Т.Жомартбаевтың публицистикалық шығармалары. Уәйіс Шондыбайұлы шығармашылығының зерттелуі. Қайым Мұхамедханұлының Абайтануға қосқан үлесі
Әдебиет – халықтың рухани қазынасының алтын қоймасы. Сол қойманы сақтай білген, сол қазынаны рухани қажетіне қарай орынды жарата білген халықтың ғана ұлт ретінде, халық ретінде болашағы бар. Сондықтан да сол әдебиетті төкпей-шашпай, жүйелеп, зерттеп, қай жерде не бар, ол бізге несімен қымбат деген сауалдарға уақтылы жауап беріп отыру барлық уақытта да күн тәртібінен түспейді.
Әдебиеттің өткені мен бүгінгісін замана талабына сай саралап, бұл мәселені шешіп отыратын – әдебиеттану ғылымы. Соның ішінде бар әдебиетке иелік жасап, шашау шығармай жинап, рет-ретімен жүйеге түсіріп, қай нәрсенің қай жерде, қандай қасиеті бар екендігін қапысыз саралап, дәуір тынысына орай оқырманның рухани қажеттілігін қанағаттандыруға қалтқысыз қызмет етуге тиіс – әдебиеттің тарихы.
Әдебиеттің тарихы - әдебиеттану ғылымының негізі болумен бірге көлемі жағынан ауқымдысы да, сондай-ақ шешімін күтіп тұрған проблемалары көбірегі де. Әдебиет тарихын жасау, оны дәуірлеу мәселесі әдебиетті зерттей бастаған кезден күн тәртібінде келеді. Сырт қарағанда, онда тұрған не бар, тарихты кезең-кезеңдерге бөліп, жаза берсе болмай ма деуге де болатын сияқты. Сөйтіп те келдік. Десек те заман өзгерді, заманмен бірге адам да жаңарды; қоғамдық сана өзгеріп, ғылым мен мәдениет дамыды.
Осының барлығы әдебиеттің, оның ғылымының алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Соның бірі – әдебиеттің тарихын жаңаша дәуірлеу, тың деректер мен пікірлермен толықтыра түсу, бүгінгі таңдағы қоғамтану ғылымының жетістіктерімен қаруланған, ХХ1 ғасырдың жаңа адамының талғамын қанағағттандырып, толғандырар сұрақтарына жауап бере алатын толыққанды әдебиет тарихын қайта жасау.
ХХ1 ғасырдағы қоғамдық дамудың өзіндік ерекшелігі болып табылатын жаһандану үдерісі адамзат қоғамының алдына мүлдем жаңа проблемалар қойып отыр. Батыста басталып, «бұл болмай қоймайтын, өркениетке апарар жол» деп, барынша насихатталып жатқан жаһандану жолындағы мәдениеттердің, әдебиеттердің барлығын жалмап, жұтып, халықтарды ұлттық рухани тамырынан айырып, мәңгүрттендіру арқылы бір оқ шығармай, әлемді бағындыру әрекетіне көшті.
«Мәдениеттер қақтығысының», сыпайылап айтқанда, «мәдениеттер тоғысының» негізгі соққысы ұлттық тілге, оның әдебиетіне бағытталып, әлемді алқымынан алып, халықтың жанды жерінен жаралап, рухын жоюда. Соның нәтижесінде Еуропаның батысындағы шағын ғана аралды мекендейтін 60 миллион ағылшынның тілін ана тілі санайтындардың саны 500 миллионнан, жалпы пайдаланушылар 1 миллиардтан асып, әлемнің 44 елінде мемлекеттік мәртебеге ие болып отыр (А. Кәрімұлы. Тіл майданы – біз үшін Отан соғысы. «Қазақ әдебиеті», 20-26.01.2012). Мұның барлығы басқа тілдердің, мәдениеттердің, әдебиеттердің жойылуы есебінен болып жатқандығы белгілі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Т.Жомартбаевтың публицистикалық шығармалары. Уәйіс Шондыбайұлы шығармашылығының зерттелуі. Қайым Мұхамедханұлының Абайтануға қосқан үлесі
Орындаған: Садақбай А.
Тексерген: Жундибаева Арай Канапияновна
Семей
2015
Т.Жомартбаевтың публицистикалық шығармалары. Уәйіс Шондыбайұлы шығармашылығының зерттелуі. Қайым Мұхамедханұлының Абайтануға қосқан үлесі
Әдебиет - халықтың рухани қазынасының алтын қоймасы. Сол қойманы сақтай білген, сол қазынаны рухани қажетіне қарай орынды жарата білген халықтың ғана ұлт ретінде, халық ретінде болашағы бар. Сондықтан да сол әдебиетті төкпей-шашпай, жүйелеп, зерттеп, қай жерде не бар, ол бізге несімен қымбат деген сауалдарға уақтылы жауап беріп отыру барлық уақытта да күн тәртібінен түспейді.
Әдебиеттің өткені мен бүгінгісін замана талабына сай саралап, бұл мәселені шешіп отыратын - әдебиеттану ғылымы. Соның ішінде бар әдебиетке иелік жасап, шашау шығармай жинап, рет-ретімен жүйеге түсіріп, қай нәрсенің қай жерде, қандай қасиеті бар екендігін қапысыз саралап, дәуір тынысына орай оқырманның рухани қажеттілігін қанағаттандыруға қалтқысыз қызмет етуге тиіс - әдебиеттің тарихы.
Әдебиеттің тарихы - әдебиеттану ғылымының негізі болумен бірге көлемі жағынан ауқымдысы да, сондай-ақ шешімін күтіп тұрған проблемалары көбірегі де. Әдебиет тарихын жасау, оны дәуірлеу мәселесі әдебиетті зерттей бастаған кезден күн тәртібінде келеді. Сырт қарағанда, онда тұрған не бар, тарихты кезең-кезеңдерге бөліп, жаза берсе болмай ма деуге де болатын сияқты. Сөйтіп те келдік. Десек те заман өзгерді, заманмен бірге адам да жаңарды; қоғамдық сана өзгеріп, ғылым мен мәдениет дамыды.
Осының барлығы әдебиеттің, оның ғылымының алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Соның бірі - әдебиеттің тарихын жаңаша дәуірлеу, тың деректер мен пікірлермен толықтыра түсу, бүгінгі таңдағы қоғамтану ғылымының жетістіктерімен қаруланған, ХХ1 ғасырдың жаңа адамының талғамын қанағағттандырып, толғандырар сұрақтарына жауап бере алатын толыққанды әдебиет тарихын қайта жасау.
ХХ1 ғасырдағы қоғамдық дамудың өзіндік ерекшелігі болып табылатын жаһандану үдерісі адамзат қоғамының алдына мүлдем жаңа проблемалар қойып отыр. Батыста басталып, бұл болмай қоймайтын, өркениетке апарар жол деп, барынша насихатталып жатқан жаһандану жолындағы мәдениеттердің, әдебиеттердің барлығын жалмап, жұтып, халықтарды ұлттық рухани тамырынан айырып, мәңгүрттендіру арқылы бір оқ шығармай, әлемді бағындыру әрекетіне көшті.
Мәдениеттер қақтығысының, сыпайылап айтқанда, мәдениеттер тоғысының негізгі соққысы ұлттық тілге, оның әдебиетіне бағытталып, әлемді алқымынан алып, халықтың жанды жерінен жаралап, рухын жоюда. Соның нәтижесінде Еуропаның батысындағы шағын ғана аралды мекендейтін 60 миллион ағылшынның тілін ана тілі санайтындардың саны 500 миллионнан, жалпы пайдаланушылар 1 миллиардтан асып, әлемнің 44 елінде мемлекеттік мәртебеге ие болып отыр (А. Кәрімұлы. Тіл майданы - біз үшін Отан соғысы. Қазақ әдебиеті, 20-26.01.2012). Мұның барлығы басқа тілдердің, мәдениеттердің, әдебиеттердің жойылуы есебінен болып жатқандығы белгілі.
Қазіргі тіл майданы жүріп жатқан әлемде ұлттардың алдына не өмір, не өлім проблемасы қойылып, қамдарын жасай бастады. Міне, осындай кездерде түбі бір түркі халықтары өздерінің жаһандануға жұтылып кетпеуі үшін де рухани жағынан бірігуінің маңызы зор. Ал бұл бірігудің бірден-бір жолы бағзы замандарда Алтайдың, Еуразияның кең сахарасында бірге жүріп жасаған, күні бүгінге дейін өзінің құндылықтарын жоғалтпаған, керісінше бүгінгі туысқан халықтардың бір-бірімен тату-тәтті, түсіністікпен өмір сүруіне көмектесетін рухани тамырларды тірілтуде, бүгінгінің кәдесіне жаратуда жатыр.
Әдебиет - руханияттың күре тамыры. Сондықтан да тегі бір, тілі бір халықтардың ерте кездердегі әдебиетін қайта қарап, бүгінгі әдебиеттану ғылымы жеткен жетістіктерді пайдалана отырып, жаңаша көзқараспен түркі бірлігіне қызмет ететін ортақ әдебиет тарихын жасау - кезек күттірмейтін мәселе.
Бұл - мәселенің бір жағы болса, екінші жағынан, күні бүгінге дейін өзіне лайықты насихатталып, бағасын ала алмай келе жатқан дамыған түркілік әдебиетті тіпті өзімізге, одан қалды әлемдік оқырманға да насихаттау, таныстыру өз дәрежесінде емес. Оның ар жағында қоғамдық даму барысында түркілік мәдениеттің әлемдік өркениетке қосқан өзіндік үлесін анықтау деген секілді ауқымды міндеттер тағы тұр.
Әрине, бұл - айта салуға оңай болғанымен, жүзеге асыруға, жазуға келгенде, күрмеуі көп, шешімін күтіп тұрған мәселелері жеткілікті шаруа. Қазір түрлі тарихи жағдайлардың әсерінен әлемнің түкпір-түкпіріне шашырап, түрлі мәдениеттердің ықпалына ұшыраған түркі тектес халықтардың жалпы саны 200 миллионның о жақ бұ жағында. Олардың ішінде тілінен, рухани тамырынан көз жазып қалғандары, болмаса соған жақын тұрғандары да бар. Міне, осындай жағдайдағы халықтардың тарихи негізді ортақ бай әдеби мұрасын жинақтау, нақтылай айтқанда, түркі халықтарының ортақ әдебиет тарихын жазу - теориялық жағынан да, практикалық жағынан да бірсыпыра күрделі мәселелерді шешуді, қажыр-қайратты қажет ететін күрделі проблема. Бүкіл түркі халықтары түгілі бір ғана ұлттың әдебиет тарихын жасаудың өзі қаншама қиындықтар туғызатынын қазақ әдебиетінің тарихын жасау жолдарынан-ақ байқауға болады.
Түркі халықтарының ортақ әдебиет тарихын жасау барысында есте боларлық бірнеше жағдайлар бар. Отаршылдықтың салдарынан түркі халықтарының көпшілігі күні кешеге шейін өздерінің шын мәніндегі ғылыми негізді әдебиет тарихын жасай алмай келді. Оған бір жағынан, түркі халықтарын қоғамдық дамудың төменгі сатысындағылар санайтын еуропацентризм ілімі кедергі келтірсе, екінші жағынан, ұлттық атаулыға қарсы кеңестік отаршылдық саясат мүмкіндік бере бермеді. Соған қарамастан, КСРО құрамына кірген түркі халықтары өздерінің ұлттық әдебиетінің тарихын зерттеген ғылыми ізденістерін бір сәтке де тоқтатқан жоқ деуге болады. Нәтижесінде социалистік реализм принциптері негізінде жазылған әр ұлттың жеке өзіндік әдебиет тарихтары өмірге келді.
Кеңестік кезеңде өмірге келген әдебиет тарихтарын жазу барысында туындаған түрлі ғылыми мәселелерді әр ұлт өзінше шешті. Әдебиет тарихтарын біреулері түркі халықтарының барлығына бірдей ортақ ерте кездерден бастаса, кейбіреулері кейінгі кездерді місе тұтты. Әдебиет тарихының келелі мәселелерін ғалымдар болып ойласып шешу, үйлестіру жағы жетісе бермеді.
Ортақ әдебиеттің ортақ мәселелерін әр ұлттың өзінше шешуі түркі халықтарының көпшілігі тәуелсіздік алғаннан кейін тіпті күшейе түсті. Бұл айтылғандар негізінен, түркі халықтарының ортақ әдебиетіне қай дәуірлерді жатқызу, түркі халықтарының барлығына ортақ ірі әдеби тұлғаларды бір ғана ұлттың әдебиеті аясында қарап, меншіктеу хақында болып отыр. Түркі халықтарының әдебиет тарихын жасауда осы сияқты толып жатқан мәселелер баршылық. Бұларды енді бұрынғыдай әр ұлт жеке-жеке шешпей, ғалымдар болып ойласа отырып, мәмілеге келетін кез келген сияқты. Мұндай мәселелердің нақтылы түрде дұрыс шешілуінде түркі халықтарының ортақ әдебиет тарихын жасау септігін тигізбек.
Әдебиеттің негізгі екі жағы бар. Оның ең біріншісі және негізгісі әдебиетті әдебиет қылып тұрған оның ішкі жағы, яғни өнер ретіндегі көркемдік қасиеті болса, екіншісі - сол көркем әдебиеттің тууына, өмір сүруіне жағдай жасайтын, тағдырын айқындайтын қоғамдық ортаның әсері. Әдебиеттің тарихын жасағанда, негізгі мәселе осы екі жағын да ескеріп отыру - аса маңызды. Осы бір күрделі мәселені таразының басын тең ұстай отырып, іс жүзінде шешу қазақ әдебиетінің тарихын жасаушыларға да оңайға түспеген.
Болашақта жасалар түркі халықтары әдебиетінің ортақ тарихын жазуға кіріспестен бұрын ұлттық әдебиет тарихтарының жасалу жолдарын, тәжірибелерін қорытып, оның жеткен жетістіктерін пайдалану керек; жетпей жатқан жерлерін жеткізуді, қателіктерін жоюды, проблемаларын шешуді көп болып ойластырып, ортақ ұстанымдарға келу керек. Тарих - ұлы ұстаз. Сондықтан да тарихтың сабақтарын бүгінгі күннің талаптарымен, ғылыми жетістіктерімен ұштастыра отырып, жұмыс жасау алға көп міндеттер жүктейді.
Ортақ әдебиет тарихының зерттеу нысаны - алдымен, анықталып алынуы тиіс күрделі мәселенің бірі. Түркі халықтарының әдебиеті дегеніміз не, ұлттық әдебиет пен түркілік әдебиеттің ара жігі қалай, ортақ әдебиетке қай дәуірлер жатады, ұлттық, түркілік әдебиетке қандай әдебиетті жатқызып, негізгі өлшем ретінде тегі, жері, тілі сияқты өлшемдердің қайсысын аламыз деген секілді сандаған сауалдар ғылыми тұрғыдан жауаптар күтуде. Осы сияқты бірсыпыра мәселелердің дұрыс шешілуі қолға алынғалы отырған үлкен жұмыстың дұрыс бағытта жүруінің бірден-бір кепілі болмақ.
Осы уақытқа дейін түркілік ортақ әдебиетті бірлесе отырып зерттеу мәселесі күн тәртібіне қойылмай, тек ұлттық әдебиеттің тарихын жасау жұмыстары жүріп жатыр. Осының салдарынан түркілік ортақ әдебиет пен ұлттық әдебиеттің бірге қарастырылуы тиіс көптеген мәселелері біржақты шешіліп келді. Ұлттық әдебиетті анықтауда көбіне территориялық принциптің алға шығып отырғандығын байқаймыз.
Мысалы, ортағасырлық Әл-Фараби көп уақыттарға дейін өзбек әдебиетінің тарихында орын алып келсе, кейін туылған жері Отырар (Фараби) Қазақстанда болғандықтан да қазақ делініп жүр. Профессор Ә. Дербісәлінің зерттеуінше, Отырардан шыққан Әл-Фарабилердің ұзын саны отыздың о жақ, бұ жағында. Солардың барлығының да қазақ руханиятына қатысы бар деп есептейді. Жүсіп Баласағұнға қазақ пен қырғыз таласуда. Шу өзенінің бойындағы Баласағұн қаласында туылған ғұламаны қырғыздар қырғыз жерінде, қазақтар қазақ жерінде туылған деп дәлелдейді. Көрші жатқан екі халықтың Жүсіпке таласы аяғында Баласағұн қаласының қай елде болғандығы жайлы ғылыми пікірталастарға ұласты. Сонда бар мәселе Баласағұн қаласының қай жерде болғандығы анықталуына байланысты шешілетін сияқты. Осы сияқты орта ғасырларда жасаған Қ. А. Иассауи, М. Қашқари, Ә. Хорезми сияқты көптеген ірі қайраткерлер көбіне бір ғана ұлттың ауқымында қарастырылып, олардың күллі түркі жұртына ортақ ұлы тұлғалар екендігіне назар онша аударылмай келеді.
Белгілі бір әдебиеттің өкілдерін анықтағанда, оның шыққан тегіне мән береді. Мысалы, Әл-Фараби Отырарда туылғанының үстіне руы қыпшақ екендігі көрсетілгендіктен де, ал қыпшақтардың кейіннен қазақ ұлтының құрамына кірген негізгі ұлттардың бірі болғандықтан да қазақ деп жүр. Ал Қадырғали Жалайыри, Мұхамед Хайдар Дулати сияқты шыққан руын ата-тегі (фамилия) етіп алғандар да бар. Әзірше Жалайыриға талас жоқ, Өйткені жалайыр тайпасы тек қазақтың құрамында. Ал Дулатиға келсек, әңгіме - басқашалау.
Өткен (2011) жылы күзде Өзбекстанның Андижан қаласында Мұхамед Хайдар Дулатиға арналған халықаралық ғылыми конференция өтті. Дұрыс. Дұрыс емесі олардың тарихқа танымал Мұхамед Хайдар Дулати деген аты-жөнін өзгертіп, оны Мырза Хайдар жасап, өзбек қылуы болды. Дәлелі: Дулати рудың аты, ондай фамилия болмайды, сондықтан оны алып тастау керек; туылған жері - Ташкент. Тегіне келсек, дулаттар қазақтың құрамына кірген, қалайша ол өзбек болады; Дулати сол кездерде осы өңірде өмір сүрген түркі тектес халықтардың барлығына бірдей ортақ дегенге оның туылған жері қазіргі Өзбекстан екендігін алға тартып, пікірлерінен қайтпады. Тегіне келгенде, осындай дау-дамайлардың да шығып қалатындығы да бар.
Түркі халықтарының бір кездерде қытайлармен аралас-құралас өмір сүргендігі белгілі. Соңғы зерттеулердің барысында қытай деректерінен түркі тайпаларынан шыққан көптеген ақындар белгілі болды. Мысалы, қытай тілінде жазған қаңлы Пото-Дың (232-248), қаңлы Бұқым (1255-1300), қыпшақ Сағидолла (1272-?), дулат Хы-Тял-Тың (1247-1313), қыпшақ Сарын т. б. сияқты бұрындары белгісіз болып келген ақындар шығып жатыр. Қытай әдебиетінің классигі саналып келген Ли Боның дулат руынан шыққандығын дәлелдеп, ақынның қазақ әдебиетінің тарихынан өзіне лайықты орнын алуы керектігін көтерген М. Оразбайдың пікірі кейіннен дау-дамайға ұласты. Қытай әдебиетінде жүрген тағы бір түркілік ақын Кан Мен Эрдың тағдыры да осылай болды.
Әдебиеттің негізі - тіл. Шығарма қай ұлттың тілінде жазылса, сол ұлттың әдебиетіне жататындығы дау тудырмайды. Қай халықтың болмасын, ұлттық әдебиетін сол ұлттың тілінде жазылған туындылар құрайды. Түркілік әдебиеттің негізгі өлшемі де - осы. Десек те бұл қалыпқа сия бермейтін жағдайлар да жиі кездеседі. Жоғарыдағы тегіне қарай түркі әдебиетіне жатқызылып жүрген ақындардың қытай, араб тілдерінде жазғаны белгілі. Әдебиет ұлттық мәдениеттің, рухтың көрінісі болса, басқа мәдениетке, рухқа сай тілде жазылған көркем шығарманы авторының тегіндегі әдебиетке жатқыза аламыз ба? Ақын жазушы қай тілде жазса, сол ұлттың сөз өнеріне үлес қосып, ұлттық рухына, мүддесіне қызмет ететіні белгілі. Әлемдік әдебиетте қаламгер қай тілде жазса, сол тілдегі әдебиеттің өкілі деп қараушылық басым. Бұл мәселені біз қалай шешуіміз керек? Отаршылдық саяаттың жемісі ретінде соңғы кезеңдерде орыс, қытай тілінде жазатын қазақ қаламгерлері шыға бастады. Он томдық Қазақ әдебиеті тарихының соңғы кітабында Қазақстандағы орыс әдебиетіне арнайы тарау арналды.
Міне, осы тақілеттес сандаған сауалдар әдебиет тарихының тереңіне бойлаған сайын мен мұндалап көбейе түседі. Сондықтан да мұндай мәселелердің әлемдік әдебиет тарихтарында қалайша шешімін тауып жүргеніне назар аударып, ғылыми негізді бір шешімдерге келу керек. Олай болмаса, аяғы таусылмайтын дауларға ұласып кетуі мүмкін.
Әдебиет тарихының негізгі зерттеу нысаны - белгілі бір дәуірдің әдеби өмірі. Ал әдеби өмір (процесс) дегеніміз, белгілі бір дәуірдегі әдебиеттің тұтастай күйіндегі тарихи өмір сүруі, дамуы күйіндегі аса күрделі жай-күйі. Ал әдеби өмірді жекелеген қаламгерлер, олардың шығармалары, ол шығармаларды оқырмандардың қалай қабылдағаны жайлы пікірлер, әдеби, немесе әдебиетке қатысы бар оқиғалар құрайды. Әдебиет тарихын зерттеуші бұдан талай замандар бұрын өтіп кеткен дәуірлерге үңіліп, әдеби өмірде болып өткен елеулі оқиғаларды, фактілерді електен өткізіп, негізгілерін анықтау үшін әдеби өмірдің даму бағытын белгілеген басты оқиғаларды, негізгі ағымдарды сол дәуірдің саяси-әлеуметтік, мәдени аясында ашып көрсетуі тиіс.
Қазандай қайнап жататын әдеби өмірдің басты тұлғалары сол әдебиетті жасау жолында еңбектеніп, күресіп жатқан - қаламгерлер. Әрбір дәуірдің әдебиетін сол кезде дүниеге келген әдеби туындылар, сөз өнерінің соңында жүрген ақын-жазушылар жасайды. Замана ағымын дөп баса білген дарын иесі сол дәуір қажетсініп отырған зәру мәселені дер кезінде шеберлікпен көтеріп, мода болуы мүмкін; не керісінше, қанша дарынды болғанымен де, айтқаны асыл болса да саяси-әлеуметтік өмірде болып жатқан түрлі жағдайлардың салдарынан не бір құнды шығармалар қабылданылмай, түсінілмей қалуы, өзінің танылар таңын күтіп, ұзақ уақыт жатып қалуы мүмкін. Әдебиет тарихында жиі кездесетін мұндай жағдайлар әдебиет тарихын зерттеушінің әрдәйім есінде боларлық жәйт.
Әдебиеттің тарихы - осы уақытқа дейін әдебиеттің әр дәуірлерінде өмір сүріп, артына өшпес мұра қалдырған ақын-жазушылардың хронологиялық тұрғыдан жүйеге түскен шежіресі де. Шын мәніндегі әрбір дарын иесі бұрынғы ұлттық дәстүрді жаңаша жалғастырып, әдебиетке жаңа стиль, жаңа бағыт, жаңа форма, жаңа идеялар әкеліп, тұтастай бір әдеби мектепке айналады. Әдеби өмірде мұндай әдеби бағыттар бірнешеу болып, қатарынан қанаттаса дамып, не болмаса, араларында әдебиетке көшбасшылық үшін қым-қиғаш күрестер жүріп жатуы мүмкін. Сондықтан да әдебиет тарихшысы әдеби дәуірлерді зерттегенде, осы мәселелерге назар аударып, әдеби ағымдардың ішіндегі басты даму бағыттарын айқындай түсіп, соның басы-қасында жүрген көрнекті әдебиет қайраткерлерінің әдеби дамуға қосқан үлесін анықтауға күш салуы тиіс.
Әдебиет тарихын зерттегенде, ылғи да назарда болуға тиіс мәселенің бірі - әдеби жанрлар. Әдебиеттің бірден пайда бола салмағаны әлімсақтан белгілі. Әдебиет дегеніміз - жанр. Әдебиет ғасырлар бойы жанрлық тұрғыдан дамып, бүгінгі биікке жетті. Демек, әдебиеттің дамуы дегеніміз, оның жанрлық тұрғыдан жетілуі екен. Сондықтан да әдебиеттің тарихын зерттеуші қарастырып отырған дәуіріндегі әдеби жанрлардың жай-күйін барлық уақытта назарда ұстап отырғаны лазым.
Әдеби жанрлар бірден пайда бола қалған жоқ. Әдебиет тарихының ежелгі дәуірінің әдебиеті деп жүргеніміздің көпшілігі біздің бүгінгі әдебиет туралы ұғымымызға, әдеби қалыптарға сай келе бермейді. Сөз өнерінің ең көне үлгілері қатарында тасқа жазылған сына жазулары, шежірелер, шіркеулік жазбалар, хаттар, тарихи деректер сияқты үлгілер алынып жүр. Бұлар кейін ұзақ даму жолдарынан өтіп, бүгінгі профессиональды әдебиет дәрежесіне жеткен. Сондықтан да әдебиет тарихшысы белгілі бір дәуір әдебиетін зерттеу барысында оның жанрлық, яғни көркемдік жағынан қаншалықты деңгейде екенін анықтап отыруы лазым.
Түркі халықтарының ортақ әдебиет тарихының негізін жекелеген ұлт әдебиеттерінің тарихы құрайды. Сондықтан да алдымен, ұлттық әдебиет тарихтарын жасау мәселелері дұрыс шешілуі керек. Әрбір ұлт әдебиет тарихының өзіндік ерекшеліктері ескеріліп, тәжірибелері тиянақталуы қажет. Осылардың негізінде түркі халықтары әдебиетінің ортақ әдебиет тарихын жасаудың теориялық, практикалық мәселелері айқындалып, толық шешімін табатын болады.
Сонымен, түркілік ортақ әдебиет тарихын жасаудың негізі - ұлттық әдебиет тарихтары. Соның бірі қазақ әдебиетінің тарихын жасау да ұзақ та, күрделі ауыр жолдардан өтті. Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеудің алғашқы кезеңдерінде ұлттық әдебиеттің бар екендігін де дәлелдеуге тура келген. Әдебиеттің тарихы ұлттық әдебиеттің өткен даму жолдарын, нақтылай айтқанда, сөз өнерінің қайнар бастауларынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі тарихи дамуын, дамудың жетекші заңдылықтарын, ондағы жекелеген ақын-жазушылардың шығармашылықтарын зерттейтін әдебиеттану ғылымының бір саласы дейтін болсақ, оның алғашқы сілемдері Х1Х ғасырда Ш. Уәлихановтың еңбектерінде (Қазақ халық поэзиясының түрлері атты мақаласы, Жанақ, Орынбай, Шөже туралы айтқандары, т. б.) көрінсе, ХХ ғасырдың алғашқы жарымында біртіндеп қалыптаса бастады.
Қазақ әдебиеттану ғылымы алғашында өткен кездерде жасалынған қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылықтары жайлы әртүрлі деңгейде айтылған пікірлер түрінде өмірге келді. Түрлі мақсатта көрінген В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский, А. Е. Алекторов, Н. И. Ильминский, Г. Н. Потанин, А. Янушкевич, Ә. Дибаев секілді жат жұрттық ғалымдардың қазақ әдебиеті, оның ішінде поэзиясы хақындағы құнды пікірлерінің болашақта жасалынар әдебиет тарихы үшін маңызы айтарлықтай болды. Әдетте, әрбір ұлт өзінің ұлттық тарихын, әдебиетін, өнерін негізінен өзі зерттейді. Ал қазақ әдебиетінің тарихын жасаудың алғашқы кезеңінде оған басқа ұлт өкілдерінің араласуының бірнеше себептері болса, соның ең негізгісі әдебиетті зерттейтін ұлттық кадрларымыздың жоқтығы еді.
ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей империясында бұрқ-сарқ қайнап жатқан саяси оқиғалар қазақ даласына да жетіп, ұлт-азаттық қозғалыс өріс алды; ұлттық сана-сезім оянып, ұлттың ұлт болып өмір сүруіне негіз болатын рухани таяныштар ізделіне бастады. Рухсыз ұлттың басқа халықтармен терезесі тең өмір сүре алуы - неғайбыл. Тарихын жоғалтқан жұрт - жоғалған жұрт (М. Дулатов. Қазақ, 1915, №155). Сондықтан да қазақтан шыққан зиялы азаматтар мамандықтары басқа болғандықтарына қарамастан, халықтың ұлттық сана-сезімін ояту, қалыптастыру мақсатымен, қазақтың азаматтық тарихын, әдебиетін, мәдениетін зерттеуді өз қолдарына алды. Осы кездерде Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, Х. Досмұхамедовтің, С. Торайғыровтың, М. Жұмабаевтың, Ж. Аймауытовтың, С. Сәдуақасовтың, М. Әуезовтің, Р. Мәрсековтің, Қ. Кемеңгеровтің, Ы. Мұстамбаевтың, С. Қожановтың, С. Сейфуллиннің, т. б. Қазақ, Айқап, Сана, Лениншіл жас секілді басылымдарда жарияланған материалдарында қазақ әдебиетінің тарихын жасауға тікелей қатысты алғы шарттар жасалынды. Бұларды болашақта жасалар әдебиет тарихының дайындық материалдары, яғни шикізаты деуге болады.
1917 жылғы Қазан төңкерісі әлемге жаңа заманның басталғанын жариялады. Революция Ресей империясындағы барлық езілген халықтарға азаттық, теңдік әкеледі деген үміт ақталмай, орыс отаршылдығы жаңаша формада, социалистік мазмұнда күшейе түсті. Бодандықтың салдарынан саяси-экономикалық, мәдени-әдеби салаларда кенжелеп қалған халықтарды маркстік-лениндік ілімге сүйене отырып, қоғам дамуының капиталистік сатысынан өтпеген, артта қалған, халық ретінде пісіп жетілмеген, әлі ұлт болып қалыптаспаған, ұлттық тарихы, әдебиеті жоқ бұратаналар санап, біз олардың ұлт болып ұйысуына, яғни социалистік ұлт болып шығуына көмектесеміз деген, түптің түбінде басқа ұлттардың жойылуына, ұлтсыздандыруға апаратын құйтұрқы саясат күшейе түсті.
Міне, осындай ұлт тағдырына қауіп төнген кезде Ресей құрамындағы түркі тектес ұлттардың зиялы азаматтары өздерінің де басқалар сияқты ұлт екендігін дәлелдеу мақсатымен азаматтық тарихын, ұлттық әдебиетін, мәдениетін іздей бастады. Қазақтың да бұрыннан келе жатқан ұлт, дамыған ұлттық әдебиеті, мәдениеті бар халық екендігін дәлелдеп, жазылған мақаланың бірі С. Сәдуақасовтың Қырғыз әдебиеті (Трудовая Сибирь, 1919, №1) тақырыбындағы тарихи-сыни очеркі болды. Орыс тілінде жазылған мақаланың негізгі мақсаты қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті төмен деп түсінетін орыс оқырмандарына өткен дәуірлерде ұлттық әдебиеттің, әсіресе ауыз әдебиетінің дамыған, бай түрі болғандығын, оның өзгелерге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктерін таныстыру болған. Смағұл қазақтың жазба әдебиетінің тарихын Мәшһүр Жүсіптен, Абайдан бастаған. Қазақ әдебиетінің ірі өкілдері ретінде М. Дулатовтың, А. Байтұрсыновтың, М. Жұмабаевтың, С. Дөнентаевтың, Ғ. Қарашевтің, Ш. Құдайбердиевтің, С. Торайғыровтың, А. Мәметовтің, С. Сейфуллиннің, т. б. шығармаларын талдап, сипаттамалар берген.
Осы кездерде бұрындары қазақ әдебиеті болды ма, болса, қай кезден бастап бар деген мәселе көтерілді. Отаршылдар негізінен, қазақтарда шын мәніндегі әдебиет болған жоқ деген таптық ілімге сүйенген бағытты ұстанса, ұлтжанды қазақ зиялылары әдебиет болғандығын дәлелдеуге кірісті. М. Жұмабаев 1923 жылы қазақта бұрындары дамыған әдебиет болмаған дегендерге қарсы Өткен дәуірдегі теңіздей тұңғиық әдебиетіміздің бізге бұл күнде адасқан ұщқындары, тентіреген тамшылары ғана жетіп отыр. Көбі, көбі болғанда ең сұлулары ұмытылған, желдей өскен жыраулармен бірге топыраққа айналған. Баяғыда отыз күн, отыз түн айтылатын Қобыландылардың ауызда адасып, азғантайы ғана қалған. Талай түндерге созылған ертегілердің басы қайырылып, аяғына жетіп, шоп-шолақ қалған (М. Жұмабаев. Шығармалары. А., 1989, 340-бет) - деп, өткен замандарда жасалынған әдеби мұрамыздың ұмытылып бара жатқандығына жұртшылық назарын аударды.
Ұлттық дамудың әдебиеттегі рухани тамырларын үзіп тастау мақсатымен жүзеге асырыла бастаған пролетарлық мәдениет бағытына қарсы Мағжан 1924-1926 жылдары Алқаның бағдарламасын дайындады. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, Ж. Тілеулин, С. Дөнентаев, М. Әуезов, С. Сәдуақасов, Е. Омаров, С. Қожанұлы, Е. Алдоңғарұлы, Ж. Сәрсенбіұлы сияқты қазақтың біртуар алашшыл азаматтары қолдаған бағдарламада да бұрындары қазақ халқының бай әдебиеті болғандығын дәлелдей түскен. Мағжан әдебиеттің деңгейі қоғамдық дамумен тікелей байланысты болуына орай феодалдық дәуірде өмір сүрген қазақ халқының әдебиеті де төмен деген пікірдің сыңаржақ екендігін айта келіп, техника мәдениеті тіпті төмен болғанымен, өзінше терең әдебиеті болған һәм бар деп дәлелдеді. Дәлелге кешегі Мұрат, Махамбет, Базар, Шортанбай, Ақан сері сықылды ақындардың елдің мұңын, зарын, ой-қиялын жырлай білген шын жыраулар екенін алға тартты. Осында ол қазақтың ұлы ақыны Абайдың поэзиясын аса жоғары бағалады.
Келтірілген мысалдардан қазақ әдебиетінің тарихына қатысты алғашқы зерттеулердің алдымен, ұлттық әдебиеттің ғасырлар бойы дамып келе жатқан бай тарихы бар екендігін дәлелдеуден басталғандығын көреміз. Қоғамдық өмірде үстемдік құрған таптық идеологияны әдебиет пен мәдениетке де қолданып, тұрпайылықпен жүзеге асыра бастаған кездерде оған қарсылық ретінде айтылған осы сияқты пікірлердің болашақта жасалар қазақ әдебиетінің тарихы үшін саяси жағынан да, ғылыми жағынан да практикалық маңызы аса зор болды. Саяси қудалауларға қарамастан, алашшыл азаматтар халықтың болашағы үшін ұлттық әдебиет тарихын жасаудың аса қажеттілігін, оны қай бағытта жазу керектігін батыл көрсетіп берді.
Қазақ әдебиетінің бастау бұлақтарын анықтау, тарихын кезеңдерге бөлу жолындағы ізденістерде қазақ әдебиеттану ғылымы ұзақ жолдардан өтті. Жиырмасыншы жылдардың соңына қарай қазақ әдебиетінің өткендегі даму жолдарын зерттеп, дәуірлерге бөліп, ғылыми жүйеге түсіруге ұмтылған еңбектер көріне бастады. А. Байтұрсыновтың Әдебиет танытқышы (1926) қазақ әдебиетін ғылыми тұрғыдан тұтастай алып, теориялық, тарихи тұрғыдан зерттеудің жолдарын алғаш рет жүйелеген еңбек болды. Мұнда жалпы әдебиетті ауыз әдебиеті және жазба әдебиет деп екіге бөліп, ары қарай тағы да іштей түрлерге, жанрларға жіктеген. Қазақтың жазба әдебиетінің тарихын діндар дәуір, ділмар дәуір, сындар дәуір аталған кезеңдерге бөлген. Діндар дәуірге араб, парсы үлгісіндегі діни бағыттағы әдебиетті, ділмар дәуірге орыс әдебиетінен өнеге ала бастаған кезден бергіні, сындар дәуірге Абайдан кейінгі кезді жатқызған. Мұнда әдебиеттің тарихын кезеңдерге бөлуге алғаш рет әрекет жасалынып, ғылыми ұстаным ретінде хронология емес, әдебиеттің негізгі бағыты, мазмұны, сыйпаты алынғандығы көрінеді. Сөйтіп, А. Байтұрсыновтың Әдебиет танытқышында тұңғыш рет қазақ әдебиетінің тарихын кезеңдерге бөліп, оны дәуірлеудің өзіндік принциптері ұсынылды.
1927 жылы М. Әуезовтің Әдебиет тарихы шықты. Кітап осылайша аталынғанымен де онда негізінен қазақ халқының ауыз әдебиеті қарастырылған. Мұнда ауыз әдебиетіне анықтама беріліп, сыршылдық салт өлеңдері, әңгімелі өлеңдер (батырлар әңгімесі, ел помасы, тарихи өлеңдер), айтыс-тақпақ, ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ түрлеріне жіктелінген. Әдебиеттің тарихын әңгімелегенде, Х1Х ғасыр әдебиетін зар заман әдебиеті атаған. Қазақ әдебиетінің тарихын Асан Қайғыдан бастап, Бұқар, Махамбет, Шортанбай, Мұрат, Ыбырай, Ығылман, Абай, Нармамбет сияқты ұлт мүддесін жырлаған ақындардың шығармашылықтарын жоғары бағалаған. Ұлт-азаттық күресті жырлаған ақын-жыраулардың поэзиясын насихаттады деген айыппен Әдебиет тарихы жарық көре салысымен қамауға алынды.
Халел Досмұхамедовтің Қазақ халық әдебиетінде (1928, орыс тілінде) ауыз әдебиетінің табиғаты, жазба әдебиеттен ерекшелігі, халық өмірімен байланыстылығы кеңінен әңгімеленді. Халық әдебиетінің қайсы бір үлгі нұсқасының із-түзсіз жойылып кетуі мәдениетіміз үшін орын толмас өкініш болмақ деп білген Халел қазақ ауыз әдебиетінің 46 түрін көрсетеді. Тәуелсіздік алғанға дейін фольклористика ғылымында қазақ ауыз әдебиетінің он шақты-ақ түрі ғылыми айналымда болып келгенін ескерер болсақ, Х. Досмұхамедов зерттеуінің мәні мен маңызы толығырақ түсініледі. Халелдің Махамбет, Мұрат, Шортанбай туралы зерттеулері кейіннен қазақ әдебиетінің тарихын жасау кездерінде кірпіш болып, қаланды десе де болғандай.
Қазақ әдебиетінің өткен кездердегі тарихын зерттеу істерінде С. Сейфуллин айтарлықтай еңбек сіңірді. Ол жиырмасыншы жылдардың соңына қарай баспасөз бетінде ауыз әдебиетін, әдеби мұраны жинауға үндеген бірнеше хат-мақала жазды. Нәтижесінде Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары (1931), Қазақ әдебиеті (1932) өмірге келді. Профессор Т. Кәкішевтің дәлелдеуі бойынша, С. Сейфуллин қазақ әдебиетінің тарихына арнап бірнеше кітап жазуды жоспарлаған. Бізге жеткені соның екеуі ғана.
Сәкен қазақ әдебиетінің төңкеріске дейінгі дәуірін сол кездің саяси-әлеуметтік жағдайына орай, үлкен екі кезеңге бөледі: 1). билер дәуірі, 2). орыс патшасына бағынған дәуір. 1932 жылы жарық көрген Қазақ әдебиетінде осының алғашқы кезеңі билер дәуірінің әдебиеті ғана қамтылған. Мұнда негізінен қазақтың ауыз әдебиеті түрлерге, жанрларға жіктеліп, қарастырылған. Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары хрестоматиясына Бұхар, Балқы Базар, Шортанбай, Досқожа, Сүйінбай, Шөже, Балта, Кемпірбай, Жанақ, Түбек, Орынбай, Сералы, Тоғжан, Құлмамбет, Жамбыл, Майкөт секілді ақындардың өлең, айтыстары енген. Бұлардың біразы баспа бетін алғаш рет көрсе, ал енді кейбіреулері күні кешегі тәуелсіздік алғанға дейін жабық болып келді. Сөйтіп Сәкен Сейфуллиннің Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары, Қазақ әдебиеті атты еңбектері ұлттық әдебиеттің тарихына тұңғыш рет хронологиялық, хрестоматиялық жүйемен желі болып тартылып, қазығы болып қағылды.
ХХ ғасырдың бірінші жарымындағы қазақ әдебиетінің аса ірі өкілі, социалистік реализм әдебиетінің ту ұстаушыларының бірі С. Мұқанов қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу істеріне аса қомақты үлес қосты. Жазушының әдебиет тарихына қатысты зерттеулерін іштей жіктесек, ХУ111-Х1Х ғасырлардағы қазақ әдебиеті, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті болып келеді. Сәбит қазақ әдебиетінің тарихын ХУ111 ғасырдан бастап зерттеген. Оның себебін осыған дейінгі ақындардың аттары жөнді сақталмағандығымен, белгілі дәуірде жасаған ақын бар, ол ақынның белгілі шығармасы бар ғасыр қазақ әдебиетінің тарихында ХУ111 ғасыр болғандығымен түсіндіреді. Сонан соң бұл дәуірдің әдебиетін қазақ халқының тәуелсіздігін қорғау жолындағы күресін сипаттайтын әдебиет деп анықтаған.
С. Мұқановтың ХУ111-Х1Х ғасырдағы қазақ әдебиеті туралы көлемді зерттеуі алдымен, Халық мұғалімі (1941, №6-12) журналында жарияланды. Автор осы кездің әдебиетін 1) ұлт бостандығы үшін күресудің әдебиетке әсері, 2) Зар заман әдебиеті, 3) ақын және айтыстар, 4) шығыс әдебиетінің әсері, 5) просветительдік әдебиет деп, жіктеп қарастыруды жоспарлаған. Кейін кітап болып шыққанда, біраз өзгерістер байқалады. Алдымен, кітап Қазақтың ХУ111-Х1Х ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер (1942) аталған. Бірінші тарау Бостандық күресі, екіншісі Зар заман, үшіншісі Айтыс туралы болып өзгеріп, бастапқыда жоспарланған Шығыс әдебиетінің әсері, Просветительдік әдебиет тараулары кітапта жоқ.
Кітаптың Бостандық күресі тарауында Бұхар жыраудың, Сырым Датұлының, Махамбет Өтемісұлының өлеңдеріне, Жанқожа батыр, Кенесары-Наурызбай туралы жырларға, Бекет батыр дастанына тоқталған. Автор зар заман әдебиетін Асан қайғыдан бастап, оның өкілдері ретінде Бұхар жырау, Махамбет, Шортанбай, Мұрат, Ыбырай Алтынсарыұлы, Нармамбет, Шернияз, Досқожа, Күдері, Нысанбай, Ығылман сияқты ақындарды атап, өлеңдеріне талдаулар жасайды.
Сәбит Мұқановтың қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың, ойшыл ақыны Абай Құнанбаевтың өмірін, шығармашылығын зерттеп, іргелі зерттеулер жазғаны белгілі. Бұл еңбектер қазақ әдебиетінің тарихына қосылған сүбелі үлес болып, өзінің ғылыми құндылығын күні бүгінге дейін жойған жоқ.
Қазақ әдебиетінің тарихын жасауда күні кешегі тәуелсіздік алғанға дейін ақтаңдақ болып, шешімін таппай келген кезең - ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті болатын. Міне, осы бір саяси күрмеуі күрделі тақырыпқа алғаш рет жол салып, ғылыми тұрғыдан ерлік жасаған С. Мұқанов болды. Оның 1932 жылы шыққан ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіне 1 бөлім. Ұлтшылдық, байшылдық дәуірі деген қосымша ат берілуі автордың кеңестік кезеңге арнап та жеке кітап жазбақ болғанын аңғартады. Кітап негізгі екі бөлімнен тұрады. Ұлт деген не?, Ұлтшылдық неден шығады?, Қазақтың ұлтшыл оқығандары, Ұлтшылдықтың өркендеуі, Алашорда тараулары құрайтын бірінші бөлім түгелдей ұлт, ұлтшылдық мәселелерін сол кездің идеологиялық ауқымы аясында түсіндіруге арналған. Ұлтшыл-байшыл дәуірдің ақын-жазушылары аталған екінші бөлімде алашорда әдебиетінің көрнекті өкілдері А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, О. Қарашұлының, М. Жұмабаевтың, С. Торайғыровтың, С. Дөнентаевтың, Б. Күлеевтің, М. Әуезовтің, Ж. Аймауытовтың шығармашылықтары жеке-жеке қарастырылады.
Таптық күрестің барынша күшейіп тұрған отызыншы жылдардың бас кезінде жарық көрген ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінде таптық ілімнің әдеби мұра туралы ұстанымдары айқын көрінеді. Тіпті екі бөлімнен тұратын кітаптың бірінші бөлімі, яғни тең жарымы сол кездің саясатында модный боп тұрған ұлтшылдықтың зиянды екендігін ғылыми тұрғыдан барынша дәлелдеуге күш салып, соның дәлелін қазақ әдебиеті арқылы көрсетуге тырысқан. Автор алашордашыл жазушыларды ұлтшылдар деп, сынайды. Ол кездің саяси өлшемі бойынша, ұлтшылдан өткен қаскөй адам болмайтын. Ал енді ұлтшылды бүгінгі отанын шын сүйетін патриот ұғымында түсінер болсақ, кітапта алашшыл қалам иелеріне дұрыс баға берген деп те қарауға болады.
Сәбит алашордашыл ақын-жазушыларды идеялық жағынан халыққа жат деп, сынап отырғанымен де шығармаларының көркемдік жағына келгенде, аса құнарлы пікірлер айта білген. Мысалы, Мағжан туралы Ақындық жағына келгенде, Мағжан қазақтың күшті ақындарынан саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде, әдебиетіне жаңа түрлер енгізу ретінде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесіне Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ. Абай қазақ әдебиетіне Еуропа үлгісін шет-пұшпақтап кіргізсе, Мағжан дендеп кіргізді. Мағжан өлеңдерінде сыршылдық (лирика) басым келеді. Мағжан қазақ әдебиетінде бейнешіл (символист) ақынның орнын алады - деген пікірі күні бүгінге дейін өзінің құнын жоя қойған жоқ.
М. Баталов пен М. Сильченко 1933 жылы шыққан Очерки по казахскому фольклору и казахской литературе деген кітабында қазақ әдебиетінің тарихын Ыбырай мен Абайдан бастады. Онда да Ыбырайды орыс миссионерлерінің ықпалында болды, Абай феодал ақыны деп, сыңаржақтыққа ұрынды.
Е. Ысмайылов қазақ әдебиетін 1) қазақтың фольклоры, 2) ХУ111-Х1Х ғасырдағы қазақ әдебиеті, 3) ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті жүйесінде қарастыруды ұсынды (Е. Ысмайылов. Қазақ әдебиетінің тарихын жасау туралы. Социалистік Қазақстан, 03.09.1938).
Соғысқа дейінгі дәуірдегі әдебиеттің тарихына, оны дәуірлеуге қатысты ізденістер мектепке арналған оқулықтар жазу, хрестоматиялар құрастыру барысында да жүріп жатты. І. Жансүгіров пен Ғ. Мүсіреповтің Көркем әдебиет жинағы (орта мектептің 6-оқу жылы үшін, 1933), М. Жолдыбаев, М. Әуезов, Ә. Қоңыратбаевтың Х1Х ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу құралы (7-жыл оқу үшін, 1933), С. Сейфуллин мен Ө. Тұрманжановтың Көркем әдебиет (5-оқу жылы үшін, 1934), Е. Ысмайылов пен Т. Ақшолақовтың Әдебиет хрестоматиясы (1939) секілді оқулық, оқу құралдарында әдебиеттің тарихын дәуірлерге бөліп, ұсына бастады.
Соғысқа дейінгі дәуірде қазақ әдебиетінің тарихын игеруге қатысты біршама жұмыстар атқарылып, енді соларды ғылыми тұрғыдан жүйелеу, ғылыми түрде бір ізділендіру міндеті алға шыға бастады. Әдебиет тарихын дәуірлеудің бірнеше үлгілері ұсынылып, пікірталастар жүре бастады.
Қажым Жұмалиев он сегізінші-он тоғызыншы ғасырлардағы қазақ әдебиетінен диссертация қорғап (1941), қазақ әдебиетінің тарихын Бұқар жыраудан, яғни ХУ111 ғасырдан бастауды ұсынды. Бұқарға дейінгі қазақ әдебиетінің барлығы - ауыз әдебиеті; ХУ111 ғасырдың екінші жартысы, Х1Х ғасырдың бас кезінен бері қарай тарихта бірінші рет аты мәлім, шығармалары да өзінің атымен сақталған ақын - Бұқар жырау. Біз қазақ әдебиетінің, жазба әдебиетінің тарихының басы Бұқар жырау дейміз мазмұндағы осы концепциясын Қазақ әдебиеті (1941), Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі (1948), Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері (2 томдық. 1 том, 1958; 2 том, 1960) сияқты іргелі еңбектерінде жалғастыра түсті.
Осы мәселеге орай, профессор Бейсенбай Кенжебаев арнайы мақала жазып, қазақ әдебиетінің тарихын төмендегіше дәуірлеуді ұсынды:
Бірінші - қазақ хандығы тұсындағы әдебиет. Яғни, ХУ111 ғасырдың ақырына дейінгі әдебиет.
Екінші - Х1Х ғасырдың алғашқы жартысындағы әдебиет.
Үшінші - Х1Х ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет.
Төртінші - ХХ ғасырдың алғашқы 20 жылындағы әдебиет.
Бесінші - Кеңес әдебиеті
(Б. Кенжебаев. Қазақ әдебиетінің тарихы туралы. Социалистік Қазақстан, 15.06.1941). Б. Кенжебаевтың бұл дәуірлеуінде бұрынғыларға қарағанда, көп ілгерілеу бар. Соның ең бастысы - қазақ әдебиетінің тарихын ХУ ғасырдан, яғни қазақ хандығы құрылған кезден бастау керек деген ұсынысы. Бейсекеңнің ұлт бар жерде оның әдебиеті де бар деген ұстанымды басшылыққа алып, қазақ әдебиетінің тарихы қазақ хандығы тарих сахнасына шыққан кезден басталады деуі сол тұстағы қазақ әдебиеттану ғылымы үшін үлкен жаңалық, үлкен ілгерілеу болды.
Қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған Әдеби мұра және оны зерттеу (1959) атты ғылыми-теориялық конференция қазақ әдебиетінің тарихын, оның елеулі өкілдерін зерттеуде айтарлықтай оқиға болды. Десек те орталық мәселе қазақ әдебиетінің тарихын қай кезден бастаймыз дегенде, бұрынғы таптаурын пікір тағы да басым түсті. Қазақ әдебиеттанушыларының төрт көзі түгел жиналған осы бір алқалы жиында Бейсекең бұрынғы пікірін тереңдете түсіп, одан да арыға кетіп, қазақ әдебиетінің тарихын У11-У111 ғасырлардан бастау керек деген ұсынысты ортаға салды. Қазақ әдебиетінің тарихын бұлайша дәуірлеу бір жағынан, сол кездегі идеологиялық канондарға сыя бермейтін болса, екінші жағынан, бұған қазақ әдебиеттануының, оның әдебиетші ғалымдарының өресі жете бермейтін; ең соңында мұндай концепцияны қабылдауға қазақ әдебиеттанушылары дайын емес-тұғын. Конференцияның барысында әдебиетіміздің өткен тарихы жайлы құнды пікірлер білдірген М. Әуезовтің өзі де жиынды қорытқан сөзінде Б. Кенжебаевтың ұсынысын қабылдамай, Қ. Жұмалиевтің пікіріне қолдау білдірді.
Әдебиеттің тарихы қай кезден басталады, оны қалай дәуірлеу керек деген мәселе төңірегіндегі пікірталас алпысыншы, жетпісінші жылдардың әдеби сынында, әдебиеттану ғылымындағы орталық мәселенің бірі болды. Белгілі ғалым Б. Кенжебаев қазақ әдебиеті тарихының көне дәуірін зерттеу жолындағы ізденістерін жалғастыра берді. Ежелгі әдебиетті зерттеу мәселелеріне арналған бірсыпыра мақалалар жазылып, Көне әдебиет туралы (1967), Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясы (1967), Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері (1973) сиқты кітаптар шықты. Бұларда қазақ әдебиетінің тарихы жаңаша көзқараспен мүлдем басқаша пайымдалды.
Ғалымның қазақ әдебиетінің тарихына қатысты айтып келген пікірлері алпысыншы жылдардың соңынан жетпісінші жылдарға қарай тұтас бір ғылыми концепцияға айналды. Бұл концепция бойынша, Әдебиет тарихы халық тарихымен тығыз байланысты, соның бейнесі, көрінісі, сүрлеуі, ол қай кезде болсын халық тарихының ізімен жасалады. Демек, қазақ әдебиетінің ғылыми тарихы да қазақ халқы тарихының ізімен жасалуы тиіс (Б. Кенжебаев. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. Алматы, 1973, 3-бет). Бұл концепция бойынша, қазақ әдебиетінің тарихы төмендегіше дәуірленеді:
1. Бұрынғы әдебиет (У-ХУ ғасырлар). Қазақ ру-тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дәуірлеріндегі әдебиеті, көбінше, сол замандардағы түрік ру-тайпаларымен бірге жасаған ортақ әдебиет.
2. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХУ-ХУ111 ғасыр), қазақтың өзіндік әдебиеті.
3. Қазақтың Х1Х ғасырдағы жаңа, сыншыл, реалистік әдебиеті.
4. Қазақтың ХХ ғасыр басындағы (1900-1920 жылдардағы) әдебиеті.
5. Қазақ халқының Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейінгі советтік әдебиет (Б. Кенжебаев. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. А., 1973, 3-4 беттер).
Б. Кенжебаевтың бұл ғылыми концепциясы өзінің өміршеңдігін көрсетті. Бейсекең алғашында жалғыз болса, кейін қарасы көбейіп, тұтас бір ғылыми мектепке айналды. Ә. Қоңыратбаев, Х. Сүйіншәлиев, Т. Қожакеев, Р. Бердібай, Т. Кәкішев, Ә. Оспанұлы сияқты белгілі ғалымдар қазақ әдебиетінің тарихын тереңдете зерттеуді қолдап қана қоймай, өздері де рухани мұраны игере түсу істерінде айтарлықтай үлес қосты. Ә. Қоңыратбаевтың Ескі түрік поэзиясы және қазіргі халық фольклоры (1971), Х. Сүйіншәлиевтің Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері (1967), М. Мағауиннің ХУ-ХУ111 ғасырларда жасаған қазақ ақын, жыраулары (1965), Қобыз сарыны (1968), Алдаспан (1972), М. Жолдасбековтің Ежелгі дәуір әдебиеті (оқулық-хрестоматия, 1967), Көне түркі ескерткіштері және олардың қазақ әдебиетіне қатысы (1969), Қ. Сыдықовтың құрастыруымен Үш ғасыр жырлайды (1965), Бес ғасыр жырлайды (1985), Н. Келімбетовтің Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі (жоғары оқу орындарына арналған оқулық, 1986), М. Қараевтың Қазақ әдебиетінің тарихи даму кезеңдеріндегі көркемдік әдіс мәселесі (1986), А. Қыраубаеваның Ежелгі әдебиет (1999), ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz