дамудың бүкіл барысымен байланысты.
Л.Морган мен Ф.Энгельс жасаған мәдени-тарихи переодизацияға сәйкес қоғам дамуы үш дәуірден өтті: жабайылық, айуандылық, өркениет. Олардың әрқайсысы өз кезегінде үш сатыдан тұрады: төмен, орташа және жоғарғы. Тәуекел тарихи санат ретінде өркениеттің төменгі сатысында, адамда өлім алдында қорқыныш сезімі туындағанда пайда болды. Өркениеттің дамуымен қатар тауарлармен айырбас, айырбас белгісі ретінде ақша, тауар-ақша қатынастары пайда болып, сонымен бірге осы ақшадан айырылу тәуекелі пайда болады, яғни тәуекел экономикалық санатқа айналды.
Тәуекел - бұл болуы және болмауы мүмкін оқиға.
Тәуекел сөзі нәтижесі белгісіз болатын шешімді қабылдауды білдіреді.
Мұндай оқиға үш экономикалық нәтижеге әкелуі мүмкін:
- теріс (шығын, залал);
- нөлдік;
- оң.
Тәуекел арқылы нақты өлшенетін және нақты бейнеленетін залал жүзеге асырылады. Немесе бұл қолайсыз нәтиженің сандық бағасы. Тәуекелді статистикалық мәліметтер негізінде үлкен сандар заңы немесе ықтималдылық теориясын қолдану арқылы математикалық жолмен өлшеуге болады.
Тәуекел факторы және мүмкін залалды өтеу қажеттілігі сақтандыру қажеттілігін туындатады. Яғни тәуекел - бұл сақтандырудың пайда болуының алғышарты.
Тәуекел - бұл сақтандыру объектісінің залалға ұшырауының әлеуетті мүмкіндігі.
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелді оқиғаның болуын белгілі бір дәрежеде болжауға мүмкіндік беретін әр түрлі шараларды пайдалану және тәуекел дәрежесін төмендету шараларын қабылдауға болады.
Тәуекелді басқаруды ұйымдастырудың тиімділігі көп жағдайда тәуекел топтамасымен анықталады.
Тәуекел топтамасы - бұл нақты мақсаттарға жету үшін тәуекелді белгілі бір белгілер бойынша жеке топтарға бөлу.
Ғылыми негізделген тәуекел топтамасы жалпы жүйеде әрбір тәуекелдің орнын анықтауға мүмкіндік береді. Ол тәуекелді басқарудың әдіс, тәсілдерінің сәйкес шараларын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Әрбір тәуекелге тәуекелді басқару тәсілдерінің өзіндік жүйесі сәйкес келеді.
Тәуекелдердің бағаланған жүйесіне тәуекелдердің санаттары, топтары, түрлері, тармақтары мен әртүрліліктері жатады.
Сипаты бойынша тәуекелдер келесідей бөлінеді:
- объективті және субъективті;
- жеке және әмбебап;
- ерекше.
Объективті тәуекелдер сақтандырушының санасы мен еркінен байланысты болмайды (аппатар, тасқындар және т.б.)
Субъективті тәуекелдер шындыққа деген объективті ынғайды теріске шығаруға немес ескершеуге негізделген.
Жеке тәуекел жеке үй мүлігін, сүреттерді, коллекцияларды және т.б сақтандыруды ескермеуде көрініс табады.
Әмбебап тәуекел - бұл көптеген келісім-шарттар бойынша сақтандырушының жауапкершілігінің көлеміне кіретін тәуекел. Мысалы, туристтерді сәтсіз оқиғалардан, сырқаттардан, мүлікті ұрлаудан сақтандыру.
Ерекше топты өзгеше тәуекелдер құрайды :
-кемісті;
-апатты.
Кемісті тәуекелдерге сәйкес объектілерді сақтандырудың қандай да бір топтарына жатқызуға мүмкіндік бермейтін тәуекелдер жатады. Мысалы, өмірді жеке сақтандыру, медициналық куәландыру процедурасы, қолайсыз ауа райы жағдайын, жабайы аңдарды аулауға берілетін лицензиялардың жүзеге асырылмауы жағдайын сақтандыру.
Апатты тәуекелдер болып басталған кезіңде сақтандырушыға аса ірі мөлшерде және елеулі түрде зиян келтіруі мүмкін тәуекелдер табылады. (ЧАЭС-дағы апаттар, Онтүстік Сахалиндегі жер сілкіністер).
Болуы мүмкін нәтижеде (қауыпты оқиғаға) байланысты тәуекелдерді екі үлкен топқа бөлуге болады:
- таза;
- алыпсатарлық.
Таза тәуекелдер теріс немес нөлдік нәтижені алу мүмкіндігін білдіреді. Бұл табиғи-жаратылыстық, саяси, көлік тәуекелдер және коллекциялық тәуекелдердің бір бөлігі.
Алыпсатарлық тәуекелдер оң, сондай-ақ теріс нәтижені алу мүмкіндігінде көрініс табады. Оларға коммерциялық тәуекелдердің бір бөлігі болып табылатын қаржылық тәуекелдер жатады.
Пайда болуының (базистік немесе табиғи) негізі есебінен байланысты тәуекелдердің келесідей санаттары болады:
- табиғи - жаратылыстық;
- экологиялық;
- саяси;
- көлік;
- коммерциялық.
Табиғи - жаратылыстық болып табиғаттың апатты күштерінің көрінісімен байланысты тәуекелдер табылады.
Экологиялық тәуекелдер - бұл елдің саяси жағдайы мен мемлекеттің қызметімен байланысты тәуекелдер.
Саяси тәуекелдер шаруашылық жүргізуші субъектінің тікелей түрде байланысты болмайтын себептер бойынша өндірістік-саудалық үдеріс жағдайлары бұзылған кезде пайда болады. Оларға келесілер жатады:
- әскери әрекеттер, қозғалыстар, елде ішкі саяси жағдайдың шиеленісуі, ұлттандыру, тауарлар мен кәсіпорындарды кәмпескелеу, жаңа үкіметтің бастаушымен қабылданған міндеттемелерді орындаудан бас тарту есебінен эмбаргоны енгізу салдарынан шаруашылық қызметті жүзеге асырудың мүмкінсіздігі;
- салықтық заңнаманың қолайсыз өзгеруі;
- төтенше жағдайлар пайда болуының тәтижесінде белгілі бір мерзімде сыртқы төлемдердің мерзімін ұзартуды еңгізу;
- төлем валютасына ұлттық валютасының конверсиясына шек қою немесе тыйым салу.
Бұл кезде экспорттаушы алдындағы міндеттеме қолданудың шектелген сферасына ие ұлттық валютада орындалуы мүмкін.
Көлік тәуекелдер бұл жүктерді автомобиль, теңіз, өзен, темір жол, ұшақ және т.б көліктері арқылы тасымалдаумен байланысты тәуекелдер.
Коммерциялық тәуекелдер қаржы-шаруашылық қызмет үдерісіндегі шығындар қаупі болып табылады. Олар берілген коммерциялық мәміледен нәтиженің белгісіздігін білдіреді.
Құрылымдық белгісі бойынша коммерциялық тәуекелдер келесідей бөлінеді:
- мүліктік;
- өндірістік;
- саудалық;
- қаржылық.
Мүліктік тәуекелдер-бұл ұрлық, диверсия, ұқыпсыздық, техникалық және технологиялық жүйенің сынуы және т.б себептер бойынша азамат-кәсіпкер мүлігінің шығындарға ұшырау мүмкіндігімен байланысты тәуекелдер.
Өндірістік тәуекелдерге әртүрлі факторлардың әсер етуінің және ең алдымен негізгі және айналым қорларының (құрал-жабдық, шикізат, көлік т.б) зақымдануының немесе жойылуының нәтижесінде өндірістің тоқтап қалуынан болатын шығындармен байланысты болатын тәуекелдер, сонымен қатар өндірістке жаңа техника мен технологияны еңгізуімен байланысты пайда болатын тәуекелдер жатады.
Саудалық тәуекелдерге төлемдердің тоқтауы, тауарларды тасымалдау кезеңде төлемдерден бас тарту, тауарларды жеткізбеу және т.б. себептері бойынша шығындардың пайда болуымен байланысты тәукеледер кіреді.
Қаржылық тәуекелдер қаржы ресурстарының, яғни ақшалай қаражаттардың шығындарының ықтималдығымен байланысты. Қаржылық тәуекелдер екі түрге бөлінеді:
-ақшаларын сатып алушылық қабілетімен байланысты тәуекелдер;
-капитал салумен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер).
Ақшалардың сатып алушылық қабілетімен байланысты тәуекелдерге келесілер жатады:
-инфляциялық және дефляциялық;
-валюталық ;
-өтімділік тәуекел.
Инфляция ақшаның құнсыздануы және сәйкесінше бағалардың өсуі болып табылады. Дефляция - бұл инфляцияға қарама-қарсы үдеріс, бағалардың төмендеуінде және сәйкесінше ақшалардың сатып алушылық қабілетін жоғарлауында көрініс табады.
Инфляциялық тәуекелдің мәні келесідей: инфляцияның өсуі кезіңде алынатын ақшалай табыстар нақты сатып алушылық қабілетінің көз қарас тұрғысынан тез құнсызданады. Мұндай жағдайларда кәсіпкер нақты шығындарға ұшырайды.
Дефляциялық тәуекелді келесідей анықтауға болады: дефляцияның өсуі кезінде бағалар деңгей төмендейді, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайлары нашарлайды және табыстар төмендейді.
Валюталық тәуекелдер сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық операцияларды өткізу кезіңде бір шетелдік валютаның басқасына қарағанда бағамының өзгеруімен байланысты валюталық шығындардың қаупін білдіреді.
Өтімділік тәуекелдер-бұл бағалы қағаздар мен басқа да тауарларды жүзеге асыру кезіңде оларды сапасының бағасының өзгеруі есебінен болатын шығындардың мүмкіндігімен байланысты тәуекелдер.
Инвестициялық тәуекелдерге келісілер кіреді:
- айырылып қалған пайданың тәуекелі;
- табыстылықтың төмендеу тәуекелі;
- тікелей қаржылық шығындар тәуекелі.
Айырылып қалған пайданың тәуекелі - бұл қандайда бір шараның (мысалы, сақтандыру, хеджирлендіру инвестициялау және т.б) жүзеге асырылмауының нәтижесінде жанама қаржылық шығынның пайда болу тәуекелі.
Табыстылықтың төмендеу тәуекелі қоржындық инвестициялар, салымдар мен несиелер бойынша пайыздар мен дивиденттердің көлемінің төмендеуімен байланысты пайда болу тәуекелі.
Қоржындық инвестициялар инвециялық қоржының пайда болуымен байлансты және бағалы қағаздар мен басқа активтерді иемденуді білдіреді.
Табыстылықтың төмендеу тәуекеліне келесілер кіреді:
- пайыздық;
- несиелік.
Пайыздық тәуекелдерге жұмылдырылған қаражаттар бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелердің ұсынылған несиелер бойынша мөлшерлемелерден артып кетуінің нәтижесінде коммерциялық банктер, несиелік мекемелердің инвестициялық институттар, селингтік компаниялар шығындарының қаупы жатады.
Пайыздық тәуекелдерге сонымен қатар инвесторлардың акциялар бойынша дивиденттердің облигациялар, сертификаттар мен басқа да бағалы қағаздар бойынша нарықтағы пайыздық мөлшермелердің өзгеруімен байланысты ұшырайтын шығындар тәуекелі жатады. Пайыздың нарықтық мөлшерлемесінің өсуі құнды қағаздардың, әсіресе белгіленген пайыздағы облигациялардың бағамдық құнның төмендеуіне әкеліп соқтырды. Пайыздың жоғарылауы кезінде эмитентпен мерзімінен бұрын кері қабылданатын шығарылым шарттары бойынша және аса төмен белгіленген пайыздар бойынша шығарылған бағаны қағаздардың жаппай жойылуы басталу мүмкін. Белгіленген деңгейге қарағанда орташа нарықтық пайыздың нарықтағы жоғарылуы кезінде белгіленген пайызы бар орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға қаражаттарды салған инвестор пайыздық тәуекелге ұшырайды. Басқаша айтқанда, инвестор пайыздың жоғарылуы есебінен табыстардың өсімін алар еді, бірақ жоғарыда аталған жағдайларда салған қаражаттарын босата алмайды. Белгіленген деңгейге қарағанда орташа нарықтық пайыздың ағымдағы төмендеу кезінде белгіленген пайызы болатын орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды айналымға шығаратын эмитент пайыздық тәуекелге ұшырайды.
Басқаша айтқанда, эмитент нарықтан аса төмен пайыз бойынша қаражаттарды жұмылдыра алар еді, бірақ ол өзі шығарған бағалы қағаздардың шығарылымымен байланысты болады. Инфляция жағдайларында пайыздық мөлшерлемелердің тез өсуі кезінде тәуекелдің бұл түрінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТӘУЕКЕЛДІ ТАЛДАУ НЕГІЗДЕРІ
Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік. құқыққа сай мінез-құлық
Сақтандыру пәнінен дәрістер тақырыбы
Қаржылық басқару
Инфляцияның мәнін ашу, оның түрлері және ақша айналысын тұрақтандыру әдістерін анықтау
Әкімшілік жазалардың түрлері
Қоғамға қауіпті және оған қарама-қарсы іс-әрекеттер
Техносферадағы тіршілік қауіпсіздігі.өндіріс ортасының қолайсыз факторларының жіктелуі
Сыртқы реттелмейтін тәуекелді басқару
Математикалық мағынада сақтандыру жарнасы сақтанушының сақтандырушыға кезенді қайталанатын төлемі
Пәндер