Нарық қатынастары жағдайындағы мемлекетіміздегі табиғат пайдалану құқығының пайда болу негізі болып табылатын қоршаған ортаға экологиялық бақылауды құқықтық қамтамасыз ету мǝселелерін ашып көрсету жǝне кешенді зерттеу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІ . . . 6
- Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу жалпы сипаттамасы . . . 6
- Қоршаған ортаны пайдалануды мемлекеттік реттеудің негіздері мен ǝдістері . . . 17
- Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын органдар жǝне жүргізу тǝртібі . . . 26
- Қоршаған ортаға келтірілген экологиялық зиянды құқықтық реттеудің ерекшеліктері . . . 29
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ . . . 49
2. 1 Экологиялық бақылаудың құқықтық сипаттамасы . . . 49
2. 2 Экологиялық бақылаудың түрлері мен міндеттері . . . 52
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59
КІРІСПЕДипломдық жұмыстың өзектілігі. Табиғатты пайдалануды басқару табиғи орта тепе-теңдігін қамтамасыз етумен, табиғи ресурстар жǝне қоршаған ортаны қорғау, негізгі жоспарларды тиімді пайдалану, ұйымдық-техникалық жǝне экономика-экологиялық іс-шаралардың жүзеге асуын жǝне олардың орындалуын бақылау болып табылады.
Мемлекеттік бағдарламада қоршаған ортаны қорғау жǝне табиғи қорларды тиімді пайдаланудың басты міндеті - табиғатты қорғау жǝне тиімді пайдалану табиғатты қорғау қызметінің қазіргі этапында негізгі бағыт болып саналады. Олардың алдында белгілі бір бағытты қолдау табиғи қорлардың молайуын, сақталуын жǝне қоршаған орта жай-күйін жақсарту мақсаты қойылған. Экологиялық қауіпке күрес бұл барлық адамдардың алдына қойылған міндеті жǝне жауапкершілігі ретінде қаралуы тиіс.
Табиғатты қорғау мен оның байлығын тиімді пайдалану мǝселесін шешуді қамтамасыз ететін ǝдіс - тǝсілдер жүйесін жасауға ǝр түрлі құқықтық институттар белсенді түрде қатысады. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы қызметке көптеген субъектілер қатысады, мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, заңды тұлғалар, азаматтар, қоғамдық бірлестіктер жǝне т. б.
Қоршаған ортаның жағдайымен байланысты мǝселелер қазіргі таңдағы адамзат мǝселелерінің ішінде бірінші орынға шықты.
Бұл мǝселерді шешуде маңызды рөл азаматтар мен қоғамдық экологиялық бірлестіктерге беріледі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 23 бабына сǝйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар деп көрсетілген. Яғни, азаматтардың қоршаған ортаны қорғауға қатысуы қоғамдық экологиялық бірлестіктерге бірігу құқығы арқылы жүзеге асырылады [1] .
Ал қоғамдық экологиялық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғауға қатысуы саласындағы қызметінің маңызы дүние жүзі қауымдастығымен танылған БҰҰ- ның Рио -де Жанейрода өткен қоршаған орта жǝне даму туралы Конференциясында қабылданаған негізгі құжаттарының бірінде, қоршаған ортаны қорғау саласында үкіметтік емес жǝне мемлекеттік ұйымдардың күштерін біріктіру қажеттілігі бекітілген.
Сондықтан, республика азаматтарының өмірі мен денсаулығы үшін қоршаған табиғи ортаны қолайлы сақтау, экологиялық қауіпсіздік негізі болды жǝне ҚР Президентінің Бұйрығымен 2003 жылдың 3 желтоқсанында мақұлданған ҚР Экологиялық Концепциясымен бекітілген, халықаралық жǝне интеграциялау процесстерінің еліміздің мүдделерін қорғайтын жǝне артықшылықтарының маңызды аспектілері жǝне ұлттық қауіпсіздіктің статегиялық негізгі құрауыштарының бірі болып табылады. Осы концепция Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдардағы орнықты дамуына өту Концепциясы кезінде өз дамуын тапты. Қазақстан Республикасының Конституцисының 31 бабында «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды» - деп көрсетілген. Осы міндеттердің заңды аспектілері экологиялық заңды талап етеді. Осы заңның интеграцияланған акті - 2007 жылы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының қабылдаған Экологиялық кодексі болып табылады.
Егеменді жǝне тǝуелсіз Қазақстан табиғи ресурстарға бай мемлекет болып табылады. Алайда, біздің еліміздің табиғи ресурстарының соншама молдығына қарамастан, оған қамқорлықпен қарау ǝрқашан туындап отырады. Сондықтан, ғалымдар мен бүкіл қоғамның табиғи ресурстарын пайдаланудың адам үшін қажеттілігі мен табиғи ортаны қорғаудың қажеттілігі арасындағы қарама - қайшылықтарға байланысты дабыл қағуы өте орынды болып табылады. Осыған байланысты зор маңызды табиғи ресурстарды өте көп мөлшерде шаруашылық мақсатқа пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін теріс зардаптары мен залалдарын жеңілдету, барынша азайту жǝне табиғи байлықтарды молайту жөніндегі шараларды жасау міндеті туындайды. Табиғатты тиімді түрде үнемді пайдалану жǝне оны қорғау шаралары, оның ресурстарын пайдалану кезіндегі тепе-теңдікті белсенді түрде сақтау, қоршаған табиғи ортаны жақсарту, ал бұл талаптар бұзылған жағдайда оны қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру қажеттігін жǝне өзектілігін тудырып отыр.
Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі. Жұмысты зерттеу барысында қазақстандық ғалымдардың жǝне де ресейлік ғалым-заңгерлердің еңбектері қолданылды. Олар: Бектұрғанов Ә. Е., Еркінбаева Л. Қ., Байдельдинов Д. Л., Еренов А. Е., Сахипов М. С., Мухитдинов Н. Б., Батырбаев Н. М., Стамқұлов Ǝ. С. Бекишева С. Д., Абдраимов Б. Шеримова Н. Ш., Ерофеев Б. В., Боголюбов С. А. ғылыми еңбектері пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты . Жұмыстың басты мақсаты - нарық қатынастары жағдайындағы мемлекетіміздегі табиғат пайдалану құқығының пайда болу негізі болып табылатын қоршаған ортаға экологиялық бақылауды құқықтық қамтамасыз ету мǝселелерін ашып көрсету жǝне кешенді зерттеу жүргізу болып табылады.
Жұмыстың міндеттері болып келесі жағдайлар танылады:
- Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу жалпы сипаттамасын ашу;
- Қоршаған ортаны пайдалануды мемлекеттік реттеудің негіздері мен ǝдістерін талдау;
- Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын органдар жǝне жүргізу тǝртібін анықтау;
- Қоршаған ортаға келтірілген экологиялық зиянды құқықтық реттеудің ерекшеліктерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасында экологиялық бақылаудың теориялық негізін анықтау;
Дипломдық жұмыстың объектісі Қазақстан Републикасының нарық жағдайына өтуде экологиялық бақылауды қамтамасыз етудегі қоғамдық қатынастар.
Дипломдық жұмыстың пǝні болып экологиялық бақылауды қамтамасыз етудің тетігі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Табиғатты тиімді түрде үнемді пайдалану жǝне оны қорғау шаралары, оның ресурстарын пайдалану кезіндегі тепе-теңдікті белсенді түрде сақтау, қоршаған табиғи ортаны жақсарту, ал бұл талаптар бұзылған жағдайда оны қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру қажеттігін тудырып отыр. Шынын айтқанда, ǝдістері мен құралдары, теориялық жағдайымен қатар, анықталған байланысының, мағынасының, заңдылығының зерттеу дипломдық жұмыстын ғылыми жаңалығы болып табылады.
Дипломдық жұмыстың ǝдістемелік негізі тǝжірибелік жǝне теориялық қызметтердің бірлігіне негізделген материалистік диалектика ǝдісі, сонымен қатар объективтік нақтылықтың жеке-ғылыми танымдық ǝдістері негізінде құрылған, зерттеу үрдісінде автор тарихи-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық саралау, жүйелі-құрылымдық, нақтылы-ǝлеуметтік жǝне басқа да ғылыми зерттеу ǝдістерін қолданған.
Диплом жұмысының нормативтік базасын . Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Жер кодексі, Экологиялық кодекс, экологиялық заңнамалар, Президент Жарлықтары, Қазақстан Үкіметінің Қаулылары құрайды.
Дипломдық жұмысының құрылымы мен көлемі . Диплом жұмысы кіріспеден, алты бөлімшені қамтитын үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған ǝдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ МЕН САРАПТАМАНЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ТЕТІГІ
1. 1 Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу жалпы сипаттамасы
Мемлекеттік реттеудің мақсаты, кǝсіпкелерге меншіктің кез келген нысанын таңдауға, өндірістік ұйымның нысанын таңдауға жǝне шаруашылық қызметін құруға қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге жǝне кепілдік беруге колданыстағы заңдардың нормаларын бұзбай жасауға құқық беру болып табылады [2, 110] .
Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік реттеудің арасында мақсатына байланысты айтарлықтай айырмашылық жоқ. «Мемлекеттік реттеу» аналогиялық анықтамасын жǝне түсінігін көрсетуге болады. Бұл тура сондай басқару сияқты мемлекеттің ұйымдастыру қызметі бар, объектісі мен субъектісі бар. «Басқару» түсінігі өте кең жǝне «реттеу» мағынасы оған кіреді. Басқару италия сөзінен алғанда «managgiare»- аттарды басқара алу, өйткені олар бостандықта жүргенде шынайы, ǝрі нақты іс-қимылдар орындаған, соны басқару деген сөзден шыққан [3, 189] . Реттеу - бір нǝрсені жүйелік тǝртіпке келтіру мақсатында дамыту бағыты [2, 585] .
Л. Қ. Еркінбаеваның ойынша, мемлекеттік басқару - қоғамдық дамыту тǝжірибелік, ұйымдаструшылық, реттеушілік процесстерімен адамдардың қоғамдық өмір қызметіне мемлекет тарапынан сақтау немесе қайта білім беру мақсаты арқылы мемлекеттік билік күшімен мақсатқа бағытталған басқару. Екіншіден, мемлекеттік басқару - ол болашаққа бағытталған қоғам мен мемлекеттің ǝлеуметтік, саяси, экономикалық жǝне техникалық өзгерту арқылы аса маңызды жаңашаландыру факторы [4, 33] .
Басқару тиісті қоғамдық мǝн маңызы бар мақсаттарға қол жеткізу үшін жасалатын іс-қимылдардың жиынтығы болып табылады. Басқару жүйесін құрайтын элементтердің өзара байланысты іс-қимылдардың мүддесіне қызмет етеді, ал ең алдымен осы жүйенің ішінде мақсатты бағытта реттеушілік ықпал етуді жүзеге асырумен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік басқарудың негізгі қызметінің бірі мемлекеттік реттеу. Мемлекеттік реттеу дегеніміз- басқарушы субъектілері мен объектілерінің өзара қарым-қатынасын белгілеу. Басқарушылық іс-ǝрекеттердің нысандарын (басқару нысандарын) құқықтық жǝне құқықтық емес деп бөлу шеңберінен шығатын топтастыру көңіл аударуға болады. Олар:
А) Нормативтік құқықтық актілерді шығару;
Ǝ) жеке дара құқықтық актілер шығару;
Б) ұйымдастыру іс-ǝрекеттерін жүзеге асыру;
В) заттық техникалық жұмыстарды орындау.
Басқару құқықтық актісі деп мемлекеттік басқарушылық қызметтің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру, мақсатында ǝкімшілік-құқықтық нормалар тағайындауға немесе ǝкімшілік-құқықтық қатынастарға туғызуға, өзгертуге жǝне тоқтауға бағытталған өкіметті атқарушы билік субъектісінің заңға негізделген біржақты заңдық биліктік ерік білдіруі түсініледі.
О. С. Колбасовтың ойынша мемлекеттік басқару - құзіретті мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық қызметі [5] . В. Г. Атаманчук болса «мемлекеттік басқару - бұл ғылыми негізделген, жоспарлы, үздіксіз, мемлекеттің қоғамдық жүйеге биліктер ǝсері» деп көрсетеді [6] .
Бірінші пікір бойынша басқарудың мазмұны ашылмайды. Өйткені ол тек жалпы тұрғыда берілген. Ал екінші пікірде мемлекеттік басқарудың біршама мазмұны ашылған, тек ǝсер етуді мемлекеттік басқарудың құрамдас белгісі ретінде көрсету мǝселені түпкілікті шешпейді. Ǝрине, мемлекеттік басқру биліктің, қызметтің жүзеге асуымен сипатталады. Басқару барысында құқықтық қатынастарға басқа да қоғамдық қатынастар сияқты құқықтар мен міндеттердің бірлігі тǝн. Басқару субьектілері тек қана құқықтар ал басқару обьектілері мен міндеттер иемденеді деу дұрыс емес. Мемлекеттік басқаруға байланысты құқықтық қатынасқа қатысушы субьектілер мен обьектілер құқықты міндетті де иемденеді. Сондықтан да басқару барысында ǝсер ету еемес, субьектілер мен обьектілердің бір - біріне ǝсер етуі дегеніміз дұрыс [7] .
Сонымен бірге жоғарыдағы мемлекеттік басқаруға берілген анақтамалардың мǝні еліміздің бұрынғы болған басқарудың ǝкімшілік - ǝміршілдік жүйесіне сǝйкес келеді.
Ә. Стамқұлұлы «мемлекеттік экологиялық басқару табиғи ресурстарды - жер, су, ормпн, жер қойнауы, жануарлар мен өсімдіктке дүниесінің қорларын дұрыс пайдалануы, қорғаулы, табиғи ортаның, оның адам өмірі мен денсаулығына қолайлы болуы саласындағы бағдарламалардың, жоспарлардың жǝне шаралардың орындалуын ұйымдастыру, іске асыру болып табылады» деп көрсетеді [8] .
Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер, ǝлеуметтік жǝне экономикалық жаңғырулар өз кезегінде мемлекеттік басқарудың жоғарыда келтірілген анықтамаларын нақтылауды қажет етеді. Бізідің ойымызша мемлекеттік басқарудың анықтамасына «мемлекеттік органдардың атқару - өкімдік жǝне реттеу қызметі» деген сипаттаманы қосу қажет. Бұл тұжырымды өз еңбектерінде бірқатар ғалымдар келтірген [3] .
Жалпы басқару қызметін неге мемлекеттік деп атаймыз, неге оны қоғамдық, халықтық немесе президенттік деп алмасқа.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 2 - ші бабында Қазақстан республикасының Президентін басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екендігі көрсетілген. Ал, 3 - ші бапта мемлекеттік биліктің бірден - бірі бастауы - халық, халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай - ақ өзінің конституциялық өкілеттігі ішінде Парламенттің құқылы екндігі, Үкімет пен өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген өкілеттер шегінде ғана мемлекет атынан билік жүргізеді делінген. Яғни билік бастауы халық, оны тек президент емес басқа мемлекеттік органдар мемлекет атынан жүргізетіндігі көрсетілген. Демек басқару қызметін мемлекеттік басқару деп атауымыз орынды [1] .
Қоршаған ортаны қорғау мен оның ресурстарын пайдалануды мемлекет тпрппвнан басқару тұтас ǝлеуметтік құбылыс ретінде, жалпы қоғамды басқарудағы кең ауқымды жүйенің бір бөлігі болыпсаналады. Сондықтан табиғи байлықтарды қорғау жǝне пайдалану саласында басқару органдарының пайда болуы мен дамуы, өзіндік ерекшелігі бар, күрделі обьектімен, яғни табиғатпен байланысты екенін ескерсек, онда осы басқарушы органдардың дұрыс қызметін атқаруы мен ǝрі қарай дамуы, негізінен, қоғамдық процесткрді басқарудағы міндеттер мен мақсаттардың жүзеге асырылуына тǝуелді болады. Әдетте мǝселенің оыс қырына көңіл бөлінбейді. Зерттеушілердің көпшілігі жер, су, орман жǝне тау - кен ресурстарынпайдалану жǝне қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың негіздерін қарастырғанда, табиғат байлықтарын пайдаланудағы басқару мǝселелерін, өзіндік ерекшелігі бар тұтас жүйе ретінде табиғттың сиптымен ерекшеліктеріне байланысты екенін айтады. Осыған сǝйкес табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік басқарудың қажеттіліктері туралы тұжырым осы басқарушы жүйенің қажеттіліктеріне ғана негізделген. Түптеп келгенде, мұндай көзқарас негізінен дұрыс болғанымен, табиғи байлықтарды ұтымды басқаруды бір жақты етіп көрсетеді. Қоғамөмірінің салаларындағыдай, қарастырылып отырған қоғамдық қатынастар саласын басқару да, қоғамның қалауы мен мүдделеріне тікелей байланысты.
Әдебиеттерде табиғат ресустарын пайдалану жǝне қорғауды «басқару» ұғымынан өзгеше «басшылық ету» ұғымы да кездеседі. Бұл екі ұғым синоним болғанымен бірдей емес. Біздіңше, екуінің арасындағы айырмашылықтар меншікті билеу құзырлығына байланысты болады. «Басқару» ұғымы меншікті билеу жағдайындақолданады, ал егер мұндай жедел билеу қызметі болмаған жағдайда, ǝңгіме басқару емес, басшылық ету туралы болуы тиіс. Табиғи ресурстар қоғам өмірінің негізі болғандықтан, олардың пайдалануы мен қорғалуын ұйымдастыруды сиппаттау үшін «басқару» термині қолайлы болып табылады.
Заң ǝдебиеттерінде мемлекеттік басқару ұғымы ǝрқалай түсіндіріледі. Кейде басқару - қоғамдық қатынастарды реттейтін барлық өкілетті жǝне атқарушы органдар жүйесінің ұйымдастырушы жǝне құқықтық қызметі, адамдардың іс - ǝрекеттері мен қылықтарына мемлекет тарапынан басшылық ету қызметі деп танылады. Ал кейде мемлекеттік басқару демократиялық қоғамды құру мақсатында заңдардың орындалуына негізделген мемлекеттті қызметтердің бір түрі ретінде қарастырылады.
Келлтірілген анықтамалар, жалпы алғанда, басқарудың мазмұнын дұрыс айқындайды. Бірақ олар тым жалпы жǝне оларға сүйеніп халық шаруашылығының нақтылы саласын жǝне функционалдық басқарудың ерекшеліктерін пайдалануға қиындық туғызады. Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулерде мемлекеттік басқару белсенділігін айқындайтын «қызмет» терминінің орнына, «ықпал ету» терминімен белгілеу үрдісі байқалады.
Мұндай көзқарас бір жағынан мемлекеттік басқарудың табиғатынан, оның басқару жүйесінің бөлігі болатынын жǝне жүйе алдында тұрған жалпы міндеттерді бірлесе отырып орындаушы екнін көрсетеді, екінші жағынан - мемлекеттік басқарудың мазмұнын ашуға осы салада жасалған ғылыми жетістіктерді пайдалануға мүмкіншілік береді. Алайда, ықпал етуді мемлекеттік басқарудың жалғыз ғанақасиеті деу кейбір қарсылықтарды туғызады. Ǝрине мемлекеттік басқаруға ең алдымен билік қызметін атқаруға тǝн болғандығы даусыз. Басқару барысында өкілеттігі сай келетін мемлекеттік органдар, өздеріне берілген ерекше өкілеттіктер арқылы кǝсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың жǝне азаматтардың қызметін қоғам қалауына сǝйкес болатын арнаға бағыттап отырады. Мұндай бағытта басқару, басқарушы субьектілердің басқарылатын обьектілер іс - ǝрекеттеріне ұйымдастыра ықпал ету арқылы жүзеге асады.
Одан ǝрі, басқарудағы құқықтық қатынастар басқа да қоғамдық қатынастар тǝрізді, міндеттер мен құқықтардан тұрады. Басқару субьектілерінің тек құқықтары, ал обьектілердің тек міндеттері бар деу қате болады. Құқықтық қатынасқа қатысушы ретінде мемлекеттік басқару органдарына, олардың құзырлығына сай келетін міндеттер де жүктеледі. Басқарушы жǝне басқарылатын жүйелердің іс - ǝрекеттері, басқару қатынастарынан туындайтын міндеттер мен құқықтарды орындау арқылы үйлесім табады. Сондықтан да басқару субьектілері мен обьектілері арасында ықпал етумен қоса өзара ықпал ету де бар.
Сонымен, басқару да ықпал ету - басты, бірақ жалғыз ғана тǝсіл емес. Әдебиеттерде дұрыс көрсетілгендей, басқаруды оперативті ұйымдастыру қызметі, иландыру, орындалуды тексеру жǝне бақылау, тǝртіптік жǝне ǝкімшілк көндіру сияқты ǝкімшілік тǝсілдерді жетілдіру қажет. Сонымен бірге, көздеген мақсатқа жетуде басқарудың басқа да құралдар мен тǝсілдері болады. Сондықтан да, қоғамдық қатынастардың бұл саласында мемлекеттік басқару белсенділігін белгілеу үшін, «ықпал ету» терминіне қарағанда, «өкімдік» терминін қолданған жөн.
Әкімшілік құқығын зерттеушілер бұл терминді бұрынан - ақ қолданып жүр. Олар бұл бұл жерде басқаруға - мемлекеттік бүкіл органдардың атқарушы жǝне билеуші қызметі органдардың атқарушы - билеуші қызметі деген анықтаманы, үшінші жерде - мемлекееттік басқару органдарының атқарушы - билеуші қызметі деген анықтаманы ұсынады. Бұл термин аграрлық - құқықтық ǝдебиетте кеңінен қолдануда.
Профессор Б. В. Ерофеевтің пікірінше, жер қорын басқару дегеніміз, мемлекеттің өз органдарының өнімдік қызметі арқылы жерді дұрыс жǝне ең тиімді пайдалануды ұйымдастыру құқы деп түсіну керек [9, 18] .
Осы терминді болашақта қолданған жөн. Мемлекеттік басқарудың мǝні ең алдымен, мемлекеттің ұйымдастыру рөлімен анықталады, ал бұл рөлдің көрінісін мемлекет органдарының өкімдік қызметінен айқын аңғаруға болады.
Басқару қатынастары шеңберіне енген субьектілерді тек мемлекеттік басқару органдарымен шектейтін ғалымдармен келісуге болмайды. Шынында да басқаркшы субьектілерге мемлекетттің барлық органдары да жатады, дегенмен оллардың кейбіреулері басқару қатынастарына көбірек араласады. Бұл басқару қатынасының сипатына, басқарылатын жүйенін ерекшеліктеріне байланысты.
Сондай -ақ, мемлекеттік басқару субьектілеріне қоғамдық ұйымдарды жатқызу да дұрыс емес. Ǝрине, азаматтардың өз еркімен ұйымдасқан ұйымдары тек қоғамдық жұмыстарды басқару үшін пайда болмайды. Қоғамдық ұйымдар өздерінің жарлықтарындағы міндеттеріне сǝйкес - саяси, шаруашылық, мǝдени - ǝлеуметтік мǝселелелерді шешуге араласады. Мемлекеттік органдарға қарағанда, олар ұйымдасқан азаматтардың өкіліретінде қызмет атқарады. Олардың басқару қызметінің түрлері мен тǝсілдері де ерекше болады. Сондықтан да қоғамдық ұйымдар мемлекетттік органдармен бірге, қоғамды ǝлеуметтік басқару субьектілері деп тануға болады. Мемлекеттік басқаруға қарағанда, ǝлеуметтік басқару қызметінің ауқымдылығы кеңірек болады. Әлеуметтік басқару бүкіл қоғамды қамтып, оның негізгі саяси жǝне ǝлеуметтік - экономикалық құрылымдық қағидаларының тұрақтанып дамуын, қоғам дамуының басты заңдылықтарын пайдалануын жǝне қоғам өмірінің барлық қырларын байланыстырады.
Табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы, мемлекеттік басқару дегеніміз - мемлекеттің табиғи байлықтарға, меншік құқығынан, аумақты билеушілік құқығынан, аумақты билеушілік құқығынан туындайтын табиғат қызметін жүзеге асрудағы мемлекет органдарының өкімдік қызметі. Бұл анықтама табиғат байлықтарын пайдалану жǝне қорғау саласныдағы мемлекетттік басқарудың мазмұнын толық айқындайды, бірақ біріншіден, басқару - мемлекет органдарының өкімдік қызметі; екіншіден, бұл қызмет табиғатты қорғауға бағытталады. Жалпы алғанда, жоғарыдағы анықтама, қоршаған ортаны қорғауды мемлекет тарапынан басқару идеясына сǝйкес келеді.
Жоғарыдағы анықтамаларда көрсетілгендей, біріншіден басқару мемлекеттік органдардың атқару - өкімдік ǝрекеті, екіншіден қоршаған ортаны радиациялық ластанудан жǝне содан туындайтын басқа да қоғамдық қатынастарды реттеуді жүзеге асыру қызметі. Қоршаған ортаның радияциямен ластануы бізге белгілі, ал содан туындайтын басқа да қоғамдық қатынастарға қорғау функциясына байланысты жǝне сол радиоактивті көздерді пайдаланудан туындайтын қатынастар жатады.
Табиғат байлықтарын қорғау мен пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтерді бөліп қарау дұрыс емес [2] . Бұл жөнінде ғылыми еңбектерде қорытынды жасалған [3, 48] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz