Домбығу этиологиясы турлері даму механизімі. Стресстің анықтамасы, кезеңдері, жіктелуі даму механизмі


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: СРО-1. Домбығу. этиологиясы турлері даму механизімі

СРО-2. Стресстің анықтамасы, кезеңдері, жіктелуі даму механизмі

Орындаған:Набиолданова. Н. Р.

Тобы; ВМ-301

Тексерген:Нүркенова М. К

Семей, 2015 жыл

Жоспар

I. Кіріспе

1. Домбығу

II. Негізгі бөлім

1. Ісіктердің клиникалық белгілері

2. Ісікті емдеуінің жалпы негіздері

3. Ісіктің жедел түрлері

III. Қорытынды

1. Пайдаланылған әдебиеттер

Домбығу (лат. oedema) . Организмдегі тұз-су алмасу процесінің бұзылуынан тканьде сұйықтың көп жиналуынан, немесе зақымданудан, қабынудан дененің пішіні мен көлемінің үлкеюі. Стоматологияда ангионевротикалық домбықпалар - ерін, мұрын, қас-қабақ және ауыздың шырышты қабығынын, ісінуі кездеседі. Созылмалы инфекциялық аурулар, салқын тию, дәрі-дәрмек, тамақ және микробты аллергиялар да қоздырушы факторлар боп табылады. Солардың бірі - Квинке домбығуы ерін тканьдерінің ісінуімен байқалса, Малькерссон - Розенталь синдромында ерінмен бірге бет нервісінің қабынуы және тіл бетінде қатпарлар (бүкпе) пайда болуымен ерекшеленеді.

Ісіктердің клиникалық белгілері

Ісіктерге диагноз қою әдістері:

Ісіктерге диагноз қою үшін ветеринарияда клиникалық, патологиялық және рентгенологиялық әдістер қолданылады.

Ауру малды ең алдымен мұқият клиникалық тексеруден өткізеді, жалпы зерттеумен бірге ісікті қолмен басып көреді. Оның көлемі мен сипатын, тығыздығын және ісіктің қоршаған тоқымаларымен қарым -қатынасын анықтайды. Сонымен қатар ісік барысында метастаз және аумақтық лимфа түйіндерінің жағдайына көңіл бөледі. Ісікті көп жағдайда созылмалы продуктивті қабынудың бір формасы мен қателестіріп алуға болады. Сол себептен ісікті қабыну процесіне ажырату үшін ескертетін жағдай қабыну кезінде тоқымалардың диффузды ісінуі белгілі көлемсіздігі, қоршаған тоқымалармен тығыз байланысуын ескерген жөн. Ісіктер көп жағдайда белгілі көлемде және инкапсуляциялы болады.

Ісіктер көбінесе байқалмайды, олардың дамуы үдемелі, жалғастырмалы болады. Қатерсіз ісіктер қозғалмалы, қатерлі ісіктер қоршаған ортамен тығыз байланысты болады. Сонымен қатар олардың сырт пішіні кедір бұдырлы.

Мұндай ісіктер ыдыраған кезде ойылымды жаралар пайда болады. Диагностикалау әдісінің ішіндегі ең нәтижелі рентгенді зерттеу. Бұл тәсіл сүйектің, қарынның және өкпенің ісіктерін анықтауда қолданылады.

Ісікті емдеуінің жалпы негіздері

Ісіктің емі оперативті сәулелі және дәрілік затты болады.

Оперативтік тәсіл - ол негізгі тәсіл. Оның мақсаты ісікті оперативті жолмен алу. Қатерсіз ісікке тілікті көрші жатқан тоқымалардың шекарасында салады. Жаңа пайда болған ісіктердің ұшы жоқ скальпельмен, ісікті капсуланы зақымдап ашпай аралас тоқымалардан ажыратады. Ісік қоректендіретін қан тамырларын үзеді. Жараға тігіс салынады.

Қатерлі ісік кезінде жасалынатын операция жаңа пайда болған өсіндіні сау тоқымалардың аумағынан жергілікті лимфа түйінділерімен бірге алу.

Операция жара кезінде алынып жатқан ісік, ісіктен көбею торшаларының түспеуін қадағалайды.

Сәулелі терапия - қолдану негізі рентген сәулелері, сонымен қатар радий немесе жасанды радиоактивті заттар - изотоптар.

Сәулелі радиация ісік клеткаларының өміршеңдігін бұзып және организмнің жалпы әсерін оның реактивтілігін өзгертеді .

Химиотерапия - қатерлі ісіктің дәрі - дәрмектеп емдеу әдісі.

Гармонотерапия - гармондармен емдеу. Организмге үлкен дозада гармон енгізу, онда гармональды өзгерістер туғызып, ісіктердің өсуін тежейді. Ветеринария саласында гармонотерапия етек алған жоқ.

Ісіктің аралас емі - ауру малға емдеудің бірнеше тәсілін қолданып емдеуін айтамыз. Көбінесе келесі аралас емінің мына түрлері қолданылады: хирургиялық және сәулелік, хирургия және химиотерапия, хирургия жене гормональды.

Жоғарыда аталған әдісінде мына препараттар қолданылады:

новокаиннің 0, 25% немесе 0, 5% ерітіндісін 1 мл дозада, келойдоз және фибром ем үшін, фибролизин немесе 15% тиозинолиннің ерітіндісі қолданылады.

Ісіктердің жіктелуі

Ісік - даму сипатымен клиникалық өтуіне байланысты қатерлі және қатерсіз деп екіге бөлінеді.

 Қатерсіз ісіктер - өте баяу дамиды, капсуламен қапталады, тоқыма мен ағзаларда өспей, тек оларды ығыстырады. Бұл ісіктер метастоз бермей және ыдырап кетпейді.

 Қатерсіз ісіктер тобына: дәнекер тоқымасының ісіктері - фиброма, хондрома, остеала; бұлшық ет тоқымаларының - экстрлік.

Ісіктің жедел түрлері:

 Фиброма - дәнекер тоқымаларының талшықтарынан құралған. Негізіне жұмсақ және қатты фиброма деп екіге бөлінеді. Жануарларда көп жағдайда қатты фиброма, қатты тығыз концистенциялы және ірі кедір - бұдырлы немесе тегіс беткейлі фиброма кездеседі. Фиброманың жілік беті сіңірге ұқсас. Жұмсақ фибромалар негізгі борпылдақ дәнекер тоқымасынан тұрады. Олар сыртынан жұқа тері мен қапталып жіңішке ғана түтікше мен денеге жабысып тұрады.

 Липома - майлы тоқыма түрінде дамыған ісік олардың паринхимасының негізін май торшалары, стромасын дәнекер тоқымасы құрайды. олардың сыртындағы капсуласы кәдімгі май торшалардан гөрі анық білінеді. Олардың тығыздығы жұмсақ. Липома көп жағдайда иттерде, жылқыларда, ірі қара малдарда байқалады. Олар тері астылық клеткаларда немесе кілегей астылық торшаларда орналасады.

 Қатерлі ісіктер - капсулалары болмайды, жылдам дамиды, көрші ұлпаларға жайылады. Қатерлі ісіктер тоқымалардың ыдырап ойылымды жаралар пайда болады немесе лимфа немесе қан арқылы ісік торшаларының тарап, жаңа ісіктердің яғни метастаздардың пайда болуы тән. Организмде қатерлі ісіктер пайда болуы зат алмасуды бұзып, жалпы әлсіздікпен малдың азуына әкеліп соғады. Қатерлі ісікті ойғаннан кейін көп жағдайда рецидив дамиды.

Қатерлі жаңадан пайда болған ісіктерге жататындар: рак - эпителиясы шығу тегі бар ісік, саркома, дәнекер тоқымадан пайда болатындар.

Ісіктердің патогенезі, этиологиясы

Ісік дегеніміз -клеткалардың тоқтаусыз шексіз көбеюімен сипатталатын сырқаттық процесс.

Ісік этиологиясы:

Ісіктердің туындау себептері жөнінде көптеген деректер бар. Бұл мәселенің шешімі толық емес.

Ісік этиологиясы 4 түрлі дерек бар.

• Вирустық -генетикалық

• Физика-химиялық

• Дисонто генетикалық

• Коли этиологиялық

Ісік бір бастамалы және көп бастамалы болады.

Сүт безінің ісігінің хирургиялық оперативтік емі бар. Көбнесе ит пен мысықта кездеседі. Консервативті емі жоқ. Оперативтік емі бар. Мысалы, 1. Итті әкелгеннен кейін аминозин береміз.

Дозасы жануарлардың 1 кг салмағына 0, 3 мл салады. Жарты сағаттан кейін жануарлардың қозғалысы тежейді. Ең алдымен теріні алып, түгелдей ісікті алып тастау керек.

Терінің астына 1 айызды новокаин ертіндісін инъекциялаймыз. Түбінен 4 нүктеден 1 пайызды новокаин саламыз, жансыздандырамыз. Техникасы: операциялық перчаткамен істеу керек, эпидермис, дерма, шел қабатын осы терінің 3 қабатын кесеміз .

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Патология. Пальцев М. А., Пауков В. С. М, Медицина, 2008, 1-том, 512-6., 2- том, 4806.

2. Маянский Д. Н Лекции по клинической патологии. Көмекші оқу қүралы, «Медицина»,

2007, 4636. Повзун С. А «Патологическая анатомия в вопросах и ответах». Көмекші оқу құралы.

«Медицина», 2007, 1766.

Жоспар:

1. Стресстің анықтамасы

2. Пайданылған әдебиеттер

Мазасыз күй, стресс (ағылш. stress) - қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі.

Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.

Стресс үш кезеңнен тұрады:

1. үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;

2. төзімділік - жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;

3. әлсіреу - бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады.

Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.

Бұл тұрғыдан алғанда, заманында Әбу Әли Ибн Синаның қойларға қойған тәжірибесі өте қызық. Ол бір қойды қораға, басқа қойларды көретіндей етіп, жалғыз өзін қамаған. Ал екінші қойды басқа қораға қасқырдың үйшігінің жанына орналастырған. Бірінші табынға қосылғысы келіп, маңырай берген, бірақ алдындағы жем-шөпті жеп тұрған. Ал екінші қой қасқырды көрген сайын үркіп, қашпақ болған. Ол алдындағы жемді аузына да алмай, жүдеп-жадап әлсіреген. Адам да сол сияқты жақсыны көрсе жақындағысы келіп, жағымды стресс туады. Ал жаманды кездестіргенде одан жанын аулақ салып, құты қашады, жағымсыз стресс туады. Міне, осы екі мысал стрестің жағымды және жағымсыз түрлерін біршама сипаттайды. Стресті тудыратын әсерлерге қарай физиологиялық және психологиялық стресс деп екіге бөледі. Психологиялық стресті мәліметтік және эмоциялық стресс деп атайды. Тосыннан жағымсыз хабар естігенде мәліметтік стресс пайда болады. Адам дұрыс жауап таба алмай, қатты қиналады, не істерін білмей, абыржып қалады. Ал эмоциялық стресс қауып туғанда немесе оқыс қорыққанда, не біреуден қатты көңілі қалғанда байқалады. Мұндайда жоғарғы жүйке әрекетінде тежеулі серпілісі қанат жаяды. Соның нәтижесінде іс-қимыл әрекеті немесе сөйлеген сөзі бұзылады. Стрестің физиологиялық тетігі гипоталамус-гипофиз бүйрек үсті безі жүйесінің рефлекторлық қызметіне негізделген. Стресс кезінде қанда глюкокортикоидтар мен катехоламиндердің, серотониннің мөлшері оқыс көбейеді. Ғылымның жаңа деректері бойынша оған қосымша самототропин және самотомединдер де стрестің, әсіресе оның үрейлену кезеңінің өрлеуіне себеп болады. Самототропин иммундық жүйенің қызметін белсендіріп, организмнің стреске қарсы тұру төзімділігін арттырады.

Стрессорлық жағдай бірқатар клиникалық, морфологиялық, гематологиялық өзгерістермен сипатталады. Онда болатын негізгі өзгерістер: малдың халінің нашарлауы, әлсіреуі, тершеңдік, дене қызуының төмендеуі, қан қысымының жоғарлауы, бұлшық еттерінің жирылуының нашарлауы; жүрек, ми, қан тамырлары, ас қорыту жүйелерінің қызметтерінің бұзылуы; тимус, көкбауыр, лимфа бездерінің өлі еттенуі; асқазан мен ішектердің кілегей қабықтарының қанталауы; қандағы эозинофилдер мен лимфоциттердің, бүйрек бездері мен гипоталамустың гормондарының азаюы байқалады.

Аса бір ерекше, күшті тітіркендіргіштің әсерінен организмдегі гомеостаз - тұрақтылық процесі өзгереді. Ол өзгерістің ұзақтығы мен тереңдігі стрессордың күшіне байланысты.

Организмге стресстер әсер еткенде онда жалпы адаптациялық синдром пайда болады (ЖАС) . Оны 3 сатыға бөлуге болады:

1. Қамдану сатысы 2 күнге созылуы мүмкін. Ол үшін организмдегі глюкоза мен гликогеннің ыдырауынан туындайтын энергия қоры пайдаланылады. Орталық нерв жүйесі, эндокрин механизмі, симпатикалық жүйе белсенді түрде болып, жүректің, қан тамырларының, бүйрек бездерінің (катехоламиндер, адреналин, норадреналин босап гликогенді пайдаланады) жұмыстарын жақсартады. Гипофиздің гормондары бөлініп, қандағы глюкозаның деңгейін арттырады. Бұл сатыда организмдегі өзгерістерді физиологиялық қалыптылыққа келтіруге болады.

2. Резистенттік-адаптациялық сатысы бірнеше жұмаға созылады. Жүйке жүйесі мен гуморалды реакция; клиникалық, биохимиялық көрсеткіштер қалыптасады. Организмнің стрессорға қарсы тұру қабілеті қалыпты жағдайдағыдан жоғары. Ол организмнің резистенттілігіне байланысты.

3. Әлсіреу, қалжырау, жүдеу сатысы күшті стрессор ұзақ уақыт әсер еткенде болады. Стресстің негізгі белгілері анық білінеді. Мал өлім-жітімге ұшырауы да мүмкін.

Стресстің бұл келтірілген сатыларын тек үлгі ретінде пайдалануға болады. Ал нақтылы организмнің резистенттілігіне, стрессордың күшіне байланысты, әрбір шаруашылықтарда әртүрлі болып кездесуі сөзсіз.

Жалпы стресстің біртұтас алынған жіктелуі жоқ. Малдәрігерлерінің тәжірибесінде оның себептеріне байланысты жіктеуді қолданған дұрыс сияқты. Ол бойынша: транспортты-тасымалдау; технологиялық - малды күтіп-бағу; ауырсынғандық; ауа райына байланысты; вакцина жасауға байланысты; температураға байланысты; малдың қозғалмай, бір орнында тұрып қалуына байланысты; жылқы, ит, маймылдарда көңіл-күйге (эмоционалды) байланысты т. б. түрлерін ажыратуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стресс жайлы мәлімет
Стреске анықтама
Стресс, анықтамасы, жіктелуі, себебі
Домбығу және стресс аурулары
Стресс.Этиологиясы,жіктелуі,кезеңдері, даму механизмі және патогенезі
Домбығу және стресс
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР
Бауырдың түйіршікті дистрофиясы
Стресс, домбығу
Стресс жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz